Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Сурет. Білім салалары (http://tpack.org/)



Пәндік білімдер (ПБ)

Пәндік білімдер дегеніміз – оқытылатын пәннің өзекті білімдері. Айталық, хи-

мия пәнінің білікті мұғалімі қазіргі заманғы ғылыми идеялар мен тұжырымдамаларды

жеткілікті түрде біліп, химия туралы практикалық түсінігі болады. Мысал үшін,

Ұлыбританияда аталған сапалық белгілер бакалавриат дәрежесінде, сонымен қатар хи-

мия саласында дипломнан кейінгі білім беру деңгейіндегі оқу барысында жетілдіріледі.

Орта мектептегі 11 жастан 18 жасқа дейінгі оқушыларға арналған химия пәні бойынша

білім беру бағдарламасының мазмұны оқушылардың нақты жас ерекшеліктеріне сәйкес

түсінікте ұсынылып, ұғындырылады. Химия пәні мұғаліміне оқытылатын пәнді жақсы

білу, химияда қолданылатын түйінді ұғымдарды, теориялар мен шараларды түсіну

қажет. Оның үстіне жаратылыстану ғылымдарының мұғалімдері зерттеулер жүргізудің

ерекшелігін, теориясы мен әдістемесін түсінуі керек. Алайда пән мазмұнын жан-жақты

білу мұғалімнің біліктілігіне және оқушылардың оқу нәтижелілігіне кепілдік бермейді.

Осылайша, жаратылыстану ғылымдары мұғалімінің біліктілігі педагогикалық білімдерді

дамыту қажеттігін көрсетеді.

Педагогикалық білімдер (ПедБ)

Педагогикалық білімдер – білім берудің жалпы негіздерін, оқыту мақсаты мен

міндеттерін білуге негізделетін оқу мен оқыту үдерістері, тәжірибесі мен әдістері ту-

ралы терең білімділік. Кез келген мұғалім үшін осы білімдер кешені қажетті болып та-

былады және оқушыны оқыту үдерісіне, сыныпты басқаруға, сабақты жоспарлау және

өткізуге, оқушыларға баға қоюға қатысты мәселелерді қамтиды. Сонымен қатар ПедБ

құрамына сабақта қолданылатын тәсілдер мен әдістерді білу, мақсатты аудитория сипа-

ты, оқушылардың оқу материалын меңгеріп алуын бағалау стратегиясы кіреді. Білікті

мұғалім оқушылардың білімдерді меңгеруінің және дағдыларды қалыптастыруының

үдерістерін түсінуге көмектесетін терең педагогикалық білімге ие, олардың ақыл-ой

қасиеттерін, оқуға деген эмоциялық жағымды қатынасын дамытады. Шын мәнісінде,

педагогикалық білімдер оқытудың саналы, әлеуметтік және дамытушы теорияларын,

оларды сыныптағы оқушыларға қатысты қолдану әдістерін түсінуде біліктілікті қажет

етеді. 25-суретте педагогикалық білімдерге негізделетін тиімді оқу мен оқытудың тоғыз

түйінді ұстанымы сипатталған.

мұғалімге арналған нұсқаулық | руководство для учителя | handbook for teacher

25-сурет. Оқу мен оқытудың түйінді тоғыз қағидаты

Жаратылыстану ғылымдарын оқыту төменгі сынып оқушыларының ғылыми идеялар-

ды қалыптастыруының ерекше тәсілін қажет ететіндігін айта кету керек, бұл білімдердің

педагогикалық аспектісі болып табылады.

Білімдердің педагогикалық аспектісі (БПА)

Білімдердің педагогикалық аспектісі мазмұнды педагогикалық ықпалды

формаларға айналдыру мүмкіндігін беретін құрамдас бөліктердің: оқу мазмұны мен

педагогикалық білімдердің біртұтастығы болып табылады (Shulman, 1986). Жаратылы-

стану ғылымдары саласындағы білім беру мәнмәтінінде аталған біртұтастық оқытылатын

ғылыми тұжырымдамаларды білікті түсіну оқушылардың оларды түйсінуі мен түсінуінде

көмектесу қабілетімен ажырамас байланыста болуын көздейді. Осылайша, жараты-

лыстану ғылымдарының білікті мұғалімі абстрактілі ғылыми идеялар мен үдерістерді

оқушылардың белгілі бір тобына бұларды өз бетімен зерттеу үдерісін қамтамасыз ете

отырып ұсынатындай етіп, құрамдас бөліктерге бөле алуы тиіс.

БПА нәтижелілікті қамтамасыз ететін аналогия, суреттеу, мысалдар, түсіндіру және

көрсету әдістерін қолдана отырып, оқытуда ғылыми идеяларды қолданудың тиімді,

оңтайлы формалары болып табылады. Шын мәнінде, БПА оқушыларға ғылымды

түсінікті жолмен көрсетудің әрі ұсынудың тәсілі болып табылады. Сонымен қатар

білімдердің педагогикалық аспектісі мұғалімнің оқушылардың жекелеген тақырыптарды

оңай не қиын меңгеруінің себептерін түсіндірумен қамтамасыз етеді. Бұл себептер кей

жағдайларда оқушылардың ғылыми тұжырымдамаларды түсінбеуімен, ал кейде әртүрлі

жастағы және білім деңгейі әртүрлі оқушылардың мектепке өз наным-сенімдерімен не-

месе теріс ұғымдарымен келетіндігімен түсіндіріледі.

Технологиялық білімдер (ТБ)

Технологиялық білімдер – оқытудың қосалқы құралдары (бейне, желілік мате-

риалдар, сандық бұқаралық ақпарат құралдары және т.б.) туралы білім. Бұл білімдер

технологиялық құрылғылар саласындағы жеткілікті хабардарлықты да, оларды басқару

үшін қажетті дағдыларға ие болуды да меңзейді. Сандық технологияларға қатысты

алғанда осы білімдер операциялық жүйелер және компьютерлік аппараттық құралдарды

білуді, сондай-ақ мәтіндерді теру мен түзетуге, электронды кестелер құруға мүмкіндік

мұғалімге арналған нұсқаулық | руководство для учителя | handbook for teacher

беретін бағдарламалық құралдардың стандартты жиынтығын, браузерлер мен элек-

тронды поштаны пайдалана алу қабілеті болып табылады. Оның үстіне, ТБ құрамына

перифериялық құрылғыларды орнату және алып тастауды, бағдарламалық жабдықтау

жүйелерін, құжаттарды құру және мұрағаттауды т.б. білу кіреді.

Білімдердің технологиялық аспектісі (БТА)

Білімдердің технологиялық аспектісі – технологиялық білімдер (ТБ) мен пәндік

білімдердің (ПБ) өзара әрекеттесуінің тәсілін білу. АКТ қолдану заттар туралы толық

түсініктің қалыптасуына ықпал етпегеннің өзінде, қазіргі заманғы инновациялық техно-

логиялар заттар туралы жаңа, алуан түрлі түсінік қалыптастыруды және осы түсініктерді

басқарудағы ауқымды икемділікті қамтамасыз ете алады. Мұғалім өзі сабақ беретін пәнді

ғана емес, оқыту технологияларын қолдану арқылы осы пәнді жетілдіру тәсілдерін де

Білуі керек.

Мысалы, жаратылыстану ғылымдары саласында желі арқылы қолжетімді көптеген

үлгілеулер (симуляциялар) бар. Үлгілеу (симуляция) олардың әрекет етуі туралы мәлімет

алу үшін жаратылыстану жүйелерін немесе адам жүйелерін ғылыми үлгілеу үшін жиі

қолданылады. Үлгілеу баламалы шарттардың және іс-әрекет жоспарларының болжамды

шынайы әсерлерін көрсету үшін қолданылуы мүмкін. Сондай-ақ үлгілеу нақты жүйе,

оған қол жеткізу мүмкін болмауына байланысты қолданыла алмаған жағдайда немесе

оның қолданылуы қауіпті болса не рұқсат етілмесе, жүйе енді жасалып жатқанда немесе

мүлде жоқ болғанда қолданылады.

Технологиялық педагогикалық және мазмұндық білім (ТПМБ)

Үш білім саласының қиылысу ортасында Технологиялық педагогикалық және

мазмұндық білім (ТПМБ) орналасқан. Осы тәсілді алғаш рет 2006 жылы Мишра және

Кёлер қарастырды, олардың айтуынша, егер жаңа технология оқуды жақсарту жағына

өзгертуге қабілетті болуға тиіс болса, онда жоспарлау үдерісі пәннің ерекше білімдерін

оқушылар қалай түсінетінін біле отырып, осы білімдердің ықпалдасуын қамтуы керек.

Оның үстіне, Мишра мен Кёлердің пайымдауынша, барлық үш білім саласы арасында

өзара байланысты іске асыруға қабілетті мұғалім жоғары деңгейдегі кәсіпқой болып

табылады. Сонымен қатар зерттеушілердің айтуынша, осындай мұғалімдер зертханада

жұмыс істейтін ғалымдармен немесе жаңа технологияларды пайдалану жөнінде білімдері

жеткіліксіз бағдарламашылар мен тәжірибелі мұғалімдер сияқты технологиялық сарап-

шылармен салыстырғанда ауқымды кәсіби білімге ие болады.

Қорыта келгенде, жекелеген пәндерді оқытуға білім технологияларын ықпалдастыру

мұғалімнің қарқынды дамуына, оқудың барлық үш аспектісін өзара байланыста белсенді

қолдануына дайын болуын қажет ететіндігін және бұл оқу мен оқыту үдерістерін білікті

түсіну көрсеткіші болып табылатындығын баса айту керек.

Мұғалім үшін маңызы

Оқушылардың күнделікті өмірде АКТ қолдану мүмкіндіктері негізінен тиісті

саладағы тиімді оқыту мен оқуға байланысты. Егер оқушылар АКТ-ны тиісті дәрежеде

меңгермей, оның мүмкіндіктерін игермеген болса, олардың басқа пәндерде АКТ пайда-

лануы тиімсіз болуы да мүмкін. Бұл АКТ саласында және пәндік білім бойынша «кен-

желеп» қалуға ықпал етуі мүмкін. Мәселен, оқушылар бағдарламалық жасақтаманы

қалай пайдалану керектігін білмесе және тапсырманың мәнін қалай беруге болатынын

түсінбесе, оларға белгілі бір тақырып бойынша таныстырылым дайында деп тапсырма

беруден ештеңе өнбейді. Жаңа пәндік білімдерді алумен қатар, АКТ-ның жаңа салаларын

бірге игеруге ұмтылатын оқушылар АКТ-ны оқу құралы ретінде пайдаланбайды.

мұғалімге арналған нұсқаулық | руководство для учителя | handbook for teacher

Төменде оқытудың бес аспектісіне ықпал етуге арналған оқу құралы ретінде АКТ-ны

қалай пайдалануға болатындығының үлгілері ұсынылған:

Көрсетілім

АКТ-ны не үшін пайдалануға болады?

• Оқушылардың түрлі амал-тәсілдерді көрсетуі (мысалы, нақты ғылымда заттарды

қалай өлшеуге болады және т.б.);

• идеяларды салыстыру (мәселен, өнер мен музыка саласында және т.б.)

• зерделеу және талқылау мақсатында басқа оқушылармен жұмыстарын алмастыру

(мәселен, дұрыс жазу және тарихта, т.б.);

• оқушылардың жұмысы мен түсініктемелерін салыстыру (мәселен, бейнеклиптер).

Модельдеу

АКТ-ны не үшін пайдалануға болады?

• оқушыларға өмірдегі нақты проблемалар немесе оқиғалардың модельдерін ұсыну

(мысалы, ғылымдағы сызба немесе географиядағы табиғи өзгерістердің көрінісі

және т.б.);

• оқушыларға мәтінді талдаудың және жазбаша нысанды пайдаланудың әдістерін

көрсету (мәселен, дұрыс жазуда немесе тарихта, т.б.);

• тұжырымдаманы көрсететін бейнелерді беру (мысалы, түрлі эмоциялар мен

сезімдерді модельдеу үшін PSHE-де (жекелей, әлеуметтік және гигиеналық білім

беруде) дыбыс пен бейнені пайдалану, математикалық модельдер ретінде кестені

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.