Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Туризм классификациясы



Қазіргі туризм классификациясы бәрінен бұрын территориялық туристтік шаруашылық пен қозғалыстың дамуын жоспарлау үшін қажет. Бұл классификациясынң мәні туризмнің жеке түрін бөліп көрсету. Қазіргі уақытқа дейін туризмге нақты классификация жасалған. Оны тәжіребиеде туризмнің нақты бір түрін бөлудің мүмкін еместігін түсіндіреді. Туризмді әртүрлі белілеріне қарай классификациялауға болады:

1. Мақсатына қарай;

2. Саяхаттың мерзімі мен ұзақтығына қарай;

3. Қозғалу түрі бойынша;

4. Орналасу жолына байланысты;

5. Саяхатқа қатысуының құрамының сапасына және т.б.

Бірақ, шешуші рольді атқаратын саяхаттың мақсаты, нысаны мен классификациядан айырмашылығы – туризмнің түрі әртүрлі болып келеді. Олар бірқатар факторлаға байланысты. Олардың ішіндегі негізгілері:

1) Бос уақыттың болуы мен ұзақтығы;

2) Жасы, жынысы, денсаулығы, рухани дамуының деңгейі, адамдардың жеке талғамы, материалдық жағдайы;

3) Табиғи жағдай мен мезгілдің әртүрлілігі;

4) Қозғалу мүмкіншілігінің болуы және т.б.

Сапардың мақсатына, шарттарына, бағытына қарай туризмді жіктеуге, түрлерге бөлуге болады. Қоғамдық функциясы мен өндірістік технологиясына қарай туризмнің 3 негізгі түрін қарауға болады:

1) емдеу;

2) спорттық – сауықтыру;

3) танымдық.

Демалысты дұрыс ұйымдастыру оны өзіне тиімді пайдалану адам организмін жақсы шынықтырады. Өсіп келе жатқан жастар үшін спорттың және сауықтырудың маңызы зор. Онсыз жұмыс істейтін адамның қоғамдық және еңбек іскерлігін көтеру мүмкін емес.

Туристтік ағымымен оның бағыттарына қарай және құқықтық статусына байланысты туризм 2 түрге бөлінеді:

1. Ішкі (ұлттық);

2. Халықаралық (шетелдік).

Ішкі туризм – азаматтың өз елі ішіндегі саяхаты.

Халықаралық туризм — өз елінен тыс жерлерге саяхаты. Туристтердің бір елден екінші елге сапары немесе бірнеше елдерге сапарлар.

Шетелдік туризм – шетелдік азаматтардың туристтік мақсатпен басқа елге келуі.

 

63.Халықаралық туризм түсінігі

Халықаралық туризмде турист өзінің елінен шығып басқа бір шетелдік елге барады. Кеденнен өту үшін туристтік құжаттарды толтырады (паспорт, виза жасау), валюта және медициналық бақылаудан өтеді. Бұл халықаралық туризмнің ерекшелігі болып саналады және ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы.

Халықаралық туризмнің тағы да бір ерекшелігі – елдің төлем балансына тигізетін әсері. Сондықтан да шетелдік туристердің келуін «белсенді» туризм деп атайды. Оған қарсы, туристердің шетелге кетуі ұлттық ақша мөлшерінің азаюына әсерін тигізеді. Мұндай туризмді «белсенді емес» дейді. Осындай едәуір айырмашылығына қарамастан, ішкі және халықаралық туризм бір-бірімен үнемі тығыз байланыста болады. Шыныда да олар бір бүтін туризмнің екі бөлігі. Ішкі туризм халықаралық туризмнің дамуының негізін жасайды, ішкі туризмсіз халықаралық туризм дамымайды. Ішкі туризм халықаралық туризмнің катализаторы. Ол жаңа рекреациялық ресурстар мен аудандарды игеруге, туристтік инфрақұрылымының базасын құруға әсерін тигізеді, сондай-ақ бірте-бірте халықаралық туристтік қозғалысқа, халықаралық туризм индустриясына енуге мүмкіндік тұғызады

64.Туризм түрлері

Туризм түрі жағынан әр түрлібелгілеріне қарай жіктелінген. Ұйымдастыру жағына қарай туризм:

1) ұйымдастырылған (жоспарлы);

2) өз жоспары бойынша (әуесқойлық);

3) ұйымдастырылмаған (жабайы) болып бөлінеді.

Қатаң уақыт тәртібі бойынша белгіленетін турфирмалар ұсынатын саяхат – ұйымдастырылған туризм деп аталады. Ұйымдастырылмағаннан айырмашылығы — әуесқой және жабайы туристтер өздерінің саяхатын өзінше ұйымдастырады. Әуесқой туристтердің жабайы туристтерден айырмашылықтары болады. Әуесқой туристтер туристтік ұйымдармен байланысты жұмыс істейді. Жабайы туристтер турфирмасыз, туристтік ұйымдарсыз саяхаттайды.

Туризм жеке және топтық болып бөлінеді. Жеке бір адамның немесе жанұяның (5 адамға дейін) өздерінің жеке жоспары бойынша саяхатын жеке туризм дейді, бір топ адамның саяхатын (6-7 адамнан бастап) топтық туризм деп атайды. Топтық туризм, әдетте, қатысушылардың тілек-талаптарына сәйкес ұйымдастырылады. Бұл турлар археологиялық, мәдени-өнер және тарихи болуы мүмкін.

Жылжымалылық белгісіне қарай туризм стационарлық және көшпелі болып бөлінеді. Туризмнің стационарлық түріне емдеу туризмі және спорттық – сауықтыру туризмнің кейбір түрлері жатады. Көшпелі туризм үнемі қозғалысмта болып, өзінің орнын жиі ауыстырып тұрады. Қазіргі шақта техникалық мүмкіндіктердің өсуіне қарай көшпелі туризм күшейетін сияқты.

Су туризмінің серуендеу және спорттық түрлері дами түсті. Туризмнің бұл түріне кіретіндер: су-моторлы спорт, шаңғысы спорты, каноэда еспе, желкенді кеме спорты және т.б. Туризмнің бұл түрі суға түсу, жағажай туризмімен ұштасады және теңіз, көл, өзен жағасына орналасқан туристтік кешендерде кең тараған.

Су астындағы аңдарды сүретке түсіру, олардың өмірімен танысу мақсатын көздейтін су асты спорттық туризмі әйгілі болып келеді. Балық және аң аулау туризмі де барлығымызға таныс. Туризмнің сүрет, кино, аң аулау түрлері оның танымалдық түріне жатады. Шетел туризмнің ішіндегі ең қымбат түрі – аң аулау туризмі.

 

 

65.Экологиялық туризм

Экологиялық туризм (экотуризм) – жақында ғана «жасыл» қозғалыс толқынында пайда болды және елдің тұрақты даму концепциясына байланысты ол батыста кең дами бастады. Экотуризмді көпшілік туризмнің баламасы ретінде қарайды. Сондықтан да оның қалыптасқан туризмен айырмашылықтары бар. Олар төмендегідей негізгі белгілер:

- экотуризмнің басты объектісі болатын ерекше табиғи көрікті, көзтартарлықтай жерлері болуы;

- туризм индусриясының жоспарлы дамуының арқасында қолданғанмен, тозбайтындай табиғи және мәдени потенциалды территорияның болуы;

- басқаларға қарағанда төмен капиталды, материалды және энергосыйымдылығының болуы;

- экотуризмнің ең күрделі мақсаттарының бірі – экологиялық білім беру және экологиялық ойды қалыптастыру;

- бүтіндей мемлекетті немесе жеке аудандардың әлеуметтік экономикасын көтеретіндей дәрежежде болуы.

Қысқа уақыттық табиғатта уик-эндте демалудан бастап табиғи жаратылыс тақырыбына ғылыми зерттеулер жүргізуге дейін экологиялық туризм туристтік ағымдарды әртүрлі мақсаттармен қамти береді.

66. Туризмдегі сақтандырудың негізгі түрлері

Туристік фирмалар заңды тұлға ретінде сақтандыру компанияларының көптеген қызметтерімен қолданады. Туристік бизнесте сақтандырудың ерікті және міндетті түрлерінің қосымша түрлері бар. Туризм жүйесінде сақтандыру келесі түрлерге жіктеледі:

1. турист пен оның мүлкін сақтандыру;

2. туристік фирмаларды қауіп-қатерден сақтандыру;

3. шетелдік сапарларға баратын туристерді сақтандыру;

4. шетелдік туристерді сақтандыру;

5. азаматтық жауапкершілікті сақтандыру;

6. автокөлік иелерінің азаматтық жауапкершіліктерін сақтандыру;

7. қауіпті жағдайларда туристерге медициналық шығындарын өтеп беретін сақтандыру.

Сақтандыру ерікті және міндетті болады. Әрекеттегі құжаттарға сәйкес сақтандырудың міндетті түріне мыналар жатады:

1. автокөлік иелерінің азаматтық жауапкершіліктерін сақтандыру;

2. көліктік сапарларды сақтандыру.

67. Туристік қызмет көрсетулер және олардың мәні

Қазақстан үшін туризмнің дамуы қазіргі таңда өте маңыздылығын Президент Н.Ә. Назарбаев өзінің «Қазақстан 2030» Бағдарламасы негізінде халыққа жолдауында атап өткен. Осы бағдарлама бойынша 2015 жылға дейін өзінің мүмкіндіктері мен бәсекеге қабілеттілігі тұрғысынан перспективті салаларға ауыл шаруашылығы, орман және орман өңдеу өнеркәсібі, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, тұрғын-үй құрылысы және инфрақұрылымымен қатар туризм де кірген.
Қызмет көрсетудің көптеген ерекше сипаттамаларымен (сезілмейтіндігі, өндіріс пен тұтынудың бір мезгілділігі, сапаның өзгермелілігі, сақтауға болмайтындығы) қатар туристік өнімге өзінің ерекше өзгешеліктері тән және ол туристік фирмалардың маркетингтік қызметін ұйымдастыруда ескерілетін негізгі факторлар болып табылады. Сонымен қатар туристік қызмет көрсетушілерге экономикалық, саяси, табиғи, әлеуметтік-мәдени және т.б. факторлар да әсер етеді. Тұрақты нормалар, әлеуметтік ереже, рухани құндылықтар жүйелері, адамдардың табиғатқа, еңбекке, спортқа, демалуға қатынасы ең үлкен күшке ие, сондықтан фирмалар осындай факторлардың мүмкін болатын өзгерістерін қадағалап отырылуы қажет.
Туризм соңғы уақытта экономикалық және әлеуметтік құбылыс ретінде ауқымы айтарлықтай кеңейген қызмет түрі болып табылады. Қазіргі уақытта туризмнің экономикада тікелей немесе қосылған құнды құру, жұмыспен қамтуды қамтамасыз етуде, жеке табыста, мемлекеттік кірісте және т.с.с. әсер ету жолымен алып тұрған немесе алатын рөліне көп назар аударылуда.
Туристік кәсіпорын – бұл мүлікті еңбек ұжымының пайдалануы негізінде өнім өндіретін және өткізетін, жұмыстарды орындайтын, қызмет көрсететін заңды тұлға құқығын иеленетін дербес шаруашылық жүргізуші субъект. Еңбек ұжымы мүшелерінің әлеуметтік және экономикалық мүдделерін және мүлікті меншіктенуші мүдделерін қанағаттандыру үшін табыс алуға бағытталған шаруашылық қызметі туристік кәсіпорынның ең басты мәселесі болып табылады.
Туристік кәсіпорын жұмыстан бос уақытты, рекреацияны, демалысты ұйымдастыруға және халықты емдеуге;

 

 

68. Кеден бақылауының ұғымы, әдістері және түрлері

Кеден заңының маңызды бөлімдерін құрайтын кеден құқығының келесі институтына кедеп рәсімдеуі мсн кеден бақылауын жатқызуға болады. Кедендік рәсімдеуі нақты анықталмаған кеден режимі бойынша тауарлар мол көлік кұралын тасымалдау мақсатындағы әрекеттерді жүзеге асыру мсн осы рәсімдеуді кеден заңына сәйкес аяктауды білдіреді. Қазакстанның кеден шекарасы аркылы өткізілетін барлық тауарлар мен көлік құралдары кеден бақылауына жатады. Ол белгіленген ережелер бойынша жүргізіледі. Кұжаттар мен мәліметтерді тексеру, тауарлар мен көлік қүралдарын тексеру, жеке тексеріс, тауарлар мен көлік кұралдарынын есебі, ауызша сұрау алу, есеп пен есеп беру жүйесін тексеру, қоймалар ғимаратын және кеден бақылауына жататын тауарлар мен көлік қүралдары орналаскан басқа да орындарды (адам өмірі мен денсаулығына, жануарлар мен өсім-діктерге кауіпсіз және тауарлар мен көлік қүралдарына зиян келтірмейтін техникалык құралдарды қолдану арқылы) тексеру - кеден бақылауының түрлері болып табылады. Кеден рәсімдеуі кеден шекарасы арқылы өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарынын заңдылығын аныктайды және бекітуге жол береді, тәртіптерін және оның сақталуын анықтайды, баска да шаралар сырткы сауда мәмілесінің заңга сәйкестігін нактылайды және кеден бақылауын өткізуді қамтамасыз етеді. Кеден бақылауының мақсаты экспорттық ақша түсімдерінің өз уақытында түсуін және толықтығын қамтамасыз ететін, сондай-ақ импорт мақсатында валюта қаражатын заңды және негізделген түрде пайдалануды қамтамасыз ету болып табылатын кеден органдарына жүктелген валюталық бақылаумен қатар жүргізіледі. Кеден заңы кеден рәсімдерін құрайтын келесі тараулардан тұрады: жалпы ережелер, алдын-ала жүргізілетін операциялар; уақытша сақтау; кедендік тасымалдау; мәлімдеу.

69. Кеден бақылауың жүргізу және оның нысандары

Кеден рәсімдеуі кеден органына кеден рәсімдеуіне бөлініп берілген орынға тауар мен көлік қүралдарының жеткізілгендігі жөнінде хабардар етілгеннен кейін және кедендік жүк декларациясын және басқа құжаттарды ұсынғаннан соң басталады. Кеден рәсімдеуі тиісті кеден органының қалауы бойынша сол жерде және оның қызмет орнының аймақтарында немесе мүдделі тұлғаның өтініші бойынша басқа да орындарда жүргізіледі. Мұндай жағдайда жалпы тәртіпті Кеден комитеті бекітеді.

Кеден рәсімдеуін жүргізуде (кеден органының талап етуі бойынша міндетті) тауарлар мен көлік құралдары иесінің өкілетті өкілі катысуға құқылы.

Кеден рәсімдеуін жүргізу барысында заңдарда көзделген тиісті органдар жүзеге асыратын малдәрігерлік, фитосанитарлық, экологиялық және мемлекеттік бақылаудың т. б. түрлері ескеріледі.

Рәсімделген немесе рәсімделуі аяқталмаған тауарлар мен көлік қүралдарын пайдалану мен оларға иелік етуге тыйым салынады. Нақты жағдаяттардың туу оқиғаларына байланысты шектеулер мен тыйым салуды пайдалану шарттарын кеден органы бекітеді.

70. Кеден бакылауының белгілі бір нысандарынан босату

Арнайы экономикалық аймақта (АЭА) кеден реттеулерін, соның ішінде кеден рәсімдеуін жүргізу өзекті проблема болып отыр. 1996 жылдың 16 қаңтарында Президенттің "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақ туралы" Заң күші бар жарлығы (бұдан кейін - "Арнайы экономикалық аймақ туралы" жарлық) қабылданды.

Арнайы экономикалық аймақты еркін кеден аймағы деп жариялау, осы аймақтан экспортталған және осы аймаққа импортталған тауарларға арнайы режим енгізу кез келген уақытта жалған қүжаттарды рәсімдеу мен айналысатын контрабанданың етек алуына әкеледі. Әр түрлі елдерде түрлі атауларға және жеңілдік режимдерге ие еркін экономикалық аймақтар бар, бірақ ондай аймақтарда мемлекеттің экономиканы көтеруге талпынуын және ішкі резервтердің жеткіліксіздігі кезінде инвесторларға экономикалық босаңсудағы шетел капиталының қүйылуына арналған бағыттарды көрсету арқылы біріктіреді. Экономикалық аймақтын сипатты белгілері халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, уақытша салық төлеуден босатумен; экспортқа өндіру үшін пайдаланатын тауарлар импортын кеден бажынан босатумен; валюталық бақылаудың босаңдауымен; біріңғай әкімшілік орталық құрумен, толыктай шетелдік меншікке жататын фирмалар құруға рұксат етілуімен байланысты. "Арнайы экономпкалық аймақ туралы" жарлық арнайы экономикалық аймақты еркін кеден аймақты режимі әрекет ететін Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тыс орналасқан аумақ ретінде бекітеді.

71. Тауарлар шыққан елін айкындау мақсаты

Сыртқы экономикалык кызметтің бұдан кейінгі заңдастырылуы Қазақстанда Үкіметтің біраз қаулылары бойынша мемлекет бақылауындағы (мысалы, 1996 жылгы 12 кашардағы № 298 каулы) экспорт пен импорпык стратегиялык маңызды өтімдер тізбесі сақталғанымен, Қазақстанда тауарлар мен көлік құралдарының экспортқа арналған кедендік босаңсуға әкеліп соғуы мүмкін.

Қазакстанда кедеп шекарасы аркылы өткізілетін тауарлар мен көлік қүралдары мәлімдеуге жатады. Мәлімдеу жөнінде алғаш рет 1993 жылғы 13 ақпандағы Министірлер Кабинетінің Қазақстан Республикасының кеден шекарасы аркылы тауарларды өткізу тәртібі мен мәлімдеу туралы" Қаулысында айтылған, осыған сәйкес 1993 жылдың 1 наурызынан бастап кеден органына кедендік жүк декларациясын ұсыну жолымен мәлімдеу енгізілді. Мәлімдеу тауарлар мен көлік қүралдарын кеден шекарасы арқылы тасымалдаушы тұлғанын кеден органына тауар туралы, мәмілеттің сипаты мен мазмұны жөніндегі барлық мәліметтерді заң, белгіленген (жазбаша, ауызша, электронды түрдегі беріліс және өзге де түрде) үлгі бойынша дәл мәлімдемені қүрайтын арыз арқылы жүргізілсді. 1995 жылы Кеден комитеті «Кедендік жүк декларациясын толтыру тәртібі туралы» нұсқауды бекітті. Кеден дскларациясы кеден органы рәсімдеген сәттен бастап зандық құжат болып табылады. Кеден органының кеден декларацясын қабылдаудан бас тартуға қүқығы жоқ деген норма жеткілікті маңызды заңдық кепілдік болып табылады ("Қазакстаи Республикасында кеден ісі туралы" заң күші бар Президент Жарлығыныц 199-бабы, 1999 жылы 16 шілдеден -Заң). Сонымен бірге жеткіліксіз мәліметті белгілі мерзім ішінде ұсыну міндетін жүктей отырып, уақытша немесе толық емес декларация беруге рүқсат етілген

 

72. Тауарлардың шыққан елін растау

"тауардың шығарылған елi" - тауар толық өндiрiлген немесе осы Ережеде белгiленген өлшемдерге сәйкес жеткiлiктi қайта өңдеуге ұшыраған ел, бұл ретте, егер оларды тауардың шығарылған елiн айқындау мақсаттары үшiн болу қажеттiлiгi бар болса, тауардың шығарылған елi деп елдердiң топтары, не елдердiң кедендiк одақтары, не елдiң өңiрi немесе бөлiгi түсiнiлуi мүмкiн;

"үшiншi елдер" - әкелу елiнiң ұлттық преференциялар жүйесiн пайдаланушы болып табылмайтын елдер, сондай-ақ Тараптар мемлекеттерiнде олармен тауарлардың шығарылған елiн айқындаудың өзге ережелерiн қамтитын еркiн сауда аймағын құру туралы халықаралық шарттары және еркiн сауда туралы шарттары жоқ елдер;

"жеткiлiктi қайта өңдеу өлшемi" - оған сәйкес тауар, егер оны өндiруге екi немесе одан да көп ел қатысатын болса, тауарға өзiне тән қасиеттердi беру үшiн жеткiлiктi соңғы елеулi қайта өңдеуге ұшыраған елден шығарылған болып саналатын тауарлардың шығарылған елiн айқындау қағидаттарының бiрi;

"тауар" - кедендiк шекара арқылы өткiзiлетiн кез келген жылжымалы мүлiк, оның iшiнде жылу, электр және энергияның өзге де түрлерi мен көлiк құралдары (жолаушылар мен тауарларды халықаралық тасымалдары үшiн пайдаланылатын көлiк құралдарын қоспағанда);

"тауар номенклатурасы" - Тараптар мемлекеттерiнде қолданылатын сыртқы экономикалық қызметтiң тауар номенклатурасы (СЭҚ ТН);

"қосылған құн" - франко-зауыт тауарының бағасы мен оны өндiру үшiн пайдаланылатын импорттық шикiзаттар мен материалдар құнының арасындағы айырма;

Тарифтік женілдіктер

Тауардың шығарылған елiн растау үшiн кеден органы тауардың шығарылуы туралы декларацияны, ал Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасында белгiленген жағдайда, тауардың шығарылуы туралы сертификаттың (бұдан әрi - сертификат) ұсынылуын талап етуге құқылы. Әдетте, бiр немесе бiрнеше көлiк құралымен бiр жүк алушыдан және сол бiр жүктi жөнелтушiге жүзеге асырылатын тауардың әрбiр жекелеген жеткiзiлiмiне сертификат ресiмделедi. Тауардың шығарылуы туралы декларация дайындаушы, сатушы немесе экспорттаушы тауарлардың әкетiлуiне байланысты, тауарға қатысы бар қандай да бip құжатта еркiн нысанда тауардың шығарылған елi туралы жасаған мәлiмдемесiн бiлдiредi. Мұндай құжаттарға: тауар көлiк құжаттары (темiр жол, автокөлiк және әуе жүк-құжаттары, коносамент); шот-фактура (инвойс), шот - проформа (инвойс - проформа); орау парақтары, түсiру ерекшелiктерi, сертификаттар (сәйкестiк, сапа, фитосанитарлық, ветеринарлық және басқалар) жатады. Егер тауардың шығарылуы туралы декларацияда тауарлардың шығарылған елi туралы мәлiметтер өзгеше өлшемдерге негiзделген болса, тауардың шығарылған елi қолданылатын өлшемдерге сай белгiленедi.

74. Тарифтік артықшылықтар

Тауардың шығарылуын растайтын құжаттар және/немесе мәлiметтер табыс етiлгенге дейiн тауар сол тиiстi елде шығарылған болып есептелмейдi. Сертификатты немесе тауардың шығарылуы туралы мәлiметтердi табыс етпеу кеден органдарына оны ұстау үшiн негiздеме болып табылмайды.

Шыққан тегi анықталмаған тауарларға Тараптар мемлекеттерiнiң заңнамасына сәйкес әкелу баждарының ставкалары қолданылады. Осы тауарларға қатысты кеден органы кедендiк декларацияны қабылдаған күнiнен бастап бiр жыл өткенге дейiн сол тауарлардың шығарылған елiн растауды алған жағдайда ұлттың ең қолайлы режимi қолданылуы (қалпына келтiрiлуi) мүмкiн. Тараптар мемлекеттерiнiң кеден органдары тауар осы мемлекет үшiн қолданылатын халықаралық келiсiмдерге және/немесе оның заңнамасына сәйкес тауарлары әкелу елiне өткiзуге жатпайтын елден шығарылған деп пайымдауға жеткiлiктi негiздер болған кезде ғана тауарды өткiзуден бас тартуы мүмкін. Шыққан елiн растауды ұсыну талап етiлмейтiн жағдайлар Егер: Тараптар мемлекеттерiнiң кедендiк аумақтарына әкелiнетiн тауарлар кеден органы тауарларын Тараптардың бiрiнiң тиiстi мемлекетiне әкелуге немесе осы мемлекеттiң халықаралық шарттарына немесе заңнамасына сәйкес оның аумағы арқылы транзитiн тыйым салынған ел тауарлардың шығарылған елi болып табылатындығының белгiлерiн анықтаған жағдайларды қоспағанда, халықаралық кедендiк транзит кедендiк режимiне немесе кедендiк баждарды, салықтарды төлеуден толық шартты түрде босата отырып уақытша әкелу кедендiк режимiне сәйкес әкелiнетiн болса; егер бiр жөнелтушi бiр уақытта бiр алушының мекен-жайына жөнелткен, кеден шекарасы арқылы өткiзiлетiн тауарлардың жалпы кедендiк құны Тараптардың бiрiнiң тиiстi мемлекетiнiң заңнамасында белгiленген сомадан аспайтын болса; егер жеке тұлғалар тауарларды жеке және кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға байланысты емес өзге де мақсаттар үшiн кедендiк шекара арқылы өткiзетiн болса; Тараптар мемлекеттерiнiң халықаралық шарттарында және/немесе заңнамасында көзделген өзге де жағдайларда шыққан тегiн растауды ұсыну талап етiлмейді. Шығарылған елiн айқындау ережесi Тараптар мемлекеттерiнiң экономикалық және сауда қызметi жағдайындағы өзгерiстер аясында олардың баламалық дәрежесiн айқындау мақсатында кемiнде үш жылда бiр рет қайта қаралуға тиiс.

75. Қазақстандағы туризмнің қазіргі жай-күйі

Қазақстандағы туризмнiң тарихи алғышарттары бiздiң д.д. үшiншi мыңжылдықта қалыптаса бастаған Ұлы Жiбек жолының қалыптасуы мен дамуы болып табылады.

Қазақстан тәуелсiздiк алғанға дейiн туризм басқа да экономика салалары сияқты орталықтан қатаң регламенттелдi. Туристiк қызметтегi КСРО-ның негiзгi аймақтары Кавказ, Қырым, Балтық өңiрi, Ресейдiң, Орта Азияның тарихи орталықтары болды. Сонымен бiрге, Қазақстанның бiрқатар сәулет, археологиялық, мәдени ескерткiштерi мен табиғи көрнектi жерлерiнiң тарихи мәнiне іс жүзiнде жарнама жасалмады және сұраныс болмады. Кеңестiк кезеңде Қазақстандағы туризм идеологиялық қызметтi атқарған мәдени-ағарту жұмысы жүйесi элементтерiнiң бiрi болып саналды және оның басым рөлiне қарамастан, қалдық қағидаты бойынша қаржыландырылды және елеулi экономикалық маңызға ие болмады.

Қазақстанда туризм өндiрiсiнiң дамымай қалуының бiр себебi экономика саласы ретiнде онымен мемлекеттiк деңгейде тiкелей айналыспады. Туризмдi аумақтық ұйымдастыру және мемлекеттiк емес туристiк құрылымдарды кешендi болжауға, ұзақ мерзiмді жоспарлауға назар аударылмады. Туризм табысының үлкен бөлiгi жергіліктi бюджетке түсетiндiгiне қарамастан, жергiлiктi басқару органдарының тарапынан туристiк қызметтi басымдық деп танымауы саланы дамытуды тежеушi фактор болып табылады.

Қазақстан тәуелсіздiк алғаннан кейін туристiк қызметтi реттеу мен халықтың тарихи және мәдени мұрасын қайта өркендету үшiн негiз қаланды

 

 

76. Қазақстандық туристiк өнiм және оның әлеуетi

Халық шаруашылығының саласы ретiнде туризм сұраным мен ұсыныстың нарықтық санаттарына сәйкес болуы тиiс өнiм шығарады. Осыған қатысты шетелдiк тұтынушыға бағдарланған халықаралық рынок пен Қазақстан азаматтарына арналған iшкi рыноктың ара жiгiн ажырата бiлу қажет.

Халықаралық туристiк рынок бүгiнгi күнi миллиардтаған айналымы және қатаң бәсекелестiкте орасан зор механизмдi бiлдiредi, сондықтан, бiрiншi кезекте мiндет Қазақстанға ғана тән ерекшелiгi бар және сұраныс болатын туристiк өнiмдi (бұдан әрi - турөнiм) анықтау болып отыр. Соған байланысты рыноктың қандай сегменттерiнде қазақстандық турөнiмнiң жарқын болашағы бар екенi көрiнетiн болады.

ДТҰ-ның ұсынымдарын ескере отырып жүргiзiлген талдау мен қазiргi тәжiрибенiң негiзiнде, қазақстандық турөнiмнiң екi базалық құрамдас бөлiгiн баса көрсетуге болады: Жiбек жолы бойындағы мәдени туризм (зиярат ету және дәстүрлi) және онымен тығыз байланысты экооқиғалы туризм (сафари, рафтинг, орнитологиялық, треккинг, аңшылық, балықшылық). Бұл ретте экооқиғалы туризм үшiн Жiбек жолы бағытымен өтетiн ресурстары бар аймақтарды: Алматы, Жамбыл, Оңтүстiк Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарын атап өткен орынды.

Көрсетiлген басымдықтарға сәйкес бiрiншi кезекте игерiлетiн мынадай аудандар мен тiрек орталықтары анықталды:

1. Іле (Алматы қ., Түрген с., Есiк қ., Талғар қ., Қаскелең қ., Ұзынағаш с., Қапшағай қ.).

2. Солтүстiк Тянь-Шань (Кеген с., Нарынқол с., Жалаңаш с., Шонжы с., Көлжат с.).

3. Жаркент-Талдықорған (Жаркент қ., Көктал с., Басши с., Текелi қ., Талдықорған қ., Жаркент-Арасан курорты).

4. Балқаш (Балқаш көлi, Балқаш өңiрi с.).

5. Солтүстiк Жоңғар (Достық с., Алакөл көлiнiң маңы, Лепсi с., Лепсi өзенiнің маңы, Жарбұлақ с., Көктұма с., Сарқант қ., Арасан-Қапал курорты).

 

77. Туризмдi дамыту саясатының мақсаттары мен қағидаттары

 

 

Туризмдi дамытудың мақсаты:

сапасы, халықаралық туристiк рынок жағдайында өндiруге, сатуға және бәсекелестiкке төтеп беретiн өнiм өндiруге және сатуға қабілеттi, рентабельдi туризм индустриясын құру жолымен туризмдi экономиканың табысы жоғары салаға айналдыру;

республиканың туристiк әлеуетiн арттыру;

тарихи-мәдени және табиғи-рекреациялық ресурстарды сақтау және ұтымды пайдалану;

халықтың барлық жiктерiнiң туристiк ресурстарға қол жеткiзуiн қамтамасыз ету, туристiк қызмет көрсетуге деген сұранысты барынша қанағаттандыру;

тұрғындардың жұмыспен қамтылуын ынталандыру;

мемлекеттік және жеке құрылымдардың туризм саласындағы өзара бiрлескен iс-қимылының тиiмдiлiгiн арттыру;

шағын және орта кәсiпкерлiктi дамыту болып табылады.

Республикада саланы дамыту мынадай қағидаттардың негiзiнде жүзеге асырылады:

әрбiр адамның демалу және бос уақытын өткiзуге деген құқығын iске асыруы;

халықтар мен мемлекеттер арасындағы өзара түсiнiстiк пен ынтымақтастықтың iзгілiк сипатын, бейбiтшiлiк пен сыйластық, нәсiлiне, жынысына, тiлi мен дiнiне қарамастан, адам құқықтары мен негiзгi бостандықтарын сақтау;

әдiлеттiлiк пен егемендiк, саяси, экономикалық және әлеуметтiк жүйесiне қарамастан, мемлекеттердiң iшкi ісiне қол сұқпау;

қоршаған ортаға және мәдени игiлiктерге ұқыпты қарау;

әлеуметтiк тепе-теңдiк пен даму, жеке адам мен қоғамның игiлiгiн арттыру;

туризмдi тұрақты дамыту.

Алға қойылған мақсаттарды iске асыру үшiн мынадай мiндеттердi шешу қажет:

туризм саласындағы мемлекеттiк саясатты жандандыру;

туристiк қызметтi реттеу жүйесiн жетiлдiру;

туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және экономикалық негiздерiн одан әрi дамыту;

 

78. Кадрларды даярлау мен ғылыми қамтамасыз ету

Қызмет көрсетумен байланысты және табыстылығы едәуiр дәрежеде осы салада жұмыс iстейтiн кадрлардың сапасына байланысты болатын қызмет - туризмде адамдар ресурсын жоспарлау айрықша мәнге ие.

Қазақстандағы тиімдi туристiк салаға сәйкес кадрлар әлеуетiн қалыптастыру үшiн:

жаңа буындағы "Туризм" мамандығы бойынша жоғары кәсiптiк бiлiмнiң мемлекеттiк стандартын әзiрлеу;

туристiк кадрларды даярлауды жүзеге асыратын жоғары оқу орындарында туристiк қызметтiң әртүрлi қажеттiлiгi мен даму деңгейін ескере отырып, мамандануын анықтау;

мамандарды оқытуда олардың отандық туристiк ресурстарды игеруiне, оларды пайдалану әдiстерiне, жаңа ақпараттық технологияларды бiлуіне, тiлдiк дайындауға негiзiнен иек арту;

орта арнаулы оқу орындарында бiрiншi деңгейдегi туристiк қызметшiлердi даярлауды ұйымдастыру;

жалпы бiлiм беретiн оқу орындарында туристiк сыныптар, секциялар мен үйiрмелер құруға көмектесу;

бұдан бұрын таратылған балалар мен жасөспiрiмдер туризмiнiң республикалық және аймақтық станцияларын қайта қалпына келтiру;

Ұлы Жiбек жолының (1700 км) қазақстандық учаскесiндегi туристiк-рекреациялық қорларды қайта жаңғыртуға және түгендеуге, зерттеу жұмыстарына ерекше назар аудару қажет.

Қазiргi заманғы туризм индустриясын құру саланы дамыту проблемаларын, туризм рыногы дамуының құрылымын, тетiгi мен заңдылықтарын ғылыми тұрғыда зерделемейінше, сондай-ақ саланы дамытудың ғылыми қамтамасыз ету жүйесiн құрмайынша мүмкiн болмайды. Дегенмен, Қазақстанда бұл мәселелер туризм экономикасын зерттеушiлер үшiн әлi күнге игерiлмеген "тың" күйінде қалып отыр.

 

79. Тасымалдау түсінігі

Жолаушыларды, соның ішінде туристерді тасымалдау – әртүрлі транспорт түрлерімен жүзеге асырылады: әуе, жер, су транспорттары (оның ішіндегі круиз). Транспорттың әртүрлі түрлерінің кең таралуы, сұранысы – сол елдің географиялық орналасуына және елдің климаттық жағдайына, экономикалық дамуына, ұлттық дәстүрлеріне, адамдардың әлеуметтік жағдайы мен өмірлік деңгейіне және т.б. факторларға байланысты болады.

Әрбір транспорттың өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері болады. Соның ішінде круиздік кемелердегі көрсетілетін қызметтердің де өзінше ерекшеліктері бар. Бірақ, кез-келген транспорттық жүйенің түрлері бір мақсатты көзейді – ол саяхатшылардың қажеттіліктерін барынша толықтай қанағаттандыру. Осыған байланысты транспорттың көрсететін қызметтері – туристердің жүктерін бір жерден екінші жерге максимальді деңгейдегі жайлылықты қамтамасыз ете отырып, жылдам жеткізу.

Транспорттық қызмет көрсету құқықтық негізде заңды құжаттармен бекітілген. Олар –

1.Әртүрлі халықаралық транспорттық ұйымдар;

2.Елдің ұлттық заңы;

3.Тасымалдаушылардың ішкі ережелері.

Круизде транспорттық қызмет көрсетуде тұрақты клиенттерге, балаларға, мүгедектерге арнайы жеңілдіктер де ұсынылады.

Тасымалдау кезінде ең маңызды мәселе – жолаушылардың қауіпсіздігі болып табылады.

 

80. Туристерді тасмымалдау саласының дамуы

 

Жолаушыларды, соның ішінде туристерді тасымалдау – әртүрлі транспорт түрлерімен жүзеге асырылады: әуе, жер, су транспорттары (оның ішіндегі круиз). Транспорттың әртүрлі түрлерінің кең таралуы, сұранысы – сол елдің географиялық орналасуына және елдің климаттық жағдайына, экономикалық дамуына, ұлттық дәстүрлеріне, адамдардың әлеуметтік жағдайы мен өмірлік деңгейіне және т.б. факторларға байланысты болады.

Әрбір транспорттың өзіндік артықшылықтары мен кемшіліктері болады. Соның ішінде круиздік кемелердегі көрсетілетін қызметтердің де өзінше ерекшеліктері бар. Бірақ, кез-келген транспорттық жүйенің түрлері бір мақсатты көзейді – ол саяхатшылардың қажеттіліктерін барынша толықтай қанағаттандыру. Осыған байланысты транспорттың көрсететін қызметтері – туристердің жүктерін бір жерден екінші жерге максимальді деңгейдегі жайлылықты қамтамасыз ете отырып, жылдам жеткізу.

Транспорттық қызмет көрсету құқықтық негізде заңды құжаттармен бекітілген. Олар –

1.Әртүрлі халықаралық транспорттық ұйымдар;

2.Елдің ұлттық заңы;

3.Тасымалдаушылардың ішкі ережелері.

Круизде транспорттық қызмет көрсетуде тұрақты клиенттерге, балаларға, мүгедектерге арнайы жеңілдіктер де ұсынылады.

Тасымалдау кезінде ең маңызды мәселе – жолаушылардың қауіпсіздігі болып табылады.

Теңізде жүзу мен кеме құрылысының құжатталған тарихы 3000 жыл деп есептеледі. Шамамен бұл кезеңнің тарихы теңізде жүзу туралы мәліметтердің үзінділерін береді. Ежелгі мысырлықтардың Сахура фараоны кезінде б.э.д. ХХVІ ғасырда теңіз кемесімен Пунт (Африканың шығыс жағалауы) еліне саяхаты белгілі. Мысырлықтардың ұзақ уақытқа саяхаты кеме тұрғұзуға ағаштардың болмауынан шектеулі болды.Олар өздерінің кемелерін қамыстан тұрғызған болатын. Мұндай кемелермен ұзақ уақытқа ашық мұхитқа шығуға болатындығын норвегиялық Тур Хейердал дәлелдеді. Қамыстан жасалған кемелермен жүзуге қанағаттанған Тур Хейердал ежелгі сызбалар мен суреттерге қарап екі мәрте үлкен кеме тұрғызды және онымен Атлант мұхитын кесіп өтті.

81. Халықаралық туристік тасымалдаулар

 

Теңізде жүзу мен кеме құрылысының құжатталған тарихы 3000 жыл деп есептеледі. Шамамен бұл кезеңнің тарихы теңізде жүзу туралы мәліметтердің үзінділерін береді. Ежелгі мысырлықтардың Сахура фараоны кезінде б.э.д. ХХVІ ғасырда теңіз кемесімен Пунт (Африканың шығыс жағалауы) еліне саяхаты белгілі. Мысырлықтардың ұзақ уақытқа саяхаты кеме тұрғұзуға ағаштардың болмауынан шектеулі болды.Олар өздерінің кемелерін қамыстан тұрғызған болатын. Мұндай кемелермен ұзақ уақытқа ашық мұхитқа шығуға болатындығын норвегиялық Тур Хейердал дәлелдеді. Қамыстан жасалған кемелермен жүзуге қанағаттанған Тур Хейердал ежелгі сызбалар мен суреттерге қарап екі мәрте үлкен кеме тұрғызды және онымен Атлант мұхитын кесіп өтті.

Б.э.д. ХХVІІ ғасырда мысырлықтар ливандық жаңғақтан ұзындығы 50 метр үлкен кеме тұрғызып, онымен Жерорта теңізі арқылы тасымалдаулар жасады және әскери мақсатта да жорықтарға шыққан. Бұл теңіз жорықтары туралы құжаттанған мәліметтер – теңізде жүзу тарихындағы бізге белгілі алғашқы ақпарттар болып табылады. Ежелгі жүзушілер б.э.д. 3000 жылдары Парсы шығанағы және Араб түбегінің жағалауларын ашып, бағындырған болатын, ол жерлерде иемденген теңіз сауда жолдары салынған. Инд өзені және Суэц шығанағына дейінгі жағалаулар б.э.д. 517 жылы грек Силак Кариадскиймен зерттелген болатын.

82. Туристік кәсіпорындар түсініктемесі

 

Туристік салада әр түрлі туристік мекемелер жұмыс істейді. Бірі тұтынушы клиентке бірыңғай тур қызмет көрсететін болса, ал басқалар үшін туризм – ол комерциялық іс-әрекетке бағытталғандардың бірі. Тек туризм есебіндегі мекемелер алғашқы (первичный) қызмет саласындағы туристік мекемелер деп аталады.

Ал тек туристік іс-әрекеттен ғана емес пайда табатын мекемелер екіншілік қызмет көрсету саласындағы мекемелер деп аталады. Сонымен алғашқы қызмет оның негізін құрайтын бірыңғай туризмге қызмет ететін мекеме, ал екіншісі тек туристік сұраныстың кейбір бөліктерін ғана қанағаттандырады, туризм олар үшін – көптеген осы қызметті тұтынушылардың бірі ғана және ол қызметті туристерден басқалар қолдана алады.

Мынаны есте сақтаған жөн. Кейбір мекемелер орындайтын функциясына байланысты бір уақытта 1 категорияға немесе басқа категорияға жатады. Мыс: туристік қонақ үй мен тур бюро барлық уақытта тек алғашқы қызметті ұсынады, ал санатория немесе демалыс үйіндегі (дом отдых) кафе, ресторандар – алғашқы қызметті мекемелер, сондай-ақ қаладағы ресторан, кафе туристік функцияның екінші қызметін ұсынса да ол туристік мекемеге қатысты болып табылмайды.

 

83. Алғашқы қызметтегі туристік мекемелер

 

Туроператор мен тур делдал.

Туроператор - өзіндік және басқада қызметті үйлестіріп жаңа тур өнімді жасап шығаратын тур мекеме. Ол тур өнім паушалды (комплексті) тур деп аталады. Туроператор комплекстік турды клиентке өз атынан және өз тәуекелімен ұсынады. Паушалды тур – бірнеше қызметтен тұратын пакет, яғни комплекстік тур негізгі қызметпен қоса қосымша, жанама (сопутствующий) қызметтерді қамтиды. Туроператор оны әлі тұтынушысын білмей, алдын-ала құрады. Туроператор пакетке көбіне әр түрлі мекемелермен өндіретін (қызметті орындаушылар), бір – бірін толықтыратын қызметтерді жинайды. Ол қосылыстардың нәтижесі – жаңа тур өнімді алуға мүмкіндік туады. Бұл тур өнімге өтімі және кеңесі бойынша тур делдалдық қызмет кіреді.

Туристік нарықта жұмыс істейтін барлық туроператорларды былай классификациялауға болады: олардың көлеміне, іс-әрекет аймағына, бағдарламаның жалпақтығы мен тереңдігіне және экономикалық мақсатына.

Көлемі бойынша ірі, орта, ұсақ туроператорлар болып айрықшаланады. Ірі топқа – оның қызметін жылына 100 мың адам қолданатын және айналымдағы қаржысы 35 млн долларды құрайтын қаражатты туроператорды жатқызуға болады. Орта топқа – жылына 30 мыңнан 100 мың клиенттерді қамтитын туроператорды жатқызуға болады. Ұсақ туроператор категориясына - әр түрлі типтегі мекемелер жатады. Олар: саяхатты ұйымдастырумен айналысатын жастар немесе жорық туризміне мамандандырылған және туристік топты тасымалдайтын автобустық мекемелер.

84. Туристік кәсіпорын іс-әрекетінің басты және жанама түрлері

 

Басты іс-әрекет түріне:

- орналастыру

- тамақтандыру

- транспорттық қызмет

- экскурсиялық қызмет

Қосымша қызмет жалпы туризмнен түсетін 50 % - ды алатын кең спектрге ие. Олар:

- басты қызмет есебіне кірмейтін қосымша экскурсия

- шынығу қызметі

- мәдени ойын – сауық және әртүрлі ойын – шаралары

Жанама қызметке:

- туристік символика, сувенирлік өніммен қамтамасыз ететін

- сауда, кредиттік – валюта, ақпараттық, конгрестік т.б. қызметтер

- арнайы байланыс қызмет түрлері.

 

85. Кәсіпорынды есепке тұрғызу

Уставты қордың 50 пайызын төлегеннен кейін және тіркеу жөнінде куәлікті алғаннан кейін келесі ведомстволарда кәсіпорынды есепке тұрғызу процедуралары жүргізіледі:

- салық инспекциясына;

- статистика органында;

- зейнетақы қорына;

- медициналық сақтандыру қорына;

- әлеуметтік сақтандыру қорына;

Мемлекеттік тіркеуден кейін кәсіпорын міндетті түрде бекітілген тәртіппен 10 күн ішінде өзінің орналасуы бойынша салық инспекциясына салық есебіне тұрады.

Шетел инвестицияларының қатысуынсыз кәсіпорын үшін салық инспекциясына есепке тұруы үшін келесідей құжаттарды ұсынуы қажет:

А) мемлекеттік реестрге қосылуы және есепке алған картаны (3 дана);

Б) тігілген және бекітілген тәртіппен куәландырылған, тіркелген құрушылық құжаттар көшірмесін және т.б. құжаттарды:

- қабылданған тәртіп бойынша куәландырылған тіркеу туралы куәліктің көшірмесі;

- устав көшірмесі (қабылданған тәртіппен куәландырылған);

- құрушылық келісім шарт көшірмесі (1-ден көп құрушы кезінде);

- құрушылар жиналысының хаттама көшірмесі (1-ден көп құрушы кезінде);

- антимонополиялық комитетпен келісім туралы анықтаманың көшірмесі;

- мүлікпен басқару бойынша комитетпен келісім туралы анықтаманың көшірмесі.

Шетел капиталының қатысуы бар кәсіпорындар сонымен бірге мына құжаттарды ұсынады:

- бірлесіп кәсіпорын құруға қатысушының әр қайсысы үшін құрушылық құжаттар көшірмесі;

- шетел инвесторы қызмет көрсететін банкпен берілген оның ақша төлеу қабілеттілік туралы құжаты;

- шетел инвесторының пайда болу мемлекетінің сауда реестрінен көшірмесі, оның орналасуы, азаматтығы немесе тұрғылықты жері.

Салық инспекциясы 5 күн мерзімінде:

- картаның дұрыс толтырылуын тексереді;

- ұсынылған құжаттар пакетінің толықтығын;

- есепке тұрғызуды орындайды;

- мемлекеттік реестрде нөмірді береді;

- есепке алу және мемлекеттік реестрге қосылуы жөнінде хабарламалық хатты береді;

- тіркелген картаның бір данасын береді;

- салық түрлері мен төлеу тәртібі жөнінде ескертпелер береді.

Осындай процедура есепке тұрғызуда құрушылық құжаттар көшірмесі, тіркеу куәлігінің куәландырылған көшірмесі, салық инспекциясына есепке тұруы картасы ұсынылады.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.