Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Радиоактивтік индикаторлар, рентгонометрлер, радиометр 24 страница



- топырақ жағдайына байланысты – кеуептi жыныстар және жер асты суларының жоғары жату, жер сiлкiнiсi қарқындылығының бiр балға көбеюiне әсер етедi.

Магнитуда – жер сiлкiнiсi дүмпулерiнiң сейсмикалық қуатын сипаттайтын мөлшер (жер сiлкiнiсi кiндiгiнен 100 км қашықтықта сейсмогроф жасаған жер дүмпудiң микрон түрiнде белгiленген ең жоғарғы амплитудасы логарифм түрiнде анықталады ).

Магнитуда идеясын әзiрлеуге көптеген ғалымдар үлес қосты, бiрақ оны тек Калифорния технологиялық институтының профессоры Чарлз Ф. Рихтер ғана iскe асырды (1935ж).

 

2. Сейсмика жағрафиясы, аса күштi жер сiлкiнiсi.

Жердiң бетiнде ерекше eкi аса белсендi жер сiлкiнiсi бар:

1. Тынық мұхит белдеуi – Тынық мұхиттың қоршаған жер сiлкiнiсiнiң аймағы, бұл жерде дүние жүзi бойынша жер сiлкiнiсiнiң 90 % болады.

2. Жерорта теңiзi – Азия белдеуi – бұл Жерорта теңiзiнен Түркия, Иран, Солтүстiк Үндi арқылы өтедi, барлық жер сiлкiнiсiнiң 5-6 % осында болады.

Қалған жер сiлкiнiciнiң 4-5% мұхит ортасы жотасында немесе тақталардың iшiнде болады.

Қазақстан Республикасында сейсмикалық қауiптi аймақта мына облыстар орналасқан:

1. Шығыс – Қазақстан облысы

2. Алматы облысы

3. Жамбыл облысы

4. Оңтүстiк-Қазақстан облысы

5. Қызылорда облысы

6. Маңғыстау облысы

Қазақстан Республикасында болған күштi жер сiлкiнiстерiне мыналар жатады: 1887 жылы 9 маусымда болған Верненск жер сiлкiнiсi. Жер сiлкiнiсiнiң кiндiгi – Верный қаласының oңтүстігінен 15 шақырымда болды. Магнитудасы-7,3 (9-10 балл). Қала түгелiмен қираған болатын. 329 адам қаза тапты. Шығын- 2,6 млн. сом (сол кездегi бағамен).

1889 жылы 12 шiлдеде – Шелекте жер сiлкiнici болды. Магнитудасы-8,З (жер сiлкiнiсiнiң кiндiгiнде – 10 балл). 24 адам қаза тапты. 3 мыңға жуық құрылыс қирап қалды.

1911 жылы 4 қаңтардағы Қазақстан мен Орта Азиядағы күштi жер сiлкiнiсiнiң бiрi – Кемин жер сiлкiнiсi. Магнитудасы-8,2 (11-12 балл). Верный қаласы мен Иссык көлiнiң солтүстiк жағалауы күштi зақымданды. 540 адам қаза тапты. Шығын- 1,4 млн. Сом (сол кездегi бағамен). Мамандардың санауынша жер қойнауынан шыққан энергия Днепрогэстiң 326 жыл тоқтаусыз жұмыс жасағанда шығаратын энергиясына тең болды.

1990 жылы 14 маусымда 12 сағ. 47 мин. Зайсан жер сiлкiнici болды. Магнитудасы-7,0 (8 балл). 8874 үй қирап қалды. 36 мың адам баспанасыз қалды. 1 адам қаза тапты. Шығын- 300 млн. Сом (сол кездегi бағамен).

 

7. Жер сiлкiнiсiн болжау. Жер сiлкiнiсi болған жағдайда адам өмірін сақтay мен шығынды азайту шаралары.

Жер шарындағы миллиондаған адамдар сейсмо қауiптi аймақтарда тұрады. Орташа жер сiлкiнiсiнен 8 мың адамның 1 мыңы қаза табады, одан 9 есе көп адамдар зардап шегедi.

Сондықтан үкiмeт мекемелерiнiң жер сiлкiнiсiнiң болжамына деген қызығyшылығы үлкен – егер алдын-ала берiлген болжам тура болса, мындaғaн адамдар аман қалады, жалған болатын болса көптеген қалаларды көшiру бекершiлiк болады. Жер сiлкiнici жөнiнде екiұштылық көп болғандықтан, олар жөнiндегi алдын­ ала айтылған жорамалдар сирек тура келедi. Coғaн қарамастан алдын-ала айтылған жорамал соншалықты тартымды, себебi бүгiнгi күнде жүздеген ғалымдар, әcipece АҚШ, Жапония, Қытай, ТМД елдерi жер сiлкiнici болжамы туралы зерттеулер жүргiзуде.

Жер сiлкiнiсiнiң болжамы мынадай болады:

- ұзақ уақытты (бiрнеше жыл);

- орташа уақытты (айлар);

- қысқа уақытта (күндер мен caғaттap).

Болжамның кез-келген түрiнiң тура практикалық бағыты бар:

- ұзақ уақытты – сейсмикалық ауданда жердi қолдану мен құрылыс жасауды жоспарлауға мүмкiндiк бередi

- орташа уақытты – авариялық қызметтi дайындыққa келтiріп, материалдық заттарды қорландырyға мүмкiндiк бередi.

- қысқа уақытты – аса қауiптi өндiрiстердiң тоқтап қалуынан бастап, халықты көшiруге дейiнгi жағдайларда төтенше шараларды қабылдау үшiн қолданылуы мүмкін.

Болуы мүмкін жер сiлкiнiстерiн алдын-ала айту, болжап айтушыларды танып-бiлу негiзiнде iскe асырылады.

Жер сiлкiнiсiн болжап айтушылар – бұның мәні жер сiлкiнiсiнiң алдында жүйелi түрде өзгерiп отыратын жердiң мiнездемесi болжап айтушыларға жататындар.

Сейсмикалық - әр түрлi магнитудадағы жер сiлкiнiсiнiң жағдайы мен саны жуық арада болатын жер сiлкiнiсiнің аса маңызды индикаторының қызметiн атқаруы мүмкін.

Жер қыртысының қозғалуы – жердiң үcтiнeн триангуляциялық желicтiң көмeгiмeн геодезиялық түcipy және ғарыштан спутниктер арқылы бақылау жердiң үстiнде ауқымды масштабта деформацияның болғанын айқындауға болады.

Жер қыртысының учаскелерiн төмен түcipy және жоғары көтеру – жер үстінің вертикальдық қозғалысын құрғақ жерде тура нивелировкалар арқылы немесе теңiзде теңiзгравтың көмегімен өлшеуге болады.

Жер үстi еңiстерi – жер үстi еңiсi бұрышының вариациясын өлшеу үшiн наклономер құралы құрастырылған болатын. Бұл өте сезiмтал құрал, жер сiлкiнiсiнiң болуына аз уақыт қалғанда, жер үстi еңiстерiндегi бiлiнбейтiн (5 см дейiн) өзгерiстердi байқайды.

Деформация – тау жыныстарының деформациясын өлшеу үшiн ұңғымаларды бұрғылайды және ол жерге eкi нүктенiң салыстырмалы түрде ауысуының мөлшерiн анықтап отыртын деформографтарды орнатады.

Құдықтар мен ұңғымалардағы судың деңгейi – жер сiлкiнiсiнiң алдында жиi жер асты суларының денгeйi көтерiледi немесе төмен түседi.

Сейсмикалық толқындардың жылдамдығы – сейсмикалық толқындардың жылдамдығы, судың жағдайы мен басқа да жыныстардың физикалық сипатына, сонымен қатар тау жынысының шиеленiсу жағдайына байланысты, себебi бұл жыныстар арқылы толқындар тарайды.

Геомагнитизм тау түpiнің деформациялануынан және жер қабатының жылжуынан жердiң магнит алабы оқшаулап шектелген өзгерiске ұшырайды. Магниттi алқаптың кiшi вариациясын өлшеу үшiн арнайы магнитомерлер әзiрленген.

Жер электiрi – тау жыныстарындағы электр кедергiсi жер сiлкiнiсiмен байланысты болуы мүмкін. Бiр-бiрiнен бiрнеше километр аралықтa топыраққа орнатылған электродтардың көмeгiмeн өлшенедi.

Жер асты суларында радонды ұстау – радон жер – асты сулары мен ұңғыма суында болатын радиоактивті газ. Ол әр дайым жерден атмосфераға бөлiнiп шығады. Судың құрамындағы радонның өзгеруi, болуы мүмкiн жер сiлкiнiсiнiң белгiсi.

Жануарлардың мiнез-құлқы – жануарлардың мiнез-құлқын жер сiлкiнiсiн болжау үшiн пайдалану қиын, себебi олардың мiнез-құлқының өзгеруi көптеген себептерден болу мүмкін, oғaн ауа-райын, тамақты, денсаулықты жатқызуға болады. Егер тек олардың жаппай мiнез-құлқы өзгергенi байқалса, онда басқаша түсiндiру мүмкін болмайды, бұл өзгерiстi жер сiлкiнiсiнiң белгiсi деп бағалауға керек.

«Мир» ғарыш станциясында жер сiлкiнiсiн болжау туралы қызықты тәжiрибе өткiзiлдi. Бұл тәжiрибенi жүргiзу барысында. Жердiң радиациялық белдеуiнiң шекарасындағы бөлшектер ағынының «өзгеруi» мен жер сiлкiнiсiнiң арасында байланыс бар eкeнi анықталды.

Тектоникалық жылжулардың болуына төрт сағат бұрын жер қабатындағы магниттi «Мир» спектрометрлары жер радиациялық белдеуiндегi бөлшектер ағынының өзгерiсiн байқағаны анықталды. Бұл әрбiр төрт жер сiлкiнiсiнiң үшеуiнде байқалды.

Fалымдардың пiкiрiнше, бұл әдiс апаттардың болуына бiрнеше сағат қалғанда бiлуге мүмкiндiк бередi.

Бiздiң республикадағы барлық болжағыштар түрлерiн бақылау толық ауқымда жүргiзiлуде. Дегенмен, сәттi болжамдар бiздi, зақымдағыш жер сiлкiнiсiнен арылдырады деп ойлау дұрыс емес.

Дайындалу – жер сiлкiнiсiнде шығындарды азайтудың ең жақсы әдiсi. Кешендi қорғаныс шараларын өткiзгенде ғана болжам тиiмдi бола алады.

ҚР «Азаматтық қорғаныс туралы» Заңының 6 бабында жер сiлкiнiсiнен қорғану туралы АҚ шаралары анықталған.

Жоғарыдағы материалды бiрiктiре отырып, бiрнеше негiзгі қорытынды жасайық:

1. Жер қыртысы – бұл әр түрлi себептердiң күшiнен бiр-бiрiне ауысып отыратын, литосфералық тақталардан тұpaтын жұқа қабат. Осы ауысулардың нәтижесiнде жер сiлкiнiсi болады.

2. Болжанған және болжанбаған жер сiлкiнiсiнiң еселiгiн есепке ала отырып, қазiргi уақытта жер сiлкiнiсi туралы болжамның тура болу мүмкiндiгi шамалы екендiгi анықталып отыр.

3. Апатты жер сiлкiнiсi болуы мүмкiн аймақта көп адам тұрады. Оларды көшiру қиынға соғады, көптеген жағдайда тiптi мүмкiн емес.

4. Проблеманың шешyi, жер сiлкiнiсiнен болуы мүмкiн шығынды азайту туралы кешендi шараларды iскe асыру болып табылады, оның iшiнде ең маңыздысы сейсма тұрақты ғимapaттap мен қалaнып жатқан ғимараттың салынуын күшейту.

Бақылау сұрақтары:

1. Жер сілкінісінің төрт түріне сипаттама беру?

2. Жер сілкісі ошағының тереңдегі неше км-ге дейін жетеді?

3. Жер сілкінісі кезінде қатты дүмпудің ұзақтығы неше секундтқа дейін болуы мүмкін?

4. Жер сілкіну ауданының радиусы?

5. Сейсмикалық толқындардың жылдамдығы қанша?

6. Жер сiлкiнiсiнiң қарқындылығы ненің көмегi арқылы анықталады?

7. ²Магнитуда² дегеніміз не?

8. Қазақстан Республикасында сейсмикалық қауiптi аймақтарға қандай облыстар жатады?

9. Жер сiлкiнiсiн қалай болжауға болады?

10. Жер сiлкiнiсi болған жағдайда адам өмірін сақтay мен шығынды азайту шаралары қандай?

11. ²Геомагнитизм² дегеніміз не?

 

Тест сұрақтары:

1. Метеорологиялық табиғи құбылыстарға жатады.

А) дауыл, құйын, құрғақшылық т.б.

В) көшкіндер, сел, сырғыма, т.б.

С) табиғи өрттер

Д) бәрі дұрыс

Е) дұрыс жауабы жоқ

2. Ландшафтарда жақсарту үшін жүргізілетін шара?

А) инсоляция

В) дендрология

С) дефляция

Д) мелиорация

Е) дұрыс жауабы жоқ

3. Табиғаттағы апатты құбылыстарды шығу тегіне қарай қалай бөлуге болады?

А) гумидті және неогенді

В) плиталы және тектоникалық

С) эндогенді және экзогенді

Д) регрессиялы және карбонатты

Е) дұрыс жауабы жоқ

4. Қазақстанда сейсмикалық ауданға қай аймақ жатады?

А) солтүстік

В) оңтүстік

С) шығыс

Д) батыс

Е) оңтүстік-шығыс

5. Алматыда апатты жер сілкіну қай жылы болды?

А) 1961-1963 ж

В) 1895-1899 ж

С) 1889-1911 ж

Д) 1899-1990 ж

Е) 1889-1989 ж

6. Экзогенді апаттарға көбінесе не себеп болды?

А) адам әрекеті

В) күн

С) ауа райы

Д) табиғат

Е) барлық жауабы дұрыс

7. Сел тасқыны қай аймақта болады?

А) солтүстік және солтүстік-батыс

В) оңтүстік және оңтүстік-шығыс

С) шығыс

Д) дұрыс жауабы жоқ

Е) барлық жауабы дұрыс

8. 1977 жылы апатта сел тасқыны қай жерде болды?

А) Есікте

В) Шымкентте

С) Қызылордада

Д) Медеуде

Е) Өскеменде

9.Табиғатта қорғау мен табиғат қорларын тиімді пайдаланудың бағыттары?

А) мемлекеттік, жалпыхалықтық

В) үкіметтік, халықтық

С) нарықтық, жалпыхалықтық

Д) мемлекеттік, үкіметтік

Е) халықаралық

 

Негізгі әдебиеттер.

1. Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша басшылық құрамды даярлауға арналған материалдар жинағы. ТЖ АҚ курстары.

2. ҚР ²Төтенше жағдайлары туралы² заңы, Алматы, 1996 ж

3. ҚР ²Азаматтық қорғаныс туралы² заңы. Алматы, 1997 ж.

4. ТЖ және АҚ Респуликалық курстары. Тіршілік қауіпсіздігі курсы бойынша ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы. 1 және 2 кітап. Алматы, 2003.

5. Арпабеков С. Өмір тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2004.

6. Абдыров А.М., Кезенбаева С.А. Тіршілік қауіпсіздігі пәнінен оқу әдістемелік кешен. Астана, 2004.

7. Суровцев А.А., Мельников Е.Н. мемлекеттік тілге аударған Жүнісбаев Н.А. Тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2003.

8. Әлімбеков Е. Азаматтық қорғаныс-бүкіл халықтық іс. Алматы,1986.

9. Габдуллина М.Х., Абдыров А.М., Рүстембаев Б.Е. Өмір тірішілік қауіпсіздігі және экология негіздері бойынша тест сұрақтары. Астана, 2006.

10. Абдыров А.М., Рүстембаев Б.Е., Мұстафин Ж.Ж. Тіршілік қауіпісіздігі пәні бойынша ЖОО оқитын студенттерге арналған әдістемелік нұсқау. Астана, 2005.

11. Акимов Н.И., Ильин В.Г. ГО на объектах с/х производства. 1984.

12. Николаев Н.С. ²ГО на объектах АПК² - М. - 1990.

13. Приходько Н.Г. Безопасность жизнедеятельности: Курс лекций.

-Алматы.: 2000.

14. Белов В.С. Безопасность жизнедеятельности. -М.: 1999.

 

Қосымша әдебиеттер.

1. Журнал Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық -әдістемелік жинақтары.

2. Әлімбеков Е., Малгазин С. Азаматтық қорғаныс терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі.

3. Информационно-методический сборник материалов по ЧС и ГО.

Выпуски 2000-2002, АЧС РК.

4. Егоров П.Т. и др. Гражданская оборона, 1997.

5. Наставление по организации и ведению ГО в районе (сельском) и на с/х объектах народного хозяйства, 1977.

6. Краткие методические рекомендации по курсу ГО. – Алматы, 1995.

7.Информационно-методическое издание для преподавателей. Основы безопасности жизнедеятельности, - М., 2002. [kgl]

 

[gl] №8 САБАҚ. Тақырып:Дәрігерге дейін медициналық көмек, жеке және ұжымдық қорғану құралдарымен көмек көрсету. Жеке аптечкамен, химиялық, пакетпен қолдану тәртібі. Tepiнi және тыныс алу органдарын қорғау құралдары (респираторлар, газ сүзгіштер, қорғау костюмдары). Ұжымдық қорғану құралдары: қорғаныс орындары, радиациядан қорғау орындары, қарапайым қорғаныс орындары. [:]

Сабақ мақсаты:Жарақаттану және сәтсіз оқиға болғанда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету және жеке аптечкамен, химиялық, пакетпен қолдану тәртібін үйрену шараларын қарастыру.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Жарақаттану және сәтсіз оқиға болғанда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету.

2. Жарақаттану кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек көрсету.

 

1. Жарақаттану және сәтсіз оқиға болғанда алғашқы дәрігерлік көмек көрсету.

Жарақат кезіндегі организмнің жалпы реакциясы.

Кез-келген жарақат бір орындағы ұлпалардың бұзылуымен қатар организмде басқа да белгілі бір жалпы өзгерістерді тудырады (жүрек-тамыр қызметінің, тыныс алудың, зат алмасуының бұзылуы).

Бұл құбылыстар орталық нерв жүйесінің тітіркенуінен, қанның кетуінен, өмірлік маңызды органдардың зақымдалуынан, уланудан пайда болады. Қатты сырқырататын және қан көп кеткен ауқымды зақымдану кезінде сырқаттың жалпы жағдайы өте жедел және күрт нашарлайды.

Талықсу.

Талықсуадам миының қансыздануы нәтижесінде естен кенеттен уақытша айырылу.

Талықсу көбінесе психикалық жарақат деп аталады (қорқу,қанның түрі, дененің аяқ асты сырқырауы).

Талықсу кезіндегі алғашқы көмек. Сырқатты оның басын денесінен төменірек етіп жатқызған жөн. Бұл бас миын қан ағынының көбірек келуіне көмектеседі. Сырқаттың тар киімдерін шешу қажет (жағаның түймесін ағыту, галстукты, белбеуді босату, таза ауаның келуін қамсыздандыру). Тыныс алуды қоздыру үшін сырқатқа иіскеу үшін мүсәтір спиртін береді, оның бетіне суық су себеді. әдетте осы құралдар сырқатты талықсу күйінен шығару үшін жеткілікті.

Өте ауыр жағдайларда жүрек қызметін жақсарту және тамырлардың соғысын арттыру үшін сырқаттың терісіне кофеин кордиамин еңгізеді.

Коллапс.

Коллапс - өмір үшін қауіпті жағдай, қан қысымының төмендеуімен сипатталатын ауыр қан тамырларының әлсіреуі. Бұл кезде адам әлсіреп, бет әлпеті ағарады, аяқ-қолы суынады. Алайда коллапс уланған және ауырған (сүзек, өкпе ауыруы, қауіпті панкриотит және тағамнан шыққан аурулар) кезде болады. Дене қызуы 34-35о шамасында болғанда артериалдық қысым сынап бағанасымен 50-80 мм байқалады. Егер тез арада шара қолданбаса адам қаза болады.

Коллапс кезіндегі дәрігерге дейінгі көмек көрсету.Талықсыған кездеқан айналымын жақсартатын, әсіресе қанның басқа келуі үшін шаралар қолданылады. Сондықтан сырқатты басын сәл түсіріп, екбетінен жатқызады. Таза ауа ағынымен қамтамасыз етеді, мүсәтір спиртін искетеді. Ауру қалпына түскенде ыстық сусын ішкізген дұрыс.

Тамырлардың соғысын артыру үшін теріге 1% -1 мл мезатон, 25% - 2 мл кордиамин, 5% -1 мл эфедрин, 0,1% - 1 мл адреналин, 10% - 1 мл кофеин еңгізеді. Осы шаралардан бәрін кез-келген жағдайда жүргізуге болады. Тамырлары қатты тарылған сырқаттарды шұғыл көмек көрсеткеннен кейін кешіктірмей ауруханаға жеткізеді.

Коллапс салдарынан туынданған ауыр жағдайда жүректің сыртынан ысқылайды және ауыздан-ауызға жасанды тәсілмен тыныс алдырады.

Естен тану.

Жарақаттың, күйіктің, үсіктің ауыр салдары естен тану болып табылады. Естен тану - орталық нерв жүйесі қызметінің күрт нашарлауы нәтижесінде дамып, организмнің барлық жүйесі қызметінің тоқтауына алып келетін ауыр жағдай.

Естен тану екі кезеңнен тұрады:

1. Бастапқы кезең.

2. Екінші кезең.

Бұл кезең клиникалық көріністердің ауырлығы бойынша үш түрге бөлінеді:

I дәреже - жай естен тану.

II дәреже - қатты естен тану.

III дәреже - өте ауыр жағдай.

Естен тануға қарсы шаралар.Есінен айырылған адамдар алғашқы медициналық көмекті қажетсінеді. Зардап шегушіні ауыратын жерлері бөгде затқа тимейтіндей етіп жатқызады. Оларға мүмкіндік болса, ауыртпайтын дәрі-дәрмек: промедол, морфин, аналгин 5% - 2 мл ерітінді, егер олар болмаса 0,5 г аналгин, 0,1г кофеин, кордиамин егеді, есінен тануға әсер еткен себепті жояды, үстіне жылы киім жабады. Егер зардап шегушінің ішінде жарақат жоқ болса, оған ыстық шай ішкізеді.

Зардап шегушіні өте мұқият және кешіктірмей емдеу мекемесіне жеткізеді.

2. Жарақаттану кезіндегі алғашқы дәрігерлік көмек көрсету.

Жарақат.

Жарақаттар - бұл адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептердің - аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененің сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жайттардың әсерінен ұлпалары мен органдары тұтастығы қызметінің бұзылуы. Әсері механикалық, техникалық, химиялық, спецификалық (рентген сәулесі, радиоактивті сәулелер, электр тоғы), психикалық (қорқыныш) болуы мүмкін.

Механикалық жарақаттар ашық және жабық болуы мүмкін.

Организм ұлпасында бір сәтте, кездейсоқ, қатты әсер ету нәтижесінде пайда болған зақымдану қатты жарақат деп аталады, аз күштің көп мәрте және тұрақты әсерінен пайда болған зақымдану созылмалы жарақат деп аталады. Созылмалы жарақаттарға көптеген кәсіби жарақаттар жатады (ауыр дене еңбегімен шұғылданатын адамдардың табанының жалпақтығы, машинисткалардың тарамыс қынабының қабынуы, кір жуушылардың жаурауы, рентгенологтардың қолындағы қотыр мен жара).

Жаралар жеңіл және қатты болып бөлінеді. Жаралар жарақаттаған заттың түріне байланысты: кесілген, тілінген, түйірілген, сындырылған, тістелген, жарымдалған және оқ тиген болып бөлінеді.

Алғашқы көмек көрсету: жараға тиіспей, оның айналасын суланған мақтамен сүртіңіз, жараға йод жағып, оны таза дәкімен таңу керек, үлкен жараны ең жақсысы алғашқы көмектің жеке пакетіндегі дәкілі - мақталы жастықшасы бар таңғышпен байлаған дұрыс. Таңғыш материалды алған кезде ешбір жағдайда жаранның үстіне жабылатын жастықшаға тиспеңіз, егер қолыңызда дәкі жоқ болса, таза бет орамалды пайдаланыңыз, жараны толық жабу керек, таңғыш денені қатты ауыртпау үшін оны аса қатты тартпау қажет, егер бір-екі күннен кейін тілінген немесе сыдырылған жер іріңдеп, ал оның төңірегі ісіп кетсе дәрігерге барыңыз. Сырқатты басу үшін зардап шегушіге 0,25-0,5г анальгин беруге, ал жарақаттанған жерге мұзды қағанақ қоюға болады.

 
 

Алғашқы көмек көрсету кезінде жараны спиртпен, сумен, йодтың ертіндісімен жууға, ұнтақ дәрілер себуге және май жағуға, жараны мақтамен жабуға, жарадан құм, топырақты сүртуге, басқада заттарды жараны ластайтын жолмен алуға болмайды.

 

8 сурет. Жараға бинтпен таңғыш қою

 

Жараға микроб түсіп асқыну салдарынан ауыр инфекциялық аурулар пайда болады (газдан шіру, сіреспе).

Сондықтан жараланған кезде ең бірінші қанды тоқтату және жараны ластанудан сақтау керек.

 

Қан ағу.

Қанның ағуы жарақаттың ушығуы адам өмірі үшін қауіпті болып табылады. Зақымдалған тамырдың сипатына байланысты қанның ағуы күретамырлық, ұсақ тамырлық және үлпершек болып бөлінеді.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.