Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Персонализациялау технологиясы

Біз казіргі кездегі оның роліне сәйкес адамға, ер адамға, әйел адамға, азаматқа, жолдасқа, жас адамға, анаға, науқасқа және т.б. қарағанда, формальды өтетін деперсонизацияланған, дегуманизацияланған өзара қатынасты аламыз.

Тым жақын байланысқа қызығушылық тудырғанда персонализация қажет. Әңгімелесушілер бір-біріне атымен және әкесінің атымен, кейбір кезде тек атымен сөйлеседі. Біз адамның қайталанбас даралығын үнемі айтып отырамыз.

Біз әңгімелесушінің тәжірибелерін, қиындықтарын, мәселелерін бейнелейтін сөйлемдерді айтуға ынталандырып «сіз», «сіздің» деген есімдіктерді қолданамыз. Бұл «Мен-ұсыныстар». Оларда «Мен» есімдігі қолданылады. Біздің «Сіз-ұсыныстар» әңгімелесушінің «Мен-ұсыныстарын» жиі шақырады. Ол әйелдерге қарағанда, ер адамдармен әңгімелесу барысында оңай жүзеге асады.

Науқасқа біз үнемі «сіз» деп сөйлейміз. Тек балаларға ғана «сен» деп сөйлеуге болады. Жас өспірімдерге басында «сіз» деп сөйлейміз, содан кейін «сенге» көшеміз.

«Сен» клиенттің жас ерекшеліктерін немесе олармен жақын қатынасты куәландырады. Кейде арнайы терапевттік жағдайларда, мысалы, топпен жұмыста немесе гештальт-экспериментте, біз «сен» есімдігін қолданамыз. Бұл басында жұмыстың шарты ретінде келісіледі.

Әңгімелесушімен жеке адам аралық қатынас қалыптасады.

Бұндай қатынастарға, олардың динамикасына біздің сезімталдығымыз өте маңызды. Дискомфортты және артық шиеленісті жоятын, қатынастарды тереңірек жасайтын, біздің шынайылығымыз, аяқ асты реакцияларымыз маңызды. Туындаған адам аралық қатынастарды дұрыс бағалау сұхбаттасудың басында және соңында ерекше маңызды. Бұндай бағалауды жасау және сезіну адамды біз тыңдаған кезде оңай болады.

Тыңдау технологиясы.

Тыңдау және сұрақ қою – әдетте барлық әңгімелесуді теңестіретін, негізгі шаралар.

Біздің мәдениетімізде тындауға және бақылауға көбісі үйретілмеген. Адам сөйлеген кезде біз сұрақтарды ойлап табамыз, оның әңгімесіне реплика және ой-пікір қыстырамыз немесе оның сөйлеу тәртібіне вербальды ықпал етеміз. Мүмкін, өзімізді шешім қабылдау қажеттігінен, терең сезімдерден, біздің стериотиптеріміздің бұзылуынан немесе қайсы бір басқа себептерден қорғау үшін біз әңгімелесушіні естігіміз келмейтін шығар.

Сондықтан, бізге әңгімелесуші беретін ақпараттардың жартысын біздің қабылдамауымыз таң қаларлық емес және ол оған берілген мәліметтердің көп бөлігін қабылдамауы әбден мүмкін.

Ол көбіне біздің мәдениетімізде мимиканы қадағалау орнықпағаннымен байланысты. Басқа адамның түрін қарау жақындықтың немесе аз мөлшерде жақындыққа ұмтылу белгісі болып, не қыр көрсетудің және агрессияның көрінуі болып қабылданады. Сондықтан бізге әңгімелесушінің мимикасын жанама көре білуіміз және адал сезімдерін мен күйзелістерін білдіру ретінде оны оқып үйренуіміз маңызды.

Адамның түрініен шығатын мимикалық белгілердің үш түрін айыру қабылданған.

Статикалық тері жамылғысының түсімен, көз қиығымен және бас сүйек құрылымынан тәуелді, оның нәсілдік ерекшеліктерінен басқа белгілермен анықталады. Бұл белгілерді косметикалық операциялар, сәнде шаш, косметика, шашты бояу; ер адамдарда – мұрт, сақал көмегімен өзгертуге болады.

Баяу мимикалық белгілер нақты өмір салтымен байланысты бұлшық ет тонусымен, тыртықпен, әжімдермен, бет ісінуімен беріледі. Бұл белгілерді біз жалпы статикалық белгілермен, сонымен бірге массаж, макияж және т.б. көмегі арқылы өзгертеміз.

Жылдам мимикалық белгілер, немесе микрокелбет – ол стимулға бірінші реакция ретінде пайда болатын өткінші, жалт ететін мимикалық реакциялар. Бұл реакциялар еріктік бақылаумен шектелмеген уақытқа дейін шынайы сезімдерді және адамның күйзелістерін білдіреді. Олар көпке созылмайды. Сондықтан, микрокелбетті айырып тану да, оқу да дағдылар мен назарды қажет етеді.

Біз беттің төменгі бөліктерінің: иектің, еріннің, мұрын қалқаншаларының мимикасын жақсы бақылаймыз және беттің жоғарғы бөлігінің: көздің, қабақтың, қастың, кеңсіріктің мимикасын өзіндік байқауға аз бейімбіз. Тар ерін – ол аса бақылау!

Тәжірибенің танылмайтын бөлігі тек көзбен көрсетіледі деген көзқарас айтылады. Ер адамдар микрокелбетті жасыру үшін сақалды, мұртты қолданады. Әйел адамдар – макияжды, жапсырма кірпіктерді қолданады. Және жынысқа тәуелсіз, сүйікті құрал – қаранғыланған әйнекті көзілдірік. Күңгірт көзілдірік киген адам тек оның көзін бақылаудан қорғаумен байланысты жеңілдікті бірден сезінбейді. Ол сонымен бірге күн барысында аз шаршауы мүмкін, өйткені оған өз көзін бақылау қажет емес.

Сонымен, біз әңгімелесуші ие болған шынайы сезімдерді тануға мүдделі болғанда, сезім шақыратын хабарламаның артынан лезде әңгімелесушінің әсіресе көзіне назар аударып, бетіне қараймыз және алынған ақпаратқа бірінші реакция шынайы сезімдерді білдіретін болады. Келесіде олар бейтараптау, тежелу, бұрмалау немесе алмастыру жолдарымен тасаланған болуы мүмкін.

Бейтараптау мимика үйреншікті масканы білдіргенде, беттен мимикалық реакцияларды өшіруді білдіреді. Тежелу – бұл өзінің табиғи динамикасын жасап, аяқталуына дейінгі мимикалық реакцияның біртіндеп, өздігінен тоқтау үрдісі. Бұрмалау - әңгімелесушіге ұсыну үшін табиғи мимикалық реакцияны қалағанына ауыстырудағы аса ерекше үрдіс. Үрдісті ауыстыру ол пайда болған және өзінің дамуының жартысын жасаған үрдіс әңгімелесушіге ұсыну үшін аса ынтықтыға ауыстырылуында.

Мимикалық реакцияларды және сәйкес күйзелістерді жасыруда барлық аталған жолдар тікелей бақыланады және тек фальсификацияны ғана мимиканы, сөздің және мінез-құлықтың сәйкес келмеуінен бақылауға болады.

Әрине, біз сөз барысында микрокелбеттің орналасу жерін бақылаймыз. Реакция шақыратын белгі артынан басында мимикалық және тек содан кейін вербальды жауап пайда болады. Айғайлау, ыңырсу, тез дем алу және дем шығару формасындағы вербальды емес сөздік көріністер мимикалық реакциялар артынан көрінуі мүмкін.

Сонымен бірге, әңгімелесушінің жасандылығын келесілер куәландырады: көзін түсіруі, көзін басқа жаққа әкету, сұрақ пен жауап арасында ұзақ үзіліс, мимика мен сөздің арасында сәкессіздік. Мысалы, әңгімелесуші «иә» деп айтып отырып басымен келіспей шайқайды. Немесе вегативті реакция вербальды жауапқа қарама-қайшы келеді. Мысалы, әңгімелесуші белгілі тақырып оны толғандырмайды деп айта отырып сол кезде беті анық қызарады. Бір сөзбен айтқанда ол конгруэнтті емес. Оның мимикасы, сөзі, вегетативті реакциясы және мінез-құлқы бірін-бірі толықтырмайды, керісінше бір-біріне қарама-қарсы келеді.

Мимика туралы әңгімені аяқтай отырып, әңгімелесушінің бетін бақылау, оны байқау – күшті алаңдатушы стимул екенін айту маңызды. Әңгімелесушінің беті сіздің көңіліңізді өзіне назар аудартып, бізді тиімді, конгруэнтті мінез-құлық туралы маңызды ақпаратты қабылдауға кедергі жасайды.

Сонымен, адамның сөз көмегіне қарағанда мимикасының көмегі шындықты айтады. Онымен қоса, вербальды жалған айту адам қоғамында әдеттегі шындықтан жиі кездеседі. Бұндай көп тараған жалған айтудың шындыққа айналу механизмі ішінде мыналарды атап өтуге болады: үндемей қалу, түсіп кету, бұрмалау, күйгелектік, контекстің ауысуы.

Біз егер ешқандай мәліметтер алынбаған кезде үндемей қалуға жиі соқтығысамыз. Үнсіздікпен ешқандай мәліметтер айтылмаған жағдайда соқтығысамыз. Түсіп кету жағдайы белгілі бір маңызды жайтты әдейі хабарламау. Бұрмалау кезінде хабарламаның қажетті фрагменті қасақана өзгертіледі. Құнсыздану кезінде қандайда бір құбылыстың құндылығы арнайы әдістер арқылы қасақана төмендетіледі. Мысалы, кәдімгі адамның нақты жетістігі атақты немесе көптеген адамдар тобының жетістіктерімен салыстырылады. Күйгелектену техникасы хабарламаның қандайда бір бөлігіне немесе басқа бір хабарламаға түгелдей үлкен мағына беруден тұрады. Соған орай стресс, күйгелектену ситуациясын туғызады, және әңгімелесуші шын мәніндегі маңызды құбылыстар мен жағдайлардан ауып кетеді. Контекстің ауысу техникасы негізінде қайсы бір хабарлама амбивалентті екендігі көрсетіледі. Ол өзінде көптеген қарама-қайшылықтарды құрайды және әрдайым біз үшін позитивті, сонымен бірге негативті жағынан беріледі.

Өзің үшін «Мен шынымен де адамның не сезетінін білгім келеді? Мүмкін маған оның ұсынғанын ғана білген ыңғайлы және жайлы ма?» сұрақтарына жауап беру маңызды. Біз брінші сұраққа нақты және екіншісіне теріс жауап берсек, онда біз тыңдаймыз және бақылаймыз, бақылаймыз және тындаймыз.

Онда, адам сөйлемді қалай құрайтыны олардың ішкі дүниесін, олардың күйзелістерін және мәселелерінің түсінудің кілті.

Клиенттің қолданылатын сөзі мен сөз орамы жиі оның айтуға ынталанудан гөрі ол туралы көп хабар береді. Сөзді таңдау көңіл-күйі, білімі, шыққан тегі, мәдени деңгейі және көптеген басқалар туралы куәландырады.

Түйінді сөздерді, анықтамалар мен түсіндірмелерді іздеу маңызды. Осылай клиент «қажет», «міндетті», «керек» сөздерді қайталауы мүмкін. Бұл оның өмірде өзінің міндетін көңілсіз атқаратындығын білдіреді. Әлбетте сөздің және сөз орамының бірнеше мағынасы клиент пен терапевт үшін өте жиі ерекшеленеді және адамды тыңдап отырғанда оны тек жақсы түсінгенмен қоса көп бересін.

Біздердің айтқандарымыз аса маңызды болғанымен әңгімелесушінің тыңдап отырғанына Адамдар алғыс білідерді.

Бұл жерде психотерапияның шебері К.Роджерстің дәйексөзін келтіруге болады: «Біз үшін мені бағалаусыз, кеңессіз, талдаусыз және диагностикасыз тыңдай алатын және еститін адам өте маңызды. Әшейін тыңдау және қабылдау және қорқынышты сезім, шешілмейтін мәселелер шешілетіндей болады».

Тыңдаудың барлық маңыздылығын белгілегеннен кейін әңгімелесудің екінші бөлімі – сұрақтарды қою технологиясына өтеміз.

Сұрақтарды қою.

Ең алдымен негізгі бірнеше шарттарға тоқталайық.

Сұрақтардың қалайда аз қойылғаны қажет.Өзіміздің сенімсіздігімізден туындаған немесе білгіштігімізді, жан-жақтылығымызды көрсететін сұрақтардан аулақ болуымыз керек. Сұрақтар бір-бірден қойылып, әңгімеміздің контекстілік орнына байланысты болуы маңызды.

Сұрақтардың жіктелуіне көңіл аударайық. Әдебиетте ашық, жартылай жабық, жабық сұрақтар және сұрақ-мәзір, сұрақ-фильтр болып бөлінеді.

Ашық сұрақтар – қандай да бір жауап алмайтындай болып құралады.Ол арқылы науқасқа толығымен ерік береміз.Мұндай сұрақтар әңгімелесудің басында кеңінен қолданылады.

Ашық сұрақтар әңгімелесушіміздің толғандыратын сезімдерін шығаруына мүмкіндік береді. Ашық сұрақтарды қою арқылы біз өзімізде және біздің әңгімелесушімізде ашыла алады.

Қысқа ашық сұрақтарға мысал келтірейік:

«Мен Сізді мұқият тыңдап тұрмын»,

«Қазір не жайында сөйлесеміз?»,

«Сөйлесейік»,

«Бастайық»- науқастың сөзін тосқандай қолымызға қалам алып, ауру тарихын ашамыз.

Ашық сұрақтар вербальді емес әдіспен де қойыла алады.Шын мәнінде, ашық сұрақтар әңгімелесушімізді сөйлетуге түрткі болатын стимул болып қана табылады.

Жартылай жабық сұрақтар сіздердің әңгіме барысындағы қызықтыратын сфераны ғана сипаттайды:

«Қандай шағымдарыңыз бар?»,

«Өз жетістіктеріңіз жайында айтыңызшы»,

«Өз денсаулығыңыз жайында айтып беріңізші»

«Қалай» сөзінен басталатын сұрақтар әңгімелесушінің тұлғасына бағытталған: «Өзіңізді қалай сезінесіз?»

«Не» сөзінен басталатын сұрақтар жекелік маңызы аз, тек дерекке бағытталған, мысалы: «Сізбен не болды?»

«Сіз, істей аласыз ба?»,

«Сіз жасай аласыз ба?» деген оралымдар әңгімеге қосымша мүмкіндіктер береді. Мұндай оралымдар қатаң қойылған сұрақтарды жұмсартады. «Негеден» басталатын сұрақтар әңгімелесушіміздің қарсылығын шақыруы мүмкін, сондықтан біз мұндай сұрақтардан қашқақтауымыз қажет.

Жабық сұрақтар -нақты және дәл жауап алуымыз үшін қойылады. Жабық сұрақтардың бір нұсқасы болып, альтернативті сұрақтар жатады, яғни «Иә» немесе «Жоқ» деген жауап алады. Жабық сұрақтар деректерді нақтылауға бағытталып, әңгімеміздің соңында қойылады.,

«Қашан Сіздің басыңыз жиі ауырады?»

«Сіздің жөтеліңіз қақырық бөлінумен жүреді ма?»

«Сіз түнде нашар ұйықтайсыз ба?»

« Сіз жүрегіңіз ауырғанда нитроглицерин қабылдайсыз ба?»

«Мүмкін, стационарға жатасыз?»

Біз жабық сұрақ қойған кезде өзіміз де және науқаста жабылып қалады. Мұндай сұрақтар әңгімемізді құрастырып, оны аз сенімділікке әкеледі. Ашық сұрақтар бізді де және науқасты да ашады.

Жалпы, альтернативті сұрақтардың альтернативсіз түріде бар. Мұндай сөздік оралымдар альтернативті сұрақтар формасында болып, бірақ мазмұны жағынан аяқталған шешімді немесе нұсқауды бекітеді. Мысал келтірейік: Сіз науқасқа айтасыз: «Сіз трансқа ашық немесе жабық көзіңізбен енгіңіз келеді ма?».Ата-анасы — баласына: «Ұйықтауға тап қазір барасың ба немесе ойыншықтарыңды жинағаннан кейін ба?».

Сұрақ-мәзірде жауаптардың барлық нұсқасы болады. Олар көбіне аз сөйлейтін науқастармен, балалармен және интеллектуальді мәселелері бар адамдармен қатынасқанда қойылады. Немесе сіз науқасқа шектелген мүмкіндіктерді таңдауға көмектесу ретінде қойылады. Мысалы, сіз науқастан сұрайсыз:

«Сіз стационар шартында, қала сыртындағы санаториде, әлде амбулаторлы немесе үйде емделгіңіз келеді ма?». Сұрақтың басында науқастың емделгісі келетінін анықтау жүреді де, соңынан оған таңдаудың бірнеше нұсқасы ұсынылады.

Сұрақ-фильтрлер әңгімелесудің тақырыбын таңдауға немесе одан бас тартуға бағытталған. Мысалы, біз ер адамнан сұраймыз: «Сіздің отбасылық өміріңіз қалай қойылған?»,ол: «Менің жанұям жоқ және ешқашан үйленбегенмін». Бұл енді оның отбасылық өмірін талқыламаймыз дегенді білдіреді.

Сұрақ-фильтрлер зиянды әдеттері жайында білу үшінде қойылуы мүмкін.

«Сізге алкоголь қалай әсер етеді?» - жауап: «Мен мүлдем спирттік заттарды қолданбаймын!»

Егер де сіздің қойған сұрағыңыздан кейін науқас тақырыпты бұрып жіберсе, онда сіз сұрақ-фильтр қойғансыз. Мұндай тақырып оған қажетті және талқылауға салынбайтындығын білдіреді.

Эгоцентрлі және нарциссті науқас тек өзі жайында айтып, оны тыңдаған сайын қанаттана түседі. Депрессиялы науқас өз ауруы жайында және өзінің жетіксіздіктері жайында әңгіме қозғайды. Осыған орай терапиялық тапсырманың негізі болып, талқылайтын тақырыптарының деңгейін кеңіту.

Үнсіздік технологиясы.Әңгіменің екі қатысушысы да бірдей тыңдай қалатын негізгі шарасы бар. Бұл үнсіздік технологиясы.

Біздің мәдениетімізде басқа адаммен қатынасу барысында үнсіз қалу қабылданбаған. Мұндай үзілісте адамдар өздерін ыңғайсыз сезініп, оны сөзбен немесе қандай да бір әрекетпен толтыруға тырысады.

Әңгімедегі тыныштық немесе үнсіздік әртүрлі мағынаға толы болады. .

Әңгіме басындағы үнсіздік ширығуды тудырып, зейінді әңгімеге және әңгімелесушімізге шоғырлайды. Әңгіме ортасындағы үнсіздік — бұл үнсіздікпен сынау, әңгімелесушілер айтылған жайында немесе сұралынғаны жайында естеріне түсіреді; әңгіменің келесі бөлігі жөнінде шешім қабылдау үшін, үнсіздік ресурстарды толықтыруға көмектеседі. Науқастар көбіне жасырап қалған деректерін жиі айтады. Әңгіме соңындағы үнсіздік қортындылауға әкеледі.

Үнсіздік тілі бірнеше деңгейде қызмет етеді. Соның үшеуін атайық.

Біріншіден, қарым-қатынастың сыртқы жағдайына байланысты. Ақпараттық ағым екінші деңгейді қамтамасыз етеді, вербальді емес коммуникация, ол мимика, пантомимика, қалып және вегетативті реакциялар көмегімен жүзеге асады. Вербальді емес қатынас вербальді қатынасты акценттейді. Үшіншіден, әрбір адам вербальді емес коммуникацияны өз нұсқауларымен тұжырымдайды.

Үнсіздік әңгімені үрейге, белгісіздік сезімге, уайымдарға және ойға толтырады.

Үнсіздік – адамдардың өзара сұхбаттасу кезіндегі қажетті және ақпаратты бөлігі. Үнсіздік, шынымен де кейде жәбірлеуші эмоциялардан босауға мүмкіндік бермейді. Бұл мақсатта сезімді бейнелеуші арнайы технология қызмет істейді..

Сонымен, сіздің кабинетінііздің есігі ашылып, жаңа науқас кіреді. Сіздің артықшылығыңыз сонда, сіз өз аймағыңызда жүрсіз. Оның артықшылығы – жауапкершілігі төмен деңгейде.

Алғашқы сәтте сіз оны бағалайсыз. Ол сізді бағалайды. Әркім өзінің «Бұл адамнан не күтуге болады?» деген сұрағына жауап береді. Алғашқы интуитивті жауап дайын. Егер сіз жазып немесе телефонмен сөйлесіп, алаңдап отырсаңыз, онда әңгіме басталмастан аяқталуы мүмкін.

Сіз әңгімелесушіден қорқақтайсыз. Ол сізден қорқады. Сіз қандай науқас сізге қолайлы, қандай қолайсыз екенін білемін деп ойлайсыз. Оның да сенуге болатын өз терапевтісінің бейнесі бар. Әркім өз үмітін шындықпен салыстырады.

Әңгімелесу жетістігіне жету үшін сіздің шыдамсыздығыңыз, бос сұрастыру, әңгімелесушіге парықсыздық көрсету, немқұрайдылық таныту қауіпті болады.

Сіз әңгімелесушіңізге өзініңдің қызығушылығыңызды, көңіліңізді көрсетіп, әңгімені соған арнай бастайсыз. Әңгімелесушіге кабинетте еркін отыруын өтінесіз.

Егер де сіз немқұрайды қатынасқа байланған болсаңыз, онда оған «Отырыңыз» немесе бөлемнің ортасына орындық қоясыз. Ол кісі орындықтың шетіне отырып, арқасы қорғансыз болады және кабинетте көпке кідіруді қаламайды.

Егер сіз бір шама қашықтық сақтап, тиімді қатынасқа қызығушылық танытсаңыз, онда әңгімелесушіге де өзінің отырғандағыдай жағдайды оғанда өтініңіз. Ол орындыққа не креслоға отырады. Оның төменгі бөлігі стөлмен жабылған. Бір – біріңізбен денелерініңздің өзара орналасудың тиімді бұрышы - 45 градус.

Әңгімелесуші жиі жабық кейіпте болады. Оның бірнеше варианттарын атауға болады, төменгі жабық кейіп – егер аяғы бір бірімен айқастырылып, гениталиі жабық болса. Жоғарғы жабық кейіп – егер қолдары омырауда айқастырылса. Бұл кейіптерде ол жаңа тәжірибеге тұйық және өзін қорғауға дайын отырады. Тағы бір жабық кейіп – егер қолдың білезіктері саусақтарымен бірігіп, іштің төменгі жағында орналасса. Бұл кейіп ішкі дүниесінде жинақы, өзіне-өзі жеткілікті адам екндігін көрсетеді. Жоғарыда аталған екуіне қарағанда, бұл мықты және тиімді ойлау үрдісін береді.

Әңгімеден қашқақтаған әңгімелесуші теріс қарауы, әндетуі, көзін жұмуы немесе тіпті қалғып кетуі мүмкін.

Егер сіз аса жақын байланысқа қызығушылық білдірсеңіз, онда әңгімелесушіңізбен бір кушеткада немесе еш нәрсемен бөлінбейтін креслоларда отырып сөйлесуге болады, денелеріңіз жақын болған сайын, жақын байланысқа да жетесіздер. Сонымен, әңгімелесуші өз орнын тапты. Сіз сәл кідіріп, әңгімненің бірінші жартысында әңгімені жігерлендіру үшін тек ашық сұрақтар қоясыз. Сіз аз сөйлессіз - ол көп айтады. Қажетті ақпаратты алған соң, жартылау ашық сұрақтарға көшесіз.Осы уақытта әңгімелесушіде сезімді бейнелеуге аса қолайлы жағдайлар түзіледі.

Кейбір ұсақ-түйектерді нақтылау қажет болғанда, жабық сұрақтарға көшуге болады. бұл кезеңде әңгімелесушіден гөрі сіз көп айтасыз. Мұнда мәселені талдау, кеңес, деректілеу және қарсы орылымдар технологиясын белсенді қолдануға болады.

Әңгімелесуші үшін басқада сөздердің маңыздылығын белгілеу қажет. Кейде сіздің туған тіліңіздің сөздерін түсінуіңіз және сол сөздердің әңгімелесушіге түсінуі екі бөлек болуы мүмкін, тіпті әңгіме басқа тілде жүріп жатқандай әсерде болады. Кездесу ықпал етуші резюме түрінде аяқталады және сіз әңгімелесушіден ажырап кетесіз.

Науқасты сұрастыру кезінде дәрігер көңілін келесі 4 сұрақтарға аударуы қажет:

  1. Не... (мазалайды, байқалады)?
  2. Қайда... (мазалайды, басталады)?
  3. Қашан... (бұрын және қазір мазалайды, білінеді)?
  4. Неліктен (емделушінің ойынша бұл байқалады және немен байланысты)?



©2015 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.