Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Радиоактивтік индикаторлар, рентгонометрлер, радиометр 13 страница



ФОЗ организмге енгеннен кейін тыныс алуды, жүрек-тамыр жүйке және басқа жүйелердің қызметін күрт бұзады.

ФОЗ-дың зақымдау әсері үш дәрежеге бөлінеді:

- жеңіл зақымдау дәрежесі көз қарашығының қысылуын, көру қабілетінің күрт төмендеуін, көз бен маңдай төңірегінің сырқырауын, мұрыннан сілекей ағуды, кеуденің қатты қысылуын, жүректің айнуын, жалпы әлсіздікті тудырады;

- орташа зақымдау дәрежесі ауатамырдың тарылуы салдарынан демікпенің дамуымен, сондай-ақ жеңіл зақымдану дәрежесі кезінде байқалатын уланудың барлық белгілерінің күшеюімен сипатталады. Жүрек айниды, кейде құстырады, іш бұрап ауырып, өтуі мүмкін, кіші дәрет жиі келеді. Кілегейлі қабықтын көгеруі жүріс-тұрыстың бұзылуы (тенселу), құрыспа байқалады.

- ауыр зақымдау дәрежесі ұстама тәріздес сипаттағы құрыспамен сипатталады, құрыспа кезінде тыныс алу біржола тоқтауы мүмкін. Тері жамылғылары көгеріп, дәрет алу жиілейді. Құрыспалар кейде 30-40 минутқа дейін созылуы мүмкін. Алғашқы медициналық көмексіз зақымданушы қаза болады.

ФОЗ-бен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек өз-өзіне және өзара көмек тәртібімен, сондай-ақ санитарлық дружиналар, санитарлар және санитарлық нұсқаушылар көмегімен көрсетіледі.

ФОЗ-бен зақымданудың тез өтуіне байланысты зақымданушыларға алғашқы медициналық көмекті жедел көрсету қажет.

УЗ зақымдану аймағындағы зақымданушыға газқағарды тез кигізіп, алдын ала беттің үстін химиядан қорғайтын жеке пакеттегі (ИПП-8) сұйықпен сүрткен жөн. Зақымданудың алғашқы белгілері байқалысымен (қарашықтардың тарылуы, тыныс алудың қиындауы, тұншығу, құрыспа) зақымданушыға шприц-түтіктің көмегімен антидот егеді (зақымданудың ауыр дәрежесінде – 2 доза, орташа дәрежесінде – 1 доза), ал жеңіл зақымданғандарға АИ-2 қобдишасындағы 2 таблетканы береді, ал улану белгісі өршіген кезде тағы бір таблетка береді. Бұдан кейін ИПП - 8 құралдарымен терінің ашық жерлеріне ішінара санитарлық тазалау жүргізіледі.

Тыныс алу тоқтаған кезде жасанды демалдырады (химиялық зақымдану аймағында жасанды демалдыруға болмайды!).

ФОЗ асқазанға сумен немесе тамақпен түскен кезде шприц-түтікпен бұлшық етке антидот енгізеді, ал зақымданған аймақтан тыс жерде зақымданушыны құстырады. Бұдан кейін барлық зақымданушыларды химиялық зақымдану ошағынан емдеу мекемесіне алып барады.

Жалпы улағыш әсердегі УЗ – көгілдір қышқылы, хлорциан.

Көгілдір қышқыл организмге тыныс алу органдары кілегейлі қабықтардың жарасы, тері ұлпалары, асқазан-ішек жолы арқылы өтеді. Көгілдір қышқылымен зақымданған кезде ащы бадамның иісі келіп, ауызда ащы металдың дәмі пайда болады, ауыз қуысындағы кілегейлі қабықта қанның азаюы, таңдайдың құрғауы байқалады, жүрек айниды, бас ауырады, әлсіздік пен мазасыздық сезімі билейді. Кілегейлі қабықтар мен тері ашық түске енеді. Қарашықтар кеңейеді, көздің алмалары жыпылықтап, демікпе пайда болады. Зақымданушы мазасыз күйге түседі, жүріс-тұрысында оғаштық байқалып, қорқыныш сезімі билейді, есінен таниды.

Жалпы улағыш әсердегі УЗ-мен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек:

- зақымданушыға газқағарды тез кигізу;

- шлем масканың астынан амилнитриті бар жаншылған ампуланы енгізу (көгілдір қышқыл антидоты);

- ауыр зақымданған кезде 2-3 минуттық үзіліспен амилнитриттің 2-3 ампуласын еңгізу;

- тыныс алу күрт бұзылған немесе тоқтаған кезде жасанды демалдыру;

- зақымданушының тыныс алуы орнына түскен соң оны тез арада емдеу мекемесіне алып бару.

Теріні құрыстыратын УЗ. Осы топтың өкілдері иприт пен люизит болып табылады, олардың зақымдағыш әсері тамшы-сұйық түрінде, және бу тәріздес күйде болады. Олардың организмге өту жолдары ФОЗ-бен бірдей. Ипритпен зақымдану жасырын мерзімнің болуымен сипатталады. УЗ әсер еткен сәтте, әдеттегідей, ауру немесе өзгеде жағымсыз күй байқалмайды.

Ипритті әсіресе көз тезірек сезеді. Көз зақымдалғаннан кейін 2-5 сағаттан соң көз топырақ түскен сияқты әсерде болады, жарықтан тайсақтайды, жас ағады, қызарады, кілегейлі қабықтар жасаурайды.

Тамшы-сұйық ипритпен тері зақымданған кезде 3-7 минуттан кейін-ақ оның оны тереңірек енгендігі, ал 30-60 минуттан соң оның толық сіңірілуі байқалады. 18-24 сағаттан соң бүршіктер пайда болып, артынша үлкен бүршіктерге кұйылады. Иприт буымен демалған кезде тыныс алу органдары зақымданады. 2-6 сағаттан кейін таңдай құрғайды, жөтел жиілеп, дауыс қырылдайды, біраздан соң жоғалады. Кейінен өкпе қабынады.

Иприт асқазанға тамақпен немесе сумен өткен кезде 20-40 минуттан кейін асқазанның маңайы сырқырап, жүрек айниды, құстырады, еріннің, қызыл еттің және ауыздың қуысы қанталайды.

Люизит – герань жапырағының иісі бар ауыр қара-қоңырқай сұйық. Оның зақымдағыш әсері көп жағдайда иприттікіне ұқсас. Тек, айырмашылығы әсер ете басағанан-ақ денені сырқыратады.

Теріні құрыстыратын УЗ-мен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек:

- зақымданушыға газқағар кигізу;

- ИПП – 8 көмегімен ішінара санитарлық тазалау жүргізу;

- егер улы заттың көзге түскендігі туралы күдік болса көзді сумен жақсылап шаю;

- УЗ асқазанға сумен немесе тамақпен түскен кезде (тек зақымданған аймақтан тыс жерде) асқазанды түтіксіз шаю;

- егер дене қышып, қанталаса, онда ішінара санитарлық тазалаудан кейін зақымданған жерге асептикалық таңғыш қою;

- зақымданушыны емдеу мекемесіне алып бару.

Тұншықтырғыш УЗ (фосген, дифосген) қоқыс шөп пен шіріген алманың исі сияқты жағымсыз иісімен ерекшеленеді. Организмге тек тыныс алу органдары арқылы ғана өтеді. Тұтыншықтырғыш УЗ-ның алғашқы зақымдау белгілері: ауызға тәтті дәмінің келуі, таңдайдың құрғауы, жөтел, бастың айналуы, кеуденің қысылуы, жалпы әлсіздік.

Газқағарды шешкен соң (зақымдалған аймақтан шыққаннан кейін) бұл құбылыстар біртіндеп бәсеңдейді немесе мүлдем жоғалады. 4 – 6 сағатқа созылатын жасырын мерзім дейтіннің әсері басталады. Одан кейін зақымданушының жөңіл-күйі нашарлай бастайды: демігу, сілекейді қатты шашырататын жөтел пайда болады, бас ауырады, әлсіздік билейді. Тері ұлпалары көгереді, өкпе домбығады.

Тұншықтырғыш УЗ-мен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек:

- зақымданушыға газқағар кигізу;

- зақымданушыны субъективтік жағдайға қарамастан зақымданған аймақтан шығыру (әкету), ешкім шағымданбаса да жаяу көшіруге рұқсат етілмейді! Газқағарды ұзақ қию көңілкүйде нашарлатады және өкпенің домбығуына ықпал етеді;

- жылдың суық уақытында зақымданушыны жылыту (көрпеге, пальтоға, плащқа орау, жылытқышты пайдалану).

Тұншықтырғыш УЗ-мен зақымданған кезде жасанды тыныс алдыруға болмайды!

Көздің жасын ағызатын және тітіркендіретін – хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит, СS заттары.

Көздің жасын ағызатын улы заттарға хлорпикрин мен хлорацетофенон жатады. Олардың әсері кезінде көзде шымшу сезіледі, жас қатты ағады, жарықтан таясақтайды, қабақ домбығады. Қатты уланған кезде көздің тітіркенуі күшейеді және жоғары тыныс алу жолдарын зақымдану белгілері пайда болады: таңдай мен кеуденің қыжылы, жөтел, тұмау.

Тітіргендіргіш УЗ-мен уланған кезде (адамсит, СS заттары) түшкіртеді, мұрын куысында қыжыл пайда болады, мұрыңбоқ ағады, көздің жасы ағады, жөтел пайда болып, сілекей ағады.

СS заттары тез әсер ететін УЗ болып табылады – адам организімін 20 – 60 секундтан кейін зақымдайды.

Алғашқы медициналық көмек:

- зақымданушыға газқағар кигізіп, зақымданған аймақтан әкету;

- көз бен аңқаны сумен мұқият жаю, көзді сүртуге болмайды, өйткені бұл жағдайда тітіркену күшейеді;

- 2 – 3 минуттың бойында түтіннен қорғайтын қоспамен (ампуладан) демалдыру, егер тітіркену тоқтамаса тыныс алуды 5 – 10 минуттан соң қайталау.

Медициналық тірекке көздің, тыныш жолдары мен терінің қатты тітіркену құбылыстарымен зақымданғандар ғана жіберіледі.

Психохимиялық әсер ететін УЗ-ға ВZ және лизергин қышқылы диэтиламиді (ДЛК) түріндегі адамдарды уақытша қатарынан шығаратын химиялық қосылыстар жатады.

ВZ заттармен уланған кезде зақымданушыда құштарлық көңіл күйі пайда болады (мастануды сезіну), бұдан кейін жүрістұрыс бұзыла бастайды, бұлшық еттің әлсіреуі байқалады. Бұдан әрі орталық нерв жүйесінің зақымдану белгілері анық біліне бастайды. Зақымданушы уақыт пен тұрған жерін зорға болжайды. Көздің қарашығы кеңейеді, кілегейлі қабықтар мен тері ұлпалары құрғайды, жүрек соғысы күрт жиілейді. Психикалық және жүріс-тұрыс қозуы, ретсіз сөйлеушілік байқалып, ара тұра тежеледі. Зақымданудың ауыр дәрежесінде сана көмескіленеді, уақыт пен тұрған жерді ажырата алмайды, тіл қүрмеледі, мазасыздық, қауіп, қорқыныш билейді, көзге басқа заттар елестейді және құлақ шала естиді. Мұндай сезімдер зат әсер еткеннен кейін 2 – 3 сағаттан кейін пайда болады.

ВZ үлгісіндегі УЗ заттарымен зақымдаған кездегі алғашқы медициналық көмек:

- зақымданушыға газқағар кигізу;

- терінің ашық жерлеріне ішінара санитарлық тазалау жүргізу;

- УЗ асқазанға сумен немесе тамақпен өтсе асқазанды түтіксіз шаю;

- зақымданушыны емдеу нүктесіне алып бару.

Қоршағандар немесе зардап шегушінің өзі үшін қауіп төндіретін қатерлі іс-әрекет жасалған жағдайда шектеу шараларын жүргізу қажет (зақымданушыны зембілге салып байлап тастайды).

Бақылау сұрақтары:

1. Халықты радиациядан қорғау шаралары қалай жүргізіледі?

2. Жеке дәрі-дәрмек қобдишасы қандай мақсатта қолданылады?

3. Қобдиша ұяларында қандай медициналық құралдар орналасқан?

4. Иондағыш сәулеленумен зақымданған кезде алғашқы көмек қалай көрсетіледі?

5. Улағыш заттар организмге улылық әсерінің сипаты бойынша қандай топтарға бөлінеді?

6. Улағыш заттардың улылық жіктелісі бойынша қалай бөлінеді?

7. Жүйкені жансыздандыратын улағыш заттарға қандай заттар жатады?

8. Фосфор органикалық заттар адамның организміне енген кезде қалай әсер етеді?

9. ФОЗ-дыңзақымдану әсері қандай үш дәрежеге бөлінеді?

10. ФОЗ-бен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек қалай көрсетіледі?

11. Жалпы улағыш әсердегі УЗ-мен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек қалай көрсетіледі?

12. Теріні құрыстыратын улағыш заттар адамның организміне енген кезде қалай әсер етеді?

13. Адамның организміне теріні құрыстыратын УЗ-мен зақымданған кездегі көрсетілетін көмек қандай?

14. Тұншықтырғыш УЗ адамның организміне қалай әсер етеді?

15. Тұншықтырғыш УЗ-мен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек қандай?

16. Көздің жасын ағызатын және тітіркендіретін УЗ-ға қандай улы заттар жатады және оған қалай алғашқы көмек көрсетіледі?

17. Психохимиялық әсер ететін УЗ-ға қандай химиялық қосылыстар заттар жатқызылады?

18. ВZ үлгісіндегі УЗ заттармен зақымданған кездегі алғашқы медициналық көмек қалай көрсетіледі?

Тест сұрақтары:

1. Жеке химиядан қорғайтын пакет:

А) ИПП-8,10

В) АИ-2

С) ИПП-2

Д) АИ-4, ИПП-7

Е) ИП-2

2. Жеке дәрі-дәрмек қобдишасы:

А) АИ-2

В) АИ-4

С) ИПП-2

Д) ИПП-5

Е) ИПП-10

3. Жүйкені жансыздандыратын улы заттар:

А) улылығы жоғары фосфор органикалық заттар (зарин, заман, Ү-газдар)

В) улылығы басым органикалық қосылыстар

С) аммиак, фосген

Д) фосген, хлорпикрин

Е) хлорпикрин, көгілдір қышқыл

4. Психохимиялық әсер ететін улы заттарға –

А) ВZ-және лизергин қышқылы диэтиламин

В) зарин, заман, Ү-газдар, көгілдір қышқылы жатады

С) тетраэтилқорғасын, күкіртті көміртегі, фосфорорганикалық қосылыстар

Д) иприт, фосген

Е) этилен, тотығы, дихлорэтан және т.б.

5. Улылық әсерін анықтау уақытына байланысты жылдам әсер ететін улы заттарға –

А) зарин, заман, Ү-газдар, көгілдір қышқылы жатады

В) этилен, тотығы, дихлорэтан және т.б.

С) аммиак, хлор және т.б.

Д) күкірт, көміртегі және т.б.

Е) көміртотығы, аммиак және т.б.

6. Улылық әсерін анықтау уақытына байланысты баяу әсер ететін улы заттарға:

А) иприт, фосген

В) тетраэтил, фосфороганикалық қосылыстар

С) хлорпикрин, адамсит

Д) хлорацетофенон және фосфорорганикалық қосылыстар;

Е) СS заттары

7. Көздің жасын ағызатын және тітіркендіретін заттар:

А) иприт, фосген

В) СS заттары

С) хлорпикрин, хлорацетофенон, адамсит, СS заттары

Д) тетраэтил, фосфорорганикалық қосылыстар

Е) хлорпикрин, адамсит

8. Төзімді емес улы заттар:

А) көгілдір қышқылы, фосген

В) хлорпикрин, күкірт

С) хлор, аммиак

Д) фосфорорганикалық қосылыстар

Е) тетраэтилпикрин, хлор

9. Теріні құрыстыратын улы заттар:

А) иприт, люизит

В) иприт, заман

С) иприт, заман, Ү-заттар

Д) көміртегі тотығы, цианды сутегі т.б.

Е) хлорпикрин

10. Төзімді улы заттар:

А) иприт, заман, Ү-заттар

В) көміртегі тотығы, цианды сутегі т.б.

С) хлорпикрин, аммиак

Д) тетраэтилтотығы, сутегі

Е) аммиак, көміртегі

11. Жалпы улылық әсері басым заттарға:

А) көміртегі тотығы, цианды сутегі т.б.

В) аммиак, көміртегі

С) хлор, күкірт

Д) хлорпикрин, аммиак

Е) тетраэтилтотығы

Негізгі әдебиеттер.

1. Төтенше жағдайлар және Азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша басшылық құрамды даярлауға арналған материалдар жинағы. ТЖ АҚ курстары.

2. ҚР ²Төтенше жағдайлары туралы² заңы, Алматы, 1996 ж

3. ҚР ²Азаматтық қорғаныс туралы² заңы. Алматы, 1997 ж.

4. ТЖ және АҚ Респуликалық курстары. Тіршілік қауіпсіздігі курсы бойынша ЖОО студенттеріне арналған оқу құралы. 1 және 2 кітап. Алматы, 2003.

5. Арпабеков С. Өмір тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2004.

6. Абдыров А.М., Кезенбаева С.А. Тіршілік қауіпсіздігі пәнінен оқу әдістемелік кешен. Астана, 2004.

7. Суровцев А.А., Мельников Е.Н. мемлекеттік тілге аударған Жүнісбаев Н.А. Тіршілік қауіпсіздігі. Алматы, 2003.

8. Әлімбеков Е. Азаматтық қорғаныс-бүкіл халықтық іс. Алматы,1986.

9. Габдуллина М.Х., Абдыров А.М., Рүстембаев Б.Е. Өмір тірішілік қауіпсіздігі және экология негіздері бойынша тест сұрақтары. Астана, 2006.

10. Абдыров А.М., Рүстембаев Б.Е., Мұстафин Ж.Ж. Тіршілік қауіпісіздігі пәні бойынша ЖОО оқитын студенттерге арналған әдістемелік нұсқау. Астана, 2005.

11. Акимов Н.И., Ильин В.Г. ГО на объектах с/х производства. 1984.

12. Николаев Н.С. ²ГО на объектах АПК² - М. - 1990.

13. Приходько Н.Г. Безопасность жизнедеятельности: Курс лекций.

-Алматы.: 2000.

14. Белов В.С. Безопасность жизнедеятельности. -М.: 1999.

 

Қосымша әдебиеттер.

1. Журнал Төтенше жағдайлар және азаматтық қорғаныс жөніндегі материалдардың ақпараттық -әдістемелік жинақтары.

2. Әлімбеков Е., Малгазин С. Азаматтық қорғаныс терминдерінің орысша-қазақша түсіндірме сөздігі.

3. Информационно-методический сборник материалов по ЧС и ГО.

Выпуски 2000-2002, АЧС РК.

4. Егоров П.Т. и др. Гражданская оборона, 1997.

5. Наставление по организации и ведению ГО в районе (сельском) и на с/х объектах народного хозяйства, 1977.

6. Краткие методические рекомендации по курсу ГО. - Алматы, 1995.

7.Информационно-методическое издание для преподавателей. Основы безопасности жизнедеятельности, - М., 2002.[kgl]

МАШЫҚТАНУ САБАҚТАР

[gl] №1 САБАҚ. Тақырып:Радиациялық және химиялық барлау, дозиметрлік бақылау құралдары. Радиоактивтілік, сәулелену дозасы, радиация деңгейі, радиоактивтілік зақымдану дәрежесі. Дозиметрлік құралдардың маңызы, классификациясы, жұмыс принципі. Негізгі тактикалық көрсеткіштері, құрылысы, жұмысқа дайындап, өлшеуді жүргізу (ДП-5; ДП-22Б; ДП-24; ИД-1) әскери барлаудың химиялық, құралдары. [:]

Сабақ мақсаты:Радиациялық және химиялық барлау, дозиметрлік бақылау құралдарды, радиация деңгейді, сәулелену дозасын және халықты радиациядан қорғау шараларды қарастыру.

Қарастырылатын сұрақтар:

1. Радиациялық барлау приборлары.

2. Дозиметрлік бақылау приборлары.

3. Химиялық барлау приборлары.

4. Халықты радиациядан қорғау шаралары.

5. Зақымдану ошағындағы радиациялық ахуалды бағалау.

6. Зақымдану ошағындағы химиялық ахуалды бағалау.

 

6. Радиациялық барлау приборлары.

Осы заманғы барлық дозиметрлік аспаптар иондық әдіс негізінде жұмыс істейді. Оқшауланған көлемдегі иондаушы сәулеленудің ықпалымен газдың электрлі бейтарап атомдары жағымды және жағымсыз иондарға бөлінеді. Егер осы көлемге әрқайсысына тұрақты кернеу қойылған екі электрод орналастырса, онда иондалған газдағы электродтардың арасында зарядталған бөлшектердің бағытты қозғалысы пайда болады, яғни газ арқылы иондық тоқ деп аталатын электр тоғы өтеді. Оның көлемін өлшей отыра, радиоактивті сәулеленудің жиілігі туралы бағалауға болады.

Иондық әдіс негізінде жұмыс істейтін аспаптар шамамен бірдей.


3. Сурет. ДП­-5В дозасының қуатын өлшегіш

ДП-5В доза қуатының өлшегіші (рентгенометр)

Прибор гамма-сәулелену бойынша әр түрлі заттардың радиактивті зақымдалуы және гамма-радиация деңгейін өлшеуге арналған. Гамма-сәулеленудің экспозициялық қуаты сағаттағы миллирентгент – термен (мР/сағ) немесе сағаттағы рентгенттермен анықталады (Р/с). Прибор жиынына мыналар кіреді: 1 – сақтауға арналған чемодан; 2-қақпағы бар өлшеу пульті; 3-газбен зарядталған екі есептегіші бар қымталған цилиндрлі түтік; 4-түтікті бекітуге арналған ұзарту штангасы; 5-өлшеу пультінің дабылдарын дыбыстық бақылауға арналған телефондар (құлақілдіргі); 6-зонд пен телефон кабельдері, сондай-ақ қуаттандыру блогы, нұсқаулық пен артық мүлік.

Радиация деңгейін өлшеу 1 м биіктікте, яғни адамның тіршілік орталықтарының деңгейінде жүргізіледі.

Гамма-сәулеленудің дозасының қуатын (радиация деңгейін) анықтау үшін мыналарды істеу қажет: түтік экранын «Г» жағдайына, қосалқы диапазондар ажыратқышын 200 жағдайына қойып, 15 секундтан кейін төменгі шкаладан кейін аспап (прибор) тілі бойынша есептеуді жүргізу керек. Алынған нәтиже сағаттағы рентгенте гамма-сәулелену көлемін көрсетеді. Егер прибор тілі болмашы ауытқысы (0-5 Р/с шегінде) онда өлшеуді сезімталдау қосалқы диапазондарында жүргізген жөн. Өлшеу кезінде тілдің шеткі жағдайларында есептеуді жүргізбеген дұрыс (шкаланың басында немесе аяғында). Ұзақ жұмыс кезінде әрбір 30-40 минуттан кейін аспаптың жұмысының режимін тексеру қажет.

Өлшеу барынша дәл болу үшін зондты кеңістікте оның кіндігінің жермен қатар орналасатындай етіп бағыттау керек.

Дененің, киімнің, хайуанаттардың жүн жамылғысының үстін және басқа объектілердің радиактивті заттармен зақымдалуын анықтау, егер сыртқы гамма-фон сол объектінің шекті жол берілетін зақымдалуынан үш еседен артық болмаған жағдайда ғана жүргізілуі мүмкін. Гамма-фон зерттелетін объектіден 15-20 м қашықтықта өлшенеді (зонд жерден 1 м қашықтықта).

Объектінің үстіңгі бетінің зақымдалуы барлық қосалқы диапазонда өлшенеді (200 –ден басқасында).

«Г» жағдайында экраны бар зондтың зақымдану деңгейін өлшеу үшін тексерілетін объектінің үстіңгі бетіне қойып, оның үстінде баяу қозғай отыра құлақілдіргідегі дыбыстардың ең үлкен жиілігі немесе микроамперметрдің ең жоғарғы көрсетуі бойынша қатты зақымдалған жерді анықтап, аспаптың көрсетулерін жазып алу керек. Осы көрсетулерден гаммафон көлемін оқып, объектінің зақымдануының шынайы деңгейін алады. Егер аспаптың көрсетулері екі өлшеу кезінде де бірдей болса, онда объекті зақымданбаған болып шығады.

Зақымданған объектіде бета-сәулеленуін анықтау үшін зонд экранын «В» жағдайына қою қажет. Гамма-сәулелену бойынша көрсеткештермен салыстырғанда (зонд экраны «Г» жағдайында) прибор көрсетулерінің бір қосалқы диапазондарында артуы бета-сәулеленуінің бар екендігін, тиісінше тексерілетін объектінің бета, гамма-радиоактивті заттармен зақымдалғанын, яғни зақымдалған объектінің қауіптілік деңгейін артыратындығын айғақтайды. Бета-сәулеленуді анықтау сондай-ақ радиоактивті ластану іздерінің тыстың, автомашинаның, жәшіктің, ыдыстың, ғимарат қабырғасының қай жағында екендігін табу үшін қажет.

Сұйық және сусымалы заттардың зақымдалғанын өлшеу кезінде датчикті радиактивті заттармен ластанудан қорғау үшін түтікке полиэтилен пленкасынан жасалған жамылғы кигізеді.

 

2. Дозиметрлік бақылау приборлары.

ДП-22В жеке дозиметр жиынына 50 тік көрсететін ДКП-50-А дозиметрлері мен ЗД-5 зарядтау қондырғысы кіреді.

0,5-200 Р/с дозалар қуатын өлшеу кезінде 2-50 диапазондағы гамма-сәулеленудің жеке дозасын өлшеуге арналған дозиметрлерінің жұмысы температуралардың -40 +500С аралығында және ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 98% кезінде қамтамасыз етіледі.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.