Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Кеуде клеткалары мен ішті бинтпен орау



       
   
 

Кеудеге спиральды немесе крест тәріздес таңғыш қояды.

32 сурет. Кеудеге спиральды және масақ 33 сурет. Иық буынына таңғыш қою

тәріздес таңғыш қою

 

Спиральді таңғыш үшін ұзындығы 1,5 метрге жуық бинттің ұшын түйеді, сау білекке таңып, кеуденің оң жағынан қисық күйінде қалдырады. Бинтпен арқанның төменгі жағынан спиральдік жүріспен оңнан солға кеуде клеткаларын орайды, бұдан кейін бинтті сол қолтыққа орай отыра оң иық арқылы бос ұшымен байланыстырады.

Крест тәріздес таңғышты кеудеге 2-3 айналдыра орап төменгі жағына қояды, содан соң арқа жақтан сол білекке оң білектің төменгі жағы арқылы орай отыра әкеледі, бинтті тағы да кеуде клеткасының түбіне әкеледі, содан соң білектерді ауыстыра таңғышты кеуде клеткасының жанынан айналдыра орап, соңғы орамдағы бинттің ұшын түйреуішпен бекітеді. Кеуде клеткаларының ішкі жарасына мүмкіндігінше жылдамырақ сыртқы тазартылған жағымен резинадан істелген жабдықты орау қажет, ал оған жеке таңу пакетіндегі тазартқыш жастықшаларды қойып, қатты байлап тастайды. Пакет жоқ болса, герметикалық таңғышты, жапсырғышты пайдалану арқылы қоюға болады. Жапсырғыш жолақтарын жарадан 1-2 см жоғары етіп теріге желімдейді, сөйтіп жараның бүкіл үстін жабады. Жапсырғышқа тазартылған салфетка немесе 3-4 қабатты тазартылған бинт қояды, бұдан кейін мақта қабатын қатты байлап тастайды. Алғашқы медициналық көмек жараға тазартқыш таңғыш қоюдан басталады. Түскен тазарту органдарын түзеуге болмайды, оларды тазартылған жастықшамен жабады және сақтықпен қыспай, шеңберлі таңғыш қояды.

Қолға және дененің төменгі жағына таңғыш қою тәртібі.

Иық пен білекке бинтті төменнен жоғары орай, бүктей отыра спиральды таңғыш қояды. Шынтақ буынға таңғышты шынтақ шұңқыры арқылы бинтті екі-үш ораудан бастайды және бұдан әрі бинтті спиральды орамдармен айқастыра орай оны білекке және иыққа шынтақ шұңқырында айқастыра байлайды. Иық буынына таңғышты кеуденің қолтық шұңқырының сау жағынан және иыққа, қолтық шұңқыры арқылы зақымдалған иықтың артынан сыртқы жақ үстіне сау қолтық арқылы арқаның үстімен кеудеге апарады және бүкіл буынды жапқанша бинт орамдарын қайталай отыра оның үшін түйреуішпен кеудеге бекітеді.


Қолға, білек пен аяққа спиральды, масақ тәріздес, крест тәріздес таңғыштар қояды. Саусаққа спиралды таңғышты білезік төңірегін ораудан бастайды, бұдан әрі бинтті қол шашағының асты бойынша тырнақтың маңайына апарады және бинттің спиралды орамдарын аяғынан негізіне дейін және керсінше ораммен қол шашағының асты бойынша бинтті білезікке бекітеді.

34 сурет. Саусаққа, алақанға, шынтақ 35 сурет. Іштің төменгі жағына және

буынына таңғыш қою шап төңірегіне масақ тәріздес

таңғыш қою

 

Алақан немесе қол шашағының асты зақымданған кезде крест тәріздес таңғышты білезікке орап бекітуден бастап бұдан әрі, білезіктің асты бойынша алақанға жеткізіп қояды.

Дененің төменгі жағында спиралдық таңғыш сырғып кетеді, сондықтан іш пен шап төңірегіне масақ тәріздес таңғыш қойылады, ол іш төңірегін айнала ораудан басталады, бұдан кейін бинт орамы санның үсті бойынша оның жанынан өтеді және бұдан әрі іштің маңайынан шеңберлі орамдар қайталанады.

Сирақ пен санға білекпен иықтағыдай спиралды таңғыш қояды.

Тізе буынға таңғышты тізе астындағы шұңқыр арқылы шеңберлі орамды жүргізе бастайды, бұдан кейін бинт орамдары кезекпен жоғары - төмен жүргізіліп тізе астындағы шұңқырға айқастырылады.

 

36 сурет. Тізе буынына таңғыш қою

 

Өкше маңайына таңғышты (37 сурет), оның шығып тұрған бөлігі арқылы бинттің алғашқы орамымен қояды (1), бұдан әрі кезекпен бинттің алғашқы орамын жоғары (2) және төмен (3) рет орайды, ал оны бекітіп байлау үшін бинтті қиғаштай (4) сегіз тәріздес (5) байлайды.

       
   
 

Сирақ-табан буынына сегіз тәріздес таңғыш қояды (38 сурет). Бинттің алғашқы байлайтын орамын жіліншіктен жоғары жүргізеді, бұдан әрі төмен табанға және табанның айналасына апарады, бұдан кейін табанның астымен бинтті өткізіп жіліншіктен жоғары апарып табанға қайтарады, бұдан кейін жіліншікке апарып бинттің ұшын шеңберлі ораммен жіліншіктен жоғары бекітеді.

37 сурет. Өкшенің айналасына 38 сурет. Сирақ-табан буынына сегізтаңғыш қою тәріздес таңғыш қою

Бақылау сұрақтары:

1. Талықсу жарақаты ненің әсерінен пайда болады?

2. Коллапс жарақатының белгілері және алғашқы көмек қалай көрсетіледі?

3. Адам қандай жағдайларға байланысты естен танады?

4. Жарақаттану кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек көрсету шаралары?

5. Күре тамырдан қан қандай жағдайда ағады?

6. Күре тамырдан аққан қанды тоқтатудың әдістері қандай?

7. Қан тоқтататын күйдіргі және бұрау қою тәртібі қалай жасалады?

8. Аяқ-қол сынған кезіндегі алғашқы медициналық көмек?

9. Табан сүйектері мен сирақ-табан буындары сынған кезде алғашқы көмек қалай жасалады?

10. Омыртқаның сынуы кезінде алғашқы көмек?

11. Буынның шығуы кездегі алғашқы көмек?

12. Күйік түрлері қандай?

13. Термиялық күйіктің кезіндегі алғашқы медициналық көмек?

14. Химиялық күйік кезіндегі алғашқы медициналық көмек?

15. Үсік шалу кездегі алғашқы көмек?

16. Улы заттармен улану кезде қандай алғашқы көмек көрсетіледі?

17. Электр тоғымен немесе найзағаймен жарақаттанған кезде көрсетілетін алғашқы медициналық көмек?

18. Зардап шеккендерді тасымалдау және жараға таңғыш қою арқылы қорғау шаралары?

19. Жарақаттану және сәтсіз оқиға болғанда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету шараларын қарастыру?

20. Tepiнi және тыныс алу органдарын қорғау құралдары және олардың атқаратын қызметтері қандай?

21. Қан құю туралы түсінікті қарастыру?

22. Сүйектің сынуы, буынның шығуы, дененің сыдырылуы, тілінуі және сіңірдің созылу кезінде қандай алғашқы көмек көрсетіледі?

 

Тест сұрақтары:

1. Қан тамырлардың зақымдану сипатына қарай қан кетудің қауіптісі?

А) капиллярлық

В) веналық

С) артериялық

Д) паренхиматоздық

Е) құлақтан қан кету

2. Коллапс?

А) өмір үшін қауіпті жағдай, қан қысымының төмендеуімен сипатталатын ауыр қан тамырларының әлсіреуі

В)төменгі температураның ықпалынан ұлпалар мен органдардың зақымдалуы

С) ортада көміртегі қышқылы шектен тыс көбейіп, оттегі азайып кеткен жағдайда болуы

Д) организмге қоршаған ауаның ыстық температурасы (30-400) ұзақ әсер еткен кездегі орталық жүйке жүйелеріне ауыр зақым келтіретін ысыну

Е) оттегінің күрт жетіспеушілігі және организмде улы газдың жинақталуы

3. Асептика дегеніміз?

А)жараны микробтардың зақымдануынан қорғау әдісі

В)оттегінің күрт жетіспеушілігі және организмде улы газдың жинақталуы

С) көміртегі қышқылы шектен тыс көбейіп, оттегі азайып кеткен жағдайда қорғау әдістері

4. Естен тану қандай екі кезеңнен тұрады?

А)бастапқы кезең және екінші кезең

В)алғашқы кезең және соңғы кезең

С)бастапқы кезең және соңғы кезең

Д)бірінші кезең және екінші кезең

Е)соңғы кезең және екінші кезең

5.Антисептика дегеніміз?

А)жараға түскен бактерияларды,микроорганизмдерді өлтіретін немесе олардың тіршілігін әлсірететін антибиотиктерді химиялық және биологиялық заттарды қолдану жолымен жою

В) жараны микробтардың зақымдануынан қорғау әдісі

С) өмір үшін қауіпті жағдай, қан қысымының төмендеуімен сипатталатын ауыр қан тамырларының әлсіреуі

Д) ортада көміртегі қышқылы шектен тыс көбейіп, оттегі азайып кеткен жағдайда болуы

Е) төменгі температураның ықпалынан ұлпалар мен органдардың зақымдалуы

6. Антисептиктер ретінде нені қолданады?

А) хлорамин ертіндісі, йод тұнбасы, спирт, сутегі

В)спирт, көміртегі қышқылы

С) күкірт қышқылы, көміртегі қышқылы

Д) сутегі; күкірт қышқылы

Е) йод, азот қышқылы

7.Күйік түрлері?

А) термиялық, химиялық, сәулелік

В) химиялық, физикалық, биологиялық

С) физикалық, термиялық, сәулелік

Д) биологиялық, химиялық

Е) сәулелік, азондық

8. Иіс тию белгілері?

А) бас ауыру, айналу, бара-бара есінен айырылу

В) құсу, бас айналу

С) іш ауру, бас ауру

Д) іш ауруы; құсу

Е) барлығы

9. Микробпен зақымдалған жараны жұқтырмалы, ал осы арқылы пайда болған ауруды не дейміз?

А) жара инфекциясы

В) гепатит

С) эффузия

Д) паратит

Е) дизентерия

10. Сүйектің сынуы қандай түрге бөлінеді?

А) ашық және жабық

В) қатты және жеңіл

С) ашық және қатты

Д) жеңіл және ашық

Е) жабық және жеңіл

Негізгі әдебиеттер.

1. Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша басшылық құрамды даярлауға арналған материалдар жинағы. ТЖ АҚ курстары.

2. ҚР ²Төтенше жағдайлары туралы² заңы, Алматы, 1996 ж

3. ҚР ²Азаматтық қорғаныс туралы² заңы. Алматы, 1997 ж.

4. ТЖ және АҚ Респуликалық курстары. Тіршілік қауіпсіздігі курсы бойынша ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы. 1 және 2 кітап. Алматы, 2003.

5. Арпабеков С. Өмір тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2004.

6. Абдыров А.М., Кезенбаева С.А. Тіршілік қауіпсіздігі пәнінен оқу әдістемелік кешен. Астана, 2004.

7. Суровцев А.А., Мельников Е.Н. мемлекеттік тілге аударған Жүнісбаев Н.А. Тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2003.

8. Әлімбеков Е. Азаматтық қорғаныс-бүкіл халықтық іс. Алматы,1986.

9. Габдуллина М.Х., Абдыров А.М., Рүстембаев Б.Е. Өмір тірішілік қауіпсіздігі және экология негіздері бойынша тест сұрақтары. Астана, 2006.

10. Абдыров А.М., Рүстембаев Б.Е., Мұстафин Ж.Ж. Тіршілік қауіпісіздігі пәні бойынша ЖОО оқитын студенттерге арналған әдістемелік нұсқау. Астана, 2005.

11. Акимов Н.И., Ильин В.Г. ГО на объектах с/х производства. 1984.

12. Николаев Н.С. ²ГО на объектах АПК² - М. - 1990.

13. Приходько Н.Г. Безопасность жизнедеятельности: Курс лекций.

-Алматы.: 2000.

14. Белов В.С. Безопасность жизнедеятельности. -М.: 1999.

Қосымша әдебиеттер.

1. Журнал Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық -әдістемелік жинақтары.

2. Әлімбеков Е., Малгазин С. Азаматтық қорғаныс терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі.

3. Информационно-методический сборник материалов по ЧС и ГО.

Выпуски 2000-2002, АЧС РК.

4. Егоров П.Т. и др. Гражданская оборона, 1997.

5. Наставление по организации и ведению ГО в районе (сельском) и на с/х объектах народного хозяйства, 1977.

6. Краткие методические рекомендации по курсу ГО. - Алматы, 1995.

7.Информационно-методическое издание для преподавателей. Основы безопасности жизнедеятельности, - М., 2002.[kgl]

 

 

VIII. Тест сұрақтары

1. Азаматтық қорғаныс деп –

А) басқару органдарының мемлекеттік жүйесі және халықты осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау мақсатында өткізілетін шаралар жиыны

В) соғыс уақытында халықты төтенше жағдайлардан қорғау, сонымен қатар әскери жиындар өткізетін шаралар кешені

С) бейбіт және соғыс уақытында халықты шаруашылық объектілерінен қорғау

Д) халықтық шаруашылық объектілерінен және ел аумағын төтенше жағдай факторларынан қорғау

Е) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай факторларынан

 

2. Тіршілік қауіпсіздігі деп –

А) адам өміріне төнетін жалпы қауіп-қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласы

В) адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасы мен оны қорғауға бағытталған шаралар

С) төтенше жағдайлардың салдарынан ескерту мен жоюға, сондай-ақ осы заманғы зақымдану құралдарының қолданылуына бағытталған шара

Д) төтенше жағдайларда шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне бағытталған шара

Е) ауыл шаруашылығында пайдаланылатын тәртіптер мен іс-әрекеттер

 

3. Курстың негізгі мақсаты:

А) еңбек қызметі мен адам демалысы аймағында қалыпты жағдай жасау, залалды әсерлерден қорғау, ТЖ салдарын, болжау және бағалау

В) техносферада адамды табиғи пайда болған қауіптерден қорғау

С) жер сілкінісі, су тасқыны т.б. тосын жағдайларды ескерту

Д) дауыл, құйын, опырылма т.б. тосын жағдайларды болжау және бағалау

Е) адам тұратын жерлерде флора мен фаунаны сақтау

 

4. Шаруашылық объектілері деп –

А) өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы өндірісі мен қоғам қызметінің басқа салалары мүдделеріне пайдаланылатын тәртіптер мен нормалар негізінде іс-әрекет ететін адамдар ұжымы

В) облыстарда, аудандарда пайдаланылатын тәртіптер мен іс-әрекет ететін адамдар ұжымы

С) адамның өмір сүру ортасымен қауіпсіз қарым-қатынасын зерттейтін ұжым

Д) төтенше жағдайларда шаруашылық объектілерінің тұрақты жұмыс істеуіне бағытталған шара

Е) табиғи және техногеді сипаттағы ТЖ ескертетін адамдар ұжымы

 

5. Қазақстан Республикасының «Азаматық қорғаныс туралы» Заңы қай жылы қабылданды?

А) 1997 жыл 7-шілде

В) 1997 жыл 7-мамыр

С) 2001 жыл 25-қазан

Д) 2000 жыл 30-тамыз

Е) 1995 жыл 7-мамыр

 

6. Азаматтық қорғаныс курсының негізгі мақсаты:

А) апаттарды алдын ала болдырмау

В) қауіпті жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету

С) халықты қорғау, адамдардың өмірін сақтау, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Д) жұмыс әрекетінде қауіпсіз жағдайда халықты үйрету

Е) экономика объектілерін қолданғанда жөндеу және қайтадан құру жұмыстарын жасау

 

7. Жоғары оқу орындарының АҚ-ның бастығы:

А) проректор

В) министр

С) ЖОО АҚ штабының бастығы

Д) АҚ кафедрасының меңгерушісі

Е) ректор

 

8. Азаматтық Қорғаныс құрамаларының негізгі түрлері:

А) механикалық

В) инженерлік, техникалық

С) физикалық, химиялық

Д) құтқару, инженерлік, АҚ және ТЖ қызметтерінің құрамалары

Е) радиациялық, авиациялық

 

9. ҚР-ның «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңы қашан қабылданды?

А) 1996 жыл 17-маусым

В) 1996 жыл 5-шілде

С) 1997 жыл 5-шілде

Д) 1998 жыл 8-қыркүйек

Е) 1996 жыл 5-шілде

 

10. Дүлей зілзала –

А) техногенді сипаттағы төтенше жағдай

В) гидрогеологиялық сипаттағы төтенше жағдай

С) ТЖ пайда болуына әкеліп соғатын соққын зілзала

Д) биологиялық сипаттағы төтенше жағдай

Е) метереологиялық сипаттағы төтенше жағдай

 

11. Авария –

А) техногенді процестердің бұзылуы, меанизмдердің жабдықтар және ғимараттардың зақымдануы

В) табиғаттың тосын жағдайы

С) геофизикалық қауіпті құбылыстардан пайда болған авария;

Д) геологиялық қауіпті құбылыстар

Е) гидрологиялық қауіпті құбылыстар

 

12. Апаттың көлеміне қарай бөлінуі:

А) кіші, орташа, үлкен

В) ұзын, қысқа, орташа

С) кең, тар, ұзақ

Д) кіші, үлкен

Е) орташа, қысқа

 

13. Табиғи апаттар –

А) авиациялық, автомобильдік, әлеуметтік

В) метериологиялық, тектоникалық, теллурлық, топологиялық, космостық

С) тектоникалық, радиациялық, механикалық

Д) теллурлық, бактериологиялық, эпидемиялық

Е) топологиялық, спецификалық, бактериологиялық

 

14.Төтенше жағдай деп –

А) табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар және геологиялық қауіпті құбылыстар

В) жер сілкінісі, су тасқыны, сел, жарылыс, өрт т.б. қауіпті құбылыстардан пайда болатын авария

С) апат салдарынан механизмдердің және жабдықтардың бұзылуынан болатын авария

Д) адамдардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық объектілеріне нұқсан келтірген, сонымен қатар халықты шығындарға ұшыратып апат салдарынан болған жағдай

Е) гидрогеологиялық сипаттағы төтенше жағдай

 

15. Жасанды апаттар –

А) дауыл, циклон, тектоникалық

В) көліктік, өндірістік, спецификалық, әлеуметтік

С) жер сілкінісі, өрт, қар көшкіні

Д) топологиялық, теллурлық, космостық

Е) механикалық, бактериологиялық

 

16. Пайда болу саласы бойынша төтенше жағдай –

А) табиғи, техногенді, жанжалды

В) аймақтық, ведомстволық, әлеуметтік

С) спецификалық, өндірістік, көліктік

Д) коммуналдық, гидродинамикалық

Е) транспорттық, гидрологиялық

 

17. Техногенді сипаттағы төтенше жағдай:

А) өндірістік, транспорттық авариялар, өрттер, электр-энергетикалық жүйелердегі авариялар

В) геофизикалық, геологиялық, метериологиялық

С) гидрологиялық, табиғи өрттер, транспорттық авариялар

Д) ауруларға шалдығуы

Е) ауылшаруашылық өсімдіктерін ауруға өсімдіктердің ауруға және зиянкестерге шалдығуы

 

18. Табиғаттағы тосын жағдай –

А) бұл адамның қоршаған ортамен қарым-қатынасы нәтижесінде және оның денсаулығы мен өміріне қауіп төнгенде болуы мүмкін жағдай

В) бұл қоршаған ортамен қарым-қатынас нәтижесінде пайда болатын жағдай

С) бұл адам денсаулығына және өміріне қауіп төнгенде болатын жағдай

Д) табиғатқа әсер ететін және зиян келтіретін жағдай

Е) жер сілкінісі әсерінен пйа болатын жағдай

 

19. Тәуекелдік факторлар –

А) табиғатқа әсер етуші факторлар

В) антропогендік факторлар

С) абиотикалық факторлар

Д) бұл авариялық жағдайда адам өміріне қауіп төндіретін фактор

Е) антропогендік және абиотикалық фактор

 

20. Аштық дегеніміз не?

А) витамин және белоктардың жетіспеуі

В) азық-түлік қоры мүлдем жоқ, бірақ су бар

С) азық-түлік қоры болмаған жеткіліксіз болған жағдайдағы организмнің күйі

Д) азық-түлік те, су да жоқ

Е) судың жоқ болуы

 

21. Қорқыныш дегеніміз не?

А) жер сілкінісі, дауыл, құйын болғанда адамның қорқыныш сезімі;

В) жарылыс кезінде пайда болатын қорқыныш сезімі;

С) төтенше жағдай кезінде пайда болатын үрей;

Д) өрт кезінде пайда болатын адамның бойындағы үрей;

Е) өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін кез-келген шынайы немесе елестік жағдайға адамның табиғи жауабы.

 

22.Тірі қалу факторлары деп –

А) апатпен бетпе-бет келген адамның моральдық жағдайы

В) бұл төтенше жағдайға іс-әрекетке әзір болу, өмірге құштарлық, өзін-өзі құтқару негіздерін білу

С) тірі қалу үшін жақын елді мекенге баруды ойластыру

Д) авариялық жағдайда моральдық әзірлікте болу

Е) авариялық жағдайда әр түрлі жұмыстар ұйымдастыру

 

23. Химиялық зақымдану –

А) қатты әсер ететін улы заттардың зақымдағыш әсері таралатын шектегі алаң

В) жарылыс болған жер

С) ядролық жарылыс болған жерден тыс аймақ

Д) қатты әсер ететін улы заттардың төгілген жері

Е) жарылыстың қайталама факторлары

 

24. Электромагниттік импульс:

А) элементті бөлшектер ағынына және электрон магнитті сәулелену кванттарынан тұратын сәулелену

В) ядролық жарылыс кезінде пайда болатын сәуле энергиясының ағыны

С) ядролық жарылыстың зақымдаушы факторы гамма сәулелердің қоршаған орта атомдарына тигізген әсерінің нәтижесінде пайда болған электрі және магнитті сәулелер

Д) ядролық жарылыс бұлттарына радиоактивті заттардың түсу ағымы

Е) ядролық жарылыс кезінде шығатын гамма сәулелер ағыны

 

 

25. Соққы толқыны:

А) жарылыс кіндігінен барлық жаққа дыбыс жылдамдығымен қозғалатын, қатты сығылған ауаның жиналған жері

В) Ядролық қарудың жарылысының әсерінен пайда болатын толқын

С) гамма-сәуленің және нейтрондардың ағымы

Д) жарылыстан кейін электрлік және магниттік алаңның пайда болуы

Е) жарылыс кезінде радиоактивті заттардың жерге түсуі

 

26. Жердің радиоактивті ластануы –

А) ядролық жарылыс бұлттарынан радиоактивті заттардың түсуі нәтижесінде болады

В) химиялық заттардың төгілуі нәтижесінде болатын жағдай

С) ядролық жарылыстың зақымдаушы факторы

Д) соққы толқынының негізгі зақымдағыш әсер факторы

Е) организмге берілген энергия мөлшері

 

27. Өткіш радиация деп –

А) ядролық жарылыс кезінде шығатын гамма сәулелер мен нейтондар ағыны

В) ядролық жарылыс бұлттарынан радиоактивті заттардың түсу ағыны

С) ядролық жарылыс кезінде пайда болатын сәуле нергиясының ағыны

Д) ядролық жарылыстың зақымдаушы факторы

Е) иондардың түзілуінің нәтижесінде пайда болатын электрлі және магнитті сәулелер

 

28. Радиациялық авария деп –

А) ядролық жарылыстан пайда болатын авария

В) радиоактивті заттардың жарылысы кезінде болатын авария

С) радиоактивті заттардың ядролық энергетикалық реактордан тысқары шығу нәтижесінде адамдардың өміріне төндіретін көтеріңкі радиациялық қауіп

Д) ядролық жарылыс кезінде шығатын нейтрондар ағыны

Е) радиоактивті заттардың ядролық энергетикалық реактордан тысқары шығу нәтижесінде адамдардың өміріне төндіретін көтеріңкі радиациялық қауіп

 

29. 1-дәрежелі сәуле ауруының адамға әсері (жеңіл)

А) 120-250 рад

В) 250-300 рад

С) 100-200 рад

Д) 150-200 рад

Е) 300-350 рад

 

30. 4-дәрежелі сәуле ауруының адамға әсері (өте ауыр)

А) 400 радтан жоғары

В) 600 радтан жоғары

С) 800 радтан жоғары

Д) 450-500 радтан жоғары

Е) 900 радтан жоғары

 

31. Жеке химиядан қорғайтын пакет:

А) ИПП-8,10

В) АИ-2

С) ИПП-2

Д) АИ-4, ИПП-7

Е) ИП-2

 

32. Тұншықтырғыш әсері басым заттарға қандай улы қосылыстар жатады?

А) Хлор, фосген, хлорпикрин

В) аммиак, хлор

С) фосфорорганикалық қосылыстар

Д) тераэтилтотығы, күкірт

Е) көміртегі, тетраэтил

 

33. Нейтроптар уларға, яғни жүйке жүйесінің күйін бұзатын заттар:

А) тетраэтилқорғасын, күкіртті көміртегі, фосфорорганикалық қосылыстар

В) қорғасын, күкірт, көміртегі

С) аммиак, күкірт, көміртегі

Д) күкіртті аммиак, диэтилен, күкірт

Е) органикалық және биохимиялық қосылыстар

 

34. Метаболдық уларға яғни организмнің нәзік процестеріне араласатын улы қосылыстар –

А) этилен тотығы, дихлорэтан және т.б.

В) аммиак, хлор және т.б.

С) көміртотығы, аммиак және т.б.

Д) күкірт, көміртегі және т.б.

Е) мыс, қорғасын

 

35. Заттардың алмасуын бұзатын заттар:

А) диоксин, полихлорланған бензофуран

В) тетраэтилқорғасын, күкіртті көміртегі, фосфорорганикалық қосылыстар

С) этилен тотығы, дихлорэтан және т.б.

Д) органикалық және биохимиялық қосылыстар

Е) күкіртті аммиак, диэтилен, күкірт

 

36. Аммиактың буымен уланған адамға алғашқы медициналық көмек көрсету:

А) көзді алюминий-калийдің 0,5% ерітіндісімен немесе бор қышқылының 2% ерітіндісімен жақсылап шаю

В) ыстық сүт, шай ішкізу

С) суық сумен көзін, мұрынын, аузын шаю

Д) 5%-дың тамақ содасы ерітіндісімен шайылған мақта-мата таңғышын кигізу

Е) сабын ерітіндісімен жақсылап жуу

 

37. Хлормен зақымданған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету:

А) таза ауаға шығару, мүсәтір спиртін иіскету және 2% тамақ содасы ерітіндісімен шайылған мақта-мата таңғышын кигізу

В) жылы сумен көзін, мұрнын, аузын жуу, газқағар кигізу

С) жылы сүт, тәтті шай ішкізу

Д) сабын ерітіндісімен жақсылап жуу

Е) 5%-дық бор қышқылының ерітіндісімен шайылған мақта-мата таңғышын кигізу

 

38. Жеке дәрі-дәрмек қобдишасы:

А) АИ-2

В) АИ-4

С) ИПП-2

Д) ИПП-5

Е) ИПП-10

 

39. Жүйкені жансыздандыратын улы заттар:

А) улылығы жоғары фосфор органикалық заттар (зарин, заман, Ү-газдар)

В) улылығы басым органикалық қосылыстар

С) аммиак, фосген

Д) фосген, хлорпикрин

Е) хлорпикрин, көгілдір қышқыл

 

40. Психохимиялық әсер ететін улы заттарға –

А) ВZ-және лизергин қышқылы диэтиламин

В) зарин, заман, Ү-газдар, көгілдір қышқылы жатады

С) тетраэтилқорғасын, күкіртті көміртегі, фосфорорганикалық қосылыстар

Д) иприт, фосген

Е) этилен, тотығы, дихлорэтан және т.б.

 

41. Улылық әсерін анықтау уақытына байланысты жылдам әсер ететін улы заттарға –

А) зарин, заман, Ү-газдар, көгілдір қышқылы жатады

В) этилен, тотығы, дихлорэтан және т.б.

С) аммиак, хлор және т.б.

Д) күкірт, көміртегі және т.б.

Е) көміртотығы, аммиак және т.б.

 

42. Улылық әсерін анықтау уақытына байланысты баяу әсер ететін улы заттарға:

А) иприт, фосген

В) тетраэтил, фосфороганикалық қосылыстар

С) хлорпикрин, адамсит

Д) хлорацетофенон және фосфорорганикалық қосылыстар;

Е) СS заттары

 

43. Көздің жасын ағызатын және тітіркендіретін заттар:

А) иприт, фосген

В) СS заттары

С) хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит, СS заттары

Д) тетраэтил, фосфорорганикалық қосылыстар

Е) хлорпикрин, адамсит

 

44. Төзімді емес улы заттар:

А) көгілдір қышқылы, фосген

В) хлорпикрин, күкірт

С) хлор, аммиак

Д) фосфорорганикалық қосылыстар

Е) тетраэтилпикрин, хлор

 

45. Теріні құрыстыратын улы заттар:

А) иприт, люизит

В) иприт, заман

С) иприт, заман, Ү-заттар

Д) көміртегі тотығы, цианды сутегі т.б.

Е) хлорпикрин

 

46. Төзімді улы заттар:

А) иприт, заман, Ү-заттар

В) көміртегі тотығы, цианды сутегі т.б.

С) хлорпикрин, аммиак

Д) тетраэтилтотығы, сутегі

Е) аммиак, көміртегі

 

47. Жалпы улылық әсері басым заттарға:

А) көміртегі тотығы, цианды сутегі т.б.

В) аммиак, көміртегі

С) хлор, күкірт

Д) хлорпикрин, аммиак

Е) тетраэтилтотығы

 

48. Радиациялық барлауға қандай өлшемді приборлар жатады:

А) ДП-63А, ДП-70

В) ДП-5А(Б), ДП-5В

С) ППХР, ВПХР

Д) ДКП-50В

Е) И-1

 

49. Дозиметрлік бақылау құралдары:

А) ДП-5А, ДП-5Б

В) ПХР-46, ППХР

С) ВПХР, ППХР;

Д) ДП-22В, ДП-23А, ДП-24

Е) ДП-60, ДП-76А

 

50. Қандай өлшеу құралдары химиялық барлау құралдарына жатады:

А) ДКП-50А, ДП-22В

В) ДП-64, ДП-5А

С) ДКП-50А, ДП-5А

Д) ДП-22В, ДП-23А

Е) ППХР, ВПХР

 

51. Көшіру комиссияларының негізгі міндеттері:

А) халықты қауіпсіз аймаққа жөнелтуді ұйымдастыру

В) санитарлық-эпидемиялық, радиациялық және химиялық ахуалды бағалау

С) халықты қарсы алу, тіршілік көзімен қамсыздандыру

Д) Халықты қарсы алу, есепке алу, орналастыруды және қажетті заттармен қамтамасыз етуді ұйымдастыруға бақылау жасау

Е) халықты қарсы алу, аралық көшіру пункттеріне хабарлау, адамдарды жөнелтуді ұйымдастыру

 

52. Тыныс алу органдарын қорғау құралдары:

А) ДП-22В, ДП-23А, ДП-24 қорғау приборлары

В) газқағарлар, распираторлар, мата таңғыштары, шаңнан қорғайтын масқалар

С) ППХР, ВПХР қорғайтын құралдар

Д) ДКП-50В;

Е) ИПП-8,10, АИ-2

 

53. Жеке қорғаныс құралдары деп –

А) тыныс алу органдарын, көзді және тері жамылғыларын улы заттардың буынан және радиоактивті микробтардың түсуінен қорғайды;

В) ГП-5, (ГП-5М) ГП-7 (ГП-7В)

С) ГП-5М, ДП-5М, ПДФ

Д) ПП-5М, ДП-6М

Е) микробтардан қорғайтын мақта-мата маскалары

 

54. Халықты қорғау үшін қандай газқағарлар қолданылады:

А) ГП-5 (ГП-5М) және ГП-7(ГП-7В, ГП-7ВМ)

В) ГП-5М, ДП-5М, ПДФ7

С) ПДФ-7, ДП-6М

Д) ПДФ-Д, ПДФ-Ш

Е) ГП-7К және ПДФ-2Д

 

55. Оқшаулағыш газқағарлар:

А) ГП-5 (ГП-5М) және ГП7(ГП-7В, ГП-7ВМ)

В) ИП-46, ИП-4М, ИП-4МК, ИП-5

С) ГП-5М, ДП-5М, ПДФ-7

Д) ПДФ-Д, ПДФ-Ш

Е) ГП-7К және ПДФ-2Д

 

56. Өнеркәсіптік газқағарлар:

А) ПФМ-1, ППФ-95М, ПФМ-3П,ППФМ-92, ППФ-95, ППФ-87

В) ИП-46, ИП-4М, ИП-4МК, ИП-5

С) ГП-5 (ГП-5М) және ГП-7 (ГП-7В, ГП-7ВМ)

Д) ПДФ-7, ДП-6М

Е) ПДФ-Д, ПДФ-Ш

 

57. Су мен жемді залалсыздандырудың негізгі әдістері:

А) дезактивация, дегазация, дезинфекция

В) дератизация, дегазация

С) дезинсекция, дезинфекция

Д) дезинфекция, дератизация

Е) дұрыс жауап жоқ

 

58. Зақымдалған объектіден радиоактивті заттарды жою:

А) дезактивация

В) дегазация

С) дезинфекция

Д) дератизация

Е) дезинсекция

 

59. Қатты әсер ететін улы заттарды жою бейтараптандыру немесе толық жою:

А) дегазация

В) дезинсекция

С) дезактивация

Д) дезинфекция

Е) дератизация

 

60. Сыртқы ортада жұқпалы аурулар қоздырғыштарын жою:

А) дегазация

В) дезинфекция

С) дезактивация;

Д) улы заттарды бейтараптандыру

Е) улы заттарды жою

 

61. Ауру тудыратын микроорганизмдерге қарсы күрес?

А) дезактивация

В) дезинсекция

С) дегазация

Д) дезинфекция

Е) дератизация

 

62. Ауыл шаруашылығы аймағына аса қауіпті ядролық жарылыстың ағымдағы факторы?

А) өткіш радиация

В) соққы толқыны

С) жарық сәулесі

Д) радиоактивтік зақым

Е) электромагниттік импульс

 

63. Бірнеше елдерді немесе материктерді қамтитын эпидемия?

А) эпизоотия

В) пандемия

С) эпифитотия

Д) аднропозооназдар

Е) зооантропозооназдар

 

64. Сәуле шығару дозасы қанша болғанда адамдарда 1-(жеңіл) дәрежелі сәуле ауруын тудырады?

А) 100-200 Р

В) 200-400 Р

С) 50-100 Р

Д) 400-600 Р

Е) 600-1000 Р

 

65. ДП-5 радиометр-рентгенометрінің өлшеу диапозоны?

А) 0,05-50 р/сағ

В) 2,2-50 Р

С) 20-500 Р

Д) 0,1-500 р/сағ

Е) 0,05 мр/сағ.-200 р/сағ

 

66. Зақымданған орындарды радиоактивті заттардан жою?

А) обсервация

В) дегазация

С) дезактивация

Д) дезинфекция

Е) дератизация

 

67. Су қоймаларына өзенде су деңгейінің көтерілуіне, тағы басқа себептерге байланысты көп жерді су кетуі қалай аталады?

А) қар көшкіні

В) селдер

С) боран

Д) жер сілкінісі

Е) су тасқыны

 

68. Ядролық жарылыс аймағынан шығатын ультро-күлгін, инфро-қызыл және көрінетін сәулелердің ағыны?

А) өткіш радиация

В) соққы толқыны

С) жарық сәулесі

Д) радиоактивті зақым

Е) электромагниттік импульс (ЭМИ)

 

69. Иприт және люизит улағыш заттардың қай тобына жатады?

А) теріні күлдіретіп әсер ететін УЗ

В) тұншықтырып әсер ететін УЗ

С) теріні күйдіріп әсер ететін УЗ

Д) жалпы уландырып әсер етуш УЗ

Е) қоздырғыш УЗ

 

70. Жануарлардың қауіпті ауруының аса көп таралуы?

А) андропозооноздар

В) пандемия

С) эпидемия

Д) эпифитопия

Е) эпизоотия

 

71. Радиоактивті заттардан залалсыздандыру тәсілі?

А) дезактивация

В) дезинфекция

С) дезинсекция

Д) дегазация

Е) дератизация

 

72. Жарық сәулесінен, сұйық – тамшы түріндегі биологиялық заттардан, радиоактивті шаңнан улағыш заттардан және ионизациялық сәуленің шарпуынан сенімді қорғайтын, бұл?

А) жергілікті жер бедері (рельеф)

В) радиациядан қорғайтын паналау орны

С) ашық паналар

Д) жеке қорғау құралдары

Е) жыралар

 

73. Су деңгейінің күрт көтерілуі мен қатты материалдар (құлаған тау жыныстары) көбейген кезде тау өзендерінің арналарында кенеттен пайда болатын күшті тасқын?

А) жер сілкінісі

В) селдер

С) қар көшкіні

Д) шөккіндер

Е) су тасқыны

 

74. Ядролық жарылысы кезінде әуе соққы толқынына жарылыс энергиясының неше проценті жұмсалады?

А) 30 %

В) 20 %

С) 50 %

Д) 70 %

Е) 15 %

 

75. Өте күшті әсер ететін улағыш заттар?

А) дефолианттар, десиканттар

В) фосген, дифосген

С) саңырауқұлақтар, риккетсиялар

Д) хлор, аммиак

Е) гербициттер, арборицидтер

 

76. Жұқпалы ауру байқалған орындарды толық оқшаулап, олардағы ауруды мүлдем жоюға бағытталған эпидемияға қарсы белгілі бір режим орнату шараларының жүйесі?

А) эпидемия

В) пандемия

С) карантин

Д) обсервация

Е) эпизоотия

 

77. Теріні қорғау құралдары?

А) балаларға арналған қорғағыш камера (КЗД 4)

В) сүзгіш газқағарлар, распираторлар

С) распираторлар, жеке химиялық пакет (ИПП-8)

Д) жалпы әскери қорғағыш киімдер, жеңіл қорғағыш костюм Л-1

Е) сүзгіш газқағарлар АИ-1

 

78. Бір сары сақинасы бар индикатор түтікті ашып, насосқа енгізіп, 60 рет ауа айдайды, түтікті насостан шығарып 1 мин.ұстап тұрады да, түтіктегі толтырғыштың түсін кассетаның эталонымен салыстырады. Аталған түтік қандай УЗ-ды анықтау үшін арналған?

А) теріні күлдіретіп әсер ететін УЗ

В) нерв жүйесін зақымдап әсер ететін УЗ

С) тұншықтырғыш УЗ

Д) жалпы уландырып әсер ететін УЗ

Е) тыныс алу жолдарын тітіркендіретін

 

79. Қан тамырлардың зақымдану сипатына қарай қан кетудің қауіптісі?

А) капиллярлық

В) веналық

С) артериялық

Д) паренхиматоздық

Е) құлақтан қан кету

 

80. Жарылу арқылы әсер ететін ядролық ыдырау кезінде бөлінетін энергияны пайдалануға негізделген қару?

А) биологиялық

В) ядролық

С) химиялық

Д) әдеттегідей

Е) қатты әсер етуші УЗ

 

81. Өсімдіктердің өсуіне зиян келтіретін және оларды құртатын (жоятын) УЗ?

А) гербицидтер

В) дефолинттар

С) десиканттар

Д) саңырауқұлақтар

Е) риккетсин

 

82. Бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар, риккетсиялар қандай қарудың негізін құрайды?

А) химиялық

В) биологиялық

С) ядролық

Д) қатты әсер ететін УЗ

Е) фитоксиканттар

 

83. Тыныс органдарын қорғауға арналған негізгі құрал?

А) респираторлар

В) АИ-2

С) комбинезон

Д) Л-1

Е) фильтрлі газқағар

 

84. Ауру тудыратын қоздырғыштарға қарсы күрес?

А) дезактивация

В) дегазация

С) дератизация

Д) обсервация

Е) дезинфекция

 

85. Қорғау ғимаратының салыну орнына байланысты классификациясы:

А) паналау ғимараттары, радиациядан қорғайтын паналау орындары

В) тез тұрғызылатын паналау ғимараттары

С) жапсарласа салынған және жеке тұрғызылған ғимараттар

Д) жай пайдалану орындары

Е) подвалдар, погребтер

 

86. Адамдардың, жануарлардың, транспорттық, мүліктің, азық-түліктің, судың және басқа да заттардың радиоактивті залалдану дәрежесін гамма сәулесі бойынша анықтауға және өлшеуге арналған прибор (құрал):

А) газ зарядын есептегіш

В) әскери химиялық барлау приборы

С) ДП-5Н радиометр-тентгенометрі

Д) жеке адамдар пайдаланатын ДП-22-В дозиметрлерінің жиынтығы

Е) дозиметр ДКП-50 А

 

87. Қорғау ғимараттарының салыну орнына байланысты классификациясы:

А) паналау ғимараттары, радиациядан қорғайтын паналау орындары

В) тез тұрғызылатын паналау ғимараттары

С) жапсарласа салынған және жеке тұрғызылған ғимараттар

Д) жай паналау орындары

Е) подвалдар, погребтер

 

88. Жарылу арқылы әсер ететін және ядролық ыдырау кезінде бөлінетін энергияны пайдалануға негізделген қару?

А) биологиялық

В) ядролық

С) химиялық

Д) әдеттегідей

Е) қатты әсер етуші УЗ

 

89. Радиоактивті бұлт ішінен жер бетіне радиоактивті заттардың түсуі?

А) әуе соққы толқыны

В) жарық сәулесі

С) электромагниттік импульс

Д) радиоактивті зақым

Е) өткіш радиация

 

90. Мүмкін болатын соғыс жайында адамның бір рет алуына болатын радиация дозасы:

А) 50 Р

В) 100 Р

С) 20 Р

Д) 150 Р

Е) 200 Р

 

91. Радиоактивті заттармен залалданған территорияда жұмыс істеген адамдардың сырттай сәулеге ұшырау дәржесін өлшейтін прибор /құрал/?

А) әскери химиялық барлау приборы /ВПХР/

В) ДП-5В радиометрорентгенметрі

С) жеке адамдар пайдаланатын ДП-22 В дозиметрлерінің жиынтығы

Д) ДП-62 радиоактивтік индикатор

 

92. Ядролық қару жарылған кезде бөлініп шығатын гамма сәулелер мен нейтрондар ағыны?

А) электромагниттік импульс

В) жарық сәулесі

С) радиоактивті зақым

Д) өткіш радиация

Е) соққы толқыны

 

93. Биологиялық зақым ошағында жүргізілетін қатал медициналық және ветеринарлық бақылау?

А) карантин

В) обсервация

С) изоляция

Д) эпидемия

Е) эпизоотия

 

94. Иондаушы сәулелердің әсерінен пайда болатын заттар атомдарының иондауын пайдалануға негізделген әдіс?

А) фотографиялық

В) химиялық

С) физикалық

Д) сцинтилляциялық

Е) ионизациялық

 

95. 5-сәулесінің топырақты жартылай әлсірету қалыңдығы?

А) 5 м

В) 13 мм

С) 14 см

Д) 4,8 м

Е) 5,2 мм

 

96. Жас ағызып, тітіркендіре әсер ететін УЗ:

А) фосген, дифосген

В) хлорпикрин, хлорацетофенон

С) иприт, люизит

Д) зарин, зоман, У-газы

Е) В (Би-зет), ДЛК

 

97. Теріні іріңдетіп әсер ететін УЗ?

А) зарин, зоман

В) көгерткіш қышқыл, хлорциан

С) фосфоген, дифосген

Д) иприт, люизит

Е) адамсит, хлорпикрин

 

98. Ауада, жер бетінде, техникада және заттарда УЗ-дың бар-жоғын анықтайтын прибор?

А) газ зарядын есептегіш

В) әскери химиялық барлау приборы

С) ДП-5В радиометр-рентгенометрі

Д) жеке адамдар пайдаланатын ДП-22В дозиметрлерінің жиынтығы

Г) ДП-24

 

99. У-сәулесі бойынша бетонның жартылай әлсірету қалыңдығы:

А) 50 см

В) 0,7 см

С) 10 см

Д) 1,5 м

Е) 5,3 мм

 

100. ДП-5В радиометр-рентгенометрінің жұмысқа жарамдылығын тексеретін құрал:

А) дозиметр

В) бақылау препараты

С) ұзартқыш штанга

Д) телефондар

Е) индикатор

 

101. Тыныс органдарын радиоактивті зақымнан қорғайтын құралдар:

А) Мата-дәке таңғыштар, респираторлар

В) жеке-аптечка, фильтрлі противогаздар

С) химиялық заттарға қарсы пакет

Д) балаларға арналған қорғаныс камерасы (КЗД-4)

Е) Л-1 қорғаныс костюмі, изоляциялық противогаз

 

102. 50 кПА және одан жоғары толық қырау зонасы:

30-50 кПА күшті қирау зонасы;

20-30 кПА орташа қирау зонасы;

10-20 кПА жеңіл бүліну (қирау) зонасы;

А) жердің радиоактивті зақымдау зонасы

В) ядролық зақым ошағының зонасы

С) химиялық зақымдану ошағының зонасы

Д) биологиялық зақымдану ошағының зонасы

Е) бактеориологиялық зақымдану ошағының зонасы

 

103. Соңғы толқынын шеңберіндегі артық қысым қанша болғанда адамдар мен жануарлар орташа зақымданады:

А) 40-60 кПа

В) 10-40 кПа

С) 100-200 кПа

Д) 200-300 кПа

Е) 150-200 кПа

 

104. Адамдардың соғыс жағдайында бір рет алуына болатын сәуле шарпу дозасы:

А) 10 Р

В) 200 Р

С) 50 Р

Д) 600 Р

Е) 400 Р

 

105. Үш жасыл сақинасы индикатор түтіктері қанша УЗ-ды анықтауға арналған:

А) нерв жүйесі зақымдайтын УЗ

В) жалпы улап әсер ететін УЗ

С) көздің жасын шығарып әсер ететін УЗ

Д) тітіркендіргіш (қоздырғыш) УЗ

Е) теріні күйдіретін әсер етуші УЗ

 

106. Радиация деңгейін өлшеу бірлігі (гамма сәулелері дозасының қуаттылығы):

А) Ки/км2

В) Р/сағ

С) кл/кг

Д) кПа

Е) Зв (зиверт)

 

107. А-зонасы – баяу зақымдану зонасы

Б-зонасы – күшті зақымдану зонасы;

В-зонасы – қауіпті зақымдану зонасы;

Г-зонасы – аса қауіпті зақымдану зонасы.

А) ядролы-зақым ошағы

В) химиялық-зақым ошағы

С) билогиялық зақым ошағы

Д) радиоактивтік зақым ошағы

Е) бактериологиялық зақым ошағы

 

108. Адамдар мен жануарларда кездесетін ортақ аурудың аты:

А) эпидемия

В) эпизоотия

С) эпифитотия

Д) пандемия

Е) карантин

 

109. Жалпы улап әсер ететін УЗ:

А) зарин, зоман

В) синия қышқылы, хлорцин

С) фосген, дифосген

Д) иприт, люизит

Г) адамсит, хлорпикрин

 

110. Бір қызыл сақиналы және қызыл нүктелі индикатор түтігі қандай УЗ анықтауға арналған?

А) нерв жүйесін зақымдайтын УЗ-ды

В) көздің жасын шығарып әсер ететін УЗ-ды

С) қатты әсер ететін УЗ-ды

Д) тітіркендіргіш (қондырғыш) УЗ-ды

Е) құрастырылған УЗ-ды

 

111. Химиялық заттармен зақымдалғанда тыныс органдарын қорғайтын құрал:

А) мақта-дәке шаңғышы, РПКО

В) респираторлар, шаң-тозанға қарсы, мата маскасы

С) жеңіл-орағыш костюм (Л-1)

Д) айырушы противогаз, фильтрлі противогаз

Е) химиялық заттарға қарсы пакет (ИПП-8) химиялық заттарға қарсы сумка

 

112. Гамма сәулесі бойынша судың жартылай әлсірету қалыңдығы:

А) 50 см

В) 3 мм

С) 93 см

Д) 23 см

Е) 2,5 м

 

113. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы халықаралық ынтымақтастық туралы қай тарауда жазылған?

А) 19-тарау

В) 14-тарау

С) 11-тарау

Д) 3-тарау

Е) 1-тарау

 

114. Ерекше қорғалатын табиғи аймақ:

А) мемлекеттік ұлттық табиғи парк

В) мемлекеттік қорықтық аймақ

С) мемлекеттік табиғат ескерткіші

Д) мемлекеттік табиғи орман

Е) мемлекеттік экологиялық аймақ

 

115. Орман аң, балық аулау шаруашығы комитеті қай құрамға кіреді?

А) қоршаған ортаны қорғау комитеті

В) ауыл шаруашылығы министрлігі

С) денсаулық сақтау агентствосы

Д) жер ресурстарын басқару агентствосы

Е) барлық жауабы дұрыс

 

116. Аң аулау құқығын куәландыратын құжат:

А) аң аулау билеті

В) аң аулау ордері

С) аң аулау талоны

Д) аң аулау паспорты

Е) барлығы жауабы дұрыс

 

117. Техногендік төтенше жағдай нешеге бөлінеді?

А) 5

В) 9

С) 7

Д) 2

Е) 3

 

118. Метеорологиялық табиғи құбылыстарға жатады.

А) дауыл, құйын, құрғақшылық т.б.

В) көшкіндер, сел, сырғыма, т.б.

С) табиғи өрттер

Д) бәрі дұрыс

Е) дұрыс жауабы жоқ

 

119. Төтенше жағдай дегеніміз не?

А) табиғат немесе өндіріс апаттарының зардаптарын жоюға мүмкіндік беретін материалдық, техникалық адам күшін талап ететін жағдай

В) геофизикалық қауіпті жағдай

С) күнделікті болып тұратын құбылыс

Д) жауаптардың ешқайсысы дұрыс емес

Е) жауаптардың барлығы дұрыс

 

120. Табиғи төтенше жағдайға жатады:

А) жер сілкіну, құйын, жер бетін су басу және т.б.

В) қалалық төтенше жағдай

С) үйдің өртенуі, көлік қақтығысы

Д) дұрыс жауабы жоқ

Е) барлығы дұрыс

 

121. Ландшафтарда жақсарту үшін жүргізілетін шара:

А) инсоляция

В) дендрология

С) дефляция

Д) мелиорация

Е) дұрыс жауабы жоқ

 

122. Табиғаттағы апатты құбылыстарды шығу тегіне қарай қалай бөлуге болады?

А) гумидті және неогенді

В) плиталы және тектоникалық

С) эндогенді және экзогенді

Д) регрессиялы және карбонатты

Е) дұрыс жауабы жоқ

 

123. Қазақстанда сейсмикалық ауданға қай аймақ жатады?

А) солтүстік

В) оңтүстік

С) шығыс

Д) батыс

Е) оңтүстік-шығыс

 

124. Алматыда апатты жер сілкіну қай жылы болды?

А) 1961-1963 ж

В) 1895-1899 ж

С) 1889-1911 ж

Д) 1899-1990 ж

Е) 1889-1989 ж

 

125. Экзогенді апаттарға көбінесе не себеп болды?

А) адам әрекеті

В) күн

С) ауа райы

Д) табиғат

Е) барлық жауабы дұрыс

 

126. Сел тасқыны қай аймақта болады?

А) солтүстік және солтүстік-батыс

В) оңтүстік және оңт&#

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.