Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Радиоактивтік индикаторлар, рентгонометрлер, радиометр 27 страница



Бір мезгілде орталық жүйке жүйесі зақымдалады, артық шамданғыштық, қозу, көзде қос көріну, ұйқы бұзылу, сананың ауысуы пайда болады. Аяқ-қолдың тырысып қалуы мүмкін, ол әрі қарай ессіз күйге айналып, зардап шегуші қаза табуы мүмкін.

Алғашқы медициналық көмек:

- зардап шеккен адамға мақта -дәке таңғышты таңып, тез арада оны таза ауаға шығар;

- таза сумен көзін шайып, аузы мен мұрынын шаю үшін таза су бер;

- терінің ластанған тұстарын сабынмен жу;

- егер зардап шеккен адам ояу болса, құстыруға тырыс;

- оған 1-1,5 л суды ішкіз де екі саусақпен жұтқыншақты қоздыру арқылы қайта құсқыз (асқазанды шаю). Осындай асқазанды шаюды 2-3 рет қайтала. Асқазанға барған сумен шыққан судың мөлшері бірдей болу керек;

- асқазанды шайып болғаннан кейін 30-50 гр сіңіргіштердің бірін - ақ топырақты немесе активтендірілген көмірді бер;

- зардап шеккен адамға тұзды іш жүргізетін дәрі беру керек. Егер зардап шегуші ерекше қозып тұрса құрамында магниті бар іш жүргізетін дәріні бер, ол орталық жүйке жүйесін қалпына келтіреді;

- зардап шегушіні тез арада емдеу мекемесіне жеткізуге тырысу қажет.

Көміртектің тотығымен уланған кезіндегі белгілері: жеңіл деңгейде уланған адамның терісі өзгермейді, түшкіріп, құрғақ жөтел, бастың сақиналы қатты ауыруы, жалпы әлсіздік, бас айналу. Жүрісі бұзылады. Жүрек тамырының соғуы, демалысы жиіленіп, артериалды қысымның, дене қысымының көтерілуі.

Жеңіл уланған кезде көрсететін алғашқы медициналық көмек:

- тезірек уланған адамды түтіндеу аумағынан таза ауаға шығарып,

өкпесін тазарту мақсатында терең демалдыру керек;

- зардап шеккен адамға шай беріп, оны көрпеге орап жылыту қажет.

Орташа деңгейдеадам ағзасында күрделі өзгерістер сезіледі.

Тері қабаты ашық қызыл түсті болса, ерін мен тырнақтар көк түсті болады. Демалуы қиындап, бірнеше рет құсады. Есі ауып, денесінің қызуы 390С-ге дейін көтеріледі. Жүрек қағысы минутына 120 рет соғады.

Алғашқы медициналық көмек:

- уланған адамның демалатын жолдары ылғалды орамалмен немесе кез- келген ылғалды шүберекпен жауып, көміртек тотығының жоғары қанықпасы бар аумақтан оны таза ауаға алып шық, сулы мата ағзаға уытты өнімдерді еңгізбейді;

- түтіндеген аумақтан уланған адамды алып шыққаннан кейін оған таза оттекті жастықшадағы ауамен демалдыруды ұйымдастыру қажет.

Ауыр деңгейдеуланған адам ес-түссіз болады, тері қабаты көкпеңбек. Артериалды қан қысым өте әлсіз, дем алысы бұзылған. Тырыспалар пайда болады, ессіз күй дамуы мүмкін.

Алғашқы медициналық көмек:

- уланған адамның мұрны мен аузын матамен бітеп, тез арада оны түтіндену аумағынан шығар. Оттекті жастықшадан таза оттегімен демалғызу.

Егер уланудың әсеріне демалу немесе жүрек қағысы тоқтап қалса:

- ауыздан-ауызға арқылы әдіспен демалуды қалпына келтіру;

- жүрек қызметін жүрекке жанама сылау жасау арқылы қалпына келтіру;

- содан соң, демалу органдарын сулы матамен жауып, уланған адамды түтіндеу аумағынан тез арада шығарып, сонымен бірге медициналық қобдишадағы оттекті жастықшамен үзіліссіз демалдыру қажет.

Улану белгілері: бұлшық еттің қатты әлсіреуі, қозғалыс ырғағының бұзылуы, аяқ қолдың, белдің сырқырауы және іштің ауыруы, көздің қабағында ісік пайда болуы мүмкін, жоғары температурада қалтырау, тердің қатты шығуы, қысымның көтерілуі, адам кейде жүре алмай, өз аяғынан тұра алмайды.

Электр тоғымен жарақаттану.

Электр тоғының немесе найзағайдың - атмосфералық әлектр түйісінің әсерінен болатын зақым электр жарақаты деп аталады. Электр тоғының немесе найзағайдың электр ұшқынының организм арқылы өтуі жергілікті және ортақ бұзушылықты туғызады.

Жергілікті зақымдау электр тоғы кіріп шыққан жерлердегі ұлпалардың күюінен көрінеді.

Тоқтың соғуы - организмге термиялық, электрлік және механикалық әсерден туындайтын күрделі әсерден туындайтын құбылыс.

Электр тоғы өткен кезде зардап шегушінің жеке түйсінулері әртүрлі: жеңіл соққы, дененің күйіп ашуы, бұлшық еттің құрсуы, дірілдеу.

Белгілері: тері жамылғыларының ағаруы, сілекейдің көп бөлінуі, құсықтың келуі, жүрек төңірегінің сырқырауы.

Тоқтың әсерін жойғаннан кейін зардап шегуші шаршауды, бүкіл денедегі ауырылықты, еңсесін басуды немесе қозуды сезінеді. Электр жарақаты кезіндегі жүйке жүйесіне электр тоғының әсері нәтижесінде пайда болған ортақ құбылыстар аса қауіпті. Тоқ соққан адам бірден есінен айырылады, бұлшық еттің қысқаруынан кейде зардап шегушіні электр тоғы бар өткізгіштен ажырату өте қиынға түседі.

Жүйке клеткаларының зақымдалуының нәтижесінде сырқаттар ауыр күйді бастан өткереді.

Естен айырылу, дене температурасының төмендеуі, тыныс алуының тоқтауы, жүрек қызметінің әлсіреуі, дененің құрысуы.

Тоқтың денеге кіретін нүктесінен шығатын жеріне дейінгі жолы тоқ ілгегі деп аталады. Ол төменгі, жоғары және толық ілгек болып бөлінеді.

Төменгі ілгек - аяқтан-аяққа (онша қауіпті емес).

Жоғары ілгек - қолдан -қолға (қауіптірек)

Толық ілгек - өте қауіпті. Бұл жағдайда тоқ міндетті түрде аяқ- қол мен жүрек арқылы өтеді, нәтижесінде жүрек қызметі бұзылуы мүмкін.

Электр жарақатындағы алғашқы медициналық көмек: алғашқы көмек көрсеткен сәттердің бірі - зардап шегушіні электр тоғына тез босату. Бұны қауіпсіздік тәртіптерін сақтай отырып, мұқият жасаған жөн. Бұған бүкіл тізбекті тоқтан ажырату, рубильникті, қосқышты, тығынды ажырату, өткізгіштерді кесу, зардап шегушінің денесінен электр өткізгіштерді құрғақ таяқпен алып тастау арқылы қол жеткізіледі. Ажыратылмаған өткізгіштері жатқан кезде зардап шегушіні жалаң қолмен ұстау қауіпті. Зардап шегушіні өткізгіштен босатып, қауіпсіз жерге апарғаннан кейін оны мұқият тексеру қажет. Жергілікті зақымдануды термиялық күйік кезіндегі сияқты емдеп, таңғышпен жабады.

Жеңіл ортақ құбылыстар қоса болатын (талықсу, естен уақытша айырылу, бастың айналуы мен ауыруы және жүректің шаншуы), зақымдалу кезінде алғашқы медициналық көмек оқиға болған жерде жедел және үздіксіз көрсетілуге тиіс, ал клиникалық өлім жағдайындағы адамға «ауыздан - ауызға» және «мұрынға - ауыз» әдісімен жасанды демалдыру мен жүректің жанама сылауын жүргізу қажет.

Электр жарақатын алған барлық адам ауруханада жатуы тиіс. Осындай сырқаттарды стационарға тасымалдаған кезде жасанды тыныс алдыруды тоқтатпау керек, ол жүйелі, табанды және үздіксіз жүргізілуге тиіс.

Жүрек тоқтаған кездегі алғашқы көмек жасанды тыныс алдыру мен жүректің сыртқы сылауын бір уақытта жүргізу арқылы ертерек басталуға тиіс.

Егер жасанды тыныс алдыру мен жүректі сылау мүмкіндігі болса оны жүрек дәрі - дәрмектер (ішкі бұлшық ет кордиаминның 2-5 мл 25% ерітіндісі, кофейннің 1мл 10% ерітіндісі, эфрединнің 1 мл 5% ерітіндісі) және тыныс алуды қоздыратын дәрмектерді (1мл цититон, терінің астына лобелиннің 1мл 1% ерітіндісін) берумен орындалу қажет

Тұрмыста кеңірек таралған найзағай соққан адамды жерге көміп тастау керектігі туралы пікір өрескел қате болып табылады. Найзағай соққан адамды жерге көмуге мүлдем тыйым салынады! Зардап шегушіні жерге көміп тастау қосымша қолайсыз жағдайды тұғызады: тыныс алуды нашарлатады, зардап шегушінің денесін суындырады, қан айналымын қиындатады, ең бастысы пәрменді көмек көрсету уақытын созады. Жылыту, жасанды демалдыру, жүректің жабық сылауы, өз уақытында тасымалдау - зардап шегушіні құтқарудың бірден - бір ықтимал нұсқасы болып табылады.

Суға бату, тұншығу және иіс тию.

Суға бату-механикалық тұншығудың (асфиксияның) бір түрі. Суға батудың үш клиникалық нұсқасын бөліп көрсетуге болады.

Тізбеленген нұсқалармен қатар адам кенеттен сырқаттану (миокард инфаргі немесе мидағы қан айналымының күрт бұзылуы) немесе ауыр жарақаттан (сүңгіген кезде бас сүйегінің немесе омыртқаның, мойынның сынуы) нәтижесінде суға батуы мүмкін.

Суға бату механизмін анықтаудың реанимацияны табысты жүргізу үшін үлкен маңызы бар. Егер тыныс алу мен жүректің рефлектролық тоқтауы кезінде (ақ суға батушылар) клиникалық өлім жағдайынан шығару тіпті организм су астында 10 минут болған жағдайда шығаруға болады, ал суға батудың басқа түрлерінде (көк суға батушылар) табысты реанимация үшін су астында болу мерзімі үш-алты минуттан аспауы тиіс. Жекелеген жағдайларда қыста суық суға батқан кезде реанимациялық шаралардың табысты болуы үшін адамның су астында 20 минутқа дейін болған кезінде де үміт артуға болады.

Оқиға орынында алғашқы медициналық көмек көрсеткен кезде естің бар-жоғына, зардап шегушінің сыртқы келбетін тыныс алудың және гемодинамиканың қан айналымның сипаты мен көрнісін ескерту керек.

Егер зардап шегуші есінің сақталуының алғашқы кезеңінде құтқарылса, шошынуды кетіру шараларын жасап, ылғал киімді шешу керек, денені құрғағанша сүртіп, оны қымтап тастайды, ыстық сусын береді (шай, кофе).

Суға батушыны судан ессіз күйде алып шыққан кезде, алайда тыныс алу мен тамырлардың соғысы қанағаттанарлық болса 40-500-қа екбетінен көтеріп, мүсәтір спиртін иіскетуге береді, аяқ-қол мен кеуде клеткаларын ысқылайды.

Суға батқан кезде немесе құтқарғаннан кейін бірден естің қысқа уақытқа жоғалуы күрделі асқынулардың ықтималдығы туралы елеулі ескертулер екендігін есте ұстаған жөн. Зардап шегушіні бүйірлей жатқызған күйде алып кетеді.

Зардап шегушіні жанталас немесе клиникалық өлім жағдайында алып шыққан кезде реанимация шараларының кезектілігі төмендегіше болуы тиіс:

- тыныс жолдары мен асқазаннан суды шығару;

- жасанды тыныс алдыру;

- қан айналымын қолдау.

Жоғары тыныс жолдарын босату мынандай ретпен жүргізіледі. Ауыз қуысын тез қарап дәкі салфеткасы оралған сұқ саусақпен алынбалы протезді алады, ауызды сілекейден балшықтан тазартады. Бұдан кейін таңдай қуысының бөгде заттармен кептелгендігін анықтау үшін саусақты сақтықпен қозғалтады.

       
   
 

Тыныс жолдары мен асқазан су мен көбікті шығару, суға батушыны екбетінен жатқызып оны құтқарушы аяғын бүгілген тізесіне тірейді және кеуде клеткаларын қысады, алайда бұл кезеңге бар-жоғы бірнеше секунд қана жұмсалу тиіс (24 сурет).

24 сурет. Сұйықтан тыныс алу жолдарын 25 сурет. Бинттеуден бұрын жараның

босату маңайын тазалау

 

Тұншығуоттегінің күрт жетіспеушілігі және организмде улы газдың жинақталуы нәтижесінде болады. Өкпеге оттегінің кенеттен және толық тоқтауы нәтижесінде қазаға ұшырау тұншығу деп аталады. Бас миының клеткаларына кеудедегі газ алмасуының тоқтауы нәтижесінде оттегінің баруы тоқтайды. Оттегілік аштық дамиды және зардап шегуші есінен айырылады.

Тұншығу ауа жүретін жолдардың, әсіресе жұтқыншақтың қысылуы (қолмен, ілгекпен), ауа жүретін жолдарының суға (суға бату), сілекейге, құсыққа, топыраққа толуы, жұтқыншақ қуысының басқа денемен немесе жабысқан тілмен жабылуы (наркоз есі жоқ жағдайда), улы заттардың (у, эфир, иісті газ) немесе бас миының жарақаты нәтижесінде пайда болуы мүмкін.

Алғашқы көмек тыныс жолдарына қысымды жасанды көтеруге негізделген бірқатар әдістің көмегімен басқа затты алудан басталады. Сырт жағынан тыныс жолдарының жабылуынан болған тұншығу кезінде қысушы факторды жояды және жасанды тыныс алдыруға, ең жақсысы «ауыздан-ауызға» немесе «мұрынға - ауыз» әдісімен жасанды тыныс алдыруға кіріседі.

Егер тұншығу нәтижесінде клиникалық өлім болса, бұдан соң онда алғашқы 5-8 минутта зардап шегушіні жүрек, өкпе реанимация әдісімен тірілтуге болады (жүректің жабық сылауына қараңыз).

Иіс тию -сол ортада көміртегі қышқылы шектен тыс көбейіп, оттегі азайып кеткен жағдайда болады. Онық белгілері - бас ауыру, айналу, бара-бара есінен айырылу. Үйде - пештегі түтінен, гаражда - машинаның қозғалтқышынан шыққан улы газдан адам улануы мүмкін. Мұндайда адамды дереу далаға шығарады. Мойнындағы түймесін, галстугін және белбеуін босатып, киімін жеңілдету қажет. Тыныс алысы тоқтаса қолдан демалдырады.

Зардап шеккендерді тасымалдау және жараға

таңғыш қою арқылы қорғау.

Микробпен зақымдалған жараны жұқтырмалы, ал осы арқылы пайда болған ауруды жара инфекциясы деп атайды. Микробтар жараға жарақаттаушы заттармен ағаштың қабығымен, жердегі түйіршіктерден, ауадағы тозаңнан, жараның төңірегін қолмен ұстау арқылы енеді.

Асептика - жараны микробтардың зақымдануынан қорғау әдісі. Бұл үшін жарамен түйсетін затта микроб болмау тиіс. Мүлдем микроб жоқ материалдар мен заттар тазартушы деп аталады. Материалдар мен аспаптардағы, басқа заттардағы таңғыштың микробтарын толық жою тазартқыш деп аталады.

Антисептика-жараға түскен бактерияларды,микроорганизмдердің

өлтіретін немесе олардың тіршілігін әлсірететін антибиотиктерді химиялық және биологиялық заттарды қолдану жолымен жою. Антисептиктер ретінде хлорамин ертіндісі, йод тұнбасы, спирт, сутегі қолданылады.

Механикалық антисептика жараны алғашқы хирургиялық емдеу кезінде жүргізіледі.

Физикалық антисептика жарадағы микробтар үшін қолайсыз жағдай жасайды, атап айтқанда бұл жараны құрғатады, жарадан сұйық суды сыртқа шығарады. Микробтарды күн сәулесі мен жасанды ультра күлгін сәуледе өлтіреді.

Химиялық антисептика микробқа қарсы қабілетке ие әр түрлі дәрі-дәрмекті қолдануға негізделген. Йод тұнбасы, этил спирті, хлорамин, риванол, калий перманганаты сияқты антисептиктер жиі қолданылады. Антисептиктер вишневский майы сияқты бірнеше заттан құралуы мүмкін.

Биологиялық аитисептиктер жара инфекциясынан сақтандыру мен емдеу үшін пайдаланылатын антибиотиктер жатады.

Жарақатқа таңғыш қанның ағуын тоқтату, ауруды басу, қосымша зақымданудан және микроб түсуінен ескерту үшін қойылады. Таңу материалы ретінде дәке, бинт, салфетка, мақта, лигнин (ағаш мақта), кіші және үлкен медициналық таңғыш, жеке таңғыш пакеті мен орамал пайдаланылады.

Пакетті пайдалану ережесі:

- резиналы жамылғының шетін тілігі бойынша ашу;

- алдымен бүгілген жерден түйреуішті алып қағаз тысты ашады;

- таңғыш материалды жастықшаның ішкі жағына, яғни жараға қойылған жоғарғы бетіне қол тигізбей жазады;

 
 

- егер жара тесіп өткен болса жастықшаның бірін аузына, ал екіншісін астыңғы саңылауға қояды. Бұдан кейін екі жастықшаны да орап дәкінің шетін түйреуішпен түйрейді.

 

26 сурет. Жеке таңғыш пакеті

Алғашқы көмек көрсету кезіндегі негізгі міндеттер: қанның кетуін тоқтату, жараны ластану мен жұқтырудан қорғау, қан кеткен кезде пайда болатын ауруларды ескертуге бағытталған шараларды жүргізу.

Жарақаттанудан кейінгі алғашқы сәтте қанның кетуі айрықшша қауіпті, сондықтан да кез-келген ықтимал әдіспен қанды тоқтатуға тырысу керек. Болмашы жараларға алғашқы медициналық көмек көрсету кезінде жараны мүмкіндігінше ыстық сумен, ал бар болса сутегі тотығымен шаяды. Бұдан кейін сыдырылған жерге йод немесе тотыяйын, яғни зеленка жағады. Үлкен жараны йодпен шаюға болмайды.

Инфекцияның жараға өтуін тоқтататын ең қарапайым әдіс оны өз уақытында таңып тастау. Таңғыш жараның тазалануына ықпал етеді, жараға енген микробтарды сорып алады.

Таңғышты ораған кезде міндетті түрде негізгі ережелерді ұстану керек. Таңған кезде жанға қатты батпау үшін, дененің зақымдалған бөлігін ұстап тұру керек. Бинтті оң қолмен жоғары қарай тарта ұстап, сол қолмен таңғышты ұстап, оның қыртысын жазып отыру керек. Бинтті солдан оңға қарай жарақаттың үстінен тоқтатпай орайды. Таңғышты оның қан айналымын бұзбау үшін аса қатты байламау керек. Алғашқы медициналық көмекті көрсеткен кезде, бастапқы таңғышты қоюдан бұрын сырқаттың жанын ауыртпай және жараны зақымдамай оның бетін ашу қажет. Сыртқы киімді шешеді немесе тігісі бойынша кеседі. Ең әуелі дененің сау жағындағы киімді содан кейін ауырған жағындағы киімді шешеді.

Зардап шегушілерді емдеу мекемесіне жеткізу кезінде оған қосымша зақымдар мен жанын қиналтпау үшін нақты ережелер мен талаптарды қатаң сақтау керек. Жарақатына байланысты әр түрлі жолмен тасымалдайды:

- басы, омыртқасы және аяқ-қолдары жарақаттанған есі бар зардап шегушілерді арқасымен шалқасынан жатқызып тасымалдайды, іші ашық жарақаттанған және жамбас сүйектері сынған болса, шалқасынан жатқызып, тізесін бүктіріп, тақымының астына киімнен, көрпеден домалақтап салады;

- талықсу кезінде шалқасынан, басын денесінен төмен салақтатып, аяғын биіктеу көтеріп алып жүреді;

- омыртқа зақымданғанда және адам есін білмегенде зардап шегушіні екбетінен жатқызады;

 
 

- кеуде клеткалары және жыныс мүшелері зақымданған кезде жартылай отырғызып, тізесін бүктіріп, тақымының астына киімнен, көрпеден домалақтап салып алып жүреді.

27 сурет. Кеуде клеткасы жараланғанда зақымданушыны тасымалдау

Жаралы адамды жұмсақ затпен орап, жылы ұстау керек. Іші жарақаттанған адамға су беруге болмайды.

Есінен айырылғандарға нашатыр спиртін иіскетеді, демалысы тоқтағандай болса, қолдан демалдыру амалын жасайды. Биікке көтерілетін болса ауру адамды горизонталдық бағытта жатуын қадағалау керек.

Жарақаттанған адамды жалпақ тақтайға, есікке, баспалдаққа, жинамалы төсекке салып алып жүруге болады. Кейбір жағдайда екі адамның қолынан кілт жасайды. Бұл әдіспен есінен айырылғандарды немесе қолы, аяғы жарақаттанғандарды алып жүреді.

Бас пен мойын жарақаты кезінде таңғыш қою тәртібі.

       
   
 

Басқа таңғышты - «тақияны» мынандай әдіспен қояды. 1 метрге жуық бинт кесіндісін төбеге қояды, оның ұшын (байламын) тік құлақ қалқанының алдынан төмен түсіреді. Басты айналдыра (28 сурет) отыра

28 сурет. Басқа‚ тақия‚ тәріздес 29 сурет. Басқа‚ ауыздық‚

таңғыш орау тәріздес таңғыш орау

 

байлайды (1), содан соң түйінге жеткен соң бинтті оның төңірегінен екі жағынанда орап қиғаштай желкеге жеткізеді (3), желке мен маңдай арқылы (2-12) кезекпен орап, бастың бүкіл шаштың бөлігін жабады (28 сурет). Бұдан кейін 2-3 айналдыра орап таңғышты бекітеді, таңғыштың ұшын иектің астынан бинтпен бекітеді.

Бас ауқымды жараланған кезде беттің үстіндегі олардың орналасуына орай‚ ауыздық‚ тәріздес таңғыш қойған жақсы. Маңдай арқылы (1) 2-3 рет айналдыра мығым орағаннан кейін бинтті желке арқылы (2) мойын мен иекке апарады, иекпен төбе арқылы бірнеше рет тіктей орайды (3-5), содан соң иектен бинт желкеге апарылады (6). Мойынды көмей мен иекті жабу үшін таңғыш (29 суретте) көрсетілгендей қойылады.

Мұрынға, маңдайға, иекке сақпан тәріздес таңғыш қояды. Бұл таңғыш енді бинтпен немесе ұзындығы 75-80 см мата кесіндісінен жасалады. Сол үшін таңғыштың ұшын екі жағынан оның ұзындығы 15-20 см орта бөлігі тұтас қалатындай есеппен айналдыра кеседі. Қиындының кесілмеген бөлігін қажетті жерге көлденең бағытта орайды.

Көзге таңғыш қою маңдай - желке арқылы айналдыра ораудан басталады (30 сурет), екінші айналымда желке төңірегінен мойынға жақынырақ түсіреді және құлақтан төменірек алып, бетті қамтып көздің жаны арқылы маңдайға апарады. Үшінші айналым-шеңберлік, бекітуші. Келесі айналымда жанай отырып желкеден құлақ, көздің үсті арқылы маңдайға апарады. Әрбір айналым сайын біртіндеп үстіңгі жаққа қарай орау арқылы көздің маңайын толық жабады. Сол және оң көзге таңғыш қою әдісінің ерекшелігі мынандай: оң көзді орау кезінде бүкіл бинтті солдан оңға қарай, ал сол көзді орау кезінде оңнан солға қарай байлайды.

30 сурет. Көзге таңғыш қою 31 сурет. Крест тәріздес таңғыш қою

 

Мойын, көмей немесе желке жараланған кезде крест тәріздес таңғыш салынады (31 сурет).

Бинтті орай отырып әуелі бастың маңдайын бекітеді (1,2), бұдан кейін жоғарырақ және сол жақтың артынан қиғаштап оны мойынға түсіреді (3). Бұдан кейін бинтті мойынның оң жақ бүйірдегі үстімен жүргізіліп, оның алдыңғы үстіңгі бетін жауып, желкеге қайтадан әкеледі (4), оң және сол жақтан жоғары өткізіп, орауды қайталайды. Таңғышты басқа айналдыра отырып бинт орамдарымен бекітеді.

 




©2015 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.