Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Центрифуга аппараттары. 3 страница



 

Қыздыруға арналған аппараттар. Лабораторияларда жиі жүргізілетін жұмыстардың бірі қыздыру. Ол үшін қазіргі кездегі лабораторияларда электр тоғы арқылы қыздырылатын приборлар жиі қолданылады: плиталар, пештер, ванналар, кептіргіш шкафтар және т.б.. Жылулықты тасымалдаушы ретінде су немесе ауа пайдаланылады. Әсіресе газ жоқ жерде және газды қолдануға болмайтын жағдайларда (жеңіл ұшқыш, тез от алғыш органикалық ертінділерді қыздырғанда) электр тоғының маңызы өте зор. Электр приборларын реостат арқылы қосып және сол арқылы реттеп отыруға болады. Ал белгілі бір деңгейге дейін реостатсыз реттеу үшін электроприборларда үш контакт болады.

Электр пештерінің әртүрлі көлемді, дөңгелек, төртбұрышты, ашық және жабық түрлері бар. Оның спиралін жабатын пластинка металлдан, асбестен немесе тальк-шамоттан жасалады. Асбес пен тальк-шмоттан жасалған түрлері химиялық реагенттердің әсеріне төзімді және қолдануға ыңғайлы болып келеді. Асбес арқылы қыздырылатын плиталардың жақтаулары бар, оларды пайдаланып құм баннасын жасауға болады. Ашық плиталар оларға қыздыратын заттың түсу қаупі болмаған жағдайда пайдаланылады.

Ванналардың бірнеше түрлері бар: су ваннасы, құм ваннасы, ауа ваннасы.

Су ванналары отқа қауіпті заттармен жұмыс істегенде өте қолайлы. Реостат арқылы тоққа қосып, сол арқылы температурасын реттеп отыруға болады. Көптеген ванналар арнайы термореттеушімен қамтамасыз етілген. Онда температураны 30-100ºС аралығында реттейтін контакты термометр бар.

Құм ванналарында әртүрлі заттарды 100ºС-дан жоғарғы температурада қыздыруға болады. Қыздыратын ортаның қызметін ұсақ етіп себілген және тазартылған құм атқарады. Құмның үстіне қойылған ыдыстың түбі керамикаға тимеуі керек. Құм ванналарының артықшылығы олардағы қыздыру температурасы тұрақты болып келеді, бірақ құм өте жәй қызады және 400ºС-дан жоғары температура алуға келмейді.

Ауа ванналары. Электр тоғы арқылы жұмыс істейтін ауа ванналары көбінесе қайнау температурасы 100ºС-дан жоғары сұйықтарды қыздыру үшін пайдаланылады. Қыздыру ортасы ауа. Ең жоғарғы қыждыру температурасы 200ºС.

Колбаны қыздырғыштар. Түбі дөңгелек шыны ыдыстардағы сұйық заттарды қыздыру үшін лабораторияларда ортасы шұңқырланған, кәдімгі плиталардан биіктеу келген арнайы плиталар қолданылады.

Колбаларды электр тоғымен тікелей қыздыру үшін қыздыру элементі колбаның түбіне орналастырылған, бірден электр тоғына қосуға болатын арнайы колбалар бар.

Пештердің түрлері: муфель, тигель, шахта, түтікше пештері.

Муфель пештері өте жоғарғы температурада қыздыру, күл алу, балқыту үшін пайдаланылады. Оларда температура 1000-1200ºС-ға дейін жетеді, ал арнайы пештерде одан да жоғары температураны алуға болады. Пеште шамоттан (отқа төзімді балшық немесе каолин) немесе басқа да отқа төзімді материалдан жасалған муфель бар. Оған қыздыру сымын орап, оны металл корпусқа орналастырады.

Тигель пештері. Олар муфель пештерінің бір түрі, айырмашылығы пішінінің өзгешелігі және керамикалық муфелінің орналасуы басқаша болады. Кераикалық муфель тигель пішіндес, металл корпуста тік орналастырылады. Оның тесігі жоғары қаратылады да, кераикадан жасалған қақбағымен жабылады.

Шахты пештері. Олар тигель пештерінен тек пішіні жағынан ғана өзгеше болып келеді, тигель пештері сияқты пайдаланылады.

Түтікше пештері. Кейбір тексерулерде реакция түтіктерін қыздыру үшін қолданылады. Мысал ретінде қопарғыш зарядтарды, органикалық синтездерді келтіруге болады.

Қатты заттарды кептіру, сұйықты буландыру және қыздыру үшін инфрақызыл сәулесі қолданылады. Оны сүтті пастеризациялау үшін де қолдануға болады. Затты жәй, ақырын қыздыру үшін электр лампаларын қолданады.

Қыздыру үшін қолданылатын газ приборлары. Лабораторияларда екі типті – Бунзен және Теклю газ оттықтары қолданылады. Меккер оттығы да бар. Газ оттықтарды іске қосуды олардың газ шығарады-ау деген жерлерін тексеруден бастау керек. Ол үшін оттықты газ кранына қосады да, тамызу арқылы реттеуші винттің жұмысын тексереді. Винттің төңірегіне сереңке арқылы газдың шығу-шықпауын көреді. Көп мөлшерде сұйықты қыздыру үшін газ плиталары қолданылады. Олардың үстелдің үстіне қоятын және тұрмыстық түрлері бар.

Сұйық оттықтар. Олардың бірнеше түрлері бар. Жиі қолданылатындары: шыны және металл спиртті оттықтар. Олар қатты жалындамайды.

Шыны спиртті оттықта спирт мақтадан жасалған фитиль арқылы беріледі, ал металлды оттықта – қабырғасының төменгі жағында орналасқан, ішіне бірнеше мыс сымы салынған, түтікше арқылы. Спирт оттықтың төменгі жағына, ішінде диаметрі кішкене мыс сымдары бар бөлігіне түседі. Оттық жоғары температура береді.

Спиртті оттықтарда жалын болмайды, температура жоғары болады. Газы жоқ лабораторияларда бензинді және керосинді оттықтар кең тараған. Олардың да бірнеше түрлері бар. Алдымен оттықты қыздырады да, одан кейін оған ауаны үрлеп толтырады. Қысым арқылы бензин немесе керосин беріледі. Кейде лабораторияларда дәнекерлегіш бензинді оттықтар пайдаланылады.

Далада жұмыс істегенде құрғақ спирт немесе қатты бензиндерді қолдануға болады. Қысқа уақытқа, бірнеше минутқа қыздыру үшін уротропиннің таблеткасын пайдалануға болады. Бір таблетка үш минуттай жанады.

 

Кептіргіш аппараттар.

 

Кептіргіш шкафтар - әртүрлі объектілерді кептіру үшін қолданылатын жабдық. Оның кептіргіш-залалсыздандырғыш түрі бар. Онда инструменттерді, ыдыстарды және басқа да бұйымдарды тек кептіріп қана қоймай залалсыздандыруға да болады. Олардың дөңгелек және тікбұрышты, бір жақты және екі жақты, отты және электрлі, жалпы қолдануға болатын және кептіргіш түрлері бар. Кептіргіш шкафтарда ыстық-суықты жібермейтін бір немесе екі есікті жұмыс камералары болады. Олардың ішінде көп тесігі бар, металлдан жасалған төсеніштері бар. Камераның ішіндегі ауаның айналуы вентилятор арқылы іске асырылады. Шкафтың көрсеткіштерінің элементтері оның сыртында, жоғарғы жағына орналастырылады. Электр шкафтарда температура автоматты түрде – термоэлементтер немесе контакты термометр арқылы іске асырылады.

Электр кептіргіш шкафтарымен жұмыс істегенде қауісідік ережесін сақтау керек. Аппарат жұмыс істеп тұрған кезде жөндеу жұмыстарын жүргізбеу керек, жұмыс камераларына жеңіл тұтанатын немесе аггрессиялық заттарды салмау керек.

 

2-ші кесте

Кептіргіш және кептіргіш-залалсыздандырғыш шкафтардың негізгі деректері

 

Шкафтардың типтері,шифрлары Жұмыс камера сиымдыл. дм Қуаты кВт ДиапазонТºС Қызу уақыты мин.   Биіктігі мм Ені мм Ұзындығы Мм  
Жалпы дөңгелек -2В- 151     0,56 40-200          
Тікбұрышты ПГ-2 -  
Арнайы рентгендік 1,4 36-44  
Екі жақты -ШСС-250 50-200  
Бір жақты - ШСС-500П 6,5 50-200  
Екі жақты ШШС-50 ПР 50-200  
Бір жақты ШШС-1000П 50-200  
Екі жақты ШШС-1000ПР 50-200  
Бір жақты ШШС-80П 2,2 20-200  
Бір жақты ШШС-80П 50-200    

 

Температураны тұрақтандыру үшін қолданылатын аппараттар.

 

Термостаттар – тұйықталған көлемде температураны белгілі бір деңгейде ұстап тұратын аппарат. Лабораториялық жабдықтардың ішінде алатын орны ерекше. Термостат ыстық-суықтан жақсы қорғалған цилиндр, куб пішінді ыдыс. Алғашқыда микробиология саласында, артынан биохимиялық және т.б. зерттеулерде қолданыла бастады. Жоғарғы температураны ұстау үшін және төменгі температураны ұстау үшін немесе креостат деп аталатын түрлері бар. Жылулықты ұстағыш заттарына байланысты құрғақ ауалы және сұйықты деп бөлінеді.

Сұйықты термостаттардың бөлінуі:

  • төменгі температуралы, оған мысал ретінде спиртті термостаттарды келтіруге болады. Онда температура -60 - + 10ºС аралығында болады. Сондай-ақ сулы термостаттарда температура +10 - +95ºС аралығында болады.
  • жоғарғы температуралы, оған мысал майлы (температура 100-130ºС), тұзды және селитрлі (температура 300-500ºС)
  • құрғақ ауалы термостаттарда температура 300ºС және одан да жоғары болады.

Термостаттардағы температураның тұрақтылығы термореттеушілер, контакты термометрлер, қарсылық термометрлері арқылы қамтамасыз етіледі.

Фазаның алмасуы арқылы реттелетін термометрлерде қыздырушы термоэлементтер немесе суытатын жабдық болады. Онда жылулық немесе суықтық тасымалдаушы зат белгілі бір температурадағы қыздырғыш немеесе тоңазытқыш арқылы өткеннен кейін сол температура термореттеушінің немесе контакты термометрдің бақылауына алынады.

Қазірде шығарылатын термостаттарда бұл процесс автоматтандырылған. Термостаттардың типтеріне байланысты олардағы температура 0,1-0,5ºС дәлдік мөлшерінде беріледі..

Ультратермостаттардың камераларының көлемі кішкене, қуатты, температураның тұрақтылығы жоғарғы дәлдікте, реттеуші приборлары жақсы жетілдірілген.

Бірталай зерттеулерде батырылатын термостаттарды пайдаланады. Оларды да қыздырғыштары, термореттеушілері және араластырғыштары бар. Оларды температурасын реттейтін сұйыққа батырып қояды.

Преципитация, коагуляция процессерінің реакциялары үшін қабырғалары мөлдір термостаттар қолданылады.

Арнайы термостаттарға жататындар: термостар, Дъюар ыдысы, термобанна «ТБ-110». Олар төбесінен ашылады. Ол штативтерді, пробиркаларымен кронштейндерді және басқа да сұйықтармен толтырылған ыдыстарды орналастыруға өте қолайлы.

Термостаттармен жұмыс істегенде электрприборларымен жұмыс істегендегідей қауіпсіздік ережелерін сақтаған жөн.

Термостаттардың ішкі жылтыр қабырғаларын тазалықта ұстайды. Оны коррозиядан және ластанудан сақтайды.

 

Өлшегіш аппаратуралар.

 

Өлшеу – лабораториялық анализдерде жиі қолданылатын көмекші процедура. Сондықтан да лабораториялық приборлардың ішінде ең көп тарағаны заттардың массасын анықтау үшін пайдаланылатын таразылар.

Таразы – дененің массасын оған әсер ететін салмақ күші арқылы анықтайтын прибор. Дененің массасы немесе бірлік ретінде алынған массамен салыстыру арқылы, немесе дененің жерге тартылу күшін анықтау арқылы, немесе қосалқы түрде электрмен өлшеу арқылы анықталады.

Жұмыс істеу принципіне қарай иықты және пружиналы болып бөлінеді. Иықты таразылар көбірек тараған. Олар иық жүйелерінен және тірегіштен тұрады. Тірегіш ретінде призма және жастық деген қосымша құралдар қолданылады. Олар жуықтап өлшеу үшін болаттан, ал дәлдікпен өлшеу үшін Агата-тасынан, Корундадан жасалады.

Иықты таразылар тең иықты және әртүрлі иықты болып бөлінеді. Тең иықты таразыларда тірегіш тура ортасына, ал әртүрлі иықты таразыларда орталықтан бір жағына қарай ауытқып орналастырылады. Мұнда иықтардың теңдік заңы қолданылған. Өлшеу жүкті гир тастары арқылы теңестірумен іске асырылады. Соңғы кезде кейбір жағдайларда таразыны тепе-теңдікке келтіру үшін электронды жабдықтар пайдаланылуда.

Өлшеу дәлдігіне қарай таразылардың түрлері:

  • добалмен өлшеу үшін (дәлдігі 1 г-ға дейін);
  • дәлдікпен өлшеу үшін (дәлдігі 10 мг-ға дейін);
  • өте дәлдікпен – аналитикалық өлшеу үшін, олар бірнеше түрлерге бөлінеді:
  • аналитикалық химиялық (дәлдігі 0,1-1,0 мг). Оған мысал ретінде 200 г-ға дейін өлшеуге болатын АДВ типті немесе аналитикалық жартылай автоматтық – ВАО- 200 типті таразыларды келтіруге болады;
  • аналитикалық жартылай микрохимиялық (дәлдігі 0,01-0,05 мг), микрошкаласы бар, 20 г-ға дейін өлшеуге болатын таразы;
  • аналитикалық ультрахимиялық (дәлдігі 0,001-0,05 мг). Олардың ішінде арнайы пробиркалық (дәлдігі 0,004 мг) және бір тарелкалық – жартылай автоматты, жылдам өлшеуге арналған таразылар;
  • электронды – ЭМ-І типті таразы.

Өте аз мөлшерді жылдам және дәл өлшеу үшін торзионды немесе айналдырмалы таразылар қолданылады. Олардың сезімтал элементтері ретінде серпімді жіпше немесе спиралды серппе қолданылады.

Таразылардың барлық типтеріне ортақ сипаттама:

1. Олардың метрологиялық көрсеткіштерін бұзбай жоғарғы өлшеу салмағы;

2. Шкаланың әрбір бөлігі белгілі бір массаға дәл келеді;

3. Өлшенетін заттың нақтылы салмағы мен бір рет өлшеу нәтижесінің арасындағы мүмкін болатын айырмашылық;

4. Бір затты бірнеше рет өлшегенде мүмкін болатын айырмашылықтың жоғарғы көрсеткіші.

ТМД елдерінде, оның ішінде Қазақстанда өлшеу және масса бірлігін тағайындауға арналған нұсқау бойынша гирлердің төмендегідей массалары белгіленген: 20, 10, 5, 2, 1 кг; 500, 200, 100, 50, 20, 10,5, 2,1 г; 500, 200, 100, 50, 20, 10, 5, 2, 1 мг.

Гирелрдің әртүрлі салмақтары жинақталып набор ретінде шығарылады. Дәл өлшеу үшін қолданылатын 500 граммнан 1 граммға дейінгі салмақтағы гирлер мыс құймасынан немесе тотықпайтын болаттан қиылған конус түрінде дайындалады. 500 мг-нан 1 мг-ға дейінгі салмақтағы гирлер аллюминийден, никельден, нейзельберден немесе платинадан бұрышы майыстырылған тік бұрышты пластинка ретінде шығарылады.

Приборлардың көрсеткіштерінің дұрыстығын өлшеу стандарт Комитеті екі жылда бір рет тексеріп, клейма қойып отырады.

Аналитикалық және І класс техникалық таразылар тіреуіштері тұрақты қабырғаға бекітілген арнайы сөрелерге орналастырылады. Оның ішінде аналитикалық таразыларға ерекше талап қойылады. Олар жылу батареясына жақын болмауы керек, тікелей күн сәулесінің түспеуін қадағалайды, сөре тіреуіштерін сыртқы қабырғаға орнатпау керек, себебі температура айырмашылығы салмақ көрсеткішіне әсер етеді. Таразыларды вибрациядан қорғау мақсатында оларды қалың мрамор плиталарына орналастырады. Арнайы өлшеу бөлмесі болғанда бұл мәселелер оңай шешіледі, бірақ барлық шаруашылық жағдайларда ондай мүмкіншіліктер бола бермейді. Оларды жалпы бөлмелерде орналастырғанда ол бөлмеде концентратты қышқылдардың болмауын қадағалау керек, олар таразы бөлшектерінің коррозияға ұшырауына апарып соғады.

Таразы платформаларының, көп жағдайларда, олардың деңгейін реттеу үшін қолданылатын, бұралып қосылатын аяқтары болады. Жаңа алынған таразыларды жинау кезінде олардың бөлшектеріндегі арнайы белгілеріне – номерлеріне көңіл аудару керек.

І-ші классты техникалық және аналитикалық таразыларда өлшеу жұмысы ауа ағымынан қорғайтын, есігі жабық витринаның ішінде жүргізіледі. Өлшеу алдында таразының деңгейінің дұрыстығына көз жеткізір алу керек.

 

4 -ші кесте

Әртүрлі типті таразыларды сипаттайтын негізгі көрсеткіштер

Таразылардың типтері   Жүктің жоғарғы деңгейі Қателік мөлшері
Аналитикалық 200 г 1,0 – 0,1 мг
Микроаналитикалық 20 г 0,1 – 0,01 мг
Пробиркалық 2 г 0,02 – 0,004 мг
Торзиондық 20 мг – 1 г 0,05 – 0,1 мг

 

Таразылармен жұмыс істегенде төмендегідей ережелерді сақтау керек:

  1. Таразылармен, әсіресе аналитикалық таразылармен жұмыс істегенде өте сақтық керек. Оларды бір орыннан екінші орынға оған себепсіз жылжыта беруге болмайды;
  2. Олар әрқашанда таза тұруы керек. Өлшеу алдында олардың тарелкаларын тазалап сүртіп отыру қажет;
  3. Өлшеу үшін затты бірден таразының тарелкасына салмай, арнайы ыдыс қолдану керек;
  4. Таразының жанында өлшенетін заттың қосымша бөліктері тұруы шарт;
  5. Иісі бар және улы заттарды өлшеу процессін тек сору шкафы бар орындарда жүргізеді;
  6. Аналитикалық таразыларда ашық ыдыстарда йодты; аммиакты; азот, тұз, сірке қышқылдарын; үш-бес хлорлы фосфорды; ұшқыш заттарды өлшеуге болмайды;
  7. Әртүрлі салмақты гирлермен, әсіресе аналитикалық, қатынаста сақтық керек. Оларды тек пинцетпен ғана алуға болады;
  8. Оларды қолдана салысымен өз орындарына жинап қояды, таразы тарелкасында қалдыруға болмайды;
  9. Аналитикалық таразылар мамандармен ауық-ауық тексеріліп отыруы қажет. Күрделі бұзылыстарды өздігінен жөндеуге болмайды.

Центрифуга аппараттары.

 

Центрифуга – орталықтан тебілетін күшті туғызу арқылы әртүрлі тығыздықтағы күрделі қоспаны құрам бөліктеріне бөлу үшін қолданылатын аппарат.

Ең бірінші центрифуга сүттен қаймақты ажырату үшін 1887 ж. Германияда істеп шығарылды. Осыдан бастап центрифуга лабораториялардың ең қажетті аппаратына айналды.

Оптикалық жүйелі аналитикалық центрифуганы 1922 ж. шведтің физиохимигі Т.Свердверг ойлап шығарды.

Центрифугалар лабораториялық тәжірибеде, авиацияда, медицина мен ветеринария кеңінен қолданылады.

Лабораториялық центрифугалар ауруларды анықтау барысында биологиялық сұйықтарды олардың әртүрлі фракцияларына бөлуге бейімделген. Мысалы, компоненттерін бөлу олардың химиялық құрамын, құрылысын, молекулалық массасын анықтауды жеңілдетеді.

Центрифуга ротордан, қосатын жүйеден, корпустан, жұмыс камерасынан және басқару жүйесінен тұрады. Қосатын жүйе қолмен немесе электр арқылы іске асырылады. Оның негізгі қызметі – роторға айналу қозғалысын тудыру. Роторда зерттелетін зат ыдысымен орналастырылады. Жұмыс істеу принципі ротор айналғанда туындайтын ортадан тебілу күші зерттелетін заттың бөлшектерін тығыздығына байланысты ығыстырады.

Лабораториялық тәжірибеде жалпы (айналу жылдамдығы 6000-8000 айналым/мин.), жылдамдықты рефрижераторлық (айналу жылдамдығы 18000-25000 айналым/мин.) және ультра центрифугалар (айналу жылдамдығы 75000-80000 айналым/мин.) қолданылады.

Центрифугалардың жалпы түрі өте көп. Оның ішінде қолмен айнадыратын центрифуга массасы 1 кг және жерге орнатылатын өзінің мұздатқышы мен бірнеше ротордан тұратын ауыр центрифугалар бар. Кейбірінің айналымы 20000 айналым/минутқа дейін жетеді.

Жылдамдықты рефрижераторлық центрифугалар жерге орнатылады, мұздатқыш агрегаты, қуатты электр қозғағыш және вакуум құрылысы бар. Оларды белгілі бір температурада липопротеидтердің, вирустардың, бактериялардың, торшаорганоидтарын, жоғарғы молекулалы органикалық және органикалық емес полимерлердің ұсақ бөлшектерін бөлу үшін қолданады.

Ультрацентрифугалар аналитикалық және препаративтік болып бөлінеді. Аналитикалық центрифугалар макромолекулалардың молекулалық массасының тазалығын және құрылысын зерттеу үшін, ал препаративті центрифугалар үлкен көлемдегі заттардан белокты, нуклеин қышқылдарын, қанттарды бөлу үшін қолданылады.

Препаративтік ультрацентрифуганың топтамасына 40 ауыстырылып отыратын роторлар кіреді. Оның жүйелерінде: қосатын жүйе, қозғалтқышты суытқыш, майлы, вакуумды температураны тұрақтандырғыштар және ротор бар. Оның жұмысының қалыптылығын микропроцессор немесе ЭВМ қамтамасыз етеді.

Центрифугаларда қоланылатын роторлар мықтылығы жоғары және коррозияға төзімді титан немесе алюминий қоспаларынан дайындалады. Зерттелетін заттар арнайы пробиркалар немесе ыдыстарға құйылып барып центрифугаға орналастырылады. Олар мықтылығы жоғары шынылардан және тотықпайтын болаттардан, полимерлердің кейбір түрлерінен (полиэтилен, целлюлоза нитраты, поликарбонат жәнет.б.) жасалады.

Пайдалануға қолайлы болу үшін көптеген центрифугалар қосқыш реостатпен қамтамасыз етілген. Ол арқылы айналым жәй басталады және оның жылдамдығы реттеліп отырады. Ереже бойынша айналымды жылдамдату және бәсеңдету біртіндеп іске асырылады. Бірден қатты жылдамдық бергенде ыдыстағы сұйықтың төгілуі және центрифуганың істен шығуы мүмкін. Қазіргі кездегі центрифугалар сағат механизмімен қамтамасыз етілген, сол арқылы автоматты түрде қосу және тоқтату процесстері іске асады. Көптеген үлкен массалы центрифугалар автоматты тежегіштермен жабдықталған. Соның арқасында аппаратты тоқтан алғаннан кейін тоқтау уақыты қысқарады. Мысалы, үлкен роторлы центрифугалар тоқтан алғаннан кейін, егер тежегіш жоқ болса, онда ол 15-30минуттан кейін барып тоқтайды, ал тежеуіш болғанда ол уақыт бірнеше есе қысқарады. Тежегіш жұмысқа автоматты түрде қосылады.

Центрифугалардың жұмыс уақытын ұзарту және олармен жұмыс істегенде қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін төмендегі нұсқауларды сақтау қажет:

1. Центрифуганың айналымын жұмысқа біртіндеп, жәй қосу керек;

2. Қорғаныс қақпағы барлық уақытта да жабық болуы керек;

3. Сұйық құйылған пробиркалар екі-екіден, қарсы ұяға диаметрлі түрде тепе-теңдікте орналастырылады;

4. Центрифугада діріл пайда болғанда оны тоқтатады, себебін жояды. Ондай діріл пробиркалардың салмағы тең болмағанда, диаметралды орналаспағанда немесе біреуі сынғанда болады;

5. Барлық шыны ыдыстардың астында амортизациялық қабат болуы шарт. Сондай-ақ гильзалар мен стақандарда шыны сынығының болмауын қадағалау керек.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.