Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Радиоактивтік индикаторлар, рентгонометрлер, радиометр 15 страница



Химиялық ахуалретінде шаруашылық объектілерінің қызметіне, АҚ күштері мен халыққа әсер ететін жердің ҚӘУЗ-бен (УЗ) химиялық зақымдану салдарының жиынтығы түсініледі.

Химиялық ахуал ҚӘУЗ төгілу (тасталу) немесе химиялық зақымдану аймағы мен химиялық қаруды қолдану кезінде жасалады.

Химиялық ахуалды бағалауға мыналар кіреді:

- химиялық зақымдау көлемі мен сипатын анықтау;

- олардың объектілер қызметтеріне, АҚ күштері мен халыққа әсер етуін талдау;

- адамдардың зақымдалуын болдырмайтын іс-әрекеттердің аса қажетті нұсқаларын іріктеу.

Химиялық ахуалды бағалау болжау әдісімен және барлау мәліметтерібойынша жүргізіледі.

Шаруашылық объектілерінде химиялық ахуалды бағалауды (РХҚ) нүктелері (буындары) жүргізеді.

Химиялық ахуалды бағалайтын бастапқы мәліметтер:

- КӘУЗ турі мен саны, химиялық қаруды қолдану құралы мен УЗ түрі;

- улы заттардың шығарылу (төгілу), химиялық қарудың қолданылу ауданы мен уақыты;

- адамдардың қорғану деңгейі;

- жердің топографиялық жағдайы мен ластанған ауаның таралу жолындағы құрылыстардың сипаты;

- ауа райы (жер бетінің қабатындағы желдің жылдамдығы мен бағыты, ауа мен топырақтың температурасы, ауаның вертикалдық тұрақтылығының деңгейі).

Ауаның вертикалдық тұрақтылығының деңгейін шамамен ауа – райын бақылау арқылы анықтауға болады.

Ауаның вертикалдық тұрақтылығы үш деңгейге бөлінеді:инверсия, изотермия, конвекция.

Инверсияәдетте, шамамен күн батардан 1 сағаттай бұрын кешкі уақытта пайда болады және күн батқаннан кейін 1 сағаттың бойында бұзылады. Инверсия кезінде ауаның төменгі қабаттары жоғары қабаттарынан суығырақ, бұл инверсияның биіктік бойынша таралуына кедергі келтіреді және ластанған жинақталған ауаның шақталуы үшін аса қолайлы жағдай жасайды.

Изотермия ауаның тұрақты теңдігімен сипатталады. Изотермия кезінде жердің 20-30 м биіктік шегінде ауаның температурасы жердікімен шамалас. Ол жауын – шашында ауа – райы мен қар жамылғысы кезінде байқалады, алайда таңертеңгі және кешкі сағаттарда да инверсиядан конвекцияға (таңертең) және керісінше (кешкі) көшпелі күй ретінде пайда болуы мүмкін.

Конвекция әдетте, күн шыққаннан кейін 2 сағаттан соң пайда болады және шамамен күн батардан 2-2,5 сағат бұрын бұзылады. Ол әдетте жазғы ашық уақытта байқалады. Конвекция кезінде ауаның төменгі қабаттары жоғары қабаттарынан қаттырақ қызады, бұл залалданған бұлттың тез тарауына және оның зақымдағыш әсерінің азаюына ықпал етеді.

Ауаның жер бетіндегі қабатының вертикалдық тұрақтылық деңгейі кесте көмегімен ауа райы болжамының мәліметтері бойынша анықталуы мүмкін.

Кесте – 4

Жел жылдамдығы, м/с Түн Күн
Ашық Бұлыңғыр Бұлтты Ашық Бұлыңғыр Бұлтты
0,5 Инверсия   конвекция  
0,6-2        
2,1-4   изотермия   изотермия
4-тен астам    

 

Қарсылас жақ улы затты пайдаланған кезде пайда болған химиялық ахуалды айыру кезінде қолданылған затты, зақымдану аймағының алаңы мен улы зат түрін анықтайды. Осы мәліметтер негізінде ластанған ауаның таралу тереңдігін, жер мен техникалығы улы зат беріктігін, адамдардың теріні қорғау құралдарында болу уақытын, адамдардың, ғимараттың, техника мен мүліктің зақымдану ықтималдығын бағалайды.

Қарсылас жақ улы затты қолданған кезде ауданның шекарасын анықтау, барлау күштерімен немесе ТЖ және АҚ жөніндегі жоғары тұрған орган ақпараттарының мәліметтері бойынша жүргізіледі. Химиялық шабуылға қатысушы құралдар саны (ұшақтар саны, олардың үлгілері, зымырандар саны), улағыш заттарды қолдану әдісі (химиялық бомбалар, зымырандар), төгілетін авиациялық приборлар және басқалар).

Химиялық оқ – дәрі немесе әскери прибордың әсері кезінде улы зат бұлт пайда болады, ол алғашқы бұлт деп аталады. Осы бұлттың құрамы УЗ түрі мен оның ұрыс жағдайына көшіру әдісіне байланысты. Қарсылас жақ зарин түріндегі УЗ қолданған кезде алғашқы бұлт осы УЗ буынан құралады, ал Ви-Икс түріндегі УЗ-ты қолдану негізінен аэрозольдік бөлшектерден тұратын бұлттың құралуына алып келеді. Қарсылас жақ төгілетін авиациялық приборларды пайдаланған кезде тұрпайы аэрозоль бұлты мен УЗ тамшысы пайда болады, олар сіңе отыра объектілерді, жерді, су көздерін, техника мен адамдарды зақымдайды. Әр түрлі заттардың үстінде аэрозоль мен тамшы түріндегі УЗ буланады. Аэрозольдік бөлшектер мен УЗ тамшысының булану нәтижесінде зақымдалған жерде осы УЗ буынан ғана тұратын УЗ қайталама бұлты пайда болады. Жылжып келе жатқан ауа массасының әсерімен УЗ таралып, сирейді, соның нәтижесінде онда жинақталған УЗ-тың әсер ету уақыты азаяды және тиісінше қорғалмаған адамдардың зақымдау дозасын алу қауіпті төмендейді.

Ластанған ауаның таралу тереңдігі химиялық қару қолданылған ауданның желді шекарасынан бастап зақымдағыш мөлшері бар ластанған ауа бұлтының таралу шекарасына дейін қолданылады. Ол ауа – райына, жер бедеріне, орман алқаптарының бар-жоғы мен елді мекендер құрылысының тығыздығына байланысты.

Төменде изотермия жағдайындағы авиация мен УЗ қолданған кезде ашық жердегі ластанған ауа бұлтының қауіпті таралу тереңдігінің (км) есептемелік маңызы келтірілген.

Кесте-5

УЗ түрі Тұрақты желдің м/с жылдамдығы кезінде ластанған ауаның қауіпті таралуының тереңдігі, (км)
1-2 м/с 2-4 м/с
Зарин
Ви-Икс 5-8 8-2
Иприт

 

Ашық ауа райында (конвекция жағдайында) ластанған ауаның қауіпті таралуының тереңдігі шамамен екі есеге азаяды, ал инверсия жағдайында шамамен 1,5-2 есеге көбейеді.

Төңірегінің бәрі құрылыс елді мекендер мен орман алқаптарында ластанған ауаның қауіпті таралуының тереңдігі айтарлықтай азаяды (3-3,5 есе).

ҚӘУЗ бар объектілердегі химиялық ахуалды бағалау химиялық зақымдану ошағында болуы мүмкін адамдарды қорғауда ұйымдастыру мақсатында жүргізіледі.

Химиялық ахуалды болжау әдісімен бағалау кезінде ауа – райының ластанған ауаның таралуы үшін қолайлы кезінде объектідегі бүкіл ҚӘУЗ қорының бір уақытта төгілу (шығу) шарты қабылданады (инверсия, желдің жылдамдығы 1 м/с).

ҚӘУЗ салынған ыдыстардағы авариялар (қирау) кезінде бағалау нақты қалыптасқан жағдай бойынша жүргізіледі, яғни төгілген (шығарылған) улы заттардың нақты саны мен ауа – райының жағдайы алынады. Бұл жағдайда қайнау температурасы 200С –тан төмен улы заттардың (фосген, фторлы сутегі және т.б.) олардың төгілу шегі бойынша бірден буланатындығын және ауаның жер бетіндегі қабатына түскен улы булар көлемінің аққан сұйық көлеміне тең болатындығын ескеру керек. Қайнау температурасы 200с-тан жоғарғы улы сұйықтар (күкіртті көміртегі, көгілдір қышқылы және т.б.), сондай-ақ баяу қызатын сұйықтар (сұйытылған аммиак пен хлор, олеум және т.б.) объект аумағында төгіледі және булана отырып ауаның жер бетіндегі қабатын ластайды.

ҚӘУЗ бар объектілердегі химиялық ахуалды бағалау химиялық зақымдану ошағы мен химиялық зақымдану аймағының көлемдерін, ластанған ауаның белгілі межеге (объект) жету уақытын, зақымдаушы іс-әрекет уақыты мен химиялық зақымдану ошағындағы адамдардың ықтимал қаза болуын анықтауды қарастырады.

Химиялық ахуалды бағалау негізінде адамдарды қорғау шаралары қабылданады, зақымдану мен зақымдану салдарын жою жағдайындағы құтқару, объектінің өндірістік қызметін қалпына келтіру және халықтың тіршілігін қамсыздандыру жұмыстарын жүргізу жөнінде шаралар әзірленеді.

Объектідегі қорғаныс режимін таңдау кезінде мыналар қарастырылады: өндірістік қызметті жалғастыру кезінде жеке қорғаныс құралдарын пайдалану, зақымдалған ғимараттарда (цехтарда) жұмысты тоқтату, адамдар жұмыс орнына шыққаннан кейін зақымдануды болдырмайтын жұмыстарды жүргізгенге дейін панаханаларда болу тәртібі. Объект аумағы қатты зақымданған жағдайда жекелеген цехтардың немесе бүкіл объектінің жұмысын тоқтатып, аумақты, ғимарат пен объекті қондырғыларын залалсыздандыру жөніндегі шараларды жүргізгенге дейін зақымданбаған аудандарға адамдарды көшіру қарастырылуы мүмкін.

Объект жұмысының үлгілік режимдерінің, құтқару жұмыстарын жүргізудің үлгілік нұсқаларын бейбіт уақытта желдің негізгі бағытын, объект жұмысының нақты жағдайы мен АҚ бөлімшелерінің жеке құрамын, химиялық зақымдану жағдайындағы іс-әрекет кезінде қорғауды ұйымдастырудың негізі болып табылады.

Бақылау сұрақтары:

1. Газдың электрлі бейтарап атомдары қандай иондарға бөлінеді?

2. Гамма – сәулелену бойынша приборы не үшін арналған?

3. Гамма – сәулеленудің экспозициялық қуаты немен анықталады?

4. Гамма – сәулелену бойынша прибор жиынына нелер кіреді?

5. Гамма – сәулеленудің дозасының қуатын анықтау үшін не істеу қажет?

6. ²ДП-22В жеке дозиметр² жиынына не кіреді?

7. ²ДКП-50-А дозиметрін² жұмысқа даярлау кезінде не істеу қажет?

8. ²ИД-1 доза² өлшеу жиыны не үшін арналған және нені қамтамасыз етеді?

9. ²Белла² тұрмыстық дозиметрінің атқаратын қызметі?

10. Ауадағы улы затты қалай анықтайды?

11. Топырақ пер сусымалы материалдағы улы заттарды қалай анықтайды?

12. Иондаушы сәулеленудің қандай түрлері бар және оларға түсінік беру?

13. Химиялық ахуалды бағалауға нелер кіреді?

14. Ауаның вертикалдық тұрақтылығы қандай деңгейге бөлінеді?

15. ²Инверсия² дегеніміз не?

16. Радиациялық барлау приборларының атқаратын қызметі?

17. Химиялық барлау приборларының қызметі?

18. Ауадағы улы заттарды қалай анықтайды?

19. Топырақ пен сусымалы материалдағы улы заттарды анықтау шаралары қалай жүргізіледі?

20. Радиометрді қандай жағдайда қолданылады?

21. Халықты радиациядан қорғау шаралары?

 

Тест сұрақтары:

1. Радиациялық барлауға қандай өлшемді приборлар жатады:

А) ДП-63А, ДП-70

В) ДП-5А(Б), ДП-5В

С) ППХР, ВПХР

Д) ДКП-50В

Е) И-1

2. Дозиметрлік бақылау құралдары:

А) ДП-5А, ДП-5Б

В) ПХР-46, ППХР

С) ВПХР, ППХР;

Д) ДП-22В, ДП-23А, ДП-24

Е) ДП-60, ДП-76А

3. Қандай өлшеу құралдары химиялық барлау құралдарына жатады:

А) ДКП-50А, ДП-22В

В) ДП-64, ДП-5А

С) ДКП-50А, ДП-5А

Д) ДП-22В, ДП-23А

Е) ППХР, ВПХР

4. ДП-5 радиометр-рентгенометрінің өлшеу диапозоны?

А) 0,05-50 р/сағ

В) 2,2-50 Р

С) 20-500 Р

Д) 0,1-500 р/сағ

Е) 0,05 мр/сағ.-200 р/сағ

5. Радиоактивті заттармен залалданған территорияда жұмыс істеген адамдардың сырттай сәулеге ұшырау дәржесін өлшейтін прибор /құрал/?

А) әскери химиялық барлау приборы /ВПХР/

В) ДП-5В радиометрорентгенметрі

С) жеке адамдар пайдаланатын ДП-22 В дозиметрлерінің жиынтығы

Д) ДП-62 радиоактивтік индикатор

6. Ауада, жер бетінде, техникада және заттарда УЗ-дың бар-жоғын анықтайтын прибор?

А) газ зарядын есептегіш

В) әскери химиялық барлау приборы

С) ДП-5В радиометр-рентгенометрі

Д) жеке адамдар пайдаланатын ДП-22В дозиметрлерінің жиынтығы

Г) ДП-24

7. ДП-5В радиометр-рентгенометрінің жұмысқа жарамдылығын тексеретін құрал:

А) дозиметр

В) бақылау препараты

С) ұзартқыш штанга

Д) телефондар

Е) индикатор

8. Радиация деңгейін өлшеу бірлігі (гамма сәулелері дозасының қуаттылығы):

А) Ки/км2

В) Р/сағ

С) кл/кг

Д) кПа

Е) Зв (зиверт)

Негізгі әдебиеттер.

1. Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша басшылық құрамды даярлауға арналған материалдар жинағы. ТЖ АҚ курстары.

2. ҚР ²Төтенше жағдайлары туралы² заңы, Алматы, 1996 ж

3. ҚР ²Азаматтық қорғаныс туралы² заңы. Алматы, 1997 ж.

4. ТЖ және АҚ Респуликалық курстары. Тіршілік қауіпсіздігі курсы бойынша ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы. 1 және 2 кітап. Алматы, 2003.

5. Арпабеков С. Өмір тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2004.

6. Абдыров А.М., Кезенбаева С.А. Тіршілік қауіпсіздігі пәнінен оқу әдістемелік кешен. Астана, 2004.

7. Суровцев А.А., Мельников Е.Н. мемлекеттік тілге аударған Жүнісбаев Н.А. Тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2003.

8. Әлімбеков Е. Азаматтық қорғаныс-бүкіл халықтық іс. Алматы,1986.

9. Габдуллина М.Х., Абдыров А.М., Рүстембаев Б.Е. Өмір тірішілік қауіпсіздігі және экология негіздері бойынша тест сұрақтары. Астана, 2006.

10. Абдыров А.М., Рүстембаев Б.Е., Мұстафин Ж.Ж. Тіршілік қауіпісіздігі пәні бойынша ЖОО оқитын студенттерге арналған әдістемелік нұсқау. Астана, 2005.

11. Акимов Н.И., Ильин В.Г. ГО на объектах с/х производства. 1984.

12. Николаев Н.С. ²ГО на объектах АПК² - М. - 1990.

13. Приходько Н.Г. Безопасность жизнедеятельности: Курс лекций.

-Алматы.: 2000.

14. Белов В.С. Безопасность жизнедеятельности. -М.: 1999.

Қосымша әдебиеттер.

1. Журнал Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық -әдістемелік жинақтары.

2. Әлімбеков Е., Малгазин С. Азаматтық қорғаныс терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі.

3. Информационно-методический сборник материалов по ЧС и ГО.

Выпуски 2000-2002, АЧС РК.

4. Егоров П.Т. и др. Гражданская оборона, 1997.

5. Наставление по организации и ведению ГО в районе (сельском) и на с/х объектах народного хозяйства, 1977.

6. Краткие методические рекомендации по курсу ГО. – Алматы, 1995.

7.Информационно-методическое издание для преподавателей. Основы безопасности жизнедеятельности, - М., 2002.[kgl]

 

[gl] №2 САБАҚ. Тақырып:Төтенше жағдайларда халықты, аумақ пен ұйымдарды қорғау саласындағы Азаматтық қорғаныс шаралары. [:]

Сабақ мақсаты:Халықты, қоршаған орта мен ұйымдарды төтенше жағдайлар кезіндегі қорғаудың негізгі принциптерімен және әдістермен танысу.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Халықты қорғаудың негізгі принциптері мен әдістері.

2. Халықты, қоршаған орта мен ұйымдарды төтенше жағдайлар кезіндегі қорғаудың негізгі принциптері.

3. Халықты қорғаудың негізгі әдістері.

 

1. Халықты қорғаудың негізгі принциптері мен әдістері.

Адамдардың қауіпсіздігін қамсыздандыру бейбіт және соғыс уақытындағы ТЖ жағдайында халықты қорғау бойынша Республикамызда жүргізілетін барлық шаралардың аса маңызды мақсаты болып табылады.

Төтенше жағдайларды ескерту және іс-әрекеттер жөніндегі Республикалық жүйенің өзіне жүктелген міндеттерді орындауғы даярлығы түпкілікті нәтижеде оның осы мақсатқа жету қабілетін анықтайды, қазіргі уақытта адамзаттың алдында соғыс қатерінен басқа ғаламдық қауіп – экологиялық апат қауіпі өткір тұр: ауа ластанған, өзендер мен көлдер қышқылды жауындармен уланған, топырақ бүлінуде, ормандар құруда өсімдіктер мен хайуанаттардың жекелеген түрлері жойылуда.

Адам өміріне қауіпті заттарды пайдаланатын және өндіретін объектілер бір жерге шоғырлануда. Бұл объектілердегі авария салдарын осы заманғы зақымдау құралдарын қолдану салдарымен салыстыруға болады. Чернобыль АЭС-індегі оқиғаларды, Армениядағы, Нефтегорскідегі, Шығыс Қазақстандағы жер сілкіністерін және басқа төтенше жәйттарды талдау бейбіт уақыттағы жағдайда адамдардың қауіпсіздігі мәселесіне басқаша тұрғыдан қарауға мәжбүр етеді.

Республика аумағында атом энергетикасы, химия өнеркәсібі объектілері мен өзге де объектілер орналасқан, мұндағы авариялар үлкен адам құрбандықтарымен, материалдық залалмен қатар елеулі экономикалық салдарға да ұшыратуы мүмкін. Осы жағдайлар мемлекеттік, әскери және шаруашылық органдары тарапынан АҚ мәселелеріне, халықты сенімді қорғау мен шаруашылық объектілерін сақтау, басқару жүйесінің мүлтіксіз жұмыс істеуі жөніндегі міндеттерді шешуде жаңа ұстанымдарды қажет етеді.

Бейбіт уақыттағы ықтимал төтенше жағдайды, сондай-ақ осы заманғы зақымдау құралдарының даму бағыты мен оларды қолдану туралы көзқарастарды ескере отырып, халықты қорғаудың негізгі принциптері мен әдістерін іске асыру, халықтың сенімді қорғалуын дәйекті көтеруді қамтамасыз етеді.

 

2. Халықты, қоршаған орта мен ұйымдарды төтенше жағдайлар кезіндегі қорғаудың негізгі принциптері.

Халықты қорғау принциптері –бұл бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда халықты қорғау тәртібін анықтайтын ҚР үкіметі ресми белгілеген ережелер.

Халықты авария, апат, зілзала мен осы заманғы зақымдау құралдарының салдарынан қорғау жөніндегі шараларды жүргізу сипаты, көлемі мен мерзімі аға бастық ұйғарымын, ахуалды бағалау мен жергілікті жағдайларды және мүмкіндіктерді ескере отырып әзірленетін АҚ жоспарларымен анықталады.

Осы заманғы зақымдау құралдарынан халық пен шаруашылық объектілерін (ШО) қорғаудың негізгі принциптері мыналар:

1. Қорғаныс шараларын өз уақытында жоспарлау және өткізу;

Ол мыналарды қамтиды:

а) бейбіт және соғыс жағдайындағы АҚ жоспарларын әзірлеу. АҚ жоспарлау – Азаматтық қорғанысты басқару процесінің маңызды құрамдас бөлігі. Оның мәні бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайды талдау мен бағалау, халықты қорғау жөніндегі АҚ шараларын анықтау болып табылады;

б) халықты ТЖ мен осы заманғы зақымдау құралдарынан қорғау әдістеріне даярлау. Моральдық-психологиялық қасиеттерді және АҚ мен ТЖ бойынша оқып-үйрену қажеттігіне сенімділікті қалыптастыру;

в) ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын жинау және оларды пайдалануға әзірлікте ұстау;

г) көшіру шараларын даярлау;

д) бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда шаруашылық салалары мен объектілері жұмысының сенімділігін және тұрақтылығын көтеру жөніндегі шараларды жүргізу.

Осы заманғы зақымдау құралдары әсерінің сипаты, мүмкіндіктері мен салдары өткен соғыстарымен салыстырғанда сапалы жаңа ерекшеліктерімен көріне бастады.

Осы ерекшеліктерінің бірі – қаруды жеткізудің бүгінгі құралдары мен оның зақымдағыш қасиетінде. Жер шарының кез келген нүктесіндегі нысананы іс жүзінде жоятындығында. Сондықтан да тыл мен соғыс туралы ұғым енді салыстырмалы сипатқа ие болып отыр. Соғыс жағдайында осы заманғы зақымдау құралдары ықпалының аймағына кез келген елді мекеннің тап болуы әбден мүмкін.

Ал осы жәйт халық пен шаруашылық объектілерін қорғау жөніндегі шаралардың әрбір ауданда, қалада, объектіде, бүкіл Республика аумағында міндетті түрде жүргізілетіндігін көрсетуде.

2. Қорғаныс шараларын жүргізу сипаты мен көлемін анықтаудағы салыстырмалы көзкарас.

Қорғаныс шараларының сипаты мен көлемі ТЖ сипатына, сондай-ақ қалалардың, шаруашылық объектілерінің экономикалық және қорғаныстық маңызы мен жергілікті жағдайларға байланысты.

Бірінші кезекте соғыс уақытындағы жағдайда халық пен шаруашылық объектілерін қорғау жөніндегі шаралар АҚ тобына жатқызылған қалаларда, оларға іргелес елді мекендерде жүргізіледі және мынадай жолдармен іске асырылады:

- қызметтері соғыс уақытында да тоқтамайтын кәсіпорындардың жұмысшылары мен қызметшілерін, сондай-ақ АҚ бойынша топтарға жатқызылған қалалардағы олардың отбасы мүшелерін қауіпсіз аймаққа таратып қоныстандыру;

- АҚ бойынша топтарға жатқызылған қалалардағы жұмысшылар мен қызметшілерді бұрыннан бар қорғаныс ғимараттары мен осы мақсат үшін ыңғайластырылған және болжаланған орындарға, сондай-ақ құрылыстары АҚ-ты бейбіт жағдайдан соғыс жағдайына көшіру кезінде салынатын қарапайым панаханаларға жасыру.

Бұл қалаларда халықты қазіргі қарудың барлық түрінен қорғау қамтамасыз етілуге тиіс, қарсылас жақтың ядролық соққы беру ықтималдағы төмен шағын қалаларда, елді мекендер мен селолы жерлерде халықты негізінен радиоактивті зақымдаудан қорғау қарастырылады.

Бұл жағдайда тек жергілікті халықты ғана емес сондай-ақ, ірі қалалардан көшірілген халықты да қорғау ескеріледі.

Сөйтіп соғыс қималдары кезінде халық пен шаруашылық объектілерін қорғау шаралары бүкіл Республика аумағында жүргізілсе де, олардың мазмұны, көлемі мен өткізу мерзімі қандай да бір елді мекеннің қазіргі зақымдау құралдары соққысына ұшырау мүмкіндігі мен болжаланған шабуыл сипатына байланысты анықталады.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.