Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Некоторые актуальные проблемы казахской экономической терминологии 9 страница



Тұрмай ма жанға жарасып! Жақсылықтың мейірі.

Баршаға керек жақсылық! Бір-біріне болып көз,

Жақсылық сүйер ханымыз, Кең болсын адам бейілі.

(Ө.Тұрманжанов)

 

8-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, ризашылық тақырыбында «Кісі болар баланың кісіменен ісі бар, кісі болмас баланың кісіменен несі бар» деген тақырыпта шығарма жазыңыз.

 

Ризашылық білдіру

 

Халық арасында ризашылық - алғыс, бата беру түрінде беріліп жатады. Біреудің көрсеткен еңбегіне, көмегіне, кішіпейілділігіне, азаматтығына алғыс білдіру -әдептілік, мәдениеттілік.Алғыс, баталар адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты беріліп отырған. Адамдар ризашылығын ерекше ілтипатпен, әдептілікпен білдіруге тырысқан. «Ризашылық-әдептің әліппесі»,-дейді А.Байтұрсынов.

«Алдын ойлаған азамат-елдің алғысын алар»-дейді халық даналығы.

 

9-тапсырма. Досыңызбен сұхбаттасыңыз, қазақ халқының әдет-ғұрып рәсімдерін еске түсіріңіздер.

-«Сіз» деген сөзді қазақтар кімге айтады?

-Жасы үлкен адамдармен әңгімені қандай сөзбен бастауға болады?

-Өзіңізден жасы кішілермен қалай сөйлесесіз?

-Ініңізді (қарындас, сіңіліңізді)еркелетіп көріңіз.

-Сынау, қанағаттанбау туралы не айтасың?

 

10-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыздар, бұлардың хаттамалық мәнде екеніне назар аударыңыздар.

Кеңеске қатысушылар өз ұсыныстарын.... .2.Күн тәртібіндегі мәселелер бірауыздан.... .3.Жиналыста доцент Г.Қ.Дәркенбаеваның есепті баяндамасы... .4.Мәжіліс төрағасының ұсынған жаңа бағдарламасын бекіту жөнінде... .5«Әйел және саясат» тақырыбына арналған Орталық Азия әйелдерінің үшінші халықаралық конференциясына АҚШ Президентінің зайыбы Хиллари Клинтон.... .

11-тапсырма. Студенттердің сессия қорытындысын талқылау жиынының хаттамасын жазыңыздар.

 

12-тапсырма. Қазақ тіліндегі баламасын жазыңыз.

Хаттама-

Мәжіліс, отырыс-

Тізім-

Күн тәртібі-

Баяндама-

Қысқаша жазба-

Есеп-
Міндет-

Мәселе-

Ұсыныс-

Бірауыздан-

Қаулы қабылдау-

Мақұлдау-

Бекіту-

Ұсыну-

 

13-тапсырма. Сөйлемдерді орыс тіліне аударыңыздар.

Жетіспеген құжаттар туралы хаттамаға кіргізу керек. Оқу бөлімі келер айдың сағат санын сұрапты.Біздің бөлімге жаңа оқу жоспары туралы мәлімет түскен жоқ. Қазіргі заманда жақсы жерге жұмысқа тұру үшін бітірген оқу орнынан кепілдеме хат болуы керек.

 

14-тапсырма. Сөйлемдерді аударыңыздар.

Информацию о ходе зимней сессии систематически помещать в стенгазете.На повестке студенческого собрания стоят актуальные вопросы.Учитывая слабую подготовку студентов по иностранному языку,комиссия рекомендует проводить дополнительные уроки.

 

15-тапсырма. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойыңыздар.

Біз сіздің шарттарыңызбен келіс.... келеді. Сізбен пікірлес... кел... Әңгімені бастықтың баста... кел... .Сіздің ұсынысыңызды жоғары бағалаймыз, бірақ кейбір мәселелерді талқыла... кел... .Не айт... кел...?

Сіздерге мына мәселе бойынша көмектес.. кел... тұр.Егер сіз қарсы болмасаңыз, менің бейсенбіде бар... кел... .

 

16-тапсырма.Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.

 

Бақыт Абыройлы

Қуаныш Өмірлі болуын тілеу

Денсаулық тілеу

Табыс

Абырой

17-тапсырма. Есте сақтаңыздар, жаттап алып, оқулықтың көмегінсіз жазып көріңіз.

Қарым-қатынасқа тірек сөздер, тіркестер;

-Танысуға рұқсат етіңіз.

-Өзімді таныстырайын.

-Сізге әріптесімді, досымды таныстыруға рұқсат етіңіз.

-Танысқаныма қуаныштымын.

--Мен де(қуаныштымын)

-Отырыңыз!

-Кешіріңіз!

-Рахмет.

-Сау болыңыз. Кездескенше.

-Кіруге рұқсат етіңіз.

18-тапсырма.Сөздікті жаттап алыңыз.

Басшы-глава

Жетекші-ведущий

Бірқатар-некоторый

Нақты-канкретный

Қорытындылау-заключить

Даму-развитие

Бағыт-направление

 

19-тапсырма.Мына мақал-мәтелдерді пайдаланып, әңгіме құраңдар.

 

Жақсы даудан жаман бітім артық.(Худой мир лучше доброй ссоры)

Нар тәуекел- ер ісі.(Риск-благородное дело)

Ақша ақшадан құралады.(Деньги к деньгам идут)

Бейқамдық бәлеге жолықтырар.(Беспечность приводит к беде)

Уәде-жанның азығы.(Уговор дороже денег)

Қарыздан құтылу-қайғыдан құтылу.(Кто заплатил долги, у того гора с плеч)

Білім алуға жұмсалған ақша—сақталған ақша.(Усилия, истраченные на образование, никагда не пропадут).

 

Тест сұрақтары

1. «Хаттамаға» кім қол қояды?

А .Төраға

Б.Төраға және хатшы
В.Хатшы

С.Баяндамашы

Д.Бастық

2.Бейвервальды тілдік қатынас қалай аталады?

А. Сөз этикеті
Б. Дұрыс сөйлеу

В.Мәдениетті сөйлеу

С.Дөрекі сөйлеу

Д.Тілдесу

3.Этикеттік қолданыстың қызметін ата?
А.Тұрақтылықты

Б.Әдептілікті

В.Қуанышты білдіреді

С.Жалпыға ортақ тіл қатынасы

Д.Мәдениеттілік

4.Жиналыстарда, кеңестерде, мәжілістерде қолданылатын құжат түрі

А.Көшірме

Б.Сенімхат

В.Хаттама

С.Өтініш

Д.Арыз

5. «Күн тәртібі» қай құжатқа тән?

А.Кепілхат

Б.Сенімхат

В.Қолхат

С.Өмірбаян

Д.Хаттама

6.« Қаулы қабылданды» тіркесі қай құжатқа тән?

А.Арыз

Б.Акт

В.Хаттама

С.Өтініш

Д.Өмірбаян

7. «Ұсыну»қалай аударылады?

А .Одобрить

Б.Утвердить

В.Предлагать

С.Выступать

Д.Слушать

8 . «Мәжіліс, отырыс»-қалай аударылады?

А.Задача

Б.Отчет

В.Заседание

С.Прилагать

Д.Список

9. «Тұжырымдама» қалай аударылады?

А.Заключение

Б.Гарантия

В.Ведущий

С.Условие

Д.Возможности

10 . «Кешірім сұраудың» түрін көрсет.

А.Шын ықыласпен

Б.Қуаныштымын

В.Айып етпеңіз

С.Армысыздар

Д.Қайырлы таң

11.Мақалдың мағынасын анықтаңыз.

Келінім саған айтам, қызым сен тыңда.

А. Білім туралы

Б.Ақыл-парасат туралы

В. Тәлім-тәрбие туралы

С.Үлкенді құрметтеу туралы

Д.Ынтымақ, бірлік туралы

12. «Салу» сөзі қай сөзбен тіркескенде тұрақты тіркеске айналады?

А.Қалам

Б.Би

В.Тас

С.Көйлек

Д.Сөз

13.Мақалдың екінші бөлімін табыңыз.

А.Еңбек-ырыстың бұлағы

Б. Еңбек-бақыттың шырағы

В.Білім –өмір шырағы

С.Жер-ырыстың кіндігі

Д.Ел-ердің тұрағы

14. «Қорқу» мәніндегі фразеологизмді табыңыз.

А. Салы суға кетті

Б. Санын соғып қалу

В.Аузына құм құйылу

С.Төбе шашы тік тұру

Д.Мұзға отырғызып кету

15.Қай тұрақты тіркес «шебер» деген мағынаны береді?

А. Тонның ішкі бауындай

Б. Ала жіпті аттамау

В. Он саусағынан бал тамған

С.Қара қылды қақ жарды

Д.Мұрнынан шаншылу

16. Қай тіркес «ұялу» мағынасын береді ?

А. Мұрнын шүйіру

Б.Табанын жалтырату

В.Кірерге жер таппау

С.Артына кір келтіру

Д.Жүрегі шайылу

17.»Тамырына балта шабу» тұрақты тіркесіне синонимді табыңыз.

А.Жою

Б.От жағу

В. Ұсталық

С.Жылыну

Д. Алдау

18.»Айнымаған» сөзі қай тұрақты тіркеспен сәйкес келеді?

А. Аузына шайнап салған

Б.Аузынан түсіп қалғандай

В.Жер түбінен жеті қоян тапқандай

С.Ит терісін басына қаптау

Д.Қой терісін жамылу

19.Синонимдік қатарды табыңыз.

А.Еңбекақы, жалақы, айлық

Б.Жұмыс, іскер, шаруа

В.Дүние, әлем, жер

С.Парақ, кітап, бет

Д.Көмек, керек, жәрдем

20.Көп мағыналы сөзді табыңыз.

А. Қарт

Б.Бас

В.Жауыз

С.Дала

Д.Қалта

СОӨЖ тапсырмалары

1. Сыпайылық білдіру функциясына қатысты этикеттік оралымдарға 15-16 мысал тауып жазыңыз.

2. Болашақ мамандығыңыздың этикасы туралы не айтар едіңіз?

3. Мадақтау, сынау, қанағаттанбау, құттықтау, ризашылық білдіру әдебі

туралы жаз.

 

СӨЖ тапсырмалары

1. Этикеттік қолданыстың сезім, күйді білдіру қызметіне қатысты мысалы,

а )тапсырылған жұмысты орындай алмадыңыз (кешірім сұрау формалары )

2. Директорлар Кеңесінің мәжілісінде. 10 жылдан кейін қандай болғым келеді? Тақырыбында эссе жазыңыз.

 

Бақылау сұрақтары

1. Мәдени мінез - құлық ережелері

2. Сөз этикеті деген не?

3. Қазақтың сыпайылығын , мінез-құлықтарын басқа ұлтпен салыстыру

арқылы түсіндіре аласыз ба?\

Глоссарий

Хаттама-жиналыстар,кеңестер мен мәжілістердің өту барысы туралы жазылатын іс қағаздарының түрі.

Мырза,ханым-ресми қарым –қатынаста қолданылады.

Қия өтпеу-сыйлау мағынасында айтылады.

Бәйек болу-сый көрсету , қошемет,құрмет көрсету.

 

Негізгі әдебиеттер

1. Іскерлік қазақ тілі. М.Атабаева,Р.Ибраева.Алматы,2000.

2. Сөз этикеті.З.Қобыланова.Алматы,2000.

3. Кәсіби экономика тілі. Н Ж Бекеева.Қ.И.Бектурғанова.Алматы,2003.

Ф.ғ.к. доцент Г. С. Шөмшекова

10-тақырып. Іскерлік кездесулер.

Бейвервальдық тілдік қатынас құралдары.

 

Тірек сөздер:іскерлік байланыс, шартқа отыру, кездесу, ұсыныс, талап, жақсарту, орнату, дөрекі, бағыт, шайқап, байқап, тәжірибе, алмасу, шарт, қарағым, ізеттілік, қажеттілік, инабат, адамгершілік, қасиет, қалыптасқан, көңіл, туыстық, жақындық, ілтипат.

 

Сөз этикеті

Адамдардың өзара қарым-қатынасына қатысты орныққан әдеп ережелерінің жиынтығы ғылымда этикет деген арнайы терминмен айтыла бастағанына аса көп уақыт өткен жоқ. Осы әдеп ережелері жиынтығының бейверальды жағы деген арнайы атпен ерекшеленіп атала бастады. Қазіргі кезде жұртшылық арасында этикет дегенді қонақ күту, сыпайы сөйлесу, театрда болу деп білетін стеоретип түсінік пайда болған. Шындығында, этикет тек қана осы аталған іс- әрекеттерді жүзеге асырудың ережесі емес, адамдар арасындағы алуан түрлі қарым-қатынастың нормасы. Әдеп – тәртіп деген сөз. Әдеп сақтаудың әлеуметтік мәні зор. Әдептілікті бұзған адамға кез – келген қоғам мүшесі (жасына , нәсіліне қарамай ) өз пікірін айтып , өз ұсыныстарын білдіруге ерікті, өйткені әдеп сақтау – әлеуметтік дәстүр.

Оны бұзу – үлкен айып, зор күнә. Әдеп сақтау – әдептілік, яғни мінез-құлық пен адамгершілік қарым- қатынастың қалыптасқан халықтық ережесін мүлтіксіз орындау. Әдептілік бұзылса, халықтық дәстүр де бұзылады, ұлттық намысқа нұқсан келеді. Әдеп сақтау ұлттық тәртіпке, ережеге амалсыз бағыну емес, қайта сол заңдылықты құрметтеу, қастерлеу, адамгершілікті борышты өтеу.

«Әдептілік – әдемілік» дейді халық. Қазақта «Қоянды қамыс өлтіреді , ерді намыс өлтіреді» деген мақал бар. Намыстық сезім адамның арын қалыптастырады. Ұяттан намыс, намыстан ар пайда болады. Халқымыз; «Малым – жаным садағасы , жаным – арым садағасы » деп, арды жаннан да биік қояды. Ар – адамгершілік пен адамдық құлықтың аса маңызды негізі. Арды сақтау – адамдықты сақтау . Арды бұзу – қылмыс. Адамның адамдығы ардан, еңбектен көрінеді.

Сөйтіп, қоғамның ұжымның, жеке адамдардың рухани ахуалынан сау-саламат болуына, сөз жоқ, септігін тигізіп отырады. Жаңадан тәуелсіздігін алып, егемен ел болып жатқан осы бір кезеңде республика жұртшылығының рухани ахуалының сау болуы, қоғам мүшелері арасындағы қарым-қатынастың оң бағытта болуы осы бейверальды тіл нормасының дұрыс қалыптасуынан екені сөзсіз.

 

Мәтін бойынша сұрақтар:

1. Әдеп ережелерінің жиынтығы қалай аталады?

2. Айтуға ұят, мазмұны нашар, дөрекі сөздермен сөйлейтін адамдар кімдер ?

3. Үлкен кісілердің Мәке,Сәке, Жәке деген қысқартуларды қолдануы неліктен деп ойлайсыз?

 

1-тапсырма.Сөйлемді тексеріп, дұрыс жазыңыз.

Мен іскерлік сапарға барады
Мен әуежайға билетке барасыз
Сен іскерлік сапарға барасың

 

Сіз ақша айырбастауға барасыз
Ол құжаттарын рәсімдеуге бармақ
Біз Астанаға барамыз

 

2-тапсырма . СҰХБАТ.

-Жолыңыз болсын.Сіз қайда бара жатырсыз?

-Мен іскерлік сапармен Қытайға бармақпын. Өзіңіз ше?
-Мен қызмет бабымен Түркияға кетіп барамын.

-Түркияда әріптестеріңіз күтіп ала ма?

-Иә, біздің фирмамен байланыс жасайтын фирманың өкілдері күтіп алады.

-Іскерлік сапарыңыздың негізгі мақсаты қандай?

-Іскерлік сапардың негізгі мақсаты-білім беру саласында тәжірибе алмасу.

 

3-тапсырма. Диалог құраңыздар.

-Сәлеметсіз бе?

-Сәлеметсіз бе!

-Менің фамилиям Бектасов.Мен «Адал» фирмасының өкілімін.

-Өте жақсы. Мен осы кәсіпорынның мүдірімін.

-Қандай шаруамен келдіңіз?

-Біз сіздермен іскерлік байланыс орнатқымыз келеді, себебі сіздердің өнімдеріңіз бізге ұнайды. Олар өте сапалы және таза.

-Сіздерге біздің өнімнің қай түрі қажет?

-Әсіресе, ауылшаруашылығы өнімдерінен жасалған азық-түліктер.

-Өте жақсы. Біз сіздермен ынтымақтастық қарым-қатынас жасауға

қарсы емеспіз.

-Егер мүмкіндігіңіз болса, келесі айдан бастап, шартқа отырсақ.

-Келістік.

4-тапсырма. Сөздіктерді пайдаланып,мына сөздердің аудармасын жазыңыз.

 

Срок

командировки-
Интересовать-

Проводить переговоры-

Перевод-
Верить-
Доверять-

Удостоверять-

Получать-

Поставить-

Печать-

Обещания-

 

5-тапсырма. Көп нүктенің орнына керекті жалғауды қойыңыздар.

 

1. Ол Түркия ... тәжірибе алмасу ... барады. 2.Сәкен белгілі Қытай фирмасы... іскерлік сапармен бармақ. 3. Сіз іскерлік сапар... арналған құжаттарды алдыңыз ба? 4.Фирма бастығын әуежай... кім апарады?

 

6-тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыз. Мәтінге жоспар құрыңыз.

Іскерлік кездесуде

Қыркүйектің 13-і күні Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Ортаазбат-2012» әскери жаттығуларына арнайы келген АҚШ генералын, штаб бастықтары біріккен комитетінің төрағасын Генри Шелтонды қабылдады. Қабылдауда Г. Шелтон өзін Қазақстанға шақырып «Ортаазбат » әскери жаттығуларына қатысуға мүмкіндік берген Елбасына алғысын айтты.Содан кейін Президент пен Генерал Қазақстан армиясында жүргізіліп жатқан реформа барысын ,Қазақстан мен АҚШ-тың әскери салдағы ынтымақтастық мәселелерін қарады.Сұхбаттастар екі жақты әскери қарым-қатынас аймақтың қауіпсіздігіне жақсы әсер етеді деген пікірге келді.

 

7-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіздер.

 

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев кімді қабылдады? Бұл кездесуде қандай мәселелер қаралды? Бұл кездесулер аймақтық қауіпсіздікке қалай әсер етеді? Бұл жаттығуларға неше мемлекет қаттысты?Осы жаттығулар нені күшейтуге жағдай туғызады?

8-тапсырма. Қазақ тіліне аударыңыздар.

1. Целью поездки явились улучшение взаимопонимания между государствами. 2. Какие проблемы будут обсуждаться во время этой встречи? 3.Вчера в Астану прибыл с официальным визитом премьер-министр Республики Белорусь Владимир Ермашин.4.В Астане состоялось первое заседание Казахстано-испанской комиссии по сотрудничеству в области культуры и образования. 5. 6 октября 2012 г. состоялся телефонный переговор между Президентом Республики Казахстан Н.А. Назарбаевым и генеральным секретарем НАТО Дж. Робертсоном. 6. Также обсудили итоги совместных учений «Центразбат» -2012

 

9-тапсырма. Төмендегі сөйлемдерді аударыңыздар.

 

1. Кешіріңіз, бүгін мен сізбен кездесе алмаймын. Кешіріңіз, бұл уақыт мен үшін ыңғайлы емес. Бұл уақыт мен үшін ыңғайлы.

2. Мен сізді сағат 5-те күтемін.Сейсенбіде түстен кейін кездесейік.

3. Біз сіздің шартыңызбен келіскім келеді.Менің сізбен сауда саласында сөйлескім келеді.Шығарған өнімдердің сапалылығына олар кепілдік бере алады.

 

10-тапсырма. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерінен сөйлем құраңыздар.

Іскерлік байланыс, шартқа отыру, кездесу, қарым-қатынас жүргізу, талап қою, мақсат, сапар шегу.

 

11-тапсырма. Төмендегі сөз тіркестерін пайдалана отырып, екеуара

әңгімелесіңіздер.

 

Шетел фирмаларымен байланыс, жеткізу шарты қолайлы, ортақ көзқарас, сату және сатып алу, бағасына келісу, сұраныс, тауарды көрсету, кепілдеме беру, бүкіл әлемдік стандартқа сай. Мәжіліске тоғыз мемлекет қатысып отыр. Осы жаттығуларға қатысушы әскери құрылымдардың өзара байланысын күшейтуге жағдай туғызып отыр.

 

12-тапсырма. Адамгершілікке жат қылық, жауыздық пен зұлымдық

туралы сөздерді тауып, мағынасын түсіндіріңіздер.

 

Тасборан

 

Тасборан (заң жолы, ғұрып). «Тәңірге тіл тигізген адам егер мұны жеті куә растаса, тас лақтырылып өлтіріледі»/Әз Тәуке ханның «Жеті Жарғы»-заңынан/. Бір адам ел-жұртына сатқындық жасаса немесеәйелі еріне опасыздық жасаса, немесе ел-жұрт естімеген, көрмегенқылмыс жасаса, айуандықпен жазықсыз адам өлтірсе т. б. өте ауыр қылмыстары үшін ол «тасборан» арқылы өлім жазасына кесіледі. Яғни өлімге бұйырылушының аяқ-қолын байлап жұрт алдына әкеліп, оған қатысқан барлық адам қолына бір-бір тас алып, қылмыскерді сол таспен ұрып өлтіреді. Мысалы Құнанбай Қодар мен Қамқаны өлтіргенде осы «тасборан» заңын қолданған.

 

13-тапсырма. Берілген сөздерді еске сақтап, жаттап алыңыздар.

Келіссөз-переговоры

Келіссөз жүргізу-проводить переговоры

Дамыту-развивать

Жақсарту-улучшать

Ұлғайту-увеличить

Жеткізуді қаржыландыру-финансировать поставки

Кепілдік беру- дать гарантию

 

14-жаттығу. Мақал-мәтелдерді аударып, жаттап алыңыздар.

 

1. Если одно дерево срубил,

Посади десять взамен.

2. Кто работает, тот и сыт.

3. Воспитание ребенка-его счастье, невоспитанность-его же несчастье.

4. Кто айран выпил-спасся, а кто ведро лизал –попался.

 

15-жаттығу. Мына сөздерден дұрыс сөйлем құраңыздар.

 

А) Үшін, біз, қажет, ұрпақ, еңбек, етуіміз.

Б) Қазақстанда, дұрыс, саясаты, жекешелендіру, жүргізілді.

В) Отандық, жақсы, дамиды, болашақта, тауар.

Г) Базарда, тауарлар, қымбат, шетелдік, тұрады.

 

16-жаттығу. Кездесу уақытын белгілеу үшін қажет сөздерді естеріңізге сақтаңыздар.

 

1.Таңертең сағат 9-да 2. ертең

Түскі 1-де келесі жетіде

Түстен кейін сағат 4-те келер айда

Кешкі сағат 8-де келер жылы

1. Екі күннен кейін 4. дүйсенбіде

Бір айдан соң демалыста

Бір жылдан кейін қыста

Екі аптадан соң жазғы демалыста

 

2. Сіз маған көңіл уақыт бөле аласыз ба?

бөле аласыз ба?

Менімен

Бастықпен сөйлесуге уақытыңыз бар ма?

Банк өкілімен

 

 

Бұл келісім

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.