Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Белгілі нысаны болады.



Стандарттарды бақылау және орындау. Бағалау нәтижесінде біліктілік дәрежесін,

ал мемлекеттік емтихан нәтижелері бойынша – жоғары білім алу мүмкін болады, мысалы,

«біліктілігі» бар тұлғаларда олардың тиісті стандарттарға сәйкес екендігіне негізделген

кепілдіктер болуы қажет. PISA (Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жөніндегі

халықаралық бағдарлама) сияқты халықаралық тест бойынша алынған мәліметтер талда-

уы халықаралық стандарттарға сәйкестікке бағытталған, одан басқа стандарттың микро

және макро деңгейдегі стандарттарына сәйкестікке бақылау үшін ұлттық және жергілікті

тестілер қолданылады.

Оқыту бағдарламасының мазмұнын және оқыту стилін бақылау. Көптеген

мұғалімдер үшін бұл бақылау бағалаудың негізгі мақсатына тікелей қатысы жоқ екінші

кезекті болып табылады. Алайда, техникалық тәсілдер мен бағалау және емтиханның

жиілігі білім беру бағдарламасының мазмұны мен оның қалай оқытылатындығына едәуір

ықпал ететіні еш күмән туғызбайды.

Оқыту үшін бағалаудың маңыздылығы

Кез келген мұғалім Оқыту үшін Бағалау (бұдан әрі - ОүБ) неліктен оқытуды және

оқуды жетілдіру проблемаларын шешудің маңызды мәселесіне айналып отыр деген

сұрақ қоюы мүмкін, онысы орынды да. Өздерінің бұрынғы тәжірибесі бойынша көптеген

мұғалімдер, оқушылар және олардың ата-аналары бағалауды оқыту және оқудан кейін

болатын нәрсе ретінде қарастырады. Бағалау оқыту мен оқудың ажырамас бөлігі болуы

мүмкін деген ой біздің түсінігіміздегі едәуір өзгерісті талап етеді және Оқыту үшін

Бағалау ұғымы дегеніміз де осы болып табылады.

Оқыту үшін бағалау негізінде жататын негізгі қағидалар:

• Оны әзірлеудегі және практикадағы бірінші басымдық оқушылардың оқуға ықпал

ету мақсатын бағындыру болып табылады.

• Бағалау ақпарат беру арқылы оқуға көмектесе отырып, оны мұғалімдерге және

оқушыларға өзін-өзі және өзара бағалауға кері байланыс ретінде пайдалануға болады.

мұғалімге арналған нұсқаулық | руководство для учителя | handbook for teacher

22-сурет. Оқушының өзін өзі бағалауын дамыту

Блэк пен Уильямның түпнұсқалық зерттеулерінде сыныптың «қара жәшік»

сияқты техникалық метафорасы қолданылған және сол арқылы оқыту үшін бағалауды

қолдану «қара жәшік ішіндегі жұмыс» ретінде белгілі болды. Блэк пен Уильямның

Ұлыбританиядағы Бағалау Реформасы Тобымен бірлескен зерттеулері оқытуға енгізілуі

тиіс алдамшы қарапайым түйінді факторлардың бестен бастап бағалауға қатысты

көмегімен оқуды жақсартуға болатынын көрсетті:

• Оқушылармен тиімді кері байланысты қамтамасыз ету.

• Оқушылардың өзіндік оқуға белсенді қатысуы, өз кезегінде оқушыларды өзін-өзі

бағалауға тартады

• Бағалау нәтижелерін ескере отырып, оқытуды түрлендіру.

• Бағалаудың оқушылардың өзін-өзі бағалауы мен қызығушылығына едәуір ықпал

ететіндігін мойындау, бұл өз кезегінде білім алуға түбегейлі түрде ықпал етеді.

• Оқушылардың өз-өздерін бағалай алуын қамтамасыз етуі және өздерінің оқуын

қалай жақсартуға болатындығын түсіну қажеттілігі арқылы құрбы-құрдастарымен

бірлескен жұмыстың дағдылары.

Alexander, R., (2001). Culture and pedagogy. [Мәдениет пен педагогика] Wiley-Blackwell

Assessment Reform Group, (2002а). Assessment for Learning: 10 Principles. [Оқыту үшін

бағалау: 10 ұстаным] University of Cambridge Faculty of Education.

Assessment Reform Group, (2002b). Testing, Motivation and Learning. [Тестілеу, қызықтыру

және оқыту] University of Cambridge Faculty of Education.

Black, P. and Wiliam, D. (1989a) Assessment and Classroom Learning, Assessment in

Education: Principles, Policy and Practice [Бағалау және сыныпты оқыту, білім беру

саласындағы баға: ұстанымдар, саясат пен практика]. 5 (1): 5-75.

Black, P. and Wiliam, D. (1998b) Inside the black box: raising standards through classroom

assessment [Қара жәшіктің іші: сыныпты бағалау арқылы стандарттарды арттыру].

King’s College London, School of Education (now available from NFER/Nelson).

James, M. (2002) Assessment for Learning: what is it and what does research say about it?

[Оқыту үшін бағалау: бұл не және зерттеулер бұл туралы не айтады]. Learning how to

Learn project, Faculty of Education, University of Cambridge.

Пайдаланылған әдебиет

мұғалімге арналған нұсқаулық | руководство для учителя | handbook for teacher

ОҚЫТУ МЕН ОҚУДА АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ

ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

Кіріспе

Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың (бұдан әрі - АКТ) дамуы білімді

бағалау және пайдалану жүйесін де уақтылы өзгертіп отыруды талап етеді. Осыған бай-

ланысты оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер, әдістемелер, технологиялар жаңартылып

отырады. Мысал үшін Ұлыбританияда мұғалім мамандығын таңдап алған бүгінгі

жастардың, өздерінің болашақ оқушылары сияқты, жеткілікті дәрежеде сандық сауаты

бар, себебі олар өмір жағдайларының барлық аспектілерінде жаңа технологияның бар

мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сандық технологиялармен үнемі өзара әрекеттесетін

ұрпақ өкіліне жатады. АКТ оқушыларға ғылыми ұғымдарды түсіндіруді және олардың

қабылдауын, түсінуін жеңілдетуге мүмкіндік беріп, мұғалімдерге сабақ беруде

көмектесетін маңызды құрал болып отыр. Сондықтан оқыту барысында осы технология-

ларды ойланып қолдануды қажет етеді. Осы тарауда ұсынылған ақпараттар мұғалімдерге

оқыту барысында ғылыми жетістіктерді пайдалану, оқытуды жетілдіру мақсатында жаңа

сандық технологияларды қолдану бойынша көмек көрсетуге арналған.

Тарихқа шолу

Бекта (2003) сыныпта жоғары деңгейдегі АКТ пайдалануға байланысты оқудың

бірталай жақсарғандығын байқаған. Бұл ретте зерттеу нәтижелері жалпы әсердегі

жағдайлардың едәуір әртүрлі болуына қарамастан, АКТ қандай жағдайда неғұрлым

нақты ілгерілеуге әкелетіні түсініксіз екенін көрсетті. Оқуды қолдайтын ақпараттық-

коммуникациялық технологиялардың бірқатар сипаттамалары анықталды (Kennewell

and et al., 2008), алайда сонымен бірге АКТ көп жағдайларда оқуға кедергі келтіретіні

анықталды (Birnbaum, 1990). АКТ оқушыларды танымдық және метатанымдық

тапсырмаларды орындауға қатыстыруға ынталандыра алатындығының дәлелдері

жеткілікті (Сох, 1997). Дегенмен бұл ынталандыру барлық пәндер бойынша үлгерімді

жақсартуға әкелуі де мүмкін. Кокс пен Уэбб (2004) атап өткендей, АКТ ықпалы пәндік

білімге, мұғалімнің педагогикалық ұстанымдарына, оқытудағы тәсілдеріне, сондай-ақ

олардың өзіне сенімді және ұйымшылдығына байланысты. АКТ бүкіл әлемде көптеген

мұғалімдердің күнделікті жұмысына еніп кетті, әсіресе проекторы мен интерактивті

тақталары бар техникалық жасақталуы мықты мектептердің өзі неге тұрады (Kennewell

and Beauchamp, 2007). Алайда техникалық құралдардың болу фактісі оқыту мен оқудың

техникалық емес құралдарының көмегімен жетістікке жетуге болатын аспектілер бой-

ынша оқуды жақсартуға және үлгерімді арттыруға кепілдік бере алмайды (Beauchamp,

2006). Сондықтан АКТ пайдаланғаннан нәтиже болуы үшін мұғалімдер ақпараттық-

коммуникациялық технологияларды есепке ала отырып, өздерінің педагогикалық

білімдерін дамытуға тиісті (Mishra and Koehler, 2006) және мұғалімдердің осы техноло-

гияны пайдаланудағы құзыреттілігі мен сенімділік деңгейімен үйлесуі керек (Kennewell

And Beauchamp, 2007).

Мишра мен Келер (2006) егер де жаңа технологиялар оқыту мен оқуды жетілдіру

үдерісін түрлендіретін болса, онда оқу сабақтарын жоспарлау үдерісінде пәндік білім

мен оқыту технологиялары сабақтасып жатуы керек дейді. Бұнымен қоса Мишра мен

Жұмыс құралдары

мұғалімге арналған нұсқаулық | руководство для учителя | handbook for teacher

Келер білімнің барлық үш саласын байланыстыра алған мұғалімдерді шеберліктің

жеткілікті жоғары дәрежесіне ие және кәсіби тәжірибелері мол деп бағалайды. Бұдан

әрі зерттеушілер зертханада жұмыс істейтін тәжірибелі ғалым немесе технологиялар

жөніндегі сарапшы, компьютер ғалымы немесе жаңа технологияларды қалай қолдану

керектігі туралы білімі шектеулі тәжірибелі мұғалімге қарағанда, мұғалімдердің оқыту

мен оқуда АКТ пайдалану саласында тәжірибесі мол деп санайды.

Заманауи түсінік

Білім салалары

Рефлексивті кәсіпқойды даярлау жеке тұлғалық, жалпы мәдени білімділікті,

кәсіби-педагогикалық, тәжірибелік шеберлікті, сыныпта практикалық зерттеу жүргізу

тәжірибесін және әлеуметтік, мінез-құлықтық ғылымдар саласындағы зерттеулерді

білуді қажет етеді. Осы Бағдарлама оқу мен білім беру үдерісінің ғылыми-теориялық

білімдерінің тәжірибелік сабақтар нәтижесінде алынған тәжірибелік білімдерден

айырмашылығына ерекше көңіл аударады. Бұл ретте мұғалім даярлығының сапасы

теориялық және тәжірибелік білімдердің бірлігін қажет ететіні ерекше атап көрсетілген

(23-сурет).

23-сурет. Мұғалімдерді даярлаудың тұжырымдамалық құрылымы

Білікті мұғалім үшін жоғарыда аталған білім түрлері: теориялық және

тәжірибелік білімдер өзара тығыз байланыста болуы тән. АКТ енгізген кезде, теориялық

және тәжірибелік білімдердің біртұтастығы оларды ойланып қолдануды қамтамасыз

етеді, ал бұл оқыту және оқу үдерістерін жақсартуға жағдай жасайтын болады. Сабақта

теориялық және тәжірибелік білімдерді қолданған кезде, анықтаушы фактор оқыту

үрдісінің мазмұны, әдістемесі, технологиясы саласындағы білімнің қалыптасқандығы

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.