Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Кукык негиздери панинин тусиниги,жуйеси мен максаты 2 страница



- толық, яғни 18 жастан басталады;

- жартылай, яғни 14 пен 18 жас аралығын қамтиды, бұл кезде тұлға тек ұсақ мәмілелерді ғана жасауға мүмкіндігі бар, ал ірі мәмілелерді жасау үшін ата-анасының рұқсаты керек;

- шектелген, яғни адамның денсаулық жағдайына байланысты, оның құқықтарын шектеу.

Ұйымда құқық қабілеттілік және әрекет қабілеттілік мемлекеттік тіркеуден өткен кезде пайда болады. Осы арқылы жеке тұлғаның құқық субъектілігімен ерекшеленеді.

Құқықтық қатынастың объектісіне мыналар жатады:

- материалдық құндылықтар (ақша, зат және т.б.);

- материалдық емес құндылықтар (адамның құқықтары, оның беделі және т.б.);

- жеке тұлғаның әрекеті (жұмысқа орналасу және т.б.);

- рухани қажеттіліктер (театрға, кітапханаға және т.б.).

Құқықтық қатынастың мазмұнына қатысушылардың субъективті құқықтары мен заңды міндеттері жыйынтығы жатады.

Құқықтық қатынастардың түрлері:

Реттейтін құқықтық қатынастар – субъектілердің заңға сәйкес мінез-құлқы, былайша айтқанда, құқықтық нормалар негізінде және соғай сәйкес мінез-құлық. Мұндай құқықтық қатынастар құқық тәртібінің негізін құрайды. Бұларға жататындар: Мемлекеттік, мүліктік, отбасы, еңбек тағы басқа құқықтық қатынастар.

Қорғайтын құқықтық қатынастар – субъектілердің заңсыз әрекетінің салдарынан пайда болады. Оның мақсаты – қоғамдық тәртіпті қорғау, кінәліні жазалау, сөйтіп әділдік орнату.

Абсолютті құқықтық қатынастарда тек бір тарап белгілі (құқық иесі) болады. Басқалардың барлығы міндетті тарап болып саналады. Мысалы, бұларға меншікке байланысты қатынастар жатады.

Салыстырмалы құқықтық қатынастарда барлық оған қатысушылар белгілі (сатушы мен сатып алушы) болып келеді.

14.Каржы кукыгынын жуйеси жане кайнар коздери. Қаржы құқығының әдісі,түсінігі,пәні.Қаржы жүйесі - белгілі қаржылық-экономикалық институттардың жиынтығы.

Қаржы жүйесі мына институттарды енгізеді:

1) Бюджеттік система;

2) Бюджеттен тыс орталықтандырылған және орталық емес, мақсатты қорлар;

3) Кәсіпорын, ұйымдар, халық шаруашылық салаларын;

4) Мүлікті және жеке сақтандыру;

5) Несие (мемлекеттік және банктік).

Қахақстанда мемлекеттік қаржы жүйесі тұтасымен алғанда бірлік принципіне негізделген және қаржылық орталықтандыру қиынға түсуде, бірақта белгілі жекеленген қаржылық – экономикалық институттардың эелементтері іс жүзінде бар екенін айтқан жөн.

Орталықтандырылған мемлекеттік қаржылар жалпы мемлекеттік сипаттағы қажеттілікті қамтамасыз етуге шақырылған және мемлекеттік биліктің орталық органдарының қарамағындағы ақшалай құралдарының қорлары болып табылады.

Орталықтандырылмаған қаржылар жеке шаруашылық субъектілердің қарамағында болады.

Жалпы мемлекеттік қаржылар жалпы мемлекеттік маңызы бар шараларды қаржыландыру үшін тағайындалған.

Жергілікті қаржылар жергілікті маңызды бар шараларды қаржыландыру және мемлекеттік биліктің жергілікті органдарының қарамағында болып, әкімшілік-аймақтың бірлікиердің ақшалай қорларымен көрінеді.

Қаржы қызметінің тәсілдері:

1. Мәжбүрлеп және қайтарымсыз ақша құралдарын олардың иелерінен алу (салықтар);

2. Мәжбүрлеп және қайтарымды ақша құралдарын өндіріп алу (мәжбүрлі қарыз);

3. Еркін-қайтарымсыз ақшалық құралдарды жұмылдыру (игілік істеу қызметі);

4. Еркін-қайтарымды ақшалық құралдарды жұмылдыру (еркін қарыз);

5. Мемлекеттік қызмет көрсетулерді іске асыру негізінде ақшалық құралдарды жұмылдыру (мемлекеттік алымдар);

6. Мемлекеттік мүліктерді пайдаланған және өткізгеннен алынған ақшалық құралдарды мемлекет табысына айналдыру;

7. Эмиссия (ақшалық құралдарды шығару).

Ақшалық қорларды бөлу тәсілдері:

1Қаржыландыру (қайтарымсыз ақшалық құралдарды беру).

Қаржыландыру түрлері:

Демеу қаржы – меншікті құралдары жетіспейтіндерге мемлекет тарапынан көрсетілетін қаржылық көмек.

Субвенция – жергілікті өкімет орындарына немесе шараушылықтың жекелеген салаларына белгілі бір мақсатта берілетін мемлекеттін жәрдем қаржының түрі.

Сибсидия – мақсатты сипатта мемлекеттік ақша қорынан (бюджеттен) заңды және жеке тұлғаларға ақша құралдарын бөлу.

2 Несиелеу (ақшаны қарыз және қарызға ретінде беру, қайтарымды жағдайда несиелеу);

3 Мемлекеттің өзінің қаржылық міндеттемелерін орындау (мемлекетпен өздерінің ішкі және сыртқы қарыздарын өтеу).

Ақшалық қорларды пайдалануды ұйымдастыру тәсілдері:

1. Ақшалық қорлардың міндетін белгілеу (белгілі бір қордың мақсаты мен мәселелерін белгілеу);

2.Мемлекеттік ақшалық қордан алынған құралдардың пайдаланудың тәртібін белгілеу;

3. Мемлекеттік кәсіпорынның кірісін бөлудің нормативтерін және тәртібін белгілеу;

4.Қаржылық нормативтер мен ақшалық құралдардың бөлу шегін белгілеу;

5. Ақшалық қорларды пайдалануды жоспарлау;

6. Ақшалық қорларды пайдалануға бақылау (қадағалау) жүргізу

Қа ржылық қызметтің жүргізілуінің құқықтық түрлері.

І. Нормативтік сипаттағы заңдық актілерді шығару;

ІІ. Мемлекет нақтылы қаржылық қатынастарының субъектілерінің тәртібін реттеуге өзіне тән қаржылық-құқықтық актілерді басып шығару. Бұл акт нақтылы тұлғаларға арналған, бір жолғы қолданысы бар.

ІІІ. Екі жақты қаржылы-құқықты актілерді істеу, оның ішінде қаржылық шарт жасау.

ІҮ. Мемлекеттің өзінің құқықтық өкілдігімен нақтылы құқық қатынастарының субъектісі ретінде қаржылық-құқықтық акті арқылы өзінің құқықтығымен және міндеттемелерімен, іске асырады. Сонымен қаржылық-құқықтың актілері-мемлекеттің өз құзыреті шегінде мемлекеттің қаржы қызметінің мемлекеттін органдар қабылданған заңдылық актілері.

15.Енбек кукыгы пани,адиси, жуйеси жане кайнар коздери. Еңбек құқығы (ағыл. labour law) - Жалдамалы жұмысшылардың еңбегін реттейтін құқық саласы.

Еңбек құқығы:

жұмыскер мен қызметкердің тікелей еңбек ету жағдайы бойынша жұмыс беруші атынан әрекет ететін әкімшілікпен қатынасын реттейді;

өндірісті басқаруға жұмыскердің қатысу, еңбек жағдайын тағайындау мен қолдану жағдайы бойынша әкімшіліктің еңбек ұжымымен қатынасы;

еңбек дауларын қарастыру бойынша қатынастар;

еңбекті қорғау және бірқатар басқалары бойынша қатынастар.[1]

Еңбек құқығы — меншіктің түріне , шаруашылықты жүргізудің ұйымдық-құқықтық пішіміне қарамастан, кәсіпорын (мекеме, ұйым) қызметкерлерінің еңбегін ұйымдастыру саласындағы қарым-қатынастарды реттеп, олардың әлеум. құқыларын қорғайтын нормалар жиынтығы. Е. қ-ның арқауы қоғамдық еңбек қатынастары болып табылады, ал бұл қатынастар қоғамдық пішімдегі еңбек процесінде міндеттілік сипат иеленеді. Мұнда еңбекті пайдалану, оның шарттары мен ұйымдастырылуы құқықтық реттеудің негізгі мазмұнына айналады. Е. қ-ның әдісі дегеніміз еңбек қатынастарын құқықтық реттеудің амалдары мен тәсілдерінің жиынтығы; ол, негізінен, еңбектің құқықтық қатынастарын белгілеудің келісімшарттық тәртібін; өндіріс процесінде қызметкердің жұмыс берушіге бағыныштылығын ескере отырып, екі жақтың теңдігін орнатуды; еңбекті ұйымдастырудың айрықша режимін; еңбекті пайдаланудың шарттары мен ұйымдастырылуын орталықтан нормалауды және жергілікті жерде ретке келтіруді; еңбек қарым-қатынастарын құқықтық реттеудің бірлігі мен жіктелуін; Е. қ-ның ажыратылмайтын, рұқсат етілетін және ұсынылатын жосындарын іске қосудың ерекше тәсілдерін; еңбектік-құқықтық қарым-қатынасқа қатысушы тараптардың құқылары мен заңды мүдделерін қорғаудың арнаулы процессуалдық пішімдерін, сондай-ақ, санкция қолдану реттерін қамтиды. Е. қ-ның жүйесінде қоғамдық еңбекті ұйымдастырудың барлық құрамдас бөліктеріне қатысты нормалар бар. Олар жиынтық түрінде Е. қ-ның жалпы бөлімін құрайды. Оған құқықтың осы саласының арқауы, әдістері мен жүйесі, оның бастаулары, сондай-ақ, Е. қ. ғылымының пәні мен методологиясы кіреді. Азаматтардың еңбегін пайдалану жөніндегі қоғамдық қарым-қатынастардың жекелеген топтарын реттейтін құқықтық нормалар Е. қ-ның ерекше бөлімін құрайды. Соған сәйкес Е. қ-ның жүйесінде құқықтық ин-ттар, яғни қоғамдық еңбек қатынастарының құрамдас бөлігін арқау ететін құқықтық нормалар жиынтығы ерекшеленеді. Ерекше бөлім Е. қ-ның мынадай негізгі ин-тарын: жұмыспен қамтуды және жұмысқа орналастыруды, ұжымдық келісімшарттар мен келісімдерді, еңбек келісімшартын, жұмыс мезгілі мен демалыс уақытын, еңбекақыны, еңбек тәртібін, келісімшарт жасаушы тараптардың материалдық жауапкершілігін, еңбекті қорғауды, қызметкерлердің кәсіби білігін көтеруді, еңбек дауларын қамтиды.

Еңбек құқығының пәні – еңбекті қоғамдық негізде ұйымдастыруға, басқаруға, кәсіпорындардың меншік нысанына қарамастан қызметкерлердің жұмыс күшін еңбек функциясына сәйкес пайдалануға және қызметкердің ішкі еңбек тәртіп ережелеріне бағына отырып, белгілі бір еңбек функциясын атқаруға, өз кезегінде жұмыс берушінің қызметкерге жалақының уақытылы төлеуін, жұмыс орнында қауіпсіздік пен еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын қамтамасыз ету міндетін жүзеге асыруға байланысты пайда болатын біртектес құқықтық қатынастар болып табылады.

Сонымен еңбек құқығы меншік пен шаруашылық жүргізудің әртүрлілігіне қарамастан, қызметкерлер мен жұмыс берушілер арасында жалдамалы еңбекті ұйымдастыруға байланысты пайда болатын қоғамдық еңбектік қатынастарды реттейтін қазақстан құқықғы жүйесінің дербес саласы.

Еңбек құқығының пәні оның қандай қоғамдық қатынастарды реттейтіні арқылы анықталатын болса, еңбек құқығының әдістері сол қатынастарды қандай тәсілдермен реттейтіндігімен айқындалады. Қазіргі кезеңдегі нарықтық қатынастар жағдайында еңбек құқығы саласында еңбектік қатынастарды реттейтін негізгі әдістер қалыптасқан.

Олар :

*Мемлекеттік – орталықтандырылған реттеу әдісі

*Шартты (келісімді түрде) нысанда реттеу әдісі

*Кәсіпорын, ұйым деңгейінде реттеу әдісі (локальдық әдіс)

*Жеңілдік түрдегі әдіс

Еңбек құқығы әдістерін мынандай белгілермен: 1) еңбектік құқықтык қатынастар және солардың негізінде туындайтын басқа да қатынастарды реттейтін императивтік және диспозитивтік нормалардың қосындысымен; 2) еңбек құқығы пәнін реттейтін орталықтанған, жергілікті және шартты әдістердің қосындысымен; 3) әлеуметтік әріптестіктің тараптарының өкілдерін қатыстыра отырып қоғамдық қатынастарды реттеуде әлеуметтік-әріптестік келісімдерді барынша кең пайдаланумен; 4) жалдамалы еңбекті пайдалануды реттеудің даралығы мен саралап жіктелінуі; 5) еңбек дауларын шешудің ерекше тәртібін бекітуімен сипатталады.

 

16. Мемлекет механизиминин (аппараты) тусиниги.Мемлекет дегеніміз — өз аумағындағы халықты құқықтық жүйесі арқылы ұйымдастыратын, басқаратын күрделі саяси ұйым.Мемлекет – арнайы басқару және мәжбүрлеу аппараты бар, қоғамның өкілі бола тұра, оны басқаратың және оның дамуының қамтамасыз ететін, бұқаралық биліктің, егеменді, саяси ұйымы.Мемлекет қоғамды басқаруды жүзеге асыратын, өзінің барлық мүшелерінің мүдделері үшін тәртіпті қамтамасыз ететін, әрі үстем таптардың немесе билік жүргізуші топтың немесе халық топтарының мүддесін артықшылықтан қорғайтын биліктің ерекше ұйымы болып табылады.

Мемлекеттік механизм деген – мемлекеттік органдардың мемлекеттік билікті жүзеге асыру әдістері мен құралдарының жүйесі. Яғни, мемлекеттік механизм ұғымына – мемлекеттік билік, мемлекеттік аппарат, мемлекеттік билікті жүзеге асыру құралдары мен әдістері ұғымдары кіреді. Мемлекеттік орган — мемлекеттік аппараттың бір буыны. Ол – мемлекет атынан белгілі бір мемлекеттік функцияны жүзеге асыруға бағытталады. Мемлекет механизмі түсінігімен қатар, теория және практика жүзінде мемлекеттік аппарат түсінігі де кеңінен пайдаланылып келеді. Биліктің бірден-бір бастауы – халық болғандықтан мемлекеттік органдар халықтың еркін, мүддесін ескеру қажет. Халық еркі сайлаулар, референдум, мемлекеттік қызметке орналасу теңдігі, т.б. жолдармен ескеріледі. Сондықтан, мемлекеттік органдар өз қызметінде демократиялық қағидаларды басшылыққа алуы тиіс. Адам және азамат құқықтары мен бостандықтарының жоғарылығы, демократизм, биліктің бөлінуі, заңдылық, жариялылық, кәсібилік, сайланбалылық және тағайындамалық жүйенің бірлігі, т.б. қағидалар.

Мемлекет — басқару функциясын орындайтын және соның көмегімен қоғамның тіршілік-тынысын қамтамасыз ететін, оған қажетті жағдайлар мен алғышарттар жасауға ұмтылатын адамзат қоғамын ұйымдастырудың айрықша нысаны.

Мемлекеттің механизмі – белгілі түрде ұйымдастырылған, ішкі тұтастығымен және өзара байланыстылығымен сиппатлатын мемлекет органдарының жүйесі. Әр мемлекеттің механизмі оның тарихи, әлеуметтік, ұлттық, экономикалық, географиялық, т.б. ерекшеліктеріне байланысты құрылады. Дегенмен, барлық мемлекеттерге бірдей тән органдар болады.

Негізінен, олар – құқықтық тәртіпті сақтайтын, мемлекеттің ішкі қауіпсіздігін, сыртқы тәуелсіздігін қорғайтын органдар. Мұндай органдар әр дәрежеде, әр көлемде барлық мемлекеттерде болады. Мемлекет механизміне тән заңдылық – оның органдары тек мемлекет қызметін атқаруға қажет болғанда ғана құрылады. Екінші заңдылығы – бірінің қызметін бірі қайталайтын органдардың болмауы. Мемлекет механизмінің құрылымы мемлекеттік органдардан, мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардан және мемлекетттік қызметкерлердің, ұйымдық қаржылардан, сондай-ақ мемлекеттік қызметтерді қамтамассыз етуге қажет ықтиярсыз көндіру күштерінен тұрады.

17.Меншик кукыгынын пайда болуынын жане токтатылуынын негизги тасилдери. Меншік құқығы дегеніміз – субъектінің заң құжаттары арқылы танылатын және қорғалатын өзіне тиесілі мүлікті өз қалауынша иелену, пайдалану және оған билік ету құқығы. Меншік құқығы – негізгі заттық құқық. Заттық құқық құқықтың басқа да типтерімен тұрақты байланысты болады. Заттық құқық иесі, әдетте, міндеттемелік қатынастарға, оның ішінде өзінің меншік объектілерімен қатынасқа кіреді. Бұл жағдайда құқықтың екі түрі қатар жүреді, олар негізінен, әртүрлі субъектілік байланыстармен анықталады. Мысалы, меншік иесі өзінің ғимаратын жалға берсе, онда ол жалданушымен міндеттемелік қатынас байланыстырады. Ал, барлық қалған үшінші жаққа қатысты ол – тиісті қорғану тәсілі бар заттық құқық иесі. Сондықтан да әртүрлі құқықтарды немесе олардың бірлестігін аралас сипаттағы жаңа кешенді құқықпен араластыру жайында сөз болмауға тиіс. Біздің жағдайымызда әңгіме заттық және міндеттемелік құқықтардың араласып жатуында болып тұр. Бірақ олар қанша тығыз және ауқымды араласқанымен, бұл жерде заттық құқықтан, міндеттемелік құқықтан сапа жағынан өзгеше, жаңа құқық туындамайды, туындауы да мүмкін емес.

Меншік құқығының тоқтатылуы өз еркімен және мәжбүрлі түрде жүзеге асырылады. Мүлікті өз еркімен басқа тұлғаға беру, сату, меншік құқығынан бас тарту, мүлікті жою және т.б. Мәжбүрлі түрде меншік құқығын тоқтату: тәркілеу, реквизация, иесіз мәдени немесе тарихи маңызы бар мүліктерді сатып алу және т.б. негізде жүргізіледі.

Меншік құқығының пайда болу негіздерін бастапқы және туынды деп ажыратуға болады. Бастапқы негізге бұрын ешкімнің меншік құқығында болмаған мүлік жатқызылады, яғни, жаңа салынған үй, олжа, қараусыз жануарлар, т.б. Туынды негіз мүліктің бір тұлғадан екінші тұлғаға өтуі негізінде пайда болатын меншік құқығы, мысалы, келісім бойынша жасалуы мүмкін сату — сатып алу, айырбастау, сыйлау.

Қазақтың әдет-ғұрып заңында бірінші болып жерді басып алу құқығы болған, яғни кімде-кім бірінші болып қыстаудан көшіп, жаңа жерге орнығып алса, жайылым мен суат соның меншігі болып саналған. Бұл құқық табиғи суаттарға ғана қатысты, ал жасанды суаттарға, құқықтар мен тоғандарға меншік құқығы осыларды жасаған адамдарға байланысты анықталған.

18. Мемлекеттин каржы жуйеси жане каржы органдары.«Қаржы жүйесінің» ұғымы қаржы ұғымының одан ары дамуы және нақтылана түсуі болып табылады және тиісті ақшалай қорлар құрылып, пайдаланылатын қатынастардың, сонымен бірге бұл қатынастарды ұйымдастыратын органдардың жиынтығын қамтиды. Бюджеттік жүйе - мемлекеттің барлық қаржы жүйесінің маңызды құрамдық бөлігі болып табылады. Бюджеттік жүйе экономикалық категория ретінде мемлекеттің орталандырылған ақша қорын бюджетті қалыптасу мен пайдалану бойьшша заңды, жеке тұлғалар мен аймақтар арасындағы барлығы қаржылық қатынастар, бюджеттік қалыптасу мен атқарудың әдіс-тәсілдері және сол катынастарды басқару органдарымен танысты. Басқаша айтқанда, барлық деңгейдегі бюджеттер мен Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және экономикалық қатынастар мен құқықтық нормаларға негізделген бюджеттік процесс пен бюджеттік қатынастар косындысын бюджеттік жүйе деп түсіндіріледі. 2005 жылы қаңтар айының 1 жұлдызында күшіне енгізілген жаңа Бюджеттік кодекстің 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының бюджегтік жүйе құрамына келесі бюджет түрлері мен деңгейлері кіргізілген:

• республикалық бюджеті;

• облыстық бюджеті, республикалық маңызы бар қалалар мен астана бюджеті;

• аудан бюджеті (облыстық маңызы бар қалалар бюджеті).

Бюджеттік заңнамаларға сәйкес бюджеттің барлық түрлері мен деңгейлері дербес болып есептеледі. Бюджеттік жүйе құрылымында Төтенше мемлекеттік бюджет пен Ұлттық қор қарастырылады.

19. Мемлекеттин функциясы (кызмети). Мемлекет функциясы Қазақстан Республикасы мемлекетінің функциясы, яғни (миайтын ролі ретінде оның қызметінің негізгі бағыттары мемлекеттің қызметінің өзі түсініледі. Мемлекет функииясы ішкі және сыртқы болып екіге бөлінеді. ° Ішкі функцияларға еліміздін материалдық-техникалық базасын құрып. дамытуға бағытталған мына қызмет салалары мәдени-тәрбие жұмыстары, яғни жеке адамның жан-жақты кетпеуіне мүмкіндік туғызатын және оның құқықтары мен бостандықтарын нақты қамтамасыз ету үшін алғышарт жасайтын жұмыстар: әлеуметтік қызмет көрсету, яғни адамдарға жан-жақты камкорлық жасаудың ізгілікті саясатын жүзеге асыру. Ата Заңымызда атап көрсетілгендей, мемлекетіміздің қызметі, бәрінен бұрын адам және адамның өміріне, құқықтары мен бостандықтарына, мүддесіне сай құрылады; құқық тәртібін қорғау Конституцияға сүйене отырып, бақылау арқылы оның талаптарын орындауда, қоғамдық, мемлекеттік кұрылысқа, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, меншікке қол сұғушылықтың жолын кесуде көрініс табатын функциялар. Мемлекет бұдан басқа да көптеген функцияларды, мысалы, экологияны қорғау және табиғатты тиімді, ұтымды пайдалану, азаматтардың мемлекет пен оның органдарын тікелей өздері немесе өз екілдері аркылы басқаруға катысу функцияларын, қаржылық, экономикалық, идеологиялық функцияларды жүзеге асырады. ° Мемлекеттің сыртқы функциялары оның Конституцияда белгіленген Қазақстан Республикасы аумағының біртұтастығын, бөлінбейтіндігін және қол сұғылмайтындығын көздейтін қағиданы қамтамасыз етуге бағытталған қызметін қамтиды. Отанымызды қорғау, еліміздің қорғаныс қабілетін нығайту және мемлекеттік қауіпсіздікті қамтамасыз ету — мемлекетіміздің аса маңызды сыртқы функцияларының бірі.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.