Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Радиоактивтік индикаторлар, рентгонометрлер, радиометр 21 страница



Соңғы шыққан өнеркәсіптік газқағарларға ПФМ-1, ППФ-95М, ПФМ-3П, ППФМ-97, ППФ-95, ППФ-87 жатады.

 

2. Тыныс алу органдарын құрайтын қарапайым құралдары.

Тыныс алу органдарын құрайтын қарапайым құралдары ретінде қарапайым мақта-мата дәкісін және шаңнан қорғайтын мақта-мата маскасын (ПТМ) пайдалануға болады.

Тыныс алу органдарын радиоактивті шаңнан, зиянды газдан, будан және аэрозоль қоспасынан қорғаудың қарапайым құралы ретінде респираторлар қолданылады.

 

3 сурет. Р-2 респираторы:

а – жалпы көрінісі, б – в «қолданылатын жағдайы»:

1-корпус; 2-демалу клапаны; 3-дем шығару клапаны;

4-мұрын қысқышы; 5-басты байлағыш.

Респиратор жүзікті полиэтиленді пакетте сақталады.

Р-2 респираторы үш өлшемде шығарылады.

Р-23 респиратордан басқа өнеркәсіптік газқағарлар (ПР-5, ПРБ-5, ШБ-1, У-2К, РУ-60, Ф-62М, ПРШ-2-59, РПА-1, ЛУР-ГП, РПГ-67 және т.б.) кеңінен пайдаланылады.

ПТМ-1 шаңнан қорғайтын мата маска.

Корпусы матаның 4-5 қабатынан тұрады. Үстіңгі қабаты үшін штапель, миткаль, тоғыма, бязь, ішкі қабаттар үшін фланель, бомазей, мақта-мата немесе жүн мата жарамды. Масканың бекіткіші жұқа материалының бір қабатынан жасалынады. Тігісі бойынша маска корпусымен бекіткіші жасалады, ұзындығы 1,8-1,5 см жоғарғы және көлденең резинасын даярлайды масканы тігеді. Көзді қорғау үшін маска ойығына шыны, плексиглаз немесе целлулоид қойылады.

4 сурет. Шаңнан қорғайтын мата маскасы (ПТМ­-1) (а)

және мақталы-дәке байлағышы (б):

1­-корпус; 2-бекіткіш; 3-масканы бекіткіш резина; 4-көзілдірік.

 

Мақта-мата таңғышын 100-150 см көлеміндегі дәкі кесіндісінен жасайды. Ортасы бойынша бір қалыпты көлемі 30-20 см қалыңдығы 2 см мақта қабатын жаяды. Дәкі кесіндісінің бойымен екі жағынан да бүгіп, мақтаның үстіне қояды. Байлау үшін екі жақын 30-35 см етіп қияды.

Киілген маска иекті, ауыз бен мұрынды көзге дейін жабуға тиіс. Олардың ұшын төменгі жағының төбе сүйекте, ал жоғары жағының құлақ үстіндегі желкеде болатындай етіп байлайды.

 

3. Теріні қорғау құралдары.

Бұл құралдар радиоактивтік, улағыш заттардың және бактериалдық құралдардың тікелей түсуінен, ал кейбір жағдайларда жалпы әскерлік қорғаныс жиыны улы заттар буының адамның тері жамылғысына әсерінен қорғауды қамтамасыз етеді.

Теріні қорғаудың сүзгілік құралы киімді қорғайтын сүзгілік қорғаныс жиыны болып табылады. Бұл жиынның негізгі мақсаты – адамның тері жамылғыларын бу тәріздес күйіндегі улағыш заттардың әсерінен қорғау. Жиын сонымен қатар аэрозольдік күйдегі радиоактивтік шаңнан бактериалдық құралдардан қорғауды қамтамасыз етеді.

Теріні қорғау құралдары арнайы химиялық заттар сіңірілген мақта-қағаз матасынан жасалынады, соның арқасынан материалдың ауа сіңірімділігі негізінен сақталады, ал улы және зақымдағыш заттар мата арқылы өткенде ұсталады. Бір жағдайда бейтараптану, екінші жағдайда жұту (сорбция) өтеді.

Шаруашылық объектілеріндегі, АҚ құрамалары АҚ әскери бөлімдері, химиялық әскерлер, қарулы күштердің өзге арнайы құрамалары көп уақыттан бері жалпы әскерлік қорғау жиынын (ЖҚЖ) (суретте), жеңіл қорғаныс костюмін, қорғаныс комбинезонын және костюмды пайдаланып келеді.

 

.

12. сурет. Л-1 жеңіл қорғаныс костюмі: :

1-капюшонды көйлек; 2-шұлықты шалбар;3-шлемнің астары; 4-қолғап; 5-дорба

 

Суретте шағын шлем, резиналық қолғап және резина етік жиынындағы қорғаныс комбинезоны мен костюм.

Сүзгілік қорғаныс киімін де ұмытуға болмайды (суретте), оның оқшаулағыш құралдарына қарағанда үлкен артықшылығы бар. Онымен жұмыс істеген жеңіл, адам ұзақ шаршамайды іс-қимылдары жинағы.

Теріні қорғау құралдарын зақымдалмаған жерлерде киеді.

Оқшаулағыш құралдарда адам ысынып, тез шаршайды. 150С-тан жоғары температура кезінде жұмыс созымдылығын арттыру үшін теріні қорғау құралын сыртынан киетін, мақта-қағаз матасынан жасалынған ылғалдағыш комбинезон қолданылады. Ылғалдағыш комбинезондар сумен жиі шайылады.

13. сурет. ОП-1 жалпы әскери қорғағыш жиынтығы:

а-қорғағыш плащ; б, в-қорғағыш қолғап; г-қорғағыш шұлық.

 

Теріні қорғау құралдары зақымдалмаған жерлерде немесе қорғаныс құралдарының сыртқы жағының дене мен киімнің қорғалмаған бөліміне тимейтіндей етіп авариялық жұмыстардан алшақ жерде жүргізіледі.

 

4. Теріні қорғаудың қарапайым құралдары.

Адамның терісін қорғаудың қарапайым құралдар ретінде ең алдымен өндірістік киім (арнайы киім) күртелер мен шалбарлар, комбинезондар, брезенттер, оттан қорғайтын немесе резиналы матадан, тұрпайы шұғадан тігілген халаттар пайдаланылуы мүмкін. Олар тек адамдардың терісіне радиоактивті заттар бактериалдық құралдардың түсуінен қорғауға ғана емес, сондай-ақ белгілі бір уақыт бойында тамшылы-сұйық улағыш заттарды да жібермеуге қабілетті.

Аяқты қорғау үшін өндірістік және тұрмыстық мақсаттағы резина етікті, ботыны және галошты пайдалану қажет, сондай-ақ теріден және тері ауыстырғыштан тігілген аяқ киімдерді резиналы галошпен киген жөн.

Қолды қорғау үшін резиналы немесе тері қолғап пен биялайды кию керек. Жүннен, мақталы қағаздан тігілген және тоқымалы қолғапты тек радиоактивтік және бактериалдық заттардан қорғау үшін ғана пайдалануға болады, олар улы заттардан қорғау үшін жарамсыз.

Теріні қорғаудың қарапайым құралдары арнайы ерітінді сіңірілгеннен кейін улағыш заттардың буымен аэрозольдарынан адамдарды қорғау қабілетін алады. Тек мата материалдарынан тігілген киімге ғана ерітінді сіңіруге болады.

Киімнің бір данасына ерітінді сіңіру үшін оның 2,5 л көлемі жеткілікті, сіңіру үшін К-4 арнайы пастасын немесе май-сабын эмульсиясын пайдалануға болады. Оны 250-300 г суда үгітілген шаруашылық сабынды еріту арқылы алады, ал содан соң 0,5 л минералдық немесе өсімдік майын қосады.

Ерітінді сіңірілген киімді үтіктеуге болмайды.

 

5. Жеке қорғаныстық медициналық құралдары.

Жеке қорғаныстық медициналық құралдары медициналық препараттар, материалдар және арнайы құралдар зақымдау құралдарының әсерін және сақтандыру кезіндегі күрделіліктерді төмендету және зақымданудан ескерту мақсатында қолданылады.

Жеке қорғаныстың медициналық құралдарына радиациядан қорғайтын, залалсыздандыратын және бактериядан қорғайтын препараттар, УЗ (ҚӘУЗ) рецетурасынан бастап таңғыш құралдары жатады.

Табельдік медициналық жеке қорғаныс құралдарына мыналар жатады:

АИ-2 жеке дәрі-дәрмек қобдишасы; радиациялық қауіпті аумақта тұратын халыққа арналған әмбебап тұрмыстық дәрі-дәрмек қобдишасы-ИПП-8, ИПП-10; жеке химиялық әсерден қорғайтын пакеттер; ППМ медициналық – таңу пакеті.

Әмбебаб тұрмыстық дәрі-дәрмек қобдишасы мына құралдармен жабдықталған: радиациядан қорғау құралдары, жалпы терапевтік препараттар (аспирин, седальгин, аммиак, бесалол, валидол, нитроглецирин, папазол, диазолин, феназепам), антисептикалық және таңғыш құралдар (бриллиантық жасыл, калий перманганат, деринат, левоменоль немесе мафенидин ацетат, мақта, бактерицидті жабысқыш, бинт).

Бақылау сұрақтары:

1. Тыныс алу органдарын қорғау құралдарына жататындар?

2. Сүзгілік газқағарлардың жұмыс істеу принциптері қандай?

3. Адсорбцияның қызметі қандай?

4. Хемосорбцияның атқаратын қызметі?

5. ²Катализ² дегеніміз не?

6. ГП-7 газқағары атқаратын қызметі?

7. Балалар газқағарлары құралдарының түрлері қандай?

8. Қосымша патрондар құралының атқаратын қызметі қандай?

9. ДПГ-1 және ДПГ-3-тің қосымша патрондары қандай азаматтық газқағарларға арналған?

10. ²Гопкалит² қандай қызмет атқарады?

11. Оқшаулағыш газқағарларға қандай қорғау құралдары жатады?

12. Өнеркәсіптік газқағарларының жіктелісін талдап беру?

13. Тыныс алу органдарын құрайтын қарапайым құралдары?

14. Респиратор қандай қызмет атқарады?

15. ПТМ-1 шаңнан қорғайтын мата масканың қызметі?

16. Теріні қорғау құралдары?

17. Теріні қорғаудың қарапайым құралдары ретінде нені пайдалануға болады?

18. Жеке қорғаныстық медициналық құралдары қандай мақсатта қолданылады?

 

Тест сұрақтары:

1. Тыныс алу органдарын қорғау құралдары:

А) ДП-22В, ДП-23А, ДП-24 қорғау приборлары

В) газқағарлар, распираторлар, мата таңғыштары, шаңнан қорғайтын масқалар

С) ППХР, ВПХР қорғайтын құралдар

Д) ДКП-50В;

Е) ИПП-8,10, АИ-2

2. Жеке қорғаныс құралдары деп –

А) тыныс алу органдарын, көзді және тері жамылғыларын улы заттардың буынан және радиоактивті микробтардың түсуінен қорғайды;

В) ГП-5, (ГП-5М) ГП-7 (ГП-7В)

С) ГП-5М, ДП-5М, ПДФ

Д) ПП-5М, ДП-6М

Е) микробтардан қорғайтын мақта-мата маскалары

3. Халықты қорғау үшін қандай газқағарлар қолданылады:

А) ГП-5 (ГП-5М) және ГП-7(ГП-7В, ГП-7ВМ)

В) ГП-5М, ДП-5М, ПДФ7

С) ПДФ-7, ДП-6М

Д) ПДФ-Д, ПДФ-Ш

Е) ГП-7К және ПДФ-2Д

4. Оқшаулағыш газқағарлар:

А) ГП-5 (ГП-5М) және ГП7(ГП-7В, ГП-7ВМ)

В) ИП-46, ИП-4М, ИП-4МК, ИП-5

С) ГП-5М, ДП-5М, ПДФ-7

Д) ПДФ-Д, ПДФ-Ш

Е) ГП-7К және ПДФ-2Д

5. Өнеркәсіптік газқағарлар:

А) ПФМ-1, ППФ-95М, ПФМ-3П,ППФМ-92, ППФ-95, ППФ-87

В) ИП-46, ИП-4М, ИП-4МК, ИП-5

С) ГП-5 (ГП-5М) және ГП-7 (ГП-7В, ГП-7ВМ)

Д) ПДФ-7, ДП-6М

Е) ПДФ-Д, ПДФ-Ш

6. Ядролық жарылыс аймағынан шығатын ультро-күлгін, инфро-қызыл және көрінетін сәулелердің ағыны?

А) өткіш радиация

В) соққы толқыны

С) жарық сәулесі

Д) радиоактивті зақым

Е) электромагниттік импульс (ЭМИ)

7. Теріні қорғау құралдары?

А) балаларға арналған қорғағыш камера (КЗД 4)

В) сүзгіш газқағарлар, распираторлар

С) распираторлар, жеке химиялық пакет (ИПП-8)

Д) жалпы әскери қорғағыш киімдер, жеңіл қорғағыш костюм Л-1

Е) сүзгіш газқағарлар АИ-1

8. Тыныс органдарын радиоактивті зақымнан қорғайтын құралдар:

А) Мата-дәке таңғыштар, респираторлар

В) жеке-аптечка, фильтрлі противогаздар

С) химиялық заттарға қарсы пакет

Д) балаларға арналған қорғаныс камерасы (КЗД-4)

Е) Л-1 қорғаныс костюмі, изоляциялық противогаз

9. Химиялық заттармен зақымдалғанда тыныс органдарын қорғайтын құрал:

А) мақта-дәке шаңғышы, РПКО

В) респираторлар, шаң-тозанға қарсы, мата маскасы

С) жеңіл-орағыш костюм (Л-1)

Д) айырушы противогаз, фильтрлі противогаз

Е) химиялық заттарға қарсы пакет (ИПП-8) химиялық заттарға қарсы сумка

10. Тыныс органдарын қорғауға арналған негізгі құрал?

А) респираторлар

В) АИ-2

С) комбинезон

Д) Л-1

Е) фильтрлі газқағар

Негізгі әдебиеттер.

1. Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша басшылық құрамды даярлауға арналған материалдар жинағы. ТЖ АҚ курстары.

2. ҚР ²Төтенше жағдайлары туралы² заңы, Алматы, 1996 ж

3. ҚР ²Азаматтық қорғаныс туралы² заңы. Алматы, 1997 ж.

4. ТЖ және АҚ Респуликалық курстары. Тіршілік қауіпсіздігі курсы бойынша ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы. 1 және 2 кітап. Алматы, 2003.

5. Арпабеков С. Өмір тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2004.

6. Абдыров А.М., Кезенбаева С.А. Тіршілік қауіпсіздігі пәнінен оқу әдістемелік кешен. Астана, 2004.

7. Суровцев А.А., Мельников Е.Н. мемлекеттік тілге аударған Жүнісбаев Н.А. Тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2003.

8. Әлімбеков Е. Азаматтық қорғаныс-бүкіл халықтық іс. Алматы,1986.

9. Габдуллина М.Х., Абдыров А.М., Рүстембаев Б.Е. Өмір тірішілік қауіпсіздігі және экология негіздері бойынша тест сұрақтары. Астана, 2006.

10. Абдыров А.М., Рүстембаев Б.Е., Мұстафин Ж.Ж. Тіршілік қауіпісіздігі пәні бойынша ЖОО оқитын студенттерге арналған әдістемелік нұсқау. Астана, 2005.

11. Акимов Н.И., Ильин В.Г. ГО на объектах с/х производства. 1984.

12. Николаев Н.С. ²ГО на объектах АПК² - М. - 1990.

13. Приходько Н.Г. Безопасность жизнедеятельности: Курс лекций.

-Алматы.: 2000.

14. Белов В.С. Безопасность жизнедеятельности. -М.: 1999.

 

Қосымша әдебиеттер.

1. Журнал Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық -әдістемелік жинақтары.

2. Әлімбеков Е., Малгазин С. Азаматтық қорғаныс терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі.

3. Информационно-методический сборник материалов по ЧС и ГО.

Выпуски 2000-2002, АЧС РК.

4. Егоров П.Т. и др. Гражданская оборона, 1997.

5. Наставление по организации и ведению ГО в районе (сельском) и на с/х объектах народного хозяйства, 1977.

6. Краткие методические рекомендации по курсу ГО. - Алматы, 1995.

7.Информационно-методическое издание для преподавателей. Основы безопасности жизнедеятельности, - М., 2002.[kgl]

 

[gl] №5 САБАҚ. Тақырып:Суды, азық-түлікті, жем мен су көздерін төтенше жағдайда қорғау және залалсыздандыру. Адамдарды санитарлық тазалау және малды ветеринарлық сақтандыру, техника мен автокөлікті арнайы тазалау. [:]

Сабақ мақсаты:Суды, азық-түлікті, жем мен су көздерін төтенше жағдайда қорғау және залалсыздандыру және зілзала апаттары және олардың салдарынан қорғану шараларын қарастыру.

 

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Суды, азық-түлікті, жем мен су көздерін төтенше жағдайда қорғау және залалсыздандыру.

2. Малға арналған жемді қоймада және дала жағдайында сақтау.

3. Жем мен суды залалсыздандыру.

4. Малды ветеринарлық тазалау.

5. Зілзала апаттары және олардың салдарынан қорғану.

 

1. Суды, азық-түлікті, жем мен су көздерін төтенше жағдайда қорғау және залалсыздандыру.

Су мен азық-түлік тағамдарын үй жағдайында қорғау.

Үй жағдайында азық-түліктің жеке қорын қорғау үшін қорапша, жәшік және өзге қақпағы тығыз жабылатын ыдыс, сондай-ақ тоңазытқыш пен қойма пайдаланылады.

Сары май, маргарин, нан, ет пен бал шыны тыста немесе ағаш жәшікте целлофанда, жылтыр қағазға пергаментте немесе жай қағазға мұқият оралып салынады. Сұйық тағамдар мен ауыз суы металл, шыны ыдыста, бетонда, термоста, шөлмекте, шәйнекте, графинде сақталады. Әр отбасына азық-түліктін консервіленген шағын қорын ұстау ұсынылады.

Шаруашылық мақсат үшін суды пленкамен тығыз жабылған бөшкеде, шелекте және жуынатын бөлмеде сақтауға болады.

Су көздерін, су ұстағыш скважиналарды, құдықтарды, бұлақтарды, суғару және сумен жабдықтау су көздерін қорғау.

Ауылды жерлерде сумен жабдықтау көздері ретінде жер үсті сулары (өзен, канал, көл, жасанды суат) және жер асты сулары (шыңырау, топырақ, бұлақ) қызмет етеді. Шағын ашық суаттар – көлдер, суқоймалары бірден зақымданады.

Су шығыны үлкен және тез ағатын, яғни су жылдам ауысатын өзендер, каналдар белгілі уақытта ағын суды, кейде тіпті арнайы тазартусыз пайдалануға мүмкіндік береді. Жер асты сулары РЗ, УЗ және БҚ-дан барынша сенімді қорғалған. Ауылды жерлерді сумен жабдықтау ашық су көздерінен, сонымен жер асты көздерінен жүргізіледі. Сол үшін су құбырлары шыңырау құдықтары (скважиналар) шахталы құдықтар, бұлақтар пайдаланылады.

Су құбырларын қорғау.

Ашық су көзінде орналасқан ауылды су құбыры су қоршауынан, су көтеру, су айдау тұрағы мен тарату торабынан тұрады.

Бір қатар жағдайда су беру үшін бірінші және екінші көтерімдегі айдау станциясы орнатылады, олардың көмегімен су айдау резервуарына, содан соң тарату торабына түседі.

Жер астында орнатылған су құбырының әуресі аз. Әдетте су шыңырау скважинасынан таза су резервуарына, сол арқылы торапқа түседі.

Ашық су көздеріндегі су қоршауын қорғаутөмендегінше жүргізіледі:

- бас ғимарат пен жапсарлас су бассейінен қорғауды күшейту;

- қарсылас жақтың зақымдау құралдарын қолдану белсендігі есептеме бойынша төмен болатын тереңдікте су қоршау құбырын орналастыру;

- инфильтрациялық үлгідегі су қоршауын орнату.

Жабық су көздеріндегі су қоршауын қорғаутөмендегінше жүргізіледі:

- скважина төңірегін балшықпен немесе цементпен мұқият қымтау;

- труба түйістері мен басқа жерлерде судың ағуын тоқтату.

Су қоры бар резервуарлардықорғау:

- байқау (жөңдеу) люктерін қымтау және желдеткіш трубаларда шаңнан қорғайтын және газ сүзгілерін орнату жолдарымен жүргізіледі.

Шахталық құдықтарды қорғау.

Шахталық құдықтарды қорғау үшін тығыз жабылатын қақпағы, қымтағыш тығыны бар биік трубалар (кемінде 1 м) орнатылады.

Ластанған судың өтуін болдырмау үшін құдық төңірегіне тереңдігі 0,5 м және радиусы кемінде 1,5-2 м балшық құлып жасайды. Балшықты нығыздап, үстіне қалындығы 10 см құм немесе қиыршық тас себеді. Құдық төңірегіндегі балшық құлыпты бетоннан немесе асфальттан да жасауға болады.

Құдықтың үстіне қалқы немесе павильон орнату ұсынылады.

Бұлақтарды қорғау.

Бұлақ суын қорғау каптаж салу арқылы жүргізіледі. Каптажды салу кезінде бұлақ шығатын жерде шұңқыр қазады. Шұңқырдың қабырғасы бекітіледі УЗ, РЗ, БҚ зақымдануынан қорғау үшін құрылысқа балшық жағады, шұңқырды жабады, су оқшаулағыш орнатады және топырақпен көмеді.

Тасу үшін шұңқырдан суды ағызғыш труба бойынша жібереді. Су беруге арналған алаңның табалдырығы болу керек (бетон, асфальт және т.б.). Шұңқыр жабынының қабырғасын салу үшін бөрене, тақтай, темір-бетон мен плита жүзігі пайдаланылады.

 

2. Малға арналған жемді қоймада және дала жағдайында сақтау.

Зақымдану қауіпі кезінде қоймалардағы есік пен терезе ойықтарына кірпіш қойып, сылаған дұрыс, жақтауларды, ойықтарды мұқият қиыстырып, шыныны жағылатын затпен тығындап, есіктерге нығыздағыш төсем қойған жөн, қойма терезесін қорғаудың ең жақсы әдісі кәдімгі шыныны шыны блоктармен, сондай-ақ қысқыш болттың көмегімен терезе ойығына тығыз тартылатын тірекпен айырбастау, қоймалардағы желдеткіш қондырғылары арнайы жылжытқышпен және металл қалпақшамен жабдықталады.

Қойма мен элеватор ішінденгі ауаны залалсыздандыру үшін бактерицидтік шам орнату ұсынылады.

Қойма ғимараттарының дайындық деңгейіне байланысты, азық-түліктің, тамақ шикі затының бүкіл қоры брезентпен, синтетикалық пленкамен көп қабатты қағаз орамалмен жабу қажет.

Егін жинау кезінде ашық аспан астындағы жемді қорғау бір қатар қиындықты туғызады.

Егін жинау кезінде зақымдаулы пайда болған кезін өнімдерін бірінші кезекте, мүмкіндік болса, негізгі сақтау орнына элеваторға, қоймаға апару қажет. Егер мұндай мүмкіндік жоқ болса, оны сол жерде мұқият қымтайды, сол үшін тегіс жерді таңдайды, оның төңірегінен 1 м қашықтықта жауын суынның ағуы үшін шұңқыр қазады. Алаңды жақсылап тазалайды, таптайды, сабан төсейді содаң соң астықты төгіп үстін сабанмен, бұдан кейін брезентпен немесе полиэтиленді пленкамен жауып, үстін бастырып қояды, топырақ, бөрене және т.б.қ. Жабатын материал жоқ болса астықты 25-40 см қалындықтағы сабанмен жауып, үстіне топырақ тастайды. Картоп тамырлы, жемістер мен көкеністер буртқа жиналады, оларға желдеткіш қорапша бекітеді. Шөппен сабанның маясын синтетикалық пленкамен, брезентпен, сабанмен, жасыл бұтақпен жауып желден ұшпас үшін тірекпен бекітеді, өсімдіктердің жасыл массасы сүрлеу үшін жабық траншея мен шөп мұнараларында мұқият қорғалады.

 

3. Жем мен суды залалсыздандыру.

Жаппай зақымдау құралдары қолданылатын аудандағы су мен жем зақымдалған ретінде күдікті болып саналады. Егер олар тығыз жабылған ыдыста сақталса және зақымдану белгілері байқалса, онда оларды алдын ала тексеріссіз пайдалануға болмайды. Су мен жемді залалсыздандырудың негізгі әдістері – олар дезактивация, дегазация, дезинфекция.

Дезактивациябұл зақымдалған объектіден радиоактивті заттарды жою.

Жасырынатын орынның санына, түріне, зақымдалу сипатына қарамастан жемге дезактивация жүргізеді немесе өзін-өзі дезактивациялауға қалдырады. Дезактивацияның мынадай түрлері бар:

- сыртқы қабаттың 10-15 см алу;

- зақымдалған ыдысты таза қапқа салады, ал зақымдалған қаптың үстіңгі бөлігін сумен ылғалдатады және астықтың зақымдалмаған бөлігін таза ыдысқа салып, зақымдалған қапты және оған жақын астық қабатын сүзгілейді.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.