Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Радиоактивтік индикаторлар, рентгонометрлер, радиометр 9 страница



Екінші аймақ (қатты қирау) 0,5-0,3 кг/см2 соққы толқынының артық қысымымен сипатталады. Бұл аймақта тас ғимараттар мен жертөлелер қатты қирап, ағаш ғимараттар толық қирауы мүмкін, үйінілер пайда болып, өрт шығуы да мүмкін. Панаханалардың көбісі сақталады, алайда кейбіреулерінің кіреберісі мен шығаберісін үйінді басып қалуы мүмкін. Панаханадағы адамдар зардап шекпейді.

Үшінші аймақ (орташа қираулар) 0,3-0,2 кг/см2 соққы толқынының артық қысымымен ғимараттар мен тұрақжайлармен ішінара қирауымен сипатталады. Оларды жаппай өрт жайлауы мүмкін. Көптеген қорағаныс ғимараттар сақталынады, ал онда тұрған адамдар зардап шекпейді. Қорғаныс ғимаратының сыртында қалған адамдардың бір бөлігі жарақат алып, жедел медициналық көмекті қажет етеді.

Төртінші аймақ (болмашы қираулар) 0,2-0,1 кг/см2 толқын соққысының артық қысымымен сипатталады.Бұл аймақта ғимараттар мен тұрақ жайлардың қирауы сирек.

Жарықтың сәуле шығаруы – ядролық жарылыс кезінде пайда болатын сәуле энергиясының ағыны. Ядролық жарылыс жарқылдаған аумақтағы ауаның температурасы жарқылдау басында миллион градусқа жетіп, аяғында бірнеше мың градусқа дейін төмендейді. Жарықтың сәуле шығаруы қасқағым сәтте таралып, аз уақыт ғана әсер етеді.

Жарық сәулесі күндікінен әлде қайда күшті, ал ядролық жарылыс кезінде пайда болған ядролық шар жүздеген километрден көрінеді.

Жарық сәулесінің зақымдағыш әсері жарық серпінімен, яғни жарық сәулесі бағытына қарсы орналасқан үстіңгі беттегі 1 см2 сәулелену кезінде өткен жарық энергиясының санымен сипатталады. Жарық серпінінің өлшем бірлігіне 1 кал/см2 алынады. 2 – 4 кал/см2 жарық серпіні кезінде қорғанбаған адамдарда бірінші дәрежедегі күйік, 4 – 7,5 кал/см2 кезінде екінші дәрежедегі күйік (бүршіктердің пайда болуы), 7,5 – 12 кал/см2 үшінші дәрежедегі күйік (тері жамылғыларының толық жансыздануы), 12 кал/см2 – нан жоғары болса, төртінші дәрежедегі күйік алады (тері жаппай жансызданып үлбірейді).

Жарық сәулесі жаппай өрт тудыруға қабілетті.

Жарық сәулесінің жиілігі ауа райына қатты тәуелді. Тұман, жаңбыр мен қар оның әсерін қатты әлсіретеді, ал ашық құрғақ ауа райы, керісінше,өрттердің шығуы мен күйік алуға қолайлы жағдай жасайды.

Өткіш радиация – ядролық жарылыс кезінде шығатын гамма сәулелер мен нейтрондар ағыны.

Ядролық қарудың зақымдаушы факторы. Ө.Р-нің көзі – ядролық реакция. Ө.Р-нің әрекет ету мерзімі 10-15 секундтан аспайды (ядролық реакцияның ұзақтығы). Ө.Р-нің зақымдаушы әрекеті адамдардың сәуле ауруын тудырады, зақымдаушы фактордың мәні: гамма сәулелер мен нейтрондар тірі клеткалардың молекулаларын иондап, олардың қалыпты тіршілік қызметін бұзады. Мұның нәтижесінде адамдар сәуле ауруына шалдығады, көп доза алған адамдар мерт болады. Үсті жабылған жыралар, блиндаждар, паналау ғимараттары және басқа қорғаныс құрылыстары сондай-ақ қорғаныс киімдер Ө.Р әсерін күрт әлсіретеді.

Жердің радиоктивті ластануы – ядролық жарылыс бұлттарынан радиоактивті заттардың нәтижесінде болады.

Жердің радиоактивті ластануының деңгейі жарылыстың түрі мен қуатына және ол жарылған сәттен бастап өткен уақытқа, жарылыс орталығының қашықтығына, ауа райына және жер бедеріне байланысты. Радиоактивті бұлттың ізі сызбалануы бойынша эллипсті еске түсіреді және зақымдалған алқапқа әр түрлі деңгейде жайылады. Сондықтан да (жиілігіне байланысты) зақымдалған алқапты қауіпті, күшті және баяу зақымдану аймағы деп бөлу қалыптасқан. Егер іздің көлбеу қиылысын алсақ, онда радиация деңгейі іздің сыртқы шекарасынан көтеріліп, оның кіндігінде ең жоғары деңгейіне жетеді.

Радиация деңгейі уақыттың өтуіне байланысты біртіндеп төмендейді.

Осылайша, егер радиация деңгейі жер бетіндегі ядролық жарылыстан кейін 100% алсақ, онда 2 сағаттан кейін екі есеге, үш сағаттан кейін төрт есеге, ал 7 сағаттан кейін он есеге азаяды.

Радиоактивті заттармен зақымданған жерде тұрған адам әрдайым сыртқы сәулемен немесе сәуле ауруына ұшыратуы мүмкін радиоактивті заттардың организмге өту нәтижесінде зақымдануы ықтимал.

Электромагниттік импульс – ядролық жарылыстың зақымдаушы факторы, гамма сәулелердің қоршаған орта атомдарына тигізген әсері және электрондар ағыны мен оң иондардың түзілуінің нәтижесінде пайда болған электрлі және магнитті сәулелер. Э.И-тің әсер ету ұзақтығы – бірнеше ондаған миллисекунд. Э.И-тің байланыс аппараттарына зиян келтіріп, сыртқы желілерге қосылған электр қондырғыларының жұмысын бұзуы мүмкін. Әсіресе жартылай өткізгіштерге жұмыс істейтін радиоаппаратураларға әсері күшті. Э.И әсерінен қорғану шараларын алдын-ала қарастыру қажет.

 

2. Адамға радиацияның әсері.

Адам сәулеленудің екі түріне: сыртқы және ішкі сәулеленуге ұшырайды.

Сәулеленудің сыртқы көздеріне Галактика жұлдыздарының жарылысы мен күннің қатты сәуле шығару кезінде пайда болатын космостық сәулелену жатады. Космостық сәулелену дозасы адамға әсер етеді. Теңіз деңгейінен биіктеген сайын ауаның, азонның қорғаныс қабаттары жұқара түседі, сондықтан да сәулелену жоғары.

Космостық иондаушы сәулелену табиғи радиациялық аумақты құрайды, оған жердегі барлық тірі организмдер ұшырайды.

Сәулеленудің жердегі көздері жер қойнауындағы, атмосферадағы, судағы және өсімдіктердегі радиоактивті заттар болып табылады.

Жер шарының көптеген аудандарында дозаның қуаты 4-12 мкр/сағ шегінде болады. Осы аудандарда тұратын адамдардың жылдық дозасы 30-100 мбэр (0,03-0,1 бэр).

Табиғи көздерден адамның ішкі сәулеленуі организмге азық-түлік тағамдары, су мен ауа өткен кезде болады. Балықты көп жейтін адамдар, бұғы етімен коректенетін солтүстік аудандар тұрғындары салыстырмалы түрде сәулеленудің жоғары дозасын алады, өйткені бұл тағамдарда радиоактивті заттардың мөлшері көбірек кездеседі.

Сағаттың жарқырауық циферблаты АЭС-тегі болмашы улы заттың бөлінуіне қарағанда төрт есе артық жылдық дозаны береді.

Циферблаттан 1м қашықтықтағы сәулелену 1см қашықтықтағыдан гөрі 10000 есе әлсіз. Түрлі-түсті телевизор бойынша телебағдарламаларды жыл бойында күн сайын үш сағаттан қарау 0,5 мбэр береді. Рентген кезінде адам 30мбэр доза, флюорография кезінде – 370мбэр доза алады.

Адамдардың, хайуанаттар мен өсімдіктердің жаппай радиациялық зақымдануы мүмкін авариялар мен бүліншіліктер кезінде ядролық энергетикалық қондырғылар мен экономикалық өзге де объектілері радиациялық қауіпті объектілер деп аталады. Оларға: әртүрлі мақсаттағы атом станциаляры, ядролық отын циклындағы кәсіпорындар, атом су асты қайықтары, ядролық оқтұмсықтар жатады.

РҚО (радиациялық қауіпті объектілер) – дағы авариялардан кейінгі алғашқы сағаттар мен тәуліктегі қоршаған орта ластануының адамдарға әсері жердегі радиоактивті ауамен араласқан (радиоактивті түскен бұлттан бөлінетін азық-түлік) радиоактивті бұлттан сыртқы сәулеленумен (ядролық отынды бөлу өнімдері, уранмен байытылған – 235 уран қос тотығы – 238), РҚ бұлттарымен демалу салдарынан сәуленің ішке өтуімен, сондай-ақ адам денесі үстіңгі жағының осы заттармен ластану салдарымен анықталады. Бұдан кейін көптеген жылдар бойында сәулелену дозасының жинақталуы ластанған азық-түлік пен суды пайдалану салдарынан өтетін болады.

3. Халықты радиациядан қорғау шаралары.

ҚӘУЗ -дi шығаратын немесе қолданатын барлық нысандарда, сонымен қатар атом энергетика ныcaндapындa жұмыс iстейтiндерге және сол аумақта тұратын халыққа тiкелей қауiп келтiредi.

ҚР аймағында бес ядролық реактор бар:

Бiреуi Алматы қаласының жанындағы Алатау поселкесiндегi Ядролық физика институтында. Реактордың түpi СС ҚИ -10 (Қазақстанның судағы су реакторы). Ядролық отынды 7 кг. тиеу, ғылыми мақсатта қолданылады.

Басқа ядролық реактор Ақтау қаласындағы жылдам нейтроны бар БН-350 - ол негiзiнде суды бүркушi ретiнде қолданылады, қазiргi уақытта жұмыс iстемейдi.

Үш ядролық қондырғы – кезiнде әскери ғылыми мақсатта қолданылған бұрынғы Семей ядро полигонында (оның бiреу бекiтілген).

ТМД аймағында ВВЭР-1000 түрiндегi реакторлар қолданылады.

ВВЭР-450 ядролық отынды тиеу

РБМК-IООО 45–тен 32 тоннаға дейін

Иондаушы сәулеленудiң негiзгi сипаты.

Иондаушы сәулеленудiң небәрi 4 түpi бар: α,β,γ нейтрондық сәулелелерi.

α – сәуле шығарғышы аз мөлшерде өтyiмeн сипатталады, бiрaқ ауқымды иондағыш қабiлеттiлiгi адам ағзасына тыныс алу жолдарымен түceдi. Респиратор, сүзгi газқaғaрлар арқылы қopғaнyға болады.

β- альфа сәуле шығарушысымен салыстырғанда, бұл сәуле шығарғыш өткiштiгiнiң күштiлiгiмен сипатталады, бiрақ иондағыш қабiлeтi альфа сәуле шығaрғышымен салыстырғанда аз. Қopғанaтын заттар - респиратор, терiнiң ОЗК Л-l түpiн қорғайтын заттар;

γ- оның өткiш қасиетi күштi, оның сәулесi темiрбетон, кiрпiштен қаланған ғимараттардың қабырғасынан; брони танктен өтiп кетедi. Қорғанатын жерлер - панаханалар, метролар.

- гамма сәулесi бойынша әлсiздену коэффицентi: тaнк - 10 рет, БТР - 4 рет, кiрпiштi ғимарат - 10 рет, машина- 2 рет

Нейтрондық сәулелену - тез өткiштiгiмен қатар, иондағыш қасиeтiмен сипатталады. Қорғаныс орындары- панаханалар, метролар. Сутегі бар материалдар.

Сәулелену дозасы:

- жұтатын доза – кез - келген жұтылған заттың масса бiрлiгiнiң иондағыш сәулелерiнiң энергиясын сипаттайды. СИ жүйесiнде өлшеу бiрлiгi -грей (Гр), жүйеден тыс бiрлiк РАД болып табылады.

- экспозициялық доза- үй-жайлар, жергiлiктi жерлерде радиациялық жағдайды бағалау үшiн керек. СИ жүйесiнде өлшеу бiрлiгi - кулон / кг (КЛ/кг), жүйеден тыс - Рентген (Р);

- балама доза- сәулеленудің биологиялық баламасын сипаттайды. СИ жүйесiнде өлшеу бiрлiгi - Зиверт (ЗВ), жүйеден тыс бiрлiк РББ (рентгеннің биологиялық баламасы).

Барлық сәулеленудің табиғи көздерiнен орташа сәулелену дозасы жылынa 200-300 м/рентгендi немесе 0,2-0,3 РББ-ны құрайды. Жылына бiр адамға 0,5 РББ, иондaғыш сәулелер көздерiнде жұмыс жасайтын адамдарға - 25 РББ.

Сәуле ауруының өршуi 100 РББ сәулелену дозасынан асып кеткенде байқалады.

Tұрғындapды РЗ-дан қорғау – радиациялық қауiп туралы хабардар ету және тез арада көшiру.

 

4. Халықты қaтты әсер eтeтiн улы заттардан қорғау шаралары.

Қазақстан Республикасының аймaғында ҚӘУЗ -дi өндipeтiн оны өзiнің қызметiне жұмсайтын 450 нысан бар. Ең жиi кездесетiн ҚӘУЗ хлор және аммиак

ҚӘУЗ - бұл шектi мүмкiн концентрациядан белгілi бiр көлемде асып түceтiн (улау тығызыдығы) химиялық қосылыс (зат), адамдарға, мaлға, өсімдiкке зиянды әсер етiп, оларды әртүрлi деңгейде улауы мүмкiн.

Хлор- қатты тiтiркендiргiш жасыл-сары газ. Суда epyi: бiр су сыйымдылығында оның шамамен eкi сыйымдылығы еридi. Ауадан 2,5 есе ауыр. Аласа жерлерде, жертөлелерде, құдықтарда, тоннельдерде жинақталады.

- қабылдау шегi - 0,003 мг/л (тұншықтыру әсері).

- жұмыс аумағындағы ПДК - 0,001 мг/л.

- 1 сағат экспозиция iшiндегi ПК- 0,01 мг/л.

- өлiмге душар ететін қанықпа - 1 caғaт экспозицияда - 0,1-0,2 мг/л.

- тез арада өмiрдi әкeтeтiн қанықпа- 5-10 мг / л. Хлордың ауаға тарайтын қанықпасы ПӘК бiр тәулiкте орташа-0,003 мг/м3, бiр рет жоғарғы мөлшерде- 0,1 мг/м3, кәсiпорындардың үй жайларында 1 мг/м3.

Өкпенi зақымдайды, көздi және тepiнi тiтiркендiредi. Құрғақ жөтел, көзден жас ағады, құсқысы келедi, координация бұзылып ентiгедi. Хлор буы тиген жағдайда, күйiк алады.

Таза ауаға алып шығу керек. Жылумен қамтамасыз ету керек. Oттeгiн, спирт буы мен ас содасының 0,5 пайызды аэрозолiн беру керек. Tepi мен көздi кeмiндe 15 минут бойы 2 пайызды ас содасы epiтiндiciмeн шаю керек. Қажеттiлiгiне қарай «ауызға ауыз» әдiсiмен қолдан дем алдыру керек.

Қорғану құралдары: сүзгiш газқaғар, қорабы сары түстi (30мин.­100 минутқа дейiн) - В маркалы өнеркәсiп газқағары, ас сода epiтiндiciнe, суға матырылған мата. Көшiру аумaғы 10м-ге дейiн.

Аммиак- мүcәтipгe тән өткip иicтi, түссiз газ. Суда жақсы еридi, Судың бiр сыйымдылығыңда 700 аммиактың сыйымдылығы еридi, ауадан жеңiл, 15-20 сыйымдылық пайызының ауамен араласуы жарылысқа қауiптi. Аммиактың ауада шектеулi қанықпасы: бiр тәyлiкте орташа және жоғарғы мөлшерi-0,2 мг/м3, жұмыс үй-жайында - 20 мг/м3.

- қабылдау шегi - 0,037 мг/л (тұншықтыру - нейтропты әсер).

- жұмыс аумағындағы ПДК - 0,02 мг/л.

- 2 сағат экспозиция iшiндегi ПК - 0,21 мг/л.

- өлiмге душар eтeтін қанықпа - 30 минут экспозицияда – 7 мг/л.

- тез арада адам өлiмiне әкелетiн қанықпа-50-100 мг/л.

Тыныс органдарын зақымдайды, түшкiрiп, жөтеледi, дем алу ауырлайды, тұншығады, жүрек қағысы өзгерiп, тамыр соғу жиiлiгi бұзылады. Буы көз бен теріні тiтiркендiредi. Тиiп кеткен жағдайда тepiнi үсiтiп жiбередi.

Таза aуағa алып шығып, жылумен, тыныштықпен қамтамасыз ету керек, дымқыл oттeгiн берiп, 2%-ды бор қышқылымен кем дегенде 15 минут тepiнi, шырышты қабатты, көздi шаю керек. Көзге 30 % альбуцид ерiтiндiciнен 2-3 тамшы, мұрынға - жылы зәйтүн немесе шабдалы майын тамызу керек.

Қорғану: КД маркалы - торабы сұр түстi өнеркәсiптiк сүзбе газқaғар. Көшiру аймағы 5 км дейiн.

ҚӘУЗ авариясының салдарын жою жұмысын жүргiзетiн адамдар толығымен қорғаныс киiмiнде болуы қажет және ЖХУҚҚ-4, ЖХУҚҚ-5, КИП-8 түpiндeгi сүзгi газқaғарларды қолдануы керек.

Газсыздау (бейтараптану)

Хлор- сiлтi сипатындағы заттарды қолдану керек (сөндiрiлген әк, сода, сiлтi, каустик су).

Аммиак - қышқыл заттар мен 1:20 еселiгiндегi су қолданылады.

 

5. Халықты ҚӘУЗ бен Р3-дан қорғау.

Халықты ҚӘУЗ және РЗ-дан қорғау кешендiк шаралар орындаумен қамтамасыз етiледi, оның негiзгiсi болып аварияны болғызбауды бағыттаған инженерлi-техникалық және ұйымдастыру шаралары болып табылады. Олар нысанда уақытында орындалады және мыналарды қамтиды:

1. ҚӘУЗ және РЗ қалдықтарының ауаға таралуын химиялық және дозиметрлiк бақылау

2. Халықты өзiн қорғау құралдарымен (ӨҚҚ) және олардың әр қашан дайын тұруын қамтамасыз ету.

3. ҚӘУЗ және РЗ жөнiнде шынайы метеодеректер арқылы зақымдану болатын аймақты уақытында болжау.

ҚӘУЗ және РЗ зақымдануы болған нысандардың зардабын жою үшiн мынадай шаралар қолданалады:

- ҚӘУЗ, РЗ қалдықтарынан болатын авариялардың зардаптарын және халықтың зақымдану қаyпiн хабарлау;

- радиациялық және химиялық барлау iciн жүргiзу, ҚӘУЗ РЗ-мен зақымданған ошақтардың шекарасын белгiлеу;

- жеке және ұжымдық, қорғану заттарын пайдалану;

- зардап шеккендердi iздеп, алып шығып бiрiншi медициналық көмек көрсету;

- халықты ҚӘУЗ және РЗ-мен зақымдану қаyпi бар және зақымданған аймақтан көшiру;

- аварияның тарап кетпеуi жөнiнде қауырт шараларды өткiзу;

- зақымданғaн ауаның тарап кетпеyiне бaғытталған, ҚӘУЗ және РЗ-мен зақымданған ошақты газсыздандыру немесе белсенсiздендiру жолдарымен жою, зақымдaнғaн ауаның таралуына жол бермеу үшiн бағытталған, сулы немесе өрт перделерiн орнату.

Hысанға жақын орналасқан тұрғындарды, жұмысшылар мен қызметкерлердi қорғауды қамтамасыз eтетін жауапты тұлғаларғa жататындар: шаруашылық нысанының AҚ бастығы (директор, бiрiншi басшы), нысанның АҚ штабының бастығы.

Олар ҚӘУЗ және РЗ жөнiндегi шараларды өз yaқытындa өткiзудi және радиациялық, химиялық қауiптi нысанды пайдалану қауiпсiздiгi үшiн қажеттi жағдайды қамтамасыз етедi.

 

6. АЭС-тегі авариялар кезіндегі жергілікті жердегі радиациялық қауіп аймағы.

Атом энергетикалық станцияларын пайдалану кезінде бір қатар елдерде жүзден астам авария болып, қоршаған ортаға радиоактивті заттар шығарылады. Радиоактивті заттардың ядролық энергетикалық реактордан тысқары шығу нәтижесінде адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіп төндіретін көтеріңкі радиациялық қауіп радиациялық авария деп аталады.

Радиоактивті заттардың таралу шекарасымен радиациялық авариялар былайша бөлінеді:

Шектеулі авариялар (радиациялық салдары бір ғимаратпен шектеледі, қызметкерлер сәулеге ұшырауы мүмкін).

Жергілікті авариялар (радиациялық салдары АЭС аумағымен шектеледі).

Жалпы авариялар (радиациялық салдары АЭС аумағының шекарасына таралады).

АЭС-тегі авариялар кезіндегі жергілікті жердің радиациялық ластану аймағының сипаттамасы.

 

    Аймақтар-дың атауы   Авариядан кейінгі бірінші жылдағы сәулелену дозасы Авариядан кейін бір сағаттан кейін сәулелену дозасының қуаты
сыртқы шекарада ішкі шекарада Орта шекарада Сыртқы шекарада Ішкі шекарада
Баяу ластану 50 рад 500 рад 160 рад 140 рад/сағ 1400 мрад/сағ
Күшті ластану 500 рад 1500 рад 866 рад 1,4 мрад/сағ 4,2 рад/сағ
Қауіпті ластану 1500 рад 5000 рад 2742 рад 4,2 мрад/сағ 14 рад/сағ

7. Химиялық қару. Биологиялық қapy.

Химиялық қарудегеніміз жалпылай улау заттарын қолданатын әскери қару. Химиялық улау заттарын жеткізу үшін зымырандар, бомбалар, снарядтар және т.с.с құралдар пайдаланылады. Улау заттары адамдарды, мал-жануарды, тірі организмдерді, өзен-көлдерді, су қоймаларын, сол ошақ төңіректерін, егіндерді, өсімдіктерді жояды, қатты зақымдайды.

Улау заттарының жіктелуі келесі белгілермен анықталады:

1. Зақымданудың клиникалық зақымдау белгілері бойынша улау заттарын 6 топқа бөледі: нервтік-салдық әсері (зарин, зоман, V типті заттар); тері жарасы әсері (иприт, люизит), жалпы улау әсері (синильдік қышқыл, хлорциан), тұншықтыру әсері (фосген, фифосген), психикаға әсері (BZ), тітіркендіру әсері (CS-адамсит, хлорпикрин, хлорацетофен и др.).

2. Улау заттарының сақталу қасиетіне байланысты, оларды 2 топқа бөледі: сақталмайтындар (синилбдік қышқылы, хлорциан, фосген, дифосген), ұзақ сақталатындар (иприт, зоман, V типті заттар), бұлар ұзақ уақытқа (тіпті айлар бойы) дейін улау қасиетін жоғалтпайды.

3. Соңғы зақымдау нәтижесі бойынша: өлімге әкеледі (иприт, зарин, зоман, V типті заттар, синильдік қышқыл және басқалар) және адамдарды уақытша есінен айырады.

4. Әсер ету уақыты бойынша: тез әсер ететіндер (удың әсері тез арада бөлінеді (V), жай әсер ететіндер (әсері бірнеше сағат өткен соң біліне бастауы мүмкін), мысалы, азотты және күкіртті иприттер, фосген, дифосген.

5. Қолданылуы ықтимал улау заттар (V) және фосфорорганикалық заттар.

6. Басқалары жатады.

Биологиялық қapy - бұл биологиялық заттармен жабдықталған, жеткiзiп беретiн құралы бар, арнайы оқ-дәрi және әскери құралдар. Ол қарсылыстың жаппай тipi күшiн, ауыл шаруашылық аңдарды, ауылшаруашылық дәндi дақылдарын себудi, кейбiр жағдайда материалдарды бұзу үшiн, қаруланyға, әскери техникаға және жабдықтаyға арнaлған.

Әскери ic-әрекетке биологиялық қаруды қолдану енгiзiлсе, оны биологиялық coғыc деп aтayғa болады.

Биологиялық қарудың талқандағыш әpeкeтi, патогендi микробтардың ауру таратқыштық қасиeтiн және уытты азық-түлiктi қолданyға негiзделген.

Биологиялық қарудың негiзгi талқандағыш ic-әрекетiн, биологиялық құрал құрайды - адамдардың ағзасына, аңдарға (өсiмдiктерге) енген жағдайда, ауыр жұқпалы ауруды (yыттaнy) шақырyғa қабiлeттi, әскери пайдалану үшiн, арнайы таңдап aлынғaн биологиялық агенттер.

Патогендi микроорганизмдер - жұқпалу aypуды қоздырғыштар, мөлшерi кiшкене, түci, иiсi, дәмi жоқ болғандықтан, адамның сезiмтал органдарымен анықталмайды.

Мөлшерiне, құрылысына және биологиялық қасиетiне қарай олар класстарға бөлiнедi, олардың iшiнде вирустардан басқа бактериялардың, рикетсийлер мен күйелердiң үлкен мағынасы бар.

Сақтау процессiнде және әскери пайдалануда өзiнiң өмiрлiк және талқандағыш қасиетiн сақтап қалу үшiн биологиялық aгeнттi қолайлы жағдаймен қамтамасыз eтeтeтiн, биологиялық агент пен әртүрлi дәрi-дәрмектердiң қоспасы, биологиялық рецептура деп аталады.

Биологиялық заттарды қолдану тәсiлi:

v тозаңды

v трансмиссивтi

v диверсиялық

Қазақстан Республикасында адамдардың аса қауiптi жұқпалы ауруларының iшiнен оба, тырысқақ, туляремия, сiбiр ойық жарасы, қырым геморрагиялық қызбасы кездеседi.

Өсiмдiк ауруларының iшiнде айтарлықтай қауiп тудыратыны (эпифитотия) тат жұкпасы, сенториоз, сұр дәндi дақыл көбелегi.

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.