Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Молотов-Лучанский В.Б., Мациевская Л.Л., Цаюкова Н.А

Молотов-Лучанский В.Б., Мациевская Л.Л., Цаюкова Н.А.

 

КОММУНИКАТИВТІ ДАҒДЫЛАР

 

Оқу әдістемелік құралы

 

ҚАРАҒАНДЫ

 

2008 ж

 

УДК

ББК

М

 

 

Рецензенты:

Кандидат медицинских наук, доцент В.А. Ткачев, кандидат медицинских наук, доцент М.Ю.Любченко, доктор медицинских наук Г.М. Мулдаева

 

Молотов-Лучанский В.Б., Мациевская Л.Л., Цаюкова Н.А.

Коммуникативті дағдылар

Оқулық әдістемесі -112 б.

 

Коммуникативті дағдыларды оқитын,медицина жоғарғы оқу орнының 1-2 курс студенттеріне арналған оқулық әдістемесі.Әдістемеде аталған пән бойынша типтік бағдарламамен қарастырылған тақырыптар жөнінде ақпаратты материалдар, жағдайлық есептер, көп таңдаудағы тестілер және глоссарилер көрсетілген.

 

 

ҚММА-ның Әдістемелік кеңесінің отырысында талқыланып және ұсынылды

Хаттама №_____

____.________200___ж.

 

 

ҚММА-ның Оқу Кеңесімен басылымға бекітіліп және рұқсат етілді

Хаттама №_____

____.________200___ж.

 

 

© Қарағанды мемлекеттік медициналық академиясы


 

АЛҒЫ СӨЗ

 

“Коммуникативті дағдылар” – бұл МЖОС - 2006 сәйкес жоғарғы кәсіптік медицина мектебінің “жалпы медицина”, “стоматология”, “фармация” мамандықтарын оқытуға арналған бағдарлама. Коммуникативті дағдылар медицина білімінің бөлінбейтін бір бөлігі болып қаралады және үздіксіз кәсіптік дамуда өте қажет болып есептеледі.Тиімді коммуникация дағдыларысыз дәрігер мен науқас арасында сенімді қатынас құрау және науқастың емге деген сенімділігін жоғарлату мүмкін емес. Коммуникативті дағдылар шешім қабылдағанда,науқас туыстарымен қатынасқанда және денсаулық сақтаудың басқа да мамандарымен,әріптестерімен араласуда көмектеседі.

Осыған байланысты пәннің мақсаты дәрігердің науқаспен,оның туыстарымен және әріптестерімен әртүрлі жағдайларда тиімді қатынасуда дағдыларды құрып,дамыту.

Осы оқу әдістемесі пәннің қазіргі психологиямен, сонымен қатар клиникалық психология тәжербиелерімен байланыстырылып, коммуникативті үрдісті,құрылымын және қатынасу түрлерін сипаттайтын негізгі сұрақтарымен сипатталған. Медицина оқу орындарының студенттерінің коммуникативті компетенттілігінің құралуына және клиникада қатынасу дағдыларын құрауға аса көңіл бөлінеген.Соматикалық аурулар, стоматология тәжірибесінеде және фармацевт жұмысында коммуникативті үрдіс ерекшеліктеріне көңіл бөлінеген.

Әдістеме мазмұны жайлы өз ескертулерін айтып және құптаған рецезенттерге авторлар өз алғыстарын білдіреді.

 


1 БӨЛІМ. КОММУНИКАТИВТІ ҮРДІС. ДӘРІГЕРДІҢ КОММУНИКАТИВТІ КОМПЕТЕНТТІЛІГІ .

Медицина білімі бойынша Бүкіл әлемдік Эдинбург Декларация федерациясының бекітуі бойынша (1988), әрбір науқас дәрігер ретінде мұқият тыңдаушы, бақылаушы және тиімді клиницист, сонымен қатар қатынасу сферасында жоғарғы қабылдағыштығымен ерекшеленетін адамды кездестіруге мүмкіндік іздейді. Қазіргі уақытта адамның дені сау және сырқаттанған жағдайын көбіне әлеуметті-психологиялық факторлармен анықтайды, яғни бұл көп аурулардың емі адамды қоршаған мөлтек ортаға қатысты мінез-құлықтың аутодеструктивті қалпының тұрақтануына байланысты болғандықтан, өз алдына дәрігердің науқаспен сенімді қатынас құрауына талап етеді (терапевтік қатынасу). Денсаулықтың көптеген мәселелері оның өмір сүру стилімен және мінез-құлық ерекшеліктерімен байланысты болып, соған байланысты дәрігер медициналық сұхбатты жинақтап, науқастың мотивациясын өзгертіп, емдік режимдерді қадағалауына көзін жеткізу, келісімін алу.Осыған байланысты, соңғы жылдарда коммуникациялық және басқа да дағдыларды жоғарғы медицина мектебінде дәрігерлерді оқытатын бағдарламаларды дайындау болды (“Дәрігер-науқас” коммуникация мәселелері бойынша,15-18 маусым 1993 ж. Женева, Әлемдік денсаулық сақтау ұйымы). Дәрігер мен науқас арасындағы жақсы қарым-қатынас емдеу нәтижелеріне, атап айтқанда науқастың функциональді жағдайына және оның денсаулығының субьективті бағалануына әсер етеді.

“Дәрігер-науқас” байланысы өз табиғатында екі жақты ақпарат алмасуды көрсетеді. Дәрігердің көзқарасы бойынша, осы алмасу нәтижесі болып, науқас ауруының алдын алу немесе диагноз қою және емдеу жоспарын анықтау болады. Науқас көз- қарасы бойынша, ауру симптомдары дәрігерге айтылуы қажет.Сондықтан, бұл алмасу тиімді болуы үшін, дәрігер (ақпарат іздеуші) және науқас (ақпарат беруші) қажеттіліктері қанағаттанарлық болуы керек. Бұл алмасу құрылымы күрделі. Яғни,ол ақпарат алу мақсатында қойылған ретті және ретсіз, нақтылайтын және анықтайтын сұрақтармен қажетті ақпаратты алу болып табылады. Бұл алмасуда вербальді емес коммуникация мысалы, үн қатпау, көзқарас, жест, сүйкену маңызды рөл атқарады. Науқас пен дәрігер арасындағы қарым – қатынас 2-ші жылдық ғылыми зерттеудің нәтижесі болса да, Ресейде бұл қарым-қатынастар арнайы орын алған жоқ.Осы зерттеудің ұзақ мақсаты болып, дәрігер мен науқас арасында лингвистикалық қатынасу моделін бекітіп, өз алдында Ресейде және де халық аралық денсаулық сақтауда қолдану болып табылады.

90 жылдар басында барлық ТМД мемлекеттерінің денсаулық сақтау ұйымдастырушыларының байланысы шұғыл дами бастады. Медицина білімі аймағынан, оның ішінде дәрігерлердің кәсіптік жетілдіруі айқындалды. Осыған байланысты ТМД медицина қоғамы бір жағынан, батыс елдерінің дәрігерлері екінші жағынан, медицина этика зерттеулерінің және науқаспен серіктік қатынастарына ерекше көңіл бөле бастады. Нәтижесінде Ресейде ақылы клиникалар негізделіп, америка жерінде ресей дәрігер мамандарына тренинг өткізу мүмкіндіктері туындады. АҚШ-та, Ұлыбританияда, Израилде 90-жылдар аяғынан бастап өтіп жатқан тренингтар мен оқыту семинарларына қазіргі уақытқа дейін Қазақстанның медицина білімінің және денсаулық сақтау мамандары, соның ішінде Қарағанды медицина академиясы белсенді қатысуда. Бірақта мұндай халық аралық тренингтер алынған білімнің тікелей тасымалдануын немесе қолдануын қамтамасыз ете алмайды. Шындығында мұндай жобалардың бастапқы бағасы аралас болды. Сондықтан, бұл жоба жетістіктерге жетуі үшін, біздің дәрігерлік рәсімімізде қолдануымыз керек. ТМД-дағы тарихи дәрігерлік дайындық америкалық, израилдік, ағылшындық дайындықтан көптеп ерекшеленеді. Қазақстан студенттері мысалы, орта мектепті бітірген жастар.Рәсімделген тәжірибе болып, клиникаға ерте кірісу, науқастармен жұмыс жасау, оқулық ауру тарихын толтыру, диагностикалық ізденістерге үйрету,клиникалық ойлауды дамыту жатады. Тұрақсыз және шектелген технология мүмкіндіктеріне байланысты дәрігерлер диагноз қоюда өзінің аналитикалық қабілеттіктеріне сүйенеді.

АҚШ-та, Ұлыбританияда, Израилде студенттер бакалавриатты аяқтағаннан кейін кәсіптік оқу орындарына түседі, ТМД елдерінің студенттерінен оқу ерекшелігі негізінде классиккалық диагностикалаудан көрі технологияға көп көңіл аударады.

Осындай айырмашылықтар нәтижесінеде, дәрігер мен науқас арасында қатынасу бір елге жетістікті болса, ал кейбір елге сәтсіз болады.
1995 жылы методология, әлеуметтік және медициналық зерттеулер нәтижесінде Онг АҚШ-та дәрігер мен науқас арасындағы қатынасты алғашқы мәліметтерін басып шығарды. Біздегі рәсім бойынша жүретін “әкелік” қатынасты, яғни дәрігердің қатынасуда белсенді болып, емдеу жоспарын тағайындауы болса, АҚШ-та науқас көңіл аударудың орталығы болып, екі жақты қатынас жүреді.

Медик-студенттерінің психологиялық дайындығы нәтижесі, болашақ дәрігердің гуманисті әлемдік көзқарасының болуы және оның психологиялық мәдениетінің жеткілікті деңгейде болуы. “Психологияфлық мәдениет” түсінігіне ерекшк көңіл аудару қажет.Профессор Я.Л. Коломинский Я.Л. тұжырымдауы бойынша, психологиялық мәдениет - бұл адамзаттың өз-өзін таныу деңгейі және адамның қоршаған ортаға, табиғатқа және өзіне деген қатынасы және т.б.

Дәрігердің кәсіптік – психологиялық мәдениеті екі блоктан тұрады.Бірінші блок – теориялық немесе теориялы – концептуальді, екінші блок тәжірибелік немесе психологиялық қызмет болып аталады. Психологияфлық мәдениеттің бірінші блогы теориялық қызметтің нәтижелерін көрсетсе, екінші блок психологиялық қызмет көрсетуге байланысты. Бұл қызмет адамның ішкі дүниесіне арналып, өзінің жеке ішкі әлеміне қызмет етеді. Өзін-өзі тану қызметі адамның ішкі немесе басқа да қиындықтарын жеңу қабілетіне байланысты; бұл тұлға шегеінен шыққан, өзіндік ішкі инстанцияның құралуымен байланысты тұлға аралық қызмет.

Осыған орай, дәрігер мамандығының психологиялық қызметі кәсіптік бақылау құндылықтарымен, мақсатымен, психологиялық мәдениетімен байланысты ішкі инстанциялардың құрылуымен жүреді. Бұлар дәрігер маманының қоршаған ортадағы мінезімен ерекшеліктерін анықтап, дәрігердің кәсіптік қызметіндегі өзін ұстауымен және әлеуметтік белсенділігінің психологиялық регулициясын қамтамасыз етеді.

Болашақ дәрігердің бағдарлы құндылықтарымен және мотивациялық сфераның құрылуымен жүретін, кәсіптік құндылықтар жүйесі және медициналық қызмет арасында айқын бағдарлы өз-ара қатынас жақсы дамыған. Медицина қызметіндегі ең қажет мотиватор болып,қызметіне бағдар беріп,қажеттіліктерін және қызығушылықтарын анықтайтын құндылық жүйесі болып табылады.

Бұл байланыста коммуникативті үрдістің және оның компоненттерінің қыр-сырын танып білу асак қажет.Кәсіптік компетенттіліктің ең қажет бөлігі коммуникация түсінігі және қатынасу дағдылары болып табылады.

Коммуникативті үрдіс – жақтардың өзара қабылдауымен (перцепция) және ақпарат алмасып қатынасуы (интеракция) арқылы субьектілердің қарым-қатынасының динамикалық жүйесімен түсіндіріледі.

Дәрігердің психологиялық компетенттілігінің (оның ішінде коммуникативтілігі) және терапиялық қатынасының дайындығы, сонымен қатар, кәсіптік қызметінің ерекшеліктері мен құндылықтары мыналарға байланысты:

- бұл қатынасу сферасындағы құндылық, “адам-адам” сферасында және дәрігердің қызметіндегі жетістіктері тек қана оның жоғарғы медициналық дайындығына ғана байланысты емес, яғни жалпы адамшылық мәдениеті, оның жеке әлеуметтік- психологиялық аспектілеріне де қатысты;

- отандық медицинада ауруға социопсихосоматикалық қатынас қажет себебі: дәрігердің науқаспен сенімді қатынас құрап, психологиялық қатынас арқылы ақпарат жинау және диагнозды жеткізуде, оған нұсқаулар беруде қажет болып табылады.

- Терапиялық “дәрігер-науқас” альянсының құрылуының шарты болып табылатын, коммуникативті компетенттілік науқастың емдеу үрдісінде субьективті орынды алады;

- Жас маман дәрігерлерге науқас психикасында ауру салдарынан өмірге, жұмысқа, жақын адамдарына және өзіне деген қатынасының әртүрлі өзгерулерімен кездеседі (Б.Д. Карвасарский, 1982; Н.Д. Лакосина, 1984; В.П. Петленко, 1989).

Кәсіптік ортада және қоршаған ортасында жетістікті қызмет етуде тұлға аралық құралып, кәсіптік тәжірибе жинау дәрігердің коммуникативті компетенттілігін сипаттайды. Бұл анықтамадан коммуникативті компетенттілік тек қана индивидке тән қасиеттерге байланысты емес, яғни қоршаған ортада болып жатқан өзгерістермен, (денсаулық сақтау жүйесінде) маман дәрігердің әлеуметтік мобильдігіне де байланысты екенін көреміз. Коммуникативті компетенттілік психологтармен мынадай болып анықталады: адамдар арасында шыңдалып, құралатын қатынас (тұлға аралық тәжірибе). Тұлғааралық тәжірибе ұжымда құралады. Адамның коммуникативті компетенттілігінің бірінші және негізгі белгісі болып, коммуникативті компетенттіліктің жай ғана жеке қасиет емес бірін-бірін түсінуіндегі адам есінің нақты бір жағдайы. Дәрігердің коммуникативті мәдениетінің тағы бір көрінісі болып, науқастың жеке қасиеттеріне тәуелсіз, науқасқа оң эмоциональді қатынасына кәсіптік көзқарастарымен қарап, дәрігердің медициналық қарым-қатынасына коммуникативті дағдылардың және біліктілігінің толық кешенінің болуымен сипатталады (науқаспен терапевтік альянстың құралуы).

Дәрігер емінің психологиялық тиімділігімен жүретін, дәрігердің коммуникативті компетенттілігі байқалады:

· интеракцияның оң бағытында және қарсы келу реакциясының болмауы;

· эмпатияның және өзін бағалаудың жоғарғы деңгейінде;

· қарым-қатынастың белсенді қатысушысы ретінде, басқа адамға құндылық ретінде қарау;

Дәрігердің коммуникативті компетенттілігінің құралу мәселелері тәжірибелік аспектілерде кең тараған, отандық денсаулықсақтаудың сырқатқа және денсаулыққа әлеуметтікпсихосоматикалық әрекеті және дәрігер мен науқас арасындағы емдік үрдістегі терапиялық бірлестікті жақсарту болып табылады (терапиялық альянс). Терапиялық бірлестіктегі «дәрігер-науқас» диадасындағы қатынасты құрау қазіргі көз-қарас бойынша -әлемде адамның өмірлік қызметінің бүтіндігінің бұзылуы деп қаралады.

Соңғы онжылдықта, «органикалық» және «функциональді» сырқаттар негізінің арасында таластар туындайды. Медициналық мамандар аурудың көптеген этиологиялық факторлар әсерінен дамитынын түсіне бастады. Оның ішінде психологиялық және әлеуметтік факторлар роліне ерекше қызығушылықтар туындады. Мұндай жаңа бағдар тәжірибелік медицинаның көру аймағын кеңітеді: науқас бұрынғыдай қандай да бір аурудың тасымалдаушысы ретінде ғана емес, сондықтан «ауру индивидум мен әлеуметтік құрлыстардың дұрыс емес қатынасының әсерінен дамиды» деген тұжырымды растайды.

Қазіргі медицина соматикалық сфераның және аурудың медициналық моделдеріне әлеуметтік этиология заңдылықтарын атап көрсетеді. Денсаулыққа әлеуметтік-психологиялық әрекеті, қазіргі медицинаның саноцентрикалық парадигмі патоцентрикалық парадигмге адекватты болып келеді.

Дәрігердің коммуникативті компетенттілігі науқаспен терапиялық альянс құраудың негізінде жатыр:

· науқастың вербальді және вербальді емес қатынасу белгілерін дұрыс танып біліп және одан іске қатысты қажетті ақпараттарды мейілінше көбірек алу;

· тиімді диагностика жасау тек қана тәндік симптомдарды ғана анықтау емес, сонымен қатар соматикалық симптомдардың психологиялық және әлеуметтік табиғаттарын анықтау, емнің басқаша жоспарын талап етеді;

· тиімді коммуникативті дағдылардың науқасқа тағайындалған емін қабылдауға және науқастың емді құптауына оң әсер ететіндігі зерттелді; Тағайындалған емге бойын ұсынбау медицинаның күрделі мәселесі болып табылады. («Дәрігер-науқас» мәселелерінің кеңестері, 15–18 маусым 1993 ж. Женева, Әлемдік денсаулықсақтау бірлестігі);

· науқастарға адекватты медициналық ақпараттарды жеткізу және денсаулықты жақсартуда, сонымен қатар аурудың алдын алудағы салауатты өмір сүруге насихаттау арқылы дәрігердің ролін жоғарлату;

· аурудың әр-түрлі көріну формаларына әсер ету (эмоциональді, интеллектуальді, себепті) және компенсаторлы механизмдерді белсенділеу, науқас тұлғасының психосоматикалық потенциалын жоғарлату, оның әлеммен байланысын қайта қалпына келтіруге көмектесу, үйреншікті қорқынышты жеңу, аурумен пайда болған стереотиптерді бұзу және сау көзқарасты тудыру;

· «дәрігер-науқас» қарым-қатынасындағы ерекше деликатты жағдайларда дәрігерлердің тиімді әсері, мысалы науқастың жазылмайтын аурумен ауруы немесе науқас туыстарына оның қайтыс болатындығы жөнінде жеткізу және т.б.

Шет ел авторларының зерттеулері, дәрігер жағынан нашар коммуникация науқастың және оның туыстарының емге деген қанағаттанусыздығының басты факторы екенін және олардың бақытсыз жағдайларға әкелетіндігі немесе соттық талдаулардың себебі екендігін дәлелдеді (Evans et al., 1991; Simpson et al., 1991; Fallowfield, 1992).

«Дәрігер-науқас» диадасындағы терапиялық альянстың сенімнің негізінде құралуы терапияның жетістігі болып табылады. Бірақ, қазіргі уақытта дәрігер мен науқас қатынасы патерналистік сипатта, яғни субъекті-объекті қатынастың болуы, оның үш басты себебі бар: 1) дәрігер көбіне терапиялық үрдістегі науқаспен қатынасына және коммуникативті кеңістікті ұйымдастыруына көп мән бөлмейді; 2) көбіне дәрігерлер өзінің потенциальді мүмкіндіктеріне мән бермейді. Өзін жыныссыз, эмоциясыз, «ойлаушы-реттегіш» және бақылаушы машина ретінде көрсетеді де науқасқа осындай қатынас жасайды; 3) дәрігер өзінің науқасқа деген қатынасын басым көрсетіп, науқасты пассивті орындаушы немесе тәуелді медициналық білімі жоқ потенциал ретінде көреді. Осы жоғарыда көрсетілген ақпараттар медициналық оқу орындарында оқу үрдісінің болашақ дәрігерлерге оң қасиеттерін қалыптастыруға және үздіксіз психологиялық білімдерін жетілдіруге әрекет етуін негіздейді. Мұндай білім кәсіптік біліктіліктің, іскерліктің, дағдылардың және жеке қасиеттердің қосылысы ретінде, қиындықтарды жеңе біліп, нәтиже шығаруларына болашақ дәрігерлерді дайындаудың негізі болады. Мұндай дайындық дәрігер тұлғасының кәсіптік сенімділігігің мәнді көрсеткіші ретіндегі келесі элементтерден тұрады: кәсіптік тұлғалық қасиеттер, кәсіптік құндылықтар, білімі,қызығушылықтары, іскерлігі, дағдылары және қабілеттіліктен.

Сондықтан, болашақ дәрігерді дайындауда психологиялық дайындық ерекше орын алуы керек:

· біріншіден, студент-медикте психологиялық әлемдік көз-қарасын және коммуникативті мәдениет деңгейін құрастыру;

· екіншіден, дәрігер қызметінің кейбір құндылықтармен реттелетіндігін;

· үшіншіден, медик маманының «Мен- концепциясын» және позитивті өзіндік бағалауды құрастыру;

· төртіншіден, эмпатияның жоғарғы деңгейін дамыту (басқа адамның психологиясын сезіну), «клиникалық ойлануды» және кәсіптік позицияны үйрету

Коммуникативті компетенттілік тек қана психологиялық білімді талап етпейді, сонымен қоса арнайы дағдылардың құралуын: байланысты құрау, тыңдай білу, коммуникацияның вербальді емес тілін оқи білуді және сұхбатты жүргізіп, сұрақтар құрастыруды білуді міндеттейді. Дәрігердің өз эмоциясын шектей білуі, сенімділігін сақтау қабілеттілігі және өз реакцияларын бақылауды игеруі қажет. Адекватты коммуникация науқасты дұрыс түсініп, оның реакциясына сай жауап қайтаруды қамтамасыз етеді. Науқастың әр-түрлі рухани жағдайына тәуелсіз, яғни ол ашулы немесе қапалы, үрейлі, мазасызданған жағдайларда болса дәрігер кәсіптік тапсырмаларды шешіп, адекватты қатынас құрауға тиісті. Медицина қызметкерінің кәсіптік маңызы бар қасиеті болып, коммуникативті толеранттылық болып сналады. Коммуникативті толеранттылық дәрігердің қаншалықты шыдамдылығын, төзімділігін көрсетеді. Науқас дәрігерге түрлі сезімдер қалдыруы мүмкін, ол ұнауы немесе ұнамауы, жағымды, жағымсыз болуы және т.б, осыларға қарамастан жағдайды жеңе біліп, шиеленісті немесе жүйесіз қатынастарды болдырмау: оған «дәрігер-науқас» ролінің орнына достық қатынас, психологиялық жақындастық, тәуелділік және махаббат. Дәрігердің кәсіптік қызметінде коммуникативті компетенттілігі, науқаспен тек қана психологиялық қатынас құрау емес, сонымен қатар кәсіптік ролінің шегінен шықпау.

Коммуникативті компетенттілікті құрайтын психологиялық сипаттар. Басқа адамдармен қатынасты құрай білу және дамыту, әр-түрлі әлеуметтік жағдайлардан алынған тәжірибеде құралады.Қатынасуда тұлға қасиеттері көрініп, құралады: үрейлік, агрессивтілік және т.б. Тұлғаның психологиялық ерекшеліктері құралу әрекеттерінде коммуникативті компетенттілік құралады.

Коммуникативті компетенттілікті құрау негізінде басқа адамдармен бірге болуға ұмытылу, қандай да бір әлеуметтік топқа жату немесе эмоциональді қарым-қатынас құрау жатыр. Шиеленісті жағдайларда өзіндік бағалауды жоғарлатып, болып жатқан оқиғаларға адекватты қарау. Үрейлі жағдайларда басқа адмдарға қажеттілік жоғарлайды, олардың қасынан табылуы үрей деңгейін төмендетіп, негативті эмоциональді уайымдарды азайтады. Адамдарға әлеуметті байланыс болуы аса қажетті, оның жетіспеушілігі стрестің даму себебі болып табылады. Мұндай пстхологиялық сипат басқа адамдарға қажеттілікті көрсетеді, әдебиетте «аффилиация» терминімен көрсетілген – басқа адамдар қоғамында болғысы келі қажеттілігі, «қосылуға» ұмытылу. Ішкі (психологиялық) аффилиация құштарлық және сенім сезімдері түрінде, л сыртқы – бұл басқа адамдармен ашық қатынасу түрінде көрінеді. Хекхаузеннің анықтауы бойынша аффилиация әлеуметтік қатынастың күнделікті және фундаментальді сиптты болатындығы анықталған.

Мұндай қарым-қатынас қанағаттануға әкеледі.Дәрігер жұмысында, ұзақ немесе түрлі әлеуметтік контактылардан айырмашылығы науқастарға қызығушылық қатынасы, көмектесуге ұмытылу, дәрігерді кәсіптік бұрмаланудан қорғайды.

Дәрігердің коммуникативті компетенттілігін қамтамасыз ететін басқа психологиялық сипат – бұл эмоциональді тұрақтылық, байсалдылық, импульсивтілік пен эмоциональді экспрессивтіліктің жоқтығы және эмоциональді реакцияларын тұрақты бақылауға алу. Дәрігердің эмоциональді тұрақтылығы науқаспен қарым-қатынасында психологиялық жарылыстардан, шиеленістерден қашқақтауға көмектеседі.Интенсивті эмоциональді реакциялар науқастың сенімін бұзып қана қоймай, оны қорқытып, алаңдатады және шаршатады. Керсінше дәрігердің рухани тұрақтылығы, қайырымдылығы, эмоционалді тұрақтылығы науқастың сенімділігін артып, сенімді қатынас құрауына әсерін тигізеді.Сырқаттың пайда болуы үрей деңгейін жоғарлатып, эмоциональді тұрақсыздықтың күшеюіне, яғни жылағыштық, ашуланшақтық, агрессиялық және тітіркендіргіштікке ұшыратады. Көп жағдайларда ішкі және сыртқы патогенді факторларға:психогенді, травматикалық, самотогенді және т.б астениялар байқалады. Тұрақсызпсихикасымен, үрейленуімен, сенімсіздігімен, эмоциональді лабильдігімен науқастар дәрігердің сенімділігіне мұқтаж. Әсіресе бұл ауыр психикалық бұзылыстары бар науқастарға қажет.

«Дәрігер-науқас» қарым-қатынасындағы адекватты коммуникацияны қамтамасыз ететін психологиялық қасиет болып, эмпатия табылады, яғни науқастың уайымдарын түсіну, сезімталдылық, қайғысына ортақтасу, жанашырлық таныту. Қазіргі түсінік бойынша эмпатия басқа адамның ішкі жан дүниесіне ену мен эмоциональді жағдайына жетудің үш түрі бар: эмоциональді эмпатия, идентифекация механизмдерімен негізделген; когнитивті (танымдылық) эмпатия, интелектуальді үрдістермен негізделген (салыстыру және ұқсастықтар іздеу), және предикативті эмпатия, басқа адам жайында прогностикалық ойлау қабілеттілігі интуициямен негізделген. Науқастармен психологиялық қатынас құрауда, эмоциональді қатысу, дәрігерге науқас және оның жағдайы жайында толық және нақты ақпарат жинауға көмектксіп, емдеу-диагностикалық үрдістің адекваттылығына, жазылуға сенім артуына әсерін тигізеді. Дәрігердің эмпатиялық қасиеті науқастың айтқан субьективті мәліметтерінің және кейбір симптомдарының сәйкес келмеуін анықтауда пайдалы болуы мүмкін: агравацияда, диссимуляцияда және анозогнозияда, сонымен қатар диссимулятивті мінез-құлықта.

Дәрігердің коммуникативті компетенттілігін құрастыруға қатысушы психологиялық сипаты болып, теріс қарауға сенситивтілік табылады. Кейбір емдеу этаптарында туындайтынқоршаған ортаның, оның ішінде науқастардан негативті қатынасты қабылдау қабілеттілігі дәрігердің науқаспен қарым-қатынасында өз мінез-құлығын коррекциялауға мүмкіндік беретін қайтымды байланысты тудырады. Сенсетивтілік өте жоғары болмауы керек. Себебі, ол дәрігердің өзіндік бағалауын, оның аффилиативті қажеттілігін тежеп, адаптивті және компенсаторлы мүмкіндіктерін төмендетеді. Дәрігердің науқас жағынан негативті қатынасын өте жоғары сезіну, өзінің кәсіптік компетенттілігіне сенімсіздігін артады. Мұндай сенімсіздіктер жұмыс сапасына шынайы түрде әсер етеді. Өзінің кәсіптік тұрақтылығына сенімсіздік, психикалық зақымданудың және эмоциональді бұзылыстардың себебі болуы мүмкін.

Дәрігердің коммуникативті компетенттілігін төмендетін психологиялық ерекшеліктері. Дәрігердің кәсіптік қызметі терапиялық әсер тактикаларын, асқынуларды болжауды және емнің нәтижелерін көре білу стратегияларын жасаумен байланысты. Осыған байланысты дәрігерде үрейлік сипатта болуы керек.

Үрейлік — бұл эмоция, ол болжау арқылы және болатын сәтсіздіктерді тосумен болашаққа бағытталған. Үрейлік эмоциясы түсініксіз жағдайларда, ақпараттың жетіспеушілігіне сәйкес және қиын болжам нәтижелерінде дамиды.Үрейліктің жеңіл дәрежесі (мазасыздану) — болатын қатерді білдіретін белгісіздікке қарапайым реакциясы. Үрей эмоциясының әсерінен адаптивті, компенсаторлы және қорғаныш механизмдері дамып, қатерге тиімді төтеп беруге мүмкіндік береді. Дәрігер тұлғасының сапасы ретінде үрейлік науқас жағдайындағы өзгерістерге шұғыл әсер етіп, уақытылы қажетті шараларды қолдануға әсерін тигізеді. Науқас мұндай әрекетті дәрігер жағынан түсінушілік және эмоциональді көмек ретінде қабылдайды, бұл «дәрігер-науқас» коммуникациясының тиімділігін жоғарлатады. Бірақ, үрей эмоциясының интенсивті дәрежесі (байбалам, қорқыныш, сұмдық) психикалық үрдістің өнімді жұмысын тоқтатып, бұзады. Интенсивті үрейлік жағдайды адекватты бағалауға, яғни мүмкін нұсқауларды анықтауға және дұрыс шешім қабылдауға кедергі жасайды. Дәрігердің қорқынышы мен байбаламы, науқаспен коммуникациясын үзеді де, олардың арасындағы психологиялық контакт бұзылады. Дәрігер үрейлігі науқасқа беріліп, оны қосымша үрейлендіреді.Үрей әсерінен организмнің әр-түрлі функциялары бұзылады, мысалы, ұйқының бұзылуы, тәбеттің төмендеуі немесе керсінше жоғарлауы (кейбір науқастарда үрей әсерінен булимия дамиды). Жоғарғы үрейлену түрлі аурулармен зардап шегетін көптеген науқастарда байқалады, осы жағдайдың дәрігер қорқынышы әсерінен күшейюін болдырмау керек. Мұндай оқиғада науқас өзінің жағдайынан үмітін үзіп, сауығу сенімінен айырылады. Жоғарғы үрейлі тұлғалы дәрігерлер, науқастарды аз толғандыратын кез келген өзгерістерге жоғарғы үреймен қарайды.

Дәрігердің науқаспен коммуникациясын бұзатын тағы да бір сипаты болып, депрессивтілік табылады. Егерде үрей эмоциясы болашаққа бағытталған болса, онда депрессия бұрынғы өткен шиеленістермен және психотравмалық оқиғалармен байланысты. Бұрынғы сәтсіздіктер мен жағымсыз оқиғалар тізбек ретінде көрініп, шарасыздық пен үмітсіздікті құрайды. Болашағы тұманданып, қайғыға ұшырайды.Депрессияға бейім дәрігерлер өз компетенттілігін төмендетіп, науқастың сенімін тудырмайды. Жеке уайымына батқан дәрігер науқастың жағдайының жақсарғанын байқамауы, оның жазылу симптомдарын көрсетіп, қолдамауы, керсінше оны өзінің қайғылы сенімсіздігімен уландырады да, жүргізілген терапияның позитивтілігін бұзады.

«Дәрігер-науқас» сенімді қатынасының құралуын қиындататын тағы да бір психологиялық қасиеті болып, дәрігердің терең интровертирлігі табылады. Интроверсия — психологияға Юнгтың енгізуімен енген термин: ол субьектінің өзіне ғана, яғни сезімдеріне, уайымдарына бағытталуы болып анықталады. Интроверт- өзінің құндылықтарына, идеалына, моральді және этикалық нормаларына және ой-пікіріне бағытталады. Интровертирленген тұлға өзінің психологиялық әлеміне батып, сезімдерімен, идеяларымен әлектеніп, басқа адамдар аз қызықтырады. Интроверсия интуицияның жетіспеушілігімен, тұлға аралық қатынастағы тактикалығының төмендеуімен, эмпатия деңгейінің төмендеуімен және басқаның ауырсынуына, үрейіне, мазасыздығына ортақтаспауымен сипатталады.Мұндай қасиет дәрігердің коммуникативті компетенттілігін төмендетіп, тиімді қатынасқа кедергі келтіретін «коммуникативті бөгеттерді» тудырады.

Дәрігердің коммуникативті компетенттілігінің құралуы. Науқастармен қатынасу біліктілігі – бұл дәрігердің коммуникативті компетенттілігі, оның құралуы медициналық оқу орнында оқу үрдістерінде құралып басталады.Кейін түрлі жастағы, психологиялық қасиеттері бар, білім және әлеуметтік деңгейлерімен ерекшеленетін науқастармен кәсіптік қатынасуда дамиды. Болашақ дәрігерлер оқытудың ерте этаптарында науқастармен негізсіз, өздері сыйлайтын, ойларымен бағдарлайтын дәрігер-оқытушыларының стилімен, интонациясымен ұқсатып қатынасады (ымы, мимикалық реакциялары, қалпы, отыру және науқастармен сөйлесу манерелеры және т.б.). Жас дәрігер кәсіптік тәжірибесінің жиналуына байланысты, науқаспен қатынасуды жеңілдететін түрлі психологиялық дағдыларды қолдана бастайды. Дәрігердің жұмыс стажы көбейген сайын коммуникативті компетенттілігін жоғарлату үшін, ол зейінін және көңілін терапиялық және диагностикалық үрдістің психологиялық аспектілеріне аударады.

Кәсіптік бейімделу (адаптация). Жас дәрігердің кәсіптік қызметінебейімделуі, екі жылдай уақытты алады. Бұл уақыт жаңа әлеуметтік ролінде өзін сенімді сезінуіне және жеке кәсіптік имиджын құрауға, кәсіптік жағдайларда алгоритмдерді және дағдыларды құрастыруға қажет. Жас дәрігер өз алдына жұмыс істегенде өзіне сенімсіздікпен қарайды да жанындағы тәжірибелі дәрігерлерге бағдарланады немесе жауапты қиын жағдайларда көмек сұрайды. Ақпараттар іздеу жалғасып, кәсіптік дағдылармен жаттығады (үлкендер жағынан мадақтаулар мен құптауларды алу). Өзі тәріздес жас мамандар жағынан эмоциональді көмек алады. Кәсіптік бейімделудегі мұндай танымдылық элементі кәсіптік білімді, дағдыларды және іскерлікті көрсетеді.

Дәрігердің кәсіптік бейімделуінің басқа құрылымы дағдыларды өндіру болады.Бұл бейімделу компоненті науқаспен тұлға аралық қтынасудағы эмпатиямен байланысты.

Кәсіптік бейімделуінің тағы бір компоненті «кәсіптік имидждың» құралуымен байланысты болады. Маңызды элементі болып, жағдайға байланысты дәрігердің сенімді мінез-құлқы. Ең күтпеген, қауіпті жағдайларда, дәрігер қаншалықты жіберілген қателігінің нәтижесінен қорыққан немесе есінен ауса да, науқасқа өзінің абыржуын көрсетпеуі керек. Мінез-құлықтың сенімді стилі, науқаста «терапиялық иллюзияны» құрастырып, жағдайды және болжамды бақылауға алады. Сенімді жүріс-тұрысы науқас сенімділігін қамтамасыз етіп, оған үмітті ұялатып, компенсаторлы және қорғаныш механизмдерін белсенділейді. Басқаша айтқанда, «кәсіптік имидждың» қосалқы сипаттары болып қатынасуды қамтамасыз ететін ашық қалыптар; коммуникативті және экспрессивті ымдар; қайырымдылықты және сенімділікті білдіретін мимикалық реакциялар; тұлға аралық ара қашықтықтар жатады. Дәрігердің сыртқы бет - әлпеті де, әсіресе сөзінің ерекшеліктері (сенімді, сабырлы, интонациялы және ырғақты құралған сөздері) аса қажет. Бұл сенімділік деңгейін және дәрігердің кәсіптік компетенттілігін жоғарлатады.

Актуальді немесе шешілмеген мәселені эмоциональді күйіну немесе жану деп атаймыз.

«Жану» тек дәрігер мамандығына ғана тән емес. Әлеуметтік маңызы бар кәсіптер (мұғалімдер, журналистер, спорттық жаттықтырушылар, қоғамдық қызметкерлер және т.б.) осы ауруға ұшырайды. Бұл терминді алғаш рет америкалық психологтар ұсынған. Олар бірнеше жыл бұрын сабырлы жұмыс стилінің стресс кезінде ауысуын байқаған. Мұның барлығы психологиялық және әлеуметтік қолдау беретін, яғни ауыр психологиялық жағдайларда және қайғыға ұшырағанда жағдайларын жеңілдетуге, стресті азайтуға, рухани әңгімелер жүргізіп, кеңес беруге міндетті қызметкерлерге шағымдардың түсуінен дамыған. Мұндай қызметтердің жұмыстарын анализдеу «стресс ауруының», яғни «қатынасу ауруы» деген ерекше түрін анықтады. Оны «персоналдың күйінуі», "тұлғаның күйінуі" немесе қысқартып «күйіну» деп атаған. Ең басты себебі- психологиялық және рухани жалығу немесе шаршау. Әсіресе қызмет парызы бойынша, клиенттеріне өз жанының жылуын «сыйлайтын» адамдарға шектен тыс күш түскенде, оның дамуы ерекше тез және айқын байқалады. Ең бірінші «күйінудің» құрбандары болып психотерапевтер, мұғалімдер, дәрігерлер және сатушылар, яғни басқа адамдарға сыпайы және жылылықпен қызмет көрсететін мамандар иелері жатады. Американдық психолог К.Маслах өз кітабын «Күйіну – жанашырлықтың өтеуі» деп атаған, ол кітапта қайғылы белгілерді кеңінен зерттеулер нәтижесі көрсетілген.

«Күйінудің» көріністерін үш топқа бөлуге болады.

Бірінші– эмоцияның «тынышталуы», сезім ұшқырлығы және қайғыру сезімінің жоғалуы болады. Бәрі қалыпты болғанымен, бірақ ішкі дүниесінде зерігу орын алады. Құстардың құйқылжытқан әні де, арайлап батқан күнде қызықтырмайды. Ең жақын және қымбат адамдарына сезімі әлсірейді.Тіпті ең сүікті тағамының өзі де нәрсіз, дөрекі болып көрінеді.

Екінші - клиенттерімен шиеленістердің туындауы. Басында олар жасырын өтеді. «Күйініп» бастаған маман өз әріптестері ортасында, кейбір клиенттерінің жайын мазақпен әңгімелейді. Әрі қарай ол клиенттеріне жағымсыз сезіммен қарайды. Бас кезінде өзін әзер ұстап, өзінің тітіркенгіштігін қиындықпен жасыруға тырысады және ақыр соңында ашу-ызасының жарылуы болады. Оның құрбаны болып, ешқандай кінәсі жоқ, маманан көмек күткен адам болады.

Үшінші типі- қоғамға әлеуметті және экономикалық қауіпті тип – бұл өмір құндылықтарының жоғалуы, барлық болып жатқан өзгерістерге «түкіру» жағдайы. Әдетіне байланысты адам апломбысын, респектабельділігін сақтауы мүмкін, бірақ оның көз қарасы бос және мұз жүректі болып өзгереді.Әлем оған немқұрайды болып көрінеді.

Шет елде «күйінудің» алдын алу үшін түрлі әдістер «өмір стресін» жоюға бағытталған. Бірақ, экстремальді жағдайларда стрестік қатынасқа екі жақтың қатысу мүмкіндігін есепке алмайды. «Күйінумен» қоса адамда, есті улайтын «қоғам тек оған мұқтаж» деген керемет энтузиазм дамиды.Егер де әріптестері және жанұясы осындай қиын уақыттарда қолдап, көмек көрсетсе өмірдің қиын шарттарынан қашып,«күйінуден» алшақтап, өзін тұрарлықтай қылып көрсете алады. Бірақ, «күйінушіге» ең бастысы жанымен және тәнімен дем алу.

«Эмоциональді күйіну синдромы» психикалық жүдеу сезімі ретінде байқалады да, кәсіптік қарым-қатынас тиімділігі төмендейді: Дәрігер бұрынғыдай толығымен жұмысқа беріле алмайды, өзіндік бағалауы және қызметінің жетістігі төмендейді. Науқастарға негативті қатынас пайда болуы мүмкін, себебі олар созылмалы психикалық зақымдаушы көз болып көрінеді. Дәрігер науқаспен қатынасуда ауруға байланысты дамыған аурудың ішкі суретін және оның күрделі құрылымын, копинг-мінез құлқы тәрізді психологиялық феномендерді есепке алмай, науқастың үрейлі және депрессивті, суицидтік тенденцияларын өткізіп алуы мүмкін. Дәрігерде өз науқастары жайында айтқанда салқындық, кекшілдік, мысқыл байқалады. Дәрігерлік қызметтегі мұндай «дағдарыс» уақыт аралықтарында қайталанып отыруы мүмкін. Науқастар дәрігерге қаралудан бас тартып, қайырымды, тәжірибесі мол және компетентті маман іздейді. Осындай дағдарыс кезеңінде дәрігер демалысқа, қызметінің ауыстыруына, психологиялық «босаңсуға» немесе психотерапиялық көмекке мұқтаж болады. Дәрігер – ер адамдарға қарағанда, дәрігер -әйел адамдардың эмоциональді әлсіреуі көп дәрежеде дамиды. «Күйінушілерді» қоршаған ортаға сезімтал, адамкершілікті, кішіпейілді, жұмсақ ретінде суреттейді.

«Эмоциональді күйіну синдромын» зерттеуде үш фазаны анықтаған. Бірінші – «қиналу немесе зорлану» фазасы. «Эмоциональді күйіну синдромының» алғашқы және көріну механизмдері болып, көңіл-күйінің төмендеуі, үрейлену, тітіркену және депрессия реакцияларының пайда болуы байқалады.

Екінші фаза «қарсыласу фазасы». Бұл этапта қатыспау арқылы өзін қорғау, эмоциональді факторлардан қашқақтау болады. «Эмоцияны үнемдеу», эмоциональді күйді шектеу арқылы «дәрігер-науқас» қатынасын қысқартады. Мұндай қорғану формасы кәсіптік қызметтен де асып кетіп, өмірдегі басқа сфераларындағы қатынасты да қысқартуы мүмкін.

Үшініш фаза «жүдеу немесе әлсіреу фазасы» деп суреттеледі. Ол энергетикалық тонустың төмендеуімен, айқын психовегетативті бұзылыстармен сипатталады. Үміттің үзілуі, көңіл-күйдің төмендеуі, үрейдің жоғарғы деңгейде жүруі, психикалық қызметтің бұзылыстары (естің төмендеуі, зейіннің бұзылысы және т.б.), әр-түрлі соматикалық симптомдардың пайда болуы: түрлі ауырсыну сезімдері, жүрек-қан тамыр жүйесі жағынан бұзылыстар байқалады.

Дәрігер кәсіптік қатынасуында жиналған тәжірибелеріне сай эмоциональді күйінің дәрежесін мөлшерлей алады. Науқастармен қатынасудың басында психологиялық контактыны құрауда эмоциональді қосылыс қажет. Одан кейінгі қатынастардың этаптарында эмоциональді компоненттер азаюы мүмкін. Науқаспен қатынасуда эмоциональді контактлар диагностиканың және терапияның кейбір этаптарында ғана қажет болады: науқасты күрделі диагностикалық іс-шаралардан өтуге көзін жеткізу үшін, операция жөнінде, егерде қолайсыз аяқталуға көрсеткіштері болса шешім қабылдауда. Эмоциональді қатынасу ролі науқас өміріне қауіпті жағдайлар туындағанда, суицидке жақын депрессивті науқастармен қатынасқанда және ауыр психологиялық зақым алған науқастармен қатынасқанда қолданылады.


2 БӨЛІМ. ТИІМДІ ҚАТЫНАСУ ӘДІСТЕРІ.ҚАТЫНАСУ ҚҰРАЛДАРЫ

2.1 Қатынасуды құрастыру. «Дәрігер-науқас» қатынасының психологиялық жақтары диагностикалық және терапиялық үрдістің барлық кезеңдерінде қажет, оның ішінде ерекше науқаспен алғашқа қатынасуда орын алады. Әдебиеттер мәліметтері бойынша, оптимальді психологиялық байланыс, тұлға аралық қатынастың тиімділігін және жетістігін 40% қамтамасыз етеді.

Қатынасуды құрастыра білуі қажет. Науқастармен, топпен диалог кезінде қатынасу қалыптары мен дағдыларын түсінікті қылып қолдана білу қажет. Бұл үшін, қатынасу фазалары немесе этаптарын білу қажет.

Қатынасудың байланысу нмемесе контакты фазасы –науқас пен дәрігердің кәсіптік қатынасының бірінші этапы. Контакты фазаның ағымында дәрігер науқаспен танысып, психологиялық контакт құралып, бір-біріне деген алғашқы ойлары қалыптасады. Дәрігер жайындағы науқастың алғашқы әсері көп нәрсені, яғни науқас дәрігермен қатынасын қалай құрауды, оның тағайындағандарын орындауы, режимді және диетаны сақтауын анықтайды. Контакты фазада дәрігерге қойылатын ең маңызды талап, бұл науқасқа қажетті әсерді қалдыру. Науқаста дәрігердің оған көмектескісі келетіндігі жөніндегі әсері қалуы керек. Бірінші, дәрігердің эмпатиялық қабілеттілігіне, екінші, сенімді мінез-құлық манерасына негізделеді. Контактыны құрау этапында дәрігердің вербальді мінез-құлығына қарағанда, вербальді емес мінез-құлығы қажет. Қатынасудың вербальді деңгейінде, дәрігер сөзбен бір мағынада жеткізеді, ал вербальді емес қатынаста дауыс ырғағы, ым, көз-қарас арқылы науқасқа және оның мәселелеріне қатысты мүлдем басқа ақпараттарды жеткізе алады. Науқас дәрігермен алғаш кездескенде вербальді емес қатынасқа көбірек көңіл бөледі. Психологтардың бақылауы бойынша танысудың алғашқы 18 секундында адам жөніндегі ойы дамиды. Дәрігерге сыртқы түріне және мінез-құлқына ерекше талаптар қойылады. Психологиялық вербальді емес контактының маңызды элементі болып, көз контактысы табылады (қөз-қарас). Сондықтан дәрігер кәсіптік қатынасудың алғашқы секундтарында, науқасқа мұқият тыңдауға дайын екендігін көрсетіп, оның көзіне қарауы керек. Көз-қараспен психологиялық қатынастың сенімділігі мен беріктігін науқасқа жеткізу арқылы, дәрігер оның не үшін келген себебін сұрайды.

Бағдарлау немесе хабардар болу фазасы.Дәрігер контакты фазада науқасты өзіне қарату үшін ашық, табиғи және асимметриялы қалыпты қабылдап, науқастың бетінің мимикалық реакцияларын және ымын, дауыс ырғағын, қаттылығын, жылдамдығын және ритмін бақылайды. Сонымен қатар, ол науқастың жалпы жағдайына бағдар беретін қалпын, мимикасын, ымын және науқастың вербальді емес мінез-құлық ерекшеліктерін бағалайды. Контакты фаза өте қысқа,ол бірнеше секундтқа ұзарып, дәрігер мен науқас арасында вербальді қатынастың басталуымен, яғни дәрігер алғашқы сұрағын қойғанда: «Сіздің қандай шағымдарыңыз бар?» контакты фаза аяқталады. Осы сұрақтан дірігер мен науқас арасындағы екінші фаза – бағдарлау фазасы басталады.

Белсенді тыңдау. Дәрігердің сұрағына жауап ретінде науқас өзінің шағымдарын, жағымсыз ауырсыну сезімдерін, ауырсынудың пайда болу уақыты мен сипатын және осы жағдайларға байланысты дамыған дискомфортты жайында айта бастайды. Дәрігер науқасты тоқтатып, дәстүрлі нақтылайтын сұрақ - жауапты бастамас бұрын, кедергі жасамай науқасты тыңдап алғаны дұрыс болады. Күнде өте көп мөлшерде науқастарды қабылдағаннан кейін, дәрігер науқасты тыңдамас бұрын оның не айтқысы келіп отырғанын біліп отырады. Сондықтан, дәрігер науқасты мұқият тыңдап, науқастың сөз ағымынан қажетті мәліметтерді естуіне тырысуы қажет. Осыған байланысты дәрігердің белсенді тыңдау сияқты кәсіптік дағдысы дамып, айтылған ақпараттарды толығымен тыңдап сезіне алады. Науқасты белсенді тыңдау арқалы дәрігер ол жайында алғашқы көріністі алады.

Катарсис. Дәрігер сияқты кәсіпті және мұқият тыңдаушыға өзінің бар шағымдарын еркін жеткізгеннен кейін, науқас жеңілдікті сезінеді. Бағдарлау фазасында дәрігер катарсис тәрізді терапиялық механизмді жүзеге асырады. Катарсис ұғымын Аристотель енгізген. Оның айтуынша ктарсис жанның сезіну және қорқыныш арқылы тазаруы. Немесе, оған балама термині ретінде «жауап қайыру немесе әсер ету» қолданылады.Әсер ету арқылы эмоциональді қысымды төмендетіп, жеңілдік сезімін тудырады. Психоанализде катарсис терапиялық механизмнің орталықты сапасы ретінде қаралады, яғни негативті эмоциональді уайымнан босану. Әңгімелесу барысында дәрігер науқастың уайымына оң әсер етуі, оның үрей деңгейін төмендетеді.

Коррективті немесе түзетудің эмоциональді тәжірибесі. Бағдарлау фазасының екінші психотерапевті элементі – бұл коррективті эмоциональді тәжірибесі. Әрбір адамға әңгімелесушісінің үрейіне өзінің үрейі арқылы сезімін білдіру тән немесе агрессияға агрессиямен және т.б. Бұлай әсер ету арқылы ойланбай серігіміздің қорқынышын және қайғысын күшейтіп, бекіте түсеміз. Талқыламайтын, бағаламайтын және эмоциональді реакцияларын күшейтпейтін қайырымды дәрігерді кездестіргеннен кейін, науқас психологиялық жайлылықты сезініп, өзін еркін ұстайды. Науқас өз эмоцияларынан қорықпай, нақтылап және еркін ауру симптомдарын жеткізу арқылы ауру ағымы жайында толық көріністі береді.

Дәрігер науқастың еркін монологын қанша уақыт тыңдауы қажет. Кейбір науқастар кедергі болмаса тоқтамай ұзақ сөйлей беруі мүмкін. Америкалық психологтардың зерттеуі бойынша жалпы тәжірибедегі дәрігер «Сіздің қандай шағымдарыңыз бар?» сұрағына 16 секунд аралығында жауап тыңдайды, одан кейін науқасты тоқтатып басқа сұрақтарын қояды.. Тәжірибенің нәтижелерінің көрсетуі бойынша, мұндай дәрігерлерге науқастың қайта баруы сирейді. Науқастар өздерінің сырқатты жағдайларын ерекше уайымдап, дәрігерден уақыт өлшемімен бағаланатын үлкен зейінді талап етеді. Егерде, дәрігердің тыңдамауынан олар психологиялық қанағаттанусыздыққа ұшыраса, дәрігерді диагноз қоя алмайтын және тиімді терапия жүргізе алмайды деген тұжырымға келеді.Тәжірибенің көрсетуі бойынша, науқастың барлық шағымдарын тыңдауға және науқас жайында көрініс алуына 2-3 минут жететіндігін көрсетеді.

Ақпараттану немесе аргументация фазасы. Фазаның негізгі мазмұны болып – вербальді (науқасты сұрастыру, нақтылайтын сұрақтар қою) және вербальді емес (науқасты қарау) қосымша ақпарат алу. Дәрігердің бірінші контакты фазасында алған әсері, әрі қарай қатынасу үрдісінде де сақталады. Ақпараттану фазасы — қатынасудың едәуір белсенді фазасы болып саналады. Ұзақтығы науқастың жағдайына және жеке- психологиялық сипатына байланысты болады.

Ақпаратты жинау вербальді қатынастан, яғни науқасты сұрастырудан басталады. Вербальді коммуникация үрдісі кезінде дәрігер баяу физикалық қашықтықты қысқартады: әңгімелесудің бір сәтінде ол науқасқа жақын келіп, оқыс және дөрекі қимылдан аулақ болып ақырындап қолынан ұстайды. Науқасты тұлға аралық қашықтықтың қысқаруына үйретуге мүмкіндік беріп, оны физикалық контактыға дайындайды (пальпация, перкуссия, аускультация). Көп жағдайларда науқастар дәрігердің алғашқы физикалық контактысына эмоциональді жауап қайыратынын естен шығармау керек. Дәрігер науқастың алғаш рет қан қысымын өлшегенде, ол кейінгі кездесулердегі көрсеткіштерге қарағанда жоғарырақ болады. Қан қысымының жоғарлауы науқастың психологиялық реакциясын сипаттайды.

Физикалық контакт вербальді коммуникацияның үрдісіне сәйкес жүрсе, науқасты қарау жеңіл өтеді. Қараудан кейін дәрігер науқасқа тағы да бірнеше сұрақтар қояды, ол тек науқастың соматикалық жағдайын ғана емес, со




©2015 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.