Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Іскерлік туризм дегеніміз?



Соңғы кездегі аса табыст ытуризм түрі болып іскерлі мақсаттағы турлар жатады. Индивидуалды саяхаттар, олар өзіне конференциялық саяхаттар, семинарлар, көрмелер және конгрестерді жатқызады.

Іскерлік турды ұйымдастырудың өз ерекшелігі бар. Яғни қонақ үйдің ыңғайлылығы мен бір адмадық номерлермен қамтамасыз етілуі. Жиналыстар өткізілетін залдардың алдан ала жалға алынуымен қарастырылады. Және іскерлік туризмнің ең бір қажетті жағы байлансы қызметтері мен банктік орталықтардың болуы.

 

30. Туроператорлық қызметті жүзеге асыру,

Өтінішті жолдау үшін келесі құжаттар талап етіледі

· Анықталған үлгідегі өтініш

· Өтініш берушінің салық органдарында есепке алынғандығы туралы куәліктің көшірмесі (салыстыру үшін туп нұсқасы болмаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмесі)

· Қызметтің жекелеген түрімен шұғылдануға құқықтың лицензияланған бюджеттің жиынтығын бекітетін төлем құжаты

· Тұлғаны куәландыратын құжаттардың көшірмесі

· Жұмыскерлердің біліктілігін, олардың мамандығы бойынша жұмыс өтілін көрсетумен (осы қаулыға қосымшаға сәйкес үлгі бойынша) қызметкерлердің бар болуы және жұмыскерлердің саны туралы құжаттың түпнұсқасы, (немесе) және нұсқаушылардың қызметтерді көрсетуге қо

· Туристік бағыттар және троп мемлекеттік тізілімінен үзінділер

· Туристік операторлық қызметтер үшін туристерге қызмет көрсету бағдарламасы

· Қазақстан Республикасы Үкіметімен Бекітілген типтік шарттарымен сәйкес әзірленген туристік қызмет көрсету шартының үлгілері

· Туристік операторлық қызметтер үшін - меншіктің бар болуын растайтын құжат немесе жалданған материалдық база және (немесе) туристік өнімдер кіретін жекелеген туристік қызметтерге берілетін тұлғамен шарттар

· Туристік жолдама және туристің жаднамасы

· Туристік оператор және туристік агенттарға азаматтық-құқықтық жауапкершіліктің міндетті сақтандыру шарты

· Заңды тұлға үшін құрылтай құжаттарына туристік қызметтерді орнықтыру

· Офис үшін меншікті немесе жалға алынған үй-жайдың бар болуы

· Туристік білімдерімен жұмыскерлердің бар болуы, соның ішінде гидтар (гидтар-аудармашылар), экскурсия жетекшісі, туризмнің нұсқаушысы, қызметтер көрсетуде туризм нұсқаушысының лицензиясының болуы

 

31. Туристік қызметті лицензиялау

Лицензия заңды тұлғаларға облыстық атқарушы органдармен оның әділет органдарындағы тіркеу орндарына байланысты, ал жеке тұлғаларға – салық органдарына тіркелген орны бойынша беріледі. Лицензияны алғаннан кейін 7 ай ішінде ҚР Үкіметінің бекіткен туристік қызмет көрсетуге сәйкес сертификат алуы тиіс, оның көшірмесін лицензиарға береді.

 

32. Лицензия алуға қажетті құжаттар

Туроператорлық немесе турагенттік қызметті жүзеге асыруға арналған лицензияны алу үшін мынадай құжаттар қажет:

· белгіленген нысандағы өтініш;

· заңды тұлға үшін - Жарғының және өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмелері;

· жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

· дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

· өтініш берушінің салық органында есепке тұрғаны туралы куәліктің нотариалды куәландырылған көшірмесі;

· туристік қызметтің өтініш берілген түрімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алым төленгенін растайтын құжат;

· туроператорлық қызмет үшін - олардың біліктілігін, мамандығы бойынша жұмыс өтілі мен денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтаманы көрсетіп, білімі мен тәжірибесі туралы құжаттардың көшірмесімен қоса, туризм нұсқаушысы қызметін көрсетуге лицензиясы бар қызметкерлермен, оның ішінде гидтермен (гид-аудармашылармен), экскурсияшылармен, туризм нұсқаушыларымен жасалған жеке еңбек шарттарының көшірмелері;

· туроператорлық қызмет үшін - туристік бағыттардың тізілімдері мен схемалары;

· туроператорлық қызмет үшін туристерге қызмет көрсету бағдарламалары;

· турагенттік қызмет үшін - білімі және практикалық жұмыс тәжірибесі туралы құжаттардың көшірмесі мен денсаулығының психикалық жай-күйі туралы медициналық анықтамамен қоса, қызметкерлермен жасалған жеке еңбек шарттарының көшірмелері;

· «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Заңның 17-бабының талаптарына сәйкес туристік қызмет көрсетуге арналған шарттың үлгісі;

·

33. Лицензияны қайта жасау

Заңды тұлғаның атауы, орналақан жері өзгеретін болса, қажетті мәліметтер көрсетілген құжаттармен бірге бір ай ішінде лицензияны қайта жасау туралы өтініш беруі тиіс. Лицензиар 10 күн ішінде өтініштегі мәліметтерге сәйкес лицензияны қайта толтырады.
Лицензия бір данамен беріледі, егер лицензиат оны жоғалтып алса, көшірмесін алу туралы өтініш беруі тиіс.

 

34. Лицензияны тоқтату, бас тарту, қызметін тоқтату

Лицензияны беруден бас тарту мына жағдайларда жүзеге асады:

· туроператорлық, турагенттік және туризм инструкторы қызметімен айналсуға аталған тұлға категорияларына заңнамалық актілермен тыйым салынса;

· лицензия алуға қажетті құжаттар толық ұсынылмаса;

· лицензиялық жинақ төленбесе;

· өтініш иесі біліктілік талаптарына сәйкес болмауы;

· өтініш иесіне аталған қызмет түрлерімен айналсуға сот шешімімен тыйым салынса.

Лицензия мына жағдайларда қызметін тоқтатады:

· лицензия қайтарылса;

азаматтың жеке кәіспкерлігін тоқтатқанда, қайта құрғанда немесе заңды тұлғаның таралуында.

35. ҚР туризмнің дамуы.

Қазақстан үшін туризмнің дамуы қазіргі таңда өте маңыздылығын Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» Бағдарламасы негізінде халыққа жолдауында атап өткен. Осы бағдарлама бойынша 2015 жылға дейін өзінің мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан перспективті салаларға ауыл шаруашылығы, орман және орман өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тұрғын-үй құрылысы және инфрақұрылымымен қатар туризм де кірген.
Қызмет көрсетудің көптеген ерекше сипаттамаларымен (сезілмейтіндігі, өндіріс пен тұтынудың бір мезгілділігі, сапаның өзгермелілігі, сақтауға болмайтындығы) қатар туристік өнімге өзінің ерекше өзгешеліктері тән және ол туристік фирмалардың маркетингтік қызметін ұйымдастыруда ескерілетін негізгі факторлар болып табылады. Сонымен қатар туристік қызмет көрсетушілерге экономикалық, саяси, табиғи, әлеуметтік-мәдени және т.б. факторлар да әсер етеді. Тұрақты нормалар, әлеуметтік ереже, рухани құндылықтар жүйелері, адамдардың табиғатқа, еңбекке, спортқа, демалуға қатынасы ең үлкен күшке ие, сондықтан фирмалар осындай факторлардың мүмкін болатын өзгерістерін қадағалап отырылуы қажет.
Туризм соңғы уақытта экономикалық және әлеуметтік құбылыс ретінде ауқымы айтарлықтай кеңейген қызмет түрі болып табылады. Қазіргі уақытта туризмнің экономикада тікелей немесе қосылған құнды құру, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде, жеке табыста, мемлекеттік кірісте және т.с.с. әсер ету жолымен алып тұрған немесе алатын рөліне көп назар аударылуда.
Туристік кәсіпорын – бұл мүлікті еңбек ұжымының пайдалануы негізінде өнім өндіретін және өткізетін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін заңды тұлға құқығын иеленетін дербес шаруашылық жүргізуші субъект. Еңбек ұжымы мүшелерінің әлеуметтік және экономикалық мүдделерін және мүлікті меншіктенуші мүдделерін қанағаттандыру үшін табыс алуға бағытталған шаруашылық қызметі туристік кәсіпорынның ең басты мәселесі болып

 

36. Туристік кәсіорындар.

Туристік кәсіпорын жұмыстан бос уақытты, рекреацияны, демалысты ұйымдастыруға және халықты емдеуге; олардың таныстары мен туысқандарына баруға және заңмен рұқсат етілген және жарғыға сәйкес өзге де мақсаттарға бағытталған қызмет түрін жүзеге асырады.
Әрбір жеке кәсіпорынның туристік саясатының негізгі мақсаты нарықтық жағдайларды тиімді пайдалана отырып көрсетілетін қызметтер сапасын жоғарылату, туристік өнімді өндіру, өткізу және жылжыту үрдістеріне жаңашылдықтар енгізу арқылы пайданы және туристік қызметтің рентабелділігін арттыру болып табылады.
Туризм - демалу мақсатында, іскерлік және өзге мақсаттарда қатарынан бір жылдан аспайтын кезең ішінде саяхаттайтын және әдеттегі ортасынан тыс жерде орналасқан орындарда болуды жүзеге асыратын адамдар қызметі.
Туристiк операторлық қызмет (туроператорлық қызмет) - қызметтiң осы түрiне лицензиясы бар заңды тұлғалардың өздерiнiң туристiк өнiмдерiн қалыптастыру, ұсыну және туристiк агенттер мен туристерге өткiзу жөнiндегi қызметi.

 

37. Қазақстан Республикасының визасын алу ережесі туралы

Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғаларға Қазақстан Республикасы аумағына келу үшін, егер өзге тәртіп ҚР халықаралық шартпен белгіленбеген болса, виза қажет. ҚР визасы төлқұжатқа немесе ҚР танылатын өзге, жеке басты куәландыратын құжатқа жапсырылады және келу үшін жарамды, сонымен бірге ҚР келу және болу, сондай-ақ одан кету немесе ҚР аумағын транзитпен өту үшін жарамды болады.
1. Қазақстан Республикасының визасын беру және оның қолданылу мерзімін ұзарту үшін негіз заңнамамен белгіленген тәртіпте рәсімделген халықаралық ұйымдардың, шетел мемлекеттерінің өкілдіктерінің, сондай-ақ Қазақстан Республикасы мемлекеттік ұйымдарының Астана қаласында ҚР СІМ консулдық қызметі департаментіне немесе Алматыда КҚД өкілдігіне жазбаша өтінімі болып табылады.

2. ҚР визасын алу үшін шетел азаматтары өзінің отырған елінде Қазақстан Республикасының дипломатиялық /консулдық мекемесіне төлқұжатын (немесе халықаралық жол жүру құжатын), толтырылған визалық сауалнамасымен (осы жерден алуға болады) және фотосуретімен ҚР СІМ КҚД визалық қолдау нөмірінің белгісімен шақыру хатының көшірмесін беріп хабарласуы керек. Төлқұжаттың қолданылу мерзімі сұралатын визаның қолданылу мерзімі аяқталғаннан кейін 6 айдан кейін бітуі керек. Өзге құжаттарды ұсыну қажеттігін консул орында анықтайды.
3. Қазақстан Республикасы азаматы - жұбайымен, балаларымен немесе ата-анасымен бірге Қазақстан Республикасына келетін шетел азаматтары үшін визалар жоғарыда аталған туыстарының өтінімдері негізінде бір айлық мерзімге, бірақ жыл бойына екіден артық емес (осы шектеу Қазақстан Республикасының азаматтары - ата-анасымен бірге келетін кәмелетке толмаған шетел азаматтарына таратылмайды) рәсімделе алады;
4. Жақын туыстарының ауырғаны немесе қайтыс болғаны жағдайда дәрігер бекіткен Қазақстан Республикасынан сәйкес халықаралық жеделхат негізінде виза рәсімдеу рұқсат етіледі.
5. Қазақстан Республикасынан кезінде шыққан - шетел азаматтарына туыстарының жеке өтінімдері (туркомпания араласуынсыз) мен төлқұжаттағы бағана, Қазақстан Республикасында туу туралы куәлігі немесе ҚР жақын туысының жерленгені туралы құжат көшірмесі, немесе Қазақстан азаматтығынан шыққаны туралы анықтама негізінде туған жерін және туыстарының зиратына бару үшін үш айлық мерзімге дейін жеке визалар беріледі алады.

 

38. ҚР шетелдік мекемелеріне шетел азаматтарын Қазақстан Республикасына шақыру үшін ҚР СІМ визалық қолдауға бағыттау тәртібі туралы ақпарат

Визалық қолдауды рәсімдеу үшін ҚР СІМ Қазақстан Республикасына келетін шетел азаматтарға шақырушы ұйым ҚР СІМ Консулдық қызмет департаментіне мынадай құжаттарды береді:
1. Белгіленген нысандағы шақыру хат, (№ 1 нысаны бойынша);
2. Консулдық алымдарды (бюджеттік ұйымдар үшін талап етілмейді) және нақты шығындарды төлеу туралы төлем тапсырмасы немесе түбіртегі.
3. ҚР СІМ КҚД үстіміздегі жылы бірінші рет хабарласқан ұйым үстіміздегі жылы нотариалдық расталған жарғы көшірмесін, ҚР ӘМ тіркеу туралы куәлік, статистикалық карточка, салық төлеушінің куәлігінің (туристерді шақырған жағдайда туристік қызметке арналған лицензияны) көшірмелерін, салықтық қарызының жоқтығы туралы анықтама түпнұсқасын береді, қаладан тыс орналасқан ұйымдар жоғарыда көрсетілген құжаттарды мына мекен-жайға жібереді:

39. Қазақстан Республикасының шетел мемлекеттерімен консулдық мәселелер бойынша келісімдері

- Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Ресей Федерациясының Үкіметі арасында ҚР және РФ шекара маңылық аумақтарын тұрғындарының қазақстандық - ресейлік мемлекеттік шекараны өту тәртібі туралы келісім (2006 жылғы 3 қазан).
- Қазақстан Республикасы мен Польша Республикасы арасында Консулдық конвенцияға қол қою туралы» Қазақстан Республикасының заңы (2006 жылғы 04 шілде);
- Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Молдова Республикасы Үкіметі арасында 2003 жылғы 17 қыркүйектегі азаматтардың өзара жол жүруі туралы келісімге қол қою туралы» (2006 жылғы 25 қараша) Қазақстан Республикасының Заңы;
- Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Грузия Үкіметі арасында 2005 жылғы 03 қарашадағы азаматтардың өзара сапар шегуі туралы келісімге қол қою туралы» (2006 жылғы 25 қараша) Қазақстан Республикасының Заңы;
- Беларусь Республикасының Үкіметі, Қазақстан Республикасының Үкіметі, Қырғыз Республикасы Үкіметі, Ресей Федерациясының Үкіметі және Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасында азаматтардың 2000 жылғы 30 қарашадағы өзара визасыз сапар шегуі туралы келісім хаттамасына қол қою туралы» Қазақстан Республикасының Заңы (2006 жылғы 25 қараша);
- Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Армения Республикасы Үкіметі арасында азаматтардың өзара сапар шегуі туралы келісім (2006 жылғы 6-7 қараша).

 

40. Қазақстандық виза және төлқұжат туралы ақпарат

Егер сіз осы елге сапар шеккіңіз келсе, төмендегі берілген виза талаптары жайлы ақпаратқа көз салыңыз.

Әзербайжан, Армения*, Беларусия, Қырғызстан, Молдова*, Ресей, Тәжікстан, Өзбекістан және Украина*сияқты Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) құрамына кіретін мемлекеттердің жане Грузия* азаматтарына Қазақтанға келу үшін кіру визасы қажет емес.

*90 күнге дейін Қазақстанда визасыз бола алады.

Басқа шет елдердің азаматтары Қазақстанға келу үшін кіру визасын алулары қажет.

Кіру визаларының көптеген түрі бар, олар:

Виза Сипаттамасы
Іскерлік виза Іскерлік (іскерлік келіссөздер, форум, нарық зерттеулерін жүргізу үшін) мақсатымен, Қазақстан территориясында тіркелген мемлекеттік емес заңды тұлғалардың өтініші бойынша келген шет ел азаматтарына беріледі.
Туристік виза Лицензиясы бар жергілікті саяхат агенттіктердің өтініштері бекітілгенінен кейін беріледі.
Транзиттік виза Баратын мемлекетке кіру визасы, ұшу күндері мен Қазақстандағы транзиттік мекен көрсетілген билеті бар жолаушыларға Қазақстандағы портқа немесе станцияға келгеннен кейін 5 күн ішінде беріледі.
Дипломатиялық виза Дипломатиялық төлқұжаты бар, кей кезде заңды түрде қажет болғанда жолаушыларға беріледі. Дипломатиялық визалар консулдық төлемдерсіз рәсімделеді.
Қызметтік виза Дипломатиялық қызметші болып саналмайтын халықаралық ұйымдар мен шетел дипломатиялық өкілдіктерінің қызметкерлеріне, сонымен қатар, Қазақстан Республикасының үкімет органдырының шақыруымен іс-сапарға келген шетел азаматтарына беріледі.
Инвесторлық виза Қазақстан нарығында жұмыс істейтін және іскерлік жобаларды дамытуды жоспарлаған үлкен шетел компанияларының менеджерлеріне және өкілдеріне – ерекше инвесторларға беріледі.
Жұмыс визасы Жұмыстық визалар Қазақстан Республикасының халықаралық келісімдеріне байланысты шаралардан басқа, шетел жұмыс күшін тартуға рұқсат пен қосымша құжаттарды тапсырғаннан соң беріледі.
Оқу визасы Білім мекемелерінің өтініш беру арқылы көші-қон полициясының рұқсатымен беріледі.
Медициналық виза Белгілі бір мекемелер мен ұйымдардың өтінішімен, шақыру мақсаты айқындалған, емдеу, медициналық тексеру, кеңес алу үшін шақырылған Қазақстан азаматтығы жоқ шетел азаматтарына беріледі.
Тұрақты тұру визасы Заңға сәйкес құжаттарды тапсырғаннан кейін беріледі.

 

Кіру визасын алу үшін сіздің төлқұжатыңыз жоспарланған ұшу күнінен кейін кем дегенде 6 ай ішінде жарамды болуы тиіс. Рұқсат алған соң,виза төлқұжатқа жапсырылады.

Әр виза алу өтініші шақыру қағазымен расталуы қажет.

41. Визаларды алу кезінде ұсынылатын құжаттарға қойылатын талаптар

ҚР визалары шетелдіктерге паспорттарды немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат беретін басқа да Қазақстан Республикасы таныған мемлекет немесе халықаралық ұйымдар берген құжаттарды көрсеткен кезде, егер оның түпнұсқалығына және иесінікі екендігіне күмән келтірмейтін болса беріледі.

Визаның мерзімі шетелдіктің паспортының қолданыс мерзімі аяқталуынан 6 айдан кем емес мерзімге дейін аяқталуы қажет.

Паспортта немесе Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат беретін басқа құжаттарында ескертілмеген тазартулар мен түзетулер, мөр басылмаған фотосуреттер және парақтары сөгілгендігі табылған жағдайда, осындай құжаттардың иелеріне ҚР визалары берілмейді. ҚР-ның шетелдегі мекемелері, ҚР ІІМ құжаттардың жарамсыздығы немесе жалғандығы себебі бойынша виза беруден бас тартқан жағдайда, міндетті түрде ҚР СІМ-ді хабардар етулері қажет.

42. ҚР визаларын алмастыратын құжаттар

 

ҚР визаларын алмастыратын құжаттар:

1) Қазақстан Республикасында тіркелген дипломаттық өкілдіктердің қызметкерлеріне, шетелдік консулдық мекемелердің жұмысшыларына, халықаралық ұйымдардың қызметкерлеріне, оларға теңестірілген тұлғаларға және отбасы мүшелеріне ҚР СІМ берген тіркеу куәліктері;

2) Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын шетелдіктерге ҚР ІІМ берген тұруға ықтиярхат;

3) ҚР ІІМ берген азаматтығы жоқ тұлғалардың куәлігі;

4) Паспортында немесе ҚР мемлекеттік шекарасынан өтуге руқсат беретін басқа да құжаттарында шығарып жіберу туралы мөртабан болған жағдайда шетелдікті шығару жөніндегі соттың қаулысы болып табылады.

 

43 . Визалардың қолданыс мерзімі

 

Қазақстан Республика аумағында паспорты немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасынан өтуге рұқсат беретін басқа да құжаттары жоғалған жағдайда, сондай-ақ заңнамаға сәйкес белгіленген тәртіп бойынша Қазақстан Республикасынан шетелдікті шығарып жіберу туралы шешім қабылданған жағдайда берілетін шығу визасын қоспағанда барлық санаттағы бір, екі, үш мәртелік визалар 90 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі.

2-ші Қосымшасында көрсетілген мемлекеттердің азаматтарына бір мәртелік дипломаттық (ДВ), қызметтік (ҚВ), іскерлік (ІСВ), жеке (ЖСВ) туристік (ТСВ) визалар 30 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі.

Шетелдіктің «жеке» санатындағы визасы бойынша ҚР аумағында болуының жалпы мерзімі бір жылда 90 тәуліктен аспауы керек.

2-ші Қосымшасында көрсетілген мемлекеттердің азаматтарына екі мәртелік туристік визалар (ТСВ) 60 тәулік мерзімге дейін беріледі.

Туристік санатындағы (ТСВ) бір, екі, үш мәртелік визалар ҚР аумағында бір жыл ішінде әр келген сайын 30 тәуліктен аспайтын мерзімге келу құқығымен 90 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі.

«Тұрақты тұруға арналған» (ТТВ) бір және екі мәртелік визалар 90 тәулікке дейінгі мерзімге беріледі.

44. Қазіргі ішкі және сыртқы нарық жағдайындағы туристік өнімдерді өндіру, айырбастау және таратудың экономикалық ерекшеліктері

Қоғамның экономикалық өмірі күрделі де, әр қилы және қарама-қайшылықта болып келеді. Оның құрамы да көп деңгейлі болады, оны тек экономикалық ғылым жүйесі ғана түсініп-біле алады. Бірінші жағынан, туризм өз алдына жеке шаруашылық сферасы ретінде экономикалық жалпы заңдылық болса ( өндіріс өнімділігін көтеру заңы, сұраныс және ұсыныс заңы, бәсекелік баға шығару), екінші жағынан, туризм – бұл адамның іс-әрекетінің ерекше бір түрі және халық шаруашылығының айрықша бір сферасы. Осыған байланысты экономикалық дамудың жалпы заңдылығы туризм сферасында ерекше сипат алады. Шаруашылық сферасының барлық деңгейінде туризм экономикасы адамдардың мінез-құлқын зерттейді, өйткені олар туристік өнімдерді өндіреді, бөледі, айырбастайды және тұтынады.

45. Туристік индустрия жүйесіне арнайы кәсіпорын, ұйым және мекемелер

Кеңестік география ғылымында территориялық рекреация жүйенің моделі жасалынған. ХХ ғасырдың 70-ші жылдарының ортасында В.С. Преображенский басқарған ғалымдар тобы қарастырып, кейін Н.С. Мироненко мен И.Т. Твердохлебовтардың жұмыстарында онан әрі дамытылды. Батыста туризмнің концептуалдық моделін Г. Гуибилато жасаған және оны Г. Ваккерман толықтырған. Осыларға сүйене отырып, туризм жүйесі өзіне екі шағын жүйені енгізеді : «туристік іс-әрекет субъектісі» және «туристік іс-әрекет объектісі».

Бұл жүйе шеңберінде туристер сұранушылар немесе сатып алушылар ролінде болса, туристік қызмет көрсетушілер мен заттар әкелушілер сатушылар ролінде болады. Осылай болғанда, туристік іс-әрекет субъектісіне – туристке – жүйеде қарсы тұратын туристік іс-әрекет объектісі – «туристік шаруашылық» болмақ.

Туристік шаруашылық екі бөлікке бөлінеді: туристік ресурстар және туристік инфрақұрылым; бұларға кіретіндер: туристік мекеме, ұйымдар және кәсіпорын.

Жалпы туристік шаруашылық туристерге қызмет жасайтын басқа да халық шаруашылық салаларымен қосылып, «туристік индустрия» жүйесін құрайды.

Туристік индустрия жүйесіне арнайы кәсіпорын, ұйым және мекемелер кіреді:

1) түнеуге қызмет көрсететін мекемелер ( қонақ үйі, мотель, жеке пәтер, санаторий, туристік база, демалыс үйі);

2) тамақтану мекемесі ( мейрамхана, кафе, бар, асхана);

3) көлікпен қызмет көрсететін мекемелер ( автомекеме, темір жол мекемесі, теңіз флоты);

4) Туристік өнімдерді шығаратын және тарататын туристік фирмалар (туристік бюро, туристік фирма, туристік агенттік);

5) Жарнама-ақпараттық туристік мекемелер (жарнама агенттігі, жолдама тарататын бюро);

6) Туристік өнеркәсіп мекемесі (туристік сувенирлер шығаратын фабрика, туристік жабдықтар, туристік жиһаз шығаратын мекемелер);

7) Сауда мекемелері (дүкендер, прокат пункті);

8) Туризмдегі бос уақыт сферасының мекемесі (кино-концерт залдары, ойын автомат залдары);

9) әуесқойлық туризм мекемесі( альпенистік, велосипед клубтары);

10) туризмді басқару органдары (комитеттре, туризм департаменті);

11) туристік оқу орны

12) ғылыми-зерттеу және жоспарлау мекемесі (лабораториялар, зерттеу полигондары).

46. Туристік өнімдерді шығаратын және тарататын туристік фирмалар

Туристік индустрияның басты құрамы – бұл «туристік мекемелер». Туристік мекеме дегеніміз барлық керекті өндірістік құралдарды біріктіріп, туристерге қызмет көрсету үшін өндіріс орнын дайындайтын ұйым.

Туристік мекемелер өз қызметтерін ұсынып, халықтың туристік қажеттілігін өтейді.

Туристер негізгі, қосымша және қосалқы қызметтерді тұтынушылар есебінде пайдаланады.

Негізгі қызметтер туристік жолдамаларда келісіммен шектеледі. Ондайларға жататындар: орналастыру, тамақтандыру қызметі.

Қосымша қызметер туризмнің инфрақұрылымы дамыған жағдайда жалпы кірістің 50% атқарады. Олар: негізгі қызметтерге кірмейтін сауықтыру қызметі, медицина қызметі, ойын мекемелері.

Қосалқы қызметтерге жататындар: сувенир өнімдерімен қамтамасыз ету, турстік символикамен, сауда валют-кредит, ақпарат.

Қосымша және қосалқы көрсетілетін қызметтердің арасында айырмашылық жоқ.

Туристік мекемелер «туроператорлар» және «турагенттер» болып жіктеледі. Туроператор дегеніміз бұл да туристік мекеме, өзінің және басқаның қызметерін араластырып өзінің жаңа туристік өнімін жасайды.

Туроператорлардың өнмдері турагенттер арқылы таратылады. Ірі туроператорлардың өзінің тарату желісі – саяхат бюросы болады.

Туризм жүйесінде ең күрделі орын алатын – «туристік ұйымдар». Демек, туристік ұйымдар туристік басқаруларға арналған.

Туристік сұраныстың көбеюі капитал салуды өсіруді және туристік қызметтің мөлшерін көтеруді қажет етеді. Бұл территорияның экономикалық іс-әрекетін жаңартуға әкеледі, кіріс көбейеді. Түскен кірістің бір бөлігі мемлекет қазынасы кеден салымдары арқылы толықтырылынады. Осылай жиналған ақшалар қайтадан жаңа туристік жобаларды қаржыландыруға жіберіледі.

47. Туристік жүйе

Туристік жүйе – оны қоршаған ірі орталармен біре қарастырғанда күрделі құрылым. Экономикалық, әлеуметтік, технологиялық, саяси және экологиялық бір бүтін болады. Сыртқы дүние туризм жүйесіне қатты әсерін тигізеді, оның әсері екі түрлі болады: бір жағдайда туристік іс-әрекеттің дамуына мүмкіндік туғызса, басқа бір жағдайда керісінше әсерін тигізіп, тіптен жойылып кету қаупін туғызады. Жойылып кетпей нәтижелі жұмыс істеу үшін туризм жүйесі қоргаған сыртқы өзгерістерге бейімделіп отыру керек.

Туризм еліміздің белгілі бір территориясының халық шаруашылық саласының дамуына оңды түрде әсерін тигізеді, инфрақұрылым құрып, дамуын жылдамдатады, өндіріс күштерін орналастыруға әсерін тигізеді. Туристердің келуі және олардың шығыны ауыл тұрғындарының өмірінің деңгейін көтереді. Туризм территориялық ақша баланс құрылымының кірісі мен шығысына үлкен әсерін тигізеді, оны рекреациялық аудандар өз пайдасына шешеді

 

48. Туристік шаруашылықтың түсінігі

Туристердің келуінен шаруашылыққа түсетін пайданы адамдар өте ерте заманнан байқады. Солай болса да, тек XIX жүзжылдықтан ғана бастап туризм көптеген аймақтың экономикасына елеулі әсерін тигізе бастады.Туристерге көресілетін қызметтен түсетін табыстың жоғарылығына байланысты, кейбір елдер мен аймақтарда XX ғасырдан бастап туристерге көрсетілетін қызмет саласын «туристік индустрия» деп атай бастады. Туристердің қажеттерін өтеу үшін туризм аудандарында бірқатар шаруашылық түрлерін игеруге тура келді.

Туристік шаруашылық дегеніміз әр түрлі бөлімдердің белгілі бір кешені, олардың құрылуы және дамуы түристердің келуі және тұруымен байланысты. Бұл шаруашылық бірін-бірі толықтырып тұратын салалардан қалыптасқан, туристердің сұранысын біріккен бір кешенде ғана өтей алады.

Туристік шаруашылықты тура және жанама түрге бөлуге болады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірінсіз іс-әрекетін жоюы ықтимал. Бірінші топқп туристерге ғана қызмет жасайтын мекемелер мен объектілер жатады: турбазалар, қонақ үйлер, кемпингтер, приюттар, арнайы жолдар мен көлік орталықтары және т.б. Олар, атап айтқанда – туристік объектілер. Екінші топқп жататындар - туристерге арналмаған мекемелер мен объектілер, бірақ та жартылай немесе анда-санда оларды туристер де пайдаланады. Оған жататындар: жалпы мемлекеттік жолдар, көлік пен коммуникация, мейрамхана желілері, дүкендер, тұрмыстық және мәдениет мекемелері. Бұндай кешендердің барлығы атқаратын ісіне қарай төрт базаға жіктелген: түнеу (орналастыру), тамақтану, коммуникациялық және қосалқы.

 

49. Тамақтану объектілері.

Туристердің азық-түлік пен сусындарға сұранысын қанағаттандырудың да үлкен маңызы бар. Жалпы тамақтандыру туристік қонақ үйлері жанындағы мейрамханаларда, кафеде немесе басқа да қоғамдық тамақтану мекемелерінде ұйымдастырылады.

Туристік орталықтарда қоғамдық тамақтандыруды ұйымдастырғанда жабық, ашық және аралас түрлерін айырған жөн.

Тамақтандырудың жабық түрі ұйымдастырылған демалыс мекемелері үшін қажет. Демалушылар тамақты белгілі бір жерде нақты бір уақытта алады. Тамақтанудың ашық түрі өз бетімен жүрген туристерге, жергілікті халыққа арналған, сондай-ақ ұйымдасқан демалушылар да ақшаға сатып алып тамақтана алады.

Қоғамдық тамақтанудың аралас түрінде ұйымдасқан түрдегі демалушыларға арнайы орындарда белгілі бір уақыттарда тамақтану көрсетіледі, ал басқа уақыттарда келушілердің барлығы ас мәзірі бойынша өздеріне тапсырыс береді. Тамақтанудың аралас түрі деп ұйымдасқан демалушылардың талон арқылы қоғамдық тамақтану мекемелерінде тамақтануын айтады.

Туристердің жүріп-тұруында көліктің атқаратын ролі өте күрделі. Туристьік көлік жалпы көлік сияқты жерде, суда және ауада жүретін болып жіктеледі.

50. Туризм индустриясының мекемелері мен орталықтарын, кәсіпорындарын үш топ

Туризм индустриясының мекемелері мен орталықтарын, кәсіпорындарын үш топқа бөледі:

1.Демалыс орындары мен маршруттардағы туристік экскурсиялық қызмет көрсету мекемелері (турбазалар, қонақ үйлер, санаториялар, кемпигтер; саяхат және экскурсия бюролары; арнайы көлік, туристік-экскурсиялық тасымалдау; демалу орындары мен туристік орталықтары туристерді сауықтыру орындарымен, сувенир мен басқа туристік тауарлар мен қамтамасыз ететіндер).

2. Демалыс орындарындағы туристерге, жергілікті халыққа тұрмыстық, мәдени танымдық, сауда қызметтерін көрсететін мекемелер (жолаушылар көлігі, қонақ үйлер, ауруханалар, дүкендер, кинотеатрлар, клубтар).

3. Материалдық-техникалық базаларды құру мен пайдалануды қамтамасыз ететін өнеркәсіп орталықтары және оларға еңбек құралдарын, шикізат, инвентарь жеткізетіндер, сондай-ақ туризм сферасына біліктілігі жоғары мамандар дайындайтын мекемелер.

Туризм индустриясы үш айрықша қасиеттерімен ерекшеленеді: біріншіден, туристік мекемелердің орналасуындағы ресурстарға болжам; екіншіден, туристік қызмет көрсетудегі мезгілдік; үшіншіден, туризм инфрақұрылымының даму деңгейіне жоғары талап.

Экономиканың саласы ретінде, туризмнің өзіне тән бірқатар айрықша ерекшеліктері бар, солар арқылы халық шаруашылығының басқа да салаларынана бөлініп тұрады. Туризм индустриясының басты айрықша ерекшелігі өндіріс пен өнімді тарату уақытының бірлестігі. Көлік уақытының жоқтығы, яғни туристік қызметтер (турөнімдер) бөл жерде өндіріледі және бірден қолданылады. Екінші ерекшелігі – оның өнімдері артығынан шығарылып, қоймада сақталмайды. Туристік қызмет көрсетудің келесі бір ерекше айырмашылығы – қызмет өндірісіне дейін өндіріс объектісіне тұтынушыларды тасымалдап, жеткізу. Бұл өз тұрғысында туризмнің басқа да ерекше айырмашылықтарымен байланысты – турист алған өнімдерді «өзіме,н алып кетеді», яғни жақсарған денсаулық, көңіл-күйі, жаңадан толтырылған білім, пікір, ақпарат арқылы.

Туристік қызмет көрсетудің түпкі мәнін түсіну үшін, туристік қызмет көрсету процесінің түрін білу керек. Туристік қызмет көрсету дегеніміз туристерге саяхат кезінде, заттар сатып алған кезде әр түрлі қажеттіліктерін қамтамасыз етіп, көмектесу. Бұл процестің кешенді түрі келесі анықтауыштар арқылы анықталады:

- туристерге әр түрлі технологиялық өндіріс пен қызмет көрсетудің түрлі жағдайындағы қызметтер мен тауарлардың ұсынылуы;

- туристік қызмет көрсету материалдық-техникалық базаларда (қонақ үйлерде, мейрамханада, көлікте, спорттық құрылымдарда, денсаулық сақтау мекемелерінде) орындалады;

- туристерге ұсынылған тауарлар мен қызметтер әр түрлі іс-әрекет барысында пайда болған. Олардың кейбіреулері арнайы туристік ұйымдарда, екіншілері халық шаруашылығының салаларында: көлік, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, денсаулық сақтауда пайда болған;

-қызмет әр түрлі кәсіптік дайындықтағы және білік деңгейіндегі адамдармен көрсетіледі.

51. Туристік өнім

Туристік өнім құрамы жағынан үш бөлімге бөлінеді (8-сурет):

-тур;

-қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер;

-тауарлар.

Тур дегеніміз клиентке біртұтас таратылатын және туроператордың еңбегімен өндірілген, белгілі бір маршрутқа және мерзімге арналған бірінші туристік өнімнің бірлігі.

Турдың құрамы келесідей болады: 1) туристік пакет және 2) маршрутта көрсетілген қызметтер кешені.

Туристік пакетті туроператорлар ұсынады және маршрутта міндетті түрде көрсетілетін қызметтерден тұрады:

- туристерді көлікпен демалыс орнына апару және алып келу:

- трансфер;орналастыру және тамақтандыру;

- міндетті түрдегі экскурсиялық және мәдени бағдарламалар.

Туристік өнімнің туристік пакеттен айырмашылығы – нақтылы міндетті жағдайы. Төрт базалық элементтен тұратын туристік пакетті сатып алып, турист туроператордан едәуір жеңілдікпен басқа да фирманың туристік өнімін алады, туроператордан оны басқа да қызметтер арқылы кеңейтуін сұрай алады немесе оны демалыс орнында өзі де жасай алады.

Туроператор туризсде маңызды роль атқарады. Өйткені ол әр түрлі қызметтерді (көлік, туристерді орналастыру, тамақтандыру, көңіл көтеру және т.б.) бір турпакетке жинап, турөнімді шығарады; оны турагент арқылы таратады.

Турагент – туроператордың туристік өнімін іске асыратын, туристік нарықта жұмыс істейтін таратушы. Туроператордан турагенттің айырмашылығы – турагент турдың сапасына жауапты емес.

Туристік өнімнің туристік пакеттен айырмашылығы – туристік пакет туристік өнімнің бір бөлігі.

Туристік өнім элементтері бойынша туристің шығынын келесідей бөлуге болады:

- тур – 50 %;

- қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер – 30%;

- тауарлар – 20%.

Қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер дегеніміз – бұл жолдамада көрсетілмеген, бірақ, туристерге қажет болса, солардың тілегі бойынша көрселіетін қызметтер. Бұл қызметтер жолдаманың негізгі бағасына кірмейді. Оған жататындар: резервтік орындар, валюта айырбастау, туристік қызмет көрсету, ипрокат, телефон, қоғамдық көлік, пошта, тауарлар сақтау орны және т.б. Қосымша қызметтерді туристер бөлекше өз ақшасына алуы керек.

Тауарлар дегеніміз туристік өнімнің арнайы бөлігі., оған жататындар: туристік карталар және қаланың жоспары, сувенирлер, буклеттер, сондай-ақ туристің тұрғылықты елдегі дефицит тауарлар және т.б.

Туристік индустрияда өндірілетін туристік өнім екі әдіспен бағалануы мүмкін:

- барлық өндірістің шығынының жинағы есебі;
- туристердің барлық шығынының жинағы немесе туримнен түскен кіріс есебінде.

Қандай бір әдіспен бағаланса да, сөз туристік индустрияда өндірілетін туристік өнімдердің жалпы табысы жөнінде болып отыр.

Өзінің арналуына қарай туристік қызметтер мен тауарларды үш топқа біріктіруге болады: көлік қызметі; туристердің туристік аудандарда болуымен байланысты қызметтер мен тауарлар (рекреациялық ресурстар, түнеу, тамақтану және т.б.); бір реттік қызмет мен тауарлар (көңіл көтеру, спорт қызметтері, сувенирлер және т.б.). Әрбір туристік қызметтер мен тауарлар тобы тағы да түрлерге жіктеледі. Мысалы, көлік қызметтер көліктің түріне және комфорттылығына қарай жіктеледі.

Туристік сұраныс және ұсыныс туристік құрылыстың экономикалық элементі болып туристік нарықты, яғни туристік қызмет пен тауарларды тарату сферасын құрайды.

Туристік нарықтың өзінше ерекшеліктері бар. Егер дүниежүзілік нарықта тауарлардың бағасына экспорт шығыны кірсе, туристік қызметтердің бағасына туристердің көлікке шығыны кіреді. Негізгі туристік нарықтың басқа нарықтардан айырмашылығы, міне, осында.

52. Туристерге көрсетілетін қызметтің сапасының түсінігі.

Туризмде туристерге сапалы қызмет көрсету – халық шаруашылығының осы саласын дамытудағы ең өзекті мәселесі. Туристер белгілі бір елдің туристік кешенінің қонақ үйінде, мейрамханасында, қызмет бюросында өздеріне көрсетілген қызметке риза болса, онда олар сол елдің белсенді насихатшысы болады. Олар бірнеше рет қайта келіп, өзімен бірге басқа да туристерді тартады, өзіне ұнаған туристік ауданның беделін көтереді. Сапалы көрсетілген қызмет туризмнің экономикалық әсерінің көтерілуіне септігін тигізеді.

Әр түрлі категорияда көрсетілген сапаға талдау жасау оның мәнін түсіндіреді. Туристік салада заттар шығарылады және қызметтер көрсетіледі, олар туристердің материалдық және рухани қажетін өтейді. Табиғи-климаттық, мәдени-тарихи және материалдық байлықтарды туризмде өндіріс пен қажеттілікке қолдану арнайы ресурстарды тартумен байланысты. Соның арқасында емделгенде, ойын-сауықта, мәдени жағдайларда, іс қарым-қатынастарда өз қажеттерін өтейді. Мұндай процестерде адамның психологиялық көңіл-күйі көтеріліп, өсе түседі. Психологиялық факторлардан туристік сапа қызметтері құралып жақсарады дегенді аңғаруға болады. Солар арқылы туристерге сапалы қызмет көрсету деген түсінік кеңейіп толықтырыла түседі. Туризмде жоғары сапада қызмет көрсету халықтың саяхатта, туристік орталықтарда, ойын-сауық, әр түрлі мәдени орындарда болғанда шығынын өсіреді. Бұдан да жоғары сапада қызмет көрсету қалтасы қалың клиенттерді тартады, елімізге валютаның түсімін арттырады.

Туризмдегі сапалы қызмет екі түрлі игілікпен (тауарлар және қызмет) және екі түрлі қатынаспен (материалды және материалды емес) тығыз байланысты

 

53. Орналастыру ортасының көрсеткіштері

Орналастыру ортасының көрсеткіштері:

-туристерді қонақ үйге, мотельге, кемпингке, жеке пәтерге тез арада орналастыру;

-ұйымдасқан туристерді қонақ үйге, кемпингке, міндетті түрде алдын ала бөлінген нөмірге жылдам орналастыру;

-орналастыру ортасында тыныштық сақтау;

-кең көлемде туристерге қосымша қызмет көрсету (ақшасыз немесе ақшамен).

Тамақтандыру сферасындағы қызметтің сапасының өлшемдерінің көрсеткіштері:

-берілген тағамдарды көркемдік жағынан көрсету дәрежесі, оның температурасы, дәмділік сапасы;

-кулинарлық азық-түліктің аралас түрлері;

-туристерге жылдам және сыпайы түрде қызмет көрсету;

-тапсырманы орындау жылдамдылығы;

-келушілердің тамақтануы кезіндегі көрсетілетін қызметтің мөлшері және барлық ережелерді қызмет көрсету кезінде сақтау;

-тамақтану залындағы тазалық пен жайлы жағдайды ұстап тұру дәрежесі;

-қоғамдық тамақтандыру мекемесіндегі мәдени тәртіптерді, міндетті фирмалық киімдерді және жеке гигиенаны сақтау дәрежесі;

-көрсетілген баға бойынша тағамдардың және ішімдік сусындардың құрамы мен салмағын сақтау.

 

Туристерге ұсынылатын азық-түлік және өнеркәсіп заттарын сататын сауда орнындағы қызметтің сапасының көрсеткіші:

1) клиенттерге құрметпен қарау, жылдам қызмет көрсету;

2) сапалы заттарды ғана сату;

3) гигиенаны сақтап, дүкендерді таза ұстау.

Экскурсиялық қызметтің сапасын анықтайтын көрсеткіштер. Мынадай жағдайларды ескеру керек:

1) экскурсия жүргізуші туристік топпен жұмыс істегенде нақтылық, көңіл қоюшылық, ескерушілік, сыпайылық көс\рсетуі тиіс;

2) экскурсия жүргізуші туристік іс-әрекеттің бөлімшелерінің жұмысшылары жағынан қызмет ережелерін бұзуға жол бермеуі керек;

3) экскурсия жүргізуші экскурсиялық іс-әрекет кезінде жүргізудің жаңа түрі мен әдістерін қолдана білу керек;

4) экскурсия жүргізуші туристерге көрсетілетін қызметтердің сапасына бақылау жасап, ол қызметтер қабылданған стандарт пен нормативке сәйкес келуі керек;

5) экскурсия жүргізуші өзінің жұмыс уақытын туристердің түнеу мерзімімен, мәдени сабақтары және саяхатымен келісіп жасау керек, оларға қызмет жасаудан қашпау керек.

Туристік кешендегі, объектідегі (қонақ үй, мейрамхана, дүкен және т.б.) көрсетілетін қызметтің сапасы көбінесе материалдық-техникалық базасының жағдайына байланысты. Бірақ, тәжірибенің көрсетуі бойынша, бірдей материалдық-техникалық базада, ынталы және тәжірибелі қолбасшының арқасында еңбекшіл ұжым туристерге өте жоғары сапада қызмет көрсете алады. Көрсетілетін қызметтің сапасының әр жақты болуы және оны өлшеудің қиындығына қарай басқару органдары сапаны балл мен бағалауды ұсынады. Әрбір көрсеткіш және әрбір іс-әрекет бойынша сапаны бақылайтын комиссия балл санын анықтап, шешуі керек.

 

54. Туризм және интернет

Аз уақыттың ішінде-ақ электронды жүйелер дамудың ұзақ жолынан өтті: сонау шағын операцияларды автоматтандырудан бастап, соңғы кездерде халықаралық туризмнің дамуына үлкен әсерін тигізіп отырған күрделі ақпаратты Интернет желілеріне дейін жетті. Интернет өзінің даму жолын 1960 жылдардың соңында құрылған АҚШ-тың қорғаныс кешені АРПАНЕТ деген байланыс жүйесінен бастайды. Уақыт өткен сайын Интернет желілері кеңейеді, оған үкімет департаменттері мен үкіметтен тыс ұйымдар да қосылады. Бірақ та көп жылдарға дейін пайдалану жүйелерінің күрделілігіне байланысты онымен негізінен ғалымдар мен мамандар ғана жұмыс істеді. Тек жақын арада ғана дүниежүзілік ақпарат торлардың енгізілуінің арқасында (World Wide Web, the Web, немесе WWW), Интернетке барлық пайдаланушылардың мүмкіндіктері туды.

Интернет ақпараттар сақтайтын ең ірі қойма секілді ол кең ауқымды қызықтырып, өзіне тартатын асазор электронды супермаркет. Оның әлемді өзіне бағындыру жылдамдығына таңданасың. 50млн адам аудиториясын жеңіп алу үшін радио 38 жыл қажет етті, ал Интернетке – барлығы 4-ақ жыл. Пайдаланушылар саны ай сайын 15% өсуде. Егер де автомобиль өндірісі осындай жылдамдықпен дамығанда, технология индустрисы ретінде, онда ең қымбат және сәнді автомобильдің құны 2 АҚШ доллары болар еді, ол дыбыстың жылдамдығындай жылдамдықпен жүрер еді және оның бір құйған жанармайы 600 мильге жетер еді.

55. Интернет арқылы жиі қойылытын сұрақтардың бірі – туристік өнім

Интернет арқылы жиі қойылытын сұрақтардың бірі – туристік өнім.

Дүниежүзілік ақпараттық торда туризм индустриясы толық көрсетілген. Ірі-ірі компаниялар Интернетті жақсы түсініп қабылдады және оның желілеріне үйренді. Олар өздерінің жеке сайттарын ашты (Web-сайты).

2) Жыл сайын ақпан айында Мадридте өтетін халықаралық туристік көрме-биржа (FITUR). FITUR – бұл Испандық және Латынамерикандық туристік өнімдерді көру көрмесі; бұл «Еуропа мен Америка арасындағы көпір»;

3) Лондон қаласында өтетін Дүниежүзілік туристік көрме (WORLD TRAVEL MARKET, WTM).

Америкада іскерлік ағымдар АҚШ-қа ұмтылады; Оңтүстік-шығыс Азияда – Сингапурде, Жапонияға, Тайваньға, Гонконгке, Африка мен Таяу Шығыста іскерлік туризм бірқалыпты дамымауда. Оның көтерілуі мен төмендеуі аймақтағы саяси жағдайларға байланысты болып отыр. Африкада іскерлік туризм Конго Республикасында, Зимбабве, Эфиопия, Египет, Марокко және Оңтүстік Африка Республикасында жоғарғы қарқында дамыған. Таяу Шығыста іскерлік туристердің негізгі ағымы мұнай өніретін елдерге (Сауд Аравиясы, Израиль, Иордания) бағытталған.

Туристік ағымдарға елеулі әсерін діни мотивациямен сапарға барушылар тигізеді. Діни туризмнің тарихының тамырлары бірнеше ғасырларға кетеді. Ежелгі римдіктер мен гректер храмдарға жиі барып тұрды. Орта ғасыр дәуірінде құдайға табыну жалпылама сипаттама алады. XIX ғасырда қасиетті жерлерге саяхат ұйымдасқан түрге көшеді. Қазіргі шақта жыл сайын 200 млн-нан асьам адам қасиетті жерлерге барып, құдайға құлшылық жасап қайтады, оның ішінде 150 миллион – христиандар, 20-30 млн – үнділер, 40 млн – мұсылмандар, буддистер.

56. ҚР туризмнің дамуы

Қазақстан үшін туризмнің дамуы қазіргі таңда өте маңыздылығын Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» Бағдарламасы негізінде халыққа жолдауында атап өткен. Осы бағдарлама бойынша 2015 жылға дейін өзінің мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан перспективті салаларға ауыл шаруашылығы, орман және орман өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тұрғын-үй құрылысы және инфрақұрылымымен қатар туризм де кірген.
Қызмет көрсетудің көптеген ерекше сипаттамаларымен (сезілмейтіндігі, өндіріс пен тұтынудың бір мезгілділігі, сапаның өзгермелілігі, сақтауға болмайтындығы) қатар туристік өнімге өзінің ерекше өзгешеліктері тән және ол туристік фирмалардың маркетингтік қызметін ұйымдастыруда ескерілетін негізгі факторлар болып табылады. Сонымен қатар туристік қызмет көрсетушілерге экономикалық, саяси, табиғи, әлеуметтік-мәдени және т.б. факторлар да әсер етеді. Тұрақты нормалар, әлеуметтік ереже, рухани құндылықтар жүйелері, адамдардың табиғатқа, еңбекке, спортқа, демалуға қатынасы ең үлкен күшке ие, сондықтан фирмалар осындай факторлардың мүмкін болатын өзгерістерін қадағалап отырылуы қажет.
Туризм соңғы уақытта экономикалық және әлеуметтік құбылыс ретінде ауқымы айтарлықтай кеңейген қызмет түрі болып табылады. Қазіргі уақытта туризмнің экономикада тікелей немесе қосылған құнды құру, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде, жеке табыста, мемлекеттік кірісте және т.с.с. әсер ету жолымен алып тұрған немесе алатын рөліне көп назар аударылуда.

 

57. Туристік кәсіорындар

Туристік кәсіпорын – бұл мүлікті еңбек ұжымының пайдалануы негізінде өнім өндіретін және өткізетін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін заңды тұлға құқығын иеленетін дербес шаруашылық жүргізуші субъект. Еңбек ұжымы мүшелерінің әлеуметтік және экономикалық мүдделерін және мүлікті меншіктенуші мүдделерін қанағаттандыру үшін табыс алуға бағытталған шаруашылық қызметі туристік кәсіпорынның ең басты мәселесі болып табылады.
Туристік кәсіпорын жұмыстан бос уақытты, рекреацияны, демалысты ұйымдастыруға және халықты емдеуге; олардың таныстары мен туысқандарына баруға және заңмен рұқсат етілген және жарғыға сәйкес өзге де мақсаттарға бағытталған қызмет түрін жүзеге асырады.
Әрбір жеке кәсіпорынның туристік саясатының негізгі мақсаты нарықтық жағдайларды тиімді пайдалана отырып көрсетілетін қызметтер сапасын жоғарылату, туристік өнімді өндіру, өткізу және жылжыту үрдістеріне жаңашылдықтар енгізу арқылы пайданы және туристік қы

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.