Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Книга скорби (расстрельные списки) Восточно-Казахстанская область 2001 год. Акимат ВКО, 2001. Департамент КНБ РК по ВКО. 2001. ПК «Семей-Печать». 2001



НАУАЛЫ

Науалы– екі өзеннің ортасында,

Жазылған Жер шарының қартасында.

Қыры – мал, ойы егін, суы балық,

Алланың жаратушы арқасында.

Құсақтан құлдай соқса бір қоңыр жел,

Ішіңнен тарқайтындай қайғы мен шер.

Желбіреп көк желегі, тал – терегі

Жаратқан Құдай артық не деген жер.

Басына Науалының Ақжар таяу

Ауылдан су жағалай шықсаң жаяу.

Көңілің көтерілер, денең сергіп,

Самал жел Көкөзектен соқса баяу.

Қарғалы, Көлденеңмен мен сулы Құсақ,

Маңырап қой өреді, жылқы жусап.

Қызығын осы жердің көретұғын

Анадан бала болып қайта тусақ.

Бас жағы шет Қарасу – Малақ екен.

Құсақ пен Қарасудың екі арасын

Баласы Құдас атаң қылған мекен.

Қанша өзен бұл өлкені жарып аққан,

Бабамыз жер тұрағын қайдан тапқан

Бұл жерді Қожакелді мекен қылып,

Ұрпағы ат арқандап, малын баққан.

Дейді екен Қарасуы Аймаңдадың,

Аты бар бәрінің де мекен – жайдың.

Науалы – тоғыз Тума ту тіккен жер,

Ерназар – төрт сарысы Қасен байдың!

«Елімізде болған 1932-33 жылғы алапат ашаршылықта 1,5 млн қандастарымыз ашаршылықтан қырылған уақытта болған, сонда адамдардың кейбіреулері аштықтан емес, бас сап қомағайланып жегендіктен, тамақ бірден аш өзекке түсіп кетіп, қолма қол отырған жерлерінде өліп кеткен. Сол жылдары қиыр шығыстан ауып келген кореецтер таң қалып жағаларын да ұстағанын көрдім: «осыншама мол тамақтың ішінде жүріп, мына қазақтардың шыбынша қырылғандары қалай?», – деп. Мен сол заманның куәгерлерінің бірі болдым, сол кезде қиыр шығыстан ауып келген корей ұлтының қалай аман қалғандарынын да көрдім. Ал ауып келген корейлер мен үркіп қашып бара жатқан қазақтар бір жағдайда болған. Сол кезде бір орыс, не бір басқа ұлт өкілдері қырылды ма, жоқ! Олардың қағанағы қарқ, сағанағы сарқ болып жүрді. Біздің жақта сол кезде орыспен қоныстас егін салған және көл, су жағалап балық аулауды кәсіп қазақтар дін аман қалған. Ол кезде Алакөлдің балығы бүкіл қазақты тамақтандыруға жететін, әлі де жетеді. Біздің ішкері жақтағы мал баққан қазақ ет және мал өнімдерінен басқа тамақ барын білмеген және жер ананың қадір қасиетін түсінбеген. Осыны данышпан Абай атамыз былай деп суреттеген, Әсет ұлым, осыны сенің мамандығың агроном болғаннан кейін ғана айтып отырмын», – деп Данабек ақсақал Абайдың бір шумақ өлеңімен сөзін түйіндеп еді:

Түбінде баянды еңбек егін салған,

Жасынан оқу оқып, білім алған.

Би болған, болыс болған өнер емес

Еңбектен бұдан өзге бәрі жалған.

Менің бұның бәрін тәпіштеп жазып отырғаным, бала күнімізде ауылдағы Кусақ өзенін жағалай ойнап жүргенімізде ары кетсе жарты метрдей тереңдікте, бетін ғана жаба салған адам сүйектерін жиі тауып алатынбыз. Себебі, біздің Науалы ауылы, Тарбағатай бауырында, Қытайға өтетін үлкен керуен жолының бойына орналасқан. Ал Қытайдың Шәуешек қаласы біздің ауылдан 120 км. Ашаршылық жылдары босқан халық осы жол бойында ақ жоңқа боп аштан қырылған, осыны сол жылдарды көзімен көрген басқа ақсақалдар да талай айтты.

Ерлік өнегелері тарихты нұрландыра түседі... бұлар адамды алға жетелейтін жарығы мен шамшырақтардың бірі. В.ГюгоСұрақ: – Данабек ата, өз ауылымыздан шыққан бұрынғы мен қазіргі батырларды айта кетсеңіз, келер ұрпақ біле жүрсін. Осы ерлердің бертінге дейін аттарын да айтқызбай Кеңес үкіметінің жауы санады емес пе?

Жауап: – қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың көбі – батырлар. Ертедегі Ер тарғын, Қобыланды, Қарасай, Қабанбай, Бөгенбай, Ер Еспембет, Шынқожа, бертінгі Бауыржан Момышұлы, Қытай жеріндегі Керей Оспан батыр, 1930–32 жылдары Кеңес үкіметіне қарсы шыққан өзіміздің жерлестеріміз Қылыш Досақанов Жылқайдар, Дүйсенов Сыдық, ағайынды «бандалар» Бақбай, Рақымбай, Ұлы Отан соғысының атақты барлаушысы – құрдасым Божан Ақылжанов, Қазақтан тұңғыш рет «Щука» сүңгуір кемесінің командирі болған 2 рангалы капитан Сабыр Ахмедиев пен осы заманда Ресейдің бас барлау қызметінде қызмет атқарған, жаурыны жер искемеген Ресей мен Қазақстанның бірнеше дүркін жеңімпазы – »ережесіз айқастың» үш түрінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Саяуыш Қасабаевтар сияқты халқымыздың қол бастаған қаһарман ұлдары қаншама!

Сұрақ: – Данабек ата, өзіңіз өткен ғасырдағы халқымыздың басына түскен нәубәт пен қиыншылықтардың бәрін көзіңізбен көріп, көңіліңізге түйдіңіз. Сондағы болған оқиғаларды қазіргі ұрпақ өкілдері білмейді деуге де болады. Енді 1937–38 жылдары «халық жауы» болып жазықсыз ұсталған ерлер туралы айтпас па екенсіз?

Жауап: – Әсет балам, мына сұрағың өте дұрыс екен. Онда мен өзім осы ауылда ғана болған оқиғаларды айтып кетейін. Осы білгендерім келесі ұрпаққа аманат.

 

 

Қылыш Жылқайдар

Саусағы сәбидің білегіндей, алып тұлғалы, жау жүрек адам еді. 1917–1919 жылдарда атаман Анненковтың әскерінде болады.

Одан Қытайдағы Шәуешек маңына паналайды. Қараүңгір–Қарақабақ деген жерде Әжібала атты бай солаң бар–тын. Оның бір інісі Абдыраның суына таласқан қанша қазақты көгала қойдай сабап, ағашқа таңып, әйелдерін қорлаған. Озбырлыққа қаны қайнап, әбден кектенген қазақтар Жылқайдарға осыны құртып бер, сені өзіміз құтқарамыз деп тілек етеді. Көмейді түзету кезегі келгенде жаннан ықпайтын солаңды аттан аударып алып, тапа–тал түсте су байлайтын құрақ қамыстың ортасына орап, көмейге көлденең қойып, айырықты бөгейді. Қайтадан Советке қашып келеді. Мұнда қызылдардан қорғанып, Найзақараға бекініп, алдырмай қойған ағайынды Бақбай, Рақымбай бастатқан «банда» тобына қосылып, бір–аз уақыт бірге болады. Бірде ерекше тапсырмамен Ұржарға келген Жылқайдар қолға түседі. Қызылдар оған сый беріп, алға жолбасшы етіп, Найзақараны алады. Аз тыныстап, Кеңес өкіметінің қызметін атқарушы адам ретінде жүріп жатады.

Сол тұста асқан күші, тұлғасымен аты шыққан «полтара Иван» дейтін, екі центнерлік бөшкені өзі тиеп–түсіретін, жұрт бетіне қарауға жасқанатын орыс бар еді. Жылқайдарды сонымен күрестірмек болады. Күрес білмейтін, қара күшке сенген Иван жығылып қалам ба деген қауіппен, «қол алысайық» деген шарт ұсынады. Алдыңғы кезек орысқа тиіп қысқанда, күлімсірегендей кейіпте төзіп, тұрып алған. Жылқайдар қысқанда Иван қанша шыдайын дегенмен, езуі ыржыйып, көзінен парлаған жас шығып кеткен.

Жылқайдарды ақыры қызылдар атып өлтірді. Аруағына әумин!

– Данабек ата, осы «халық жаулары» туралы деректі құжаттарды өзім бірнеше жыл болды жинап жүрмін. Өзіміздің ауылдан шыққан жазықсыз құрбандардың аты-жөндерін, істеген қызметтерін айта кетсем бе деп отырмын.

– Әсет, мынауың бір игілікті іс екен. Шейіт болған азаматтарымыздың аруақтары бір аунап қалатын болды.

Өлі разы болмай, тірі байымайды. Қазақ мақал–мәтелдері

 

1. Досаканов Джилкайдар род. В 1889 г. В ауле Клыш Науалинского аулсовета. Казах. Проживал там же. Землепашец. Осужден тр. ПП ОГПУ 19.10.1932 г. По ст. 58–8, 59–3 УК РСФСР к высшей мере наказания. Реабилитирован заключением Прокуратуры РК 26.08.1992г.

2. Дюсенов Сыдыкрод. В 1897 г. В ауле Клыш Науалинского аулсовета. Казах. Проживал в г. Чугучаке китая. Хлебороб. Осужден тр. ПП ОГПУ 19.10.1932 г. По ст. 58–8, 59–3 УК РСФСР к высшей мере наказания. Реабилитирован заключением Прокуратуры РК 26.08.1992 г.

Книга скорби – Азалы кітап: Расстрельные списки. – Выпуск2: Алматы, Алматинская (включая Талдыкорганскую) и Жамбылская области, – Алматы: Қазақстан, 1998. – 496 с. Издательство «Қазақстан» страница-100

3. АтчабаровтМухамеджан, 1893 г.р. проживал в Алма–Атинской обл. Урджарском районе с. Тегизчалдык, работал заведующим фермой в колхозе Тегизчалдык. Приговор приведен в исполнение (сведений нет).

4. Баткалов Аубакир,1895 г.р. проживал в Алма–Атинской обл., с. Урджар, работал председателем колхоза Елтай. Приговор приведен в исполнение (сведений нет).

5. Гимадиев Капсемет, 1893г.р., проживал в Алма–Атинской обл., Урджарском районе с. Науалы, работал счетоводом. Приговор приведенив исполнение (сведений нет).

6. Диникенов Кажихан,1905 г.р., проживал в Алма–Атинской обл., Урджарском районе с. Науалы, работал директором школы. Приговор приведен в исполнение (сведений нет).

7. Дошанов Нурмухамбет, 1888 г.р., проживал Алма–Атинской обл., Урджарском районе с. Науалы, работал бригадиром в колхозе им. Исаева. Приговор приведен в исполнение (сведений нет).

8. Жолбарисов Мукашбек, 1889 г.р., проживал в Алма–Атинской области, Урджарском районе с. Ельтай, работал колхозником в колхозе Жана–Турмыс, мулла. Осужден тройкой УЕКВД Алма–Атинской области по ст. 58 и 58–2 УК РСФСР к высшей мере наказания. 20.02.1938г. Приговор приведен в исполнение. Реабилитирован на основании ст.1 Указа ПВС ССР от 16.01.89 г., заключением прокурора Семипалатинской обл. От 25. 04. 1989 г.

На основании ст.21 Закона Республики Казахстан «О реаблитаций жертв массовых политических репрессий» от 14 апреля 1993 года. Законом РК от 22 июля 1997 года «О внесении изменений в Закон РК «О реаблитаций жертв массовых политических репрессий».

9. Искаков Фазыл, 1897 г.р. проживал в Семипалатинской обл., г. Семипалатинск, работал председателем колхоза Жана Турмыс. Приговор приведен в исполнение. (сведений нет).

10. Калышев Карим, 1901 г.р., проживал в Алма–Атинской обл. Урджарском районе с.Урджар, работал председателем колхоза Тегиз жылдык. Приговор приведен в исполнение.

11. Кулжабаев Бутабай,1898 г.р., проживал в Алма–Атинской обл., с. Жана–Турмыс, работал зав. Отделом связи. Приговор приведен в исполнение (сведений нет).

12. Матчанов Кадыр Жолдасович,1901 г.р., проживал в Алма–Атинской обл., Урджарском районе с. Урджар, работал председателем райисполкома. Приговор приведен в исполнение (сведений нет).

13. Озатов Курмангали,1893 г.р., проживал в Алма–Атинской обл. Урджарском районе с. Тегизчалдык, работал заведующим фермой. Приговор приведен в исполнение (сведений нет).

14. Орумбеков Сман, 1903 г.р., проживал в Алма–Атинской обл. Урджарском районе с. Науалы, работал завучем детдома. Приговор приведен в исполнение (сведений нет).

15. Раимбеков Оразгали,1900 г.р. проживал в Алма–Атинской обл. Урджарском районе с. Акжар, работал колхозником в колхозе Ынталы Кедей. Приговор приведен в исполнение 29.12.1937 г.

16. Рахматуллин Садык,1898 г.р., проживал в Алма–Атинской обл. Урджарском районе с. Науалы, работал счетоводом в колхозе Ынталы Кедей. Приговор приведен в исполнение (сведений нет).

17. Сагжанов Макен, 1898 г.р., проживал в Алма–Атинской обл., Урджарском районе с. Науалы, работал бригадиром в колхозе им. Исаева. Приговор приведен в исполнение. (сведений нет).

18. Стамбеков Садык,1903 г.р., проживал в Алма–Атинской обл., Урджарском районе с. Акжар, работал охранником в колхозе Ынталы Кедей. Приговор приведен в исполнение (сведений нет).

19. Ускомбаев Санат,1897 г.р., проживал в Алма–Атинской обл., Маканчинском районе с. Каргалы, работал заместителем директором совхоза Тасбулак. Приговор приведен в исполнение (сведений нет).

20. Ыдырышев Джексембай,1909 г.р., проживал Алма–Атинской обл., Урджарском районе с. Урджар, работал председателем колхоза Тегиз жылдык.

Книга скорби (расстрельные списки) Восточно-Казахстанская область 2001 год. Акимат ВКО, 2001. Департамент КНБ РК по ВКО. 2001. ПК «Семей-Печать». 2001

Ақша қарда көп жүрсең,

Көзің бір күн қарығар,

Ағайыннан шет жүрсең,

Көңілің бір күн тарығар,

Ақсақалдан бата алған,

Құдайдың рахметіне жолығар. Қазақ мақал–мәтелдері

Сұрақ: –Жабайхан аға, өзіңіз Науалының төл тумасы ретінде Шынқожа батыр туралы қысқаша айтып берсеңіз?

– Өз басым бала күнімнен Шынқожа батырдың ғұмырнамасын, жорық жолдарын, өмірден қалай өткенін он сегізінші ғасырда өмір сүрген Айдос жыраудың толғаулары арқылы естіп, оқып өстім.

«...Болашақ жырау он үш жасынан бастап Шынқожа батырдың қасына еріп, ерлігімен ел көзіне ерте түскенге ұқсайды. Өйткені жыраудың:

Бір мүшелге толғанда

Тоғыз тулы Найманның

Айтулы ері Шынқожа

Жаудың шебін шолғанда,

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.