Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Некоторые актуальные проблемы казахской экономической терминологии 7 страница



Сөзімді қорытындылай келе, біз осынау Форумға адал болып отырғандарыңыз үшін сіздерге ризашылықтамыз. Осында әлемнің саясатшылары, әлемнің танымал журналистері жиналуының өзі Қазақстанға деген сенімді көрсетеді. Барлық талқылаулар бір-бірімізге деген төзімділік аясында өтеді және бұл біздің бәріміз үшін зор пайда әкеледі деген сенімдемін.

Ықыластарыңызға рахмет. Сіздерге зор табыстар және мықты денсаулық тілеймін.

 

Мәтін бойынша тапсырмаларды орындаңыз.

1) Сөздерді аудармаларымен сәйкестендіріңіз.

 

Үнқатысу тотальная ответственность

Текетірес моделі бесконфликтное будущее

Қағидаттық глобальная ответственность

Ықпал ету кіндіктері многополярность

Көпкіндіктілік толерантность

Жаһандық пайымды ой романтические грезы

Жаппай жауапкершілік страх

Жаһандық бәсеке серьезнейшие трансформации

Жаһандық кесел чума

Жаһандық жауапкершілік принципиально

Тұғырнамалық ауысу глобальная конкуренция

Шиеленіссіз келешек конфронтационный модель

Романтикалық қиял глобальные механизмы

Әлсіз полюса влияния

Озбырлық, зорлық-зомбылық глобальная болезнь

Күдікшілдік насилие

Қорқыныш диалог

Оба уязвимый

Елеулі жаңарулар концептуальный переход

Жаһандық тетіктер глобальное здравомыслие

Төзімділік подозрительность

2) Сөздік қорымызға сөз қосайық!

 

Мәтіннен келесі мағынадағы сөздерді табыңыз.

 

1. Білім-ғылымнан жан-жақты біліктілік, білімділік _______________________

2. Өз ісінің асқан шебері _______________________

3. Баса-көктеп жәбір көрсетушілік, зұлымдық _______________________

4. Заттар мен құбылыстардың практикада тексерілген анық бейнесі; 2) шындық, дұрыстық __________________________________

5. Ауру, сырқат, дерт; 2) ұнамсыз дағды, жаман әдет; 3) қайғы-қасірет, мұң _______________________________________

6. Техникалық механизмді жүргізіп, басқарып тұратын бөлшек, құрал, аспап; 2) түйінді мәселе, негізгі ой ___________________________

7. Түр-түс, келбет, әр, өң; 2) мағыналық ерекшелік, сәл ғана өзгешелік _________

8. Белгілі бір мүдделерді қорғауға бағышталған, ел бюасқарудағы ішкі және сыртқы қарым-қатынастардың әрекеті, ұстаған бағыты ________________________

9. Әдетке айналған салт-сана, ғұрып ________________________

10. Жақсы, ізгі; 2) қайырымды, адал, таза ________________________

11. Адамның ойлау жүйесіне ғана тән психикалық процесс; 2) орындалуы қиын, шындыққа жанаспайтын арман, мақсат, тілек _____________________

12. Бір нәрсенің түйіліп, шиеленісіп байланып қалған жері; 2) қорытынды, байлам ______________________________

13. Көзге түсерліктей, көрнекті, белгілі; 2) айтарлықтай, үлкен, ірі; 3) қадірлі

14. сыйлы, құрметті, қалаулы ______________________________

15. Бөлшектенбейтін, жымдасып кеткен; бір түтін, ажырамас ___________________

 

3) Келесі фразеологизмдерді мағыналарымен жұптастырыңыз.

 

Көптің енші-үлесіне айналдырды бетін қайтарды
1) Бір жерге жиналды, мәжіліс құрып, кеңесті; 2) бірігіп тұрмыс құрды, үйлі-боранды болды бет алды
Сан жолдың түйіскен, көп жолдың ұласып, тоғысқан жері басы ашық
Қарқынын басты, алған бетінен тайдырды; жолына тосқауыл болды; жігерін құм қылды; қолын қақты, меселін қайтарды ортаға салды
1) Ап-айқын, даусыз, ешкімнің таласы жоқ; 2) бос; ешкімнің ортақтығы жоқ, қолы тимеген тоғыз жолдың торабы
Бағыт алды, кірісті, ыңғайланды; көңіл берді, жүзін көрсетті бас қосты

 

4) Келесі сөздерді етістіктерге айналдырыңыз.

 


Талқы______

Қиылыс______

Негіз_______

Сипат______

Түйін______

Жаңа______

Қару_______

Есеп_______

Бағыт______

Қалып______

Қорытынды_____

Пайда______

Жоқ__ _______

Ықпал ______

Қарым-қатынас _______

Сенім __________

Пайда _________


 

5) Келесі сөздердің қарама-қарсы мағыналарын жазыңыз.

 


Шиеленіссіз -

Әлсіз -

Бүгінгі -

Үдеу -

Қарапайым -

Жаңа -

Елеулі -

Сыртқы -

Терең -

Танымал -


 

6) Келесі сөздерден зат есімдер (З.е.) мен сын есімдер (С.е) жасаңыз, мағыналарындағы айырмашылықтарды ажыратыңыз.

 


Жаһан_____

Күдікшіл_____

Озбыр_____

Зор_____

Әлем_____

Халықара_____

Қауіпсіз_____

Жауапкерші_____

Тұғырнама______

Көпкіндікті______

Сапа_______

Әріптес_____

Маңызды_____

Қағидат______

Стратегия______

Элитар______

Эгитар______

Ризашы_____

Төзімді______

Денсау______


 

7) Мәтін бойынша келесі тіркестерді жұптастырыңыз.

 

1) қоғамдық а) деңгей
2) Еуразияның ә) қиял
3) майталман б) сахна
4) көкейкесті в) келешек
5) игі г) елеулі
6) геосаяси ғ) ареал
7) мәдени д) вектор
8) аса е) ой-сана
9) жанды ж) сыртқы саясат
10) жаппай з) жүйесі
11) романтикалық и) кіндігі
12) шиеленіссіз к) организм
13) әлемдік қ) дәстүр
14) қауіпсіздік л) жауапкершілік
15) көпвекторлы м) мәселелер
16) Халықаралық н) журналистер

 

8) Мәтін бойынша келесі сөздермен жасалған тіркестерді жазыңыз және толықтырыңыз.

А) В)

9) Келесі сұрақтар бойынша пікір алысыңыз.

-Халықаралық қатынасқа қандай ерекшеліктер тән?

-Халықаралық қатынас тілінде қандай сөздер белсенді түрде жұмсалады?

-Халықаралық қатынаста сөйлеуші қандай мақсатты ұстанады?

-Халықаралық қатынас мәдениетін білу қаншалықты маңызды?

 

2-тапсырма. Дипломатиялық қарым-қатынастағы сенім грамотасының орысша үлгісімен танысып, қазақшаға аударыңыз.

 

Верительная грамота

 

Кому (полное имя и титул главы государства)

Ваше Превосходительство,

Я назначил (ФИО), выдающегося гражданина (название государства-отправителя), представлять меня перед Вашим Правительством в качестве Чрезвычайного и Полномочного Посла (название государства-отправителя).

Он хорошо осознает взаимные интересы наших двух стран и разделяет мое искреннее желание сохранять и укреплять долгую дружбу между нами.

Моя убежденность в его высокой репутации и способностях дает мне полную уверенность в том, что он будет исполнять свои обязанности таким способом, который будет полностью приемлем для Вас. Имею честь рекомендоватьего Вам и прошу Вас принять его благосклонно и относиться с полной верой ко всему, что будет сказано им от лица (название страны-отправителя), равно как и его уверениям в моих лучших пожеланиях процветания (название принимающей страны).

 

Преданный Вам

(подпись главы государства)

 
 


Керекті сөздер:

3-тапсырма.Мәтінді оқыңыз. Етістіктердің қандай тұлғада қолданылғанына назар аударыңыз.

 
 


Интернет көздерінен келесі сұрақтарға кеңейтілген жауап жазыңыз:

1. Сенім грамотасы қай кезде және кім береді?

2. Сенім грамотасын кімдерге береді?

3. Сенім грамтотасын не үшін береді?

4. Сенім грамотасы қай кезде күшін жояды? Және ол кезде қандай ресми дипломатиялық құжат қолданылады?

5. Сенім грамотасы тапсырылған адамға қандай құқықтар беріледі, ал қандай құқықтар берілмейді?

6. Дипломатиялық нота дегеніміз не және ол қандай мақсаттарда жазылады?

7. Дипломатиялық нота қай жақта жазылады?

8. Жоғарыдағы құттықтау нотасы қандай мақсатта жазылған?

9. Құттықтау нотасына қандай тілдік белгілер тән?

 

ЕСКЕРІҢІЗ!

  Сенім грамоталары – тұлғаның басқа елге дипломатиялық өкіл болып тағайындалғандығын куәландыратын құжат, тағайындалған елдің мемлекет басшысына тапсырылады. Елшілерге, уәкілдерге және арнаулы (төтенше) делегация басшыларына беріледі. Сенім грамоталары дипломатиялық өкілді аккредитациялауды жүзеге асыратын құжат. Дипломатиялық нота – халықаралық құқықтағы дипломатиялық хат алмасу құжатының түрі. Дипломатиялық нота – бір мемлекеттің үкіметі атынан екінші елдің үкіметіне дипломатиялық ресми жолдауы. Ол вербалды және жеке болып бөлінеді. Вербалды нота үшінші жақта жазылады. Жеке нота әдетте маңызды қағидатты мәні бар мәселелерге қатысты немесе болып жатқан елдегі дипломатиялық протоколдың бекітілген талаптарына сәйкес белгілі бір оқиға туралы ресми ақпарат немесе жеке нотаға жауап ретінде жазылады. Әдетте жеке және вербалды ноталарда жазылатын мәселелер нақты реттелмейді.

 

4-тапсырма. Дипломатиялық нотаның келесі үлгісін оқыңыз. Ерекше берілген сөздердің аудармасын жазыңыз. Қажет болса, редакциялаңыз.

 

(Жапон тарапының нотасы)

Жоғары мәртебелі, Қасым-Жомарт Тоқаев мырза!

«Республика Сарайына дыбыстық құрал-жабдықтар жеткізу» жобасына қатысты Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Жапон Үкіметі өкілдері арасында жүргізілген жуырдағы келіссөздерге назар аударуға және Жапон Үкіметінің атынан мынадай уағдаластықтарды ұсынуға рұқсат етіңіз:

1.Қазақстан Республикасындағы мәдени қызметтің дамуына ықпал ету мақсатында Жапон Үкіметі Жапонияның қолданыстағы заңдары мен нормативтік актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметіне қырық тоғыз миллион сегіз жүз мың жапон йені мөршерінде грант бөледі.

2. Қазақстан Республикасының Үкіметімен немесе оның уәкілетті органымен анықталған Жапон банкінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің атына тек қана Грантты іске асыру мақсатында пайдаланатын банктік шот ашады.

5. Қазақстан Республикасының Үкіметі мыналар бойынша шаралар қабылдайды:

(а) Қазақстан Республикасының аумағында Грант бойынша сатып алынған Құрал-жабдықтарды уақытылы кедендік рәсімдеуді, ішкі тасымалдауды қамтамасыз ету;

(б) жапон ғалымдарын Грант шеңберіндегі тауарлар мен қызметтерді жеткізуге қатысты Қазақстан Республикасында алынатын кеден бажының төлемдерінен, елдің ішкі салықтарынан және өзге де қаржылық алымдарынан босату;

(в) құрал-жабдықтарды тиесілі және тиімді пайдалану;

(г) грант есебінен сатып алынған құрал-жабдықтар Қазақстан Республикасынан тысқары кері экспортқа шығарылмайды.

6. Екі Үкімет жоғарыда аталған уағдаластықтардан туындайтын немесе оларға байланысты кез келген мәселені қарау кезінде бір-бірінен консультация алады.

Міне, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметіне қатысты жоғарыда баяндалғандарды растайтын осы нота мен Жоғары мәртебеңіздің нота жауабы Жапония Үкіметі Қазақстан тарабы осы Келісім күшіне енуі қажетті мемлекетішілік рәсімдерді орындағаны туралы жазбаша хабарлама алған күннен бастап күшіне енетін екі Үкіметтің арасындағы Келісім болып саналуын ұсыну құрметіне ие болып отырмын.

Осы жағдайды пайдаланып, Жоғары мәртебеңізге зор ықыласымды білдіремін.

 

Йорико Кавагути

Жапония Сыртқы істер министрі

 

Мәтін бойынша келесі тапсырмаларды орындаңыз.

1) Келесі тіркестермен сөйлем құрастырыңыз.

 

Уағдаластықтарды ұсыну, қолданыстағы заңдар, назар аудару, уәкілетті орган, ішкі тасымалдау, банктік шот ашу, кедендік рәсімдеу, шаралар қабылдау, уақытылы қамтамасыз ету, тиесілі және тиімді пайдалану, қаржылық алымдардан босату, күшіне ену, мемлекетішілік рәсімдер, құрметіне ие болу, ықыласын білдіру.

2) Сөйлемдерді дұрыс құрастырыңыз.

 

1) Үкіметінің / Жапон / ұсынуға / мынадай / атынан / рұқсат / уағдаластықтарды / етіңіз.

2) Қазақстан / актілеріне / шараларды / сәйкес / асыруды / Қазақстанның / заңдары / қолданыстағы / нормативтік / мен / келесі / іске / Үкіметі / етеді / қамтамасыз.

3) Қазақстан / Үкіметінің / атына / Республикасы / қана / жобаны / тек / асыру / мақсатында / банктік / пайдаланатын / шот / іске / ашады.

4) Қазақстан / тауарларды / аумағында / бойынша / жоба / ішкі / сатып / алынған / тасымалдауды / ету / уақытылы / кедендік / Республикасының / рәсімдеуді, / қамтамасыз.

5) Қазақстан / алынатын / кеден / және / Республикасында / бажының, / төлемдерінен / ішкі / қаржылық / салықтарынан / өзге де / елдің / алымдарынан / босату;

6) Жоба / сатып / алынған / есебінен / Қазақстан / құрал-жабдықтар / Республикасынан / кері / экспортқа / тысқары / шығарылмайды.

 

3) Осы үлгіге сүйене отырып, келесі жағдаяттардың біріне дипломатиялық нота үлгісін жазыңыз.

 

1. Аралды зеррттеуге байланысты Қазақстан-Германия екіжақты келіссөздері.

2. Қазақстанда «Хонда» автокөлігін құрастыратын зауыт ашу туралы Жапон-Қазақстан арасындағы келіссөздер.

3. Қымызды ұлттық брендке айналдыру туралы Қазақстан-Франция келіссөздері.

5-тапсырма. Мәтінді оқыңыз, келіссөздер жүргізудегі этномәдени ерекшеліктерге назар аударыңыз.

 

Батыс еуропалық әлеуметтанушылар Германияның, Ұлыбританияның, Францияның, Италияның, Испанияның бизнесмендерінің арасында сауалнама жүргізеді. Сауалнамаға бұл елдерден 8000 бизнесмен қатыстырылған. Ол үшін бизнесмендерге ұсынылған 10 қасиет-сапаны (құзыреттілік, тиімділік, қалжыңды түсіну, сенімділік, жұмыстағы табандылық, кәсіпқойлық, білімділік, адамгершілік, ұжымда жұмыс істеу қабілеті, мұқияттылық) қай елдің өкілінің бойынан таба аласың деген сұрақ қойылған. Сауалнама нәтижесі ең жоғары балл +90, ал ең аз балл -40 баллмен есептелген. Нәтижесінде Германияның кәсіпкерлері ең жоғары балл алған: +80 – құзыреттілігі мен мұқияттылығы үшін, +90 – тиімді жұмысы үшін, +75 – сенімділігі үшін; +60 – білімі үшін, +70 – жұмысқа деген табандылығы үшін, +45 – кәсіпкерлігі үшін. Ал итальяндық бизнесмендер әзілкештігі үшін ең жоғары балл (+40) алған, сондай-ақ адамгершіліктері үшін де ең жоғары (+25) балл алған. Қазақстандық бизнесмендерге қандай балл берер едіңіз? Оларды сипаттаңыз.

 

6-тапсырма. Келіссөздер жүргізудегі әр халықтың өзіндік мәдениеті туралы кезекпен оқып, сипаттауларды халықтармен жұптастырыңыз.

 
 


І.

Бұлар кімдер?

1) ___________________________. Олар жоғары кәсіби шеберлігімен ерекшеленеді. Шешім қабылдауда дербестікке ие. Келісімді шешудің ортақ жолдарын, тіпті жүзеге асыру барысын бірге отырып тәптіштеп талқылауға қарсы емес. Сол себепті келіссөзде оларға айқын әрі нақты ұсыныстар айту керек. Формалдылыққа бармай, бірден іске, басты тақырыпқа көшеді. Адамдардың жайдары ашық мінезін, адалдықты ұнатады. Коммерциялық келіссөздерде көбіне табандылық танытып, тіпті күш көрсетуге де бар. Сонымен қатар, серіктес өзі сияқты ережелерге бағынуы тиіс деген өзімшілдігі де бар. Олар өте жақсы саудаласады және саудаласқанды жаны сүйеді.

2) __________________________. Олар серіктестерінің аяқ астынан өз позицияларын өзгерткенін ұнатпайды, сол себепті алдын ала бәрін тәптіштеп шешіп алады. Мәселені әр қырынан зерттейде, олармен келіссөздер сол себепті де баяу жүреді. Іскерлік кездесуде «ресми тілде» французша тілдескен жөн, бірақ олар шетелдіктердің французшаға шорқақтығына сынмен қарайды. Өздерінің позицияларын өте шебер мойындатады дегенмен, саудаласуға аса құлықты емес. Қарсылығын ашық білдіреді. Десек те, өзінің ұлтына тән сыпайылық, ілтипаттылық, әдептілік, қалжыңдап сөйлеу, еркін сөйлесу қасиеттерін де қатар ұстауға тырысады.

3) ___________________________. Олар келіссөзді тек серіктеспен қандай да бір келісімге келе алатындықтарына көздері жеткенде ғана бастайды. Мұқияттылықты аса бағалайды, мұқиятты серіктестерімен келіссөздері ерекше жемісті, тез жүреді. Өте кірпияз, олармен келіссөздерде халықаралық протоколдан алшақ кетпеген дұрыс. Өзінің позициясын сүзгіден әбден өткізеді, мәселелерді жүйелі, бірізді қарастырады. Бір мәселені бітірместен, екіншісін қолға алмайды. Серіктестің бойындағы адамдықты, турашылдықты жақсы көреді. Мысалмен, дәйекпен сөйлегенді, тыңдағанды ұнатады. Санға, кестелер мен диаграммаларға бей-жай қарай алмайды. Олармен сөйлескенде сөзіңіз қисынды әрі нақты болсын.

4) ____________________________. Олар келіссөзге немістер сияқты дайындалмайды, прагматикалық ұстанымдарды басшылыққа алады. Тиімді келісімді келіссөз барысында серіктестің позициясына қарай табуға болады деп ойлайды. Қарсы жақтың ұсынысына құрметпен қарайды. Олар әділеттілікті аса жоғары бағалайды, сондықтан олар ойынды адал ойнайды. Қалыптасқан мінездеріне сай олар ойға ұстамды және бірбеткей пайымдаулардан аулақ. Сонысымен-ақ олар серіктесіне ерекше құрмет көрсетеді. Әңгімеде жеке өмірге қатысты мәселелерді айтудан қашқақтайды. Үндемеу келіскенмен бірдей деген сөз оларға қатысты емес. Олар үндемей қалғанға сөзіме сендірдім деу үлкен қате. Себебі олар серіктестерін үлкен шыдамдылықпен, сөз таластырмай тыңдайды, ұстамдылықты адамның ең басты қасиеті деп біледі. Олармен келіссөз барысында үзілістер жиі болады, бірақ үнсіз қалудан қорықпау керек. Керісінше көп сөзбен, керексіз сөзбен іске зияныңызды тигізуіңіз мүмкін.

5)____________________________. Олар табиғатынан өте ашық, көпшіл. Әдетте қарым-қартынас орнатуда ерекше жігерлі, белсенді. Ұйымдастырушылық мәселелерді ұзаққа созбайды, альтернативті шешімдерге барудан бас тартпайды. Олар іскерлер әлемінде өзіне тең келетін адамдармен қатынас орнатуды қалайды. Сол себепті адамдармен бейресми жағдайда, жұмыстан тыс жерде кездесуге кет әрі емес. Бейресми жағдай қайшылықтарды жоюға, серіктестің ұсынысы туралы сыни ойларын ренжітпей ашық айтуға мүмкіндік береді деп ойлайды.

6) ___________________________. Олармен келіссөздер баяу жүреді. Әңгімелескенді ерекше ұнатады, сол себепті келіссөз уақыты көп жағдайда сақтала бермейді. Олар тәуелсіз, намысшыл. Адамның сырт келбетіне ерекше мән береді.

7) __________________________. Олар келіссөзде екі нәрсеге ерекше мән береді – келешек келіссөз туралы ақпаратқа, қарсыластың әлсіз, күшті жақтарына, екіншісі – «достастық жағдайын» жасауға. Оларға бастапқыда серіктестің келбетін, өзін-өзі ұстауын, өзгелермен ұстауын бақылау маңызды. Сөйтіп олар бірден серіктестердің әрқайсысының абырой-мәртебесін анықтап алады да, әрі қарай сол адаммен санасады. Келіссөзде олар өз ойларын бірден ашық айтпайды. Өз көзқарасын білдіреді, ұсынысын енгізеді, тек соңында ғана қандай да бір жеңілдіктер жасауы мүмкін. Ол келіссөздер тығырыққа тірелген кезде ғана айтылғанмен, жалғасына айналады. Серіктеспен соңғы келісімді келісім үстелінде емес, өз үйінде бекітеді. Алайда соңғы сәтте де олар өзіне пайдалы өзгерістерді енгізуге тырысып қалатынын есіңізден шығармаңыз.

8) ____________________________. «Ұжымдық ауызбіршілік» рухында тәрбиеленетін олар өздерінің тұлғалық ерекше қасиеттерін жасыруға, амбицияларын көрсетпеуге, күшті қасиеттерін жарияламауға тырысады. Өздеріне жүктелген міндеттерге ерекше жауапкершілікпен қарайды. Келіссөздерді баяу жүргізу стиліне қарап таң қалуға болады. Талқылау келіссөзге қатысы жоқ мәселеден басталады да, содан кейін негізгі мәселеге көшеді. Серіктесіне ашық қарсы шықпайды. «Жоқ» деудің орнына «бұл өте қиын» деуі мүмкін. Тәуекелді ұнатпайды, жеңісті емес, жеңілмеуді ойлайды. Олардың шешім қабылдау, оны орындау жүйесі де ерекше: талқылауға фирма бастығынан бастап қатардағы қызметкерге дейін бәрі қатысады. Қарсы жақ жеңілдікке барса, олар да солай жауап береді.

9) ___________________________. Олар үшін келіссөзде өзара сенімге ие болу маңызды. Еуропалықтар оқиғаның дамуын ертеңге қарап болжаса, олар өзінің салт-дәстүрі арқылы өткен өмірдегі тәжірибесіне сүйенеді.

10) __________________________. Олар ұлттық тәуелсіздікке қатысты мәселеге ерекше қарайды, сол себепті олардың елдің ішкі тіршілігіне қатысы бар мәселелерге бірден тойтарыс беріп отырады. Келіссөзде саудаласуға құмар. Бірінші кездесуде кеңпейілділік танытып, сыпайылық білдіреді. Бұл жасандылық емес, дәстүр жолы. Келесі кездесу мұндай жайбарақат жағдайда өтпеуі мүмкін.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.