Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Стандарттар категориялары 6 страница



Аралас әдіс бойынша өнімнің сапалық деңгейі төмендегіше бағаланады:

- біркелкі сапа көрсеткіштерін топтарға біріктіріп, әрбір топтар үшін өздеріне сәйкес кешенді көрсеткіштерін анықтайды (өте қажетті сапа көрсеткіштерін топтарға біріктермей-ақ, оларды жекелей түрінде қолданады);

- алынған сапаның кешенді көрсеткіштерін топтар бойынша қарастырады да, бөлектенген жекелей көрсеткіштерді дифференциалдық әдісті қолдана отырып бағалайды.

Әртүрлі кәсіпорындардың қызметтерін салыстырудағы қажеттілік кезіндегі әртекті өнімдердің сапасын бағалауда сапа индексі қолданылады.

Өнімнің сапа индексі – қарастырылатын кезеңдегі әртүрлі өнім сапасының салыстырмалы көрсеткіштерінің орташа өлшеулі мәніне тең әртекті өнім сапасының кешенді көрсеткіші.

Өнімнің сапа индексін анықтауда оның құны мен сапасы ескеріліп, әрбір өнімнің сапа деңгейін өзгермелі етіп алады да, ал базалық және қарастыратын кезеңдер үшін құнды өзгермейтін етіп қабылдайды.

Егерде қарастырып отырған әрбір өнімнің сапасы басты көрсеткіштердің кез келген біреуімен толыққанды сипатталатын болса, онда өнімнің сапа индексін төмендегі өрнек арқылы табуға болады:

, (7)

 

мұндағы - өнім түрлерінің саны;

- ағымды мерзімдегі - түріндегі өнімнің саны;

- түріндегі өнім сапасының салыстырмалы басты көрсеткіші;

- - түріндегі өнімнің көтерме құны, тг.

Егерде кәсіпорынның (саланың) барлық өнімдерін сапаға аттестаттаудың нәтижесінде сапаның үш категориясына бөліп, әрбір сапа категориясына белгілі бір бағалау баллы берілсе, онда өнім сапасының индексі төмендегідей өрнек бойынша анықталады:

 

, (8)

 

мұндағы - бағаланатын өнімнің орташа баллы;

- базалық салыстыру үшін қабылданған өнімнің орташа баллы.

Өз кезегінде, бағаланатын өнімнің орташа баллы:

 

, (9)

 

мұндағы - сапа категорияларының саны;

- қарастырылған кезеңдегі сапаның -лік категориялы шығарылған әртекті өнімдерінің қосындысы,

- сапаның -лік категориялы баллы.

Егерде бағаланатын өнімнің сорты болатын болса, онда оның сапалық деңгейі сорттық коэффициент арқылы, төмендегі өрнек бойынша анықталады:

 

, (10)

 

 

бұл жерде өнім сортының саны;

- сортындағы лік түріндегі өнімнің бағасы,

- сортындағы лік түріндегі шығарылған өнімнің көлемі;

- жоғары сортты лік түріндегі өнімнің бағасы.

Кейбір кезде сапа деңгейін анықтаудан гөрі жалпы ағымдағы кемшілікті өнімдердің бөлігін тапқан ыңғайлылау. Бұл үшін қарастыратын кезеңдегі әртүрлі өнімдердің салыстырмалы кемшілікті коэффициентінің орташа өлшеулі мәніне тең әртекті өнімдердің сапасының кешенді көрсеткіші – кемшілікті өнімді есептеп, оны төмендегі өрнек бойынша анықтайды:

 

, (11)

мұндағы - қарастыратын кезеңдегі - түрінде шығарылған өнімдер қосындысы;

- түріндегі өнімдердің салыстырмалы кемшілікті көрсеткіштері.

 

, (12)

 

мұндағы - қарастырып отырған өнімнің кемшілікті көрсеткіші;

- базалық өнімнің кемшілікті көрсеткіші.

Өз кезегінде, кемшілікті көрсеткіш өнім бірлігіне келетін орташа өлшеулі кемшіліктер саны ретінде табылады.

 

, (13)

 

мұндағы - таңдаудағы өнім бірлігінің саны;

- ти түріндегі кемшіліктің салмақтық коэффициенті, теңге түрінде кемшілікті жою бағасы;

- таңдау кезінде анықталған - ти түріндегі кемшіліктер саны;

қарастырылатын өнімде кездесетін кемшіліктер түрінің барлық саны.

Өнім сапасы жақсарғанда Ик <1, нашарласа Ик> 1 болып келеді.

Сапа көрсеткіштері - өнімнің мақсатын, сенімділігін, технологиялылығын, стандарттау мен унификаттау деңгейлерін, сондай-ақ эргономикалық, эстетикалық, экологиялық қасиеттерін, патенттік – құқықтық аспектілерін және тасымалдылық, қауіпсіздік, экономикалық параметрлерін сипаттайтын өзара байланысты көрсеткіштер жиынтығы.

Өнімнің сапа көрсеткіштерінің жалпы жиынтығын, оның қасиетін сипаттайтын жеке және кешенді көрсеткіштерге, сондай-ақ оның сапасының деңгейін білдіретін жалпылама көрсеткіштерге бөлуге болады.

Жалпылама көрсеткіштер шығарылатын өнімнің түрі мен мақсатына қарамай сапасын сипаттайды. Оларға, дербесжағдайда, белгілі топтық өнімнің жалпы шығарылуындағы алғы, өте тиімді жеке бұйым түрлерін өндірудің көлемдік және үлестік салмағын, сондай-ақ жоғары сапалы өнімді пайдаланудағы экономикалық тиімділік мөлшерін жатқызуға болады. Жалпылама көрсеткіштерге, сондай-ақ бірқатар өнеркәсіп салаларындағы өнімдердің сорттылық көрсеткіштері де жатады. Сапаның жалпылама көрсеткіштері өнеркәсіптер, ғылыми-зерттеу және жобалау-конструкторлық мекемелер жоспарларында қолданылады.

Сапаның дербес және кешенді көрсеткіштері, шығарылатын өнім ерекшеліктері мен оны өндіру сипатын ескере, сапаны жақсарту жөніндегі нақты тапсырмаларды анықтау үшін қолданылады. Олар конструкторлар мен технологтар жұмыстарында өнім жасау мен жаңаларын игеру және бұрын игерілгендерді жаңартуда (модернизациялау), оларды өндіруді техникалық бақылау мен басқа да мақсаттарда пайдаланылады.

Өнімнің сапа көрсеткіштерінің барлық жиынтығын түрлі белгілері бойынша топтастыруға болады:

- сипаттайтын қасиеттері саны (дербес және кешенді);

- өнімнің түрлі қасиеттеріне (сенімділік, технологиялық, эргономикалық және басқа көрсеткіштері) қатынасы;

- анықтау сатылары (жобалық, өндірістік және эксплуатациялық);

- анықтау әдісі (есептеу, эксперименттік, сараптау);

- сапа деңгейін бағалауға пайдалану сипаты (базалық және салыстырмалы);

- өрнектеу тәсілі (размерсіз – балл, пайыз және размерлі бірліктер өлшемімен берілетін көрсеткіштер).

Өнімнің техникалық деңгейі мен сапасын бағалауда сапа көрсеткіштерінің келесідей негізгі топтарын пайдаланады:

- өнімді дайындау мен жөндеуде жоғары еңбек өнімділігін қамтамасыз етуге конструкторлық-технологиялық шешімдердің тиімділігін сипаттайтын технологиялылық көрсеткіштері;

- өнімде стандартталған бұйымдарды пайдалану дәрежесі және өнімдер құрамдас бөлшектерінің унификатталу деңгейін сипаттайтын стандарттау мен унификаттау көрсеткіштері;

- «адам-бұйым-орта» жүйесін сипаттайтын және өндірістік, тұрмыстық процестерде көрінетін адамның гигиеналық, психологиялық, антропометрлік, физиологиялық, психологиялық-физиологиялық қасиеттері кешенін ескеретін эргономикалық көрсеткіштер;

- айқындылық, ерекшелік, үйлесімділік, тұтастылық, орта мен дәстүрге сәйкестілік және тағы басқа да осылар сияқты өнім қасиеттерін сипаттайтын эстетикалық көрсеткіштері;

- елімізде және шетелдерде бұйымдарды патенттік қорғау дәрежесін, сондай-ақ олардың патенттік тазалығын сипаттайтын патенттік-құқықтық көрсеткіштер;

- өнімді әзірлеу, жасау және эксплуатациялау (немесе тұтыну) шығындарын, сондай-ақ эксплуатацияның экономикалық тиімділігін көрсететін экономикалық көрсеткіштер.

Қазіргі кезде жоғарыда аталған дәстүрлі көрсеткіштер топтарынан басқа, өнімнің техникалық деңгейі мен сапасын бағалауда қауіпсіздігі мен тасымалданымдылығы, біркелкілігі көрсеткіштері пайдаланылады.

 

Лекция

5.1. Сертификаттаудың мағынасы мен мазмұны

Сертификаттау латыншадан аударғанда «дұрыс жасалған» деген ұғымды білдіреді. Ол үшін қандай талаптар қарастырылып отырғанын, сол талаптарға сәйкестігін бақылаудың түрін анықтап алу қажет.

Бақылаулар, негізінен сынақ зертханаларында іске асырылады.

Берілген талаптарға сәйкестік дәрежесін жүйелі түрдегі тексеруді сәйкестік бағасы деп атайды.

Сәйкестік бағасын «үшінші жақтың» сынақтан өткізуінің нәтижесі бойынша анықтайды. «Тасымалдаушы» (бірінші жақ) мен «сатып алушыларға» (екінші жақ) тәуелсіз қызмет орнын «үшінші жақ» деп атаймыз.

Сәйкестік бағасы сәйкестікке тексерумен, сәйкестікті қадағалаумен және сәйкестікпен қамтамасыз етулермен тығыз байланысты.

Сәйкестікке тексеру - өнімнің (процестің, қызметтің) қабылданған талаптарға дәлелдемелер бойынша сәйкестігін мақұлдау.

Сәйкестікті қадағалау - өнімнің (процестің, қызметтің) қабылданған талаптарға сәйкес жұмыс жасап жатқандығына көз жеткізудегі қайта бағалау.

Сәйкестікпен қамтамасыз етілу - өнімнің (процестің, қызметтің) берілген талаптармен қамтылуы жайлы мәлімделуі болып табылады.

Тасымалдаушының сәйкестік туралы мәліметі - өнімнің берілген талаптарға сәйкес келуі жайындағы жазбаша кепілдік беруі, яғни ол каталогте, пайдалану жайлы басшылықта, этикет түрлерінде болып келеді.

Сертификаттау туралы заң Қазақстан Республикасындағы өнімдерді, сапа жүйелері мен өндірістерді (бұдан әрі қарай процестерді), сертификаттаудың құқықтық негіздерін белгілейді, сертификаттау саласындағы қатынастарды реттейді, сертификаттауға қатысушылардың құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін анықтайды /2,8/.

Осы заңда төмендегідей ұғымдар пайдаланылады:

1) тіркеу – уәкілетті мемлекеттік органның сертификаттау жөніндегі орган немесе сынақ зертханасы (орталығы) ретіндегі белгілі бір салада жұмысты жүзеге асыруға ұйымның құқылы екендігінің ресми тануы;

2) тіркеу аттестаты - белгіленген қызмет саласында сертификаттау жөніндегі органның немесе сынақ зертханасының (орталығының) нақты жұмыстарды орындауға деген құқығын куәландыратын, мемлекеттік сертификаттау жүйесі ережелеріне сәйкес берілетін құжат;

3) аудит (сертификаттаудағы)– сертификаттау жөніндегі тіркелген органдардың (немесе) сынақ зертханаларының, орталықтарының қызметіне тәуелсіз талдау жасау, сондай-ақ өтініш берушінің бастамасы бойынша жүргізілетін сертификатталған өнімдердің, процестердің, жұмысы мен қызметінің белгіленген талаптарға сәйкестігін бақылау;

4) Қазақстан Республикасының мемлекеттік сертификаттау жүйесі (мемлекеттік сертификаттау жүйесі)-өз құзырет шегінде сертификаттау саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың және Қазақстан Республикасындағы сертификаттау және тіркеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу тәртібін белгілейтін нормативтік құжаттардың жиынтығы;

5) сертификаттау жөніндегі органдардың және сынақ лабораторияларының (орталықтарының) қызметін мемлекеттік бақылаустандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органының және оның мемлекеттік қадағалау жөніндегі аумақтық бөлімшелерінің сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар мен сынақ лабораторияларының (орталықтарының) нормативтік құжаттарды бұзу фактілерін анықтауға, жолын кесуге, жоюға бағытталған қызметі;

6) сәйкестік туралы декларацияжеткізіп берушінің, дайындаушының, сатушының өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін куәландыратын, мемлекеттік сертификаттау жүйесі белгілеген нысанадағы құжаты;

7) өтініш беруші-өнімді, процесті, жұмысты, қызмет көрсетуді, сертификаттауға ұсынған және оның сапасы мен қауіпсіздігіне жауап беретін немесе заңды тұлға (дайындаушы, сатушы, атқарушы);

8) сәйкестік белгісімемлекеттік сертификаттау жүйесінің ережелеріне сәйкес қолданылатын, осы өнімнің, процестің, жұмыстың, қызмет көрсетудің нақты стандартқа немесе басқа нормативтік құжатқа сәйкес екендігін, қажет сенімнің қамтамасыз етілетінін көрсететін белгіленген тәртіппен қорланған белгі;

9) инспекциялық бақылаусертификаттау жөніндегі тіркелген органдардың тарапынан сертификатталған өнімнің, процестің, жұмыстың, қызмет көрсетудің белгіленген талаптарға сәйкестігіне бақылау жасау;

10) өнімнің бірдейлігібелгілі бір өнімді өндіру, оның айналасы, пайдаланылуы саласында айырым белгілері бойынша біркелкі танылуын қамтамасыз ететін рәсім;

11) сынақ зертханасы (орталығы)-өнімнің құжатталаптарына сәйкестілігін жүргізетін орталық;

12) сертификаттау жөніндегі нормативтік құжат сертификаттау жөніндегі қызметтің алуан түрлеріне немесе оның нәтижелеріне қатысты нормаларды, ережелерді, сипаттамаларды, белгілейтін стандарттау туралы құжат;

13) өнімді, үрдістерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі органмемлекеттік сертификаттау жүйесі белгіленген тәртіппен, белгілі бір қызмет саласында сертификаттау жөніндегі жұмыстарды жүргізуге тіркелген заңды тұлға;

14) мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізімісәйкестік сертификаттарын, сертификаттау жөніндегі органдар мен сынақ зертханаларын (орталықтарын), сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторларды, сертификаттау саласындағы нормативтік құжаттарды тіркеу есебінің құжаты;

15) сертификаттау дайындаушы (сатушы, атқарушы) мен тұтынушыға сатып алушыға тәуелсіз мекеменің, өніміне, жұмысына қызмет көрсетудің нормативтік құжаттарының белгіленген талаптарға сәйкес жазбаша растауы;

16) сертификаттау - өнімнің, процестің, қызметтің берілген талаптарға сәйкестігіне үшінші жақтың жазбаша түрде кепілдік беруі болып табылады;

17) тауардың шығу тегінің сертификаты-өнімнің шығарылған және куәландырылған құжаты;

18) сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудитор- белгілі бір қызмет саласында сертификаттау немесе тіркеу жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін белгіленген тәртіппен аттестатталған маман.

5.2. Сертификаттаудың мақсаты мен принциптері

Сертификаттаудың негізгі мақсаты – адамның өмірі мен денсаулығын, қоршаған ортаның қауіпсіздігін қамтамасыз ететін өнім мен оған жасалатын қызметтің сапасын бағалап, тұтынушының мүддесін қорғау.

Қазіргі кездегі республикамызда өндірілетін және шет елдерден әкелініп жатқан азық-түлік, шикізаттар мен тағамдық өнімдер адам өмірі үшін қауіпсіз, сапасы да сұраныс деңгейінде болуы тиіс.

Өндірілетін тауардың және көрсетілетін қызмет сапасы тұтынушылардың сұраныс талабына сай болуы үшін, өндірістің сапа көрсеткішін және өнім мен қызмет сапасын сертификаттап, жоғары сапалы тауар шығаруға, ол өнімдердің (қызметтердің) сапасы ішкі және халықаралық бәсекелестікке лайық қамтамасыз етеді.

Азық-түлік шикізатын және тағамдық өнімдердің сапасын сертификаттау үшін арнаулы білімі бар, білікті және тәжірибелі мамандар керек. Сертификаттау сынағын өткізу үшін арнаулы аттестатталған сынақ зертханалары қажетті жабдықтармен, нормалық, анықтамалық, құқықтық құжаттармен қамтамасыз етілуі тиіс. Сонымен қатар, сынақ барысында алынған нәтижелер, бірдей жағдайда, басқа зертханаларда сыналып алынған нәтижелер, бір-бірімен сәйкес болуы керек.

Аталған жұмыстарды жүргізу елімізде «Стандарттау және сертификаттау» мамандарына жүктелген.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік сертификаттау жүйесінде сертификаттау мына принципте жүргізіледі:

- өнім туралы мәліметтің дұрыстығын қамтамасыз ету;

- өндіруші мен тұтынушының тәуелсіздігі;

- сынақтың кәсіби түрде өтуі;

- шетелдік өтініш берушілерге қысым жасамау;

- өтініш берушінің сертификаттау органын, сынақ зертханасын таңдап алуға еріктілігі және сертификаттауға қатысатын адамдардың жауапкершілігі;

- сертификаттау туралы ақпарат ашықтығы немесе сәйкестік (белгісі) сертификатының уақытының біткендігі, жойылғандығы жөніндегі ақпарат;

- сертификаттау объектісінің ерекшелігін ескере отырып, өндіру және тұтынуды сараптауға қажетті сынақ тәсілінің көп түрлілігі;

- сертификаттау жұмысында ИСО (МЭК) аймақтық ұйымдар, халықаралық құжаттардың нұсқаулары мен ережелерін пайдалану;

- Қазақстан Республикасы қатынасатын көп жақты және екі жақты келісімдері бар шетелдердің сертификаттау органдарының аккредитациясын, аккредитацияланған сынақ зертханасының сертификаттарын және сәйкестік белгісін Қазақстан Республикасында тану;

- ақпараттық коммерциялық құпиясын ашпау;

- қажет болған жағдайда сертификаттау жұмысына тұтынушылар қоғамын қатынастыру.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттау комитетінің мәліметі бойынша еліміздегі өндірілетін өнімнің 70%-ы сертификатталды. Қазақстанда міндетті түрде сертификаттауға жататын, қауіпті деп есептелетін өнімнің үлесі 85%-дай болады, сондықтан сертификаттау жұмысының маңызы әрі қарай да өсе береді.

Заңды және жеке тұлғалардың Қазақстанның бірыңғай тауар нарықтық қызметі үшін, сондай-ақ халықаралық экономикалық, ғылыми-техникалық ынтымақтастыққа және халықаралық саудаға қатысуы үшін қажетті жағдайлар жасау болып табылады /8/.

 

5.3.Сертификаттау саласындағы мемлекеттік реттеу мен басқару

Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқару

1. Сертификаттау жөніндегі жұмыстарды басқаруды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі өкілетті мемлекеттік орган жүзеге асырады.

2. Жеке және заңды тұлғалар сертификаттау жөніндегі өз қызметін осы Заңның және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінің ережелеріне, сондай-ақ мемлекеттік сертификаттау жүйесінде қолданылып жүрген нормативтік құжаттардың талаптарына сәйкес ұйымдастырады және жүзеге асырады.

 

Мемлекеттік сертификаттау жүйесін ұйымдастыру

1. Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің ұйымдық құрылымын мыналар құрайды:

стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік орган;

өнімді, үрдістерді, жұмыстарды, қызмет көрсетулерді сертификаттау жөніндегі тіркелген органдар;

тіркелген сынақ зертханалары (орталықтары).

2. Мемлекеттік сертификаттау жүйесі сертификаттау саласында бірыңғай саясатты жүргізуді қамтамасыз етеді және сертификаттаудың негізгі ережелері мен рәсімдерін сертификаттау жөніндегі органдарға, сынақ зертхана орталықтарына қойылатын талаптарды және оларды тіркеудің рәсімдерін, сертификаттау жөніндегі сарапшы-аудиторларды даярлау мен аттестаттаудың рәсімдерін, мемлекеттік сертификаттау жүйесінің тізілімін, аудит пен инспекциялық бақылау жүргізудің тәртібін сертификаттаудың мақсатын жүзеге асыру үшін қажет өзге де талаптарды белгілейді.

 

Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік органның сертификаттау саласындағы құқықтары мен міндеттері

Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі мемлекеттік органның міндеттері;

мемлекеттік сертификаттау жүйесін құру және оның жұмысын ұйымдастыру;

сертификаттау саласында мемлекеттік саясатты қалыптастыру мен іске асыруға қатысу, сертификаттауды дамытудың алдағы жоспарларын әзірлеу;

міндетті сертификаттауға жататын өнімдердің (жұмыстардың, тауарлар мен қызмет көрсетушілердің) тізбесін дайындау;

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.