Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Сыбайлас жемкорлыкпен кукык бузушылык натижесинде жасалган мамилелерди жарамсыз деп тану жане актилер мен ис-арекеттердин кушин жою



1. Мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттiк берiлген адамдар немесе соларға теңестiрiлген адамдар сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық нәтижесiнде негiзсiз байыған жағдайлардың бәрiнде заңсыз алынған мүлiк мемлекет кiрiсiне жатқызылуға ал заңсыз көрсетiлген қызмет құны мемлекет кiрiсiне өндiрiлiп алынуға тиiс.
2. Заңсыз алынған мүлiктi өз еркiмен тапсырудан немесе мемлекетке оның құнын немесе заңсыз көрсетiлген қызметтің құнын төлеуден бас тартылған жағдайларда прокурордың, мемлекеттік кіріс органдарының не заңмен бұған уәкiлеттiк берiлген басқа да мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың талап қоюы бойынша соттың шешiмiмен мемлекет кiрiсiне өндiрiп алу жүзеге асырылады. Көрсетілген органдар құқық бұзушыға тиесiлi мүлiкті сот шешiм шығарғанға дейiн сақтау жөнінде шаралар қолданады.
3. Егер мемлекеттік функцияларды орындайтын адам немесе оған теңестiрiлген адам жасаған сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн жұмыстан босатылғаннан, тиiстi функцияларды орындаудан өзгедей босатылғаннан кейiн осы баптың 1-тармағында көзделген талаптарды орындаудан бас тартса, мұндай босату туралы шешiм қабылдаған лауазымды адам немесе орган кiнәлi адамның тұрғылықты жерi бойынша мемлекеттік кіріс органына құқыққа қайшы алынған кiрiстер туралы хабарлама жiбередi.
4. Осы баптың 2-тармағында көрсетілген жағдайларда прокурор, мемлекеттік кіріс органдары не заңмен бұған уәкілеттік берілген басқа да мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдардың немесе оларға теңестірілген адамдардың мемлекетке заңсыз алынған мүлікті қайтару немесе оның құнын немесе заңсыз көрсетілген қызметтердің құнын төлеу бойынша міндеттері туындаған кезден бастап бір айдан кешіктірмей, заңсыз алынған мүлiктi мемлекет кірісіне айналдыру және (немесе) заңсыз көрсетiлген қызметтердiң құнын өндiрiп алу туралы талап қоюмен сотқа жүгінеді.

 

100.Казакстан Республикасында сыбайлас жемкорлыкты турыратын себептер мен жагдайлар. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi.

101.Сыбайлас жемкорлыкка жаткызылатын занбузушылыктар. Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады. ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану (228-бап), коммерциялық сатып алу (231-бап), қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап), билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (308-бап), пара алу (311-бап), қылмыстық жалғандық жасау (314-бап) туралы лауазымдық қылмыс нормалары ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нормалары болып табылады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер де қабылданды. Оларға “Мемлекеттік қызмет туралы” (1995) және “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” (1998) ҚР заңдары жатады. Сонымен қатар осы саладағы ынтымақтастық туралы халықаралық актілер де бар.

102.Сыбайлас жемкорлыкты алдын алу. Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы. Өзінің қызметтік мәртебесі мен өкілеттіктерін жеке, топтық және өзге де бейқызметтік мүдделер үшін пайдалану жолымен жеке игіліктерді алу әрекетінен көрініс табады. ҚР Қылмыстық кодексінің өкілеттіктерді теріс пайдалану (228-бап), коммерциялық сатып алу (231-бап), қызмет өкілеттігін теріс пайдалану (307-бап), билікті немесе қызметтік өкілеттікті асыра пайдалану (308-бап), пара алу (311-бап), қылмыстық жалғандық жасау (314-бап) туралы лауазымдық қылмыс нормалары ең алдымен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес нормалары болып табылады. Қазақстанда сондай-ақ сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық, тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікті реттейтін арнайы нормативтік-құқықтық актілер де қабылданды. Оларға “Мемлекеттік қызмет туралы” (1995) және “Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы” (1998) ҚР заңдары жатады. Сонымен қатар осы саладағы ынтымақтастық туралы халықаралық актілер де бар.

103.Сыбайлас жемкорлыктын турлери. Сыбайлас жемқорлық – мемлекеттік құрылымдардың экономика аясында қылмысты құрылымдармен біте қайнасуы, сондай-ақ мемлекеттегі лауазымды адамдардың, қоғамдық және саяси қайраткерлердің сатылғыштығы, парақорлығы.Оның мынандай түрлері бар:

1.Алаяқтық (Мошенничество)

2.Алдау (Обман)

3.Сеніммен асыра пайдалану (Злоупотребление доверием

4.Парақорлық (Взяточничество)

5.Өз өкілеттігін асыра пайдалану (Превышение должностных полномочий)

6.Билікті асыра пайдалану (Злоупотребление должностными полномочиями)

 

104.Сыбайлас жемкорлыктын негизги зардаптары. Қазақстан Республикасының заңына сәйкес мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын адамдардың, сондай-ақ соларға теңестiрiлген адамдардың лауазымдық өкiлеттiгiн және соған байланысты мүмкiндiктерiн пайдалана отырып не мүлiктiк пайда алу үшiн олардың өз өкiлеттiктерiн өзгеше пайдалануы, жеке өзi немесе делдалдар арқылы заңда көзделмеген мүлiктiк игiлiктер мен артықшылықтар алуы, сол сияқты бұл адамдарға жеке және заңды тұлғалардың аталған игiлiктер мен артықшылықтарды құқыққа қарсы беруi арқылы оларды сатып алуы сыбайлас жемқорлық деп ұғынылады.

Қазақстан Республикасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауiп-қатерден Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту арқылы мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мiндеттердi атқаратын лауазымды және басқа да адамдардың, сондай-ақ оларға теңестiрiлген адамдардың тиiмдi қызметiн қамтамасыз етуге бағытталған және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрестiң негiзгi принциптерiн айқындап, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ жауаптылықтың пайда болу жағдайларын белгiлейдi

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.