Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Некоторые актуальные проблемы казахской экономической терминологии 8 страница



ІІ. Төмендегі суреттерден қай халықтың өкілдері екенін тауып, жұптастырыңыз.

                                       
       
 
   
     
 
 
       




ІІІ. Суреттегі кейіпкерлер туралы не айта аласыз? Берілген адам есімдерін суреттермен сәйкестендіріп,интернет көздері арқылы кеңейтілген ақпарат беріңіз.


А) Бернард Арно

ә) Джеральд Кавендиш Гросвенор

Б) Амансио Ортега

в) Квоктар отбасы

г) Соичиро Хонда

ғ) Принц Альвалид бен Талаль

д) Нассеф Савирис

е) Уоррен Баффет

ж) Людвиг Браун

з) Мишель Ферреро


ІҮ. Қазақстандық бизнесмендер несімен ерекшелене алады? Сипаттап, жазыңыз.

Жағдаяттық тапсырма!

Сізге шетелден делегация келді. Оларға қазақтың қонақжайлығын танытып, көшпенділер мәдениетін бейнелейтін қандай да бір сый жасауыңыз керексіз. Төмендегі сыйлардың қайсысын ұсынар едіңіз? Немесе өзіңіздің ұсынысыңыз бар ма? Қандай тілекпен бересіз? Сөзіңізді жазыңыз.

 

 

 

Глоссарий

Елші– сыртқы қатынас органдарының дипломатиялық қызметкерлеріне берілетін жоғары дипломатиялық дәрежесі.

Төтенше елшілік – мемлекеттің тәуелсіздігін, ұлттық мерекені, мемлекет басшысы өз қызметіне кірісуін (коронациялар) жариялау салдарына қатысты салтанаттарға және мейрамдарға қатысу үшін, мемлекет басшысы және басқа ресми тұлғаларды жерлеуге қатысу үшін өзге мемлекетке бағытталатын мемлекеттің делегациясы.

Елшілік – бір мемлекеттің екінші мемлекеттегі елші басқаратын өкілдігі. Елшілікті төтенше және толық құқықты елші басқарады.

Толеранттылық – жеке адамдардың, топтардың арасындағы нәсілдік және басқа да айырмашылықтардың заңдылығын мойындау, басқалар бойындағы ұқсассыздықтарға төзіммен қарау.

Сенім грамотасы – тұлғаның басқа елге дипломатиялық өкіл болып тағайындалғандығын куәландыратын құжат, тағайындалған елдің мемлекет басшысына тапсырылады. Елшілер мен уәкілдерге берілетін сенім грамотасы бір мемлекет басшысынан екінші мемлекет басшысына арналып жазылып, мөрімен және қолымен куәландырылады.

Эгалитаризм – тең басқаруға, материалдық игіліктерге тең иелік етуге негізделіп, қоғамның барлық мүшелеріне тең мүмкіншілік беруді ұстанатын қоғамдық-саяси теория. Мүмкіншіліктермен қатар нәтиженің де теңдігін уағыздайтын қағидасы бар. Бұл жағдайда кірісті, қажеттіліктер мен қабілеттерді, үлесті және сыйды тең бөлу мәселелері ерекше маңызға ие болады.

 

Элитаризм – қоғамды ақсүйектерге (элита) және тобырға (масса) бөлу қажеттілігін ұстанатын тұжырым. Бұл тұжырым бойынша қоғамда мұндай жіктелістің болмауы, оның дамымағандығының белгісі. Элитаризм ақсүйектерге арналған, ерекше консервативті көзқарас.

Тест сұрақтары

1. Синоним сөздерді табыңыз:

А. Шарт, декларация, демаркация

В. Келісімшарт, конвенция, пакт

С. Келісім, делимитация, коалиция

Д. Оптация, лицензия, нотификация

Е. Конвенция, декларация, устав

2. «Уағдаластықтан» сөзі қай септікте тұр?

А. Барыс

В. Жатыс

С. Шығыс

Д. Көмектес

Е. Табыс

3. «Қытай Халық Республикасының Төтенше және Өкілетті Елшісі Чжан Сиюнь сенім грамотасын табыс етті» сөйлемі қай шақта тұр?

А. Осы шақ

В. Өткен шақ

С. Нақ осы шақ

Д. Келер шақ

Е. Бұрынғы өткен шақ

4. «Төтенше» сөзінің аудармасы:

А. Уполономоченный

В. Компетентный

С. Черезвыйчайный

Д. Чрезвыйчайный

Е. Правительственный

5. Бір мемлекеттің екінші мемлекеттегі елші басқаратын өкілдігі:

А. Елші

В. Елшілік

С. Өкілдік

Д. Ведомство

Е. Өкіл

6. Сыртқы қатынас органдарының дипломатиялық қызметкерлеріне берілетін жоғары дипломатиялық дәрежесі:

А. Елші

В. Өкіл

С. Министр

Д. Уәкіл

Е. Кеңесші

7. Жеке адамдардың, топтардың арасындағы нәсілдік және басқа да айырмашылықтардың заңдылығын мойындау, басқалар бойындағы ұқсассыздықтарға төзіммен қарау:

А. Толеранттылық

В. Көпкіндіктілік

С. Көпвекторлық

Д. Консенсус

Е. Эгитарлық

8. Тұлғаның басқа елге дипломатиялық өкіл болып тағайындалғандығын куәландыратын құжат:

А. Дипломатиялық нота

В. Дипломатиялық хат

С. Сенім грамотасы

Д. Кері шақыру грамотасы

Е. Дипломатиялық бұйрық

9. Эгалитаризмге қарама-қарсы:

А. Эгоизм

В. Эвальвация

С. Эмиссия

Д. Элитаризм

Е. Импрессионизм

10. Халықаралық құқықтағы дипломатиялық хат алмасу құжатының түрі.

А. Дипломатиялық нота

В. Дипломатиялық хат

С. Сенім грамотасы

Д. Кері шақыру грамотасы

Е. Шағым хат

11. «Жаһандық» сөзімен тіркеспейтін сөз:

А. Тетік

В. Түйін

С. Кесел

Д. Кесім

Е. Шешім

12. «Халықаралық» сөзімен тікеспейтін сөз:

А. Арена

В. Сахна

С. Сана

Д. Сапа

Е. Деңгей

13. «Многополярность» сөзінің аудармасы:

А. Көпкіндіктілік

В. Көпвекторлық

С. Көптілділік

Д. Көпұлттылық

Е. Көпбелдеулік

14. «Жоғары мәртебелі» сөзі қай стильде қолданылады?

А. Заң тілінде

В. Құжат тілінде

С. Дипломатиялық стильде

Д. Ресми стильде

Е. Публицистикалық стильде

15. «Қалтқысыз» сену сөзінің мағынасы:

А. Толық сенбеу

В. Толық сену

С. Сену

Д. Күмәндану

Е. Шүбәлану

14. «Бір жерге жиналды, мәжіліс құрып, кеңесті» мағынасындағы фразеологизм:

А. Бас салды

В. Бас тартты

С. Бас қосты

Д. Бас қатырды

Е. Басын айналдырды

15. «Қарқынын басты, алған бетінен тайдырды; жолына тосқауыл болды; жігерін құм қылды; қолын қақты, меселін қайтарды» мағынасындағы фразеологизм:

А. Бетіне басты

В. Бетінен алды

С. Бет алды

Д. Бетін қайтарды

Е. Бетімен кетті

16. «Көптің енші-үлесіне айналдырды» мағынасындағы фразеологизм:

А. Ортаға салды

В. Ортада қалды

С. Ортадан қосылды

Д. Ортаға қосты

Е. Ортаға тартты

17. «Ап-айқын, даусыз, ешкімнің таласы жоқ» мағынасындағы фразеологизм:

А. Басы жабық

В. Басы артық

С. Басы ашық

Д. Басы бос

Е. Басы анық

18. «Сан жолдың түйіскен, көп жолдың ұласып, тоғысқан жері» мағынасындағы фразеологизм:

А. Тоғыз жолдың торабы

В. Тоқсан жолдың торабы

С. Сан алуан жол

Д. Тоғыз қабат жер

Е. Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні

19. Белгілі бір мүдделерді қорғауға бағышталған, ел басқарудағы ішкі және сыртқы қарым-қатынастардың әрекеті, ұстаған бағыты

А. Қатынас

В. Байланыс

С. Саясат

Д. Экономика

Е. Ықпалдастық

20. «Жоғары Мәртебелі, оны ізгі ниетпен қабылдауыңызды, бұл кісінің менің атымнан және Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан Сізге баяндағандарының бәріне қалтқысыз сенуіңізді өтінемін» - қандай құжаттан алынған?

А. Құттықтау нотасы

В. Сенім грамотасы

С. Сенім хат

Д. Дипломатиялық протокол

Е. Шақыру хаты

Бақылау сұрақтары

1. Дипломатиялық стиль қандай ортада және қандай мақсатта қолданылады?

2. Дипломатиялық протокол дегеніміз не?

3. Дипломатиялық нота дегеніміз не?

4. Сенім грамотасы қандай жағдайда кіммен беріледі?

5. Дипломатиялық стильде қандай тілдік құралдар жиі қолданылады?

6. Дипломатиялық стильде белсенді қолданылатын 10 сөз айтыңыз.

СОӨЖ тапсырмасы

Мәтінді түсініп оқыңыз, дипломатиялық қарым-қатынаста қолданылатын сөздер мен құжат тілінде қолданылатын сөздерді екі айырып жазыңыз. Сөздікті пайдалана отырып, мағынасын түсіндіріңіз.

Үлгі:

Дипломатиялық стиль Құжат тілі
   
Мемлекетаралық келісім Иран Ислам Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастық туралы КЕЛІСІМ Иран Ислам Республикасының Үкіметі мен Қазақстан Республикасының Үкіметі, бұдан былай Екі жақ деп аталады, өзара сыйластық негізіндегі достық қатынастарды дамытуға ұмтылушылықты ескере келіп, теңдік пен өзара тиімділік негізінде сауда-экономикалық ынтымақтастықты ұлғайтуды көздей отырып, төмендегілерге келісті: 1-бап Екі жақ елдің әрқайсысында қолданылып жүрген заңдар мен ережелердің шеңберінде екі ел арасындағы ұзақ мерзімді және тұрақты сауда-экономикалық қатынастарды дамыту үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды және осы мақсатпен тиісті қолайлы жағдайлар жасайды. 2-бап Екі жақ екі елдің тиісті органдары тауарларды сырттан әкелуге және сыртқа шығаруға лицензиялар берілуін және кедендік баж салығы үшін елдегі тауарлар үшін белгіленгендегіденжоғары болмауын қамтамасыз етуге келісті. 3-бап Екі жақ сауда және экономиканың түрлі саласындағы ынтымақтастығы үшін өздерінің кәсіпорындарын, фирмалары мен ұйымдарын ынталандырып отыруға келісті. 4-бап Осы Келісімнің шеңберінде өзара тауар жеткізу мен қызмет көрсету әрбір елдің қалыптасқан заңдары мен ережелеріне сай екі елдің жеке адамдары мен құқықты жақтардың арасында жасасқан шарттардың негізінде жүзеге асырылатын болады. 5-бап Екі жақ өзара тауар жеткізу және қызмет көрсету дүниежүзілік баға мен халықаралық сапа стандартына сәйкес жүзеге асырылатындығына келісті.

Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Келісім не туралы?

2. Мемлекетаралық келісімнің әдеттегі келісімнен айырмашылығы неде?

3. Келісімнің мақсаты не?

4. Екі жақ қандай келісімдерге келді?

СӨЖ тапсырмасы

1.http://portal.mfa.kz/portal/page/portal/mfa/ru/content/press/priodicals сайтынан «Дипломатия жаршысы» журналынан дипломатиялық мәтін үзіндісін орысшадан қазақшаға аударып, жазылуын, мазмұнын талдаңыз.

2. «Халықаралық ұйымдар және Қазақстанның ЕҚЫҰ-ға төрағалығы» тақырыбында баспасөз материалдарымен жұмыс істеңіз. Онда қандай халықаралық мәселелер көтерілгенін, өту барысын зерттеп, келесі сұрақтардың дұрыс жауабын табыңыз.

1. Еуропа Қауіпсіздігі және Ынтымақтастығы Кеңесінің ресми құрылған кезі қай кез? А. 1977

В. 1975.

С.1973

Д. 1974

2. ЕҚЫҰ қандай бағытта жұмыс атқармайды?

А. Қауіпсіздік

В. Ынтымақтастық

С. Адам құқығы

Д. Еңбек бөлінісі

3. Еуропада болуы мүмкін дағдарыстың, жанжалдардың алдын алу, болдырмау, болып жатқан жанжалдарды реттеу, осы ұйымға мүше елдердің қарулануын бақылау, сенім мен қауіпсіздік шаралары, адам құқықтары, экономикалық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сайлауға бақылау жасау, басқа да демократиялық процестерді дамыту ЕҚЫҰ-ның –

А.Мақсаты.

В. Қызметі

С.Жетістігі

Д.Жұмыс нәтижесі

4. Қазақстан ЕҚЫҰ-ға қашан мүше болды?

А.1993

В.1994

С.1992

Д. 1996

5. ЕҚЫҰ-ның ҮІІ Саммиті қашан қай жерде өтті?

А.2010, 1-2 желтоқсан. Астанада.

В. 2010, 1-2 желтоқсан. Алматыда.

С. 2011, 1-2 желтоқсан. Румынияда.

Д. 2009, 1-2 желтоқсан, Венада

6.Келесі сөздердің толық атауы мен қызметін жазыңыз.

БҰҰ, ИКҰ, ЕК, ЕО, ТМД, ЕуразЭҚ, ҰҚШҰ, ШЫҰ.

 

Қолданылған әдебиеттер

1. С.Бөрібаева. Қазақ тілінде дипломатиялық және мемлекеттік құжаттарды рәсімдеу. Оқу құралы. А: «Қазақ университеті», 2011. 321б.

2. Л.Дүйсембекова. Қазақ тілі: іс қағаздарын жүргізу. Оқу құралы. А: «Мемлекеттік тілді дамыту институты» ЖШС, 2011. -400б.

3. Іскер адамның орысша-қазақша экономикалық түсіндірме сөздігі. А: Мұраттас, 2005.-795б.

4. Фразеологиялық сөздік. А: Арыс, 2007. 800б.

5. http://portal.mfa.kz/portal/page/portal/mfa/ru/content/press/priodicals.

 

 

Ф.ғ.к. доцент Г. С. Шөмшекова

9-сабақ. Директорлар Кеңесінің мәжілісінде. Жиналыс, мәжіліс отырыс өткізуге байланысты құжаттар. Құттықтау, мадақтау, сынау, қанағаттанбау, ризашылық білдіру әдебі.

 

Тірек сөздер:мәдениет, сыпайылық, міндетті, уәде, сыйлы, ұстаным, тәрбиелі, қабілетті, талапты, ереже, талғам, көрсеткіш, тіл, сыпайылық, мәдениет, шебер, халық, байлық,сөйлеу,өнер, құнарлы, эстетикалық, эмоциялық, жетілдіру, ар, намыс, қылмыс, күнә, шырайлы, ізеттілік, инабаттылық, тәлім, қажеттілік, кешіру, қалыптасу, жақындық.

 

1-тапсырма.Хаттаманың жазылуын еске сақтаңыздар.

Хаттама

Басқарушылық шешімдерді қабылдау процесі және шешімдер хаттама арқылы құжатталады. Хаттаманы іс қағаздарын жүргізуге жауапты адам жүргізеді.

Хаттама кәсіпорын бланкісіне толтырылады. Хаттама - алқалы органдардың жиналыстарында, мәжілістерде, конференцияларды өткізу барысында, яғни қаралған, талқыланған, қорытындыланған мәселе, қабылданған шешім туралы мәлімет беретін құжат түрі.

Хаттаманың міндетті деректемелері мыналар: кәсіпорын атауы, құжат түрінің атауы, мәжіліс өткен күн, индекс, мәжіліс өткен жер, бекіту белгісі (егер хаттама бекітілуді қажет етсе), бас тақырыбы, мәтін, қолы.

Хаттаманың күні –бұл мәжіліс өткен күн. Бас тақырып – мәжіліс өткен ұйымның, мекеменің, бөлімнің атауы немесе алқалы (коллегиальный) басқару органының атауы.

Хаттама мәтіні кіріспе немесе негізгі бөлімнен тұрады. «Төраға», «хатшы», «қатысқандар» аты-жөні толық беріледі. Мысалы:

 

Хаттамадан көшірме. Хаттамадан көшірме 5.02.2000 ж. № 10 Көкшетау қаласы   Ш.Ш. Уәлиханов атындағы КМУ-нің қазақ тілі кафедрасының кезекті отырысы. Төрайымы: каф. Меңг. Б.К. Омарова Хатшы: оқытушы Б.Қ. Шағырбаева Қатысқандар: 16 оқытушы (тізімі келтіріледі) Күн тәртібі: 1. Қысқы сессияның корытындысы және үлгермеуші студенттермен атқарылатын шаралар. 2. 1 семестрдегі оқу жүктеменің орындалуы 3. 1 семестрдегі оқу жүктемесін толық орындалды деп карастырылсын. Төрайымы: қолы каф. меңг. Б.К. Омарова Хатшысы: қолы оқытушы Б.К. Шағырбаева

 

Хаттама-жиналыстар, кеңестер мен мәжілістердің өту барысы туралы жазылатын іс қағаздарының түрі. Хаттама қаралған мәселелер бойынша баяндамашының, талқылауға қатысқан сөйлеушілер сөздерінің қысқаша мазмұны және алынған нақты қаулылардан тұрады.Хаттама қысқа мазмұнды немесе кең көлемді болуы мүмкін.

Қағаздың орта тұсына құжаттың аты, нөмірі, оның астына мекеменің, ұйымның, т. б. Алқалық топтың аты, жиналыс, мәжіліс, кеңестің болған күні, айы, жылы,жиналыс басқаруға сайланған төраға мен хатшының аты-жөндері жазылады. Оның төменгі жағына қатысқан, шақырылған адамдардың тізімі, күн тәртібіндегі мәселелер тізімі беріледі.

Одан әрі мәселенің қаралған реті бойынша қысқаша мазмұны (шығып сөйлеушілердің сөзі, қойылған сұрақтар, жауаптар)«тыңдалды», «шығып сөйлеушілер», «қаулы қабылданды» деген бөлімдердің реті бойынша жазылады.Соңынан жиналыс, кеңес, мәжілісті жүргізген төраға мен хаттама жазған хатшының қолы қойылады. Хаттама арнаулы қағаздарға да жазылады.

 

2 - тапсырма. Мәтінді оқып, аударыңыздар. Жоспар құрыңыздар.

Сөйлеу де өнер

Сөз этикеті әлеуметтік лингвистикалық құбылыс болғандықтан да оның өзіне тән қызметі тіл табиғатынан тілдің функцияларынан туындайды. Ал жалпы тілдің ең басты қызметі қарым -қатынас құралы болу. Сөз этикетінің арнаулы функциясының негізі сыпайылық білдіру функциясы болып табылады. Бұл ұжым мүшелерінің қарым-қатынасы, құттықтау, мадақтау, сынау, қанағаттанбау, ризашылық білдіру т.б .Қазақ тілінде сыпайылықты білдіру екі ыңғайда көрініс табады. Сөз этикетінде сіз, сен, ол кісі, біз (мен ,өзіңіз) т.б .есімдіктердің қолданылу ерекшеліктері мен осылар арқылы білдіретін мағыналар. Тіл үйренуді амандасу, рахмет айту, кешірім сұрау, комплимент айту тәрізді этикет сөзден бастайды. Бұлай болуы, әрине тегіннен-тегін емес, сөз этикетінің байланыс орнату, қарым-қатынасқа ұйытқы болу тәрізді өзіндік қызметі мен ерекшелігіне байланысты. Құттықтау, мадақтау,сынау, кешірім сұрау, жұбату, көңіл айту тәрізді этикет түрлерінде сезім-күйді білдіру функциясы өте айқын көрінеді. Мысалы, кешіріңіз, мүмкін болса, айып етпеңіз, қалауыңыз білсін,т. с. с.

Жеке кісінің мәдениеттілігі қоғамда алатын орнымен, білім дәрежесімен, өнерге қанықтығымен өлшеніледі.Солардың бәрін игеріп, игілікті іс-әрекетіне пайдалану кісіні тіл мәдениетіне жетектейді. Мәдениетті адамның көп қырлы сырының бір көрінісі-тіл мәдениетінің жоғары болуы.

 

3-тапсырма. Сұрақтарға жауап беріңіз.

1. Тілдің ең басты қызметі не?

2. Сыпайылық дегенді қалай түсінесіз?

3. Мәдениетті адамның сөйлеу мәнері қандай болу керек?

 

4-тапсырма. Өзіңізді тексеріңіз.

 

1.Қазақ халқында танымайтын кісіге «сен» демейді. Дұрыс Дұрыс емес
2. «Сіз» дегенді үлкен кісілерге айтады.      
3. » Айналайын»-еркелетуді білдіретін сөз.    
4.»Балақай» деп жасы үлкен кісіге айтады    
5.»Мырза» -ресми қатынаста қолданылатын сөз.    
6.Әжей» деп өз әжесін айтады.    
7.Ақсақал»-ресми қатынаста қолданылатын сөз қатарына жатады.    
8.Жастар үлкендермен қол беріп амандасады.    
9.Қазақтар жақсы тілек айтуға,бата беруге мән береді.    
10.Жастар үлкендердің батасын алады.    

Тапсырма.

«Жақсы сөз-жарым ырыс» дейді қазақтар, сондықтан олар бір-біріне тілек айтуға мән береді.

Құттықтау;

-Сізді(сені) туған күніңмен,мүшелтойыңмен, жаңа жылыңмен, Наурыз мейрамыңмен, мерекеңмен құттықтаймын!(-мыз)

Тілек;

-Сізге бақыт,денсаулық,табыс, абырой тілеймін.(-міз)

-Ас дәмді болсын !

-Қайырлы түн. Қайырлы күн!

-Қайырлы таң!

-Жасың ұзақ болсын! т. б.

 

6-тапсырма.Досыңызды туған күнімен құттықтап жеделхат жіберіңіз.

 

7-тапсырма. Өлеңді жаттап,мәнерлеп айтып беріңіз.

«Сіз», «Біз» деген жылы сөз.

«Сіз», «Біз» деген жылы сөз Жақсылық билеп, жанды тез,

Жылытады жүректі. Оятады игі тілекті.

Біреуге біреу жақсылық, Баршаға жетер жақсылық,

Тілесе, әр кез жаны ашып, Қызғанбай бөліп алыңыз!

Осы бір шырын –тәттілік, «Сіз», «біз» деген жылы сөз

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.