Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Стандарттар категориялары 16 страница



Штангенциркульдің өлшеу құрылымын тексеріп, өлшеуге түзетілгеннен кейін рамканы тексереміз. Егерде рамкідегі тежегіш винтті қатайтқанда, рамкіде сәйкессіздік орын алса, онда ол штангенциркульді өлшеуге пайдалануға болмайды.

 

Жұмыстың орындалу тәртібі

 

1. Штангенциркульдің құрылысын, түзетілуін және де бөлшектердің өлшемедерін өлшеу әдістерін оқып үйрену керек.

2. Өлшейтін өлшемдерді көрсетіп, бөлшектердің эскизін сызу керек. (Өлшемдерді оқытушы беру керек).

3. Штангенциркуль үшін төмендегіше метрологиялық көрсеткіштерді: өлшеу шектерін, негізгі шкаланың бөліктерінің құнын, келесі өрнек бойынша нониус шкаласының бөліктерінің аралығын анықтау керек:

 

b = l /n,

Төмендегі өрнек бойынша нониустың есеп алу дәлдігі анықталады:

 

L = c /n,

мұндағы l – нониус шкаласының ұзындығы, мм;

n – нониус шкаласы бөлігінің саны;
с – негізгі шкала бөлігінің құны, мм;

Δlim – шекті ағаттық (2, VII-қосымша).

Табылған мәндерді 1 – кестеге түсіру керек.

4. Өлшеуді жүргізу үшін штангенциркульдің жарамдылығын тексеру қажет.

5. Барлық берілген өлшемдерді өлшеуді орындау қажет.

6. Еске ала отырып. өлшеу қорытындыларын 2 – кестеге толтыру керек.

 

Штангенциркульдің метрологиялық сиппатамалры

1-кесте

Өлшеу үшін қолданылатын штангенциркульдің маркасы Метрологиялық көрсеткіштер
Прибордың өлшеу шегі, мм Негізгі шкала бөлігінің құны, мм Нониус шкаласының бөлігі ұзындығы, мм Нониус бойынша есеп алудың дәлдігі Мүмкінді шеттік ағаттықтар
Мына- дан Мына- ған дейін
             

Өлшеу қорытындылары

2-кесте

Сызбадағы өлшемнің белгісі Прибор көрсеткіштерін (штангенциркульдікі) Ағаттығымен ескере алынған өлшемнің мүмкін мәндері, мм
Ең жоғарғы Ең төменгі
       

Бақылау сұрақтары

1. Штангенциркульмен өлшеу қандай әдістермен жасалады?

2. Сіздер штангенциркульдің қандай метрологиялық сипаттамаларын білесіздер?

3. Штангенциркульде бүтін милиметрлер қалай аталады?

4. Нониусты шкала бойынша милиметрдің бөлшекті бөлігі қалай анықталады?

5. Штангенциркульдің көрсеткіші қандай ретпен есептеледі?

6. Жоғары дәлдікті штангенциркульдің өлшеу құрылымының беті не себепті сфера түрінде болады?

7. Штангенциркульдің негізгі және нониусты шкаласының нольдік штрихы сәйкес келмегенде қалай дәл келтіріледі?

 

3 – лабораториялық жұмыс

Микрометрдің құрылысын үйрену және бөлшектерді өлшеу

 

Жұмыстың мақсаты -микрометрдің құрылысымен және оның көмегімен

бөлшектердің өлшемдерін өлшеу әдістерімен танысу

керек;

Жұмыстың мазмұны -микрометрлік құрал-саймандардың түрлері және

құрылыстарымен, оны пайдалану әдістерімен танысу;

Приборлар мен қондыр-

ғылар -микрометрлер, өлшеуге арналған бөлшектер, схемалар,

сызбалар, оқулықтар;

Есеп берудің мазмұны -есеп беру үшін қысқаша орындалған жұмыстың мазмұны,

кестелердің толтырылуы, суреттер мен сызбалар, бақылау

сұрақтарына жауаптар жазылуы керек.

Әдебиеттер 1. Серый И.С. Взаимозаменя емость, стандартизация и

технические измерения.М. Агропромиздат, 1986.

2. Якушев А.И. Взаимозаменя емость, стандартизация и

технические измерения М.Машиностроение, 1986-352 с.

3.Васильев А.С Основы метрологии и технические

измерения : учеб пособие- М.:Машиностроение, 1988-240 с.

4. Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім

сапасын басқару (оқулық)- Алматы, Республикалық баспа

кабинеті, 1996ж., 140 бет

5.Қодар Е.Т. Өзара ауыстырымдылық, стандарттау және

техникалық өлшеулер. оқу құралы. Қызылорда: ҚМУ

ақпараттық есептеу орталығы,2002-62 бет.

6. Журавлев А.Н. Допуск и технические измерения.

М.Высшая школа, 1981-256 с.

7. Деграф Г.А., Утенов К.К. Өзара ауыстырымдылық,

үлгіқалыптау және техникалық өлшеу. Әдістемелік

нұсқаулар. Алматы. ҚазАШИ баспаханасы, 1994. 27 бет

Микрометрлер

Кез келген микрометрде қапсырма болады, сол жағының шетінде сығымдалып қатырылған өкше орналасқан. Егерде өлшеу шегі 300 мм артық болса, ауыстырмалы ұзартылған өкше орнатылады. Өкешелерді стеблдің, барабанның және жылжымалы өкшенің микровинтімен байланысы арқылы орналастырады. Барабан, орналастыру қалпақшасы зырылдауықдың құрылымымен қосылған.

Өлшеу үшін бөлшекті микрометрдің өкшелерінің арасында ұстап тұрып, барабанды зырылдауық арқылы бұрай отырып, жылжымалы өкшені бөлшекпен жанасқанша жылжытамыз. Зырылдауықтың басы бос айналғаннан кейін, өлшеу кезінде алынған өлшемді алу үшін микровинтті рычагты тоқтатқышпен тежейміз, содан соң есепке аламыз.

Микрометрдің өлшеу шегі 0-ден 600 мм дейін, ұзындық аралығы 25 мм сайын (300 мм дейінгі) және ұзындық аралығы (300 мм кейінгі) болып келеді. Өлшеу алдында микрометрдің стеблі мен барабанның нолдік штрихтарының дәме-дәл сәйкес келуін тексеруіміз керек. Егерде нольдік штрихтары дәлме-дәл сәйкес келмесе, онда микрометрдің дұрыстығын келтіру қажет.

 

Тапсырманы орындау тәртібі

Микрометрлік құралмен өлшеуде үш өлшемнің біреуі берілген мәні болып табылады. Олардың әрқайсысы белгілі шекті өлшемді приборларды пайдалану үшін арналған.

  1. Құрылысын, реттеуін және дұрыстығын келтіруді оқып үйрену.
  2. Берілген өлшемдерді көрсетіп, бөлшектердің эскизін бері керек.
  3. Микрометр үшін төмендегідей метрологиялық көрсеткіштерді анықтау керек.

а) шекті өлшеулерді;

б) микрометрлік қалпақшадағы стеблдің бөліктерінің құнын, мм;

в) барабандағы бөліктердің құнын, мм.

 

Барабандағы бөліктердің құнын мына өрнек бойынша табады:

 

C = t /n,

мұндағы t – микровинттің бұрандасының қадамы;

n – барабандағы бөліктердің саны.

г) құралдың пайдалану шегіндегі пайда болу мүмкін шекті ағаттығы;

  1. Барлық құралдарды тексеру және дұрыстығын келтіру керек.
  2. Құралдың мүмкіндігін ескере отырып, барлық берілген өлшемдерді өлшеу қажет.

 

Өлшенген өлшемдердің ағаттықтарын ескере отырып, төмендегіше табу керек:

 

Dмум. мах = Dпр + Δlim;

Dмум. мin = Dпр +Δlim;

мұндағы Dмум - өлшеудегі ағаттыққа байланысты пайда болуы мүмкін өлшем;

Dпр – прибордың көрсеткіші бойынша алынған өлшем;

Δlim – прибордың шекті ағаттығы.

6. Барлық мәнді 3,4 – кестеге түсіру керек.

 

 

Микрометрдің метрологиялық сипаттамасы

3-кесте

Өлшеуде қолданылатын құрал-сайман Метрологиялық көрсеткіштер
Өлшемге Аты және маркасы Прибордың өлшеу шектері, мм Стебіл шкаласындағы бөліктердің құны, мм Барабан шкаласы бойынша есеп алудың дәлдігі, мм Пайда болуы мүмкін шекті ағаттықтар
           
           
           
           
             

Өлшеу қорытындылары

4- кесте

Өлшеу қорытындылары Өлшем үшін Δlim мәні, мм Δlim – байланысты пайда болуы мүмкін шекті өлшемдер, мм
өлшем бойынша қорытынды max min
         
         

 

 

Бақылау сұрақтары

1. Микрометрлік құрал – саймандар немен сиппаталады?

2. Қолдануда қандай жалпыға арналған микрометрлік құрал саймандар бар?

3. Микрометрлер қандай түрлерге бөлунеді және олар не үшін арналған?

4. Зырылдауық не үшіг қолданылады?

5. Микрометрлік құрал саймандардың бөліктерінің құны неге тең, олар қалай аталады?

6. Микрометрлік құрал саймандардағы көрсеткіштер қалай аталады?

 

 

4 – лабораториялық жұмыс

Өлшеу құралдарын таңдау және өлшеу нәтижесі арқылы бөлшектердің жарамдылығын анықтау

Жұмыстың мақсаты -бөлшектердің жарамдылығын анықтаумен және әртүрлі

дәлдікпен жасалған бөлшектерді өлшеу үшін өлшеу

құралдарын таңдау әдістерімен танысу;

Приборлар мен қондыр-

ғылар -өлшеу құралдары, шекті ұзындық мөлшері, бөлшектер,

әдістемелік нұсқаулар;

Есеп беру мазмұны -есеп беру-орындалған жұмыстың мазмұнынан, өлшеу

құралдарын таңдау әдістерінен, берілген бөлшектерді

өлшеу үшін таңдап алынған құралдардың тізімінен,

бақылау сұрақтарына жауап беруден тұрады.

Әдебиеттер 1. Серый И.С. Взаимозаменя емость, стандартизация и

технические измерения.М. Агропромиздат, 1986.

2. Якушев А.И. Взаимозаменя емость, стандартизация и

технические измерения М.Машиностроение, 1986-352 с.

3.Васильев А.С Основы метрологии и технические

измерения : учеб пособие- М.:Машиностроение, 1988-240 с.

4. Әубәкіров Ғ. Метрология, стандарттау және өнім

сапасын басқару (оқулық)- Алматы, Республикалық баспа

кабинеті, 1996ж., 140 бет

5.Қодар Е.Т. Өзара ауыстырымдылық, стандарттау және

техникалық өлшеулер. оқу құралы. Қызылорда: ҚМУ

ақпараттық есептеу орталығы,2002-62 бет.

6. Журавлев А.Н. Допуск и технические измерения.

М.Высшая школа, 1981-256 с.

Қысқаша теориялық мағлұматтар

Бұйымдарды бақылау үшін өлшеу құралдарын таңдауда метрологиялық (бөліктер құны, өлшеу ағаттығы және тағы басқалар) пайдалану және экономикалық көрсеткіштер жиынтығын ескеру қажет. Пайдалану және экономикалық көрсеткіштерге мыналар жатады: өлшенетін өлшемдердің қайталануы (жалпылама) және оны бақылауға мүмкіндіктің болуы, өлшеу құралдарының бағасы мен сенімділігі, жұмыс жасау ұзақтығы (жөндеуге дейін), дұрыстығын келтіру мен өлшеу процесіне жұмсалатын уақыт, массасы, габариттері және жұмыс күші.

Дәлдік шегімен өңдеудегі бұйымдарды өлшеу кезінде өлшеу құралдарын дұрыс таңдау үшін өлшеу ағаттығы мөлшерінің өңдеідегі дәлдік шегі мөлшеріне проценттік қатынасын анықтайды. Бұл стандартты анықтамадан жарамды ағаттығымен өлшеніп алыңған өлшем, нақтыөлшем деп аталады. Өлшеудің дәл орындалғаны дұрыс, бірақ жоғарғы дәлдікті өлшеу құралдарын пайдалану көтеріңкі құндылығымен және өлшеу жұмысының көптігімен тиімсіздеу болып келеді.

СТ – СЭВ 303-76 арқылы 500 мм дейінгі жарамды ағаттықты өлшеулер өлшему өлшеу құралдарын таңдау үшін реттелген. Өңдеудегі дәлдік шегіне байланысты жарамды ағаттықты өлшеу мәнін ЕСДП СЭВ және халықаралық СДП ИСО стандарттары қарастырады.

Жарамды ағаттықтардың мәндері VI-қосышада [1, 240 б] берілген. Олар ағаттықтар шегі қатарымен және 500 мм дейінгі өлшемдер аралығымен байланысты. Жарамды ағаттықтардың өлшеу шегі 20-дан 35 процентке дейінгі дәлдік шегі (квалитеттерді ескере) мөлшері есебі арқылы (орташа) алынған. Жарамды ағаттықтардың өлшеу шегі өлшеудегі ең үлкен жарамды ағаттық болып, өлшеу құралдарының ағаттығынан, өлшеуді кабылданудан, температуралық деформациядан және де с.с. тұрады.

Жарамдылық шегінен аспайтын, ағаттықты өлшеумен алынған өлшем мәндері, нақты деп кабылданады. Арбитражды қайта тексерілгенде қабылданған бөлшектердің өлшеу ағаттығы кабылданған бөлшектің жарамды ағаттығы шегінің 30 процентінен аспауы керек.

1-ден 500 мм дейінгі өлшемдер үшін өлшеу құралдарын таңдауда жалпы машина жасаудың типтиік басшылығы қолданылады.

Өлшеу ағаттықтары әртүрлі себептерге байланысты; өлшеу құралдарын жасаудағы сапасына, олардың пайдаланудағы жағдайына, дәлдік өлшеуіне, яғни сол арқылы өлшеу құралдары берілген өлшемге дұрыс келтіруге, температураға, ылғалдылыққа, атмосфералық қысымға, өлшеуінің жұмыс кезінде қозғалысына.

ГОСТ 8.050-73 арқылы әртүрлі сызықтық және бұрыштық өлшеудің қалыпты жағдай орындалуы реттелген. Стандарт арқылы негізгі әсер етуші мөлшердің қалыпты мәндері бекітілген: айналаны қоршау температурасы -20ºС; атмосфералық қысым 101324,72 Па, айналадағы ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 58% және тағы басқалар болып.

Өлшеу дәлдігін көтеру үшін қажеттіліктер:

1. Дәлірек өлшеу құралын алу

2. Жоғарғы разрядты шектік мөлшермен шкаланы нольдік орынға келтіру

3. Өлшеу тәжірибесі мол адамға тапсыру, қажет жағдайда өлшеу процесін механикаландыру немесе автоматтандыру керек

4. Өлшеу құралымен өлшенетін бұйымның температурасын теңестіру қажет, өлшеуді 20ºС жүргізген дұрыс

5. Жауапты өлшемдер бойынша бөлшекті жасаған кезде, беттің пішінінің ауытқуын дәлдік шегімен шектеу қажет

6. Өлшеуді бірнеше рет жүргізіп, нақты өлшем ретінде орташа мәнді қабылдау қажет.

 

Өлшеу құралдарын таңдау әдістемесі

 

Мысал ретінде төлке үшін өлшеу құралдарын таңдау әдістемесі арқылы қарастырамыз. Ол үшін төмендегідей өлшемдерді аламыз: сыртқы диаметрі- Ф78һ5; ішкі диаметрі Ф60һ8; төлкенің ұзындығы- 110һ12ү VI-қосымша [1] кестесі бойынша JT өлшеміне дәлдік шегін және оларды өлшеудегі жармады ағаттықтарын табамыз.

 

Ф 78 һ 5; JT = 12 мкм; δ = 4 мкм;

Ф 60 h 8; JT = 46 мкм; δ = 12 мкм;

110 һ 12; JT = 350 мкм; δ = 70 мкм;

 

Өлшеу құралдарын таңдау шарты : Δlim≤δ,

мұндағы Δlim – берілген өлшемді өлшеу құралдарының шекті ағаттығы.

Кестелерді пайдалана отырып [3, VIII,IX,X,XI - қосышалар]

5ºС дейінгі температуралық режимде бөлшектердің өлшемін өлшеуге сәйкес: сыртқы диаметр үшін-0,002 мм, бөліктік құны бар рычагты қапсырма – δ = 4 мкм; ішкі диаметр үшін бір айналу шегіндегі 0-дік дәлдік класындағы индикаторлы ішкі өлшеуіш – δ-12 мкм; ұзындығын өлшеу үшін – 0,002мм, есеп алу бар штанген циркуль – δ = 45мкм (немесе тегісті микрометр, 2 класты, δ = 15 мкм).

 

Жұмыстың орындалу тәртібі

 

1. Әдістемелік нұсқаулар мен әдебиеттер арқылы өлшеу құралдарын таңдау әдістерімен және бөлшектердің жарамдылығын анықтаумен танысу керек.

2. Бөлшектердің берілген өлшемдері үшін өлшеу құралдарын таңдап алып, қорытындыларын 5 кестеге түсіру қажет.

3. Өлшеуді жүргізіп, бөлшектің жамардылығын анықтау кажет.

5-кесте

Бөлшек   Өлшенетін өлшем   Сызбадағы дәлдік шегі аумағының сандық мәні   Дәлдк шегі JT, мкм   Өлшеудегі жамарды шекті ағаттық, δ , мкм   Таңдап алынған өлшеу құралы, Δlim, мкм   Өлшеу қорытындысы, мм  
             

 

Бөлшектің жарамдылық бағасы ................................................................................

(жарамды,жарамсыздық,жөндеуге жарамдылық,жарамсыз)

Бақылау сұрақтары

1. Өлшеу құралдарын таңдауда қандай көрсеткіштер ескертіледі?

2. Өлшеу құралдарын таңдау әдістемесі жөнінде айтыңыз?

3. Өлшеу дәлдігін қандай шаралар арқылы көтеруге болады?

4. Өшеу приборларын қолдану ережелері қандай?

5. Өлшеу қорытындысы бойынша бөлшектің жарамдылығы қалай анықталады?

6. Сызықтық және бұрыштық өлшеуді орындаудың қалыпты жағдайы калай?

 

5 – лабораториялық жұмыс

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.