Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Стандарттар категориялары 9 страница



Егерде, жоғарыдағы аталған үштүрлі талаптың сақталатын болса, онда ол метрологиялық жағынан толық қамтамасыз етілген есебінде, яғни қажетті өлшеу дәлдігі мен біркелкілігіне жетудегі ережелер мен нормалар және техникалық құралдар ғылыми және ұйымдастырушылық тұрғыда қабылданып қолданысқа енгізіледі.

 

Метрологиялық қамтамасыз етудің ұйымдастырушылық, ғылыми және әдістемелік негіздері

Метрологиялық қамтамасыз етудің ғылыми негізін қалаумен өлшеу туралы ғылым – метрология шұғылданады. Ал оның ұйымдастырылуымен Қазақстан Республикасының метрологиялық қызметі айналысады.

Техникалық құралдар бірнеше жүйелерден тұрады, оның ішінде: эталондардан, жұмыс өлшеу құралдарына өлшем бірліктерін көшіру эталондарынан, стандартты үлгі қалыптардан, стандарттың анықтамалықтардан және де сол сияқтылардан. Метрологиялық қамтамасыз етудегі біркелкі өлшеудің ережелері мен нормалары Қазақстан Республикасының «Біркелкі өлшеумен қамтамасыз ету туралы» заңына және біркелкі өлшеумен қамтамасыз етудің Мемлекеттік жүйесінің нормалық құжаттарына енгізілген.

Біркелкі өлшеуді қамтамасыз етуді мемлекеттік қадағалау заң тұрғысында құқықтары мен міндеттерді айқындалған мемлекеттік инспекторлар жүзеге асырады.

Метрологиялық қамтамасыз етудің ұйымдастыру негіздері:

Метрологиялық қызмет ету - біркелкі өлшеуді қамтамасыз етуге бағытталған, жұмыс түрлері мен қызметтердің субъективтік жиынтығы. Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының метрологиялық қызмет етуі Мемлекеттік метрологиялық қызмет етуден, сондай-ақ, заңды тұлғалар мен мемлекеттік басқару органдарының метрологиялық қызмет етулерінен тұрады. Бұл қызметтердің тиімділігінің артуы бүкіл метрологиялық қызмет көрсетуге ҚР Мемстандарты жетекшілік жасап отырғандығынан ғана емес, сондай-ақ, біркелкі өлшеудің жалпы негізгі мақсаттарының, нормативтік құжатта айқындалғандай Қазақстан Республикасы территориясында міндетті күшінің қатаң сақталуында болып отыр.

Мемлекеттік басқару органдары мен құқықтық тұлғалардың метрологиялық қызмет етуі біркелкі өлшеумен қамтамасыз ету жұмыстарын атқару мен метрологиялық қамтамасыз етудің деңгейін көтеру үшін арналған. Метрологиялық қызмет етудің кейбір функцияларын басқа да структуралық бөлімшелерге міндеттеуге де болады. Мемлекеттік басқару органдары мен құқықтық тұлғалардың метрологиялық қызмет етуі өзінің атқаратын қызметтерін «Біркелкі өлшеумен қамтамасыз ету» туралы ҚР заңының ережелері және басқа да метрологиялық сұрақтарды реттейтін нормативтік заң және шығарудағы құжаттардың негізінде ұйымдастырады.

Мемлекеттік басқару қызметінің метрологиялық қызмет етуі осы мекеменің жетекшілігінің бұйрығымен құрылған келесі жүйелерден тұрады: орталық аппараттағы бас метрология қызметі, саладағы метрологиялық қызмет етудің бас және базалық ұйымдары, кәсіпорнының метрологиялық қызмет етуі.

Метрологиялық қызмет етудің негізгі міндет-мақсатына:

- өлшеу құралдарын калибровкілеу;

- өлшеу құралдарының қолданылуы мен қалыпты ісін, өлшеудегі аттестаттаудың орындалуын, өлшеу құралдарын калибровкалау үшін қолданылатын мөлшер бірлігінің эталондарын, біркелкі өлшеуді қамтамасыз етудегі нормативтік, құжаттар, метрологиялық нормалар мен ережелердің сақталуын қадағалау;

- метрологиялық ережелер мен нормаларды бұзғандығын жою немесе тоқтату, болдырмау үшін бағытталған міндетті жазбаша түрдегі тапсырма беру;

- өлшеу құралының типін нақтылау мақсатындағы сынауға өлшеу құралының өз мерзімінде ұсынылуын тексерту, сондай-ақ оны калибрлеу және сәйкестігін түгендеу;

- ұйымдары, кәсіпорындағы өлшеудің, сынаудың және бақылаудың жағдайын талдау.

Метрологиялық қызмет ету өлшеудің қажетті дәлдігі мен біркелгілігін қамтамасыз етудегі нақты қызметті іске асыру техникалық ұғымдылығы бойынша аккредиттеуден өткізілуі мүмкін.

Бұл заңның метрология жайындағы шетелдік заң шығарудағы ережелерден айырмашылығы, оның негізгі іс-әрекет сферасы – сауда, денсаулық сақтау, қоршаған ортаны қорғау, сыртқы экономикалық қызметтен басқа, мөлшер бірлігінің мемлекеттік эталонына бағынышты өндірістегі заңдық тұлғалардың метрологиялық қызмет етуінде өлшеу құралдарының эталондық калибровкасын қолдануында. Заң, аккредиттеуден өткен заңдық тұлғалардың метрологиялық қызмет етуіне аккредиттеуден өткізген ұйым мен органның калибрлеу туралы сертификатын беру құқығына мүмкіндік жасайды.

«Біркелкі өлшеумен қамтамасыз ету туралы» заң, осы заңның мақсаты үшін қабылданған негізгі ұғымдарды заңдық тұрғыда бекітіп, оны төмендегіше қарастырады: біркелкі өлшеу, өлшеу құралдары, мөлшер бірлігі эталоны, мөлшер бірлігі мемлекеттік эталоны; біркелкі өлшеумен қамтамасыз етудің нормалық құжаттары, метрологиялық қызмет ету, метрологиялық бақылау мен қадағалау, өлшеу құралдарын калибрлеу және сәйкестікке түгендеу, өлшеу құралдарының типтерін бекіту туралы сертификат, өлшеу құралдарын сәйкестікке түгендеудегі аккредитеттеуден өткізу, құқы, калибрлеу туралы сертификат.

Бұл анықтаулардың негізгі метрологияны заңдастыру халықаралық ұйымның ресми терминологиясының негізінде алынған.

Заңның негізгі баптары төмендегілерді қарастырады:

- біркелкі өлшеумен қамтамасыз етудегі мемлекеттік басқаруды ұйымдастырудың структурасын (құрылымын);

- біркелкі өлшеумен қамтамасыз етудегі нормативтік құжаттарын;

- мөлшер бірлігінің мемлекеттік эталоны мен мөлшер бірлігін;

- өлшеу әдістері мен құралдары.

Заң, Мемлекеттік метрологиялық қызмет ету мен басқа да біркелкі өлшеумен қамтамасыз етуді, заңды тұлғалар мен мемлекеттік басқару органының мемлекеттік қызмет етуін, сондай-ақ мемлекеттік метрологиялық бақылау мен қадағалаудың түрлері мен сфералық бөлінісін анықтайды. Заңның кейбір баптары, өлшеу құралдарының калибрленуі мен сертификаттауы бойынша ережелерін және заңның бұзылуының жауапкершіліктік түрлерін қарастырады.

Заң, Мемлекеттік метрологиялық қызмет етудің компетенциясы мен құрамын анықтап, оның салааралық және ведомствоішілік сипатының қызметін нақтылайды. Салааралық қызметтің сипаты Мемлекеттік метрологиялық қызмет етудің құқықтың ережесін бекітеді.

Метрологиялық қызметтің құқықтық негіздері

Қазақстан Республикасының «Біркелкі өлшеуді қамтамасыз ету туралы» заңы 2000 жылы қабылданды. Бұған дейін метрология жайындағы заңдық нормалар болған жоқ десе де болады. Құқықтық нормалар үкімет қаулыларымен қабылданады. Заң, үкімет қаулысындағы ережелермен салыстырғанда – еліміздегі метрологиялық қызметтің терминологиясынан бастап лицензиялауына дейінгі біраз жаңа енгізулерді қабылдады. Мемлекеттік метрологиялық бақылау мен мемлекеттік метрологиялық қадағалау қызметтерінің ара жігі нақтыланды; калибровкілеу ережесі қайта қаралды, өлшеу құралдарының ерікті сертификатталуы енгізіліп, және де басқалары қабылданды.

Метрология, еліміздің жоғарғы заңшығарушы, органының қабылданған заңмен нақтылай бекітілген негізгі ережелер төңірегінде іске асыралатын қызметтік сфераның түрі болып табылады. Нақты іс жүзінде: құқықтық мемлекеттерде, тұтынушылардың қызығушылығы мен құқықтарын қорғауға нақты бағытталған құқықтық нормалар тұрақты заң шығару актілерімен реттелуі.

Осыған байланысты «Біркелкі өлшеумен қамтамасыз ету туралы» заң шыққанға дейінгі метрология жайлы қабылданған ережелердің аздаған бөлігі ғана жоғарыдағы заңға қарама-қайшылықсыз болып келген.

«Біркелкі өлшеумен қамтамасыз ету туралы» заңның негізгі ережелерін қарастырамыз. Заңның мақсаты төмендегідей болып келеді:

- өлшеу нәтижесінің қателігінен туындайтын жағымсыз жайттардан Қазақстан Республикасы қабылданған құқықтық тәртіп пен экономикаға қатысты азаматтардың заңдық қызығушылығы мен құқығын қорғау;

- елімізде қолдану үшін жарамды бірлікте көрсетілген, кепілдік дәлдіктегі өлшеу нәтижесін пайдалану мен мөлшер бірлігінің мемлекеттік эталонын қолдану, негізінде ғылыми-техникалық және экономикалық іргелі дамуға әсер ету;

- фирмааралық және халықаралық байланыстарды дамыту үшін қолайлы жағдайлар туғызу;

- Қазақстан Республикасы мемлекеттік басқару органдарының физикалық және заңдық тұлғалардың өлшеу құралдарын импорттау мен сату, жөндеу, пайдалану, өндіру, даярлау сұрақтары бойынша қатынасын реттеу;

- Қазақстандық өлшеу жүйесінің дүниежүзілік практикаға бейімделуі.

Лекция

Өзара ауыстырымдылықтың жалпы принциптері Геометриялық өзара ауыстырымдылықпен қамтамасыз етудегі негізгі ұғымдар мен анықтамалар

12.1. Өзара ауыстырымдылықтың жалпы принциптері

 

Адам қауымдастығының пайда болуынан бастап ережелерді қабылдау мен оны қолданудың қажеттілігі туындаған. Стандарттаудың алғашқы қадамдары – жазбаның, жыл санаудың, есептеу жүйесінің , ақша және өлшеу бірліктерінің пайда болуымен басталады /33/.

Өндірістің өсіп отыруымен қатар, стандарттауда тұрақты түрде жетілдіріліп дамып отырған, яғни ол өз кезегінде өндірістік күштердің өсуіне қажетті қолайлы жағдайлар туғызған.

Алғаш рет XVIII ғасырда өзара ауыстырымдылық ату құралын жасауда қолданылған.

Өзара ауыстырымдылық принциптері жалпы машина жасаудағы станок өндірісінде және тігін машиналарын жасауда XIX - ғасырдың аяғымен XX - ғасырдың басында еңгізілді.

1915 - 1917 жылдары орыс ғалымдары И.И.Куколевский мен П.П.Шелоумовтардың жасаған дәлдік шегі жүйесі әлде де жетілдіруді қажет ететіндей еді, ал 1929 жылдары 1-ден 500 миллиметрге дейінгі номиналды өлшемдерге (диаметрлерге) жасалған дәлдік шегі мен қондырудың стандартты қатары 50 жылдай қызмет жасады. Бұл стандартты қатарлар кейінгі жылдары толықтырылып отырылды.

Кейінірек, бұрандалы қосылыстардың , калибрлердің, шпонкалы және шлицалы қосылыстардың дәлдік шегі мен қондыруының мемлекеттік стандарттары еңгізілді /1/.

1932 жылдан бастап барлық мемлекеттік стандарттар халықаралық стандарттау ұйымының (ИСО) ұсыныстарын ескере отырып жасалған.

Қазіргі кезде бұрыңғы экономикалық ынтымақтастағы елдердің (СЭВ) бірлесе жасаған дәлдік шегі мен қондырылуының біркелкі жүйесіне сәйкестендірілген ГОСТ 25346-82 және ГОСТ 25347-82 стандарттары қолданыста.

Қазіргі заманғы машиналардың , жабдықтардың, приборлардың жасалуы мен олардың жөнделуі және пайдаланылуы бөлшектердің , құрастырмалы бірліктердің және агрегаттардың өзара ауыстырымдылық принциптерін қолданылуы негізінде іске асырылады.

Өзара ауыстырымдылық деп бөлшектердің (құрастырмалы бірліктердің, агрегаттардың) машинадағы өз орнына қосымша өңдеу операциясыз орналасуымен қатар өзіне тиесілі қызметін (функциясын) техникалық талаптарға сай атқара алу қасиетін айтамыз.

Бұл бөлшектер (құрастырмалы бірліктер, агрегаттар) белгілі бір ережелер мен нормаларды сақтай отырып жасалуы қажет, яғни стандартталған болуы тиіс. Сол себепті, өзара ауыстырымдылық стандарттауға негізделіп, унификациялау мен агрегаттауға ең қажетті жағдай болып табылады.

Қазіргі шығарылатын машиналардың барлығы конвейерлік жүйе бойынша құрастырылатын болғандықтан, бұлардың орындалуы тек қана өзара ауыстырымдылықты бөлшектерді қолданудың нәтижесінде, яғни бөлшектердің өзара ауыстырымдылығын қамтамасыз ету үшін конструкциялаудың, жасау технологиясының, бақылау мен пайдаланудың кешенді сұрақтары оң шешілген жағдайда ғана мүмкін.

Өзара ауыстырымдылық, бірлестіктер (кооперация) бойынша жеткізілетін күрделі бұйымдардың құрамында болатын құрастырмалы бірліктер, агрегаттар мен бұйымдар үшін сыртқы және ішкі болып бөлінеді.

Сыртқы өзара ауыстырымдылық өлшемдер мен қосылыс беттерінің пішіндерін және негізгі пайдалану көрсеткіштерін сипаттайды. Мысалы үшін, электрліқозғалтқыштың білік қуаты мен айналу жиілігін алуға болады.

Ішкі өзара ауыстырымдылықбұйымдардың, құрастырмалы бірліктердің, агрегаттардың құрамындағы бөлшектердің өлшемдерімен сипатталады. Мысалы, шатунның жоғарғы басындағы төлке мен поршень саусақшаларының ішкі топтық өзара ауыстырымдылығын алуға болады.

Функционалды өзара ауыстырымдылық – бұл кез - келген бөлшекті жөндеуде дұрыс құрастыру мен ауыстыру ғана емес, сонымен қатар оның экономикалық тиімді қызметтік функциясын қамтамасыз етудегі өзара ауыстырымдылықтың бір түрі болып табылады. Мысалы, өзара ауыстырымдылықты тісті дөңгелек, машинадағы өз орнына қосымша өңдеусіз орналасуымен қатар, қажетті, берілген айналдыру моментін , басқа да тісті дөңгелектермен қалыпты жанасуын және қажетті техникалық ресурсты сақтай алуы тиіс.

Егер де геометриялық параметрлер бойынша өзара ауыстырымдылығы қамтамасыз етіліп, яғни өлшемдер дәлдігі , пішіндері , бұйым беттерінің орналасуы, кедір – бұдырлығы және машина тораптары мен бөлшектер қозғалысының заңдылығын анықтаудағы кинематикалық параметрлердің, бөлшектердің, әсіресе олардың беттік қабаттарының физикалық – механикалық қасиеттерінің көрсеткіштері сақталған жағдайда ғана функционалды өзара ауыстырымдылыққа қол жеткізуге болады.

Өзара ауыстырымдылықтың арқасында кәсіпорындардың мамандандырылуы мен бірлесуін кең көлемде дамытуға болады.

Бұл өз кезегінде өнімділігі өте үлкен мамандандырылған жабдықтарды, өндірістік процестерді автоматтандыру мен кешенді механикаландыруды қолданудың есебінен орасан зор еңбек пен қаражатты үнемдеуге мүмкіндік береді.

Мамандандырылған зауыттар барлық машина жасау зауыттар үшін домалау және роликті подшипниктерді жасап шығарады. Машиналардың электрлі жабдықтары, қозғалтқыштардың дизельді жанармай аппараттары, гидравликалық аспалы қондырғылардың барлығы да мамандандырылған зауыттарда жасалатын бұйымдар.

Қазіргі кездегі қандай-да бір машиналар мен жабдықтарды жасау зауыттардың бірлесуінсіз іске асыру мүмкін емес.

Кез келген машина жасау зауыттары өзара бірлесу арқылы көптеген мамандандырылған зауыттардан өзара ауыстырымдылықты бөлшектерді, құрастырмалы бірліктер мен агрегаттарды алдыртады.

Мысалы, бір тербелмелі-станоктың құрылымына қажетті бөлшектер, құрастырмалы біріліктер мен агрегаттардың 75 % - ы әртүрлі өзара бірлескен зауыттардан келіп түседі.

Әсіресе, өндірістік жағдайдағы жөнделіп немесе қолданылып жатқан машиналарда өзара ауыстырымдылық өте үлкен қажеттілікке ие.

Себебі, жұмыс жасап жатқан машинаның бір бөлшегі істен шығар болса, онда жұмыс жасап тұрған бүкіл агрегаттың тоқтап қалуына әкеліп соғады.

Мұндай келеңсіз жағдайды жою, өзара ауыстырымдылықты қосалқы бөлшектерді пайдалану арқылы ғана іске асырылуы мүмкін.

Өзара ауыстырымдылық принципінің сақталмауынан, келіп түскен қосалқы бөлшекті «түзетіп» орнына келтіру машинаның ұзақ уақыт тұрып қалуына әкеліп соғады.

Сондықтан, машина бөлшектерінің өзара ауыстырымдылықсыз жасалуы өндірістің қосалқы жұмыс жасауына тигізер кері әсері орасан зор.

Машина құрылымының әрі қарай жетілдірілуі, оның ұзақ жұмыс жасауы мен сенімділігін көтерудегі кейбір өзара жанасудағы жасалуға байланысты дәлдігін көтеру өзара ауыстырымдылықтың ролін бұрынғыдан да арттыра түседі.

12.2. Геометриялық өзара ауыстырымдылықпен қамтамасыз етудегі негізгі ұғымдар мен анықтамалар

Қосылыс деп бөлшектердің толықтай немесе жартылай бір-біріне өзара еніп орналасуын айтамыз.

Шартты түрдетесік деп бөлшектің ішкі (қапсыратын) элементін, ал бөлшектің сыртқы (қапсырылатын) элементін білікдеп атаймыз.

Мұндағы, тесікпен білік шартты түрде алынғандықтан, бұл тек қана тегісті цилиндрлі элементтерге ғана қатысты еместігінде екені . Мысалы үшін, біліктің сына арқылы қосылысындағы сына білік ретінде болады да, ал біліктегі ойық тесіктің рөлін атқарады (2-сурет) .

Бөлшектер арқылы құралатын қосылыстар өлшемдер бойынша сипатталады. Өлшемдегеніміз өлшеу бірлігі арқылы таңдалған сызықтық шаманың (диаметр,ұзындық,биіктік,т.с.с.) сандық мәні. Өлшемдермашина жасауда миллиметр арқылы көрсетіледі.

Өлшемдердің тесікке қатысты белгіленуі үлкен латын әрпімен, ал білікке қатысты белгіленуі кіші латын әрпімен жазылады. Мысалы, тесік өлшемі-D, білік өлшемі-d арқылы көрсетіледі.

Номиналды өлшем деп беріктікке, қаттылыққа және шаршауға есептеу жолымен анықталған немесе конструкциялық қажеттілікке қарай стандартты қатарлар арқылы таңдалып қабылданған өлшемді (Dn, dn) айтамыз. Номиналды өлшем қосылыс жасаушы тесік үшін де , әрі білік үшін де өзара тең болып келеді.

Нақты өлшем деп өнімді қабылдау үшін нормативтік құжаттағы рұқсат етілген жарамды ауытқу шегіндегі өлшеу құралының көмегі арқылы алынған бөлшектің өлшемін айтамыз.

Өлшенген өлшем деп қабылдау өлшемдері шектелмеген жағдайда алынған өлшемді айтамыз.

 

2-сурет. Қапсыратын және қапсырылатын беттерге мысалдар Нақты өлшемдердің таралуын болдырмау мүмкін еместіктен , оның таралу аумағын ең үлкен және ең кіші өлшемдермен шектей отырып шекті өлшемдерді ( D max, D min,d max,d min ) қабылдаймыз. Шекті өлшемдер деп екі шекті жарамды өлшемдердің арасындағы немесе сол өлшемдердің біріне тең нақты өлшемді айтамыз. Дәлдік шегі деп (Т) ең үлкен және ең кіші шекті өлшемдердің өзара айырмасын айтамыз: ТD = D max – D min ; T d = d max – d min. (14) Дәлдік шегі деп жарамды бөлшектердің нақты өлшемдері орналасқан шегіндегі аралықты айтамыз.

Өте көп мөлшерде бір станок арқылы дайындалған бөлшектердің

өлшемдері әртүрлі ауытқумен жасалады. Себебі, оған алдын ала болжауға, есептеу мен қалпына келтіруге келмейтін әртүрлі факторлар әсер етеді /1/.

Сызбада шекті өлшемдер номиналды өлшемдердің шекті ауытқуларының мәні арқылы көрсетіледі.

Шекті ауытқулар- шекті және номиналды өлшемдердің өзара алгебралық айырмасы. Ауытқулар жоғарғы және төменгі болып бөлінеді.

Жоғарғы ауытқу- ең үлкен шекті және номиналды өлшемдердің өзара алгебралық айырмасы. (ES ,es) :

 

ES = D max – Dn ); es= dmax –d n (15)

 

Төменгі ауытқу (EJ ei)-ең кіші шекті және номиналды өлшемдердің өзара алгебралық айырмасы:

 

EI = D min - D n ; e i = d min - d n . (16)

Дәлдік шегі жоғарғы және төменгі ауытқулардың өзара алгебралық айырмасының абсолюттік мәніне тең.

 

ТD= ES- EJ ; Td = e s – e i . (17)

`

Қондыру- саңылаулар немесе керілулер арқылы өлшемдер бойынша анықталатын бөлшектер қосылысының сипаты.

Саңылау (S) –тесік өлшемі(D)мен білік өлшемінің (d) оң айырмасы:

 

S = D - d . (18)

Саңылау деп - егер тесік өлшемі білік өлшемінен үлкен болып,

бөлшектердің өзара жылжымалылығын қамтамасыз ететін қосылыстан пайда болуын айтамыз.

Керілу (N) – білік өлшемі (d) мен тесік өлшемінің ( D) оң айырмасы:

 

N= d- D . (19)

 

Керілу бөлшектер қосылысының беріктігін сипаттайды.

Жарамдылық шегіндегі тесік пен біліктің нақты өлшемдерінің таралуы қосылыстардағы саңылаулар мен керілулердің мәндерінің таралуына әкеледі. Қосылыстардың сипатын талдау үшін саңылаулар мен керілулердің шекті мәндерін білу қажет.

Шекті саңылаулар мен керілулердің мәндерін аналитикалық жолмен төмендегі өрнектер бойынша анықтауға болады :

 

S max =D max – d min = ES- ei ;

S min =D min – d max = EI- es; (20)

N max = d max – D min = es-EI;

Nmin=dmin–Dmax=ei–ES.

 

Қондырудың дәлдік шегі(Т ) – ең үлкен және ең кіші саңылаулардың немесе керілулердің өзара айырмасы.

 

Т = S max – S min ; Т = N max – N min . (21)

немесе

Т = S max -S min = (D max - d min )- (D min - d max) = D max - D min +

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.