Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Кукык негиздери панинин тусиниги,жуйеси мен максаты 1 страница



5. Кылмыстык жаза : тусиниги,белгилери мен максаты.Жаза — бұл мемлекеттің жасалған қылмысқа деген реакциясы. Егер қоғамға қауіпті әрекет жазаға әкеліп соқпаса, онда ол қылмыс болып есептелінбейді. Қылмыстың жазалану белгісі, қылмыстың міндетті белгісі болып табылады. Жаза — соттың үкімі бойынша тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы. Ол қылмыс жасауға кінәлі деп танылған адамға қолданылады және ол адамды қылмыстық заңда көзделген құқықтары мен бостандықтарынан айыру немесе шектеу болып табылады. Жазаның белгілері:

*жаза — бұл мемлекеттік мәжбүрлеудің ерекше шарасы,

*Жаза жеке сипатта болады. Ол тек қылмыскерге ғана қолданылады және ешқандай жағдайда да басқа адамдарға жүктелмейді (мысалы, кәмелеттік жасқа толмаған қылмыскердің ата-анасына);

*жаза әрқашан қылмыс жасаған адамның құқықтары мен бостандықтарын шектеуге байланысты оған белгілі бір моральдық қасірет әкеледі және белгілі бір құндылықтардан айырад.

Жазаның мақсаты деп түпкілікті әлеуметтік нәтижелерді айтады, оған жазаны қолдану мен жүзеге асыру арқылы қол жеткізуге болады. Жазаның мақсаттары мынадай:

а) әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру. Ол кінәлі адамға жазаны қолдану қылмыстық әрекет жасау нәтижерінде бұзылған жеке және қоғамдық мүдделерді қалпына келтіруді және қол сұғу объектісіне келтірілген зиянды өтеуді білдіреді;

ә) сотталушыны түзеу. Бұл мақсат кінәлінің теріс бағдарын өзгертуге бағытталған. Егер адам басқа жаңа қылмыстаp жасамаса және қылмыстық заңның сақталуының қажеттілігін сезіне бастаса, түзеуге қол жеткізеді;

б) жаңа қылмыстардың жасалуының алдын алу. Бұл мақсатты әрбір нақты қылмыс үшін қылмыстың жауапты бекітуді және жаза тағайындау мен оның орындалуын бұлтартпауды қамтамасыз ету арқылы қол жеткізіледі. Жазамен сескендіру адамдардың санасы мен әрекетіне әсер етеді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі кәмелеттік жасқа толмағандарга тағайындалатын жазаның жүйесі мен тізімін бекітеді. Оларға: айыппұл, белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыру, қоғамдық жұмыстарға тарту, түзеу жұмыстары, қамау, бас бостандығынан айыру жатқызылады. Сот тәжірибесінде анағұрлым көбірек ұолданылатын жазалардың кейбір түрлерін жеке-жеке қарастырайық. Ең алдымен, айып салу — бұл сот тағайындайтын соманы ақшалай өндіріп алу. Айыппұл салған кезде, адам ақшалай төлемге байланысты белгілі бір материалдық шығынға ұшырайды.

- Айыппұл жазаның жеңіл түрі және ол айлық есептік көрсеткіштің жиырма бестен жиырма мыңға дейінгі немесе сотталған адамның жалақысының немесе екі аптадан бір жылғы дейінгі кезеңдегі өзге де табысының мөлшерінде тағайындалады.

- Айыппұл тағайындағанда сот жасалған қылмыстың ауырлық дәрежесін және адамның мүліктік жағдайын ескеруі тиіс. Кәмелеттік жасқа толмай сотталған адамға айыппұл дербес табысы немесе өндіріп алуға жарайтын мүлкі болған жағдайда ғана тағайындалады. Қоғамдық жұмыстарга тарту. Қоғамдық жұмыстар - бұл сотталған адамның оқудан немесе жұмысынан бос уақытында тегін қоғамдық пайдалы жұмыс атқаруы.

- Түзеу жұмыстары — бұл сотталған адамды табысынын белгілі бір бөлігін мемлекет пайдасына ұстап қалу арқылы еңбекке тарту. Түзеу жұмыстарына сотталған адамның табысынан соттың үкімімен белгіленген мөлшерде, бес пайыздан жиырма пайызға дейінгі шекте мемлекет пайдасына ұстап қалу жүргізіледі.

- Қамау — бұл сотталған адамды қоғамнан қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады, олар жазаны абақтыда өтейді. Қамау бір айдан алты айға дейінгі мерзімге белгіленеді. Қамау кезіндегі оқшаулау, қамаудан да анағұрлым қатаң жаза — бас бостандығынан айыру тағайындалуы мүмкін екендігін еске салуы тиіс. Қамау үкім шығару кезінде он алты жасқа толмаған адамдарға, сондай-ақ жүкті әйелдер мен кәмелеттік жасқа толмаған балалары бар әйелдерге қолданылмайды.

- Бас бостандығынан айыру — сотталушыны колония — қонысқа жіберу, жалпы, қатаң, ерекше режімдегі түзеу колониясына немесе түрмеге отырғызу жолымен оқшаулаудан тұрады.Бас бостандығынан айыру кезінде сотталған адамның құқықтық жағдайына шек қойылады. Ол оған шек қоюдан көрінеді. Адам жүріп-түру еркіндігінен, еңбек қызметін тандаудан айырылады, өз уақытына билік етуі шектеледі. Бас бостандығынан айыру алты айдан он бес жылға дейін, ал ерекше ауыр қылмыстар үшін жиырма жылға дейінгі мерзімге не өмір бойына белгіленеді. Өлім жазасы — бұл қылмыстық жазаның ең қатаң және ерекше жазалау шарасы. Өлім жазасы қылмыстардың ең тар шеңберіне тағайындалатындығымен және сирек орындалатындығымен ерекшеленеді. Өлім жазасына кесілген әрбір адам кешірім жасауды өтінуге құқылы. Сотталушыға кешірім жасау туралы өтінішті Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Кешірім жасау мәселелері жөніндегі комиссия қарайды. Бүгінде көптеген мемлекеттер өлім жазасын алып тастауда, оны қолдануға мораторий жариялауда немесе іс жүзінде мүлде қолданбай келеді.

6. Экологиялык кукык бузушылык ушин жауапкершилик.Экологиялық құқықтың объектісі

Экологиялық құқығы - айналадағы табиғи ортаны қорғауға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейтін құқықтық ережелердің жиынтығын зерттейтін оқу пәні немесе ғылым саласы. Экологиялық құқықтың мәні - бұл экологиялық-құқықтық нормалардың қолданылу саласында қалыптасатын тарихи тұрғыда қазіргі және болашақтағы ұрпақтар мүдделері үшін қоршаған ортаны сақтап қалу мақсатында табиғи объектілерді сақтау, жақсарту, қалпына келтіру, тиімді пайдалану тұрғысында міндетті түрде мемлекеттің қатысуы жағдайында азаматтар мен ұйымдар арасындағы өндірістік қатынастармен байланысты болуы.

Экологиялық қатынастар дегеніміз - бұл объектісі табиғат пен оның құрамындағы элементтер болып табылатын қатынастарды айтамыз.

Экологиялық құқықтың объектілері дегеніміз - айналадағы табиғи ортаны құрайтын, адамның тіршілік қажеттіліктеріне жұмсалатын табиғи ресурстар мен адамдардың экологиялық денсаулығы мен өмірін айтамыз. Экологиялық қатынастар субъектілеріне мыналар жатады:

1. Қазақстан Республикасы, себебі біздің мемлекетіміз табиғат ресурстарының меншік иесі болып табылады.

2. Шетелдік мемлекеттер - Қазақстанның табиғат ресурстарын пайдалану мәселелері бойынша экологиялық қатынастардың субъектілері болып табылады, республикаға табиғи ортаға келтірген залалы үшін жауап береді (шекаралық су объектілері бойынша бірлесіп су пайдалануы және т.б.).

3. Заңды тұлғалар.

4. Жеке тұлғалар. Экологиялық құқықтың принциптері ҚР-ның Экологиялық Кодексінде былай делінген: қоршаған ортаны қорғау мен табиғатты ұтымды пайдалану мына принциптер негізінде жүзеге асырылады:

- адамның өмірі мен денсаулығын қорғаудың басымдығы, халықтың өмірі, еңбегі мен демалысы үшін қолайлы қоршаған ортаны сақтау және қалпына келтіру;

- ҚР-ның нарықтық қатынастар жағдайында тұрақты дамуға көшуі, адамдардың қазіргі және болашақ ұрпақтарының салауатты және қолайлы қоршаған ортаға деген қажеттіктерін қанағаттандыру мақсатында қоршаған ортаның әлеуметтік-экономикалық міндеттері мен проблемаларын теңдестіре отырып шешу;

- экологиялық жағдайы қолайсыз аймақтардағы экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету және бұзылған табиғи экологиялық жүйелерді қалпына келтіру;

- табиғат ресурстарын ұтымды пайдалану және молықтыру;

- биологиялық алуан түрлілікті және экологиялық, ғылыми және мәдени жағынан ерекше маңызы бар қоршаған орта объектілерін сақтауды қамтамасыз ету;

- қоршаған ортаны қорғау туралы заңдарды мемлекеттік реттеу мен мемлекеттік бақылау, оларды бұзғаны үшін жауапкершіліктің ымырасыздығы;

- қоршаған ортаға нұсқан келтіруге жол бермеу, қоршаған ортаға ықпал ету мүмкіндігін бағалау;

7. Мемлекеттин тарихи типтери (улгилери).Мемлекеттің тарихи түрлері - қоғамның тарихи дамуы кезеңіндегі барлық мемлекеттерге тән қасиеттерді білдіретін ұғым. Бұл жіктеудің алғышарты болған мемлекет жайлы марксистік ереже еді. Оған сәйкес, бір тарихи кезеңде өмір сүретін әртүрлі мемлекет түрлеріне ортақ мәнді белгілер бар. Осы көзқарасқа сүйеніп мемлекеттің

1.құлиеленушілік,

2.феодалдық және

3.буржуазиялық түрлері анықталған.

Құлиеленуші мемлекеттеүстемдік құрушы тап өзіне бағыныштылардың еңбегімен өндірілген бүкіл өнімді өзі иеленеді. Құлдар қандай да бір саяси, заңдық құқықтардан жұрдай. Оларды затқа ұқсатып сатуға, еш сұраусыз өлтіруге, азаптап қинауға болады. Мемлекет осы жағдайда ұзақ уақыт бойына тек құлиеленушілердің мүддесін қорғап келді. Феодалдық мемлекетте ірі жер иеленушілерінің, феодалдардың, помещиктердің шексіз билігі үстемдік құрды. Бұл мемлекетте бай тап шаруаларға жерді пайдалануға беріп, одан түскен пайданың бір бөлігін алып, еңбегін қанайды. Құлдардан айырмашылығы, феодалды мемлекетте шаруалар еңбек құралдары мен өз үйлеріне иелік етеді. Буржуазиялық мемлекет өндіріс дамуының индустриалды кезеңінде пайда болады. Мұнда ресми түрде заң алдына барлығының теңдігі жарияланады, сословиелік артықшылықтар жойылады. Ол азаматтарға жұмысшыларды жалдауға немесе жалдануға құқық береді.

8. Аткару органдарынын тусиниги жане кукыктык мартебеси.Атқарушы билік органдары билікті жүзеге асыруға қатысуға бағытталған саяси мекеме ретінде түсінуге болады.Кез келген мемлекеттік басқару органы атқарушы билік органы болып табылады, ал атқарушы билік органы үнемі мемлекеттік басқару органы болады.

Атқарушы билік органының ұғымы белгілі бір шамада «ұйым» деген ұғымнан туындайды, ол тар мағынада қандай да бір бірлескен қызметті жүзеге асыру үшін құрылатын және осы мақсат үшін аз дәрежеде болса да ресімделген адамдар ұжымының жекелеген бөлігін білдіреді. Мысалы, өндірістік ұжым – тар мағынадағы ұйым, ал өндірістің саласы – кең мағынадағы ұйым. Сонымен ұйым дегеніміз – белгілі бір қызметті атқаратын адамдардың ұжымы. Бұл – ұйымды белгілі бір құрылым ретінде түсіну.

 

9.Кылмыстын ( кылмыстык жазалау арекетинин) тусиниги мен белгилери.Қылмыс дегеніміз жаза мен қауіп төндіру арқылы тиым салынған қоғамға қатерлі жасалған әрекет не әрекетсіздік. Сонымен қылмыстың өзіне тән белгісі бар:

1. Қылмыс әрқашан іс – қимыл болып табылады, яғни, ол әрекетпен де, әрекетсіздікпен де жасалуы мүмкін.

Әрекет – бұл қылмыс жасаудың белсенді нысаны. Әрекетсіздікте кінәлі адам өзі жасай алатын әрекетті және жасалуы тиіс әрекетті жасамайды. Адамның ойлау қызметі жазаланбайды, өйткені ол қоғамға қауіпті теріс қылық жасауға алып келмейді.

2. Қылмыс – бұл қоғамға қауіпті әрекет, яғни ол қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді немесе зиян келтіруге нақты қауіп төндіреді.

3. Қылмыс - әрқашан құқыққа қайшы болады. Құқыққа қайшылық – бұл қылмыстық заңның әрекетке тыйым салуы. Құқыққа қайшылық деп қылмыстық кдексте бекітілген тыйымды қылмыс жасаған адамның бұзуын айтады.

4. Қылмыстың міндетті белгісінің бірі адамның кінәсінің болуы. Қасақана немесе абайсызда жасалған әрекет қылмыс болуы мүмкін.

5. Жазалану. Егер әрекет жазаланбайтын болса, онда ол қылмыс ретінде қарастырылмайды.

10.Кукыктын тусиниги мен негизги белгилери.Құқық – бұл қоғамдық қатынастарды реттеуге бағытталған, мемлекетпен орнықтыры-латын жəне қамтамасыз етілетін, жалпыға міндетті, формальды анықталған заң нормаларының жүйесі. Құқықтың белгілері:

1) еріктілік сипаты;

2) жалпыға міндеттілігі;

3) нормативтілігі;

4) мемлекетпен байланысы;

5) формальды анықталғандығы;

6) жүйелілігі.

11. Сайлау жуйесинин тусиниги жане турлери. Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі деп Конститутция мен сайлау туралы заңдарда көрсетілгендей республика Президентін, Мәжіліс пен Сенат депуттарын, ауылдық әкімдерді, төте немесе жанама сайлау тәртібін айтамыз. Сайлау жүйесінің екі түрі: тепе-тең және мажоритарлы.Тепе-тең сайлау жүйесі –сайлау барысында берілген дауыс пен жеңіп алынған мандат. Тепе-тең сайлау жүйесінің әрекет етуі үшін бірнеше аумақтық округтер және екіден кем емес қалыптасқан саяси партиялар болуы қажет. Мажоритарлы сайлау жүйесі – бірінші және екінші қайта дауыс беру кезінде, сайлаушылар тізіміне егізілген азаматтардың 50 пайыздан астамы сайлауға қатынасса сайлау өтті деп осы дауыстарды жинаған кандидат өтеді.

Сайлау құқығы қағидалары:

a. Жалпыға бірдей белсенді сайлау құқығы. (Қазақстанның 18 жасқа толған азаматтар сайлауға дауыс беруге қатысу құқығы бар.)

b. Тең сайлау құқығы. (Әр кандидаттың бір сайлау бюллетеніне тиісінше бір дауыс беруге құқығы бар.)

c. Төте сайлау құқығы.(Республика Президентін, депутаттарды азаматтар тікелей сайлай алады.)

d. Жанама сайлау құқығы.(Парламент Сенатының депутаттарын сайлауға таңдаушылар –мәслихаттардың депутаттары қатысады. )

e. Жасырын дауыс беру.(Әр сайлаушының еркін білдіруіне қандай да болсын бақылау жасау мүмкіндігіне жол берілмейді.)

f. Сайлау бостандығы.(Азаматтардың сайлау және сайлану құқығын еркін жүзеге асыра алады.)

Қазақстан Республикасының Президенті болып тумасынан республика азаматы болып, 40 жасқа толған , мемлекеттік тілді білетін еркін меңгерген әрі Қазақстанда соңғы 15 жыл тұратын республика азаматы сайлана алады.

Сенат депутаттарының өкілеттік мерзімі – алты жыл, Мәжіліс депутаттарының өкілеттік мерзімі - бес жыл.

Мәжілістің тоқсан сегіз депутатын жалпыға бірдей , тең және төте сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру арқылы жүзеге асырылады. Мәжілістің тоғыз депутатын Қазақстан халқы Ассемблеясы сайлайды. Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі.

Сенат депутаттарын жанама сайлау құқығы негізінде жасырын дауыс беру жолымен сайланады. Сайланған Сенат депутаттарының жартысы әрбір үш жыл сайын қайта сайланып отырады. Қазақстан Республикасының азаматтығында тұратын және оның аумағында соңғы он жылда тұрып жатқан адам Парламент депутаты бола алады. Жасы отызға толған жоғары білімі және кемінде бес жыл жұмыс стажы бар , тиісті облыстың , республикалық маңызы бар қаланың не Республика астанасының аумағында кемінде үш жыл тұрақты тұрып жатқан адам Сенат депутаты бола алады. Жасы 25-ке толған адам Мәжіліс депутаты бола алады.

12.Азаматтык кукыктын субъектиси жане онын турлери.Заң тілінде құқықтар мен міндеттердің иелерін құқық субъектілері деп атайды. Басқаша айтқанда, субъекті — азаматтық құқықтық қатынасқа қатысушы болып табылады. Субъектілер жеке тұлға және заңды тұлға болып екі топқа бөлінеді. Жеке тұлғаға Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар жатады.Азаматтардың құқық қабілеттілігі — бұл жеке тұлғаның азаматтық құқық пен міндетті иелену мүмкіндігі немесе қабілет құқығы. Құқыққабілеттілік барлық адамдарға беріледі. Азаматтық құқыққабілеттілік адам туылған кезден басталып, қайтыс болған кезде тоқтатылады.

Азаматтардың әрекетқабілеттілігі — азаматтардың өз ерекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға жане оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер атқарып, оларды орындауға жене өз әрекетін тұрғын салдар үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікке тартуға қабілеттілігі. Толық әрекетқабілеттілік 18 жасқа толғаннан бастап пайда болады. 14 жасқа дейінгі жасөспірімдер мен жан күйзелісімен ауыратын тұлғаларда азаматтық әрекет- қабілеттілік болмайды. Олардың атынан заңды өкілдері — ата-аналары, қорғаншылары мен қамқоршылары шығады.

Заңды тұлға — бұл белгілі бір әрекеттерді жасауға және азаматтық айналымға қатысуға құрылған адамдардың бірлестіктері.

Заңды тұлға деп шаруашылық жүргізу немесе жедел басқару құқығындағы оқшау мүлкі бар және сол мүлікке өз міндеттемелері бойынша жауап беретін, өз атынан мүліктік жене мүліктік емес жеке құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыра алатын, сотта талапкер және жауапкер бола алатын ұйымдар танылады.

Заңды тұлғаның құқыққабілеттілігі мен әрекетқабілетілігінің жеке тұлғалардікіне қарағанда өзгешелігі болады. Заңды тұлғалардың құқыққабілеттілігі мен әрекет- қабілеттілігі бір мезгілде, яғни заңды тұлға мемлекеттік тіркеуден өткеннен бастап пайда болады. Арнайы лицензия алып қызметпен айналысуды қажет ететін заңды тұлғалар болады. Оларға банктер, күзет агенттіктері, айырбас мекемелері және т. б. жатады.

Акционерлік қоғам - дегеніміз өзінің қызметін жүзеге асыру үшін қаражат тарту мақсатында акциалар шығаратын заңды тұлға болып табылады. Қоғам өз акционерлерінің мүлкінен оқшауланған мүлікті иеленеді және олардың міндеттемелері бойынша жауап бермейді. Қоғам өз міндеттемелері бойынша өзіне тиесілі барлық мүлікпен жауапты болады.

Акциалары тек өз құрылтайшылары немесе алдын ала белгінелген өзге дамдар тобы арасында орналастырылған акционерлік қоғам жабық акционерлік қоғам болып табылады. Жабық қоғамның өзі шығаратын акциаларға ашық түрде жазылу жүргізуге не оларды сатып алуға өзгеше түрде адамдардың шектеусіз тобына ұсынуға құқығы жоқ.

Акционерлерді өздеріне тиесілі акциаларды асқа акционерлердің келісімінсіз бөліп бере алатын қоғам ашық болып табылады. Ашық қоғам шығарған акциаларын жабық, жеке және ашық әдістермен орналастыруға құқылы. Ашық қоғам акционерлерінің саны шектелмейді.

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС) — белгілі бір шаруашылық қызмет жүргізу мақсатында бір немесе бірнеше адам құрған, жарғылық капиталы құрылтайқұжаттарымен белгіленген мөлшерде құрылтайшылардың үлесіне (салымдарына) бөлінген заңды тұлға. Қызмет мақсаты пайда алуды көздейді. Қатысушыларының саны жүзден аспауға тиіс.

Қосымша жауапкершілігі бар серіктестік

Қатысушылары серіктестік міндеттемелері бойынша өздерінің жарғылық капиталға салымдарымен жауап беретін, ал бұл сомалар жеткіліксіз болған жағдайда өздеріне тиесілі мүлікпен оған өздері еселенген мөлшерде енгізген салымдар арқылы жауап беретін серіктестік қосымша жауапкершілігі бар серіктестік деп танылады.

Азаматтардың бірлескен кәсіпкерлік қызмет үшін мүшелік негізде, олардың өз еңбегімен қатысуына және өндірістік кооператив мүшелерінің мүліктік жарналарын біріктіруіне негізделген ерікті бірлестігі өндірістік кооператив деп таңылады

13.Кукыктык катынастардын тусиниги мен турлери.құқықтық қатынастар деп құқықтық норма негізінде пайда болған, оған қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін білдіретін қоғамдық қатынастардың бір түрі. Құқықтық қатынастардың белгілері:

1.Құқықтық қатынастар құқықтық норма негізінде пайда болады;

2.Құқықтық қатынастарға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін болады;

3.Құқықтық қатынастар саналы ерікті сипатта болады.

4.Құқықтық қатынастар мемлекетпен кепілденеді және қажетті жағдайларда оның күштеу шараларымен қорғалады.

Құқықтық қатынастардың құрылымы үш элементтен тұрады:

1) Құқықтық қатынастың субъектісі;

2) Құқықтық қатынастың объектісі;

3) Құқықтық қатынастың мазмұны.

Жеке тұлға мен ұйым құқықтық қатынастың қатысушысы болуы үшін олардың құқық субъектілігі болуы керек. Құқық субъектілік бұл жеке тұлға мен ұйымның заңмен берілген құқықтар мен міндеттерге ие болуы және оларды жүзеге асыру мүмкіншілігі. Құқық субъектілік екіге бөлінеді құқық кабілеттілік және әрекет кабілеттілік. Егер құқық кабілеттілік жеке тұлға мен ұйымның заңмен берілген құқықтар мен міндеттерге ие болу мүмкіншілігі болса, онда әрекет кабілеттілік жеке тұлға мен ұйымның заңмен берілген құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру мүмкіншілігі.

Жеке тұлғада құқық кабілеттілік туғаннан пайда болады және ол қйтысболғанда жойылады. Ал әрекет қабілеттілік жеке тұлға белгілі бір жасқа толғанда пайда болады. Әрекет қабілеттілік үшке бөлінеді:

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.