Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Екендігін жазады (Rudduck et al, 2004).



«Қалай оқу керектігін үйрену» бойынша жүргізілген ауқымды зерттеу барысында

Кембридж университетінің зерттеушілері «Оқушы үні» жобасы бойынша жұмысқа тар-

тылды. Ол жобаның мақсаттары:

• оқушының оқу мен оқыту туралы пікірін ескеру;

• оқушыға кеңес берудің әдіс-тәсілдері бойынша мұғалімдерге арналған нұсқаулық

әзірлеу;

• мәдениет мектептерінде ашық және қауіпсіз диалог құрудың проблемалары мен

мүмкіндіктерін анықтау болатын.

Осы жоба бойынша оқушылармен мектеп өміріне байланысты көптеген мәселелер,

соның ішінде мадақтау мен жазалау жүйесін өзгерту сияқты тақырыптар бойынша

кеңес жүргізілді.

Сонымен қатар топқа жылдық жоспарлау: ата-аналарға арналған кештерді өткізу,

сыныптағы оқуға ықпал ететін немесе кедергі жасайтын жағдайларды анықтауға қатысты

сұрақтар қойылды. Зерттеулер оқушылардың көпшілігінің сыныпты «мұғалімнің

аймағы» ретінде қабылдап, оқыту мен оқу туралы сақтықпен сөйлейтіндігін көрсетті.

Бастауыш сынып оқушылары мұғалімнің әрекетіне түсінік беру «олардың жұмысы

емес» деп санады. Алайда, оқушылар зерттеушілерге өзекті педагогикалық проблема-

лар мен бос сөзділікті жіктей қарастыра отырып, нені өзгерткілері келетіні туралы өз

Пікірлерін жеткізді.

Оқушылармен пікірлесу – басшылықтың дәстүрлі қатынасынан өзгеше және

оқушылар мен мұғалімдер арасында ыңғайсыз жағдай тудыруы мүмкін күрделі үдеріс.

Оқушылармен әңгімелесу барысында ешқандай алалауға жол берілмеу маңызды, әсіресе,

«үндемейтін» және «жеке-дара» оқушылардың барлығының да пікірлері ескерілуге тиіс.

Сондай-ақ, оқушылардың пікірлесуде шынайы болуы, оқыту мен оқуға байланысты

оқушыларға қызықты және маңызды сұрақтар қамтылуы аса маңызды.

«Оқушы үні» жобасы аяқталған соң, жобаға қатысқан мұғалімдер арасында сауална-

ма жүргізіліп, оның нәтижесінде оқушылармен пікірлесу:

• оқушылардың өзін-өзі құрметтеуін;

• мектеп пен оқуға қатысты жағымды көзқарас туындауын;

• мұғалімдерге деген эмоционалдық жағымды қатынас туындауын дамытуға ықпал

Ететіндігі расталды.

мұғалімге арналған нұсқаулық | руководство для учителя | handbook for teacher

Жобаға қатысқан мұғалімдер оқушылардың жауапкершілігі мен сындарлылығына таң

қалса, оқушылар өз кезегінде пікірлесудің артықшылығын мойындады. Нәтижесінде олар:

• өзгелердің өздерін құрметтейтіндігін, оларды тыңдап, пікірлерімен санасатындығын

сезінді;

• мәселені шешуде олардың пікірлері есепке алынатындығына көздерін жеткізді;

• өзіндік білім алуын бақылау деңгейін анықтады;

• бірлесіп талқылауға болатын сұрақтар ауқымын анықтады;

• оқуды қалай жақсартуға болатыны туралы сенімді нығайтты;

• мектеп пен оқуға деген жағымды қарым-қатынасты қалыптастырды.

Оқушылармен білім беру мәселелері бойынша пікірлесу олардың өзін-өзі реттеуін

дамытуына ықпал етеді. Өз оқуына бақылауды жүзеге асыру, ол туралы пікір айтуға, өз

оқуын жетілдіруге ықпал ете алатындығына сенімді болуы мектеп пен сынып жұмысына

қатысы бар тақырыпта оқушылармен ашық пікірлесудің жағымды әсері болып табылады.

Мұғалімдер үшін маңызы

Әңгімеге арқау болған бөлімнің негізгі идеясы ақпарат беріледі дегенге саяды,

бірақ білім мен түсінік оқушы бойында қалыптасады, ал мұғалім – бұл үдерісте көмек

көрсететін жан.

Сыныптағы оқу үдерісінің пайдасын айқындайтын негізгі факторлар мыналар: (1)

балалардың оқу үдерісін түсінуі; (2) нені оқу керектігін түсінуі; (3) оқу үдерісін қалай

құрылымдау туралы ұғым қалыптасуы; (4) сонымен қатар оқу нәтижелілігін бағалау

мүмкіндігін игеруі (14-сурет).

14-сурет. Балаларға оқу қағидаттарын үйренуде көмек көрсету

Келесі бөлімдер аудиторияның ішінде не болып жатқанына арналады, бұл орайда сы-

ныптар бүкіл білім беру жүйесінің жекелеген бөлшектері болып табылатынын ұмытпаған

жөн және бұл байланыс оқу материалын әзірлеу кезінде ескерілуі тиіс. Нәтижесінде

оқушылар өздерінің отбасы тарапынан қолдау табады, сондай-ақ мектептің ішінде және

одан тыс жерлерде олардың оқу әлеуеті артады.

мұғалімге арналған нұсқаулық | руководство для учителя | handbook for teacher

«Балалар қалай оқиды?» үдерісін зерделеу

Білім үдерісінің нәтижелі болуы мұғалімдердің оқушы өздігінен меңгеріп, таныта

білген білім-дағдылары мен амал, көзқарастарын зейін қойып, зерделей білген білім

модельдері аясында ғана жүзеге асырылады. Білім беру бағдарламасының басында

мұғалімдер оқушылар не біледі, оларда қандай қате пайымдаулар бар және бұны қалай

түзету дұрыс екенін білу үшін арнайы құралдарды пайдаланады. Қарастырып өткен

бөлім оқу үдерісінің басында оқушылардың талқыланатын тақырып туралы шамалы

білімі болғанын және осы бастапқы білім жаңа материалды игеру үшін бастау болып

табылатынын көрсетті. Егер мұғалім мен оқушының білім игеруді бастау нүктесі өзара

үйлеспейтін болса, онда оқуда табысқа жету күмәнді болады. Егер білім игеруді бастау

нүктесі қолайсыз таңдалынып алынса, онда тіпті ең жақсы оқушылардың өздеріне де

алған білімдерін есте сақтау қиындық тудырады, тестіден немесе емтиханнан өткеннен

кейін мүлдем ұмытып қалады.

Осыған орай, әр сабақта оқушыларға оқу үдерісінің барлық аспектілеріне белсенді

қатысу керек: олар өзінің болжамдары мен сұрақтарын құрастырады, бір-біріне кеңес

береді, өз алдына мақсат қояды, алынған нәтижелерді қадағалайды, идеялармен экспери-

мент жасайды және қателер – оқудың ажырамас бөлігі екенін түсіне отырып, тәуекелге

Барады (15-сурет).

15-сурет. Оқу пирамидасы

Мұғалім оқушылардың зер салып тыңдауын сақтап қалу мақсатында жұмыс

үдерісі барынша күрделі және әртүрлі болуын қадағалайды, бұл ретте оларға қойылған

міндеттерді орындау үшін қажетті дағдылар мен білімді береді. Мұғалім оқушыларда

Чиксентмихаи (2008) «өзіндік мақсат» деп атайтын (16-сурет) және Райан мен Деки

(2009) «ішкі уәж» деп атайтын қасиеттердің болуына жағдай жасауға тырысуға тиіс.

Басқаша айтқанда, оқушылар өзін-өзі ынталандыра алады және осыған орай, оларда

ұмтылыс пен қызығушылық пайда болады. Бұны жазалауға ұшырамау немесе емтихан-

нан құламау түрткі болып табылатын сыртқы ынтадан ажырата білген жөн.

мұғалімге арналған нұсқаулық | руководство для учителя | handbook for teacher

16-сурет. Оқушыларда «өзіндік мақсатты» қалыптастыруға арналған жағдайлар

Осы __________мақсатта мұғалімдер жұмыс үдерісіне мақсатқа жету жүйесін енгізеді,

нәтижесінде оқушылардың жоспарлау мен белгілі бір нәтижеге жету жетістігіне

көңілдері толады. Сабақтар жүйесі оқушылардың нақты жайға назар аудару қабілеті

дамитындай және сабақтар топтамасының материалын жүйелі түрде игере отырып

ұзақ уақыт назарда ұстайтындай құрылады. Мұғалімдер оқушыларды жұмысқа ынта-

ландырады және сыныпта болатын жағдайлардың бәріне белсенді қатысуға мүмкіндік

Береді.

Түйіндеме: оқушы оқу үдерісіне белсенді қатысқанда ғана материалды терең

меңгеруге қол жеткізеді. Басқаша айтсақ, жеке бағдарланған оқыту шеңберінде,

оқушылардың сыныпқа келген кездегі бастапқы сенімдерін, білімін және өзіндік

ойын негізге ала отырып, өз пайымдауын жасауға қабілетті екенін мұғалім түсінеді.

Егер оқу үдерісі оқушы мен оқу материалын қосатын «көпірді салуға» негізделсе,

онда осы үдерісті үйлестіретін мұғалімдер көпірдің екі жағын да қадағалай білуі тиіс.

Мұғалімдер оқушылардың не білетінін және нені жасай алатынын, сондай-ақ олардың

қызығушылықтарын, әр оқушының нені жақсы көретінін және не істегісі келетінін

түсінуге тырысады.

Бірінші тезис: Жаңа нәрсені оқыту адамның нені білетіні мен түсінетінімен

Байланысты.

Екінші тезис: Оқыту оқушының бастапқы білімі мен дағдыларын назарға алып,

оларды өрістетуді мақсат еткенде мәнді болады.

Үшінші тезис: Осы байланыстарды дамытып, нығайту үшін проблемаларды шешу

үдерісін толыққанды қатыстыру қажет.

Төртінші тезис: Оқушыларға гипотеза жасауға, оны қорғауға, сынақтан өткізуге

және құруға уақыт беріңіз.

Бесінші тезис: Оқушылардың бір-бірін оқытуына мүмкіндік беріңіз.

мұғалімге арналған нұсқаулық | руководство для учителя | handbook for teacher

Оқу мазмұны мен тізбектелген сабақтар

топтамасын жоспарлаудың үйлесімділігі

Мұғалімнің оқушының оқу үлгерімін ғана емес, түсініп оқуын ескеретін оқу үдерісі

материалды терең игеруге ықпал етеді. Тестілеу барысында оң нәтижеге жету үшін мате-

риалды меңгеру бағасын ғана көздейтін «тактикалық оқу» – қалай оқу керектігін үйретуде

салыстырмалы түрде «мұзтаудың су бетіндегі бөлігіндей» ғана мәнге ие (17-сурет).

17-сурет. Оқу тактикасы және нәтижелерді бағалау

Өз пәнін білетін мұғалімдер пәнді оқушылардың өз түсінігі мен пікірі қалыптасатындай

етіп бере алады. Олар пәннің логикасы мен оқушыларға тиімді қарқынмен мағынаны

ұғындыру әдістемесін түсінеді. Осылайша, оқушылар өз дағдыларын қолдануды

үйренеді, сондай-ақ пәннің құрылымы мен мазмұнына тереңдейді. Олар пәннің негізін

қалайтын қағидаттар мен басты идеяны түсінеді. Бұл үшін оқыту тәсілдерін қолдану

қажет, осының арқасында оқушылар оқу жоспары пәндерінің «өзіндік ландшафтта-

рын» зерттеуге қабілетті болады. Бұл жерге бейімделуге ұқсайды: Сіз аумақты зерделеп,

қандай ресурстардың қолжетімді екенін және бұл ресурстарды өз қызметіңізде өнімді

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.