Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Некоторые актуальные проблемы казахской экономической терминологии 2 страница



Қызметтік құжаттарды, хаттарды жазарда

есте болатын кейбір жағдайлар:

1. Қызметтік құжаттар бейтарап(нейтральный) қалыппен, ресми түрде жазылуы керек. Қызметтік хат жазу барысында адресатты марапаттап, мадақтайтын немесе намысына тиетін, дөрекі сөздерді қолданудан аулақ болған жөн.

2. Қызметтік хаттар мүмкіндігінше сирек және қысқа жазылуы керек. Қағаз бен сөздің көптігі істі жылдамдатуға септігін тигізе қоймайды. 3. Хатыңыз көпшілікке түсінікті тілмен және ресми түрде жазылуы керек. 4. Ісқағаздарын жазарда көнерген сөздер, архаизмдер, диалект сөздер, қазіргі қазақ тілінде ескіріп, айналымнан шыққан тіркестер қолданылмайды. 5. Сөйлем баяндауышы ашық райда (пайдаланалылады, қаралады, қолдануда, жүріп жатыр, ескертіледі) немесе бұйрық райда тұруы керек (орындалсын, шешілсін, келісілсін, жеткізілсін, қаралсын т.б.).

5-тапсырма. Орыс тіліндегі өтініш үлгісін қазақ тіліне аударыңыз. Қазақ тілінде басқа мәселеге арналған өтініш жазыңыз.

Начальнику отдела эксплуатации

Управления жилищно коммунальным

хозяиством Акимата Ауэзовского

района г.Алматы

 

Заявление

 

Мы жильцы нового жилого дома мкр. Калкаман дом №26, заявляем , что с момента заселения ( с февраля 2011года по январь 2012 года) нам до сих пор не подключен газ. Наши многочисленные жалобы( с 25 марта 2011 года, 28 мая 2011 года, 18 августа 2011 года, 23 декабря 2011 года) только регистрируются, но не рассматриваются. Ответ на них не дается. Пожалуйста, рассмотрите наше заявление и дайте удовле- творительный ответ.

Жильцы дома № 26, мкр. Калкаман.

г.Алматы.

15 января 2012 года

6-тапсырма.Көп нүктенің орнына керекті сөздерді қойып, дәптерге көшіріп жазыңыз.

 

1. Түйіндеме жазуда ... мақсатыңыз – өз өмірбаяныңыз бен ... , мамандығыңызды, ... ұтымды көрсете білу. (Керекті сөздер: икемділігіңізді, сіздің, жұмыс тәжірибеңізді)

2. Шағым хатқа ... беруші адам, кейде хат мазмұнына ... мекеменің жауапты ... қол қояды. (Керекті сөздер: қызметкері, шағым, байланысты)

3. Ресми-іскерлік қарым-қатынас деп кәсібі, ... байланысты жұмыс немесе қызмет орындарында, ... мекемелерде жүзеге асатын ... түрін айтамыз. (Керекті сөздер: қарым-қатынастың, мамандығымен, мәдени-көпшілік)

4. Мінездеме ... басқа бір вакансияға я болмаса ... ұсыну... да жазылады. (Керекті сөздер: оқу орнына, мақсатында, қызметкерді

7-тапсырма.Іс қағаздарының үлгілерін дұрыс сәйкестендіріңіз.

Өтініш Түсініктеме Бұйрық Анықтама Сенімхат Жеделхат Мінездеме Түйіндеме Өмірбаян Баяндау хат Келісімшарт Приказ Докладная записка Справка Резюме Автобиография Контракт Заявление Телеграмма Объяснительная Характеристика Доверенность

8-тапсырма.Сөз тіркестерінің мағыналық айырмашылығын табыңыз.

сыйлық алу - айлық алу жолақы - еңбекақы

жұмыссыз - зейнеткер

қысқартуға түсу - жұмыстан шығу

салық төлеу - айып төлеу

9-тапсырма.Мына сөздердің қазақ тіліндегі баламасын жазыңыз.

место жительство –

допольнительная сведения –

обязан к воинской службе –

удостоверять, подверждать –

устроиться на работу –

принимать на работу –

принести справку с места работы –

руководствоваться –

служебные письмо –

переходом на другую работу –

уходом на пенсию –

временно возглавить –

издавать приказ –

ознакомиться с приказом -

10-тапсырма.Сөздіктерді жаттап алыңыз.

тұрмысқа шығу – выходить замуж

үйленген - женат

жұмыс істеген жылдары – трудовой стаж

әскери атағы – воинское звание

лауазым, қызмет - должность

марапаттау, мадақтау – наградить

сеніп тапсыру – доверять

қызметкер – служащий

беделді - авторитетный

еңбекқор – трудолюбивый

бойдақ - холостой

еңбек кітапшасы(жеке іспарағы) – трудовая книжка(личный листок)

әлеуметтік жеке код(ӘЖК) – социальный индивидуаьный код(СИК)

салық төлеушінің тіркеу нөмірі(СТН) – регистрационный номер налогоплательщика

зейнетақы шарты – пенсионный договор

11-тапсырма.Төменде берілген анықтама үлгілерінің қайсысы тілдік норма ретінде, яғни қалыптасқан норма ретінде қабыланады? Ал қайсы анықтама үлгісі ісқағаздар тілінің өзіне тән бояуы мен құрылымын бұзып тұр? Осындай үлгілерде басқа бір құжат түрін жазыңыз.

1. а) Осы анықтама азамат Бейсебеков Болатқа берілді. Болат шын мәнінде Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінде оқытушы болып істейді. Анықтама Әуезов аудандық салық инспекциясы үшін берілді. Анықтама 4 ай күшінде.

ә) Осы анықтама студент Ахатова Назымға берілді. Назым шын мәнінде Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің экономика факультетінің 3-курсында оқиды. Анықтама 3 ай күшінде.

2. а) Осы анықтама Бейсебеков Болаттың Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің оқытушысы екендігін растайды.

Анықтама Әуезов аудандық салық инспекциясына көрсету үшін берілді.

Анықтама берілген күннен бастап 4 айға дейін жарамды.

ә) Осы анықтама Ахатова Назымның Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің экономика факультетінің 3-курсында оқитынын растайды.

Анықтама берілген күннен бастап 3 айға дейін жарамды.

12-тапсырма.Берілген сөздер мен сөз тіркестері арқылы сөйлем құрастырыңыз.

Жауапкершілік, адамдармен қарым-қатынас орнатуға бейімділік, ұстамдылық, мақсаттылық, ұйымдастырушылық, басқарушылық қабілеттер, ұжыммен жұмыс істей білу, ұқыптылық, алға қойған міндеттерге шығармашылық көзқарас, саяхатқа шығу, би, домбырада ойнау, кітап оқу мақтау грамоталары, сертификаттар, наградалар, патенттер.

13-тапсырма.Сөздікті жаттап алыңыз.

тұрмысқа шығу – выходить замуж үйленген – женат жұмыс істеген жылдары – трудовой стаж әскери атағы – воинское звание лауазым, қызмет - должность марапаттау, мадақтау – наградить сеніп тапсыру – доверять қызметкер – служащий беделді - авторитетный еңбекқор – трудолюбивый бойдақ - холостой еңбек кітапшасы(жеке іспарағы) – трудовая книжка(личный листок) әлеуметтік жеке код(ӘЖК) – социальный индивидуаьный код(СИК) салық төлеушінің тіркеу нөмірі(СТН) – регистрационный номер налогоплательщика зейнетақы шарты – пенсионный договор

14-тапсырма.Өлеңді жаттап алыңыз.

Менің анкетам

- Туған жерің?

- Ұланымын Қарасаз деп аталатын ауылдың.

- Туған жылың?

- 1931. Құрдасымын Шәмілдің.

- Жынысың кім?

- Еркекпін ғой, еркекпін! Және-дағы тәуірмін...

- Партияда барсың ба?

- Жоқпын.

Бірақ коммунистік көзқараспен қараймын.

- Шыққан тегің?

- Шаруамын.

Бар тірліктен бағалы оны санаймын.

- Білімің ше?

- Орташа ғой.

Алайда өзім жоғарыға балаймын.

- Ана тілің?

- Қазақша.

Қысылғанда орысша да, немісше де, тағы бар.

- Қайда істедің?

- Мынау «Еңбек кітапшамнан» танып ал.

Оқымаған, дипломсыз демесең,

Бір басымнан бар мамандық табылар.

- Міндеттісің бе әскерге?

- Міндеттімін.

Біздің әлі жас кеуде.

Жауынгердің ұлымын ғой,

Жанын қиған Мәскеуге.

- Сөгіс алып көрдің бе?

- Ол жағынан періште едім дей алмаймын

Мен мүлде.

Ойлы-қырлы бүл өмірде болады ғой мүлт кету,

Ол өзі бір еншісі ғой ездің әрі ердің де...

- Шетелдерде болдың ба?

- Болғамын жоқ.

Олар маған тұрған да жоқ қол бұлғап.

Қалсам болды, өлсем болды жайыммен,

Осы отырған орнымда-ақ.

- Мекенжайың?

- Мекенжайым - жер менің.

Жерде жүрген ақын деген пендемін.

Қалам, қағаз, уақыт бер тек аздаған,

Мен өмірді жырлау үшін келгемін!

М.Мақатаев

15-тапсырма.Мақал-мәтелдерді қазақ тіліндегі бар нұсқаларымен аударыңыз.

Үлгі: За много дел не берись, а в одном отличись – Екі кеменің құйрығын ұстаған суға кетеді.

 

Не откладывай на завтра то, что можно делать сегодня.

Какие труды, такие плоды.

Терпение и труд, все перетрут.

Труд человека кормит, а лень портить.

Тест тапсырмалары

 

1.Іс жүргізе алу артықшылық....................

А) көрсетеді

В) жасайды

С) береді

Д) етеді

Е) қылады

2. Іскерлік қарым-қатынаста жиі қолданылатын құжат түрі:

А) түйіндеме

В)визит карточкасы

С) арыз

Д) сенімхат

Е) өмірбаян

3. Жұмысшы мен жұмыс берушінің құқықтары белгіленетін құжат түрі:

А) шарт

В) еңбек туралы заң

С) бұйрық

Д) кесім

Е)қызметтік хат

4. Іс қағаздарын жазу барысында жиі кездесетін етістіктер:

А) қамтамасыз ету, мәлімдеу, баяндау, хабарлау

В) жүктеу, келгенде, көріпті, өтіну,

С) асықты, ақпарат берді, баға бегілеу, ұсынды

Д) жоспарлады, айықты, көмек көрсетсін, анықтау

Е) қуансын, жіберу, мәлімдеді, тексерген

5. Іс қағаздарын жазу барысында хабарлау, мәлімдеу мақсатында қолданылатын құрылымдар:

А) - ... туралы мәлімдеймін, ... ұйым хабарлайды, ... туралы сізге мәлімет жеткіземін, баяндаймын

В) - ... ақпарат беріңіз, ... шешім қабылдады, ... жол берілмесін, ...айтып берді

С) - ... мүмкін емес, ... көңілді отырды, ... жиналыс өткізді, ...баяндама жазды

Д) - ... туралы айтамын, ... хабар береміз, ... жайында жаздық, ... туралы келістім

Е) рұқсат етемін, іссапарға барыңыз,

6.Мекеме басшысының атына жазылып, белгілі бір тілекті білдіретін құжат ________ деп аталады.

А) Қолхат

Б) Өмірбаян

С) Өтініш

Д) Сенімхат

Е) Кепілхат

7. «Атқарып жүрген қызметіне лайық» деген қорытынды қай құжатқа тән?

А.Өмірбаян

В.Мінездеме

С.Түйіндеме

Д.Өтініш

Е. Қолхат

8. Сөйлемді толықтырыңыз: Жұмыстан босату... сұраймын.

А) –да

Б) –ды

С) –ға

Д) –ыңызды

Е) –ың

9. Кадрлар бөлімінде толтырылатын бланктік қағаздың бір түрі ________ деп аталады.

А) өмірбаян

Б) мінездеме

С) түйіндеме

Д) хаттама

Е) жеке іс парағы

10. Сөйлемді толықтырыңыз: Өтінішке ________ қол қояды.

А) студент

Б) мекеме басшысы

С) оқытушы

Д) топ басшысы

Е) өтінішті тіркеуші

11. Анықтама қандай мақсатта жазылады?

А. Кепілдік беру мақсатында

В. Деректі растау мақсатында С. Ақпараттың растығын анықтау мақсатында Д. Мәліметтерді жинақтау мақсатында Е. Бір нәрсе жайында өтіну мақсатында

12. «Внеочередной отпуск» тіркесінің дұрыс баламасын көрсетіңіз.

А) кезексіз демалыс

Б) кезектен тыс демалыс

С) мерзімсіз демалыс

Д) уақытша демалыс

Е) уақыттан тыс демалыс

13.Ең қысқа көлемде жазылатын ісқағазының түрін атаңыз.

А. Сенімхат

В. Анықтама

С. Өтініш

Д. Хаттама

Е. Кепілдеме

14. Сөйлемді толықтырыңыз: Демалысқа ..................байланысты өтініш бердім.

А) кетуіме

Б) алуыма

С) жетуіме

Д) шығуыма

Е) шақыруыма

16. Жеке қасиет - ..........................

А) ағылшын тілін білу

В) басшылық қызмет

С) компьютерді білу

Д) парасаттылық

Е) еңбек өтілі аз

17. «Әскери міндетті» тіркесінің аудармасы

А) военный

Б) военное подразделение

С) воинское звание

Д) военное формирование

Е) военнообязанный

18.Іс қағазының қай түрінде мерзімдік деректің нақтылығы ерекше талап етіледі?

А) сенімхатта

В) келісімшартта

С) хатта

Д) жарнамада

Е) түсініктемеде

19. Құндылығы жоғары заттарды алу барысында рәсімделетін құжат түрі.

А.Қолхат В.Сенімхат С.Кепілхат

Д. Қызметтік хат

Е. Бұйрық

20. Іс қағазының қай түрінде орындаушыға нақты міндет жүктелгені көрсетіледі?

А. Кепілдемеде

В. Жеделхатта

С. Бұйрықта

Д. Арызда

Е. Анықтамада

Глоссарий

 

Өмірбаян –автордың өзі туралы жазатын құжаты.

Мінездеме – белгілі бір адамды өмірбаяндық, біліктілік, адамшылық тұрғыда сипаттайтын құжат.

Өтініш - мекеме басшысының атына азылып, белгілі бір тілек өтінішті білдіретін құжат.

Түйіндеме –талапкердің өмірбаяны, білімі, мамандығы, кәсіптік шеберлігі, біліктілігі туралы қысқаша жазылған құжат.

Сенімхат – белгілі бір адамның өз өкілеттігі мен құқын екінші бір адамға берігенін растайтын құжат.

Анкета –белгілі бірқызмет орнына жұмысқа тұрар алдында толтыратын өзің жайлы толық мәлімет беретін ең қажетті жазбаша құжат түрі.

Бақылау сұрақтары

1.Ресми ісқағаздар тілінің ерекшелігіқандай?

2.Ресми ісқағаздар стилі қандай жұмыстар жүргізуге байланысты?

3. Ресми ісқағаздар қандай орындарда қолданылады?

4. Ресми ісқағаздарда қандай дайын тіркестер мен термин сөздер жиі қолданылады?

5. Ресми ісқағаздарының стильдік сипаттары қандай?

6. Бірізділік дегеніміз не?

 

СОӨЖ тапсырмасы

1. Өзіңіздің не болмаса отбасыңдағы жақын адамдарыңыздың біреуінің өмірбаянын жазыңыз.

2. Екі жаққа да бірдей жауапкершілік жүктейтін ісқағазының үлгілерін атаңыз.

3.Қолхат пен сенімхат берудің үлгісін жазыңыз. Бұлардың айырмашылығы мен ұқсастығын көрсетіңіз.

4. Анкета қай кезде жазылады, ал түйіндеме ше? Бұлардың айырмашылығы мен ұқсастығын көрсетіңіз.

5. Бірнеше үлгідегі түйіндемелер жазыңыз.

 

СӨЖ тапсырмасы

1. Іскерлік қатынастағы жеделхаттың тиімділігі неде?

2. Телефонограмма қандай жағдайда, кімдерге беріледі?

3.Университетте өтілетін мәдени шаралар жайлы басқа институтқа жіберілетін телефонограмманың мәтінін құрастырыңдар.

Пайдаланған әдебиеттер

1. Дүйсембекова Л. «Іс қағаздарын қазақша жүргізу». Алматы, «Ана тілі» 2000 ж.

2. Алтынай Т. «Кәсіби экономика тілі». Алматы, «Қазақ Университеті». 2009 ж.

3. Сәбден О. Бәсекелестік экономика Алматы 2007 ж.

4. Бекеева Н.Ж., Бектұрғанова Қ.И. « Кәсіби экономика тілі». Астана, «ТАНЫМ». 2003 ж.

Аға оқытушы Бейсеева Нұргүл Әбдіқадырқызы

4-сабақ. Іскерлік кездесулер. Сөйлеу мәдениеті. Орфоэпия. Сөз байлығы.

Тірек сөздер:Іскерлік, іскерлік кездесу, іскер адам, іскерлік қарым-қатынас, іскерлік байланыс, күнделікті байланыс, іс жүргізу, істі ұйымдастыру, сөз байлығы, тіл мәдениеті, сөйлеу мәдениеті, сөз әдебі, әдеп ережелері, кішіпейілділік, сыпайылық, серіктестік, ынтымақтастық, қол алысу, қол қою.

 

Мәдениет сөзінің өзі тәртіпке бағыну, заңдылықты сақтау деген ұғымға саяды. Демек, сөз мәдениеті – халқымыздың ғасырлар бойы жиналған асыл мұрасын дұрыс қолдана білу, тілдік норманы сақтау дегенді білдіреді.

Қазақ тілі дүниежүзіндегі ең бай, беделді де бейнелі тілдердің бірі. Қарап отырсақ, ана тіліміздің халықтың көшпелі тұрмысынан туған төрт түлік малға, аңға, құсқа, т.б.табиғат құбылыстарына байланысты теңеу, эпитет, метафораға, мақал мен мәтелдерге байланысты атауларына басқа тілден балама табу қиын. Қазақ тілінің құрамындағы сөздердің саны ұлан-ғайыр көп. Сондай-ақ қазақ тілінің сөз байлығы әртүрлі арналар мен салалардан құралған. Оның басты бір негізі - тіліміздің ежелден бергі байырғы, төл сөздері, олардан өрбіген туынды сөздер, біріккен сөздер, қос сөздер, көп мағыналы сөздер, омонимдер, синонимдер, антонимдер, өзге тілден енген сөздер, мақалдар мен мәтелдер, фразеологиялық (тұрақты) тіркестер, неологизмдер, терминдер,

Сөз байлығы – оралымды тілге қойылар талаптың бірі. Сөзі жұтаң адамның ойы да таяз тартып тұрады. Соның салдарынан мақсатсыз қайталау да көп болады. Сондықтан сөз мәдениетіне ден қойған адам сөз байлығына ерекше көңіл бөлу керек. Адамның мәдениеттілігі білімімен, дүниетанымымен, еңбектегі қол жеткен табыстарымен ғана шектеліп қоймай, сөйлеу және жазу тілінің тазалығымен, байлығымен, өткірлігімен де анықталады.

Тіл мәдениетінің басты талаптарының бірі – дұрыс айтылып, дұрыс жазылуы.

Орфоэпия (грек.orhoepcia, orhos – дұрыс, ерos – сөз – ауызша сөздің дыбысталуын қамтамасыз ететін ұлттық тіл нормасының жиынтығы. Әдетте сөздің бірізді дыбысталуы ауызба-ауыз тілдесуді жеңілдетуге ықпалын тигізеді. Орфоэпия деген ұғым тілдің фонетикалық жүйесіндегі фонемалардың, сөздер мен грамматикалық тұлғалардың, сондай-ақ сөз үндестігі, сөз үйлестігі, сөз екпіні, интонациялық құрылымдар, т.б. дыбысталуын қамтиды.

Қазақ тілінің дыбыс жүйесінде әсіресі дыбыс үндестігі ерекше орын алады. Кейбір зерттеулерде сөздің бірыңғай жуан немесе жіңішке, бірыңғай езулік немесе бірыңғай еріндік болып айтылуының мәні ерекше. Сондықтан дыбыс үндестігі қазақ тілі орфоэпиялық негізгі нормаларының бірі болып табылады.

Сондай-ақ қазақ тіліндегі дауыссыздардың бір-бірімен үйлестілігі (ассимиляция) айтылуы: [башшы] басшы, [біссіз] бізсіз, [түңгү] түнгі, т.б. орфоэпиялық норма үшін ерекше мәні бар.

Орфоэпиялық нормада адамның сөз мәдениетінің қандай екенін көрсетеді. Құлаққа жағымды, көңілге қонымды, буын жігі, екпіні бұзылмай, сөздің әуіні мен ырғағына мән берген адамның сөзі әсерлі болады. Сөздердің кейбірі жазылуы бойынша айтылса, күлкілі естіледі. Тілдік заңдылықтарға сәйкес олардың айтылуы бөлек.

Мысалы:

Жазылуы Айтылуы
Тәкаппар Аппақ Көкөніс Жүрек Жайында Менмендік Зиянкес ақ алма Тәкәппар Әппәқ Көгөніс Жүрөк Жәйіндә Меммендік Зиаңкес Ағ алма

 

Үлкен бір істі жүзеге асыру барысында іскер адамның алдында сол іспен айналысып жүрген басқа мекеме адамдарымен қарым-қатынас, іскерлік кездесулер жүргізу міндеті тұрады. Біздің қоғамымыз нарықтық қатынастар жүйесінде даму кезеңін басынан өткізуде. Демек, адамдар арасында істі дұрыс ұйымдастыруда басқа мекемелермен, шетелдермен іскерлік қарым-қатынас орнату мәселесі күн тәртібіне қойылады. Істі ұйымдастыруда оң нәтижелерге жету үшін қоғамның басқа мүшелерімен байланыс орнату, қарым-қатынас жасау ауқымы да кеңейеді.Қандай керемет дарынды, ақылды, білімді адам болса да, күнделікті өмірде, тіпті айналысып жүрген іскерлік саласында да ешбір табысқа жете алмайды. Мұның басты себебі неде? Істі ұйымдастыруда, іс барысында адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасау ережелерін, әдеп нормаларын бұзуда. Іскерлік байланыста, іскерлік қарым-қатынаста адамдармен сөйлесе, әңгімелесе білу өнері ең басты рөл атқарады. Іскерлік қарым-қатынаста сөз әдебін, сөйлеу мәдениетін сақтамай, үлкен табыстарға жету, өзін мәдениетті адам ретінде көрсету мүмкін емес. Яғни іскерлік ортаға тән сөйлеу түрі, сөйлеу мәнерін, сөздік қорды, бір сөзбен айтқанда, іскерлік ортада қалыптасқан сөйлеу ерекшеліктерін толық меңгеру қажет.

Іскерлік әңгіме барысында мына сөз орамдарыныңдұрысын қолдануға дағдыланыңыздар.

Мына сөз орамдарын қолдану тиімсіз:

Мен (мәселе) деп есептеймін.

Сіз түк білмейсіз.

Ол туралы кейін түсінесіз.

Сіз(дер) кейін түсінесіз(дер).

Мына сөз орамын қолдану тиімді:

Менің ойымша, болуы керек.

Ол сізге белгілі ғой.

Сіз келісесіз бе?

Сіз ойлайсыз ба?

Іскерлік әңгіме соңында айтылатын сөз орамдары есте ұзақ қалады және ол істің оң шешімін табуына үлкен ықпалын тигізеді. Сондықтан іскерлік әңгіме, іскерлік кеэдесуге дайындық барысында қорытынды сөзді әңгіменің қандай бағытта өрбитінін ескере отырып, бірнеше нұсқада қағазға түсіріп, тіпті жаттап алған орынды.

Іскерлік әңгіме барысында қолданылатын сөз орамдары:

Іскерлік әңгіменің басталуы

Сіздің (мәселе жөнінде) бізген әңгімелесуге келгеніңізге қуаныштымын.

(мәселелерді) талқылауға уақыт бөлгеніңізге алғысымды білдіремін.

Сізбен (мәселе) жөнінде кеңескім келеді.

Сіздің (мәселеге) деген көзқарасыңыз қандай?

Іскерлік әңгіменің барысы:

(барысы) жөніндегі біздің ұстанған бағытымыз мынадай.

Сіздер (мәселені) бірлесе орындауға қалай қарайсыздар?

Сіздің ойыңызша, (мәселені) қалай шешуге болады?

Меніңше, (мәселенің) шешімін былай табуымыз жөн.

Сіз (мәселе) жөнінде келісесіз бе?

Бізге (мәселе) жөнінде істің басқа нұсқаларын (варианттарын) қарастырғанымыз жөн болар.

Іскерлік әңгіменің қорытындысы:

Сізбен бірлесе жүзеге асыратындығымызға сенімдімін.

Өз тарапымыздан орындайтынымызға сізді сендіремін.

1-тапсырма.Сұхбатты рөлдерге бөліп оқыңыздар. Іскерлік әңгіменің мазмұнына назар аударыңыз. Сөз орамдары қалай қолданылған?

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.