Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Туристік фирманы лицензиялау



Туристік фирманы мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін ұйымдастырушылық кезеңнің келесі сатысы бекітілген қызмет құқығына лицензияны алу болып табылады. ҚР-ның «Лицензиялау туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі заңы шыққаннан кейін туристік әрекет лицензияланатын түріне кіретін болды. Қазіргі уақытта барлық турфирмалар «Туристік қызметті лицензиялау ережесі» 2001 жылғы 14 қыркүйектегі заң негізінде лицензияны алу керек.

Лицензия – лицензиялайтын органмен заңды тұлғаға немесе жеке кәсіпкерге берген лицензиялау талаптары мен шарттарын міндетті қадағалауымен нақтылы түрін жүзеге асыруға арнайы рұқсат.

Жалпы лицензия белгілі бір мерзім ішінде туристік әрекетті жүзеге асыруға рұқсат беретін ресми құжат.

Лицензияланатын қызмет түрлеріне өз артынан азаматтардың құқытарына, заңды қызығушылықтарына, денсаулығына, мемлекет қауіпсіздігі мен қорғалуына, ҚР-ның мәдени мұрасына зиян келтіруі мүмкін қызметтер жатады.

87. Туристтік кәсіпорынды сертификаттау

Өнімді немесе қызметті сертификаттау – бұл бекітілген талаптарға олардың сәйкестігін растайтын әрекет.

Сертификаттау мына мақсаттармен өткізіледі:

- ҚР-ның бірыңғай тауар нарығында кәсіпорынның, ұйымның және мекемелер мен кәсіпкерлер қызметі үшін жағдай туғызу;

- тұтынушыны тауар мен қызмет өндірушілердің адалсыздығынан қорғау;

- өмір, денсаулық, кәсіпорын мен мүлікті қорғау үшін өнім мен қызметтің қауіпсіздігін бақылау;

- өндірушімен жазылған өнімнің сапасының көрсеткіштерінің расталуы.

Осыған байланысты нормативті құжаттарды азаматтар, сонымен қатар, туристтер денсаулығына патенциалды қауіпті тауар, жұмыс пен қызметті міндетті сертификаттауды қарастырады.

Осы облыс бойынша жұмыстарды стандарттау, метрология пен сертификаттау бойынша ҚР-ның комитетімен жүргізіледі.

Сертификаттау жүйесімен сәйкес сертификаттау органымен кәсіпорынға беріледі:

- сәйкестік сертификатты – бекітілген талаптарға берілген өнім немесе қызметтің сәйкестігін растайтын құжат;

- бекітілген тәртіппен тіркелген сәйкестік белгісі.

Сертификаттау міндетті және ерікті болады. Міндетті сертификаттау ҚР-ның заңнамалық актілерімен алдын қарастырылған жағдайларда жүзеге асырылады. Міндетті және ерікті сертификаттау бойынша жұмыстардың төлемі өтінушілермен әске асырылады, ал, қаражаттың өздері өнім, жұмыс, төлемі өтінушілермен іске асырылады.

88. Қызметкерлерді басқару ұғымы

Қызметкерлер – кәсіп немесе қызмет белгілері бойынша топ құрайтын мекеменің, кәсіпорынның жеке құрамы немесе қызметкерлері (аурухананың техникалық қызметкерлері, дәрігерлік қызметкерлері, қызмет\күтушы қызметкерлері, әйел қызметкерлер).

Кадрлар ұғымына кәсіпорындардың, мемлекеттік мекемелердің, қоғамдық ұйымдардың мүлікті қызметкерлерінің негізгі (штаттық) құрамы кіреді. Отандық экономика кәсіпорынның штатына кірмеген қызметкерлердің бірқатары бар «тізімнен тыс (тізімге кірмейтін) құрамы» ұғымына да арқа сүйеді.

Кәсіпорын қызметкерлерін суреттеу (сипаттау) үшін шешілген міндеттерге байланысты топтастырудың әртүрлі астарлары (аспектілері) пайдаланылады. Мысалы, кәсіпорынды немесе оның бөлімін сипаттау (суреттеу) үшін тізім саны көрсеткішін, яғни штат және штаттық кесте бойынша пайдаланады; жұмыс күші қарқынын анықтау және еңбек өнімділігін, орташа еңбек ақысын есептеу үшін орташа арифметикалық шама ретінде қарастырылатын сол немесе басқа кезең үшін орташа тізім саны пайдаланылады. Мысалы, қызметкерлердің орташа айлық саны айдың күнтізбелік күндерінің санына бөлінген қызметкерлердің айдың әрбір күнтізбелік күнінің тізім санына тең.

Күнделікті бақылау үшін анық сан көрсеткішіне тең.

89. Кадр саясаты: принциптері, бағыттары, жұмыс жасау және іске асыру

Қызметкерлерді басқару бас бағытты саясат жасауды талап ететін басқару қызметінің күрделі бағыты: қамту, оқыту, еңбек ақы, өндірістік қатынастар, денсаулықты қорғау және әл-ауқат.

Кадр саясатындағы жоспарлау мотивация функциясымен байланысты. Кадр саясаты нәтижелі жұмыс күшін қолдануға, жақсы жұмыс жағдайын жасауға, жұмысшылар мен басшылықтың қатынасын жақсартуға бағытталады. Кадр саясатының негізін құрайтын бірқатар ұстанымдар бар. Олардың арасында – ынтымақтастықққа дайындыққа тәуелді басқаруды демократияландыру; жекеленген адамдары және олардың қажеттіктерін білу; теңдікпен бірізділікті сақтау.

Кадрлар саласындағы саясаттық қорытынды ережелері мыналар болып табылады:

- жұмыспен қамту саясаты - нәтижелі қызметкерлермен (персоналмен) қамтамасыз ету және оны еңбекке тарту жағдайларын, қауіпсіздігін және мүмкіндігінше қанағаттандыру;

- оқыту саясаты – қызметкерлердің өздерінің қазіргі міндеттерін орындауын жақсартуға және дайындалуға жағдай жасайтын тиісті оқыту қуатымен қамтамасыз ету;

- еңбекақы төлеу саясаты – қабілеттерімен, тәжірибесімен, жауапкершілікпен анықталатын құрылымға сәйкес, басқа жергілікті фирмаларға қарағанда, жоғары еңбек ақысын төлеу;

- өндірістік қатынастар саясаты – еңбек мәселелерін шешу үшін көрсетілген процедулар белгілеу;

- әл-ауқатты саясаты – басқа жалдаушыларға қарағанда, неғұрлым қолайлырақ қызметпен жеңілдікпен қамтамасыз етуі; әлеуметтік демалыс жағдайлары қызметкерлер үшін мүдделі және өзара пайдалы болу керек.

Кадр саясатының қажеттігін жалпы түсіну болмағанымен, кейбір даулар бар, оларды жазбаша түрде толтыру қажет. Кадр саясатын жазбаша рәсімдеудің басты артықшылықтары:

- Өндірістік қатынастарды жақсарту үшін билікті орталықсыздандыруды қолдау;

- Оқытумен менеджментті дамытуға қолдау;

- Қызметкерлерге, басшылыққа алатын ережелер олар туралы ақпарат беру;

- Имандылықты нығайту және қатынастарды жақсарту.

90. Жұмысты бағалау

Жұмысты ранжирлеу (бірқалыпты) – бұл жұмысты бағалаудың қарапайым түрі. Әр жұмыс компания үшін қатысты маңыздылығы бойынша бағаланады. Мамандығы, жауапкершілігі, қажетті міндеттері қарастырылып, одан кейін жұмысты қиындығы мен бағалылығына қарай топтастырады. Ранжирлеу деңгейі мекеменің қажеттілігі арқылы анықталады.

Жұмысты топтастыру. Бұл әдіс те алдыңғысына ұқсас, тек қана жүйелілігімен ерекшеленеді. Алғашқыда жалақының деңгейі мен дәрежесі, одан кейін толық жұмыстың өзі анықталады.

Қызметтік іс-әрекетті бағалаудың кедергісі. Біздің уақытта әр қызметкердің әлеуметтік белсенділігін, еңбек жетістігін және мамандығын дұрыс бағалау басшылықтың ең басты мәселесі болып келе призмасы арқылы қарайды. Өкінішке қарай, алғашқы әсер көп ретте жаңа таныстың мінезін тануға негізделгендіктен қате болып келеді.

Басқару ісіндегі қазіргі ғылымның көрсеткеніндей дау-жанжал кәсіпорын тіршілігінің ажырамас бөлігі болып саналады. Көптеген басшылар жанжалды басуға тырысады немесе оған мүлдем араласпауды жөн көреді. Бұл екі бағытта қате, себебі бұл кәсіпорын қызметінде маңызды шығындарды алып келеді. Бірінші бағыт кәсіпорынға керекті және пайдалы жанжалдық дамуына кедергі келтіруі мүмкін, екіншісі – жанжал еркін дамып кәсіпорынның өзіне тұтасымен және онда істейтін жекелеген адамдарға зиянын келтіруі мүмкін.

91. Туристік кәсіпорынның негізгі мақсаты мен міндеттері

2001 жылдың 13 маусымында «Қазақстан Республикасы туристік әрекет жайында» Заңына сәйкес туристік әрекет туристік қызметті ұсыну бойынша физикалық және заңды тұлғалар әрекетін ұсынады.

Негізгі қызметтері мыналар: орналастыру, тамақтандыру, транспорт, экскурсия, ойын-сауық, білім, спортпен айналысу, сауықтыру, қызмет ісімен айналысу және т.б. Турдың тематикалық бағытына қарай кейбір қызметтер негізгі, ал қалғандары қосымша болады. Негізгі және қосымша қызметтерді комплексті түрде негізінен туристік-экскурсиялық кәсіпорындар – заңды ұйым, туризм және экскурсия саласында жергілікті халыққа және шетел азаматтарына ақылы қызмет көрсету т.б. субъектілердің осы түрдегі қызметтері жатады.

Туристік кәсіпорынның негізгі мәселесі болып саяхатты, жорықтары, экскурсияларды ұйымдастыру және өткізіліп жатқан шараларға өзге азаматтардың максималды мөлшерін қалыптастыру, туристерге жоғарғы сапалы қызмет көрсете отырып шаралардың танымдық, сауықтыру, емдік тәрбиелік құндылықтарын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, шаруашылық – қаржылық қызметпен адамдар қауіпсіздігіне ұсынылатын талаптарды қадағалау болып табылады. Кәсіпорынның мақсаты туризмнің таңдалған түрінен және ұсынылатын қызметіне байланысты анықталады.

Туроператорлық қызмет саяхаттарды, экскурсияларды қалыптастыру, оларды дайындау және өткізу, турагенттік қызмет жолдамаларды дайындау және жол жүру құжаттарын дайындаумен айналысады; экскурсиялық қызмет экскурсияның дайындалуы мен өткізілуі қамтамасыз етеді.

Осы қызмет түрлерінің негізгі мақсаттары:

- Қазақстан тұрғындарының рухани және интелектуалдық деңгейін көтеру;

- Халықты дене шынықтыру және спортпен айналысуға тарту;

- Шетелдермен мәдени достық қарым-қатынастарды дамыту;

- Жергілікті халықтардың патриоттық сезімін ояту, шетел азаматтарының Қазақстан Республикасына құрметтілігін арттыру;

- Туристер мен экскурсанттардың табиғатқа ұқыпты қарауын қамтамасыз ету;

 

92. Туристік кәсіпорынның құрылуы және оның құрылымы

Туристік фирма заңды тұлға ретінде яғни, субъект ретінде құрылады. Олар жолдастық, кооператив, акционерлік қоғам, компания формасында құрылады. Қазақстан Республикасы туризмінде көбірек шаруашылық формасындағы тарағаны жолдастық (толық, коммандитті, белгілі және қосымша жауапкершілікті). ЖШС-те 1-50ге дейін адам болуы мүмкін. Серіктестік қатысушысы кез-келген уақытта өз бөлігін анық алып щығуы мүмкін және соттың шешімі бойынша шығарылады.

Туристтік кәсіпорын құрудың формальді бөлігі барлық шаруашылық субъектілеріне бірдей: басшыны таңдау, келісім –шарт жасау, қаулы бекіту және оны әділет органдарына тіркеу, тіркеу картасын алу; Қазақстан Республикасының Президентінің қаулысымен бекітілген заңға сай статистика орындарына салық инспекциясында, зейнет ақы қорында және т.б. есепке тұру.

Келесі әрекет лицензиялауға және берілген бизнесті жүргізуге рұқсат алуға дайындық. Қазақстан республикасының Парламентінің «Лицензиялау туралы» заңы 17-сәуір 1995ж №2200 кейін туристік қызмет лицензиялар болады. Қазіргі кезде барлық турфирмалар лицензия алуға міндетті, Қазақстан Республикасының Үкімет Қаулысымен 2001 жылы 14 қыркүйекте бекітілген №1213 «Туристік іс-әрекетті лицензиялау ережесі» заңына сай жүргізіледі.

93. Транспорттық қызмет көрсету

Транспорттық қызмет көрсету туристер мен экскурсанттарға ұсынылатын қызмет көрсетудің бөлігі болып табылады. Ол транспорттың әртүрлі түрлерімен: тікұшақ, ұшақ, өзен, теңіз және көл кемелері; автомобиль және т.б. жүзеге асырылуы мүмкін.

Біздің республикамызда көбірек қолданылатын автотраспорт болып есептеледі. Автотраспортты мекеме адамдары тасымалдауға, азық-түлік және өндірістік тауарларды, туристік құрал-жабдықтарды тасымалдауға қолданылады. Жеңіл, жүк және мамандандырылған (туристік) автотраснпорт деп бөлінеді.

Автомобильдерді жалға алудың бірнеше түрлері бар, бірақ, туристермен жұмыс істеу үшін туристік мекемелердің көпшілігінде ыңғайлысы автобуспен қызмет көрсету болып табылады, негізгі бөлімдері автомекеме мен туристік кәсіпорынның міндеттері болып есептелетін келісім шарт жасалады.

Туристік өнеркәсіп пен транспорттық өнеркәсіптің (автомобильдерді жалға лау) өзара қарым-қатынасы келісім шарт түрінде толтырылады. Келісім шарт статьялары осы заңды құжатқа енгізілген транспорт құралдарына, тасымалдаушының міндеттеріне және көптеген басқа аспектілерге талаптар белгіленген «ҚР-ғы туристік қызмет туралы» Заң, «ҚР-ғы транспорт туралы» Заңдар негізінде жасалады. «Екі жақтың жауапкершілігі» барынша қатты болуы тиіс. Жақсы ойластырылған келісім шартта «тапсырыс беруші» автотранспорт мекемесіне траспортты қолданбаған жағдайда 100 пайыз ақасын төлейді, өз кезегінде «орындаушы» транспортты беруде олқылық болған жағдайда маршруттың 100 пайыз ақысына айыппұл төлейді, оған қосымша моральдық шығынын өтейді (клиентті жоғалтқаны үшін). Яғни келісім шартта екі жаққа да қатысты ең әртүрлі мәселелер көрініс табуы тиіс.

Турларды жобалау

Туристік маршрут жақсы жобалануы тиіс. Турпакетті талдау кезінде саяхаттың барлық ерекшеліктерін ескеру қажет. Бұл үшін ең алдымен оған қысқаша сипаттама беру керек, сосын маршруттың құжатын жасау керек. Оған мынадай тауарлар енгізілуі мүмкін:

- туризм түрі (танымдық, діни, спорттық, іскерлік және т.б.);

- (қысқа) ықшамды болуы маршрут мазмұнын көрсетуі тиіс тур аты («Дала хикаялары», «Мыңжылдық ескерткіштері» және т.б.);

- рекреациялық сабақ циклдары: негізгі, ілеспелі, қосымша (Мысалы, таным, сауықтыру, көңіл көтеру);

- саяхат туралы ақпарат (аймақ, оның ерекшеліктері);

- турға қатыса алатын туристер контингенті (жас шамасы, физиологиялық-дәрігерлік көрсеткіштер бойынша);

- аялдама бекеттері мен қызмет көрсетулер көрсетілген маршрут схемасы;

- қызмет көрсету құрамы (тамақтану, тұратын жер, транспорт, инвентарь, құрал-жабдық);

- қызмет көрсетуші персоналдарға қойылатын талаптар (нұсқаушыға, аудармашыға, экскурсоводқа...);

- маршруттың технологиялық картасы;

- заңды құжатнама (келісімшарттар, лицензиялар, рұқсаттар, жолдамалар мен билеттер);

- күн және сағат бойынша қызмет көрсету бағдарламасы;

- тур құнын есептеу;

- саяхат шартын орындамағаны үшін орнын толтыру;

- маршрутты өткізу маусымы (жыл мезгіліне, аң аулау мерзіміне, балық аулау мерзіміне және т.б. байланысты болады);

- турды талдауға (жасауға) келген шығындарды (есептеу);

- буклет, альбом, жарнамалар дайындау;

- турды дайындау мерзімі және оның орындалуына жауапты адамдар.

Турларды жүзеге асыру әртүрлі жарнамалар тәсілімен: интернет, теледидар арқылы, жеке шақыру қағазын, буклет және т.б. тарату арқылы адам көп жиналатын жерлерге хабарландыру ілу арқылы және т.б. арқылы жасалады. Бұл кезеңдер туристік кәсіпорын әкімшілігіне турды жақсы жоспарлауға мүмкіндік береді, оның үстіне әрбір жетекші мүмкіндіктерден шыға отырып, басқа тараулармен толықтырыла алады, барлық кезеңдермен бір мезгілде жұмыс істей алады.

95. ҚР-ғы транспорттық жүйенің жағдайы және оның туризм үшін мүмкініктері

 

ҚР-ң 2030 ж. дейінгі әлемнің ең дамыған мемлекттері қатарына кіру жоспары мемлекеттің транспорттық комплексінің қарқынды дамуын болжайды.

Қазақстандағы транспорт Республиканың аймақтық ерекшеліктеріне байланысты маңызды роль атқарады:

- халықтың төмен тығыздығына қатысты;

- кеңістіктің көлемділігі және оның әркелкі экономикалық дамуы;

- ірі шетел нарығынан оқшаулығы (Германияға немесе Шығыс Қытайға дейін 5 мың км)

Транспорт туристерге ұсынылатын негізгі қызмет көрсетулер қатарына кіреді, және инфрақұрылымның құрама бөлігі болып табылады. Транспорт құралдарының қалыпты жұмыс істеуіне көбінесе туристік қызметтің табысқа жетуі байланысты болады.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес жердегі транспорт магистралдарының қашықтығы 105 мың км-ге жуықты құрайды, олардың ішінде 87,4000 км – автомобиль жолдары, 11 мың км жоғарғы – теміржол жолдары, 4,1 мың км – су жолдары, 40 мың км жоғары - әуе жолдары.

ҚР туристерінің елден шығуда неғұрлым (ең) танымал транстпорт түрі авиациялық (әуе) болып табылады. Мұның бірқатар себептері бар:

· Авиация – алыс қашықтықтарға бару кезіндегі ең жыцлдам және ыңғайлы транспорт түрі.

· Жоғарғы қызмет көрсету сервисі ең әртүрлі мақсаттармен шетелдерге щығатын туристерді қанағаттандырады.

· Туристерге кәсіпорын бизнесінің девирсификацияболуы мүмкін, сғни олардың көпшілігі авиабилеттерді халықаралық компьютерлік жүйелер арқылы стау және броньдау авиакомпанияларының агенттері болып табылады.

Қазіргі уақытта ҚР аймағында ондаған авиакомпаниялар алыс және жақын

шетелдерден және республикалардан әуе кемелерімен ұшуды жүзеге асырады. Қазақстанның көрші мемлекеттермен шекарасында 56 әуе (коридоры) дәлізі бар, оның ішіндегі 26-Ресеймен, 17-Өзбекстанмен, 8-Қырғызстанмен, 2-Қытаймен, 2-Түркіменстанмен, 1-Азербайжанмен. Қазақстанның әуенарығы туристерге қызмет көрсету үшін ең перспективті, яғни республика Европа, Оңтүстік-Шығыс және Шығыс Азия сияқты аймақтар арасындағы жолдар торабында орналасқан.

96. Транспорттық саяхаттарды жіктеу және жобалау

Транстпорттық саяхаттар қазіргі уақытта туризмнің дербес түрі болды. Жалпы түрде транспортпен жасалатын саяхаттар – бұл турисердің жоллдама алып, алдын-ала жасалған маршруты бойынша транспортты және әртүрлі қызмет көрсету түрлдерін ұсынуды – тамақ, тұратын жер, экскурсиялық және т.б. пайдаланып, ұйымдастырған сапары.

Транспорттық саяхатты жіктеу негізінде В.Г.Гуляев ұсынған схеманы пайдалануға болады. Сәл өзгертудер (қосымшалар) енгізіліп, ол төменде беріліп отыр.

Транспорттық саяхатты жіктеудегі негізгі сипаттамалардың бірі маршрут типі болып табылады. Туризмде қозғалыстың әуе, жердегі, су және үйлестірлген тәсілдері қозғалуы мүмкін. Жердегі транспорт, өз кезегінде, темір жол және автомобильге, ал су транспорты – теңіз және өзенге бөлінеді.

Транспорт түрлі моторлық және моторсыз болады. Моторлы құралдарға пойыздар, ұшақтар, автобустар, теплоходтар, мотоцикльдер және т.б. жатады. Қозғалыстың моторсыз құралдарына техникеалық құралдар: қайықтар, велиосопедтер және т.б. сол сияқты жануарлар жатады.

Маусымдық транспорт түріне және аймақтық табиғи климаттық жағдайларына байланысты болады. Маусымдылыққа көбінесе навигациялық кезеңге тәуелді, транспорттық суда жүзуге арналған түрлері бейімделген. Тур.фирмалар практикасында транспортты көбінесе бір реттік тапсырыстар бойынша қолданылады.

Транспорттық құрылымы бойынша маршруттар сызықтық (бір пункітен келесіне дейін) айала радиалды, қиылыстырылған үйлестірілген болып бөлінеді.

Саяхат ұзақтығы бойынша қысқа мезімді және ұзақ мерзімді болады. Қысқа мерзімдерге «демалыс күнгі сапарлар» жатады, оның үлесі бүгінде, өкінішке орай кенеттен қысқарады. Бұл өте маңызды және сол уақытта арнайы демалысын талап етпейтін саяхаттар. Ұзаққа созылған саяхаттар негізделген демалуға, емделуге, терең тануға және т.б. мақсаттарға есептелген.

97. Жолаушыларды автокөлікпен тасымалдаудағы негізгі құқықтар

Автокөлікпен тасымалдау сферасында, ішкі және халықаралық мәлімдемеде автокөлік транспортының қимылын реттеп отыратын, құқық жөніндегі бірнеше құжаттар бар. Халықаралық тасымалдаудағы тасымалдау дегеніміз, тасымалдау кезінде кем дегенде екі мемлекеттің теериториясынан өту. Халықаралық автотасымалдау кезінде, тасымалдауды өткізуші мемлекеттер өздерінің территориясынан көліктерді өткізу жөніндегі мемлекеттік заңдары мен нормалық актілерін іске асырады. Осыған байланысты халықаралық құжаттар келесі сұрақтарды қамтиды:

- инфрақұрылым;

- жол қозғалысы;

- автокөлік құралдарына талаптар;

- көлік құрал экипаждарымен қызметтік шарт;

- салықты реттеу;

- жолаушыларды және жүктерді тасымалдау, кедендік рәсімдеу;

- өзгеше категориялы жүктерді тасымалдау;

Жолаушыларды халықаралық автокөлікпен тасымалдау негізінде, бірнеше немесе екі мемлекет арасында құқықтық дәрежеде көпжақты және екіжақты тұжырымдық келісім – шарт жасалады. Көпжақты келісім – шарт жасауда маңыздыларының бірі, 1973 ж Европадағы ішкі көлік комитеті жөніндегі экономикалық комиссиясы қабылдаған «Жолаушыларды және жуктерді халықаралық автокөлік тасымалдау жөніндегі келісім конвенциясы» болып табылады.

98. Қазақстанда автокөлікпен қызмет көрсету

Автокөлік көлігі жүрдек, анағұрлым ыңғайлы, жүкті қайта тиеусіз бірден тұтынушыға жеткізеді. Ол жақын қашықтыққа жук пен жолаушы тасымалдайды. Басқа көлік түрлері бара алмайтын таулы аудандарда жүк пен долаушы тасымалдауда жетекші орын алады. өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығын байланыстырып, қала мен ауылдық елді мекендердегі жүк тасымалын жүзеге асырады.

Қазақстанның автокөлік жолдары республикалық деңгейдегі (жалпы ұзындығы 22,2 % - ды құрайды) және жергілікті деңгейдегі жол (жалпы ұзындығы 77,8 % - ды құрайды) болып бөлінеді. Халықаралық маңызы бар жолдардың ұзындығы – 12,4 мың км.

Елімізде халықаралық бағытта транзиттік автокөлік жолдары жүргізілген. Олар Еуропа мен Ресейді, Орталық Азиямен байланыстырады.

Алматы – Астана автокөлік жолы халықаралық стандартқа сай қайта жөнделді. Бұл жол арқылы транзит жүктері Ресейден Қытайға және кері қарай, сонымен қатар Қазақстанды Қырғызстан, Пәкістан арқылы Үндістан мен байланыстырады. Осы оңтүстік бағыттағы жол қатынасы болашақта көптеген елдерді қамтитын ірі магистралға айналмақ.

Жуырда Пәкістан, Қазақстан, Қырғызстан және Қытай арасындағы Қарақорым тасжолы арқылы Алматы – Қарачи арасын автокөлік жолымен байланыстыру идеясын ұсынылды. Оны салуға Пәкістан 500 млн АҚШ долларын бөліп отыр. Сонымен бірге ҰлыЖібек жолын қайтадан қалыпқа келтіріп, жандандыруға көңіл бөлінуде.

 

 

99. Автосаяхатты жоспарлау және талдау

Автомобиль саяхатқа шығарудың ерекшелігі, олардың басым көпшілігнінің өлкенің көрікті жерлерін тану мақсатында шағын ара қашықтықта жасалады. Қазіргі уақытта автосаяхат жеке меншік, жалға алған, немесе қоғамдық транспортта жасалды. Қоғамдық транспорт туристерді бір елді мекеннен екінішісне жеткізу үшін қолданылады. Жалға алған және жеке меншік транспортты бірнеше күн ішінде тасымалдауға да, елді мекендер ішінде жол бағыты бойынша да қолдану неғұрлым ыңғайлы.

Автотранспорттың басқа да түрлері алдындағы ерекшеліктері мыналар болып табылады: жоғарғы жылдамдық, мобильдік , қолайлылық салыстырмалы төменгі тарифтер, кең шолу, вокзал, станция, пор-ң құрылысына капиталды шығындарды төмендетуге мүмкіндік беретін «есіктен есікке дейін» қызмет көрсетулері.

Тағы бір кемшілігіне жылдамдыылғының жоғары болмауы және қоршаған ортаны ластануы. Соңғы он жылдықта мамандар барынша жетілген автомобильдерді жасады. Туристер фи-ын тасымалдау үшін автобутар қолданылады. Автобустранспорттың құрлықтағы құрал түрі; кузовымен, көп орынды ең бастысы вагон түріндегі: микроавтобус-ң ұзындығы 5 м-ден аз, бұл транспорт құрамының өзі жіктелу бар:

· Орындарының саны бойынша

· Отынының түрі боыйнша

· Категориясы бойынша

· Жайлылық атрибуты бойынша

Автобустардың сыйымдылығы әртүрлі болуы мүмкін: 170 орыннан ерекше үлкен сыйымдылық, шағын микроавтобусқа дейін (5-12 адам

100. Туристік су маршрутын ұйымдастырудың ерекшеліктері

Су көлігі – бұл халықты тасудың ежелден келе жатқан түрі болып табылады. Көптеген ғасырлар бойы жаңа жерлерді ашу, соғыс және сауда бағытында пайдаланылып келеді. Бұрынғы кезде параходпен жаңалық ашып жүретін болса, ал қазіргі кезде онымен жолаушыларды таситын болған, бірақ өткен ғасырдың 60 жылдарынан бастап туризм қарқынды дамыды, жолаушылар таситын судалар тұрақты жұмысын бастағаннан кейін туристік круизді суда қайта жабдықталынды.

Транспорттық құқықтық белгілері бойынша бүкіл су транспорты теңіздік және ішкі деп екіге бөлінеді.

Теңіздік транспортпен жолаушыларды багаждармен жүктерді халықаралық, алыс және каботажды тасымалдау орындалады. Каботажды теңіз қатынасында тасымалдаулар бір теңіз бассейініне жататын РФ-ның порты аралығы ресей жағалауларын бойлай жүзеге асырылады. Алысқа тасымалдаулар ресей порты арасында кемелердің ашық теңізде болғанда орындалады. Халықтық теңіз тасымалы РФ-ң тек арасының кесіп өтумен жасалады.

Құқықтық базаларды дамыту және халықаралық Женева конференциясында теңіз құқығы бойынша 4 конвенция қабылданды, онда ашық теңіз, аймақтық теңіз және оған тиіп тұрған аймақ, контингенттік рельеф және ашық теңіздің тірі су ресурсын сақтау туралы. БҰҰ қамқорлығымен халықаралық құқық бойынша үш конференция өткізілді.

Халықаралық теңіз транспорттын регламенттеуде теңіз саласында негізгі халықаралық теңіз ұйымы және жолаушыларды теңізбен тасымалдаудың халық ассоцияциясы ретінде бөлуге болады.

Халықаралық теңіз ұйымы 1948 ж наурызда Женевада ұйымдастырылған.

Ұйымның құрылу мақсаты:

Теңізде жүзу:

- қауіпсіздігі және тиімді кеме қатынасы салығын стандартты жасау мен қабылдау;

- халықаралық сауда кеме қатынасы салалық бірлестік механизмін қамтамасыз ету;

- теңіз үсті ластануын бақылау;

- ұлттық кеме қатынасын дамыту мақсатында халықаралық сауда саласын дискриминациялауды жою және шектеу қою;

- халықаралық конференцияларды өткізу және кеме қатынасы саласындағы халықаралық конвенцияны талдау.

 

101. Су туризмі және өзендегі круиз

Жақын және алыс жерлерге саяхаттауда мұхит, теңіз, көл және өзендермен өту ежелгі уақыттан бері ыңғайлы жол болып табылады. Параходтардың, желкенді флот пен судалардың пайда болуы суда тасымалдау құралдарының жұмысын оңайлата түсті. Қазіргі уақытта суда тасымалдау демалушы туристердің үлкен сұранысына ие болып отырған круиз секторы жақсы дамыған. Теңіздегі круиздің дамуы 1960 жылдан бастау алады. 1980 жылдан бері круиздік бизнеспен 15 ірі компаниялар алға шықты, бұлар: KARNIVAL GROUP (22 параход), ROYAL CARIBBEAN LINE (22 суда), PRINCESS, HOLLAND AMERIKA LINE және т.б. 1995 жылға қарай «жүзетін қонақ үйлер» индустриясы сиымдылығы 150572 орындық 220 ірі пассажирлік лайнерді жасауды ойластырды. Круиздерді ұйымдастырушы судалар жұлдызбен классификацияланады, 1-6 жұлдызға дейін және топтарға бөлінеді:

- стандарт (2-4 жұлдызды);

- премиум (5-5+ жұлдызды);

- люкс.

Круиз маршруттары бағасы бойынша 4 категорияға бөлінеді:

- экономикалық (күніне 75-150$);

- классикалық (күніне 100-200$);

- премиум круиздер (150-400$);

- круиз люкс (1000$).

Cу транспортымен тасымалдау:

- круиз және теңізде тасымалдау;

- өзен саяхаттары және өзендегі круиздер;

- яхталармен, паромдармен, қайықтармен саяхаттау;

- теңіз және өзен экскурсиялары;

Су туристік саяхаттары төмендегідей артықшылықтарды қосады:

- комфорттың жоғары деңгейі;

- көптеген тарифтердің болуы;

- толығымен демалу мүмкіндігі.

-

 

102. Туристік ұйымның сыртқы имиджі

Ағылшын сөзі «image» көп түрлі мағынаны береді: роль, амплуа, бейне, типаж, стиль, мода, репутация, маска, персонификация, манера – бұлардың бәрі әлі толық мағынаны бермейді.

Кәсіпорынның нәтижелі және көпжақты имиджі арнайы құрылған. Оның негізгі элементтеріне:

  1. фундаментін салу;
  2. ішкі имиджін құру:

- кәсіпорынның кадрлық саясаты;

- қызметкерлердің бағыттары мен тренингтері;

- қызметкерлерді мақтау жүйесі.

3. сыртқы имиджді құру;

- тауар сапасы/ қызметтер;

- көзге көрінерлік имидж;

- жарнамалық компания;

-ақпарат құралдармен байланыс;

- қызметкерлердің сыртқы келбеті.

Бұлар қызметкерлердің компетенциясының жоғары деңгейге жетуге және қызметкерлердің кәсіпорын клиенттерімен нәтижелі жұмыс жасауына; тұтынушымен қызбалық (эмоционалды) байланысты орнатуға; кәсіпорынның табысты имиджін ұстап тұруға алып келеді.

Кәсіпорынның болашақ жоспарының барлық элементтері бірдей маңызды. Бірақ тәжірибеде көрсетіп тұрғандай, көзге көрінетін тауар белгісі (имиджі) негізге алынып, кәсіпорынның корпоративті философиясын жасау қолдау табады. Кәсіпорынның ішкі имиджін дамыту және тұрақтандыру да сыртқы ортаның назарынан тыс қалмайды.

Көзге көрінерлік ішкі имидж – бұл клиенттің сезімі арқылы: көру, есту және түйсігі. Осылайша кәсіпорын тұтынушыларында алғашқы пікір қалыптасады.

Сезілмейтін имидж –фирма қызметкерлерінің клиентке көрсеткен қызметіне және қарым-қатынасына жауап беру реакциясы.

Ішкі имидж – ұйым ішіндегі атмосфера, қызметкерлердің өзінің жұмысына, басшыларына және олардың жұмыс жүргізу саясатына қатынасы. Ішкі имидж персоналдың фирмаға деген адал қызметін анықтайды.

Сыртқы имидж –аталмыш факторлар мен қоғамның кәсіпорынға көзқарасының байланысы арқылы әсер ету.

 

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.