Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Радиоактивтік индикаторлар, рентгонометрлер, радиометр 23 страница



Адам Иприттің буымен демалғанда бірнеше сағаттың ішінде-ақ ауыра бастайды да, тез арада өкпесі қабынып, ісініп, тынысы тарылып, адам тұншығып өледі.

Қорғаныс құралдары: противогаз, тері қорғау құрал-жабдықтары және арнайы баспаналар.

Синиль қышқылы.Бұл тез буланып кететін түссіз зат. Ашық жерде тез буға айналып ұшып кетеді. Қату температурасы – 140С, адам синиль қышқылы тараған ауаны жұтқаннан уланады.

Қорғаныс жолы: противогаз, арнайы баспаналар пайдалану.

Синиль қышқылы химиялық құралдар арқылы анықталады.

Тұншықтырғыш улы зат (газ) – фосген.

Бұл түссіз газ түрінде болады, ауадан 3,5 есе ауыр. Шіріген шөптің иісі шығады. Буланған кезде адамды уландырады. Тегіс жерде 30-50 мин, ал ойлы жерлерде 3 сағатқа сақталады. Адамды тыныс алу органдары арқылы зақымдайды. Мұнымен уланған адамға қолдан тыныс алдыруға болмайды. Бұл газдан қорғану жолы противогазбен баспананы пайдалану.

 

4. Әсері күшті улы заттар (ӘКУЗ).

ӘКУЗ – шаруашылық мақсатта қолданылатын зат, оларды қалай болса сақтау немесе төгілуі адамдардың жаппай улануына алып келуі мүмкін.

ӘКУЗ – жабық ыдыста қысыммен сақталады, ыдыс қирағаннан кейін қысым атмосфера қысымына дейін төмендейді.

ӘКУЗ – қайнайды (қайнау температурасы + 200С) және атмосфераға газ немесе бу түрінде бөлінеді. Олар үлкен қашықтыққа таралады. Сондықтан химиялық қауіпті объектіге жақын тұратын халық онда қандай ӘКУЗ – дың пайдаланылатындығын білуге тиіс. Химиялық зақымдау ошағының көлемі, оның адам терісіне тамшы сұйық түсуі және бумен демалу нәтижесінде болуы мүмкін.

Химиялық қауіпті объектідегі апат туралы дабыл жарияланғанда немесе қоршаған ортада улы заттар қауіп туғызғанда төмендегі іс-қимылды істеу қажет:

- улы заттардың тарағандығы жөнінде хабар келген соң тез арада противогаз және сол сияқты жеке қорғану құралдарын пайдалану керек;

- жақын жердегі панаханаға немесе арнайы жасырынатын орынға, ал олар жоқ болса, жақсы қымталған үй-жайға жасырынады;

Зақымдалған аумақпен жүрген кезде мына тәртіптерді мүлтіксіз сақтау қажет:

- жүгірмей және шаңдатпай тез жүгіру;

- төтенше жағдай ұйымдарының өкілінің бұйрығына дейін қорғаныс құралдарын шешпеу керек, жыраларды, шұңқырларды, батпақтарды, тонельдерді және улы зат жинақталып қалатын басқа да орындарды айналып өту;

- зардап шеккендерге, балаларға қажетті көмек көрсету.

ӘКУЗ төгілген кезде көрсетілетін немесе істелінетін іс-әркеттер

Хлор– төгілген кезде (ол ауадан ауыр) ең биік орындарды көтерілу қажет:

а) егер сіз төменгі қабаттағы пәтерде болсаңыз, жоғарғы қабатқа көтеріліңіз;

ә) егер сіз көшеде (далада) болсаңыз, биіктеу жерге шығыңыз.

Аммиактөгілген кезде (ол ауадан жеңіл) тез буланып жоғары көтеріледі, яғни төмен жерлерді таңдау қажет (жертөле).

Химиялық зақымдау туралы дабылды естіген бойда жеке қорғаныс құралын тез киіп, өзіңіз тұрған ғимаратты қымтаңыз:

- есік пен терезені жақсылап қымтаңыз;

- ондағы саңылауды шүберекпен, жапсырғышпен, пленкамен немесе ылғал қағазбен жабыңыз.

Егер дабыл сізді көшеде келе жатқан кезде берілсе, ықтимал зақымдану аумағыннан шығып, желге қарсы жүріңіз.

Тыныс органдарын қорғау үшін, тыныс органдарын аммиактан, метилхлоридтен және винилхлоридтен және басқа улы заттардан 30-100 минут бойы қорғайтын противогаз кию керек.

Аммиак сумен жақсы жайылады (суланған мақта-дәкі таңғышы көмектеседі).

Егер противогаз жоқ болса, тыныс органдарын қорғау үшін сумен немесе ауыз суының 2% (хлор төгілген кезде) және лимон (бор) қышқылының 5% (аммиак төгілген кезде) ерітіндісімен шайылған кез келген матаны пайдаланыңыз.

Тыныс органдарын хлордан қорғау үшін өзіңіздің немесе балаңыздың сұйық дәретімен шайылған мата таңғышын пайдаланыңыз.

Халықты ӘКУЗ-мен ықтимал зақымдану аумағынан көшуі негізінен улы бұлт жақындағанға дейін жүргізіледі.

Улы зат төгілген орынға аммиак суын, әк тұнбасын, кальциленген соданың ерітіндісін немесе 60-80% және одан артық концентрациядағы каустикті құяды (шамамен 2 л. ерітіндегі 1 кг хлор) суды немесе ерітіндіні ыдырату үшін су шашыратқыш өрт машиналарын, жылжымалы автожанармай станциаларын, сондай-ақ химиялық қауіпті объектідегі гидрант немесе арнайы жүйе қолданылады.

Аммиак көп төгілсе, жайлыған сұйықты топырақпен қоршайды, ал төгілген жерді әлсіз қышқыл ерітіндісін себеді, сумен шаяды.

Егер газ тәріздес аммиак төгілсе, онда су шашыратқыш, өрт машиналарының, жылжымалы автожанармай станциаларының сондай-ақ химиялық қауіпті объектідегі гидранттың көмегімен буды жұту үшін суды шашыратады.

Сақтанудың жолдарының бірі болып, мақта-мата таңғыштарын пайдалануға болады. Оларды дайындау жолдары үшін 50-100 см көлеміндегі дәке кесіндісінен жасайды. (Бастауыш сынып оқушыларына көлемі 80-40 см). Ортасы бойынша бір қалыпты қалыңдығы 20-30 см (15-20 см) 1-2 см мата қабатын жаяды. Дәке кесіндісінің бойымен екі жағынан да бүгіп, мақтаның үстіне қояды. Дәкенің ұшын екі байлау жұбы шығатындай етіп қияды.

Апаттың осы түрі болғанда адамдар қандай қимыл жасауы керек:

Химиялық қауіп немесе улы заттардың тарағаны туралы қалалық Азаматтық қорғаныс штабынан забар түседі. Хабарды естісімен, противогаз кию керек, ол болмаған жағдайда, жамылғы немесе басқа нәрселерді басқа жауып, тез арада жақын жердегі паналау орнына жетуге қам жасау керек. Егер үйде не жұмыста болсаңыз, сол жердің терезесін, есігін қолда бар нәрсемен тығындап, үйге улы зат немесе газ кірмейтіндей ету керек. Ескеретін жай улы газдар апаты болғанда үйдің төменгі және жерасты қабатын панамалауға тырысыңыз, себебі тараған улы заттар ауадан ауыр болса, төменге жиналады.

Төтенше жағдай соғыс қақтығысуларынан да болуы мүмкін.

Олардың әсерінен электр жүйелері, су, жылу құбырлары бұзылады. Өндіріс орындары жұмысын тоқтатады, адам шығыны болады, осыдан оларды құтқару қажеттігі келіп туады. Мұндай апаттың зардабын жою немесе бәсеңдету үшін Азаматтық қорғаныс күштерін іске қосуға тура келеді.

Төтенше жағдайдың зардабын жою мақсатында істелетін жұмыстар:

- Күнделікті жүріп жатқан жұмысты, оқуды, өндіріс заттарын өңдіруді халыққа түрлі қызмет (сауда, көлік жұмысы) көрсетуді тоқтатпау.

- Кенеттен болатын жұмыстардың сипатына, көлеміне қарай дереу шара қолданылуы керек.

- Байланыс жұмысын үзбеуге, тиісті мәліметті дер кезінде түсуін қамтамасыз еткен жөн.

- Апат болған ауданға барар жолдың ашылуына көңіл аудару қажет.

- Апаттың қоршаған ортаға тигізген зардабының сипатын және көлемін барлап, анықтау керек.

- Апат болған жағдайда адамдардың арасындағы қарым-қатынасы зерттеп, (қақтығысулар, үрейленушілік, ұрлық, тонау) қоғамдық тәртіпті сақтауға көңіл бөлі.

- Әр түрлі мекемелердің өзара қарым-қатынасын үзбеуін, байланыстарын ұйымдастыру.

- Жоғарыда айтылған жоспарларды қызметкерлерге алдын-ала ескертіп, таныстыру қажет.

Аммиакпен зақымдану ошағытұрақсыз, жылдам әсер етеді. Ошақтағы аммиактың агрегаттық күйі – газ, аэрозоль. Зақымдаушы мөлшері – 15 мг/мин/л, ең қауіпті мөлшері 100 мг/мин/л.

Аммиактүссіз газ, ауа ылғалдылығымен қосылған кезде мүсәтір спиртін құрайды, оттегімен қосылған кезде жарылады.

Тыныс алу органдарын қорғау үшін өндірістік газқағарлар пайдаланылады. Газқағар жоқ болса, 5% лимон қышқылы ерітіндісімен шайылған мақта-мата дәкісі пайдаланылады. Ошақтағы агрегаттың күйі – газ тәріздес. Негізінен тыныс жолдары арқылы зақымдайды.

Алғашқы медициналық көмекзақымдану ошағында өз-өзіне және өзара көмек тәртібімен жүргізіледі.

- көзді алюминий-калийдің 0,5% ертіндісімен немесе бор қышқылының 2% ертіндісімен жақсылап шаю;

- газқағар немесе 5% лимон қышқылы ерітіндісімен шайылған мақта-мата таңғышын кигізу;

- тамшы теріге тиген кезде оны сумен жақсылап шаю, ТЖ және АҚ органдары нұсқауы бойынша желге қарсы бағытта зақымдану ошағынан шығу;

Аммиак бумен зақымданушыны тыныштық күйде күту керек, көңіл-күйінің қандай екендігіне қарамастан жатқызып қойып алып кеткен жөн.

Азот қышқылымен және тотығымен зақымдану ошағыжартылай берік, баяу әсер етеді, агрегаттық күйі – сұйық тамшы, аэрозоль, бу тәріздес. Зақымдаушы мөлшері – 1,5мг/мин/л, ең қауіпті мөлшері 7-8 мг/мин/л.

Тыныс алу органдарын қорғау үшін сүзгілік, өндірістік газқағарлар пайдаланылады. Газқағар жоқ болса мақта-мата таңғышы, орамал пайдаланылады (ас содасының 2%-тік ерітіндісімен шайылған).

Алғашқы медициналық көмек:

- көз бен бетті сумен жақсылап шаю;

- газқағар немесе 2% тамақ содасы ерітіндісімен шайылған мақта-мата таңғышын кигізу;

- терінің ашық жерлерінен азорт қышқылының тамшыларын сумен 10-15 минут бойы жақсылап шаю;

- зақымданушыны тыныштық күйде күту керек, көңіл – күйінің қандай екендігіне қарамастан жатқызып қойып алып кеткен жөн.

Бензинмен зақымдану ошағытұрақсыз, жылдам әсер етеді. Зақымдаудың улылық дозасы – 198мг/мин/л.

Бензинбұл майлы (90-95%) және ароматты (5-10%) әртүрлі көміртегілердің қоспасы, ұшатын, жылдам тұтанатын сұйық.

Тыныс алу органдарын қорғау үшін сүзгілік, өндірістік газқағарлар пайдаланылады. Газқағар жоқ болса мақта-мата таңғыш, орамал пайдаланылады (ас содасының 2%-тік ерітіндісімен шайылған).

Алғашқы медициналық көмек:

- зақымданушыны таза ауаға шығарып жаға мен белбеуді босату;

- газқағар немесе 2% тамақ содасы ерітіндісімен шайылған мақта-мата таңғышын кигізу;

- теріде у тамшысы болса, оны сабын ертіндісімен шаю;

- есінен таңған жағдайда мүсәтір спиртін иіскету, тыныс алу тоқтаған кезде жасанда демалдыру;

- зақымданушыны зақымдану ауданынан алып кету.

Хлормен зақымдану ошағытұрақсыз, жылдам әсер етеді. Ошақтағы күйі газ тәріздес. Негізінен тыныс жолдары арқылы зақымдайды. Зақымдаушы мөлшері – 0,6 мг/мин/л, ең қауіпті мөлшері 6,0 мг/мин/л.

Хлор - өткір иісті газ, ауадан 2,5 есе ауыр.

Тыныс органдарын қорғау үшін сүзгіштік және өндірістік газқағарлар пайдаланылады. Газқағар жоқ болса мақта-мата таңғыш, орамал пайдаланылады (2% ерітіндісімен шайылған).

Алғашқы медициналық көмек:

- көзді сумен шаю;

- газқағар немесе 2% тамақ содасы ерітіндісімен шайылған мақта-мата таңғышын кигізу;

- терінің зақымданған жерлерін у тамшысы болса, сабын ерітіндісімен шаю;

- хлор буымен зақымданушыны зембілмен алып кетеді.

Көміртегі тотығымен зақымдану ошағы тұрақсыз жылдам әсер етеді. Агрегаттық күйі – газ. Зақымдаудың улылық дозасы – 33 мг/мин/л; қазаға ұшырататын дозасы 136,5 мг/мин/л.

Зақымдану тек ингаляция жолымен өтеді, тұйықталған, нашар желденетін жерде газ жиналған уақытта зақымдану өте қауіпті. Зақымдану белгілері: бас ауырады, құлақ шулайды, жүрек айныйды, құстырады, бұлшық ет әлсірейді, ес ауады, дене құрысады, кіші дәрет тоқтамайды, тыныс алу орталығының құрысуынан адам қаза болу мүмкін. Көміртегі тотығы алуын тоқтатады. Ошақтағы зақымданушылардың көпшілігі ауыр және орта дәрежедегі улануға ұшырайды.

Тыныс алу органдарын қорғау үшін топкалипті патроны тар газқағар, өнеркәсіптік сүзгілік немесе оқшаулағыш газқағар пайдаланылады.

Алғашқы медициналық көмек:

- газқағар кигізу;

- тыныс алу көп нашарлаған кезде оттегіні денеге еңгізу;

- зақымданушыны зақымдану ауданынан тезірек алып кету.

Бақылау сұрақтары:

1. Өте улы заттар таралатын апаттардың түрлері қандай?

2. Улы заттар жаппай қыру мақсатта қолданғанда олар қандай күйде болуы мүмкін?

3. Улы затпен зақымдаудың қандай ерекшеліктері бар?

4. Хлор адамның қандай органдарын зақымдайды?

5. Адамдардың хлордан зардап шеккенде қандай алғашқы көмек көрсетіледі?

6. Аммиак адамға қалай әсер етеді?

7. Аммиакпен зақымданған адамдарға алғашқы көмек қалай көрсетіледі?

8. ²Ви-икс-газдары² дегеніміз не?

9. Ауада жақсы буланып ұшатын, қыста қатпайтын сұйық уландырғыш зат?

10. Зоман адамның организмін қалай зақымдайды?

11. ²Иприт² уландырғыш зат қандай қасиетке ие және адамға қалай әсер етеді?

12. ²Синиль қышқылы² дегеніміз не?

13. ²Фосген² қандай улы зат?

14. Қоршаған ортада улы заттар қауіп туғызғанда қандай іс-әрекетті істеу қажет?

15. Апаттың немесе төтенше жағдайдың зардабын жою мақсатында істелетін жұмыстар?

16. Азот қышқылымен және тотығымен зақымдану ошағы және алғашқы медициналық көмек қандай?

17. Бензинмен зақымдану ошағы және алғашқы медициналық көмек қандай?

18. Көміртегі тотығымен зақымдану ошағы және алғашқы медициналық көмек қандай?

Тест сұрақтары:

1. Иприт және люизит улағыш заттардың қай тобына жатады?

А) теріні күлдіретіп әсер ететін УЗ

В) тұншықтырып әсер ететін УЗ

С) теріні күйдіріп әсер ететін УЗ

Д) жалпы уландырып әсер етуші УЗ

Е) қоздырғыш УЗ

2. Өте күшті әсер ететін улағыш заттар?

А) дефолианнтар, десиканттар

В) фосген, дифосген

С) саңырауқұлақтар, риккетсиялар

Д) хлор, аммиак

Е) гербициттер, арборицидтер

3. Бір сары сақинасы бар индикатор түтікті ашып, насосқа енгізіп, 60 рет ауа айдайды, түтікті насостан шығарып 1 мин.ұстап тұрады да, түтіктегі толтырғыштың түсін кассетаның эталонымен салыстырады. Аталған түтік қандай УЗ-ды анықтау үшін арналған?

А) теріні күлдіретіп әсер ететін УЗ

В) нерв жүйесін зақымдап әсер ететін УЗ

С) тұншықтырғыш УЗ

Д) жалпы уландырып әсер ететін УЗ

Е) тыныс алу жолдарын тітіркендіретін

4. Үш жасыл сақинасы индикатор түтіктері қанша УЗ-ды анықтауға арналған:

А) нерв жүйесі зақымдайтын УЗ

В) жалпы улап әсер ететін УЗ

С) көздің жасын шығарып әсер ететін УЗ

Д) тітіркендіргіш (қоздырғыш) УЗ

Е) теріні күйдіретін әсер етуші УЗ

5. Жалпы улап әсер ететін УЗ:

А) зарин, зоман

В) синия қышқылы, хлорцин

С) фосген, дифосген

Д) иприт, люизит

Г) адамсит, хлорпикрин

6.Көміртегі тотығымен зақымдану ошағының улылық дозасы ?

А) 33 мг/мин/л

В) 34 мг/мин/л

С) 35 мг/мин/л

Д) 37 мг/мин/л

Е) 36 мг/мин/л

7. Хлормен зақымдаушы мөлшері ?

А) 0,6 мг/мин/л

В) 0,8 мг/мин/л

С) 0,9 мг/мин/л

Д) 0,3 мг/мин/л

Е) 0,2 мг/мин/л

Негізгі әдебиеттер.

1. Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша басшылық құрамды даярлауға арналған материалдар жинағы. ТЖ АҚ курстары.

2. ҚР ²Төтенше жағдайлары туралы² заңы, Алматы, 1996 ж

3. ҚР ²Азаматтық қорғаныс туралы² заңы. Алматы, 1997 ж.

4. ТЖ және АҚ Респуликалық курстары. Тіршілік қауіпсіздігі курсы бойынша ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы. 1 және 2 кітап. Алматы, 2003.

5. Арпабеков С. Өмір тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2004.

6. Абдыров А.М., Кезенбаева С.А. Тіршілік қауіпсіздігі пәнінен оқу әдістемелік кешен. Астана, 2004.

7. Суровцев А.А., Мельников Е.Н. мемлекеттік тілге аударған Жүнісбаев Н.А. Тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2003.

8. Әлімбеков Е. Азаматтық қорғаныс-бүкіл халықтық іс. Алматы,1986.

9. Габдуллина М.Х., Абдыров А.М., Рүстембаев Б.Е. Өмір тірішілік қауіпсіздігі және экология негіздері бойынша тест сұрақтары. Астана, 2006.

10. Абдыров А.М., Рүстембаев Б.Е., Мұстафин Ж.Ж. Тіршілік қауіпісіздігі пәні бойынша ЖОО оқитын студенттерге арналған әдістемелік нұсқау. Астана, 2005.

11. Акимов Н.И., Ильин В.Г. ГО на объектах с/х производства. 1984.

12. Николаев Н.С. ²ГО на объектах АПК² - М. - 1990.

13. Приходько Н.Г. Безопасность жизнедеятельности: Курс лекций.

-Алматы.: 2000.

14. Белов В.С. Безопасность жизнедеятельности. -М.: 1999.

 

Қосымша әдебиеттер.

1. Журнал Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық -әдістемелік жинақтары.

2. Әлімбеков Е., Малгазин С. Азаматтық қорғаныс терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі.

3. Информационно-методический сборник материалов по ЧС и ГО.

Выпуски 2000-2002, АЧС РК.

4. Егоров П.Т. и др. Гражданская оборона, 1997.

5. Наставление по организации и ведению ГО в районе (сельском) и на с/х объектах народного хозяйства, 1977.

6. Краткие методические рекомендации по курсу ГО. - Алматы, 1995.

7.Информационно-методическое издание для преподавателей. Основы безопасности жизнедеятельности, - М., 2002. [kgl]

 

[gl] №7 САБАҚ. Тақырып:Жер ciлкiнici кезіндегі жағдайда инженерлік, медициналық және өрт жағдайын бaғaлay.[:]

Сабақ мақсаты:Халықты жер сiлкiнiсi қаyпiнен қорғау және ол болған жағдайда адам өмірін сақтay мен шығынды азайту шараларын қарастыру.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Халықты жер сiлкiнiсi қаyпiнен және ол болған уақытта қopғay.

2. Сейсмика жағрафиясы, аса күштi жер сiлкiнiсi.

3. Жер сiлкiнiсiн болжау. Жер сiлкiнiсi болған жағдайда адам өмірін сақтay мен шығынды азайту шаралары.

7. Халықты жер сiлкiнiсi қаyпiнен және ол болған уақытта қopғay.

Жер сiлкiнiсi – бұл жер қыртысында немесе мантияның, үстiңгi бөлiгiнде кенеттен болған қозғалыс пен жарылыс нәтижесiнде пайда болған және елеулi ауытқу түpiндe үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпyi мен жер астының қозғалысы.

Жер сiлкiнiсi – дүлей зiлзаланың ең жойқындағыш түpi. Ол экономикалық шығын бойынша, сондай–ақ жарақаттанып және қаза тапқандар саны бойынша бiрiншi орынды алады.

Жыл сайын дүние жүзiнде 100 мың жер сiлкiнiсi болады, олардың көбiсi елсiз, оларды тек сейсмограф құралы арқылы ғана байқауға болады.

Алматы қаласы мен Алматы облысында жыл сайын сейсмографтар 400 жер үстi дүмпуiн байқайды.

Жер сiлкiнiсi жер қыртысында немесе жер мантиясында болады.

Жер сiлкiнiсiнiң төрт түpi бар:

Тиктониалық жер сілкінісі – жер қабаты мен литосфера тақтасының қозғалуынан болады.

Жанартаулық жер сілкінісі – жанартаулардың басталу кезiнде, оларға жақын жерде, жанартау каналымен магманың қозғалуынан болады.

Oпыpылмa жер сiлкiнicі – жердiң опырылуынан, қопарылуынан болады.

Техногендік жер сілкінісі – адамдардың су қоймаларын жасауынан, мұнайды, газды, жер асты суларын шығаруынан, күштi жарылыстардан болады.

Орталық нүкте – жердiң астында жер сiлкiнici бастaлғaн (болған) орын.

Кiндiк орталығы – бұл орталық нүктенiң тура үстiнде орналасқан жер бетiндегi нүкте.

Ошақтың тepeңдiгі– орталық нүкте мен кiндiк орталығының аралығы. Терең емес жер сiлкiнiсi болған жағдай да ошақтың тepeңдігi 5-40 км құрайды, ал терең болған жағдайда 500 км дейiн болады.

Жарықтың айналған бөлiгiнiң көлемi (ұзындығы) ­сезiлмейтiн жер сiлкiнiстерiнде бiрнеше метр және ipi жел сiлкiнicтерiнде бiрнеше км дейiн жетедi. Айырылған жарық жер асты қабатының терең бөлiктерiнде тоқтап қалуы мүмкін, сондай-ақ жер бетiне де жетуi мүмкін.

Қатты дүмпудiң ұзақтығы- орташа жер сiлкiнiстерiнде 2 секундтан 5 секундтқа дейiн, ал күштi жер сiлкiнiстерiнде 20 дан 90- секундтқа дейiн болуы мүмкін.

Жер сiлкiну ауданының радиусы – орташа жер сiлкiнiстерiнде 5-15 км, ал күштi жер сiлкiнiстерiнде 50-160 км болады.

Сейсмикалық толқындардың жылдамдығы – көлемдi толқындардың eкi түpi бар. Бұл Р толқыны (латын тiлiндегi PRIMAE – бiрiншi ) және S (SECONDAE – екiншi). Р толқындары 3-8 км/ceк, S толқындары 2-5 км/ceк жылдамдығымен таралады. Сондай ақ жер қабатының бетiмен, оның астындағы аздаған тepeңдікке таралатын жер бетiндегi толқындардан болады.

Жер сiлкiнiсiнiң қарқындылығы – белгiлi бiр орындағы жер сiлкiнiciнен болған шығындардың дережесi. Балл түрiнде арнайы шкалалардың көмегi арқылы анықталады:

-12 балдық шкала ММ (1902 жылы Итальян вулканолог Меркалли әзiрлеген, түрлендiрiп АҚШ-та қабылданған).

-12 балдық MSK шкаласы-64 (1964 жылы С.В. Медведев (КСРО), В. Шпонхойер (ГФР) және В.Карник (ЧССР) әзiрлеген), еуропаның кейбiр елдерi мен ТМД-да қабылданған.

Жер сiлкiнiсiнiң қарқындылығы салыстырмалы мөлшер болып саналады және ол мыналарға байланысты:

- жер сiлкiнici кiндiгiнiң ара-қашықтығынан – жер сiлкiнiсi кiндiгiне жақындаған сайын қарқындылығы жоғары;

- жер сiлкiнiсi ошағының тереңдiгiнен – тepeңдігi аз болған сайын қарқындылығы көбiрек бола түседi;




©2015 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.