Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Радиоактивтік индикаторлар, рентгонометрлер, радиометр 26 страница



Тақтаның немесе шинаның көмегімен зақымданған буынды қозғалтпаңыз, мүмкіндігінше сол жерге тиіспеуге тырысыңыз. Буын шыққан жерге суық компресс қойыңыз. Сирақ немесе жіліншік жарақаттанған жағдайда аяқты көтеріп ұстауға тырысыңыз, бұл буынның домығу деңгейін азайтады. Зардап шегушіге жағдай жасап жатқызуға тырысыңыз.

Күйіктер

Күйік - жоғарғы температураның (термиялық күйік), химиялық заттың (химиялық күйік), рентген сәулесінің немесе ядролық бомба жарылған кездегі жарық сәулесінің (сәулелік күйік) әсерінен терінің зақымдануы.

 

Күйік түрлері:

- Термиялық күйік

- Химиялық күйік

- Сәулелік күю

 
 

Күйіктің ауырлығы оның таралу аясымен және денесімен зақымдану тереңдігімен анықталады. Күйік тарала түскен сайын ол адам өмірі үшін қауіпті бола түседі. Дененің үстіңгі 1/3 бөлігі күйген жағдайда көбінесе өлімге әкеліп соқтырады. Зақымдану тереңдігі бойынша күйік 4 дәрежеге бөлінеді:

22 сурет. Саусақтың үшінің күюі 1,2 және 3,4 дәрежелер

 

I – дәрежедегі күйікте дене қатты қызарып домығады. 3-5 күннен кейін соң тері қотырланып сауыға бастайды.

II – дәрежелі күйікте қатты қызарған теріде көлкілдек бүршік пайда болады. Бүршіктер мөлдір сары сұйықпен толады.

III – дәрежелі күйікте ұлпалар жансызданып қабыршақтар пайда болады. Зақымданған жерде үлпілдек ұлпа пайда болады. Ол қосқыш ұлпамен ауысып сол жерде дөрекі жұлдызша тектес дақ пайда болады.

IV - дәрежелі күйікте аса қауіпті жоғарғы температураның әсерінен тері қарайып күйеді. Бұл күйіктің ең жоғары ауыр түрі, тері, бұлшық ет, сіңір, сүйек зақымданады.

III және IV - дәрежелі күйіктер өте баяу оңалады. Күйген терінің бетін тек теріні қайта жапсыру арқылы ғана жабуға болады.

Күйік ауруының алғашқы кезеңі күйіктен ес шығу деп аталады. Күйіктен ес шығу кезінде сырқат әуелде қозады, ыңырсиды, іші бұрап аурады, бұдан кейін селқостық басталады. Әдетте ес шыққан кезде құсық, шөлдеу, тамырдың әлсіз жалдам соғысы байқалады. Күйіктен естен танудың басты белгісі кіші дәреттің күрт азаюы, ал кейде мүлдем тоқтауы болып табылады.

Күйіктен ес шығудан кейін өте ауыр күйік азабы, яғни денеге улы заттардың түсуінен қанның улануы басталады. Бұл кезеңде жарадан қаңға ұлпаның ыдырау өнімдері сорылады одан кейін жүйке жүйесінің бұзылуы қозуға (ұйқысыздыққа, бұлшық еттердің шоршуына) немесе еңсенің түсуіне алып келеді.

Термиялық күйіктің кезіндегі алғашқы медициналық көмек - зардап шегушіге жоғары температураның ықпалын тоқтатуға, яғни жанған киімді сөндіруге, оны жоғары температура аймағынан әкетуге, оның денесінен күйген киімді шешуге бағытталады. Жалын қаулаған киімді әсіресе, егер оған жылдам тұтанғыш сұйық түссе, ең алдымен, зардап шегушіні тығыз матамен орап тастау жолымен сөндіруге болады. Сонда отқа ауаның баруы тоқтап жалын өшеді. Бүкіл киімді, әсіресе жылдың суық мерзімінде шешудің қажеті жоқ, өйткені дененің суынуы жарақатқа жалпы ықпал етеді және үрейді күшейте түседі.

Алғашқы көмектің келесі міндеті күйіктің үстіңгі бетіне оның асқынуын ескерту мақсатында тазартылған таңғыш қою болып табылады.

1- дәрежедегі күйік кезінде таңғышты спиртпен, арақпен, марганец қышқылды калиймен ылғалдап қоюға болады. Көпіршіктерді қыздыруға және алуға, сондай-ақ күйген жерге қандайда бір май жағуға (вазелин, мал немесе өсімдік майы) болмайды. Жағылған май ауруды жазуға немесе басуға көмектеспейді есесіне жұқпалылардың енуіне жол ашады ал бұл өз кезегінде алғашқы дәрігерлік көмекті көрсетуге, теріні алғашқы хирургиялық емдеуге қиындық келтіреді.

Химиялық күйік кезіндегі алғашқы медициналық көмек- химиялық заттың түріне байланысты. Концентрацияланған қышқылдар күйдірген кезде (күкірттен өзге) күйіктің бетін 15-20 минут бойы суық сумен шаяды. Күкірт қышқылы сумен қосылып жылу шығарады, бұл күйікті асқындыруы мүмкін, сілті ерітінділерімен (сабынды су, сода ерітіндісі - стакандағы суға бір шай қасық қосылады) шаю оң нәтиже береді. Күйген жерге бор, магнезия себуге болады.

Сілтілерден болған күйікті сумен жақсылап шайып, артынша сірке қышқылының әлсіз ерітіндісімен тазалау қажет (стакандағы суға бір шай қасық асханалық сірке су (емделгеннен кейін күйген жерге тазартылған таңғыш қоюға болады, таңғышты ерітінділермен ылғалдауға болады фосфордан болған күйік қышқылмен және сілтіден болған күйіктен ерекшеленеді, өйткені фосфар ауада тұтанады және күйік аралас - термиялық және химиялық (қышқыл) болып шығады. Дененің күйген жерін суда ұстаған жақсы, судың астында фосфор кесектерін таяқпен және мақтамен кетіреді. Фосфор кесегін қатты су ағынымен шаюға болады. Сумен шайғаннан кейін күйген жерді мыс купоросының 5% ерітіндісімен тазалайды, бұдан кейін терінің үстін тазаланған таңғыштармен жабады. Май мен мазды пайдалану жағымсыз әсер етеді, өйткені олар фосфордың сорылуына көмектеседі. Напалмда фосфор болатындығын ұмытпау қажет, сондықтан ол күйдерген кезде ол фосфорлық күйік тәріздес болуы мүмкін.

Сөндірілмеген әктен болған күйікті емдеуді маймен жүргізеді. Әктің барлық кесектірін алғаннан кейін ғана жараға маз жағылған таңғыш қоюға болады.

Оқиға орнында алғашқы көмек көрсету тәртібі.

Бірінші тәртіп - мүмкіндігінше күйген жерді құрғақ таза жаймамен немесе жаялықпен тезірек жабу.

Есіңізде болсын!

Терінің күйген бөлігін байлап тастауға немесе қатты түюге болмайды.

Екінші тәртіп - целлофан пакеттері, пластикалық шөлмектерді қармен, мұзбен немесе суық сумен толтыру және оларды құрғақ жайма немесе жаялық төселген күйген жердің үстіне қояды.

Үшінші тәртіп - зардап шегушіге екі - үш таблетка анальгин беру (оның есі болған жағдайда).

Төртінші тәртіп - зардап шегушіге жылы сусынды көп ішкізу және толық тыныштықта қалдыру.

1. Күйген жерді жылдамырақ суық судың астында қойып 10-15 минут ұстау.

2. Таза құрғақ матамен жабу.

3. Көпіршік үстіне суық зат қою (мұздық қаптама, мұзды су құйылған немесе қар салынған пакет).

2,4-дәрежелі көмек көрсету кезінде жасауға болмайды:

1. Сумен шаюға.

2. Күйген жерді құрғақ таза матамен кешіктірмей жабуға.

 
 

3. Құрғақ матаның үстіне міндетті түрде суық зат қоюға.

23 сурет. Тері жамылғыларының тұтастығын бұзбай

1,2-дәрежелі күйік кезінде көмек көрсету

Үсік шалу.

Төменгі температураның ықпалынан ұлпалар мен органдардың зақымдалуы үсік шалу деп аталады. 60о-тан жоғары температурада пайда болатын күйіктерден ерекшелігі үсік шалу әртүрлі температураларда пайда болады. Суықтың жарақаттаушы күші температураның төмендеуімен қоршаған орта ылғалдығының өсуіне сәйкес атта түседі.

Органдарда болып жатқан өзгерістер ауырлығы мен тереңдігі бойынша 4 дәрежеге бөлінеді.

Алғашқы медициналық көмек - зардап шегушіні әсіресе дененің үсінген бөлігін жедел жылыту болып табылады. Үсік шалған адамды мүмкіндігінше тезірек жылы жайға апару қажет. Ең алдымен дененің үсіген жерін жылытып, ондағы қан айналымын қалпына келтіру керек. Дененің үсіген жерлерін спиртпен шайып, таза қолмен ысқылайды, кейде бұны жасауға тұра келеді. Ысқылауды дененің үсіген бөлігінде сезімталдық, қызару және ысыну пайда болған кезде ғана тоқтатуға болады. Дененің үсінген бөлігін қармен ысқылау қазіргі уақытта теориялық тұрғыдан негізсіз және практикалық тұрғыдан қауіпті теріске шығарылды, өйткені суықты күшейтеді, ал мұздақ теріні жаралап, үсінген төңіректі асқындырады.

Жылытуды жылы ваннаның көмегімен жүргізуге болады. Судың температурасын 20-30 минуттың ішінде 20-40о дейін біртіндеп арттырған жөн. Бұл жағдайда аяқ-қолды кір-қоқыстан мұқият жуған дұрыс. Ваннадан кейін ысқылау жүргізіп, зақымданған жерді сүртіп таза таңғышпен жауып, қандай да бір жылы жамылғымен қымтау қажет.

Сырқатқа ыстық шай, кофе жүрек тамыр дәрілерін (корвалол, кордиамин, кофеин) береді.

Бет үсінген кезде үлбіреген жерлерді иіс сумен сүртіп, вазелин немесе антисептикалық крем жағады, одан кейін иіс сумен шайылған таңғыш қояды.

Бірінші дәрежедегі үсік шалған және екінші дәрежедегі үсікке едәуір шалдыққан сырқаттарды емдеу (саусақ, қол, мұрын, құлақ) амбулаториялық тұрғыдан яғни таза таңғыш қою, физиотерапия жүргізу жолымен жүргізіледі.

Аяқ-қол үшінші, төртінші дәрежедегі ауқымды үсікке шалдыққан кезде стационарлық ем қажет.

Күннің өтуі және ыстық тию.

Ыстық күндері адамның басына ұзақ күн сәулесінің тікелей әсері ми қан тамырларының кеңеюіне әкеп соқтырады, соның нәтижесінде басқа қанның құйылуы байқалады (гиперемия).

Беттің қызаруы және бастың қатты ауыруы күннің өтуінің алғашқы белгілері болып табылады. Сонан соң жүрек айныйды, бас айналады, көз қарауытады және құсқысы келеді. Ауру естен танады, тыныс алу жиілей түседі, жүрек қызметі әлсірейді.

Бүкіл организмге қоршаған ауаның ыстық температурасы (30-400) ұзақ әсер еткен кездегі орталық жүйке жүйелеріне ауыр зақым келтіретін ысыну ыстық тию деп аталады.

Денеге ыстық тиюдің үш себебі:

1. Жоғары сыртқы температура;

2. Дененің ылғалын жібермейтін қымталған киім;

3. Ауыр жұмыс істеу.

Қатты ысынған және терлеген кезде организм ылғалды жоғалтады, қан қоюланады, организмдегі тұздың мөлшері азаяды, осының нәтижесінде ыстық тию пайда болады. Бұл организмдегі әсіресе мидағы оттегі тапшылығына әкеп соқтырады.

Ыстық тиюдің алғашқы белгілері - аурудың әлсіздігі қалжырағандығы, жүрегінің айнуы, басының ауыруы, айналуы. Дененің ысынып, температурасы 38-400 дейін көтерілген кезде ауру құсады, талықсиды, кеуде құрсуы пайда болуы мүмкін.

Алғашқы медициналық көмек: зардап шегушіні жақсы желдетілетін орынға апарып, киімін шешіп, басын сәл көтеріп жатқызады. Зардап шегушіні тыныштықта қалдырып, басы мен жүрек төңірегін салқындатады (суық су құяды), тез және аяқ асты салқындатуға болмайды. Сырқатты ылғал матамен ораған дұрыс, олай ету суды буландырып температураны төмендетеді. Сусын мен жеңіл тамақ береді. Жүрек -тамыр қызметі әлсіресе, тыныс алу бұзылса, 1мл 10% кофейн ертіндісін, 1мл кордиамин, 1мл 10% лобелин ертіндісін береді. Күн тиген кездегі алғашқы көмек ыстық тиген кездегідей.

Улы заттармен улану.

Уланған кезде алғашқы көмек жұмысшылардың өздеріне (өзіне және бір-біріне көмек көрсету) және арнайы, медицина қызметкерлері көрсететін шараларынан тұрады.

Далада улы химиялық заттармен уланған кезде дәрігерлік көмекті дәрігер келгенше жедел көрсету немесе жақын маңдағы емдеу мекемесіне жіберу керек. Уланудың алғашқы белгілері жоғалып кетуі мүмкіндігін есте сақтау керек, біраз уақыт өткен соң өкпенің ісінуімен жалғасуы мүмкін. Егер адам улы заттардың буымен және шаңымен тыныс алу кезінде уланса, зардап шегушіні тез арада уланған аумақтан таза ауаға шығарып, улы заттармен уланған киімдерін шешу керек. Суық уақытта жылы көрпе жауып, аяғына жылтқыш қояды. Жедел дәрігер шақыру қажет.

Егер у теріге түссе (жұмысшы арнайы киімді қолданбаса немессе дұрыс кимесе), уды ағынды сумен жуады немесе мұқият мақта тампонымен, терінің бетінен сүртіп алып, сосын сумен жуады.

Егер у көздің кілегейлі қабығына түссе, көп мөлшерде сумен немесе 2% ас содасының ерітіндісімен жуады.

Асқазан, ішек-қарын жолы уланса зардап шегушіге бірнеше стакан жылы су береді. Жұтқыншақты саусақпен жыбырлатып құстырады. Мұндай шараны асқазанан у толық шыққанша бірнеше рет қайталау қажет.

Удан айықтыру үшін зардап шегушіге суға араластырылған активтендірілген көмір (бір стакан суға 2-3 ас қасық), сосын тұз ерітінділерін ( жарты стакан суға 20г. ащы тұз) ішуге береді.

Теріден қан ағып уланған кезде жараға сутегі тотығымен суланған таңғыш қояды. мұрыннан қан аққанда аурудың басын шалқайтып мұрынының үстіне компресс, мұрынына сутегі тотығымен ылғалданған тампон қояды.

Жоғарыда көрсетілген шаралар удың түріне қарамай барлық жағдайда қолданылады. Егер удың түрі белгілі болса, улы химикаттың түріне байланысты қосымша шаралар жасалады.

Талықсып қалған зардап шегушіге нашатыр спиртін искетеді немесе нашатыр спиртімен суланған мақта тампонмен шекені сүртеді. Егер тыныс алысы тоқтап қалса, жасанды демалдыру жасайды.

Мышьяк қоспасы бар улы химиялық заттармен уланған кезде зардап шегушіде лоқсу, құсу, іш ауыру, жалпы әлсіздік, дірілдеу пайда болады. Ауруды жасанды жолмен құстырып, асқазанын күйген магнезия (20г. және 5 стакан қайнаған су) ерітіндісімен шаю қажет.

Фосфор органикалық заттармен уланған кезде келесі белгілер байқалады: кеуденің қысылуы, жөтел, ентігу, бас ауыруы, сілекей ағу, терлеу, естің ауысуы, жүріс бұзылуы, сөздің көбею, көз қарашығының кішіреюі қол, бас, дененің басқа бөліктерінің дірілдеуі. Көзге түскен кезде көздің қарашығының кішіреюі, қызару, жас ағу байқалады.

Алғашқы дәргерлік көмек көрсеткенде ауызбен тамақты сумен шайып, 2% ас содасының ерітіндісін, 6-10 стакан су ішкізу керек (бір стакан суға, бір шай қасық) және жұтқыншақты саусақпен жыбырлатып құстырады. Бұл шараны 2-3 рет қайталайды. Сосын 2-3 активтендірілген көмір қосылған 2% ас содасының ерітіндісінен жарты стакан ішкізеді. Ыстық шай беріп, жылы жабады. Тыныс алысы тоқтаған кезде, дәрігер келгенше жасанды демалдыру жасайды.
Егер қоспа теріге түссе 5-10% нашатыр спирт ерітіндісімен тазалайды немесе мақтаға (сүртпей) сіңіріп алады, көзге түскен кезде суытылған қайнаған сумен жуады, сосын 30% натрий сульфациліннің (альбуцид) ерітіндісінен екі көзгеде 2 тамшыдан тамызады.

Мыс қоспаларымен уланған кезде ауызда металдың дәмі, сілекей ағу, лоқсу, құсу, асқазан ауыруы, тамыр соғысының жиілеуі, суық тер, дірілдеу пайда болады.

Мұндай жағдайда күйген магнезим ерітіндісімен 6-10 стакан су ішкізіп, сосын құстырады. Тұзды ерітінді беріп, ішіне жылы зат қою қажет. Жүрек соғысы нашарлаған кезде 20 тамшы валериан тұнбасын және ащы шай береді.

Ауыл шаруашылық өндірісінде технологиялық процесті дұрыс ұйымдастырмағанда және қауіпсіздік талаптарын сақтамағанда, онда қолданылатын көптеген минералды және әктік тыңайтқыштардан улану, күю және кәсіби аурулар туындайды.

Минералды және әктік тыңайтқыштардың шаңы тыныс мүшелеріне, көздің кілегей қабығына және мұрын қуыстарына зиянды әсерін тигізеді.

Әк көзге түскен кезде көз ауырып, жас ағады. Созылмалы улану кезінде тері құрғап, қатайып және тырысып қалады. Әктің қоспаларынан күйік, язва туындауы мүмкін. Көзге тыңайтқыштар шаңы түскен кезде жедел түрде көп сумен жуу керек (10 минут).

Аммиакпен уланған кездегі алғашқы белгілері: басында уланған адам ауырады, содан соң көзі ашиды, көзінен жас ағып қабағын көтере алмайды, қатты құрғақ жөтел пайда болады. Содан соң дауысы қырылдап, кеуде тұс, асқазан ауырады. Бас айналады, ауыз қуысы күлдірейді (күйеді). Аммиактың әсерін тоқтатпаса 2-3 сағаттан кейін өкпе суға толып кетуі мүмкін.

Алғашқы медицаналық көмек: зардап шегушіні тез арада улы аймақтан жатқызып шығару керек.

- сірке қышқылының 5%-ды ертіндісін иіскету керек;

- уланған адамға респиратор кигізу немесе кез-келген қышқылдың (бор, сірке, лимон) 5%-ды ерітіндісіне шыланған мақта-мата таңғышты таңу керек;

- у сіңірген киімді таза киімге ауыстыр және зардап шеккен адамды қараңғыланған орынға жатқыз;

- қышқылдың (бор, сірке, лимон) 2%-ды ерітіндісімен көзді 10-15 минут бойы аммиактың иісі кеткенге дейін жуады, содан соң альбуцид ерітіндісін көзге тамызу керек, өйткені көздің шырышты қабатына жұқпа түсу қаупі бар;

- осылай қышқылдың әлсіз ерітіндісімен бет, қол, аяқтың тері қабатын жуу керек;

- осындай ерітіндімен ол адамның аузын шайдыртып, мұрынына зәйтүн (шабдалы, күнбағыс) майын тамызу;

- тамағына қыша қағазын қою керек.

Хлормен уланған кездегі алғашқы белгілері: зардап шеккен адам көздің қарығуына және көзден жас ағуына шағымданады. Алғашында оны құрғақ, қоздыратын жөтел қинайды содан соң, кеуде тұсы ауырады. Ол тез арада қобалжып, үрей пайда болады. Егер хлордың әсерін тоқтатпаса, 2-3 сағаттан кейін өкпе ісінеді.

Алғашқы медициналық көмек: егер дем алу бұзылмаса, зардап шеккен адамға респиратор немесе ас содасын 2% ерітіндісіне немесе зәрге шыланған мақта-дәке таңғышты тағу керек.

- зардап шеккендерді зақымдалған аймақтан тұрғын үйдің жоғары қабаттарынан жатқызған күйде шығару керек;

- зақымдалған киімді таза киімге ауыстыру;

- көзді ас содасының 2%-ды ерітіндісімен 10-15 минут бойы хлордың иісі кеткенге дейін шаю керек. Көзге вазелин майын тамызу қажет;

- зардап шеккен адамдарды ас содасының 2%-ды ерітіндісімен аузын шайғызу керек;

- ол адамға сүт немесе сілті минералды су беру қажет;

- егер зардап шеккен адамның улы заттың жоғары қанықпасы тар ауаны жұтқанның нәтижесінде дем алуы тоқтап, ұйқы артериясында тамыр соқпауы білінсе, онда алғашында сол орында ауыздан-ауызға дем алу және жанама массаж жасау арқылы демалу мен жүрек қызметін қалпына келтір.

Күкірт қышқылымен улану кезіндегі алғашқы белгілері: кез-келген қаныққан қышқылдар мен сілтілердің буы арқылы уланғанда демалу жолдарының қозуы, жөтел, ауыр тыныс алу байқалады. Құсқың келу, қан аралас құсу, кей кезде өңеш пен асқазанның тесілуі, соңынан қан кетулер болады. Бұл тыныс алу жолдары мен ішек - қарын асқазаның шырышты қабатының химиялық күюінің салдары болып табылады. Жасырын мерзімнен кейін (2-24 сағатқа дейін) улы өкпе қабынады, содан соң өкпенің улы ісінуі пайда болады.

Алғашқы медициналық көмек:

- зардап шеккен адамға тез арада респиратор кигізіп немесе мақта-дәке таңғышты таңып, зақымданған аумақтан алып шық;

- оны отырғызып көзін және терісінің ашық жерлерін шайып, аузын сумен шайғыз;

- жасанды жолмен құстыруға болмайды, өйткені қышқыл немесе сілтіні құсқанда өңеш қайта күюі мүмкін;

- егер зардап шеккен адамның демалуы тоқтап, ұйқы артериясында тамыр соқпауы білінсе, онда алғашында сол орында‚ ауыздан-ауызға‚ демалу және жүрекке жанама сылау жасау арқылы демалу қызметін қалпына келтіру;

- ағзаның өмір сүруге керекті жүйелерін қалпына келтірген соң, оны зақымдалған аумақтан көшір;

- «таза» аумақта зардап шеккен адамның ластанған киімін шешіп, оны таза киімге ауыстыр;

- егер зардап шеккен адам тұншығып жатса, тамағына қыша қағазын қою керек.

Сірке қышқылымен уланған кезіндегі алғашқы белгілері: адамның ағзасына сірке қышқылы ауыз арқылы түссе ауыздың, еріннің айналасындағы тері, тіл, ауыз қуысының шырышты қабаты күйіп қалады. Ал ауызда ішіне су толған көпіршіктер пайда болады. Жұтқанда қатты ауырады. Дауысы шықпай, зардап шегуші әрең, сыбырлап сөйлейді. Жұтқыншақтың күюі көмейді ісіндіреді, ол көмейдің бітелуіне әкеп, зардап шегушінің тұншығып өлуіне әкелуі мүмкін.

Асқазан ішек жолдары жағынан жүрек айну, қан аралас құсу, асқазаннан қан кету байқалады.

Алғашқы медициналық көмек:

- ауырсынуды басатын егу жасау;

- зардап шеккен адамды құстыруға, оның асқазанын шаюға, ауыз арқылы іш жүргізетін және ауырсынуды басатын дәрілер беруге болмайды.

Ауыр металлдармен, олардың тұздарымен және күшінімен уланудың белгілері: ауыздағы темірдің дәмі, жүрек айну, құсу. Тамағының қызаруы, жұтқанда ауырсыну, іштің ауыруы мен өтуі. Асқазан-ішек жолдарынан қан кету.

Бір мезгілде асқазан-ішек жолдарының зақымдалуынан жүрек айну, құсу, іш өту, асқазанан қан кетуі мүмкін.

Сынап және қорғасын тұздарымен уланғанда қызылиекте қою түсті жиек жаралар пайда болады. Тістің түбі босайды. Сонымен бірге, сынап тұздары асқазан-ішек жолдарының шырышты қабаттарын күйдіреді. Ағзаға у демалу органдары арқылы түссе, демалу жолдары ауыр зақымдалады: қалтырау, мұрын бітелу, жиі құрғақ жөтел, ентігу пайда болады. 1,5-2 сағаттан кейін улы пневмония дамып, өкпе ісініп кетеді.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.