Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Радиоактивтік индикаторлар, рентгонометрлер, радиометр 22 страница



Жем мен тамырлы жемістерді кейде сумен шаю арқылы дезактивациялауға болады.

Суды дезактивациялау әртүрлі әдіспен жүргізіледі: тұндыру және айдау. Табиғи иониттерді – балшықты қара топырақты су құйылған ыдысқа салып және араластырады. Тұнығу үшін уақыт береді. Судың үстіңгі таза қабаты 50-70% тұнғаннан кейін стронцийден және өзге радиоактивті изотоптардан 90% тазарады. Сүзгілердің әртүрлі толтырғыштары бар бірнеше үлгісі пайдаланылады. Атап айтқанда түбіндегі сұйықты кетіру үшін ыдысты қабат бойынша шлакпен кокспен, антроцитпен су сүзгі арқылы оның үстінен баяулап түседі радиоактивті заттардан тазаланады және төменгі бөлігі арқылы жиналады. Суды айдау – тазалаудың ең жақсы әдісі, алайда бұл процесс өте баяу өтеді.

Дегазизация – бұл қатты әсер ететін улы заттарды жою бейтараптандыру немесе оларды үстіңгі беттен зақымданудың жол берілетін нормасына дейін немесе толық жою. Жемді дегазизациялаудың негізгі әдісі – астық пен жемнің үстіңгі қабатын 10-15 см, ал шөптің сабанның үстіңгі қабатын 20-25 см алу. Қалған жем желдетіледі. Өзін-өзі дегазизациялау жылдамдығы температурамен ылғалдылықтың, сондай-ақ жел жылдамдығының артуымен көбейеді.

Ғимараттағы жем тұрақты улағыш заттар көздерімен немесе буларымен зақымданған кезде есікті, терезені, желдеткішті ашады немесе жемді сыртқа алып шығып желдетеді.

Зақымдалған құдықтан суды тартып алады түбіне хлорлы әкті себеді, ал қабырғаны хлорлы әкті қоспамен өңдейді, бұдан кейін түбіне жер қабатын қырып алады (10 см). Содан кейін құдық суға толғаннан кейін оны қайтадан сарқып алады, содан соң құдық суға толған кезде залалсыздығын тексереді.

Дезинфекциябұл сыртқы ортада жұқпалы аурулар коздырғыштарын жою.

Астық пен жемді мынадай ретпен дезинфекциялайды: патогенді микробтармен зақымдалған шөп маясы мен астықтың үстін 4%-тік формальдегид ерітіндісімен 1 м2 ерітіндіге 2 литр есеппен 24 сағаттық үзіліспен 2 рет маяның немесе қамбаның үстін өңдейді. Астық пен жемді қақпағы бар ештеңе өткізбейтін бөшкеде формальдегидтің 4% ерітіндісімен өңдеуге болады. Ботулизм немесе оның токсиндерімен зақымдалған астық пен жем 4 сағаттың бойында күйдіргіш натрийдің 1% ерітіндісімен шайылады. Артынша үш рет сумен шайылып, кептіріледі.

Залалсыздандырудың ең қарапайым және мүмкін әдісі қайнату. Микробтардың түрлерімен зақымдалған кезде суды 2 сағат қайнатады токсиндер мен бактериялардың вегетативті түрлері 30 минуттың бойында өледі. Жылдам залалсыздандыру үшін судың аз мөлшерін маталы бұрышты асбесті немесе коллоидті сүзгілерді қолданады.

Сумен жабдықтау жүйесімен тазарту ғимараттарында суды арнайы нұсқаулықтарға сәйкес хлорлайды. Шахталық құдықтарының суын құдықты дезинфекциялаған және тазалағаннан кейін пайдаланады.

 

4. Малды ветеринарлық тазалау.

Малдың тері жамылғысынан радиоактивті, улы затты және бактериалдық құралдарды алу, сондай-ақ оларды залалсыздандыру мен организмдерінен кетіру ветеринарлық тазалау деп аталады.

Зақымдану түріне байланысты радиацияға, химияға, бактерияға қарсы тазалау болып бөлінеді.

Малды радиацияға қарсы тазалау арнайы ерітінділермен тері жамылғысынан радиоактивті затты қарапайым жолмен алуға негізделеді. Ол асқазанды (жылқының) жақсылап шаю және ішке адсорбциялаушы, әлсіретуші және арнайы сәуледен қорғайтын препараттарды жіберу кезінде радиоактивті заттарды организмнен ішінара кетіруге ықпал етеді.

Малды химиялық тазалау кезінде дегазаторлар қолданылады, олар улағыш заттармен реакцияларға жылдам түсіп, оларды усыз заттарға айналдырады. Бұдан басқа улы затты организмнен оларды асқазан-ішек жолын жақсылап шаю арқылы бейтараптандыруға болады.

Малды бактериядан тазалау тері жамылғысынан бактериалдық затты әр түрлі дезинфекциялаушы заттармен залалсыздандыру мен кетіруді, сондай-ақ сақтандырушы егуді, кеңінен қолданылатын антибиотиктерді және инсектицидтерді қолдануды қамтиды.

Зақымдалған малдың тері жамылғысын құрғақ немесе ылғалды әдіспен тазалайды.

Құрғақ әдісте радиоактивті заттарды механикалық әдіспен, сабы ұзын шеткамен кетіреді. Бұдан кейін аяқтың төменгі жағын жуады, көзді және ауыздың ашық жерін ылғыл шүберекпен сүртеді немесе оларды таза сумен шаяды.

Жылдың жылы уақытында малды зақымдалмаған суатта шомылдыруға болады, қысқы уақытта ветеринарлық тазалау үшін таза қарды пайдалануға болады. Көзді, ерін мен қызыл етті бұл жағдайда ылғалды шүберекпен сүртеді немесе марганец-қышқылды калийдің 0,2%-тік ерітіндісімен, соданың 2%- тік ерітіндісімен шаяды.

 

5.Зілзала апаттары және олардың салдарынан қорғану.

Зілзала апаттар – табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан шыққан апаттар.

Зілзала апаттар – Жер сілкінісі.

Жер сілкінісі – бұл жер қыртысында және елеулі ауытқы түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер астының қозғалысы.

Жер қыртысының тектоникалық қозғалысын тудыратын жер сiлкiнiсi өте жойқын болып келедi.

Жер сiлкiнiсiнiң барысында адамдар қаза болады, үйлер, жолдар, көпiрлер, каналдар, тоғандар мен басқа да инженерлiк ғимараттар, су құбырлары, канализация, электр беру жүйесi қирайды, байланыс бұзылады, қар көшкiнi, сел, сырқыма мен қопарылыс пайда болады. Тау жыныстарынан тастар құлайды, адамдарды үрей билейдi. Су асты және су жағалауындағы жер сiлкiнiсi кезiнде теңiз түбiнiң қозғалыс нәтижесiнде теңiздiң гравитациялық толқындары ­ цунами пайда болып, құрылықта үлкен бүлiнушiлiк жасайды.

7 сурет. Жер сілкінісінен кейінгі құлаған жерлерді тазалау

 

Соңғы он жылдықтағы адамның әр түрлі ирригациондық, гидротехникалық ғимараттарды, көпір өткелдері бар автожолдарды және т.б. салу жөніндегі белсенді қызметі техногендік сипаттағы су тасқынын тудыруға себеп болады.

Тоғандардың, бөгеттердің бұзылуынан болған тосын су тасқыны жағдайында халықты ескерту, барлық қолда бар техникалық құралдармен (өнеркәсіп орындарының гудоктары, сиреналар, радио мен теледидар бойынша хабарлар), оның ішінде қатты сөйлейтін жылжымалы қондырғылардың көмегімен жүргізіледі.

Су басудың аяқ астынан пайда болуы халықтың ерекше өзін-өзі ұстауы мен іс-әрекетін қажет етеді. Тоған бұзылған кезде қуатты су валының құрылатындығын ескере отыра ықтимал су басу аймағында тұратын әр адам судың ең жоғары көтерілу деңгейін білуге тиіс, осыған орай қалыптасқан жағдайға сәйкес іс-әрекет ету керек. Су аяқ асты көтерілсе өздеріңізбен бірге жылы киімді, тамақты, құжатты, ақшаны алып, жоғары қабатқа немесе шатырға, төбеге (бір қабатты үйде) көтерілу керек. Жұмыста болған кезде әкімшілік үкімі бойынша, белгіленген тәртіпті сақтай отырып, дөңес жерге немесе ағашқа шығып, әр түрлі жүзу заттарын пайдаланған жөн (дөңгелек камера).

Сақтандыру қауіпсіздігінің жеке шараларына мынаны жатқызуға болады: күрделі құрылыс тұрғызу, от басының барлық мүшелерін жүзуге үйрету, қайықтың болуы, жақын жердегі топографиялық дөңес нүктелерімен таныс болу, гидродинамикалық аварияның хабарлау әдістері мен түрлерін білу.

Су басқан аумақтағы адамдарды iздеу барлық жүзу құралдарының экипажын тарта отырып, жедел жүргiзiледi.

Егер суда қалсаңыз, судың түбіне қарай тартатын аяқ киімнен, ауыр киімнен босанып, жүзгіш затты, ағашты, су бетінде жүзіп жүрген басқа заттарды іздеп тауып, көмек күту қажет. Егер жағалау алыс болмаса, ағысқа қарсы баяу қарқынмен қарқындай отырып жүзу керек. Жағаға шыққан бойда су киімді сығып, жағалаумен жоғары көтеріліп, желден қорғанатын пана іздеп, көмек күту қажет.

Олардың салдары – су тораптарының зақымдалуы мен қирауы, адамдардың жарақаттануы үлкен аумақтың су астында қалуы.

Өндiрiстiк авариялардың себептерi зiлзала, құрылысты жобалау мен салу кезiнде жiберiлген ақаулар, техникалық жүйенiң монтажы кезiндегi қателер, өндiрiс технологиясы мен ғимаратты, көлiктi, қондырғыны, механизмдi пайдалану тәртiбiнің бұзылуы мүмкiн. Өндiрiстiк авариялар, сондай-ақ еңбек және технология тәртiбiнiң төмендiгi, техника қауiпсiздiгi тәртiбiн орындамау, бақылау-өлшеу және қорғаныс аппаратурасымен нашар жабдықтау, өрт сөндiрудiң озық жүйесiн, әсiресе өрт және жарылыс қауiпi бар нысандарда нашар еңгiзу, ғимарат, құрылыс, қондырғы және т.б. тиiстi қадағалаудың жоқтығы нәтижесiнде болуы мүмкiн.

Авариялардың айтарлықтай бөлігі кейде жобалау сатысында нысан мен жергілікті жағдай ерекшелігін бағаламаудан болады. Мұндай жағдайда аварияның түпкілікті себебі климаттық жағдай мен қызу өндіріс ортасы ықпалынан, төменгі температура әсерінен қорғалмаудан, қатты ылғалдан, қалың қардың басуынан және т.б. болатын тозудан қорғаныс құрылғысының жоқтығы болуы мүмкін.

Жекелеген құрылысты пайдалану тәртібінің бұзу да аварияға алып келеді. Атап айтқанда, цемент зауыттарында ғимаратты пайдалану барысында жинақталған өндірістік шаңды өз уақытында тазаламағандықтан цехтардың құлаған оқиғалары да байқалды.

Құрылыстар мен құрғыларды салу мен монтаждау кезінде де авариялар болып тұрады. Олардың себебі, әдеттегідей, құрылыс нормалары мен жұмыс жүргізу жобаларын сақтамау, орындалған жұмыстың төменгі сапасы болып келеді. Қазіргі металл құрылғылары жеңіл орындалады, сондықтан олар монтаж ақаулығына мұқиятсыз тасуға және пайдалану тәртібінің бұзылуына өте сезімтал келеді.

Адамның тікелей қызметіне байланысты пайда болатын авариялардың үлес салмағы жоғары болып қалып отыр. Барған сайын «адамдық» фактор, яғни өндіріс барысындағы адамның орны, оның кәсібилігі, іске көзқарасы еңбек тәртібі бірінші кезекке қойылуда.

Әрбір нақты авария бірнеше себептер жиынтығын, бір қатар қолайсыз факторлар үйлесімінің нәтижесі. Жобалау кезінде жіберілген қателіктер, құрылыс және монтаж кезіндегі қателермен ұштасып жатады. Осының барлығы дұрыс пайдаланбаумен қатерді күшейте түседі. Мұның арты аварияға алып келеді. Нысандардағы аварияларға алып келетін «адамдық» факторға өндіріс процесі мен техника қауіпсіздігі тәртібінің бұзылуы жатады.

Кәсіпорындағы авариялардың ықтимал пайда болу себебін зерттеу және жұмысшалар мен қызметшілер және жақын тұратын халық үшін кәсіпорын туғызатын қауіпті жан-жақты бағалау, біріншіден, аварияларды ескерту жөніндегі шараларды дұрыс анықтауға, екіншіден, адамдарды қорғау және залалды азайту бойынша қажетті шараларды қарастыруға мүмкіндік береді.

Бақылау сұрақтары:

1. Су мен азық-түлік тағамдарын үй жағдайында қалай қорғау қажет?

2. Су көздерін, су ұстағыш скважиналарды, құдықтарды қорғау шаралары қалай жүргізіледі?

3. Бұлақтарды улағыш заттардан қалай қорғайды?

4. Малға арналған жемді қоймада және дала жағдайында сақтау шаралары?

5. Жем мен суды қалай залалсыздандырады?

6. Су мен жемді залалсыздандырудың негізгі әдістері қандай?

7. ²Дезактивация² дегеніміз не?

8. Дегазизацияның атқаратын қызметі қандай?

9. Сыртқы ортада жұқпалы аурулар коздырғыштарын жоятын әдіс?

10. Малды радиацияға қарсы тазалау әдісі қалай жүргізіледі?

11. Малды химиялық тазалау әдісі қандай?

12. Малды бактериядан тазалау әдісі қалай жүргізіледі?

13. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайлар салдарынан шыққан апаттар?

14. Жер сілкінісі неден пайда болады?

15. Жер сілкінісі кезінде қандай қорғау шаралары жүргізіледі?

Тест сұрақтары:

1. Су мен жемді залалсыздандырудың негізгі әдістері:

А) дезактивация, дегазация, дезинфекция

В) дератизация, дегазация

С) дезинсекция, дезинфекция

Д) дезинфекция, дератизация

Е) дұрыс жауап жоқ

2. Зақымдалған объектіден радиоактивті заттарды жою:

А) дезактивация

В) дегазация

С) дезинфекция

Д) дератизация

Е) дезинсекция

3. Қатты әсер ететін улы заттарды жою бейтараптандыру немесе толық жою:

А) дегазация

В) дезинсекция

С) дезактивация

Д) дезинфекция

Е) дератизация

4. Сыртқы ортада жұқпалы аурулар қоздырғыштарын жою:

А) дегазация

В) дезинфекция

С) дезактивация;

Д) улы заттарды бейтараптандыру

Е) улы заттарды жою

5. Ауру тудыратын микроорганизмдерге қарсы күрес?

А) дезактивация

В) дезинсекция

С) дегазация

Д) дезинфекция

Е) дератизация

6. Бірнеше елдерді немесе материктерді қамтитын эпидемия?

А) эпизоотия

В) пандемия

С) эпифитотия

Д) аднропозооназдар

Е) зооантропозооназдар

7. Зақымданған орындарды радиоактивті заттардан жою?

А) обсервация

В) дегазация

С) дезактивация

Д) дезинфекция

Е) дератизация

8. Су қоймаларына өзенде су деңгейінің көтерілуіне, тағы басқа себептерге байланысты көп жерді су кетуі қалай аталады?

А) қар көшкіні

В) селдер

С) боран

Д) жер сілкінісі

9. Радиоактивті заттардан залалсыздандыру тәсілі?

А) дезактивация

В) дезинфекция

С) дезинсекция

Д) дегазация

10. Ауру тудыратын қоздырғыштарға қарсы күрес?

А) дезактивация

В) дегазация

С) дератизация

Д) обсервация

Е) дезинфекция

Негізгі әдебиеттер.

1. Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша басшылық құрамды даярлауға арналған материалдар жинағы. ТЖ АҚ курстары.

2. ҚР ²Төтенше жағдайлары туралы² заңы, Алматы, 1996 ж

3. ҚР ²Азаматтық қорғаныс туралы² заңы. Алматы, 1997 ж.

4. ТЖ және АҚ Респуликалық курстары. Тіршілік қауіпсіздігі курсы бойынша ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы. 1 және 2 кітап. Алматы, 2003.

5. Арпабеков С. Өмір тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2004.

6. Абдыров А.М., Кезенбаева С.А. Тіршілік қауіпсіздігі пәнінен оқу әдістемелік кешен. Астана, 2004.

7. Суровцев А.А., Мельников Е.Н. мемлекеттік тілге аударған Жүнісбаев Н.А. Тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2003.

8. Әлімбеков Е. Азаматтық қорғаныс-бүкіл халықтық іс. Алматы,1986.

9. Габдуллина М.Х., Абдыров А.М., Рүстембаев Б.Е. Өмір тірішілік қауіпсіздігі және экология негіздері бойынша тест сұрақтары. Астана, 2006.

10. Абдыров А.М., Рүстембаев Б.Е., Мұстафин Ж.Ж. Тіршілік қауіпісіздігі пәні бойынша ЖОО оқитын студенттерге арналған әдістемелік нұсқау. Астана, 2005.

11. Акимов Н.И., Ильин В.Г. ГО на объектах с/х производства. 1984.

12. Николаев Н.С. ²ГО на объектах АПК² - М. - 1990.

13. Приходько Н.Г. Безопасность жизнедеятельности: Курс лекций.

-Алматы.: 2000.

14. Белов В.С. Безопасность жизнедеятельности. -М.: 1999.

 

Қосымша әдебиеттер.

1. Журнал Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық -әдістемелік жинақтары.

2. Әлімбеков Е., Малгазин С. Азаматтық қорғаныс терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі.

3. Информационно-методический сборник материалов по ЧС и ГО.

Выпуски 2000-2002, АЧС РК.

4. Егоров П.Т. и др. Гражданская оборона, 1997.

5. Наставление по организации и ведению ГО в районе (сельском) и на с/х объектах народного хозяйства, 1977.

6. Краткие методические рекомендации по курсу ГО. - Алматы, 1995.

7.Информационно-методическое издание для преподавателей. Основы безопасности жизнедеятельности, - М., 2002.[kgl]

[gl] №6 САБАҚ. Тақырып:Химиялық қayiпті объектілерде, транспортта қатты әсер ететін улы заттармен зақымдану масштабын жобалау.[:]

Сабақ мақсаты:Әсері күшті улы заттарды және химиялық қayiпті объектілерде, транспортта қатты әсер ететін улы заттармен зақымдану масштабын қарастыру.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Өте улы заттар таралатын апаттардың түрлері.

2. Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар.

3. Әсері күшті улы заттар (ӘКУЗ).

 

1. Өте улы заттар таралатын апаттардың түрлері.

Химиялық объектілерде болған апаттар аса қатерлі апаттардың қатарына жатады. Себебі ондай апаттар адамдарды, жан-жануаларды, өсімдік әлемін жаппай жоятын улы заттар шығуымен сипатталады.

Улы заттектер (сильно действующие ядовитые вещества) жаппай қыру қаруларының біріне жатады. Бұлардың негізін химиялық қосындар құрайды. Олар адамдарды, жан-жануарларды, ауаны, жер бетін, техниканы, суды және азық-түлікті улайды.

Жаппай қыру мақсатында қолданғанда олар тамшы, сұйық, тұман, түтін не бу күйінде болуы мүмкін.

Улы затпен зақымдаудың бірнеше ерекшеліктері бар:

- аз уақыт ішінде жаппай улауға болады;

- ауа, жер кеңістігінде үлкен аумақта улай алады;

- аэрозоль, бу түрінде қорғануы нашар үйлерге, бөлмелерге кіріп кетеді;

- әр түрлі жағдайда, әр түрлі орындарда /тұйық, желсіз жерлерде/ ұзақ сақталуы мүмкін.

Улы заттармен зақымданудың жолдары:

- уланған ауамен демалғанда;

- улы тамшылардың теріге не көзге тиюі;

- уланған заттарды ұстағанда;

- уланған азық-түлікті не суды пайдаланғанда.

Улы заттардың ішіндегі көп кездесетіні әрі қатерлісі хлор мен аммиак.

Хлор жасыл-сары түсті өткір иісі бар газ. Хлор ауадан екі есе ауыр, сондықтан хлор бұлты жер бауырлап ұшады.

Оның қайнау температурасы – 34,60С. Яғни, хлор қыс кезінде де газ түрінде де қала береді. 5-7 атм қысымында тез қысылып, жасыл-сары түсті сұйыққа айналады. Суда жақсы ериді. Өндірістің түрлі салаларында кеңінен қолданылады. Ауыз сулармен ағын суларды тазарту, зиянсыздандыруға қолданылады.

Адамдардың тыныс алу жолын зақымдайды және өкпені ісіндіреді. Ал мөлшері көп болғанда 5-25 минут ішінде адам өледі.

Бірінші көмек: противогаз кигізу керек, ол аймақтан адамды тез арада таза ауаға шығарып, оттегімен демалдырған жөн. Тыныс алу жолдары зақымданғанда нашатыр спиртін иіскеткен дұрыс. Көзін, мұрнын, аузын 2-пайызды соданың ерітіндісімен жуған дұрыс. Хлор ауаға тарағанын естігенде үйдің жоғарғы қабатына шығып кетуге тырысу керек. Хлор тараған территориядан тез өтіп, жел соққан жаққа кетуге тырысыңыз, бірақ жүгірмеңіз. Жердің шаңын көтеруге болмайды. Хлормен уланған адамға нашатыр спиртін иіскету керек. Ыстық сүт, шай беріп жылы жерге науқасты орналастыру керек.

Аммиак – нашатыр тәрізді иісі өткір, түссіз газ. Суда жақсы ериді. Аммиактың ауамен араласқан түрі/ 1:3 мөлшерде/ қопарылыс жасауға қабілетті. Адамның тыныс мүшелеріне, көзіне қатты әсер етеді. Аммиактың жоғарғы концентрациясы адамның нерв жүйесіне қатты әсер етеді. Теріні, көзді күйдіріп не үсіріп жібереді.

Аммиактың ауаға тарағаны туралы хабар болғанда өзіңіз тұратын үйіңіздің не жұмыс бөлмеңіздің есік-терезесін, саңылауларды ылғал матамен, мақтамен тығыздап жабу керек, газ, электр жүйелерін тез ажырату қажет.

Өндірісте арнайы противогаздарды пайдаланады, мақтадан жасалаған ауыз жапқыш 100 минутқа дейін көптеген улы заттардан өміріңді сенімді сақтайды. Бірақ ол аммиактың, метилхлоридің, венилхлоридтің улы заттарынан сақтауы екі талай. Егер болмаған жағдайда дәкені, мақтаны сулап, сол арқылы демалу керек. Киімнің түкті, мақталы жері, бөкебай, киімнің жағасы, жеңі де тыныс алу органдарын сақтайды.

Аммиактың буымен уланған адамды ол жерден тез алып шығып, оған сірке қышқылының ерітіндісін немесе судың жылы буын иіскету керек. Зақымданған жерді химиялық пакеттегі ерітіндімен сүртеді, немесе сабынды сумен жақсылап жуады.

Аптечканың /АИ-2/ № 2 ұясындағы таблетканы ішу керек.

Химиялық зақымданған аймақтан шыққаннан кейін толықтай не жартылай санитарлық тазалықтан өту керек.

 

2. Нерв жүйесін зақымдайтын фосфорорганикалық уландырғыш заттар.

Ви-икс-газдары.Олар аз мөлшерде буланатын түссіз сұйық түрінде кездеседі. Оның иісі болмайды. Суықта қатпайды. Суда баяу ериді – 5, ал органикалық еріткіштер мен майларда жақсы ериді.

Ашық жатқан су көздерін /көл, өзен/ өте ұзақ уақыт бойы – 6 айға дейін зақымдандырады. Адамның терісіне, тыныс жолдары, киіміне сіңу арқылы уландырады.

Жазды күні бір жерде 7-15 тәулік бойы, ал қысты күні 2-3 айға дейін сақталып улайды.

Зарин– бұл түссіз немесе сарғыштау түрде кездесетін, ауада жақсы буланып ұшатын, қыста қатпайтын сұйық зат. Оны кез келген мөлшерде суға немесе органикалық еріткіштерге араластырып қолданады. Судың әсеріне тұрақты қарсылық көрсететіндіктен тұйық су көздерін ұзақ уақыт бойы уландырады. Адамның терісіне, киіміне тез сіңіп кетеді. Оның буы 20 км-ге дейін тарайды. Ойлы жерлерде жазда бірнеше сағатқа, қыста 2 тәулікке сақталады.

Осы тәріздес улағыш заттың бірі – Зоман. Ол да теріге өтіп, тыныс алу органдарын улайды. Организмге сіңіп алғаннан кейін орталық нерв жүйесіне зардабын тигізеді. Өлтіргіш қуаты бар кезінде адам жүректің сал болып ісінуінен өледі.

Қорғаныс жолы: теріні қорғау құралдарын және противогаз пайдалану, панаханаларға, арнайы баспаналарға жасырыну.

Улы заттардың барлығын химиялық байқау құралдары арқылы анықтайды.

Теріні күйдіріп, іріңдететін улағыш заттардың бірі – Иприт.

Ол сарымсақтың иісі бар сарғыш немесе қара қошқыл түсті сұйық зат. Органикалық еріткіштерге жақсы ериді. Әр түрлі лакты бояу жағылған заттарға, резинаға, саңылаулы материалдарға, адамның терісіне оп-оңай сіңіп кетеді. Адам терісі 2-3 сағатта қызарады да, жараға айналып 20-30 тәулік бойы жазылмайтын жара пайда болады.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.