Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Туристік фирманы лицензиялау.



Шенген келісімі

«Еуропа Одағының бірқатар елдері арасында төлқұжаттық және кедендік бақылауды алып тастау туралы келісімі» (Шенген келісімі деген атпен мәлім) — құжатқа 1985 ж. маусымда Лүксембордың Шенгендеген жерде Еуропаның жеті мемлекеті: Белгия, Голландия, Лүксембор, Франция, Алмания, Португалия және Испания қол қойған болатын. Ол 1995 ж. наурызда күшіне енді.

Қазіргі уақытта Шенген визасы аумағына Еуроодақтың 13 елі — Аустрия (1995 ж.), Белгия, Алмания, Грекия, Дания (1996 ж.), Испания (1991 ж.), Италия (1990 ж.), Люксембург, Голландия, Португалия, Швеция (1996 ж.),Финландия (1996ж), Франция және Еуроодаққа қосылмаған 3 мемлекет — Швейцария, Исландия (1996 ж.) және Норуегия (1996 ж.) кіреді.

2. Шенген визасы қалай рәсімделеді?

1985 жылы 14 маусымда Шенген қалашығында Франция, Нидерланды, Бельгия, Люксембург және Германия Федеративті Республикасы «Ортақ шекарадағы бақылаудың кезеңмен жойылуы туралы» келісімге қол қойды. Бұл келісімнің басты мақсаты ортақ шекара арқылы тауар мен қызметтердің өтуін жеңілдету болып табылады.

Шенген визасы арқылы бірнеше мемлекеттерді аралауға болады. Қазіргі таңда шенген визасы 23 мемлекетте рәсімделеді: Австрия, Бельгия, Венгрия, Германия, Греция, Дания, Исландия, Испания, Италия, Латвия, Литва, Люксембург, Мальта, Нидерланд, Норвегия, Польша, Португалия, Словакия, Финляндия, Франция, Швеция, Чехия, Эстония.

 

3.ҚР азаматтары шенген визасын қалай ала алады?

Шенген визасын кез келген консулдық қызметтен алуға болады. Алайда, ол сіздің қай елге баратыныңызға байланысты. Мысалы, сіз Франция еліне сапарға шықсаңыз, алдымен Франция мемлекетінің еліміздегі консулдық қызметіне барып, шенген визасын рәсімдейсіз. Ал егер де сіз бір емес, бірнеше мемлекетке жол тартсаңыз, қай мемлекетте ең көп тұрақтауды жоспарласаңыз, сол елдің консулдық қызметіне жүгінесіз. Шенген визасының бірнеше түрі бар. С категориялы виза түрі кең таралған. Бұл виза бір және көп мәртелі (мультивиза) болып есептеледі.

 

4. Шенген визасын алудың талаптары

· Шенген визасын алуға арыз берген азаматтың шетелдік төлқұжатының (паспорт) берілген мерзімі 2002 жылдан кейінгі жылдар болуы керек. Төлқұжаттың кем дегенде екі беті толтырылмаған таза болуы тиіс;

· Сапар мақсаты мен барысын айқындайтын құжаттар болуы тиіс: іссапар, демалыс, шақырту, туристік ваучер т.с.с;

· Ақша қаражаттары жеткілікті болуы керек (1 күн=100 АҚШ доллары);

· Халықаралық медициналық сақтандыру куәлігі міндетті түрде қажет;

· Сауалнама толтырылуы тиіс.

Шенген визасын алу үшін қажетті құжаттар:

· Шетелдік құжат;

· Жұмыс істейтін мекемеңізден қызметіңіз бен айлығыңыз туралы анықтама;

· Неке қию немесе ажырасу туралы куәлік;

· Валюталық шотыңыз туралы анықтама;

· Әуебилет;

· 3,5х4,5 фотосурет (2 дана);

· Ата-анаңыз, жолдасыңыз және балаларыңыз жайлы толық ақпарат.

 

5. Шенген визасы қандай жағдайда берілмейді?

· Қоғамға, мемлекетке қауіп төндіретін азаматтарға шенген визасы берілмейді.

· Шенген аймағына кіретін елдердің біріне сапар шегу белгілі бір себептерге байланысты рұқсат етілмесе, виза берілмейді.

· Алдыңғы визалық тәртіпті бұзған жағдайда берілмейді.

· Егер де сізге белгілі бір себептерге байланысты шенген визасы берілмесе, сіз үш айдан кейін қайтадан арыз бере аласыз.

· Консулдық қызмет рұқсат беріп, ал шекарашылар сапар барысында мемлекетке кіруге жол бермеуі мүмкін. Бұл жағдайда шекарашылардың рұқсат бермеуге толық құқығы бар. Мысалы, сіз төлқұжатта көрсетілмеген мемлекетке бас сұға алмайсыз. Ең әуелі, сіз төлқұжатта көрсетілген мемлекетке аяқ басуыңыз керек. Бес күн ішінде басқа аймақтарға бара аласыз. Сондай-ақ, Шенген аймағындағы кез келген мемлекеттік ішкі шекаралық бақылау тәртібін енгізуі мүмкін.


6. Шенген аймағына кіретін елдер

• «Еуропа Одағына мүше кейбір елдердің арасында кедендік паспорттық тексеруді алып тастау» туралы Шенген келісімі 26 мемлекетті қамтиды. Олар: Австрия, Бельгия, Венгрия, Греция, Дания, Германия, Исландия, Испания, Италия, Латвия, Литва, Лихтенштейн, Люксембург, Нидерланд, Норвегия, Мальта, Польша, Португалия, Словакия, Словения, Финляндия, Франция, Чехия, Швеция, Швейцария және Эстония;

• Қысқа мерзімді шенген визаларының қолданылу тәртібі Шенген аймағына кіретін барлық елдерде бірдей.

• Шенген шартын қабылдаған мемлекеттер Шенген аймағына кіруге және онда қалуға рұқсат беретін келесі санаттағы бірыңғай визаларды береді:

7.Шенген визасының жалпы ережелері – Өтініш тапсыру орындары

· Егер Сіз Шенген аймағының тек ғана бір мемлекетіне баратын болсаңыз және ол мемлекет Франция болған жағдайда, виза алу үшін Алматы қаласындағы Францияның Бас консулдығына өтініш тапсыруыңыз қажет.

· Егер Сіз Шенген аймағының бірнеше мемлекетіне баратын болсаңыз және ол мемлекеттердің бірінде болатын мерзіміңіз басқаларына қарағанда ұзағырақ болса, аталмыш мемлекеттің Елшілігі немесе Консулдығына өтініш тапсыруыңыз қажет.

· Егер Сіз Шенген аймағының бірнеше мемлекетіне баратын болсаңыз және ол мемлекеттерде болатын мерзіміңіз бірдей болған жағдайда, Сіз сапарыңыз басталатын мемлекет Елшілігіне немесе Консулдығына өтініш тапсыруыңыз қажет.

· Егер Сіз Шенген аймағының бірнеше мемлекетіне баратын болсаңыз, бірақ Сіздің негізгі баратын мемлекетіңіз Франция болған жағдайда виза алу үшін Алматы қаласындағы Францияның Бас консулдығына өтініш тапсыруыңыз қажет.

8. Турфирманы құрудағы ұйым- құқықтық негізін таңдау

Ұйым-құқығының негізі Ресей Федерациясының мемлекеттік кодексінің қатысуымен құрылды. Туристік фирманы құру үшін, туристік бизнесті алғаш рет бастаушыларға шаруашылық қоғам формасы немесе серіктестік (ыңғай) лайықты ұсынылады.

Кіші туристік бизнес үшін иілмелі формасы жауапкершілігі шектеулі серіктестік болып табылады (ЖШС). Ол бір немесе бірнеше тұлғалармен құрылуы мүмкін, ал бұндай серіктестікте капитал жарғысы белгілі бір құрылған құжаттар көлемімен өз еншілерін бөліседі. Сонымен қатар серіктестікке қатысушылар оның міндеттеріне жауап бермейді және салынған ақша көлеміне қарамастан серіктестік іс-әрекетіне байланысты шығындарға тәуекел етеді. Серіктестік мүшелерінің саны ЖШС туралы заңмен сәйкес келуі қажет.

Егер серіктестік саны ЖШС заңы бекіткен мөлшерден асатын болса, мұндай серіктестік бір жыл ішінде басқа ұйым-құқығының негізінде құрылуы немесе таралуы қажет.

Кіші туристік бизнестің басқа ұйым-құқығының негізі (формасы) - бұл (жауапкершілігі) қосымша жауапкершілік серіктестік. Алдыңғы формадан айырмашылығы ЖШСдан – мұндай серіктестікте олар өздері салған капитал көлеміне міндетті болып табылады.

Егер турфирма шығынға ұшыраса онда бір қатысушы басқаларға өз мүлігін теңдей бөліп беретін болады, егер басқа жауапкершілік тәртіп құрылған құжаттарда көрсетілмесе қосымша жауапкершілік серіктестіктің қалғаны ЖШС мемлекеттік кодексінің статиялары бойынша қабылданады.

Туристік бизнес айрықша (алдын-ала) алғашқы инвестиция негізінде туристік қызмет нарығын жаулап алған және жабық акционерлік қоғам негізінде лайықты іске асыруға болады. Бұл жерде капитал жарғысы құрылған құжатқа сәйкес акциялар нақты санымен бөлінеді.

9. Қатысушылардың мүдделерінің (мақсатының) хаттамасы

Одақтасқан фирманың тапсырмасын, мақсатны нақты анықтау үшін, ұйым-құқығының формасын келісу, алғашқы инвестиция және капитал жарғысының көлемін, ұйым стадиясында құрушылардың үлесін (жүктеу) тапсыру, басқа да ұйым сұрақтарын шешу үшін – мақсатты хаттаманы құрған жөн (меморандум). Ол құрылған құжаттардың санына кірмейді және оған қол қойған ресми тұлға қабылданған міндеттемелерге жауапкершілік алмайды. Бірақтан да бұл хаттама құрылған келісім-шарттың негізі болып табылады және фирманы тіркеу кезіне дейін құрушыларды байланыстыратын құжат болып табылады. Потенциалды тұтынушылардың қарым-қатынасы жағдайында анықталған міндеттемелер бекітілген, бірлескен қызмет туралы келісім-шарт құрылады:

- құрушылардың құжаттарының жасалу мерзімі және тәртібі;

- ұйымды қаржыландыру этабына қатысқан үлесін тарату;

- капитал жарғысында көрсетілген үлесін тарату;

- капитал жарғысында интелектуальді салым және мүліктендіру форымына келісу және оның бағасы;

- айналым құралын үлестерін алу;

- ұйым-құқығының формасына келісу және болашақ фирманы басқару құрылымына келісу;

- басқару органында құрушылардың қатысу формасы және деңгейі;

- бизнес-жоспарға келісім беру немесе фирманы құруда технико-эконоикалық негіздеу;

Бұл хаттамада көрсетілген міндеттемелердің орындалуы ұзақ уақыт өзара түсінушілік пен тиімділік негізі болып табылады.ъ

 

10. Құрушы құжаттарының жобасын жасау

Құрушы құжаттары РФ мемлекеттік кодекстерінің статьясының талаптарына сәйкес және таңдап алынған ұйым-құқығының формасына сәйкес жасалынады.

ЖШС үшін құрушы құжаттары мыналар:

- құрушы келісім-шарт, құрушылардың қолы қойылған;

- жалпы жиналыста қабылданған жарғы.

Қоғамдық мекеме бір ғана тұрғыдан болған жағдайда оның құрушы құжат жарғы болып табылады. Құрушылар келісім-шартында барлық құрушылар жазылған, олардың реквизиттері, капитал жарғысының көлемі, үлесі бойынша олардың үлестері, мүлік тізімі, жарғы қорын құрушының салымы және оның бағасы т.б. болады.

ЖШС жарғысында келесідей қажетті мәліметтерді бейнелейді:

- серіктестік аты, заңды мекен-жайы;

- серіктестік құрушылар;

- серіктестік қандай мерзімге құрылған;

- серіктестік қызметінің мақсаты;

11. Құрушылардың жиналысының өтуі

Кәсіпорынның құрушылар жиналысының өтілу процедурасы таңдап алынған ұйым-құқығының формасы және оның жарғысымен, РФ мемлекеттік кодекстік нормаларымен реттеледі. Құрушылар жиналысы мақсаттар хаттамасында шешілгендерді орындау тәртібінде ынталы топтар өткізеді.

Құрушылармен келісе отырыпшақыру қағазының күні ресми түрде (2 апта) жиын басталмай тұрып 2 апта бұрын табысталады.

Жиынға құрушылардың барлығының қатысуға құқысы бар және олардың сенімді адамдарға қатысуға болады. Шақыру күні келесідей негізгі сұрақтар енгізеді:

- таңдап алынған статусы бойынша фирманы ұйымдастыру туралы;

- жарғы жобасы мен құрушы келісім шарты жайлы талқылау;

- басқару органдарын таңдау;

- аудиттің мекемесі туралы

сонымен қатар жиында қосымша мына сұрақтарды қосуға болады:

- фирманың бизнес-жоспарын талқылау (егер оның жобасы бұл уақытқа дайын болса)

- жарнамалақ компанияның концепциясын талқылау.

лып табылады.

Егер жарғыда басқа түрі қаралмаса жиынға қатыспағандардың дауысына басқа 2-3 адам оның дауысын растаса қабылданады.

Құрушылар жиынындағы шешім бойынша тіркеуге бағытталған құрушылар құжаттары тізімінің хаттамасы құрылады.

 

12. Тіркеуге арналған құрушылар құжаттарының дайындалуы

Құрушылар жиыныан кейін алдын-ала жасалынған құрушылық құжаттар жобасына құрушылардан түскен қосымша және өзгертілген түрлері енгізіледі. Құжаттар минимум 4 экземпляр болып көбейтіледі және қайта теріледі.

Мына жайттарға көңіл аудару қажет: құрушылық құжаттарда құрушылардың барлығының қолының болуы, хаттамада жарғының нұсқауы болуын, сонымен қатар құрушылшар жиынының хаттамасының дұрыс жавсалуын қадағалау.

Қазіргі уақытта тіркеуге құрушылар құжаттарын бағыттауда олардың нотариалды растауын талап етілмейді.

Құрушылық құжаттар тіркеу жинағының төлемі туралы квитанциямен почта арқылы жіберіледі немесе жеке тапсырылады.

Тіркеу органдары құрушылық құжаттағы тізімге кірмейтін құжаттарды сұрауға құқығы жоқ.

 

13. Фирманы заңды тіркеу

РФ мемлекеттік кодексіне сәйкес кәсіпорынды тіркеу юстиция органдарына немесе өкіметті ұйымдарын тапсырылады.

Тіркеу тәртібі РФ мемлекеттік кодексімен, ұйым-құқықтық формасының заңдарына сәйкес, Президент бұйрығымен және үкімет орнатқан заңмен регламенттелінеді.

Кәсіпорынды тіркеудегі тәртіптердің өзгертілуі және толықтырылуы Президенттің бұйргығымен ендіреді «РФ территориясындағы кәсіпорынды мемлекеттік тіркеудегі заңдылықтар туралы» жарғысы 1994 жылы 8 шілдеде шықты. Бұл бұйрықта кәсіпкерлік қызметі мемлекеттік тіркеудегі заңдылықтар ережесі бекітілген.

Алдын-ала айтылған жарғылық қордың минимальді көлемін регламенттелуінен басқа бұл көрсетілген нормативті-құқықтық актіде кісіпкерлік қызметті жүргізуге құқығы бар деген ереже құралады. Кәсіпорынды заңды тіркеу ескерту характерге ие, яғни кәсіпорынды тіркеуге керек заңдылықтар мен құжаттарды талап еткенде ол құжаттардан кәсіпорын бас тартпау қажет.

Құрушылық құжаттарды жасаудағы талаптарды сақтауда және тіркеуде бас тарту болмауы тиіс, егер ондай жағдай болса сотқа шағымдалуы мүмкін. Құрушының құжаттарды тіркеудегі толықтырулармен өзгертулер алғашқы тіркеуде жүргізілуі тиіс.

Кәсіпорынды тіркеу мемлекеттік реестерде тіркелсе құрылған, яғни тіркелді деп есептеледі. Кәсіпорынның жабылған сәтінен бастап тіркелген тізімнен мемлекеттік реестерден алынып тасталынады.
Кәсіпорынды қайта тіркеу ұйым-құқының формасының өзгеруіне байланысты РФ мемлекеттік кодексінің жаңа түрінде қарастырылған.

 

14. Кәсіпорынды есепке алу

Жарғылық қордың 50% төлемінен кейін және тіркеу туралы куәлік алғаннан кейін кәсіпорынды есепке алу келесі ведомствалармен жүргізіледі:

- салық инспекциясы;

- статистика органдары;

- зейнетақылық қор;

- медициналық сақтандыру қоры;

- әлеуметтік қорғау қоры.

Мемлекеттік тіркеуден кейін кәсіпорын 10 күн ішінде салық есебінде тұру қажет, өзінің орналасқан орны бойынша салық инспекциясына тіркелу қажет. Салық инспекциясына есепке тұру үшін кәсіпорын үшін шетел инвестициясының қатысуынсыз келесілерді көрсету қажет:

а) есепке алу маркасы және мемлекеттік реестерге қосылғаны (3 экземпляр);

б) құрушы құжаттарының тіркелген копиялары, басқа да қажетті құжаттар

Салық инспекциясы 5 күнге дейін:

- картаның дұрыс толтырылғанын тексереді

- көрсетілген (ұсынылған) құжаттар пакетінің толықтығын тексереді

- мемлекеттік реестрдегі номерді алады

- мемлекттік реестрге қосылғаны және есепке алынғаны жайлы ақпараттық қағаз береді

- тіркелген картаның 1 экземплярын береді

- салықты төлеу ережесі мен түрі туралы жадынама береді

 

15. Ұйымдық процедуралар

Фирманың мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алғаннан кейін ұйымдық іс-шаралардың толық ретін орындау керек. Бұндай іс-шарлардың бірі кәсіпорынның есеп шот ашу банк мекемелерінде. Негізінен кәсіпорын банкті өздері таңдауға толық еркі бар, бірақ өзі тұрған аудандағы банкте болса өте қолайлы болады. Егер Акционерлік коммерциялық банктен есеп ашқыңыз келсе сол банктің акционері болуыңыз керек (міндетті емес).

Есеп айырысу шотын ашқанда қандай банктік есеп сізге қажет екенін білуіңз керек (рубльдік, валюталық, ағымдық т.б.) және қаржы-кредит мекемесінде есеп шот ашу ережесімен танысқаныңыз жөн болар.

Банкті және есеп шотты таңдап алғаннан соң кәсіпорын жетекшісі, бухгалтер, олардың, олардың орынбасарының расталуымен бантік карточканың 3 экземплярын дайындау қажет.

Банкее құрушылар құжаттарының копиясы, тіркеу туралы куәлік қойылған талаптарға сай болуы тиіс, салық инспекциясындағы есепке тұру картасы, расталған банктік карточка.

Егер сіздің офис модеммен компьютермен жабдықталса онда банкпен арақатынасыңызды ары қарай электронды пошта формасында модем байланысы арқылы жүргізуге болады.

Бұл жерде фирманы құруға арналған негізгі этаптар ғана көрсетілген, бірақ нақты жағдайда оның спецификасы бар, сондықтан егер қаржылық мүмкіншілігіңіз болса туристік кәсіпорынды құрудағы толық мәлімет алғыңыз келсе мамандандырылған фирманы бақыласаңыз болады және бұл тез әрі сапалы болады.

 

16. Туристік фирманың жабылу тәртібі

РФ мемлекеттік кодексіне сәйкес (бірінші бөлім) – заңды тұлға ретінде кәсіпорын ликвидациясының қарапайым және еріксіз процедурасы қарастырылған. Жойылудың қарапайым процедурасы жарғымен сәйкес ликвидация туралы жалпы жиында шешілген ерікті шешіммен қабылданған жабылу. Ал еріксіз ликвидация мемлекеттік және аймақтық басқару заңдарына сәйкес соттың шешімі бойынша жүргізіледі.

Сотқа арыз беруге, жабуға құқысы барлар:

- салық инспекциясы;

- фирманы тіркеген орган;

- қызметке құқысы бар лицензияны берген орган;

- антимонополиялық комитет;

- кредиторлар;

- тұтынушылардың құқығын қорғайтын қоғамдар.

Соттың шешімі бойынша фирма мына жағдайларда жабылуы тиіс:

- заңға қайшы келетін қызметтерді жасау;

- заңды біркелкі және дөрекі бұзу;

- оның (фирмалық) жарғының мақсатына қарсы келетін қызмет жасау;

17. Тур қызметтің лицензиялануы және тур өнім сертификациясы

2001 жылдың 13 маусымында ҚР-сы «туристік әрекет жайында» Заңына сәйкес туристік әрекет туристік қызметті ұсыну бойынша физикалық және заңды тұлғалар әрекетін ұсынады. Олардың негізгі қызметіне тамақтандыру, спорт, сауықтыру, экскурсия, емдеумен айналысуға болатын мүмкіндікті жатқызамыз. Туристік кәсіпорынның негізгі мәселесі болып саяхатты, жорықтары, экскурсияларды ұйымдастыру және өткізіліп жатқан шараларға өзге азаматтардың максималды мөлшерін қалыптастыру, туристерге жоғарғы сапалы қызмет көрсете отырып шаралардың танымдық, сауықтыру, емдік тәрбиелік құндылықтарын қамтамасыз ету. Сонымен қатар, шаруашылық – қаржылық қызметпен адамдар қауіпсіздігіне ұсынылатын талаптарды қадағалау болып табылады. Кәсіпорынның мақсаты туризмнің таңдалған түрінен және ұсынылатын қызметіне байланысты анықталады.

Әрбір кәсіпорын шаруашылық, қаржылық қызметін іске асыра отырып, өзінің міндеттерін орындайды және оған еркіне қойылған құқықтарын қолданады. Заңды тұлға бола отырып ол банктік мекемеде өзінің есеп айырысу шоты, уставтық қоры, дербес балансы ұйым аты мен мөрі, туристік әрекетті жүргізуге лицензиясы болуы тиіс. Туристік фирма заңды тұлға ретінде құрылады. Яғни серіктестік кооператив, акционерлік қоғам, компания формасында жеке мүлігі және мамандардан құрылатын жеке субьекті ретінде құрылады.

ҚР-да кең таралған түрі секріктестік болып табылады. Серіктестікке қатысушы, кез-келген уақытта өзінің мүлік үлесімен шыға алады және тек соттың шешімімен шығарып тасталынады. Туристік кәсіпорынды құрудың ресми бөлігі, барлық шаруашылық субьектісіне бірдей:

- құрушылар жиналысы;

- жетекші таңдау,

- құрушылық келісім шартты рәсімдеу;

- уставты құру және оны заңды орындарда бекіту;

1995 жылы 17 сәуірінен №2198 заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы заңның күші бар. ҚР Президентінің қаулысына сәйкес тіркеу картасын алу, статистика, зейнетақы қоры т.б. органдарына есепке тұру жүргізіледі.

Мемлекеттік тіркеуді өткізу тәртібі мынадай мақсаттарда жүзеге асырылады:

- заңды тұлғаның құрылуы және жұмысының тоқталуымен қайта құрылуы, ҚР территориясында құрылған және қайта жұмысын тоқтатқан заңды тұлғаның қызметін есепке алу және олардың құрушылық құжатының республика заңына сәйкес келуі;

- заңды тұлға, олардың филиалдары мен ақпаратты жұзеге асыру, мемлекеттік тіркеуге, құрылу мақсатына, түріне, қызмет сипатына, қатысу құрамына тәуелсіз, ҚР территориясында құрылатын барлық заңды тұлғалар кіреді.

Мемлекеттік тіркеуді ҚР Әділет министрлігі және оның аймақтық орындары жүзеге асырады. Қазіргі уақыттағы қаулыға сәйкес заңды тұлғаларды тіркеу және мемлекеттік регистрге енгізу.

Заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеу бойынша іс-әрекеттер әдістемелік басқару. Қазіргі қаулы талаптарын заңды тұлғалармен аймақтық органдарын қадағалау.

Маусым сайын тіркелген және жұмысын тоқтатқан заңды тұлғалар тізімін басып шығару, заңды тұлғаның тіркелуі үшін ҚР Әділет министрлігі бекіткен арыз не қазақша не орыс тілінде.

Арыз заңды тәртіппен бекітілген және құрушылық құжаттарын өкілетке өткізеді. Сонымен қатар, мемлекеттік тіркеу үшін алымшының төленгені туралы квинтация ұсынылады.

Тіркеу органына егер заңды актімен қарастырылмаса, устав ұсынылады. Шаруашылық серіктестік, акционерлік қоғам, құрушылық құжаттары болып, келісім шартпен устав болып табылады. Егер шаруашылық серіктестіктер бір тұлғамен құрылатын болса, онда оның құрушылық құжаты устав немесе ереже болып табылмайды. Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуі қажетті құжатты берген күннен бастап, ал кіші кәсіпкерлер үшін 15 күннен кем емес өткізілуі тиіс. Құжаттар пакетін толық емес ұсынылғанда, құрушылық құжаттар бойынша.

Құрушылық құжаттарға өзгертулер мен қосымшалар енгізу кезінде заңды тұлға әрекет етуші заңға сәйкес қайта тіркеу жөнінде арызды беру қажет. Бұл жағдайда тіркеу органына келесідей құжаттар беріледі:

- өкілетті органдардың шешімі, нотариалды түрде куәландырылған өзгертулер енгізілген құрушылық құжаттар, қайта тіркеуге алымды төленген жөніндегі квитанция.

Қайта тіркеу үшін заңды тұлғадан ҚР-ның Салық заңымен бекітілген мөлшерде алым алынады. Тіркеу органы 10 күн ішінде мемлекеттік статистика органдарын мемлекеттік қайта тіркеудің өткізілгендігін, сонымен қатар, заңды тұлғаның орналасу жерінің өзгергендігін хабарлайды.

Заңды тұлғаның арызы бойынша тіркеу органы 7 күн ішінде мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің дубликатын беру жүргізіледі. Ол үшін алым-салық заңына сәйкес етіп алынады.

Мемлекеттік тіркеуден бас тарту, сонымен бірге осындай тіркеуден қашу, басқа да құрушы заңды тұлғамен мемлекеттік орган арасындағы дауларды сотта қайта қаралуы мүмкін.

Мемлекеттік тіркелуінсіз алынған пайда ҚР-ның заңына сәйкес республикалық бюджет пайдасына алынады. Заңды тұлғаның мәліметтің өзгерісі жайында мәліметтің ай мерзімінде ұсынылмаса, заңға сәйкес жауапкершілік басталады. Тіркеуші орган мен заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеуінен заңсыз бас тартуы кезінде арызданушы түсірген шығындарын сот тәртібімен талап ете алады.

18 Кәсіпорынды есепке тұрғызу.

Уставты қордың 50 пайызын төлегеннен кейін және тіркеу жөнінде куәлікті алғаннан кейін келесі ведомстволарда кәсіпорынды есепке тұрғызу процедуралары жүргізіледі:

- салық инспекциясына;

- статистика органында;

- зейнетақы қорына;

- медициналық сақтандыру қорына;

- әлеуметтік сақтандыру қорына;

Мемлекеттік тіркеуден кейін кәсіпорын міндетті түрде бекітілген тәртіппен 10 күн ішінде өзінің орналасуы бойынша салық инспекциясына салық есебіне тұрады.

Шетел инвестицияларының қатысуынсыз кәсіпорын үшін салық инспекциясына есепке тұруы үшін келесідей құжаттарды ұсынуы қажет:

А) мемлекеттік реестрге қосылуы және есепке алған картаны (3 дана);

Б) тігілген және бекітілген тәртіппен куәландырылған, тіркелген құрушылық құжаттар көшірмесін және т.б. құжаттарды:

- қабылданған тәртіп бойынша куәландырылған тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

- устав көшірмесі (қабылданған тәртіппен куәландырылған);

- құрушылық келісім шарт көшірмесі (1-ден көп құрушы кезінде);

- құрушылар жиналысының хаттама көшірмесі (1-ден көп құрушы кезінде);

- антимонополиялық комитетпен келісім туралы анықтаманың көшірмесі;

- мүлікпен басқару бойынша комитетпен келісім туралы анықтаманың көшірмесі.

Шетел капиталының қатысуы бар кәсіпорындар сонымен бірге мына құжаттарды ұсынады:

- бірлесіп кәсіпорын құруға қатысушының әр қайсысы үшін құрушылық құжаттар көшірмесі;

- шетел инвесторы қызмет көрсететін банкпен берілген оның ақша төлеу қабілеттілік туралы құжаты;

- шетел инвесторының пайда болу мемлекетінің сауда реестрінен көшірмесі, оның орналасуы, азаматтығы немесе тұрғылықты жері.

Туристік фирманы лицензиялау.

Туристік фирманы мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін ұйымдастырушылық кезеңнің келесі сатысы бекітілген қызмет құқығына лицензияны алу болып табылады. ҚР-ның «Лицензиялау туралы» 1995 жылғы 17 сәуірдегі заңы шыққаннан кейін туристік әрекет лицензияланатын түріне кіретін болды. Қазіргі уақытта барлық турфирмалар «Туристік қызметті лицензиялау ережесі» 2001 жылғы 14 қыркүйектегі заң негізінде лицензияны алу керек.

Лицензия – лицензиялайтын органмен заңды тұлғаға немесе жеке кәсіпкерге берген лицензиялау талаптары мен шарттарын міндетті қадағалауымен нақтылы түрін жүзеге асыруға арнайы рұқсат.

Жалпы лицензия белгілі бір мерзім ішінде туристік әрекетті жүзеге асыруға рұқсат беретін ресми құжат.

Лицензияланатын қызмет түрлеріне өз артынан азаматтардың құқытарына, заңды қызығушылықтарына, денсаулығына, мемлекет қауіпсіздігі мен қорғалуына, ҚР-ның мәдени мұрасына зиян келтіруі мүмкін қызметтер жатады.

Лицензияның әрекет мерзімі – 5 жылдан аз емес және лицензианттың өтініші бойынша ұзартылуы мүмкін. Мерзімін сзоу лицензия барын растайтын құжаттарды қайта рәсімдегендегідей жүзеге асырылады.

Лицензия мынадай туристтік қызмет түрлерінің әр қайсысына беріледі:

1) туроператорлық;

2) турагенттік;

3) туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуі;

Туристтік қызметті (туроператорлық, турагенттік және туризм нұсқаушысының қызмет көрсетуін) жүзеге асыру құқығы үшін берілетін лицензия – бас лицензия болып табылады.

Өтінуші лиценщия алғаннан кейін лицензия берілген кезден бастап 7 ай ішінде ҚР-ның Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес көрсетілетін туристтік қызметтерге сертификат алуға мәндетті, содан кейін олардың көшірмелерін лицензиарға тапсырады.

Лицензия беруден мына жағдайларда бас тартылады егер:

1) туроператорлық, турагенттік қызметтерді және туризм нұсқаушысының қызметін көрсетуді жүзеге асыруға заңнамалық келісімдермен адамдардың осы санаттары үшін тыйым салынса;

2) лицензия алу үшін қажетті құжаттардың барлығы ұсынылмаса. Лицензиар лицензия беруден бас тартқан себептерді өтінуші жойған ретте, өтініш оны алу үшін көзделген жалпы негіздерде қаралады;

3) лицензиялық алым енгізілмесе;

4) өтінуші біліктілік талаптарына сай келмесе;

5) өтінушіге қатысты оның осы қызмет түрімен айналысуына тыйым салынған сот шешімі бар болса.

 

21. Туристтік кәсіпорынды сертификаттау.

Өнімді немесе қызметті сертификаттау – бұл бекітілген талаптарға олардың сәйкестігін растайтын әрекет.

Сертификаттау мына мақсаттармен өткізіледі:

- ҚР-ның бірыңғай тауар нарығында кәсіпорынның, ұйымның және мекемелер мен кәсіпкерлер қызметі үшін жағдай туғызу;

- тұтынушыны тауар мен қызмет өндірушілердің адалсыздығынан қорғау;

- өмір, денсаулық, кәсіпорын мен мүлікті қорғау үшін өнім мен қызметтің қауіпсіздігін бақылау;

- өндірушімен жазылған өнімнің сапасының көрсеткіштерінің расталуы.

Осыған байланысты нормативті құжаттарды азаматтар, сонымен қатар, туристтер денсаулығына патенциалды қауіпті тауар, жұмыс пен қызметті міндетті сертификаттауды қарастырады.

Осы облыс бойынша жұмыстарды стандарттау, метрология пен сертификаттау бойынша ҚР-ның комитетімен жүргізіледі.

Сертификаттау жүйесімен сәйкес сертификаттау органымен кәсіпорынға беріледі:

- сәйкестік сертификаты – бекітілген талаптарға берілген өнім немесе қызметтің сәйкестігін растайтын құжат;

- бекітілген тәртіппен тіркелген сәйкестік белгісі.

Сертификаттау міндетті және ерікті болады. Міндетті сертификаттау ҚР-ның заңнамалық актілерімен алдын қарастырылған жағдайларда жүзеге асырылады. Міндетті және ерікті сертификаттау бойынша жұмыстардың төлемі өтінушілермен әске асырылады, ал, қаражаттың өздері өнім, жұмыс, төлемі өтінушілермен іске асырылады.

22. Туроператор және турагент қызметтері және олардың келісім шарт қатынастары

Агенттік келісім дегеніміз – туристік қызмет пакетін көтерме сауда сияқты турагент пен туропеатор арасындағы келісім-шарт.

Қайтямды туристік қызмет көрсету келісім шарт – негізгі заңды құжат, шарттар көрінісі, уақыт (мерзімдер), міндеттер, жауапкершілік, басқа да шарттар және т.б.

Нақты фирмалар және келісім шарт мазмұны РФ мемлекеттік кодексіне сәйкес турды сатушылармен анықталады.

Келісім шарт тапсырысы – мемлекеттік-құқықтық келісім шарт бір жақ екінші жақтың (сенуші) есебі үшін оның атынан жұмыс жасауға міндетті алатын.

Келісім шарт тапсырысы сенуші жақтың атынан іс-әрекет етуге құқысы бар мерзімнен бастап қорытындылануы мүмкін.

Сенімді (адам) жақ сенуші жақ тапсырғандарды орындауға міндетті, мыс: заңды іс-әрекетке сәйкес жасалу ережесі немесе тәсілдері.

Сенімді жақ пен сенуші жақтың құқықтары мен міндеттері РФ мемлекеттік сенімді жақтың тапсырғандарын жеке өзі орындауға міндетті және 976 статья бойынша тапсырыстың орындалуы жайлы мағлұматтарды жеткізіп отыруы тиіс. Өз кезегінде сенуші жақтың да нақты анықталған міндеттемелері бар. Ол (сенуші жақ) сенімді жаққа заңды іс-әрекеттің орындалуына сенімділік танытуға міндетті.

Сену жақ сонымен қатар өзінің тапсырыстарының орындалуына құралдарды қамтамасыздандыру қажет. Сенуші жақ сенімді жаққа сыйақы төлеуге міндетті.

Агенттік келісім шарт - өзінің атынан заңды және басқа да іс-әрекетті басқа жақтың тапсырысы бойынша сыйақы үшін жұмыс жасауға міндетті жақ (агент) арасындағы келісім шарт.

Турагент пен туроператор арасындағы келісім шарт туроператор қойған туржолдаманың сатылуы және турқызметті брондау ережесіне сәйкес өнім сатылады. Туржолдаманы брондауда турагент өзінің атынан туристерге ұсынады. Ұсынылған қызметтің қауіпсіздігі мен сапасы үшін туристер алдында турагент жауап береді. Туроператордың жауапкершілігі турөнім туралы ақпаратты жеткізу болып табылады

23. Туристік фирманың бизнес-жоспарының жасалу үлгісі.

Туристік фирманың болашақ қызметін құру үшін маңызды этаптарының бірі бизнес-жоспар болып табылады. Ол жаңадан құрылып жатқан және құрылып қойған фирмалар үшін қаржы менеджментінің негізі болып табылады. Жаңа фирманың бизнес-жоспары этаптық әдістер бойынша құрылады. Бизнес-жоспардың негізгі мақсаты кәсіпорын құру үшін оның барлық болашақ қызметі туралы алдын-ала жоспарлау. Бизнес-жоспардың басты мақсаты өндіріс болғанмен де, түпкі мақсаты пайда табу.

Бизнес-жоспарға қойлатын талаптар:

1. Бизнес-жоспарда ойлаған істі іске асыратын басшының өзі дербес қатынасуы қажет. Барлық шетелдік банктер, инвестициялық фирмалар, егер жоспар шеттен келіп, кеңесшілер даярлап, басшы қол қойған болса, онда қаражат бөлінбейді;

2. Шеттен кеңесші алуға болмайды, әр бір салалардан мамандар алу қажет. Егер күрделі жоспар болған жағдайда оған тек жоспар жан-жақты дәлелді болады. Бұл жағдай кәсіпкер орындаушы өзінің жан-жақты даярлығын арттырады. Себебі істің егжей-тегжейін біледі.

Бизнес-жоспардың маңызды құрылымы регламенттелмейді (қатаң белгілеу). Дегенмен көпшілік жағдай мына бөлімдерден құрылады:

- резюме (жоспардың қорытынды түйіні);

- тұтынушыға ұсынылатын өнімдер, тауарлар, қызметтер сипаттамасы;

- өнімді өткізу нарығын бағалау;

- бәсекелестік;

- маркетингтегі стратегия;

- өндіріс жоспары;

- ұйымдастыру жоспары;

- әділеттілік жоспары;

- тәуекел мен қауіпсіздендіруді бағалау;

- қаржылық жоспар.

Жаңа кәсіпорын үшін бизнес-жоспардың бірінші құратын бөлімі шығаратын қызметтің негізгі түрін таңдау. Кәсіпкер өндіретін өнім жөнінде тұжырымды айқын елестетуі тиіс және де ол жаңа тауар жөнінде нені көрсету керек екенін айқындау міндетті. Ол үшін ұсынылатын тауар және қызмет қандай қажетті қанағаттаныдырады, нарықта бар осындай тауалардан ұсынылатын тауардың қандай айырмашылығы, артықшылығы бар және не себептен тұтынушылар жаңа тауарды басқалардан артық көреді деген сұрақтарға жауап беруі керек. Егер кәсіпорын туристік қызметті негізгі түр ретінде таңдаса, онда төмендегі екі мәселені шешуі керек:

Бизнес-жоспардың келесі этапы маркетинг-жоспар. Өткізу нарығы мен бәсекелестік бөліміндегі зерттеулердің қорытындысы маркетингтік стратегиясын жасақтайды. Маркетингтік жоспар мына элементтерден тұрады:

- тауардың таралу схемасы: тауарды кім сатады? өзінің фирмалық дүкендері немесе көтерме сауда ұйымдары бар А?

- баға жасақталу – тауардың бағасы қалай анықталады және жалпы шығын деңгейі қандай болады?

- жарнама қалай ұйымдастырылады (теледидар, радио, баспасөз, жарнамалық стандарт, т.б.) оған бөлінген қаражат қанша болады?

- сатуды ынталандыру әдістері – фирма сату көлемін қалай ұлғайтады, тауарды өткізудің ауданын ұлғайту арқылы немесе тұтынушыларды тартудың жаңа әдістемелері. Мыс: жаңа тауарды сату;

- қоғамдық пікірді жасақтау, жақсы атақ алу үшін қандай жұмыс істеу керек?;

 

24. Туристік бағдарламаларды дайындау және оның түрлері

Турларды жоспарлау – туристік фирмалардың негізгі қызметтерінің бірі болып табылады. Бұл қызметті орындау барысында бәсекелестік қабілетті сапалы турөнім дайындалады. Ал оны дайындау үшін нарықтағы ұсыныс пен сұранысты терең зерттеу керек. Сұраныс параметрлеріне негізделіп, мыналарды анықтау қажет:

1. жасалынған өнімнің территориялық аумағы;

2. тұтынушылардың әлеуметтік жағдайын;

3. туризм түрлері мен бағыттары

Турөнімг едеген сұранысты арттыру үшін оның құрамын анықтап, нарық туралы зерттелінген, талдау жүргізілген мәліметтерге және мүмкін болатын сұраныс көлеміне міндетті түрде назар аудару қажет.

Егер турөнім танымдық мақсатта болса, онда ежелгі мәдениетімен, көрнекті жерлерімен әйгілі елдерді алған дұрыс.

Тур демалыс түрі ретінде де көрініс алады, сондықтан да климаттың жағдайы сәйкес келетін елдер таңдалынады (мыс, теңіз, жағажай). Одан бөлек туристік саяхаттың ұзақтығы мен маусымын анықтау қажет.

Танымдық мақсаттағы турларды өткізілетін орын өлі климатты ел болса, онда баруға ыңғайлы уақыт мамыр айынан қазанға дейін, ал егер ыстық болса – қарашадан ақпанға дейін.

Тур ұзақтығы да оның түріне байланысты. Демалу және танымдық мақсаттағы турлардың ұзықтығы 1 аптадан 2 аптаға дейін (орташа 10 күн), шоп-турлар 5 күнге ғана.

Саяхат мақсатына байланысты оның маршруты таңдалады. Нарықтық сұранысқа негізделіп әрбір елдегі топтық немесе жеке турлар анықталады.

Туристік фирмалар өздерінің туристік турларын жоғары да айтылған критерийлер бойынша дайындайды.

Ал, егер турфирма халықаралық деңгейге бірінші рет шығып отырса, онда оған контрагентті табу өте маңызды (өзіне сай әріптесті).

Әріптесті табуға туристік фирмалардың ұлттық ассоциациясы көмек бере алады. Одан кейін турфирма мен контагент фирма арасында қызмет көрсету бағдарламасы жасалады. Қызметкөрсету бағдарламасы алдын-ала төленген, турдың уақыт кезеңдеріне бөлінген, туристер қажеттілігіне және тур тақырыбына сай қызметтер тобынан тұрды.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.