Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Сурет. Блум таксономиясы



КІРІСПЕ

Оқыту мен оқудағы әдістерді не үшін өзгерту қажет?

Қазіргі әлемде болып жатқан қарқынды өзгерістер (1-сурет) әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау қажет екендігін паш етті. Қарқынды өзгеріп жатқан әлемде Білім саласындағы саясаткерлер үшін де, жалпы мектептер үшін де, соның ішінде мұғалімдер

үшін де ең басты, маңызды мәселе болып отырғаны: «21 ғасырда нені оқыту керек?» және де екіншісі – ол да маңызы жағынан біріншіден еш кем емес: «Мұғалімдер оқушыларды 21-ғасырға қалай дайындайды?». Қазақстан Республикасының педагог қызметкер лерінің біліктілігін арттыру курстарының екінші деңгей бағдарламасының (бұдан әрі – Бағдарлама) мазмұны осы екінші мәселені шешуге бағытталған.

1-сурет. Әлем жылдам өзгеруде

Білім беру саласында қол жеткізілген пәтуаның мәні оқушылар үшін білімнің де,дағдылардың да тең дәрежеде маңызды екендігін мойындады. Заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал 21-ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Экономикалық Ынтымақтастық және Даму Ұйымы (ЭЫДҰ) жасаған Құзыреттерді Анықтау және Іріктеу Жобасы дағдылардың барынша кең ауқымын қамтитын 21-ғасыр дағдыларының моделі болып табылады. Аты аталған жоба оқушылардың терең тұжырымдамалық түсінікпен астасқан негізгі сауаттылықты меңгергендігін көрсететін,

кең мағынасында шешімдер мен іс-әрекеттерді таңдау қабілеттілігі сияқты түйінді құзыреттер жүйесін сипаттайды. Мұғалімдер жұмыстарына жеткілікті уақыт бөле білулері керек, оқушының білімі мен дағдыларын дамытуда ғана емес, жалпы алғанда оның оқуын барынша жекешелендіру және баланың бойында метасананы – қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыруға мән бере отырып, оны тұлға ретінде дамытуда икемділік таныту лары тиіс (Schleicher, 2012) (1-сілтемені қара). Бұл жүйе жастардың құзыреттерін бағалаудағы ЭЫДҰ ұзақ мерзімді стратегиясын белгілеуге көмек тесіп,оқушылардың білім жетістіктерін бағалау жөніндегі халықаралық бағдарламаны (PISA) жетілдіруге ықпалын тигізді.

1-сілтеме: ЭЫДҰ жүргізген инновациялық ортаның салыстырмалы талдауы мынадай қорытынды жасауға мүмкіндік берді:

• Мұғалімдерге көптеген оқыту стратегиялары, түрлі педагогикалық тәсілдердіараластырып қолдану мүмкіндіктері, сондай-ақ нақты әдістер мен стратегиялар-ды қалай және қай жағдайда қолдану қажеттігі туралы білім қажет болады.

• Мұғалімдер пайдаланатын стратегиялар жалпы алғанда, бүкіл сыныпты оқытумәселелеріне, сонымен қатар жүргізілетін зерттеулердің бағытына, топтықжұмыстарға, өзіндік жұмыстарға және жеке жүргізілетін зерттеулерге қатыстыболмақ. Оның үстіне білім беру стратегиялары әрбір оқушымен болатын жекекері байланысты да есептен шығармауға тиіс.

• Мұғалімде жалпы білім алу үдерісі қалай жүретіні туралы, жекелеген оқушылардыоқуға ынталандыру, олардың көңіл-күйлері, толғаныстары туралы және олардыңмектептен тыс өмірі туралы барынша ауқымды мағлұмат болуға тиіс.

• Мұғалімдер өз әріптестерімен өздері сабақ беретін пән бойынша және оғанжақын пән бойынша; бір ұйымның ішінде немесе бірқатар басқа ұйымдардыңөкілдерімен; желілік кәсіби қоғамдастық және тәлімгерлік жүйесін көздейтінбасқа да әріптестік келісімдер аясында ынтымақтастық орната білулері керек.

• Мұғалімдер білім беру технологиялары саласында мықты дағдыларды игеріп,және де оқытудың тиімді құралы ретінде оларды қалай пайдалану әдістемелерінмеңгеруге тиіс, атап айтқанда, оқыту үдерісінде сандық ресурстарды пайдала-нуды оңтайландырып, оқу үдерісін бақылауда –ақпараттық-басқару жүйелерінтиімді қолдана білгені жөн.

• Мұғалімдер әріптестерімен ынтымақтастықта оқу ортасын құру, жүргізу, басқаружәне жоспарлауға үлес қосу үшін өзінің мүмкіндіктерін барынша жетілдіріп отыруға тиіс.

• Соңғысы: мұғалімдер өз тәжірибесі арқылы білім алу үшін өз практикасына қатысты рефлексия жасауға, яғни ой толғауға міндетті. 21-ғасырда оқушыдан талап етілетін дағдылар жаңа деп айтуға болмайды. Мәселен, сыни тұрғыдан ойлау мен проблемаларды іспен шешу дағдылары ерте замандағы құралдар жасау, ауыл шаруашылық жетістіктері, вакцинаны ойлап табудан бастап қазіргі заманғы зерттеулерге дейінгі бүкіл адамзат тарихының өн бойында адам прогресінің сенімді серігі болды. Сол сияқты, нақтыларынан бастап кешенді аналитикалық білімдерді игеру

қажеттігі сияқты дағдылар да бүгін пайда болды десек, күпірлік болар: Republic (Респу- блика) басылымында жарық көрген Платонның жұмыстар ында зият деңгейінің төрт түрі туралы сөз болады. Ал ұжымдық және жеке табыстардың осындай дағдылардың болу,

болмауына тәуелді болуы әлемдік экономиканың өзгеру қарқынына ықпал ететіндігі ту- ралы қорытынды шын мәнінде жаңалық. Осыған байланыс ты мектептер сыни тұрғыдан ойлауға үйретуде, әрбір оқушының жеке даралығына қатысты проблемаларды шешу үшін ынтымақтастық жүргізуде өте мұқият болғаны дұрыс. Бұндай өзгерістерді іске асы- ру үшін барлық мүдделі жақтар, мектеп басшылығы міндеттеме алулары керек, сондай-

ақ анағұрлым тәжірибелі және дарынды педагогтердің атсалысқаны құба-құп.

Бағдарламаның мақсаты

• Педагог қызметкерлердің білім мен дағдылардың қосымша көлемін алудағы білімдік қажеттіліктерін қанағаттандыру, қазақстандық мұғалімдердің қарқынды өзгеріп жатқан әлем жағдайында үздіксіз кәсіби дамуға дайын болуына көмектесу.

• Білім берудегі әдістемелік жұмыстың тиімділігін қамтамасыз ететін инновациялық үдерістерді қолдау.

• Өз әріптестерінің тәжірибесін жетілдіру мақсатында оларды оқыту мен тәлімгерлік етуде теориялық және практикалық кәсіби құзыреттіліктің мейлінше терең деңгейін меңгерген мұғалімдерді даярлау.

Бағдарламаның міндеттері

• Жеті модуль мәнмәтінінде Бағдарламаның теориялық негіздерінің тұжырымдама- лық түсінігін қалыптастыру.

• Қазақстандық білім беру жағдайында Бағдарламаның тұжырымдамалық негіз- дерінің іс жүзінде ойдағыдай жүзеге асырылуын және мұғалімнің өз бойында төмендегідей дағдылардың қалыптасқандығын көрсетуін қамтамасыз ету:

- Бағдарламаның негізгі идеялары туралы рефлексивті ойлау;

- іс-әрекеттегі зерттеуді жоспарлау және жүргізу;

- мұғалімдер тобын оқытуды басқарудағы коучинг және тәлімгерлік;

- Бағдарламаның жеті модулі ықпалдастырылған тізбектелген сабақтар топтамасын жоспарлау және жүзеге асыру үдерісіндегі тәлімгерлік;

- өзінің педагогикалық тәжірибесі туралы ойлану.

• Қазақстандық мұғалімдерді мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығын ұйымдастыруға дайындау.

Оқу нәтижелері

Бұл оқудан күтілетін нәтижелердің ең бастысы оның соңында мұғалімнің төменде аталған білім мен дағдыларды игеруі болып табылады:

• Әрбір оқушының (талантты және дарынды, жас ерекшеліктеріне сәйкес т.б.) жеке қажеттіліктерімен байланысты проблемалар және оларды шешу жөнінде басқа мұғалімдерге кеңес беру әдістемесі бойынша терең білім.

• Кәсіби проблемаларды шешуде басқа, біліктілігі төмендеу әріптесіне көмек көрсетуге дайын болуын қамтамасыз ету мақсатында әлемдік білім беру практикасының көп аспектілі біліміне негізделген сыныптың жұмыс істеуі жөніндегі негізделген қорытынды жасау дағдылары.

Сонымен қатар курс аяқталған соң мұғалімдер:

Төменде аталған тәсілдердің көмегімен әріптестерін оқытуды жүргізе алатын болады:

• әріптестер тобымен бірлесіп оқыту мен оқу саласындағы зерттеулер туралы кәсіби пікір алмасуға бастама жасау;

• болашақта бағалау нәтижелерін мектептегі оқыту мен оқуды жетілдіру үшін негіз ретінде пайдалана отырып, әріптестер қызметінің тиімділік деңгейін бағалау;

• мектепте Lesson Study енгізу;

• коучинг пен тәлімгерлік жүргізу;

• мектепте мұғалімдердің кәсіби білім беру қоғамдастығын құру;

• жиынтық және формативтік бағалауды пайдалану тиімділігін қамтамасыз етуде әріптестеріне көмек көрсету;

• оқушының жетістіктері, даму қарқыны және оның қалыптасуы мен дамуына септігін тигізетін даму бағыттары бойынша оқушыларға, әріптес теріне, ата-аналарға уақтылы, қажетті, тиесілі және сындарлы кері байланыс ұсыну;

• мектептегі барлық оқушылардың оқыту тәжірибесін жетілдіру мақсатында іс- әрекеттегі зерттеу жүргізу.

Төменде аталған тәсілдердің көмегімен әріптестерінің оқуын жандандыра алатын болады:

• басқа мұғалімдерге оқыту мен оқудағы тиімді тәсілдерді, жеке тұлғаға бағытталған оқытуға және барлық оқушыларға өз әлеуеттерін көрсетуге мүмкіндік беретін мінез- құлықты басқару стратегияларын пайдалануда қолдау көрсету;

• мектепте пәнаралық байланыс орнатуды көздейтін тиімді тәжірибені іске асыру мақсатында әріптестердің бірлесіп жоспарлау үдерісінде көшбасшы рөлін орындау;

• практик-әріптестерімен ынтымақтастық және басқа, құзыреттілігі төмендеу мұғалімдерге олардың оқушыларының білімдегі жеке қажеттіліктерін қанағаттандыруға көмек көрсету.

Төменде аталған тәсілдердің көмегімен мектептегі білім беру үдерісіне қолдау көрсететін болады:

• оқыту, мектептегі Lesson Study-ге оларды тарту мәселелері бойынша мұғалімдер тобымен кәсіби әңгімеге қатысу;

• мектеп мұғалімдерінің кәсіби қоғамдастығының қарқынды жұмыс істеуіне ықпал ету;

• мектептің басқа оқушыларымен достық, кәсіби қарым-қатынас орнату;

• оқыту тәжірибесін жетілдіру мәселелерін жандандыру;

• өзінің практикасын және мектеп мұғалімдерінің практикасын дамыту мақсатында инновациялық оқу тәжірибелерін зерттеу және бағалау, сондай-ақ болашақта олардың нәтижелерін және басқа да сыртқы дереккөздердің нақты деректерін пайдалану.

БАҒДАРЛАМАНЫҢ ЖАЛПЫ МАЗМҰНЫ

Бағдарлама екі басым бағытта әзірленген: Біріншісі – мұғалімдердің оқыту мен оқудың табыстылығы туралы заманауи түсініктеріне барабар бай білімді игеруі. Екіншісі – өзара байланысты мұғалімнің құзыреттілігін жетілдіру және өз әріптестерінің кәсіби дамуына ықпал етуі үшін оның коу чинг және тәлімгерлік тәжірибесін қалыптастыру үдерістеріне көңіл бөлу. Үдерістердің екеуі де Бағдарламаның барлық негізгі аспектілерінде үндес болып келеді, сондықтан оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер оларды қолдану үдерісінде әріптестерді оқыту немесе бағыт-бағдар беру тұрғысынан

қарастырылады.

Білім беру мақсаттарына жетудегі мұғалімдердің кәсіби дамуы

Осы Бағдарламадан күтілетін нәтижелер мұғалімдерді оқушыларға қалай оқу керектігін үйреніп, соның нәтижесінде еркін, өзіндік дәлел-уәждерін нанымды жеткізебілетін, ынталы, сенімді, сыни пікір-көзқарастары жүйелі дамыған, сандық технологияларда құзырлылық танытатын оқушы қалыптастыруға даярлау болып табылады.Мектеп әкімшілігі мен білім беру жүйесі басқару органдарының мұғалімдердітиісті ресурстармен қамта масыз ету қызметінен гөрі, оқушыларды тәрбиелеу, дамытуғабағытталған мұғалімнің сыныптағы күнделікті жұмысы оқыту үдерісі мен оқушылар дыңоқу нәтижелеріне оң ықпал етеді (Barber and Mourshad, 2007). Мектеп жұмысы меноқушы жетістіктерін өрістетудегі негізгі тұлға – мұғалім (Strong, Ward & Grant, 2011).Дүние жүзіндегі көптеген мұғалімдердің іс-тәжірибесінен тұрақты орын алған оқытужұмысын ұйымдастыру мен жоспарлаудың негізгі қағидаттарын қолдану орынды данәтижелі екендігін дәлелдейтін фактілер бүгінгі таңда ғылыми-педагогикалық әдебиетте

жеткілікті деңгейде кездеседі. Құзырлы мұғалімдердің қасиеттері, икемдіктері және олардың жұмыс тәртібі ту- ралы зерттеулерден білуге болады. Біз сонымен қатар бұндай қасиеттер мен жұмыс тәртібін мұғалімнің кәсіби дамуындағы қандай мүмкіндіктер дамытатындығы туралы да көп білеміз. Зерттеулерден көрініп отырғандай, кәсібилік мұғалімнің өзін білім беру қоғамдастығының бір бөлігі ретінде қарастыруын талап етеді (Bolam, McMahon, Stoll et al., 2005). Бұл тәсілдің аясында көшбасшы-мұғалім ұсынған зерттеулер мен инновацияларға негізделе отырып, мұғалімнің тәжірибесі жетілдіріледі (Frost and Durrant, 2003). Кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды, мұғалімдер оны өз қолымен жасайды. Адамгер шілік мақсаттағы мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға әсер ету үшін, көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді. Олардың көңілінде үнемі талапқа сай оқыту тұрады (Frost, 2011). Әріптестеріне ықпал ету үшін, сондай-ақ оқыту мен оқудың дамуына қолдау көрсету үшін құзырлы мұғалімдер коучинг пен тәлімгерлікке жүгініп, басқа мұғалімдердің идеяларын жүзеге асыруға қолдау көрсетіп, өз тәжірибелерін зерделеумен айналы сады. Үшінші деңгей бағдарламасы құзырлы мұғалімдердің қасиеттерін, икемдіктері мен жұмыс тәртібін дамытуға бағытталған болса, Бағдарлама осы мазмұнмен қоса, басқа мұғалімдердің дамуына қолдау көрсету үшін қажетті тәлімгерлік дағдыларды дамытуды мақсат етеді. Бағдарламаның осы нұсқаулығы жоғарыда көрсетілген ғылыми зерттеулер кешеніне негізделеді. Сонымен қатар мұнда ұсынылған түсініктер мен тәсілдер еңбек жо лын жаңа бастап жатқан мұғалімдердің, тәжірибелі ұстаздардың, сондай-ақ тәлімгерлер мен тренерлердің көп жылғы тәжірибесіне негізделген.

Бұл нұсқаулықтың кіріспе бөлімі оқыту мен тәлімгерлік мәселелеріне арналған.

Оқытудағы Кембридж тәсілінің теориялық негіздері

Орта білім беру жүйесінде әлемдік жоғары деңгейге қол жеткізген анағұрлым танымал оқыту әдістемелері арасында сындарлы (конструктивті) теориялық оқытуға негізделген тәсіл кең тараған (Hattie, 2009). Бұл Бағдарламаның басым бөлігі, түрлі тәсілдер қарастырылғанына қарамастан, сындарлы оқыту теориясы негіздерін қамтыған. Бұл теория оқушылардың ойлауын дамыту олардың бұрынғы алған білімдері мен жаңа немесе сыныптағы түрлі дерек көздерінен, мұғалімнен, оқулықтан және достарынан алған білімдерімен астастырыла жүзеге асады деген тұжырымға негіз деледі. Сындарлы теорияның тиімділігін жақтаушылардың басым бөлігі оны дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерімен салыстыра қарап, дайын білімді беруге негізделген оқыту тәсілдерінің білімді меңгеру былай тұрсын, олар бойынша терең түсінік қалыптастырып, бастапқы білімді жаңа біліммен өзара байланыстыруғада мүмкіндік тудыра бермейтінін тілге тиек етеді. Дайын білім беруге негізделген «дәстүрлі» стиль арқылы алынған білім оқушылардың жинақтаған өзге білімдерімен тиімді сіңісе алмайды, сондықтан механикалық есте сақтау,

үстірт білім алу жағдайлары орын алады. Дәстүрлі оқытудан алынған механикалық түрде есте сақталған мәліметтерді емтихан кездерінде ұтымды пайдалануға болады, бірақ мәнмағынасы терең меңгерілмей, жай ғана жатталғандықтан, тақырыпты оқыту аяқталған

соң немесе емтихан біткен соң керексіз болып қалады және оқушы оны өмірде тиімді пайдалана алмайды. Сындарлы оқытудың мақсаты – оқушының пәнді терең түсіну қабілетін дамыту, алған білімдерін сыныптан тыс жерде, кез келген жағдайда тиімді пайдалана білуін қамтамасыз ету.

Оқыту туралы сындарлы түсінік оқушыға нақты білім беруді мақсат тұтқан мұғалімнің өз сабақтарын оқушының идеясы мен білім-біліктілігін дамытуға ықпал ететін міндеттерге сай ұйымдастыруын талап етеді. Бұндай міндеттер оқушылардың оқыған тақырып бойынша білімдерін өз дең гейінде көрсетіп, кейбір болжамдар бойынша күмәнді ойларын білдіре алатындай, пікір-көзқарастарын нақтылап, жаңа ұғым түсініктерін өрістетуге орайластырылып құрылады. Мұғалім қызметіндегі маңызды дүние – жекелеген оқушылардың тақырыпты қабылдау ерекшеліктерін, оқушылардың

түсінігін жетілдіру немесе жақсарту мақсатында олармен жұмыс жүргізу қажеттігін ұғынуы, сондай-ақ кейбір оқушылардың тақырыпты өзіне оңтай лы бірегей тәсілдермен меңгеретіндігін жете түсінуі.

Сындарлы оқытудың жоғарыдағыдай сипатталып, түсіндірілуі мұғалімнің ой- пайымы мен негізгі көзқарастарын, сондай-ақ сол көзқарас, пікірге қатысты бірқатар ба- ламалы шешімдерді білуін де қамтиды.

Мұғалім ұстанымы

Психологтар «ұстаным» ұғымын адамның іс-әрекетке бейімділігімен байланыстырады. Социологтар оны негізгі құндылық есебінде атап көрсетеді. Мұғалімнің ұстанымы оның көзқарастарын қалыптастыру барысына зор ықпал етеді, ал көзқарасы белгілі бір шешімдердің қабылдануы мен сы нып тағы іс-әрекеттерді түсіндіру көзі болып табылады (2-сурет). Сондықтан кез келген мұғалімнің оқыту құралдары оның өз болжамдарының,

білімі мен ұстанымының, көзқарастарының жиынтығынан тұруға тиіс. Бұл элементтердің барлығын жинақтасақ, жеке тұлғаның ерекше «білім беру сызбалары» құралады. Пажарес (1992) оқыту стилін таңдау кезінде мұғалімнің білімділігінен де гөрі ұстанымға негізделген ой-тоқтамдарының ықпалы күштірек деп сендіреді: оқыту үдерісінде қалыптасқан көзқарастар мұғалімнің сыныптағы барлық іс-әрекеттеріне әсер етеді. Әдістемелік құралдар немесе оқулықтардан гөрі мұғалімнің сыныптағы іс-әрекеттеріне пәннің қалай оқытылуы керектігі жөнінде әбден қалыптасып қалған пікірлер анағұрлым күштірек ықпал етеді.

2-сурет. Мұғалімнің ұстанымы оның көзқарасын, шешімін және іс-әрекетін нығайтады.

Алайда, тамыры тереңге кеткен ұстанымдар мұғалімнің жаңашыл идеяларды қабылдау қабілетін шектеуі мүмкін. Егер де дайын білім беретін «дәс түрлі» стильмен оқытатын мұғалімдер сыни тұрғыдан ойлау қабілеттері дамыған оқушыларды қалыптастырғылары келсе, өздерінің де сыни тұрғы дан ойлау қабілеттерін дамыта отырып, жаңашыл идеяларға көңіл көкжиегін ашулары керек.

Тиімді оқыту

Оқытудың кешенді міндеттерін және мұғалімнің әртүрлі жағдайларда жұмыс істейтіндігін ескерсек, тиімділік деген сөздің мағыналық анықтамасы нақты емес, екіұшты болып шығады. Мұғалімдік қасиет – күрделі феномен, оның мазмұны мен өлшем құралдары жайында бірыңғай пікір жоқ. Мұғалімнің жұмысының тиімділігін анықтау өлшемі жөнінде түрлі пікірлер бой көтереді: ол мұғалімнің жетістіктері (біліктілігі, т.б.), оқыту үдерісі (оқыту әдістері, т.б.), оқыту нәтижесі (оқушының білім алуына ықпал ету,т.б.) немесе жоғарыда аталған барлық факторлардың жиынтығы болуы мүмкін деген ойлар да орын алуда. Оқытудың қандай жолы қолданылса да, қарастырылатын екі көзқарас бар. Біріншіден, оқушының жеке тұлға және әлеуметтік нысан ретіндегі келешегі, екіншіден, оқытудың оқушы мен мұғалім арасындағы қарым-қатынас нәтижесі ретінде қарастырылуы.

Мұғалімнің касиеттерін бағалау барысында бағалаушы факторлар жиынтығын пайдалана отырып, қасиетті өзінше түсіндіріп беретіндігін ұғыну қажет.

Сындарлы оқытуға негізделген сабақтар оқушыларға өз білімдері мен ұстанымдары жайында ойланып, сұрақтар қойып, білімін толықтырып, белгілі бір тақырыпты оқып-білу кезеңінде өз түсінігін өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл үдеріс оқушының өз болжамдарына күмәнмен, сыни тұрғыдан қарай отырып, сол арқылы әлем, тіршілік, жаратылыс туралы өзінің түсінігін тереңдетіп, кеңейтуге ұмтылу мүмкіндігін ұлғайтады. Оқытудың бұл түрінде оқушылар өте маңызды рөл атқарады: олар құрбы-құрдастарымен әлеуметтік байланыс жасау арқылы белсенді түрде білім жинақтайды. Мұғалім оқушылардың оқуына мүмкіндік тудырып, оқу материалы және өзге де қажетті құралдармен қамтамасыз етеді, ал оқушылар

өз кезегінде пән бойынша өз түсініктерін арттыру іс-әрекеттеріне ынталы болғаны абзал.

Табысты оқыту мен құзырлы мұғалім

Осы Бағдарлама құзырлы мұғалімнің алдына оқушының жан дүниесін жақсы түсіне білу жөнінде нақты міндеттеме қойып отыр. Құзырлы оқытудың маңызды факторы мұғалімнің оқушының тақырып мәнін өз бетімен меңгеруін түсінуі мен бағалай алуы болып табылады. Мұндай тәсіл бұл үдеріске оқушының өзінің де қатысуын талап етеді.

Осылайша, оқушы да өзінің оқуы үшін жауапты болады. Оқушы мұндай жауапкершілікті көбіне сабақ беру барысында мұғалім қалыптастыратын ортада сезініп, қабылдайды. Сондықтан мұғалімде Шульман «үш көмекші» (Shulman, 2007) деп атаған қасиеттер болған жағдайда ғана оқыту жақсы болып саналады (1-кесте). Сапалы оқыту білім алуға мүмкіндік беретін нақты жағдайларды жасаумен қатар, сол жағдайлардың өзімен тығыз байла ныс та болады. Құзырлы мұғалім оқушыларға, ортаға және ресурстарға лайықтап нақты кезеңде қолданылуы тиімді оқыту элементтерін «реттеп» отырады. Расында, оқытудың сапалы және табысты болуы белгілі бір деңгейде мұғалімнің қалыптасып отырған жағдайларға бейімделе алуына да тығыз байланысты.

Сапалы оқыту – мұғалім бейнесімен танылатын сан алуан элементтер арасындағы байланыс болып табылады, ол өзі белгілі бір деңгейде тәуелді жағдайлар жасалынған кезде жүзеге асырылады. Сапалы оқыту оқушылардың, қоршаған орта жағдайы және оқыту, білім алу мүмкіндіктерінің бірлігі ретінде қарастырылады.

Кесте. Шульман ілімі.

Мұғалімнің көмекшілері

(Shulman, 2007) Құзырлы мұғалімге тән белгілер

Бас Кәсіби түсінік

Тұғырлы теориялық білімге негізделген және оқыту мен оқушылар туралы жеткілікті білім болуын талап етеді. Сондай-ақ тәжірибені түсіну, дамыту/жетілдіру үшін дәлелдер/зерттеулер нәтижелерін қалай қолдану керектігін білуді көздейді.

Қол Оқытудың тәжірибелік дағдылары

Бұл ілім жұмыс жүргізу, демонстрациялау, түзету және оқытуды бағалау сияқты тәсілдер арқылы идеяларды түсіндіре білудің техникалық, тәжірибелік дағдылары мен тәсілдерін білуді талап етеді. Сонымен қатар ын- таландыру, көтермелеу, шектеу, сабақтар кезеңдерін

жоспарлау және оқушыларды бағалау әдістемелерін меңгеру қажет. Жоғарыда аталған дағдылар болған жағдайда, мұғалім

сабақ үстінде оқушылардың оқуға ынтасы мен жоғары және сәйкес деңгейлерге қол жеткізуге ұмтылатындай қолайлы орта қалыптастырып, оның тұрақтылығын қамтамасыз етері анық.

Жүрек Кәсіби-адамгершілік тұтастық

Мұғалімдер ұстаз мамандығының этикалық және моральдық құндылықтарын ұстанады. Демек, олар шыншыл, батыл, төзімді, оқушыларға аяушылық, мейірім және құрмет көрсете білетін әділ адамдар. Мұғалімдер білім беру саласындағы өзге мамандар- мен өзара тығыз байланыста болып, оқытудың басты құндылықтарын сезініп, қабылдау мен тұжырымды пікірлерді бөлісуде ұтымды әрекеттер мен шынайы

қарым-қатынас қалыптастыра алады.

Сапалы және табысты оқыту жайында қорытынды қалыптастыру

Оқытудың сапасын екі тәсіл арқылы анықтауға болады.

Біріншісі, бағалау оқу қызметінің нәтижесіне байланысты болмай, мұғалімнің іс-әрекетінің тәжірибе талаптарына сәйкестігін, яғни – мұғалім жұмысының тиімділігін, оқушылармен өзара байланысының сипаты мен жиілігін анықтау мақсатында

жүргізіледі. Бұл жағдайда баға мұғалім жұмыс істейтін оқушыларға байланысты қарастырылады, оқыту үдерісіне тәуелді болмайды.

Оқыту сапасын бағалаудағы екінші тәсіл жай ғана кәсіби міндеттерді жауапкершілікпен орындағаннан гөрі, көбірек күш-жігерді талап ететін сапалы әрі табысты оқытуға ерекше көңіл бөледі. Табысты оқыту білім беру үдерісіне тәуелді болғандықтан, оқытудың шын мәнінде жүзеге асырылуы мен құзыреттілік, шеберліктің деңгейі қаншалықты екенін десаралай білу де қажет. Сонымен қатар оқушылардың жай-күйі мен әлеуметтік ортасының

сипатын, мүмкіндіктерінің дәрежесі мен қолжетімділік деңгейін білу қажет. Осыған байланысты сынып туралы мәнмәтіндік мәлімет қажет болады.

Жоғарыда айтылғандардың негізінде Бағдарлама:

1) оқыту мен зерттеуге ынта-жігерін салып, белсенді жұмыс істейтін және оқушыларға қамқорлық көрсете отырып, ықпал ететін және бағдар беретін мұғалімдерді;

2) әрбір оқушының пәнді түсінуді қалай құрылымдау қажеттігін ойластыра білетінін сезінетін, осы көзқарастар тұрғысынан білімі мен тәжірибесін қалыптастыратын; сондай-ақ оқушының білім беру бағдарламасы деңгейлері бойынша ілгері жылжуын өрістету мақсатында мазмұнға сәйкес кері байланыс орната алатын кәсіби білімі мен түсінігі бар мұғалімдерді;

3) оқытудың мақсаты мен сабақтың нәтижелі де табысты өту өлшемдерін, өзі мен оқушыларының бұл өлшемдерге қандай дәрежеде сәйкес келетіндігін білетін, оқушылардың игерген білімі мен оқушылар мойындаған «Біз қайда бара жатырмыз?», «Қандай іс-әрекет жасау керек?», «Одан әрі не істеу керек?» деген сияқты табыстылық өлшемдері арасындағы алшақтықты жою үшін не істеу керек екенін

білетін мұғалімдерді;

4) бастапқы идеядан өзге идеяларды өрістете байланыстыратын және сол идеяларды оқушылардың өздері құрастырып, жандандыра алатындай етіп жинақтап, толықтырып, тереңдетіп бере алатын мұғалімдерді даярлауға бағытталған. Бұл – дайын білім мен идеяларды ұсыну емес, оқушылардың өздерінің білім мен идеялар құруы болып табылады.

МЕКТЕПТЕ ПЕН СЫНЫПТАРДА ЖАҢАЛЫҚ ЕНГІЗУДІ БАСҚАРУ ЖӘНЕ ЖЕТЕКШІЛІК ЕТУ

Оқытуды жетілдіру

Мұғалімнің кәсіби дамуы үшін практикалық дағдыларды қалыптастыруға ерекше көңіл бөлудің маңызы зор. Мұғалімнің барлық оқушыларға осы дағдыларды үйрету туралы шешім қабылдауы аздық етеді, себебі бұл жолда қолданылатын тәсілдердің көп болуына қарамастан, бұл мәселені шешу оңай емес. Бұған оның сыныпты басқару проблемасымен де байланысты екендігі өз ықпалын тигізіп жатады, сонымен қатар ол мұғалімнің

көптеген мәселелер жөнінде қарулануын, әрі сабақ барысында жедел шешім қабылдауға дайын болуын көздейді.

Аталған проблеманы шешу мақсатында 21-ғасыр дағдылары жүйесі мұғалімдер арасындағы ынтымақтастық аясын кеңейтуді көздейді. Ол жағдайда мұғалімдер бірлесіп жұмыс істеп, инновациялық, тиімді идеялармен алмаса алады, сол арқылы күнделікті қызметте қолданатын оқыту мен оқудағы тәсілдердің ықпалын күшейте түседі. Дегенмен идеялар сыныпта шын мәнінде іске асырылуы үшін саяси ниет пен әкімшілік басшылықтың тарапынан болатын шектеулерді еңсерудің өзі үлкен міндет екенін ұмытпау қажет. Мұғалімдердің көпшілігіне сыни тұрғыдан ойлаудың маңызды әрі тиімді екенін ұғындырудың қажеті жоқ, бұған олардың көздері әлде-ақ жеткен. Алайда мұғалімдер оқып, білім алуды және қолдауды, атап айтқанда, оқушыға бағдарланған әдістерді пайдалану кезінде сыныпты басқаруда туындайтын проблемалармен және жоғары танымдық қажеттілікпен өзара байланысты нақты сабақтарды жоспарлау мәселелерін түсінуді тереңдетуде қолдау көрсетуді қажетсінеді.

Мұғалімнің біліктілігін арттыру

Бағдарлама әлемдік білім беру практикасында орын алған мұғалімді мектептерге инновациялық қызметті «әкелуші» деп қабылдайтын пікірмен астасады, оған оқушылардың бойында қалыптастыратын дағдыларға қойылатын талаптардың да түбегейлі өзгеруі себеп болып отыр. Бұл өзгерістер белгілі бір құзыреттіліктерге айтарлықтай әсер етеді, оқушыларда 21-ғасыр дағдыларын тиімді қалыптастыра алу үшін мұғалімдердің өздері де ол дағдыларды меңгеруге тиіс. Осылайша, оқытудағы жаңа тәсілдер мұғалімдерді оқытуда да жаңа тәсілдерді талап етеді.

Әдетте, мұғалімнің тәжірибесін жетілдірудің оңтайлы тәсілі деп мұғалімнің оқыту тәсілдерін өзгерту мақсатында оның іс-әрекеттерін теориялық тұрғыдан түсіндіріп беретін тиісті семинарларға бару саналатын. Бұл тәсіл тиімді емес, әрі оның оқыту мен оқуда орнықты өзгерістердің орын алуына ықпал ететіндігіне сенім шамалы (Desimone et al., 2002; Оpfer and Pedder, 2010). Төменде мұғалімдердің тәжірибесіне жаңалық енгізуге мүмкіндік

беретін және оның қарқынын қамтамасыз ететін заманауи тәсілдер үлгілері келтірілген.

Тәжірибені түрлендіру және жаңалықтар қарқыны

Тәжірибені түрлендіру

Заманауи зерттеушілер (Sinek, 2009) перспективті идеялары мен тәсілдерді игерген көшбасшы мұғалімдер тәжірибесін өзгертуге қауқарсыз екендігін атап көрсетуде, өйткені олар әдетте өзіне «Өзгеріс не үшін қажет?» деп сұрамайды. Тренерлер мен мұғалімдерге арналған Бағдарлама сұрақтардың ретін өзгерту арқылы қалыптасқан тәртіпті өзгертпек: бірінші – «Неге» тек содан кейін ғана – «Не». Бағдарлама мұғалімдер

1мұғалімге арналған нұсқаулық | руководство для учителя | handbook for teacher

тәжірибесіне өзгеріс енгізу қажеттігін алға тартады, ол өзгерістер жастарға 21-ғасырда табысқа жету үшін қажетті білім және дағдылармен үйлесуге тиісті. Қазақстан Республикасының бірегей мәдени құндылықтары сақталған жағдайда мектептерде бұл өзгерістерге қол жеткізу өзекті әрі қажетті деп қаралуға тиіс. Инновацияларды енгізген кезде білім беру саласының басшылары оның түбегейлілік, өзектілік, айқындаушылық сипатына, бүкіл білім беру жүйесін өзгерте алатындығына сеніп, негізінен «Нені енгізу қажет» мәселесіне басымдық береді де. Бұл сұрақтың жауабы ретінде формативтік бағалауды енгізуді, шағын жинақталған сыныптарды ашуды, оқытудың, атап айтқанда бүкіл әлемде тиімді қолданылып жүрген

математиканы оқытудың заманауи тәсілдерін қолдануды атауға болады. Біліктілікті арттыру курстары аясында мұғалімдерге объективтік факторларға қарамастан, жергілікті жерлерде белгілі бір инновациялық тәсілдер мен әдістерді іске асыру тапсырылады, содан кейін мектеп басшылығы сыныпта шұғыл өзгерістерді күтеді.

Инновацияның қажеттігінің шынайы себептерін анықтамай тұрып, бұл инновацияны енгізу әсері неліктен, қандай жағдайда және қалайша алынады деген сұрақтардың жауабын анықтап алмай, Ұлыбритания мен АҚШ-тың мектептерінде көптеген бастамалар сіңісе алмады.

Бағдарлама өзінің мазмұнын сұрақтарды былайша қою арқылы құрылымдай отырып, басқа тәсілге негізделген: Неліктен біз біздің оқыту тәсілдерімізді өзгертуге тиіспіз, содан кейін мәселені шешуге бағытталып: біз бұны қалай істейміз, тек содан кейін ғана – біз сыныпта не істеуіміз керек? деген сұрақты алға тартады. Бұл тәсіл Apple сияқты ірі трансұлттық компаниялардан (Sinek, 2009), сондай-ақ білім беру

саласындағы әлемдік көшбасшылардан қолдау тауып отыр (Darling-Hammond, 2006;Timperley 2009, Schleicher 2012, MacBeath, 2012).

Тәжірибедегі өзгерістерді сақтап қалу

Инновацияларды енгізудегі сұрақтар қатарындағы екінші сұрақ – тәжірибеде не өзгерту керек және шынайы сыныпта жаңалықтарды жүзеге асыру болып табылады.

Таяуда Ұлыбританияда жүргізілген Үздіксіз кәсіби дамудың көлемді зерттеуінде Опфер мен Педдер (2010) мұғалімдердің кәсіби оқуына септігін тигізетін және оқушылардың оқудағы нәтижелерін арттыратын алты факторды анықтады (3-сурет).

3-сурет. Мұғалімдердің орнықты оқуына ықпал ететін факторлар

1мұғалімге арналған нұсқаулық | руководство для учителя | handbook for teacher

Мұғалім жұмыс істейтін және соның аясында ол басқа әріптестерімен бірлесіп сыныптың нақты проблемаларын шешетін оқу жоспарымен келісілген тәсілдер мұғалімдерді оқытудың анағұрлым тиімді тәсілдері мен нысандары болып табылады. Бұл нысандарды мұғалім өзінің сыныбында ұзақ уақыт бойы қолдануы қажет.

ОҚЫТУ МЕН ОҚУДАҒЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ

Кіріспе

Педагогикалық шеберлік орталығы іске асыратын Кембридж университетінің Бағдарламасы аясында барлық мұғалімдер өз сыныбының шегінде оқу көшбасшылары деп қаралады, ал Бағдарламаны игерген мұғалімдер оның басымдық бағытын ескере отырып,өз мектептерінде оқушылар мен мұғалімдердің оқуын іске асыратын көшбасшы болып табылады. Бағдарламаның түйінді тақырыптары – коучинг пен тәлімгерлік (mentoring),

олардың көмегімен мұғалімдер әріптестерін оқытады және мектеп жағдайында оқыту мен оқуға өзгеріс енгізеді. Бағдарламаның авторлары ұсынып отырған оқытудағы басқару мен көшбасшылық тұжырымдамасы мұғалімдердің пайдаға асырылмаған зор әлеуеті бар, олардың өзгеріс

енгізу тәжірибесіне, бірлескен кәсіби білім құруларына көмектесетін қолдау көрсетілген жағдайда ғана көруге болады деген ұстанымға негізделеді. Ол педагогикалық жүйе сәтті болу үшін, оқыту мектептің барлық деңгейінде қатар жүру керек, яғни оқыту оқушыларды, студенттерді, мұғалімдерді және де мектеп жүйесінде жұмыс істейтін қосымша қызметкерлерді түгел қамту керек деген көзқарасқа негізделген (MacBeath etal., 2006) Бағдарлама аясында оқытудағы көшбасшылық тұжырымдамасы Дэвид Фрост пен Кембридж университеті қолдау көрсеткен, Хертс Кэм Нетворк желісі және «Мұғалімкөшбасшылығы» халықаралық жобасы аясындағы қызметке негіз болған мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жөніндегі жұмыспен тығыз байланысты болып келеді.

Тарихқа шолу

Көшбасшылық дегеніміз не?

Бұған дейін «оқудағы көшбасшылық» ұғымының мәні зияткерлік оқудың стандарттарымен салыстырылатын жоғары нәтижелерге қол жеткізу мақсатындағы көшбасшылықпен теңестірілетін (Hay-McBer, 2004). Қазіргі кезде оқу үдерісі анағұрлым терең түсініледі (West-Burnham, 2009, Harris2009), ол зияткерлік жетістіктерге байланысты және тек қана нәтижелерді бағалау мен танымдық стандарттарды күрделендірумен

шектеліп қала алмайды. Бүгінде «Оқудағы көшбасшылық» – оқушының эмоционалдық өнегелілік сауаттылығы, эмоционалдық-қалыпты оқуы және жан-жақты дамуы; бұл жердегі ең маңызды мәселе – оқыту сапасын арттыру басымдығы. Қазіргі түсінікте көшбасшылық мектеп директорына немесе білім беру жүйесінің жоғарғы басшылығына ғана тән нәрсе емес. Заманауи зерттеулер (Leithwood et al., 2006) көрсетіп отырғандай, көшбасшылық кеңінен тараған болса, әрі бір адамның қарекетіне қарағанда, көшбасшылар тобының ықпалы үстемірек болған жағдайда көшбасшылықтың мектепке ықпалы анағұрлым тиімдірек болмақ. Саутвортың (NCSL 2004) пайымдауынша, мектеп көшбасшылығы әдетте өктемдік сияқты түсініледі, бұл ретте бір адамның басшылығымен, жеке көсемдікпен шектеліп қалады. Бір адамның күші мен ықпалына

қатысты орнығып қалған ұстанымға бірлескен, командалық, бірнеше адамның көшбасшылығы қарсы қойылады. 11 мектеп қатысқан ғылыми-зерттеу жобасында «Бірнеше адамның іс-әрекеттегі көшбасшылығы» проблемасын зерттеген Макбет (2004) өзгеріп жатқан әлеуметтік және

экономикалық жағдайларда көшбасшылық та күрделеніп, бүгінгі таңда бір адамның мүмкіндіктерінен тыс шығып жатқандығын ескертеді. «Мектептер қызметкерлердің ғана емес, оқушылардың, ата-аналардың да бағалы әлеуетін пайдалана алмайтын болса, оны пайдалануға құқылы болмаса, өткеннің қатесін қайталамақ. Бірнеше адамның көшбасшылығы шын мәнінде білім беретін зияткерлік мектептердің мықты құралы болып табылады».

Макбеттің «білім алушы мектебі» мұғалімнің кәсібилігін кең тұрғыдан қарауды талап етеді. Педагогикалық дамуды қамтамасыз ету үшін кәсібилікті түсінудің нақты тәсілі талап етіледі (Hoyle, 1974). Біз таза жеке тұлғаға немесе сыныпқа бағытталған тәсілден босануымыз керек. Себебі бұл кезде белгілі бір бекітілген стандартқа сәйкес әрекет етеміз.Оның орнына мұғалім оқу қоғамдастығының бір бөлігі болып табылатын, кәсібилікке

бағытталған «ұжымдық» және кешенді тәсіл қажет (Bolam, McMahon, Stoll et al., 2005). Бұл тәсілдің аясында көшбасшы-мұғалім ұсынған зерттеулер мен инновацияларға негізделе отырып, мұғалімнің тәжірибесі жетілдіріледі (Frost and Durrant, 2003). Мұндай тәсілде кәсіби біліктілік пен білім жай қабылданбайды, мұғалімдер оны өз қолымен жасайды. Адамгершілік мақсаттағы мұғалімдер өздерінің әріптестері мен айналасындағыларға

әсер ету үшін, көшбасшылық қасиеттерін көрсетеді. Олардың көңілінде үнемі талапқа сай оқыту тұрады (Frost, 2011).

Заманауи түсінік

Англия мектептерінде жүргізілген Ұлттық көшбасшылық колледжінің зерттеулері (2004) тиімділігі жоғары және үнемі жетілдіріліп отыратын мектептерде оқушыны оқыту мен оқуының сапасын арттыруға бағытталған көшбасшылық қолданылатындығымен ерекшеленетінін көрсетті. Оқушыларының білім алуына басты назар аударуды басымдық ететін көшбасшы мұғалімдер өзінің әріптестері мен басқа қызметкерлерге үлгі бола

алады. Элмор (2006) жауапкершілік саясаты мықты мектеп жүйесінде көшбасшылық –тәжірибені жетілдіру құралы болып табылады деп есептейді. Ал оқуға бағытталғанкөшбасшылық дәл осындай болып табылады.Оқуға бағытталған көшбасшылық жоғары сапалы білім берілуіне қол жеткізу

мақсатында оқу үдерісіне және оқушылардың, сондай-ақ мұғалімдердің, қызметкерлердің нәтижелеріне бағдарланған. Көшбасшы-мұғалімдер оқыту мен оқу үдерісін бақылау, нәтижелерді пайдалану, мұғалімдердің мықты жақтарын анықтап, олардың қажеттіліктерін білу, оқушылар топтары мен мектептің құрылымдық бөлімшелері үшін басымдықтарды белгілеу арқылы сыныптардың және бүкіл мектептің ішінде не болып жатқанын біліп отырады. Бұндай көшбасшылық барлық деңгейлерде қажет, себебі мектептегі көшбасшылық идеясын іске асыру маңызды екенін естен шығармай, оқуға бағытталған көшбасшылықты тарату және дамытуға басымдық беру қажет. Макбеттің (2004) зерттеуі көшбасшылықтың табысты болуының алты факторынқарастырады:

Жай бөлініс: персоналдың олар үшін белгіленген рөлдер/лауазымдық нұсқаулар шегінде жұмыс істеуінен күтілетін нәтижені меңзейді. Жай бөлініс үдерісінің барлық қызметкерлер үшін жоғары дәрежелі қауіпсіздікті қамтамасыз етуде артықшылығы мол. Маңайдағылар өздерінің қайда екенін біледі. Жай бөлініс батыл, түбегейлі өзгеріс енгізу үшін қажетті талап болуы мүмкін. Прагматикалық бөлініс: Бұл тәсіл болып жатқан оқиғаларға сәйкес әрекет етуді білдіреді және де мектепке сырттан жасалатын, күн сайын күшейіп жатқан қысымға байланысты өзгеріп тұратын жұмыс жүктемесін қамтиды.Стратегиялық бөлініс: Мектепті жетілдіруге бағытталған нақты мақсатқа бағытталушылық – стратегиялық бөліністің өзіндік ерекшелігі болып табылады. Бұл бөліністі біз, мысалы, мұқият ойластырылған кадрлық тағайындаулардан көре аламыз, ол жағдайда олар жеке дара шеберлігі тұрғысынан емес, негізінен олардың мектептегі көшбасшылықты дамытуға қосқан үлесі тұрғысынан қарастырылады. Кезеңдік бөлініс: Бұл тәсіл прагматикалық жағдаяттық сипатпен қоса, басым бөлігінде кәсіби дамуға бағдарланған стратегиялық сипатқа да ие. Себебі өздеріне

көшбасшылық тән екендігін көрсете алған мұғалімдерге жауапкершілік те көп жүктеледі.

2Мұғалімдер өздерінің көшбасшылыққа қабілетті екендігін қаншалықты дәлелдей алса, оларға жүктелетін жауапкершіліктің мөлшері де соншалықты арта бермек. Бастамашылық бөлініс: Бұндай бөлініс кезінде көшбасшылық мұғалімдерге бөлініп берілмейді, яғни оны тағайындамайды, мұғалімдер өздері қабылдайды, сондықтан оны жоспарланған тәсілден гөрі, ерікті деп санауға толық негіз бар. Көшбасшылық қабілеттері бар мұғалімдер өз еріктерімен белгілі бір үдерісті жүргізу жауапкершілігін өз мойындарына алып, өздері ықпал ететін аймақ ауқымын кеңейтеді, кейде бұл үдеріс басшылықтың қатысуынсыз да болып жатады. Бөлініс мәдениеті: Бұл жағдайда «кім» дегеннен гөрі, «не» дегенге басназар аударылады. Көшбасшылық нақты қызмет саласында және жекелеген адамдардың бастамасы бойынша жүргізіледі. Мұғалімдер әріптестерімен бірлесе отырып, бастама білдіреді, оларда ешқандай басшы, жетекші деген болмайды. Бұл адам рухының, қайратының көрінісі, мектептің орныққан дәстүрлері, оның жалпы мәдениетінің көрсеткіші десе де болады. Көшбасшылықты бөлудің бұл түрі өзара қарым-қатынастардың төрт түріне байланысты.

Құрметтеу (басқаның пікірін тыңдау және бағалау). Жеке қарым-қатынас (кәсіби өзара қарым-қатынасты қолдайтын орнықты жеке қарым- қатынас). Құзыреттілік (басқалармен өзара қарым-қатынас барысында күтілетін нәтижеге қол

Жеткізе білу).

Адалдық (өзара сенімді және шынайы қарым-қатынас). Осы Бағдарламада негізінен «көшбасшылықты тарату мәдениетіне» артықшылық беріледі. Мұғалімнің көшбасшылығын дамыту жұмысы (МКДЖ) жетекшіліктің бұл түрінің кең тарағаны болып табылады. Ол жауапты қызметі бар немесе жоқ мұғалімдер:

• іс-тәжірибені жетілдіруге бастама жасау және ол үшін өзіне жауапкершілік алу;

• оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер таңдау;

• бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинау және қолдану;

• кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысу үшін көшбасшылықты нығайтудың ерекше тәсілі болып табылады.

Дамыту жұмыстарын зерттеумен шатастыруға болмайды. МКДЖ бағдарламасы «мұғалім – зерттеуші» түсінігіне емес, «мұғалім – оқыту мен оқу тәжірибесін жетілдіру жұмысының көшбасшысы» түсінігіне негізделе құрылған. Біз «академиялық империализм» деп аталатын мақсаттан мектептерде оқыту мен оқуды жақсарту мақсатынан алшақтамауымызды қадағалап отыруымыз керек (Elliot, 1991). Дамыту бойынша жұмыс белгілі бір құбылыстардың пайда болу себептерін анықтау немесе тәжірибені талқылаудан тұрмайды. Шын мәнісінде ол мұғалім, ата-ана, оқушылар, жалпы мектеп өз тәжірибелерін жетілдіру үшін қатысатын үдерісті басқару мен басшылық етуден тұрады.

Ұжымдық іс-әрекет

Бір қарағанда мұғалімнің көшбасшылыққа оның «дауысын» күшейту мен жеке басының жетекшілік мүмкіндіктерін жеке де, ұжымда да кеңейту арқылы жететіндігі оғаш болып көрінуі мүмкін. Ұстаздардың жетекші топтарында және желілік қоғамдастық шеңберінде өзара қарым-қатынасты қамтамасыз ету үшін мұғалімдер бірлесе жұмыс істеулері қажет. Мұндай бірлескен жұмыс өз мектептерінде тәжірибені таратуға ғана емес, сонымен бірге басқа мұғалімдерді иландыра алатын кәсіби білімнің негізін құрастыруға көмектеседі. Білімнің бұл негіздері – зерттеулерге негізделген білім емес, бұл басқаларға дем беретін және ары қарай іс-әрекет жасау үшін оларды қажетті бағытпен қамтамасыз ететін инновацияға негізделген жанды диалогтік үдеріс.

21Жоғарыда айтылғанның барлығы: адамдар тек білім арқылы ізгілікті бола алады; білім беру – адамдардың зерделеп үйренуіне қажет көмектердің жиынтығы; жалпы алғанда, тек мұғалімдер ғана педагогикалық тәжірибені жақсарту жөніндегі шараларды қабылдай алады деген дәлелдерге келіп саяды. Қалған қоғамдық институттар (саясаткерлер, зерттеушілер, мемлекеттік емес ұйымдар және халықаралық органдар, яғни

Бүкіләлемдік банк және ОЭСЗ) қолдау мен жаңа идеяларды ұсына алады. Бұл, ә

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.