Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Центрифуга аппараттары. 5 страница



Бу арқылы зарарсыздандыруды Кохтың аппараты арқылы да жүргізуге болады. Аппарат - екі қабырғалы, үстінен қақпақпен жабылған цилиндр. Қақпағындағы тесікке термометр орналастырылады. Аппараттың ішінде іші мен түбінде тесіктері бар қаңылтырдан жасалған, оңай алынатын кәтел бар. Аппараттың екі қабат арасына су құяды, зарарсыздандырылатын затты орналастырады да жоғарғы тесіктен будың қатты ағыны шыққанша қыздырады. 100ºС- да зарарсыздандыру 30-60 минут аралығында жүргізіледі. Жоғарғы температурамен ұзақ уақыт әсер еткенде өз қасиеттерін өзгертетін желатин, қант және т.б. материалдарды 3 тәулік қатарынан 30-60 мин. зарарсыздандырады. Оны бөлшекті зарарсыздандыру леп атайды. Ол үшін бу краны ашық автоклавты да қолдануға болады.

Құрғақ ыстықпен зарарсыздандыру Пастер пешінде немесе құрғақ-зарарсыздандыратын шкафтарда жүргізіледі.

Механикалық зарарсыздандыру өте ұсақ тесікті материалдан жасалған бактериалдық сүзгілер арқылы іске асырылады. Пастер-Шамберлен, Беркефельд шамдары немесе Зейтц сүзгіші жиі қолданылады.

Микроорганизмдерді өсіру үшін белгілі температураны автоматты түрде ұстап тұратын әртүрлі термостаттар қолданылады. Бөлініп алынған микроб культурасын, биологиялық препараттарды, қанның сары суын, вакциналарды төменгі температурада сақтау үшін 0…+8ºС қамтамасыз ететін үй тоңазытқыштары пайдаланылады. Одан да төмен температураны алу үшін төменгі, ультра төменгі температурадағы шкафтар қолданылады. Олар арқылы -27…-73ºС, одан да төмен температураны алуға болады.

Микробиологиялық синтез арқылы зерттеуді дамыту мамандардың алдына көптеген міндеттер қоюда. Олардың ішіндегі ең негізгісі микроорганизмдерді үздіксіз өсіру үшін қолданылатын аппараттар мен жүйелерді жетілдіру. Микроорганизмдердің микробиологиясын, физиологиясын, биохимиясын зерттеу салаларындағы жетістіктер қазіргі кезде комплексті жабдықтарды: Биостенд, АНКУМ-І, ферментерлер және т.б. аппаратуралар мен приборларды шығаруға мүмкіншілік туғызды. Бұл приборлар үлкен-стационарлық, кіші-лабораториялық приборлар ретінде шығарылады. Ферментерлерде микроорганизмдерді өсірген кезде оттегімен аэрация жасайтын, микроб массасын үздіксіз араластырып, ортаның рН-ын анықтап және реттеп отыратын, қалыпты температураны ұстап тұратын арнайы жабдықтар бар.

Вирусологиялық лабораторияларда торша массасын көбірек алуға мүмкіншілік тудыратын аппаратуралар сұраныс табуда. Мысал ретінде тін культурасын алуға арналған, америкалық фирма шығарған “New Brunswik” көпдискалы жабдықты келтіруге болады.

 

Бактериологиялық орталар – микроорганизмдердің өсуіне ең қолайлы жағдай туғызатын, қоректік заттардың белгілі бір концентрациясының қоспасынан тұратын қолдан жасалған субстрат.

Қоректік орта төменгі жағдайлар үшін қолданылады:

1. Лабораториялық және өндірістік жағдайда микроорганизмдерді өсіру;

2. Тірі организмнен немесе қоршаған ортадан бөлініп алынған микроорганизмдердің қасиеттерін зерттеу;

3. Микроорганизмдердің таза культураларын сақтау және консервациялау;

4. Микроорганизмдердің өсу процессіне қажетті энергия алулары үшін олардың құрылыс және биохимиялық компоненттерінің биосинтезі.

Тір организмдегі барлық химиялық реакциялар суы бар ортада ғана іске асырылады. Олай болса су кез келген қоректік ортаның ең қажетті компоненті. Ол ондағы оттегі мен сутегінің көзі болып табылады.

Микроорганизмдер үшін ең негізгі көміртегінің көзі – көмірсутегі. Көптеген микроорганизмдермен моносахаридтер, әсіресе гексоздар кеңінен пайдаланылады. Көміртегінің ішінде – глюкоза. Саңырауқұлақтар мен актиномицеттер үшін – маннит және актиномицеттер глицеринді де пайдалана алады.

Микроорганизмдердің торша белоктарын құруға қажет амин қышқылдарының, нуклеин қышқылдарының құрылыстарының элементтері пурин және пиримидин негіздерінің синтездері үшін өте қажет азоттың көзі болуы шарт. Саңырауқұлақтар мен кейбір бактериялар азот көзі ретінде нитраттарды пайдаланады. Алдымен нитраттар микроорганизмдермен өңделеді-тотықсыздандырылады, содан кейін ғана биосинтез процессіне қатысады. Өте көп микроорганизмдер өңделген-тотықсыздандырылған азотты қажет етеді. Сондықтан да қоректік ортаға азоттың көзі ретінде аммоний тұздарын қосады. Микроорганизмдерге қажетті азот органикалық қосылыстар – амин қышқылдары, белок-пептондар арқылы да камтамасыз етілуі мүмкін. Бұл қосылыстар азоттың ғана емес көміртегінің, күкірттің, энергияның да көздері бола алады. Міне, сондықтан да құрамында жануарлардың немесе өсімдіктердің белоктары бар қоректік орта өте көп микроорганизмдердің өсіп-өнуін қамтамасыз етеді.

Торшалардың қажетті компоненттері ДНК, РНК, АТФ және т.б. синтездеу үшін микроорганизмдерге өте керекті фосфордың көзі ретінде фосфаттар пайдаланылады.

Қоректік ортаға күкірттің көзі ретінде сульфаттар қосылады. Сондай-ақ кейбір амин қышқылдары – цистин, цистеиндер де күкірттің көзі бола алады.

Қоректік ортада минералдық қосылыстар болуы шарт. Ол үшін оған минералдық заттар – калий, натрий, магний, кальций; микроэлементтер – темір, кобальт, мыс, молибден, мырш, марганец және т.б. қосылады.

Қоректік ортаның сапасына негізгі әсер ететін факторлар – олар ортаның қажетті рН көрсеткіші және белгілі бір микроорганизмді өсіруде сол микроорганизмге тиісті ортаның реакциясын қалыпты диапазонда сақтау. Ортаның оптимум рН көрсеткіші бейтарап көрсеткішке жуық болуы керек. Мысалы, патогенді микроорганизмдер рН 7,2-7,4–те, ал саңырауқұлақтар рН 4,0-6,0–да жақсы өседі. Бактериялар рН –4,0 -тен төмен болса өспейді.

Қоректік орта қасиеттері және қолданылулары бойынша бірнеше топтарға бөлінеді. Консистенциясы бойынша тығыз, сұйық және жартылай сұйық болып бөлінеді. Тығыздаушы зат ретінде теңіз су балдырларынан алынатын полисахарид агары, желатина және кремний қос тотығының туындысы - сликагель қолданылады. Ол үшін агарды 1-2 %, желатинаны 10-15 %, сликагелді 1,5 % мөлшерінде қосады.

Қоректік ортаның құрамына кіретін ингредиенттері бойынша: химиялық құрамы белгісіз және химиялық құрамы белгілі – синтетикалық орта болып бөлінеді. Оның ішінде химиялық құрамы белгісіз қоректік орта қарапайым және күрделі болып бөлінеді. Қарапайым қоректік ортаның негізгі ингридиенттері ферментті және қышқылды гидролиз жолдарымен алынған белоктардың ыдырау өнімдері.

Ферментті гидролиз белоктарды ыдырататын ферменттердің жартылай тазаланған түрлері – пепсин, трипсин, папаиндардың көмегі арқылы немесе берілген затты құрамында осы ферменттер бар шикізаттармен мысалы, ұйқы безімен, ұнтақталған шошқаның асқазанымен өңдеу арқылы іске асырылады.

Мал белоктарының ферменттерімен өңдеу кезінде толық гидролиз іске аспайды да, оның нәтижесінде пептондар түзіледі. Ал пептоны бар қоректік ортада микроорганизмдер жақсы өсіп-өнеді.

Қарапайым қоректік ортаның негізінде күрделі қоректік орта дайындалады. Оған мысал ретінде құрамында әртүрлі қант немесе қан бар орталарды келтіруге болады. Табиғи қоректік ортаға құрамында қанның сары суы бар және асцит сұйығын қосу арқылы дайындалған ортаны жатқызуға болады. Мысалы, кокктарды өсіру үшін құрамында жылқының немесе өгіздің 10-20 % қандарының сары суы бар қан сары суының агары немесе қан сары суының сорпасы – екі концентрациялы, 8-10 % қан сары суы қосылған ет-белок сорпасы, пайдаланылады.

Бұл орталар, құрамында табиғи қоректік субстраттар болғандықтан, химиялық құрамы белгісіз орталарға жатады. Ал, химиялық құрамы белгілі ортаны пайдалану бактериялардың өсіп-өнуін бақылауға өте қолайлы. Оның құрамында су және белгілі бір концентрациядағы химиялық таза қосылыстар болады. Оларды синтетикалық қоректік орталар деп атайды. Синтетикалық қоректік ортаның басқа қоректік орталардан артықшылығы олардың микроорганизмдердің метаболизм ерекшеліктерін анықтаудағы ролі.

Қолдану мақсатына қарай қоректік орталар селективті – элективті және дифференциалды- диагностикалық болып бөлінеді. Элективті қоректік ортаны қолдану арқылы аралас микроорганизмдердің ішінен керекті микроорганизмді бөліп алуға болады. Керексіз микроорганизмдерге қолайсыз жағдай туғызу арқылы олардың өсіп-өнуін тежейді.

 

Гистологиялық зерттеулерге арналған аппараттар.

 

Гистологиялық зерттеулерге препараттарды дайындау үшін қолданылатын аппараттар: микроскоптар, микротомдар, тіндерді гистологиялық өңдеу және препараттарды бояу үшін қолданылатын автоматты аппараттар, микроманипуляторлар, термостаттар, қыздыру үстелдері, морфологиялық құрылыстарды автоматты түрде анализдейтін приборлар мен жабдықтар.

Микротом микроскопиялық зерттеулерге жарайтын жұқа кесінділер дайындау үшін қажет аппарат. Ол негізден, жетекші және микроберетін механизмдерден, объектіні және пышағымен оны ұстап тұратын жабдықтардан тұрады. Кесіндіні алу үшін пышақ немесе объект бір бағытта қозғалуы шарт. Ал қайта қайтқанда объектіні көтеретін механизм оны келесі кесіндінің қалыңдығы мөлшеріне көтеріп дайындайды.

Қолданылып жүрген микротомдарды екі типке жатқызуға болады:

1. Объект оны ұстап тұратын құралда қозғалыссыз, ал пышақ қозғалмалы түрде орналастырылған. Пышақтың көлденең немесе қисық бағытта қозғалатын конструкциялары бар микротомдар;

2. Ротациондық микротомдар. Оларда объект арнайы механизмнің көмегімен тік немесе көлденең бағытта қозғалыссыз орнықтырылған пышақтың үстінен өтіп, әрбір кесінді сайын белгілі мөлшерге бір жағына қарай ауытқып отырады.

Парафин, целлоидиндерге құйылып дайындалған объектілерден кесінді дайындау үшін радиалды, шаналы, ротациондық микротомдар қолданылады. Ал жануарлардың немесе өсімдіктердің мұздатылған тіндерінен кесінді алу үшін мұздатқыш микротом пайдаланылады. Онда объектіні арнайы баллоннан жұмсақ резина түтікше арқылы микротом үстеліне берілетін сұйық көмірқышқылы арқылы мұздатады. Сондай-ақ микротомға жеке мұздатқыш үстел қосымша беріледі. Онда объектіні мұздату үстелге орнатылған жартылай өткізгішті элементі бар электр тоғы арқылы іске асырылады.

Микротом пышағынан алынған кесіндіні мұздатылған күйінде сақтау үшін микрокриостат пайдаланылады. Ол мұздатқыш микротомға орнықтырылған кішкентай мұздатқыш камера. Ондағы температура 0-10ºС аралығында сұйық көмірқышқылы арқылы іске асырылады.

Экспресс-биопсияда, гистохимиялық зерттеулерде (ферменттік, антигендік және басқа да тіндердің белок жүйелерін зерттеу) жап-жаңа мұздатылған тіндерден кесінділер алу үшін микротом-криостат қолданылады. Ол температурадан қорғалған камерасы және суытқыш жүйесі бар микротом.

Микротомның пышақтарын қайрау үшін бірнеше бейімделген құралдар мен арнайы стақандар бар. Жиі қолданылатын 3МН-2 стақаны 5-7 минуттың ішінде ұзындығы 180-500 мм микротом пышақтарын жылдам және жоғарғы сапада қайрайды. Пышақтың қайрау бұрышы 20-30º.

Электрондық микроскопиялық зерттеулерге арналған өте жұқа кесінділер дайындау үшін ультрамикротомдар қолданылады. Онда препараттарды кесуге дайындау және оны микроскоптың көрінетін жазығына шығару толық автоматтандырылған. Ультрамикротом УМТ-2 арқылы қалыңдығы 15-90 нм кесінді алуға болады. Ал УМТ-5 микротомы 5-100нм қалыңдықтағы кесінділерді дайындауға арналған. Жарық микроскоптары арқылы көруге қалыңдығы 5-8 мкм-дан 1-2 мкм-ге дейінгі кесінділер жарап жатыр.

Тіндерді гистологиялық өңдеу және кесінділерді бояу үшін жартылай автоматтар шығарылған. Оларға жататындар Америкалық «Аутотехникон» және Ресейлік «Гистохроматор». Мысалы, АТ-4 гистохроматорының бағдарлама беретін жабдығы бар және импрегнация, бояу, бекіту, жуу, тығыздау, спиртте сусыздандыру, парафинді сорғызып және оған құю, т.б. процесстерді автоматты түрде іске асырады. Зат жұғындысына арналған шынылардағы гистологиялық препараттарды бояуға арналған арнайы тәртіппен бояйтын көп позициялық автоматтар да бар.

Тіндерді зерттеуде оларды ұнтақтау жиі кездесетін жағдай. Әсіресе тығыз тіндерді (тері, бұлшық ет) ұнтақтау егер ол қолмен істелетін болса, көп еңбектенуді қажет етеді. Оның сапасы да - гомогендігі, ұсақ дисперсті массаның алынуы, ойдағыдай болмайды. Уақыттың ұзаққа созылуы да, әсіресе тін ферменттерінің белсенділігін анықтауда, оның нәтижесіне кері әсер етеді. Сондықтан да, қазіргі кездегі аппаратураларда қол жұмысы жоқтың қасы деуге болады. Оларға жататын әртүрлі типті гомогенизаторлар. Ұнтақтау әртүрлі пішінді, әртүрлі көлемді (1 мл-ден 1л-ге дейін, одан да көп көлемде) металлдан, шыныдан, пластмассадан жасалған ыдыстарда жүргізіледі. Ыдыстың төменгі бөлігінде белгілі бір бұрышпен орналастырылған, айналу жылдамдығы минутына 3000 – 12000 болатын пышақтар бар. Айналу қақпақшалары ұнтақтаумен қатар заттарды сұйық бөлігімен араластыра отырып, гомогенді ұнтаққа айналдырады. Кейбір гомогенизаторларда массаны суытаттын жабдық қолданылады.

Гомогенизаторлар биология, медицина, ветеринария салаларында жиі қолданылады: биохимияда, фармакологияда, иммунологияда, физиологияда, экспериментті биологияда және т.б..

Өсімдіктердің және жануарлардың тіндерін ұнтақтау үшін өндірісте РТ-1 және РТ-2 ұнтақтағыштары шығарылады. Олар тіндерді жылдам ұнтақтауға, олардан гомогенді масса, эмульсиялар мен суспензияларды алуға арналған, үстелдің үстіне қойып қолдануға болатын лабораториялық аппараттар.

Заттарды шайқау және араластыру биохимиялық лабораторияларда реакция барысында эмульсия және суспензия жасау үшін жиі қолданылатын процедура. Олардың мақсаты бір бағытта болғанымен, олар тәжірибе жүзінде әртүрлі жолдармен іске асырылады. Араластрыу ішінде сұйығы бар ыдысты қатты жылдамдықпен қозғау. Оны қозғау жылдамдығы реакция нәтижесіне маңызды әсер етеді. Мысалы, жұмыртқаны қатты шайқап араластыру оның нативті белогының көбіктеніп, денатурациялануына апарып соғады.

Сұйықтарды араластыру үшін әртүрлі жабдықтар қолданылады. Үстелдің үстіне орналастырып қолдануға болатын ММ-3 араластырғышы бар. Оның негізінде орналастырылған электр қозғағышына таға тәрізді тұрақты магнит бекітілген. Магнит айналғанда ішінде араластырылатын сұйық бар ыдыстың ішіндегі болат желімен (стержень) байланысады да, ол желі сұйықты араластырады. Желіні коррозиядан және сұйықпен реакцияласудан сақтау үшін, ол полиэтиленді қабшықпен тұйық қапталған.

Араластыру жылдамдығы магниттің айналу жылдамдығына, желінің мөлшеріне және сұйықтың тұтқырлығына тікелей байланысты. Керек болған жағдайда араластыруды приборда бекітілген электр пешін қосып қыздыру арқылы да жүргізуге болады.

Магнитті араластырғыштарды сұйықтарды титрлеу кезінде де қолдануға болады. Ол үшін араластырғышты бекітетін арнайы тірегіш болады. Магнит күшін жоймас үшін жұмыстан кейін электр пешінің үстіне прибормен бірге келетін, магниттің күш сызықтарын тұйықтайтын болат шығыршықты қояды.

Айналдырғыштың биохимиялық 93-ші моделінде үш айналдыту жылдамдығы бар: 600, 900 және 1200 а/мин. Бұл жылдамдықтар айналдырғышты кішкене көлемді және үлкен көлемді ыдыстардағы сұйықтарды шайқап араластыру үшін бірдей қолдана беруге болатындығын дәлелдейді.

Сонымен қатар универсалды араластырғыштар да бар. Олар лабораториялық ыдыстардағы – колба, пробирка, бөтелкелердегі сұйықтарды араластыру арқылы реакцияны жылдамдату, сұйық компоненттерінің механикалық түрде араласуы, бактериологиялық зерттеулерде өсірілетін культураның аэрациясын жақсарту үшін қолданылады. Аппаратта ауыстырмалы платформалар бар: колбалар үшін үш, пробирка мен бөтелке кассеталарын бекіту үшін бір универсалды.

Аппаратты ұзақ уақытқа (5 тәулікке дейін үздіксіз) және қысқа мерізімге (5-55 минутқа дейін) автоматты түрде тоққа қосуға болады.

Ауыстырылатын платформалардағы лабораториялық ыдыстардың көлеміне байланысты бірден мынандай наборларды орналастыруға болады: 100 мл-ден 30, 250 мл-ден 20, 500 мл-ден 12 колбаларды; 5 л-ден 2 бөтелкені; 11-19 мм диаметрлі 160 пробирканы. Тербелу саны жәй минутына 100-280 айналу, амплитудасы 10-25 мм мөлшерінде реттеліп отырады.

Қан элементтерін микроскоп арқылы зерттеу үшін оларды ерітетін сұйықтарда меланжерде араластыратын, үстелдің үстіне қойып пайдалануға болатын, портативті араластырғаштар бар. Прибордың жұмыс істеу принципі: электр магниттінің екі катушкасында ортақ болат жүрекше бар. Ол меланжер штативі бекітілген рычакпен шарнир арқылы байланыстырылған. Сол рычаг стерженде толқыма қозғалысын тудырады. Бір штативке 1-6 меланжер орналастыруға болады.

 

Химиялық реактивтер.

 

Химиялық реактивтер дегеніміз лабораториялық тәжірибеде әртүрлі химиялық реакцияларды іске асыру үшін қолданылатын заттар.

Малдәрігерлік тәжірибеде химиялық реактивтер клиникалық, ветеринариялық, санитарлық, гигиеналық, экспертиздік, биохимиялық және басқа да лабораториялық зерттеулерде аналитикалық және диагностикалық мақсатта қолданылады. Мұндай зерттеулердің барлық талаптарын қанағаттандыру үшін химиялық реактивтердің көп ассортиментері қажет етіледі.

Мысалы үшін, тек ферменттерге клиникалық және биохимиялық зерттеулерді ғана жүргізу үшін жоғарғы тазалықтағы субстраттар, ферменттердің өздері, олардың реагенттері қажет. Әртүрлі өндірістерде ветеринариялық-санитарлық бақылаулар жүргізу үшін; санды және сапалы органикалық және бейорганикалық анализдерді анықтау үшін; азықтарды, суды, ауаны ветеринариялық-санитариялық және гигиеналық анализдерден өткізу үшін өте жоғарғы тазалықтағы әртүрлі химиялық реактивтер қажет етіледі.

Химиялық реактивтер көптеген жағдайларда жеке заттар болып келгенімен, олардың құрылыстарының күрделі болып келуі де жиі кездеседі.

Химиялық реактивтердің жалпылай қабылданған жіктелуі жоқ. Оларды аналитикалық химиялық реактивтер деп және басқа қасиеттеріне қарай жіктейді.

Аналитикалық химиялық реактивтерді типті топтарға бөледі:

1. Еріткіштер – қышқылдар және олардың коспалары, сілтілер, кешенді заттар түзетін қосылыстар, органикалық еріткіштер және т.б.;

2. Бөлгіштер – топты немесе арнайы тұнба түзушілер; экстракция, кешенді заттарды түзетін химиялық реактивтер;

3. Диагноз қою үшін қолданылатын химиялық реактивтер – тұнба беретін немесе зерттелетін заттар мен иондарды бояйтын заттар және титрлік ертінділерді дайындауға қолданылатын химиялық реактивтер;

4. Көмекші әсер ететін, керекті химиялық реакцияларды жүргізуге қолайлы жағдай тудыратын химиялық реактивтер. Оларға: индикаторлар, тотықтырғыштар, қайтадан қалпына келтірушілер, буферлік қоспаларды дайындауға қажетті реактивтер жатады.

Бұл химиялық реактивтердің бағалылығы мен тәжірибелік маңыздылығы негізінен олардың ерекшеліктері мен сезімталдықтарына байланысты. Химиялық реактивтердің сезімталдығын анықтайтын заттың ең аз мөлшерін немесе концентрациясын белгілі бір реактив арқылы аналитикалық реакция жүргізу арқылы анықтайды. Ал басқа заттардың ішінен керекті затты анықтау үшін қолданылатын химиялық реактивтер арнайы немесе спецификалық реактивтер деп аталады. Таза спецификалық реактивтер өте аз. Себебі олар көп жағдайда тек бір ионмен ғана емес бірнеше иондармен реакцияға түседі.

Химиялық реактивтерге қойылатын негізгі талаптың бірі олардың тазалығы. Оларда бөгде қоспалардың болу мөлшері ГОСТ-пен немесе Техникалық Нұсқауме қатаң шектеледі.

Құрамында негізгі заттар мен жіберуге болатын қоспаның мөлшеріне байланысты химиялық реактивтердің жіктелуі:

· «таза» - ХТ, онда негізгі заттың мөлшері 99 % - дан жоғары, ал қоспаның мөлшері 0,001 – 0,00001 % болуы керек:

· «анализ үшін таза» - АҮТ, негізгі заттың мөлшері 99 % - дан кем болмауы керек;

· «таза» - Т, негізгі заттың мөлшері 98 % - дан кем емес;

· «эталонды таза – ЭТ;

· «ерекше таза» - ЕТ.

Жіктелудің соңғы екі түрі ғылым мен техниканың қазіргі дәуірдегі жетістіктеріне орай радиоэлектронника, жартылай өткізгізтік өндіру, микроэлементтерді анализдеу салаларына байланысты туындаған.

Жоғарғы тазалықтағы заттарға тиісті маркалар тағайындалады. Онда заттың құрамында жіберілуге болатын қоспаның мөлшері, лимит саны және барлық қоспаның жиыны символ және сан арқылы беріледі. Сонымен қатар тазалықты қажет ететін және белгілі бір салада қолдануға болатын жинақты химиялық реактивтер (наборлар) бар. Оларға жататындар: индикаторлар; ультрафильтрацияға, электрофорезге, хромотографияға қажетті наборлар; иондардың алмасуын тудыратын қара майлар; әртүрлі полимерлер және т.б.

Зерттеу және клиникалық лабораторияларда изотоппен белгіленген химиялық реактивтер кеңінен қолданылады. Мысалы: С14, Н3, Р 32 және т.б.

Қазірде көптген өндірістерде мал организміндегі биологиялық сұйықтың құрамын автоматты түрде анықтау үшін химиялық реактивтердің жиынтық наборлары шығарылады. Олардың ішінде автоанализаторлар да бар.

Көптеген химиялық реактивтер тотығу, ылғалдану, бұзылу салдарынан өз қасиеттерін өзгертуі мүмкін. Сондықтан оларды сақтауға белгілі бір жағдай жасау керек: төменгі температура, жақсы жабылатын қара шыны, ылғал сорғышы бар эксикаторлар және т.б. Мысалы, изотоппен белгіленген химиялық реактивтерді төменгі температурада сақтайды (-20ºС). Оларды қолданғанда белгілі радиоизотоптардың әрқайсысының жартылай бөлшектену уақытын есепке алып отыру керек. Күшті әсерлі, жарылуы қауіпті немесе тез от алғыш химиялық реакткивтерді сақтауға ерекше жағдайлар жасау қажет.

Химиялық реактивтерді дайындау және оларды қолдану әдістерін зерттеп, жетілдіріп отыратын арнайы ғылыми зерттеу институттары бар. ТМД елдері үшін ондай институт Москвада орналасқан.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.