Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Тарау. НЕГІЗГІ ЕРЕЖЕЛЕР 5 страница



5-тарау. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен
қадағалау және дәрілік заттардың айналысы саласындағы
фармацевтикалық инспекторат

Ескерту. 5-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 06.04.2015 № 299-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

19-бап. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау
мен қадағалау

1. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік бақылау мен қадағалау Қазақстан Республикасы заңнамасы талаптарының сақталуы мен орындалуын тексеруге, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алуға, жолын кесуге және оларды жоюға бағытталған шаралар кешенін білдіреді.
2. Мемлекеттік бақылау мен қадағалау:
1) медициналық қызметтер көрсету;
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы;
3) дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы саласында жүзеге асырылады.
3. Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
3-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
4. Тиісті саладағы жоғары тұрған бас мемлекеттік инспектор немесе бас мемлекеттік санитариялық дәрігер жеке және (немесе) заңды тұлғалардың іс-әрекеттерге (әрекетсіздікке) немесе актілерге берген арызы (шағымы) бойынша шешімдер шығарылғанға дейін төмен тұрған бас мемлекеттік инспектордың немесе бас мемлекеттік санитариялық дәрігердің актісінің орындалуын тоқтата тұруға, күшін жоюға не оны кері қайтарып алуға құқылы.
5. Алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
РҚАО-ның ескертпесі!
6-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
6. «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген критерийлерден басқа, мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қадағалауға жататын объектілердің тәуекелдер дәрежесін бағалау кезінде тексерілетін субъектінің тікелей қызметіне байланысты мынадай сапалық көрсеткіштердің жиынтығы ескеріледі:
алдыңғы тексерулердің нәтижелері;
өндірістік бақылауды ұйымдастыру және жүргізу;
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласында бастамашылық аудит жүргізу.
Ескерту. 19-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2010.03.19 № 258-IV, 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); 06.04.2015 № 299-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

20-бап. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы
мемлекеттік бақылау

1. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының медициналық қызметтер көрсету саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге, сондай-ақ денсаулық сақтау субъектілерінің медициналық қызметтер көрсету саласындағы нормативтік құқықтық актілерді сақтауын бақылауға бағытталған.
2. Жеке және заңды тұлғалар көрсететін медициналық қызметтер медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау объектілері болып табылады.
3. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылау тексеру нысанында және өзге де бақылау нысандарында жүзеге асырылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
3-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Тексеру "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік бақылаудың өзге де нысандары осы Кодекске сәйкес жүзеге асырылады.
4. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1) Қазақстан Республикасының Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы және оның орынбасарлары;
2) медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлар;
3) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторлары, олардың орынбасарлары;
4) облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі мемлекеттік инспекторлары болып табылады.
5. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдар мен медициналық ұйымдар басшылары лауазымдарына Қазақстан Республикасының жоғары медициналық білімі бар азаматтары тағайындалады.
6. Қазақстан Республикасының Медициналық қызметтер көрсету саласындағы бақылау жөніндегі бас мемлекеттік инспекторы тексеру нәтижесі негізінде облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың денсаулық сақтауды мемлекеттік басқарудың жергілікті органының басшысына нұсқама беруге құқылы.
7. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар:
1) денсаулық сақтау субъектілеріне Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама беруге;
2) денсаулық сақтау субъектісінен халыққа медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;
3) медициналық қызметтер көрсету саласында бақылауды жүргізу үшін қажетті құжаттардан көшірмелер түсіруге;
4) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес аккредиттелу туралы куәліктің қолданылуын алты айға дейінгі мерзімге тоқтата тұруға және одан айыруға бастамашылық жасауға;
5) өз құзыретінің шегінде әкімшілік құқық бұзушылық туралы істерді қарауға және Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңнамасын бұзғандығы үшін әкімшілік жаза қолдануға;
6) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес медициналық қызметке арналған лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға бастамашылық жасауға;
7) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес медициналық қызметке арналған лицензиядан айыруға бастамашылық жасауға;
8) Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен маман сертификатының қолданылуын тоқтата тұруға және одан айыруға бастамашылық жасауға;
9) жеке және заңды тұлғалар заңды талаптарды немесе уәкілетті органның лауазымды адамдары берген нұсқамаларды, қаулыларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сотқа жүгінуге;
10) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұру жөнінде шаралар қабылдауға құқылы.
8. Медициналық қызметтер көрсету саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын лауазымды адамдар шығарған шешімдер денсаулық сақтау субъектілерінің орындауы үшін міндетті және оған жоғары тұрған органға және (немесе) сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкін.
Ескерту. 20-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

21-бап. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық
бақылау және қадағалау

1. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасын бұзушылықтардың алдын алуға, оларды анықтауға, жолын кесуге, сондай-ақ халықтың денсаулығы мен мекендеу ортасын және өнімнің, процестердің, көрсетілетін қызметтердің қауіпсіздігін сақтау мақсатында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің сақталуын бақылауға бағытталады.
2. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган Кеден одағының кедендік шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасында инфекциялық және паразиттік аурулардың енуі мен таралуын санитариялық-карантиндік бақылауды жүзеге асыру және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы мен аумағын санитариялық қорғауды қамтамасыз ету тәртібін айқындайды.
3. Жеке және заңды тұлғалар, ғимараттар, құрылыстар, өнім, жабдық, көлік құралдары, топырақ, су, ауа, тамақ өнімдері және қызметі, пайдаланылуы, тұтынылуы, қолданылуы мен іске қосылуы адамның денсаулық жағдайы мен қоршаған ортаға зиян келтіруі мүмкін өзге де объектілер мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау объектілері болып табылады.
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау объектілері (эпидемиялық маңызы бар объектілер) екі топқа бөлінеді:
1) эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілер;
2) эпидемиялық маңыздылығы болмашы объектілер.
Эпидемиялық маңызы бар объектілерді топтарға бөлу тәуекелдерді бағалау жүйесі негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға және қадағалауға жататын өнім мен эпидемиялық маңызы бар объектілердің тізбесін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган осы тармақтың екінші бөлігінде көрсетілген топтар бойынша бөле отырып, өз құзыреті шегінде кәсіпкерлік жөніндегі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдармен келісу бойынша бекітеді.
4. Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау тексеру нысанында және өзге де нысандарда жүзеге асырылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
4-тармақтың екінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Тексеру «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттiк бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
4-тармақтың үшінші бөлігі жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілерге қатысты тексерулер «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тәуекелдерді бағалау жүйесіне негізделген мерзімділікпен ерекше тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
Эпидемиялық маңыздылығы жоғары объектілер халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тәуекелдерді басқаруды бағалау жүйесіне сәйкес ерекше тәртіппен жүргізілетін тексерулерден босатылады.
Эпидемиялық маңыздылығы болмашы объектілерге қатысты жоспардан тыс тексерулер ғана жүргізіледі.
Мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың өзге де нысандары, мынадай:
1) егер бару объектінің (субъектінің) орналасқан жеріндегі құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі уәкілетті органды барғанға дейін бір тәулік бұрын міндетті түрде хабардар ете отырып, рұқсат беру құжаттарын алумен байланысты болған;
2) жеке тұлғалардың инфекциялық және паразиттік
аурулары, тамақтан улануы (үйдегі ауру ошағы) жағдайларында, санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу үшін мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық бақылау жүргізу кезіндегі;
3) егер бару өнім қауіпсіздігінің мониторингін жүзеге асыру үшін өнімді іріктеумен байланысты болған жағдайларды қоспағанда, бақылау объектілеріне (субъектілеріне) барусыз қажеттілік және жеткіліктілік қағидатына сәйкес жүргізіледі.
5. Өнім қауіпсіздігінің мониторингі мемлекеттiк санитариялық-эпидемиологиялық бақылаудың өзге нысаны болып табылады және:
1) камералдық бақылау жүргізу;
2) өнімді іріктеу және оған санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу арқылы жүзеге асырылады.
6. Камералдық бақылау сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туралы, өнімге сынақ жүргізуге, оның сәйкестігін растауға немесе өнім сәйкестігі туралы декларацияны тіркеуге, сәйкестікті растау нәтижелерін тануға жүгінген өтініш берушілер туралы, сынақ нәтижелері туралы, сондай-ақ кеден органдары, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламатталығы саласындағы мемлекеттік органға табыс ететін өнімдер сәйкестігінің дәлелдемелері ретінде табыс еткен өзге де құжаттарда қамтылған мәліметтерді зерттеу мен талдау негізінде жүзеге асырылады.
Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар, сәйкестікті растау жөніндегі органдар, сынақ зертханалары (орталықтар), өнімнің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін декларациялайтын жеке кәсіпкерлік субъектілері камералдық бақылау объектілері болып табылады.
Камералдық бақылауды жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің тізбесін, сондай-ақ кеден органдарының, техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның, сәйкестікті растау жөніндегі органдардың және сынақ зертханаларының (орталықтардың) оларды табыс ету тәртібін халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайды.
7. Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылар туралы, олар әкелетін өнім және әкелінетін өнімнің сәйкестігін растау жөніндегі құжаттар туралы мәліметтерді кеден органдары табыс етеді.
Өнімге сынақ жүргізуге, оның сәйкестігін растауға немесе өнім сәйкестігі туралы декларацияны тіркеуге, сәйкестікті растау нәтижелерін тануға жүгінген өтініш берушілер туралы, сынақ нәтижелері, сондай-ақ өнім сәйкестігінің дәлелдемелері ретінде табыс етілген өзге де құжаттарда қамтылған мәліметтерді техникалық реттеу саласындағы уәкілетті орган, сәйкестікті растау жөніндегі органдар және сынақ зертханалары (орталықтар) табыс етеді.
8. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган камералдық бақылаудың нәтижелері бойынша халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттер талаптарының бұзылуы анықталған кезде, оның ішінде әкелінген өнім мен әкелінген өнімге сәйкестікті растау жөнінде берілген, тіркелген, танылған құжаттар арасындағы мәліметтерді салыстырып талдау негізінде камералдық бақылау субъектілеріне қатысты мынадай шараларды қолданады:
1) сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардың және Қазақстан Республикасының аумағына өнімді әкелумен және (немесе) өткізумен айналысатын, өнімнің Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкестігін декларациялайтын жеке кәсіпкерлік субъектілерінің атына халықтың санитариялық-эпдемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарын бұзушылықты жою тәртібін міндетті түрде түсіндіре отырып, оны жою туралы нұсқама жібереді;
2) техникалық реттеу саласындағы уәкілетті органның атына Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасы талаптарының бұзылу фактілерін көрсете отырып, ақпарат жібереді.
9. Өнімді іріктеу және оған санитариялық-эпидемиологиялық сараптама халықтың санитариялық-эпдемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарын бұзушылықтарды анықтау және олардың алдын алу үшін жүргізіледі.
Санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманы жүргізу үшін өнімді іріктеуді халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның лауазымды адамдары жүргізеді және ол өнімді сатып алу фактісін растайтын құжатпен куәландырылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
9-тармақтың үшінші бөлігінің бұл редакциясы 01.01.2016 дейін қолданыста болады - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз).
Адам өміріне, денсаулығына және оның мекендеу ортасына қауіпті өнім анықталып, соларға қатысты «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес объектілерді жоспардан тыс тексеру жүргізілетін жағдайларды қоспағанда, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган санитариялық-эпидемиологиялық сараптама нәтижелері бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келмейтін өнім анықталған кезде осы баптың 8-тармағында көрсетілген шараларды қолданады.
РҚАО-ның ескертпесі!
9-тармақты төртінші бөлікпен толықтыру көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
10-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
10. Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілердің, гигиеналық нормативтер мен техникалық регламенттердің талаптарын бұзушылықты жою туралы нұсқамалардың орындалуын бақылауды «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жоспардан тыс тексеру жүргізу кезінде жүзеге асырады.
11. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері мен оның орынбасарлары, тиісті аумақтардағы және көліктегі бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлер, олардың халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның басшысы айқындайтын орынбасарлары;
2) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның басшылары, олардың орынбасарлары мен мамандары;
3) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік органның тиісті аумақтардағы және көліктегі аумақтық бөлімшелерінің басшылары, олардың орынбасарлары мен мамандары;
4) Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, ұлттық қауіпсіздік және ішкі істер органдарының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы қызметті жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшелерінің басшылары мен мамандары осы Кодекске сәйкес мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары болып табылады.
12. Осы Кодекске сәйкес мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыруға уәкілеттік берілген санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдарының:
1) халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімді:
санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеген;
халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті орган беретін, қауіпсіздікті куәландыратын құжат болмаған;
санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болмаған (мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауға жататын объектіні, көлік құралын пайдалану немесе қолдану кезінде);
жалған өнім анықталған;
жарамдылық және (немесе) сақтау мерзімі белгіленбеген, жарамдылық және (немесе) сақтау мерзімі өткен;
жәндіктер, кеміргіштер және олардың сол өнімде болған іздері анықталған;
инфекциялық аурулардың немесе жаппай инфекциялық емес аурулар мен уланулардың пайда болу және таралу қаупі төнгенде, оның ішінде санитариялық-эпидемиологиялық сараптаманың нәтижелері бойынша ол халықтың денсаулығы мен мекендеу ортасы үшін қауіпті деп танылған кезде Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге, қолдануға және өткізуге тыйым салуға;
2) халықтың пайдалануына, қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалануға, қолдануға арналған өнімді:
өндіріс объектілері мен технологиялары санитариялық-эпидемиологиялық талаптарға және техникалық регламенттердің талаптарына сәйкес келмеген;
өндіріс объектісіне санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болмаған;
өнімдерді өндірудің технологиялық процесін сақтау үшін қажетті өндірістік және технологиялық жабдық, аппаратура, мүкәммал болмаған;
халық үшін қауіп төндіретін, өндіріске алғаш рет енгізілетін және бұрын пайдаланылмаған заттар мен олардың негізінде дайындалатын материалдар мен препараттардың мемлекеттік тіркеуі болмаған;
жаңа өнімге, технологияға, жабдыққа санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды болмаған;
тыйым салынған тағамдық қоспалар, ингредиенттер мен шикізаттар пайдаланылған;
инфекциялық аурулардың немесе жаппай инфекциялық емес аурулар мен уланулардың пайда болу және таралу қаупі төнген;
мал шаруашылығы өнімін өндіру объектісінде ветеринариялық-сантитариялық қорытынды болмаған кезде өндіруге тыйым салуға;
3) балалар тағамы өнімдерін, тамаққа тағамдық және биологиялық активті қоспаларды, генетикалық түрлендірілген объектілерді, сумен және тамақ өнімдерімен жанасатын материалдар мен бұйымдарды, химиялық заттарды, адам денсаулығына зиянды әсер ететін өнім мен заттың жекелеген түрлерін қолдануға тыйым салуға немесе қолдануды тоқтата тұруға;
4) Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасын бұзу фактілерін қарау үшін жеке, лауазымды және заңды тұлғаларды санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдарына шақыртуға;
5) халықтың декреттелген топтарына жататын, инфекциялық және паразиттік аурулардың көздері болып табылатын, сондай-ақ міндетті медициналық қарап-тексеруден уақтылы өтпеген адамдарды зертханалық зерттеу нәтижесін және толық санация мен міндетті медициналық
қарап-тексеруден өткенін растайтын маман қорытындысын алғанға дейін жұмыстан уақытша шеттету туралы қаулылар шығаруға;
6) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган айқындайтын тәртіппен жекелеген объектілерде шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантин белгілеуге;
7) инфекциялық және паразиттік ауруларды таратудың ықтимал көздері болып табылатын, сондай-ақ инфекциялық науқастармен араласып жүрген адамдарды толық санацияны растайтын зертханалық зерттеп-қарау нәтижелері алынғанға дейін жұмыстан шеттете отырып, медициналық зерттеп-қарауға жіберуге;
8) инфекциялық және паразиттік аурулардың көздері болып табылатын адамдарды көрсетілімдер бойынша ауруханаға жатқызуға жіберуге;
9) халыққа міндетті түрде вакцина егуді, үй-жайларда және көлік құралдарында, аумақтарда, инфекциялық және паразиттік аурулар ошақтарында профилактикалық және ошақтық дезинфекция, дезинсекция мен дератизация жүргізуді талап етуге;
10) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы нормативтік құқықтық актілерді және гигиеналық нормативтерді бұзушылықтар жойылғанға дейін жекелеген жұмыс түрлерін, жұмыс істеп тұрған, салынып жатқан немесе реконструкцияланып жатқан объектілерді пайдалануды Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес тоқтата тұруға;
11) адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпті деп танылған жағдайда шикізаттың, өнімнің, химиялық заттардың, технологиялық жабдықтардың, тетіктердің, процестердің, құрал-саймандардың жаңа түрлерін өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салуға;
12) санитариялық-эпидемиологиялық сараптама жүргізу үшін сараптама объектісінің қоршаған орта мен халық денсаулығына әсерін бағалауды зерделеуге қажетті материалдарды сұратуға, сондай-ақ осы өнімнің құнын өтеместен, сараптама жүргізуге жеткілікті және оған қажетті көлемнен аспайтын мөлшерде өнімнің сынамасын алуға және үлгілерін іріктеуді жүргізуге;
13) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы мәселелерін қозғайтын құқықтық актілерді Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасына сәйкес келтіру туралы талап қоюға;
14) Қазақстан Республикасының аумағында халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы радиациялық бақылауды жүзеге асыруға;
15) санитариялық-қорғаныш аймақтарын белгілеуге және олардың көлемдерін өзгертуге;
16) дезинфекция, дезинсекция, дератизация құралдарының және тамаққа биологиялық активті қоспалардың енгізілуі мен практикада қолданылуын бақылауға;
17) жеке және заңды тұлғалар заңды талаптарды немесе санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары берген нұсқамаларды, қаулыларды орындамаған немесе тиісінше орындамаған кезде сотқа жүгінуге;
18) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы медициналық қызметке берiлген лицензияның қолданылуын тоқтата тұруға;
19) халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік орган белгілейтін жағдайларды қоспағанда, йодталмаған тұзды өткізуге тыйым салуға;
20) халықтың инфекциялық және паразиттік аурулары, уланулары кезінде санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүзеге асыруға денсаулық сақтау ұйымдарының мамандарын тартуға құқығы бар.
13. Санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің лауазымды адамдары мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылау және қадағалау нәтижелері бойынша шешім қабылдау үшін Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасы талаптарының анықталған бұзушылықтарына қарай мынадай актілер шығарады:
1) санитариялық-эпидемиологиялық зерттеп-қарау актісі – мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адам объектінің Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкестігін тексеру нәтижелері бойынша беретін құжат;
2) Қазақстан Республикасының халықтың санитариялық-
эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнамасының талаптарын бұзушылықтарды жою туралы нұсқама;
3) Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының басшыларына тәртіптік жаза қолдану туралы қаулысы;
4) бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлердің:
санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды жүргізу;
жеке тұлғаларды жұмыстан уақытша шеттету;
халықтың пайдалануы мен қолдануына, сондай-ақ кәсіпкерлік және (немесе) өзге де қызметте пайдалану мен қолдануға арналған өнімді әкелуге, өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу;
адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіпті деп танылған жағдайда шикізаттың, өнімнің, химиялық заттардың, технологиялық жабдықтардың, тетіктердің, процестердің, құрал-саймандардың жаңа түрлерін өндіруге, қолдануға және өткізуге тыйым салу;
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұру туралы қаулылары.
14. Мемлекеттік санитариялық-эпидемиологиялық қызмет органдары мен ұйымдарының басшылары лауазымына санитариялық-эпидемиологиялық бейіндегі жоғары медициналық білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтары тағайындалады.
Ескерту. 21-бап жаңа редакцияда - ҚР 29.12.2014 № 269-V Заңымен (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді - ҚР 29.10.2015 № 376-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.