Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Инженер по контролю качесва сети



Национальные особенности делового общения

Одна из западноевропейских фармацевтических компаний решила поставить партию нового болеутоляющего препарата в арабские страны. Препарат хорошо раскупался на европейском континенте. Для рекламы в Европе использовались три картинки: на первой была изображена женщина, кричащая от боли, на второй – она же принимала лекарство, на третьей – после приема препарата боль прошла, и она изображалась в расслабленном, спокойном состоянии. Рекламу, которая не требовала пояснений, решили оставить. Через некоторое время обнаружили, что препарат вообще не покупается в арабских странах. О том, что там читают справа налево разумеется знали, но о том, что это относится и к картинкам, просто не подумали. Без учета культурной специфики смысл рекламы оказался прямо противоположным: женщина принимает предлагаемое лекарство, после чего кричит от боли.

Мына хабарландыру жарнамалармен танысыңыздар, олардың қай уақытта жазылғанын айтыңыз.

1. «Жақында Торғай облысында орысша оқудың қазақ арасында көбейгенінен сөйлейтін һәм Торғай облысының картасы бар жаңа кітап басылып шықты. Шығарған – Васильев, аламын деушілер оны шығарған Торғай облысының военный губернаторының кеңсесіндегі советник Васильевке барсын», - деп

жазылған жарнама «Торғай» газетінде жарияланған.

2. «Айқап» журналында «Жаңа шыққан кітаптар» деген тақырыпта «Жастық жемістері» қазақша өлеңмен басылған. Шығарушысы - «Айқап» оқушыларына белгілі - Әкірам Ғалымов. Ішінде әдемі-әдемі өлеңдер бар. Өлең оқуды сүюшілердің алып оқулары тиіс;

3. Ұмытылған «Қалқаман-Мамыр» қазақ тілінде тарихи хикая. Шәкәрім

Құдайбердіұғлы. Бұл кітапта қазақта мұнан 190 жыл бұрын болып өткен бір уақиға қисса қылып өлеңменен жазылған. Оқушыларына әсерлі, көркем кітап. Алдырушылар Семипалатта «Ярдам» кітапханасынан алдыруға болады». деген хабарландыру жарнамалар берілген.

«Қазақ сусындары» сусыны арнайы өңделген айраннан дайындалады. Біздің «Бидай көже» сусынымыз 2005 жылғы 7-ші Халықаралық Көрме Бірлестігі Қазақстан республикасының өндірушілерінің арасында ең жақсы деп аталатын бас жүлде «Гран-При» алды. Табиғи өскен бидайдан адамның ағзасына қажетті дәрумендерді алуға болады. Олар В, С және Е дәрумендер тобына және ферменттер мен микроэлементтерге бай. Зат алмасуға, иммунитетті көтеруге, жүйке жүйесін және тістерді қатайтуға жәрдемдеседі. Қысымды қалыптастыруға жақсы әсер етеді. Сонымен қатар арықтауға да көмектеседі.

 

«Қазақ сусындары» 1. Бидай көже. 2. Боза. 3. Шалап  

 

 

 
Алматыда жасалған. «Қазақ сусындары» компаниясы. Тел/факс: 249 26 48 Ұялы тел: 8701 77 47 607  

 

1 - тапсырма. Жоғарыдағы үлгіге қарап, мына фирмалардың өнімдерін жарнамалаңыздар.

 

1. «Рахат» кондитерлік фабрикасы.

2. «Фуд мастер» сүт тағам өнімдері.

3. «Беккер» ет, шұжық тағамдары.

2 – тапсырма. Сөздерді сәйкестендіріңіздер.

 

1. бұқаралық 2. жанама 3. жарнама 4. тығырыққа 5. мерзімді 6. фирманың 7. спорттық 8. мәдени □ баспасөз □ шара □ жарыстар □ ақпарат құралдары □ беделі □ жарнама □ тіреген □ тарихы

 

♦ Өзіңіз оқып жүрген / жұмыс істеп жүрген ЖОО-ны жарнама жасап көріңіз.

 

а) конкурс. Презентация

 

Сөздікпен жұмыс жасаңыз.

Қаржы – финансы

Лауазымдық – должностное

Талап – требование

Үміткер – кандидат

Жұмыс өтілі – рабочий стаж

Болжамдар – прогнозы

Бос орын – вакансия, вакантная позиция

Сауалнама – анкетирование

 

♦ Конкурс мәтінімен танысып, өзіңіздің құжаттарыңызды реттеп көріңіз.

 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бос қызмет орындарына конкурс жариялайды:

Макроэкономика және қаржы статистикасы департаментінің директоры, лауазымдық жалақысы – 25000 теңге. Үміткерге қойылатын талаптар:

- жоғары экономикалық немесе қаржылық білім бойынша жұмыс

өтілі 5 жылдан кем емес;

- мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерін білу;

- ғылыми дәрежесі болғаны дұрыс;

- компьютермен жұмыс істей білу (Word, Excell).

Конкурсқа қатысқысы келетін азаматтар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне мынадай құжаттарды тапсыруы керек:

- өтініш;

- сауалнама;

- жеке іс парағы;

- диплом көшірмесі;

- денсаулығы туралы анықтама;

- еңбек кітапшасының көшірмесі;

- 3 х 4 өлшемді фотосурет;

 

 

- мекенжайы туралы мәлімет;

- түйіндеме.

 

Мына мәтіндерді аударыңыздар.

 

Холдинг «Фудмастер» объявляет конкурс на вакантную позицию в г. Есик:

Электрик КИПиА

Требования: Высшее техническое образование, опыт работы не менее 3-х лет, навыки обеспечения бесперебойной работы электрооборудования и КИПиА для производства стандартной и качественной продукции, активность, умение работать в команде. Желательно знание английского языеа. Проживание в г. Есик и наличие автомобиля - предпочтительно.

 

Kcell

Инженер по контролю качесва сети

Требования: в/о техническое, знание телекоммуникационного оборудования, знание радиосети GSM стандарта, знание ОКС №7, продвинутый пользователь компьютера, знание офисных приложений : Excel (построение таблиц и графиков, «макросы») и Power Point (создание эффективных презентаций), приветствуется знание основ программирования, особенно знание Delphi, Visual Basic, навыки решения проблем, готовность к командировкам.

Обязанности:Контроль за производительностью и качеством сети с помощью специальных приборов и программ. Выполнение выборочных проверок качества связи на местах. Участие в проектах компании.

 

6. Аңдатпа. Өтініш. Бұйрық

Аңдатпа

 

Аңдатпа – жазылған еңбектердің, оқулықтар, ғылыми мақалалар, рефераттар, диплом және бітіру жұмыстарының т.б. қысқаша мазмұнын баяндайтын құжат түрі.

 

Дмитриев Д.

ЭиАТК – 04

 

АҢДАТПА

Бұл бітіру жұмысы “Шахталық көтергіш қондырғысының ҚҚМ асинхронды электржетегі” тақырыбына орындалды. Оған келесі бөлімдер кіреді: арнайы, өміртіршілік қауіпсіздігі бөлімі, экономикалық бөлім.

Арнайы бөлімде транспорттық-көтергіш қондырғысына арналған ҚҚМ тізбегінің есептеулері келтірілген. Шахтаның көтергіш қондырғысының көтеру тахограмммасы жасалған, ҚҚМ тізбегін модельдеу арқылы алынған динамикалық сипаттамалары келтірілген.

Экономикалық бөлімде шахтаның көтергіш қондырғысындағы электржетегі басқару жүйесінің екі нұсқасының салыстырмалы талдауы жасалған. Таңдалған жобаның келтірілген шығыны бағаланған.

Өміртіршілік қауіпсіздігі бөлімінде шахтаның көтергіш қондырғысының машина бөлімшесіндегі шуылға есептеулер жасалған.

 

АННОТАЦИЯ

Выпускная работа выполнена на тему “Асинхронный электропривод шахтной подъемной установки с МДП”. В него входят следующие разделы: специальная часть, безопасность жизнедеятельности, экономическая часть.

В специальной части производится расчет схемы МДП для транспортного-подъемной установки, имеются динамические характеристики, полученные при моделировании схемы МДП.

В эконмической части производится сравнительный анализ выбора двух вариантов системы управления электроприводом шахтной подъемной установки. Оцениваются приведенные затраты выбранного проекта.

В разделе “Безопасность жизнедеятельности” производится расчет шума в машином отделении шахтной подъемной установки.

 

Шевченко В. С.

БВТ-04-4

 

АҢДАТПА

Бұл бітіру жұмысында Интернет технологиялар пәнін қашықтан оқытуға

арналған Web-сайт құрастырылады. Тиімді оқу жүйесін жасау үшін келесі

мәселелер зерттеліп анықталған:

- жүйенің сапалы жұмыс істеуіне қажетті мақсаттар, Web-технологиялар мен жобалау тілі;

- программалық және ақпараттық құралдар;

Құрылған жүйенің экономикалық тиімділігі есептелген. Өміртіршілік қауіпсіздігі, еңбек ету жағдайлары мәселелері қарастырылған, жұмыс орнын жарықтандыру және ауа баптау есептеулері келтірілген.

 

АННОТАЦИЯ

В данной выпускной работе разрабатывается Web-сайт для дистанционного обучения по предмету Интернет- технологии. Для создания эффективной обучающей системы исследовано и определено следующее:

- цели, существующие Web-технологии и язык разработка, необходимые для каечственного функционирования данной системы;

- прогаммные и аппаратные средства.

Производен расчет экономической эффективности разработанной системы. Рассмотрены вопросы безопсности жизнедеятельности, условий труда, выполнен расчет освещенности и кондиционирования рабочего помещения.

 

 

Хан Д.

МТС-04

 

АҢДАТПА

Бұл бітіру жұмысында GPS навигациясын Тараз қаласының ұялы байланыс желісіне енгізу зерттелді. GPS навигациясы ең қысқа жолды, нысанның орналасқан жерін және оған дейінгі қашықтықты анықтау үшін пайдаланылады. Ол GPS қабылдағыштан және ұялы телефоннан тұратын аппаратура жиынтығы ретінде ұсынылды. Жұмыс барысында GPS қабылдағыштарын негізгі сипаттамалары мен таңдауы жасалды. Сонымен қатар радионавигациялық өрістің есептеулері, атмосфераның әр түрлі қабаттарындағы өшуіне өзгертулер жасалды. Ол нысанның координаттарының дәлірек анықталуына мүмкіндік жасайды. Өзімен бірге ұялы телефонды және қабылдағышты алып жүретін кез-келген тұлға GPS навигация қызметін қолдана алатын болады.

Бітіру жұмысында бизнес-жоспар құрылды, онда пайдалану шығындары есептелді, бұл қызметті енгізу нәтижесінен түсетін пайда анықталып, қызмет көрсетудің болашақта керектігін анықтайтын өтемділік мерзімі есептелінді. Өміртіршілік қауіпсіздігі мәселелері қарастырылды, мұнда басты электрмагниттік өрістің сәулесіне қауіпсіз қашықтықты анықтау және ғимаратты найзағайдан қорғануды есептеулер мәселелеріне аударылды.

 

АННОТАЦИЯ

В данной выпускной работе исследовано внедрение GPS-навигации в сотовые сети города Тараза. GPS-навигация предназначена для определения местонахождения объекта. Она представляет собой комплекс апаратуры, состоящей из GPS-приемника и сотового телефона. В ходе работы произведен выбор и описание основных характеристик GPS-приемников. Также произведен расчет радионавигационного поля, поправка на затухание в различных слоях атмосферы, что позволяет более точно определить координаты объекта. GPS-навигацией могут пользоватся все, кто имеет при себе сотовый телефон и приемник.

В выпускной работе составлен бизнес-план, в которым были рассчитаны эксплуатационные расходы, определена прибыль от внедрения данной услуги и рассчитан срок окупаемости, что позволит определить преспективу данной услуги. Рассмотрены вопросы безопасности жизнедеятельности, где там безопасного расстояния от излучения электромагнитных полей и молниезащиты здания.

 

Андреев М.

БРЭ-04

 

АҢДАТПА

Бұл бітіру жұмысында басқа елдерде цифрлық радиохабар таратуды енгізудің тәжірибесін талдау негізінде, Қазақстан Республикасындағы телерадиохабар таратудың цифрлық желісін ұйымдастыру және іске асыру қаншалықты күрделі проблема болып табылатындығы көрсетілген.

Жұмыста DVB-N (MPEG-2) стандарты пайдалану арқылы Астана ЦТД желісі әзірленген. Жоғары тиімді MPEG-2 стандартын қолдану абоненттік декодерді бірегейлеуге және келешекте жоғары анықтықты теледидарға өту мүмкіндігін қарапайымдандыруға мүмкіндік береді. Жоспарланған желіде қашықтан басқару және мониторинг жүйелерін пайдалану қарастырылған. ТД бағдарламаларын таратқыщтарға жеткізу “Казсат” жерсеріктік тарату жүйесімен іске асырылатын болады.

Сондай-ақ жұмыста бизнес-жоспар ұсынылған, ЦТД желісін негізудің техника-экономикалық көрсеткіштерінің тиімділігі анықталған және өміртіршілік қауіпсіздігі мәселелері қарастырылған.

 

АННОТАЦИЯ

В выпускной работе на основании анализа опыта внедрения цифрового радиовещания в других странах показаны проблемы, стратегия организации и реализации сети цифрового телерадиовещания в Республике Казхстан.

В выпускной работе разработана сеть ЦТВ в г. Астане с использованием стандарта DVB-Т (MPEG-2). Применение высокоэффективного стандарта MPEG-2 позволит унифицировать абонентский декодер и упростить возможность перехода в будущем к телевидению высокой четкости. В планируемой сети предусмотрено использования и мониторинга. Доставка ТВ-программ к передатчикам будет осуществляться системой спутникового вещания “Казсат”.

Также в работе представлен бизнес-план, определены технико-экономические показатели эффективности от внедрения сети ЦТВ и рассмотрены вопросы безопасности жизнедеятельности.

 

Өтініш

 

Өтініш – белгілі бір жағдайда азаматтың өзінің заңды жеке құқықтарын

жүзеге асыруды өтініп жазатын ресми құжат.

Сөздік

заявление - өтініш

прошу – сұраймын / өтінемін

проживающий – тұратын

прилагается - тіркелген

принять - қабылдау

перевести – ауыстыру

стаж - өтіл

 

♦ Мына стандарт құрылымдарды есте сақтаңыз:

 

Кезекті демалысқа шығу выйти в очередной отпуск

Кезектен тыс демалыс беру дать внеочередной отпуск

Рұқсат ету разрешить, дать разрешение

Рұқсат етуіңізді сұраймын прошу разрешить, прошу дать разрешение

Сізден ... сұраймын Прошу Вас...

...ден бастап с...числа

 

♦ Дұрыс аудармасын табыңыз:

өтініш жазу рассмотреть жалобу/заявление

өтініш беру регистрировать жалобу/заявление

өтінішті қабылдап алу дать ответ на жалобу/заявление

өтінішті тіркеу жалоба/заявление гражданина

өтінішті қарау подать жалобу/заявление

өтініштің мазмұны написать жалобу/заявление

өтінішке жауап беру принять жалобу/заявление

азаматтың өтініші не рассматривать жалобу/заявление

өтінішті қарамау содержание жалобы/заявления

 

♦ Тұрақты тіркестерді есте сақтаңыз. Олардың әрқайсысы үшін жағдаят диалог ойлаңыз.

Кесте бойынша, қол қою, рұқсат беру, құжат дайындау, тапсырманы орындау, өтініш беру.

 

♦ Мына құрылымдарға назар аударыңыз, есте сақтаңыз (запомните).

Кімге

- АЭжБИ ректоры профессор Ғ.Ж.Дәукеев-ке

- Ғ.Ж.Дәукеев мырза-ға

- Электроника және компьютерлік технологиялар кафедрасының меңгерушісі профессор Ә.Берікұлы-на

- ҚОжЕҚ кафедрасының меңгерушісі профессор М.Қ.Дүйсебаев-қа

Кімнен

- Қазақ тілі кафедрасының меңгерушісі, доцент Р.Қ.Бөкейханова-дан

- Аударма бөлімінің бастығы С.Х.Дүкенбай-дан

- ҒЗС бастығы С.Р.Ерланұлы-нан

- ҚКК төрағасы В.И.Фельский-ден

 

♦ Шығыс септік –нан, -нен, -дан, -ден, -тан, -тен + бастап.

Данная конструкция переводится деепричастным оборотом Начиная с... .

 

♦ Мына сөз тіркестерін қазақ тіліне аударыңыз.

Начиная с этого года, начиная с середины месяца, начиная с пятницы, начиная с самого утра, начиная со следующего года, начиная со следующей недели, начиная с завтрашнего дня, начиная с 15 января сего года.

 

♦ Ауыспалы осы шақты жедел өткен шаққа өзгертіңіз.

 

Мен өтініш жазамын. Мен бүгіннін бастап кезектен тыс демалысқа шығамын. Бүгін кешкі бестен бастап сегізге дейін мәжілісте боламын. Түске дейін құжаттарды дайындаймын.

 

♦ Табыс септіктің қолданысын есте сақтаңыз

 

Бас энергетик қызметіне қабылдауыңыз-ды

Кезекті (кезектен тыс) демалыс беруіңіз-ді

Іссапарға жіберуіңіз-ді

Мені басқа бөлімге ауыстыруыңыз-ды өтінемін

Жалақымды көтеруіңіз-ді (сұраймын)

Өндірістен қол үзбей оқуға рұқсат беруіңіз-ді

Еңбек келісімін ұзартуыңыз-ды

 

♦ Өтініш үлгілерімен танысыңыз

 

АЭжБИ ректоры, проф.Ғ.Ж.Дәукеевке

қазақ тілі кафедрасының аға оқытушысы

Д.М.Арыстанғалиевадан

 

 

ӨТІНІШ

2009 жылғы шілде айының 5-інен бастап осы жылғы кезекті еңбек

демалысына шығуыма рұқсат етуіңізді сұраймын.

 

Д.Арыстанғалиева

2009 жыл, маусымның 5-і

 

«Арай» шағын кәсіпорнының төрағасы

Б.Асқарұлы мырзаға

Алматы қаласы, В.Радостовец көшесі,

362-үйде тұратын С.Жанботаевтан

 

 

ӨТІНІШ

 

Мені 2009 жылдың 10 шілдесінен бастап техника бөлімінің директоры қызметіне қабылдауыңызды сұраймын. Екі жоғары білімім бар. Еңбек өтілім – 5 жыл.

Қажетті құжаттар өтінішке тіркелген.

 

С.Жанботаев

5 шілде 2009 ж.

 

Арыз – хабарламаның түрі. Арызда азаматтардың заңмен қорғалатын құқықтарының бұзылуы көрсетіледі. Өтінішке қарағанда, арыздың мазмұны мен тақырыбы кең, әрі әр алуан.

♦ Төмендегі құрылымдарды пайдалана отырып, бір өтініш жазыңыз.

 

Арыз, өтініш жазуға себеп болған жайттарды көрсететін стандарт құрылымдар: үй-жайым болмағандықтан, басқа жұмысқа ауысуыма байланысты, денсаулығыма байланысты, ... қызметкерінің заңсыз әрекеттеріне байланысты, ... қатысты (туралы) байқау ұйымдастырылуына байланысты т.б.

Арыз, өтініштің талап-мақсатын көрсететін құрылымдар: академиялық демалыс беруіңізді сұраймын, жұмысқа қабылдауыңызды сұраймын, басқа факультетке ауыстыруыңызды сұраймын, материалдық көмек көрсетуіңізді сұраймын, тұрғын үймен қамтамасыз етуіңізді сұраймын, жер бөлуіңізді сұраймын, жатақханадан орын бөлуіңізді сұраймын, кезектен тыс демалыс беруіңізді сұраймын.

♦ Бұрыштаманың түрлерімен танысыңыздар:

Қаралсын – рассмотреть

Талқылансын – обсудить

Бекітілсін – утвердить

Тапсырылсын – поручить

Ұсыныстар даярлансын – подготовить предложения

Комиссия құрылсын – создать комиссию

Баяндалсын – доложить

 

♦ Бұйрық

 

Бұйрық-кәсіпорындағы ең маңызды және кең тараған құжаттардың бірі. Бұйрық - кәсіпорын басшысы қандай да болмасын (өндірістік немесе кадр мәселеіне байланысты) бір міндеттерді шешу үшін шығаратын нормативтік құжат. Бұйрық кәсіпорынды немесе оның құрылымдық бөлімшесін құру, жою, қайта құру; кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру, қаржыландыру, жоспарлау, есептеу, жабдықтау, өнімді өткізу, сондай-ақ қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, ауыстыру, босату т.б. мәселелер бойынша шығарылады. Бұйрық кәсіпорынның барлық қызмекерлері үшін міндетті.

Сөздік

бұйрық – приказ

жеке құрам – личный состав

бұйрық беру – отдать приказ

бұйрыққа бағыну – подчинится приказу

тағайындалсын – назначить

қабылдансын – принять

босатылсын – освобадить

 

ауыстырылсын – заменить, перевести

жүктелсін – возлажить

белгіленсін – определить, установить

штаттық кестеге сәйкес – согласно штатному расписанию

қызмет – должность

бос орын пайда болуына

басқа жұмысқа ауысуына

қызметі жоғарылауына

денсаулығына

отбасы жағдайына

зейнеткерлікке шығуына байланысты

ресми сапарға кетуіне

іссапарға кетуіне

кәсіпорынның жойылуына

еңбек шартының мерзімі өтуіне

 

себепсіз жұмыстан қалғаны

еңбек тәртібін бұзғаны

ерекше жұмысы үшін

жұмысқа үнемі кешігетіні

жұмыстан ерте кеткені

қызметтік жағдайын орынсыз пайдаланғаны

 

♦ Ырықсыз етіс: -ыл,-іл,-л,-ын,-ін,-н + бұйрық райдың үшінші жағында қолданылған өкілеттік құжаттардағы баяндауыштарды аударыңыз, оларды қатыстырып, сөйлемдер құраңыздар (орыс және қазақ тілдерінде).

 

Сайлансын, бекітілсін, жарамсыз деп табылсын, іске қосылсын, жол берілмесін, көмек көрсетілсін, қамтамасыз етілсін, өзгеріс енгізілсін, қарауға жіберілсін, қорғауға жіберілсін, рұқсат етілсін, тексерілсін, бақылауға алынсын, жауапкершілік жүктелсін, т.б.

 

♦ Етістіктерді үлгі бойынша түрлендіріңіз, сөз тіркестерін құраңыздар.

Үлгі:

Енгізу – енгіз-іл-сін - өзгеріс енгізілсін.

Босату - ........................

Қысқарту - ....................

Жүргізу - .......................

Орындау - ......................

Тыйым салу - ................

 

♦ Екі қатардағы сөздерді сәйкестендіріңіз:

Жұмысқа кестеге сәйкес

Штаттық белгілеу

Орынбаевтың жағдайына байланысты

 

 

Үстемақы шығуына байланысты

Отбасы сынақ мерзімімен

Еңбек шартының қызметінен

Зейнеткерлікке өтініші

2 апталық қабылдау туралы

атқаратын аяқталуына байланысты

 

 

Бұйрықтың үлгісімен танысыңыз

 

Алматы энергетика және байланыс институтының сырттай оқу және мамандарды қайта даярлау факультеті бойынша

 

№ 9 Бұйрық

Алматы қаласы 21.05.2005 ж.

Сынақ пен емтихандарды уақытында тапсырмаған студенттер туралы

 

Сынақ пен емтихандарды уақытында тапсырмағандарына байланысты

 

БҰЙЫРАМЫН:

 

Мына студенттер институттан шығарылсын:

1. Семенов В.В.

2. Нефедов К.И.

3. Жетенов Т.М.

 

Алматы энергетика және байланыс институтының сырттай оқу және

мамандарды қайта даярлау факультетінің деканы,

профессор М.М.Аршидинов

 

хатшы З.Садырова

 

♦ Мына жағдаяттар бойынша бұйрық шығарыңыз.

1. А.Асановты физика кафедрасына инженер қызметіне қабылдау туралы

2. Ж.Досановты еңбек тәртібін ұдайы бұза бергендігі үшін үйлестіруші қызметінен босату туралы

3. Институт ішінде және ауласында шылым шегуге тыйым салу туралы

 

 

♦ Ресми іс қағаздар тілінде қолданылатын фразеологизмдердің мағынасын ашып, оларды қатыстырып сөйлем құраңыз:

 

Басы ашық – даусыз, айқын;

Бас қосты –

Көз жазбады –

 

Іс тындырды –

Қол астында –

Есеп берді –

Қол қойды –

Қол астында –

Іске қосты –

Дауыс беру –

 

7. Қазақ тілінің орфоэпиялық нормалары

♦ Сөздікті пайдаланып, мәтінді аударыңыздар.

Қазақ тілінің, өзге де ұлттық әдеби тілдер сияқты, екшеліп, тұрақталған, жалпыға ортақ тұрақталған ортақ заңдылықтары, яғни нормалары бар. Ол заңдылықтардың бір бөлегі сөздерді дұрыс таңдап, орнымен жұмсауға қатысты болып келеді, оны лексикалық нормалар деп атаймыз, енді бір саласы сөздерді бір-бірімен дұрыс байланыстырып, сөйлемдерді құрастыра білуге қатысты болып келеді, оны грамматикалық нормалар дейміз. Дұрыс жазу заңдылықтарын орфографиялық нормалар, ал дұрыс айту (дыбыстау) заңдылықтарын орфоэпиялық нормалар деп атаймыз.

 

♦ Мына сөздерді айтылу нормасына сай жаттығып көріңіздер:

төменде – төмөнде

құбылыс – құбұлұс

дөңгелек – дөңгөлөк

қуат – құуат

құрылыс – құрұлұс

құрылым – құрұлұм

 

Ықшамдау құбылысы

 

Қазақ тілінде құрама сөз (біріккен сөз, қос сөз, күрделі сөз), сөз аралығында қатар келген екі дауыстының алдыңғысын (көбінесе қысаң дауыстылар) түсіріп айту – заңды құбылыс. Сөздің түбірін қысқартып жазу қалай дұрыс болмаса, сөз аралығындағы екі дауыстыны қатар айту да сондай дөрекі қатеге жатады.

 

♦ Мына сөздерді айтып жаттығыңыздар:

не айтты? – н әйтты?

Не алдың? – н алдың?

өте ерте - өт ерте

жеті ағайынды – жет ағайынды

сарыағаш – сар ағаш

 

♦ Әліпбидегі и әрпі ый, ій дыбыс тіркесін береді. Тек тый, сый сөздері мен осы түбірдің туынды сөздері ғана ый әрпімен жазылады: сыйлық, тыйым.

Қалған жағдайда иәрпі сөз құрамындағы басқа дауыстылардың ырқымен жуан, жіңішке болып оқылады: қиын – қыйын, жиын – жыйын, тиімділік – тійімділік, мирас – мыйрас. Мұнда көп қиындық жоқ. Қазақ тіліндегі дауыссыз дыбыстардың жеке тұрғандағы қалпы жуан дыбысталады: мы, ыр, сы, ты, ды, шы. Сондықтан ми – мый, мидай – мыйдай, сипат – сыйпат.

 

♦ Үйлесім заңдылығы немесе дауыссыз дыбыстардың бір-біріне әсер етуін ескеріп, мына сөздерді орфоэпиялық нормасына сай айтып, жаттығып көріңіздер:

көп жасау – көб жасау

көп деңгейлі – көбдеңгейлі

қазақ елі – қазағ елі

сұйық зат – сұйұғ зат

газ жолы – гажжолы

мұзжарғыш – мұжжарғыш

сан мыңдаған – сам мыңдаған

үшбұрыш – үшпұрұш

жазсын – жассын

тас жол – ташшол

үш жүз – үшшүз

саясатшы – сайасатшы

Сонымен, қазақ тілінің ауызша сөйлеу жүйесінде негізгі-негізгі деген осындай айтылу заңдылықтары бар. Дұрыс сөйлемеу берілген мәтін мазмұнын игеруді баяулатады. Ақпарат дұрыс қабылданғанда ғана коммуникация жылдам әрі сапалы жүреді.

 

Мәтіндердің айтылым үлгілері

Сөздік

айтарлықтай айырмашылық – существенная разница

тірек сөздер – опорные слова

бастарын қосып жинаған ғалымдар – собранные ученые

бірнеше ғасырлар бойы – в течении многих веков

негізгі оқулығы болып келді – считался основным учебником

кідіріс – пауза

айтылым – говорение

 

♦ Мәтінді оқып, аударыңыз.

 

Ғылыми мәтін оқылғанда дауыста ойнақылық, эмоциялылық байқалмаған дұрыс. Сонымен бірге жалпы алғанда орташа немесе баяу қарқында, абзацтары мен сөйлемдері арасында орташа немесе көлемді кідірістер жасалып оқылуы керек. Дауыс әуезі бірқалыпты келіп, әуен мен дауыс қаттылығы арасында айтарлықтай айырмашылық болмауы керек. Терминдік мағынадағы тірек сөздер мәтіннің айтылымының өн бойында ой екпіні арқылы ерекшеленуі керек.

 

♦ Мәтінді дұрыс оқып жаттығыңыз.

 

Шын мәніндегі алгебраның тууы

Сегіз жүз жиырмасыншы жылы халиф Мамұн өзінің сарайына бастарын қосып жинаған ғалымдардың ішіндегі ең көрнектісі орта азиялық математик және астроном Мұхаммед Хорезми болды.

Сол кездегі математика саласынан жасалған еңбектердің ең маңыздысы М.Хорезмидің «Әлджебр және әлмукабаланы есептеу туралы қысқаша кітап» атты шығармасы. Оның бұл еңбегін латын тіліне аударғанда ғалымның «әл-ховарезм» деген сөзі «алгорифм» немесе «алгоритм» деген сөзге айналып кеткен. М.Хорезмидің бұл шығармасы араб тілінен латын тіліне аударылып, бірнеше ғасырлар бойы Батыс Европада алгебраның негізгі оқулығы болып келді.

 

Ісқағаз стиліндегі мәтін.

♦ Оқып, аударыңыз.

Бұл стильдегі мәтіндер қалыпты үлгі бойынша құрылып, одан ауытқу сирек болады. Мәтіннің құрылымына қарай әр түрлі бөліктері (кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және т.с.) тиісті интонациялық әуенмен оқылады да, дауыс әуезінде құбылғыштық, әсерлілік өте сирек байқалады. Себебі ісқағаз стиліндегі мәтіндердің басты мақсаты – адресаттың көңіл-күйіне әсер ету, оның эстетикалық талғамын тәрбиелеу емес, ақпарат жеткізіп, сол арқылы бір шаралар ұйымдастыру болып табылады. Осы мақсатына қарай оның интонациясы да ерекшеленіп тұрады. Сонымен, ресми қатынастағы ісқағаз стиліндегі мәтіндердің интонациясына негізінен бірқалыптылық, әуеннің бірте-бірте өзгеруі, ұстамды дауыс сазы, орта немесе баяу қарқын тән болады. Ой екпіні түскен бұйрық, ұйғарым секілді тірек сөздер ерекшеленіп тұрады.

 

♦ Мәтінді дұрыс оқып жаттығыңыз, аударыңыз.

 

Қазақстан Республикасының ғылым туралы заңы.

Жалпы ережелер. 2-тарау.

5-бап. Ғылыми қызметкердің құқықтары мен міндеттері (үзінді)

 

Ғылыми қызметкердің :

а) өзінің ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерінің авторы деп танылуына және өнертабыс пен санаткерлік қызметтің басқа да нәтижелеріне өтінім беруіне, сондай-ақ зияткерлік меншігін қорғауға;

б) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өзі авторы болып табылатын ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін іске асырудан түскен табыстарды алуға;

в) өзінің шығармашылық үлесіне сәйкес сыйақылар, көтермелеу сыйлықтары мен жеңілдіктер алуға;

... Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынбаған өзге де іс-әрекеттерді жүзеге асыруға құқығы бар.

 

♦ Төменде берілген жаңылтпашты тез әрі анық айтуға жаттығыңыз. Өздеріңіз білетін жаңылтпаштарыңызды еске түсіріңіз:

Тары – азық, қазы – азық,

Нан – азыққа қазық.

 

8. Монолог. Жұрт алдында сөйлеу мәдениеті

 

Сөздік

тыңдаушы – слушатель

мінбе – трибуна

ұстамды болу – быть сдержанным

тілдік амал-тәсілдер – языковые сред

ескеруі керек – должен учитывать

батылдық – смелость

сенімділік – уверенность

әсерлі, қызықты (сөз)– воздействующая, интересная (речь)

қобалжу – волноваться

 

♦ Мәтінді оқып, аударыңыз.

Монолог – бір кісінің сөзі. Онда белгілі бір тақырыпты айтып беру мақсаты көзделеді, адамның ойы, пікірі, көңіл-күйі, психологиялық ішкі толғанысы , саяси, ғылыми көзқарасы, дүниетанымы – бәрі анық байқалады. Белгілі тақырыпқа көпшілік алдында жасалған лекция, баяндамалар да монологқа жатады. Монолог күрделі ойға құрылады, әдеби сөйлеу үлгісіне жатады.

Жұрт алдында сөйлеу өте жауапты, әрі қиын жұмыс. Тыңдаушылар алдында өзін-өзі ұстай алмаған адамның сөзі де өтімді болмайды. Сондықтан мінбеде ұстамды болу, қобалжымау, сасқалақтамау – сөйлеушілерге қойылатын басты талаптардың бірі.

Аудиторияда ұстамдылықтың қамы – ерте бастан жүргізілетін даярлық. Даярлықсыз сөйлеген кісіде батылдық, өзіне сенім болмайды. Сөйлеуге алдын-ала дайындалған кісі, не айтатынын, қалай айтатынын, тілдік амал-тәсілдерді қалай пайдаланатынын жоспарлап алған адам ғана өзін-өзі еркін ұстап, тыңдаушыларын өзіне тарта алады.

Жұрт алдында сөйлейтін адамдар мына қағидаларды ескеруі керек:

1) тыңдаушылар жақсы білетін нәрселерді тәптіштеп айтудың қажеті жоқ.

2) білгішсініп, мақтана сөйлегендерді де тыңдаушылар ұната қоймайды.

3) сөйлеген сөз анық, дәл, айқын естілетін болсын.

4) сөздің мағынасына, сөйлем мазмұнына үйлесімді ырғақ тауып, қолдың, бет-ауыздың қимылдарын қатыстыруға болады.

5) екі көзін қағаздан алмай оқып беретін сөйлеуші мен тыңдаушылар арасында байланыс болмайды, байланыс болмаған соң айтылған сөз айдалаға атылған оқпен бірдей болады.

6) айтайын деген ойды әбден ығыр болған, үйреншікті сөздерден бастамаған дұрыс. Шаблон – барлық өнердің, әсіресе сөз өнерінің жауы. Ойды әдеби тілге тән сөздермен әсерлі, қызықты етіп жеткізуге тырысу қажет.

7) айтылған сөз қысқа әрі тұжырымды болуы керек. Сөйлемдер ықшамды, ұғынуға оңай, қолданған сөздер жұртқа таныс әрі мазмұнды болуы керек. «Аз сөз - алтын, көп сөз – көмір» дегендей, аз сөзбен көп нәрсені айтуға тырысу керек.

8) «Жүйелі сөз жөнін табады» дегендей, сөйлейтін сөз жүйелі болмаса, онда ешқандай береке болмайды. Жүйелі сөз белгілі мазмұнға, өзара тығыз

байланысты желіге құрылады.

 

♦ Мәтіндегі мақалдарды көшіріп жазып, мағыналарын түсіндіріңіз.

 

Диалог.

Жер туралы заң жобасын талқылайық (дөңгелек үстел)

 

Сөздік

Талқылау - обсуждение

Кезекті отырыс – очередное заседание

Жеке меншік – частная собственность

Түзету – поправка, исправление

Пайдалану құқығы – право использования

Алыпсатарлық – спекуляция

Ұжымдық – коллективный

Балама – альтернатива, эквивалент

Мерзім – срок

Енгізу – включить

Толықтырулар мен өзгерістер – дополнения и изменения

Дағдарыс – кризис

 

♦ Мәтінді рөлдермен оқыңыз

Төраға: Бүгінгі отырысымызда «Жер туралы» заң жобасын талқылаймыз.

- Депутат Б. ............... Жерді 99 жылға жалға беру туралы бапты өзгерту керек. Меніңше, бұл өте ұзақ мерзім, оны қысқартқан дұрыс.

- Депутат С. ................. Жобадағы «субаренда» дегенді алып тастау керек. Бұл алыпсатарлыққа алып келеді.

- Депутат С. ................ Жер тек мемлекет меншігінде болуы керек. Ұжымдық шаруашылықты ендіру керек.

- Депутат В.................. Жобада жарамсыз жерді сатуға болады делінген. Бұл тұжырыммен келісе алмаймыз. Жарамсыз жердің астында байлық көп. Мысалы, Арал теңізінің құрғап қалған бөлігі – 2 млн. га жер. Жері егін егуге, мал бағуға жарамайды, бірақ сатуға болмайды.

- Депутат О. ................. Меніңше, негізгі проблема жердің экологиялық дағдарысында. Мысалы, Семей полигонындағы 2 млн. га жер радиоактивті қалдықтармен бүлінген, оны пайдалану өте қауіпті. Ал 4,8 млн га жарамсыз жер Байқоңырда. Барлығы 180 млн. га жер жарамсыз.Жер – біздің анамыз. «Жері азғанның елі азады, елі азғанның ері азады» дейді халық. Сондықтан жерді экологиялық дағдарыстан құтқару керек.

- Депутат Д. .................... Жерді пайдалануға болады, бірақ сатуға болмайды. Жер туралы заң біздің саяси талаптарымызға жауап беру керек. Жер мемлекеттік меншікте болуы керек.

 

♦ Мәтіндегі сан есімдерді сөзбен жазыңыз.

 

♦ Мәтіннен мақалды тауып жазып, мағынасын түсіндіріңіз.

 

♦ Сізге қай депутаттың сөзі ұнады? Неліктен? Ойыңызды

дәлелдеңіз.

 

♦ Берілген цитатаны жаттап алыңыз:

«Жер мәселесі – негізгі өмір мәселесінің ең зоры. Жер ісін ақылмен, сабырмен шешкен дұрыс».

(Ә.Бөкейханов).

 

10. Ауызша сөйлеу этикасы. Телефонмен сөйлесу

 

Этика (грек тілінде ethos - әдет-ғұрып) – мораль, өнеге туралы ілім.

Этика терминін тұңғыш рет Аристотель адамдар дұрыс, өнегелі іс істеуі үшін не істеуі қажет деген сұраққа жауап беретін практикалық философияны атау үшін қолданды.

Этикет (француз тілінде Etiquette) – мінез-құлықтың қалыптасқан тәртібі.

 

Сөздік

кәсіпкер – предприниматель

ереже – правило

кәсіби білім – профессиональное знание

ең маңызды дыбыс – самый важный звук

өзін ұстай білуі – самообладание

әр түрлі жағдаят – различная ситуация

эмоцияны тежеу – сдерживать эмоцию

қалыптасқан тәртіп – установленный порядок

мінез-құлық – поведение

 

♦ Мәтінді түсініп оқыңыз.

Іскерлік этикетті білу кәсіпкер үшін өте маңызды. Бұл жөнінде 1936 ж. Дейл Карнеги былай деп жазған: «Адамдардың қаржы мәселесі бойынша істерінің табысты болуының тек 15 проценті оның кәсіби біліміне байланысты болады да, 85 проценті оның адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасай алуына байланысты болады».

Карнеги адамдарға әсер етудің алты ережесін ұсынады:

1. Басқа адамдарға көңіл бөліңіз. Сир: «Басқа адамдар бізді білгісі келгенде, біз оларды білгіміз келеді» деп жазған.

2. Күлімсіреңіз. Қытайлар: «Адам күлімсіремей тұрып дүкенін ашпауы керек», - дейді.

3. Адам үшін оның өз аты - ең маңызды дыбыс, сондықтан әр адамды аты-жөнімен атаңыз.

4. Сабырлы тыңдаушы болыңыз.

5. Тыңдаушыңызды қызықтыратын мәселелер жөнінде сөйлеңіз.

6. Әңгімелесушіңізге шын көңілден жақсы баға беріңіз.

Іскерлік этикетке дұрыс киіну, өзін ұстай білуі, сөйлеу мәнері т.б. жатады.

Іскерлік этикет бойынша өзіңіздің партнерыңыздың еліне тән ұлттық дәстүрлер мен салттарды мүлтіксіз орындауыңыз қажет. Бұл сіздің бизнесіңіздің табысты болуы үшін маңызды шарт болып табылады.

Сөйлесу кезінде тыңдаушыға сөйлеушінің даусы, тоны, интонациясы, тембрі көп нәрсені аңғартады. Психологтардың деректері бойынша сөйлеу кезіндегі сөйлеуші интонациясы мен тоны ақпараттың 40 процентін жеткізе алады екен. Сондықтан, көзбе-көз сөйлескенде немесе телефонмен сөйлесу кезінде өз эмоцияңызды тежеп, бірқалыпты сөйлеуге тырысыңыз және сөйлесіп отырған адамыңыздың сөзін бөлмеңіз.

 

♦ Рөлдік жағдаяттарды ойнаңыздар. Қатысушылардың сөйлеу этикеті ережелерін, ым, ишара, интонацияны қалай пайдаланғанына назар аударыңыздар:

а) сіз – бірінші курс студентісіз. Сіздің ректорға, деканға, кафедра меңгерушісіне, оқытушыға, жолдасыңызға өтініш жасауыңыз қажет;

б) сіз - ұйымның кәсіподақ комитетінің төрағасысыз. Сізге ескі досыңыз, әке-шешеңіздің ескі танысы, бейтаныс ер (әйел) адам, бейтаныс жігіт (қыз), техникалық қызметкер келді дедік. Оларды қабылдаңыз;

в) сіз – коммерциялық құрылымның жетекшісісіз. Сіздің фирмаңызда бос жұмыс орны бар. Сізге осы орыннан үміткер 3-4 адаммен сұхбаттасуыңыз керек. Олар хабарландыру бойынша келген.

 

♦ Мынадай қоқырсық (паразит) сөздерді өзіңіз немесе достарыңыз қолдана ма? Бақылап көріңіз.

«Ол кеше нені нетіп келді», «Жазушы Майлин, жаңағы, әйел теңдігін жырлады», «Олар, жаңағы, енді, тап тартысын, жаңағы, күшейтті».

Осындай «нені», «нетіп», «жаңағы», «мысалы», «иә», «яки», «сонымен», «ал енді», «тағы», «тегі» тәрізді бұралқы сөздерді жиі қолданатын кісілердің сөзі құлаққа жағымсыз тиетінін ескеріп, оларды қолданбауға тырысыңыз.

 

Телефонмен сөйлесу

 

Телефонмен сөйлесудің мынадай артықшылықтары бар:

- шұғыл екіжақты байланыс;

- уақыттан ұту;

- еңбек және қаржы шығындарын үнемдеу;

- байланыстың үзілмеуі (әсіресе автожауапбергіш болған жағдайда) т.б.

Телефонмен сөйлесудің бірқатар этикалық талаптары болады, олардың кейбіреуі мыналар:

- іскерлік әңгімелер қызметтік телефон арқылы жүргізіледі;

- әңгімелесушілер өздерін таныстырады;

- пәтерге сағат 22-ден кейін және 9-дан ерте телефон соғу этикетті

бұзғандық болып саналады;

- егер танымайтын адамдарға телефон соқсаңыз, телефон шалуыңыздың

себебін және телефон нөмірін кім бергенін айтуыңыз қажет;

- этикет бойынша телефонмен сөйлесу 5 минуттан аспауы керек,

- телефон тұтқасын 3-қоңыраудан кешіктірмей көтеру керек;

- сіздің қоңырауыңызға 15 секунд бойы жауап бермесе, тұтқаны қойыңыз,

- әңгімені бастаған адам аяқтауы керек.

 

Телефонмен сөйлесудің мынадай мақсаттары болуы мүмкін:

Ақпарат алмасу, мәлімет жинау, кездесу туралы келісу, тапсырыс беру, құттықтау, этикеттік сипаттағы қатынастарды жоғалтпау т.б.

«Телефон күніне» даярлану барысында өз қолыңызға анықтамаларды, қажетті деректерді, лауазымды адамдардың тізімдері мен олардың телефон нөмірлерін жинақтап алуыңыз қажет:

- телефондық шақырудың мүмкін типтерін бағамдап алыңыз: тұтынушы / клиент; жеке тұлға / кәсіпорын; бастық / бағынышты т.б.

- тақырыптарды болжамдап алыңыз: анықтама беру, кездесу туралы келісу, түсінік беру т.б.

- ойыңызша мүмкін сценарийлерді «ойнап шығыңыз»: контактіге ену – сәлемдесу, сөйлесушімен танысу - әңгіменің мақсатын анықтау -

мәселені талқылау - әңгімені түйіндеу – қорытындылаушы этикет формулалары – қоштасу.

 

Іскери телефондық әңгімелесудің негізгі уақыттық өлшемдері шамамен мынадай болады:

1. Екіжақты танысу (20 + 5 сек.)

2. Әңгімелесушіге шаруаның мәнісін түсіндіру (40 + 5 сек.).

3. Жағдаятты талқылау (100 + 5 сек.).

4. Қорытынды шығару (20 + 5 сек.).

Телефон тұтқасын, лажы болса, 3-қоңыраудан кешіктірмей көтеріңіз. Алғашқы сөзіңізден бастап өзіңіздің әңгімені адал, тілектестік ниетте және

 

нәтижелі жүргізуге құлықты екеніңізді сездіруге тырысыңыз. Өзін таныстыру міндетті болып табылады. Мысалы: «ЭЭФ деканаты, қайырлы күн». Немесе «Ректордың хатшысы Дүйсекова, сәлеметсіз бе» т.б.

Егер абонент өзін таныстырмаса, сіз өзіңізге қажет мәліметтерді біліп

алу үшін мынадай сұрақтар қоюыңызға болады: Кешіріңіз, мен кіммен

сөйлесіп тұрмын? Рақым етіңіз, өз атыңызды айтып жіберіңізші және т.б.

Әңгімені бастаушы жауап болған соң міндетті түрде өзін таныстыруы керек. Мысалы: Қайырлы күн, менің аты-жөнім Тұрсынов Аманжол Бақытұлы, мен сіздермен ... туралы келісейін деп едім.

Осылайша абонент әңгіменің мақсатын таратып түсіндіруі қажет және

өз сұрақтарын қысқа да нақты жауаптар талап етілетіндей етіп қоя білуі керек. Телефонмен сөйлесу барысында сөз мынадай болуы керек:

- жинақы;

- ақпаратқа қанық;

- жаргон, вульгаризмдерсіз;

- мүмкіндігінше жалпыға түсініксіз терминдер мен шетел сөздерін қолданбау;

- агрессиялық фразаларды қолданбау («Немене сіз, түсінбейсіз бе!», «Мен сізге әлі дәлелдеймін!»);

- Үзілді-кесілді келіспеушілік сезілмеуі керек («Жоқ!», «Мен мұнымен ешқашан келіспеймін!», «Бұлай болмайды!»);

- Нәтижелі әрі достық қарым-қатынас жағдайында

Әңгіменің соңында шешім қабылдануы керек. Сондықтан тараптардың біреуі бір шешімді ұсынуы қажет, егер ол қабылданып жатса, екі жақ та өз келісімдерін анық білдіруі керек. Мысалы, «Сонымен біз келісімшартты егжей-тегжейлі талқылау үшін кездесетін болып келістік. Ол үшін ертең сағат 10-да біздің офисте кездесеміз». – «Келістік».

Қорытынды кезеңнің мақсаты әңгімені әңгімелесушіде өзіңіз жайлы жақсы пікір қалдыру және сізбен қайта сөйлескісі немесе кездескісі келетіндей етіп бітіру болып табылады. Қоштасарда мынадай фразаларды қолдануға болады: «Сізбен сөйлескеніме қуаныштымын», «Біздің ұсынысымызды қолдағаныңыз үшін көп рахмет!»

Телефонмен сөйлескен кезде адамның аты-жөні, жер атаулары, сан есімдер кездессе, оларды буынға бөліп, тіпті жеке әріптері бойынша айту қажет. Сөйлесу нәтижелі болсын десеңіз, оны мына сұрақтар бойынша қадағалап отырыңыз:

Сіз мені қалай естіп тұрсыз?

Қайталап жібермес пе екенсіз?

Кешіріңіз, өте нашар естіліп тұр.

Кешіріңіз, сіздің не дегеніңізді анық ести алмадым т.б.

Егер сөйлесу кезінде бірнеше мәселе қозғалса, олардың әрқайсысының ара жігін стандарт фразалар арқылы бөліп отырыңыз. Мысалы:

Демек, бұл мәселе бойынша біз келістік қой?!

Бұл мәселе бойынша келісімге келдік деп санауыма болады ғой?

Сіздің қолдауыңызға сенуімізге болады ғой?!

 

Осылайша, бізге қажет тауарды наурызға дейін жеткізесіз ғой? Әр тақырып бойынша әңгіме нақты жауапты талап ететін сұрақпен аяқталуы тиіс.

♦ Әріптесіңізбен телефонмен ертеңгі болатын жиналыс жайлы сөйлесіңіз

 

Іскерлік хат жазысу

Сөздік

іскерлік хат жазысу – деловая переписка

көлем – объем

түсініксіз сөздер – непонятные слова

«түрлі-түсті» - «цветастый»

ұнату – нравиться

артықтьғы жоқ – не лишне

көңіл айту - соболезнование

назар – внимание

әлеуетті – потенциальный

 

Хат – эпистолярлық қарым-қатынасқа пайдаланылатын құжаттардың бірі. Әр жағдаяттарға орай хаттар жазылады. Демек, мазмұны, мақсаты, қалпы жағынан хаттың бірнеше түрі болады.

Іскерлік хат жазысу – іскерлік этикеттің маңызды бөлігі боп табылады. Іскерлік хаттарды жазудың жалпы ережелері болады, бірақ қажет жерінде ол хат жазушының творчестволық қабілетіне де байланысты болады.

Хатқа қойылатын басты талаптардың бірі – оның ұзақ болмауы. Жіберген хатыңызды оқысын десеңіз, оның көлемін 1-1,5 беттен асырмаңыз. екінші талап – хаттың анық және айқын жазылуы. Іскерлік хатта түсініксіз сөздерді қолданбау – оған қойылатын үшінші талап. Сол сияқты іскерлік хаттарда стильді тым «түрлі-түсті» етіп жіберетін басы артық сын есімдер қолданылмағаны жөн.

Осылайша стандартты түрде жазылатынына қарамастан, адресант үшін оны творчестволықпен жазуына мол мүмкіндік бар. Ол үшін адресаттың нені ұнататынын, немен айналысатынын біліп алудың артықтығы жоқ. Орнымен әзілді де қосып жіберуге болады, әдетте мұндай хаттар тез оқылады әрі есте ұзақ сақталады.

Қазіргі кезде іскерлік хат жазысуда «мен» жіктеу есімдігі қолданылмайды, «Мен сұраймын» дегеннің орнына тек «сұраймын» деп қолданылады, сондай-ақ «Мен орындадым» дегеннің орнына «Орындалды» деп қолданылады.

Іскерлік хат жазысу түрлері:

- сауда-саттыққа байланысты келісімдер ;

- алғыс хаттар:

- құттықтаулар;

- кешірім сұрау;

- талаптар;

- көңіл айту.

Іскерлік хат жазысуда қолданылатын тәсілдер көп, біз неғұрлым

жиі кездесетін жалпы мәселелерді бөліп көрейік:

Әлуетті клиентке не қажет?

Негізгі мазалайтын ойлары қандай болуы мүмкін?

Оны қандай жағдайлар күмәндандырады?

Қаржы мәселесін қалай шешкісі келеді?

Оны қазіргі уақытқа дейін мазалайтын проблемалары болды ма екен?

Оның мақсаттары қандай?

Тағы бір ескеретін нәрсе: хат мәтіні мына сұлба бойынша түзілуі керек: назар – қызығушылық - өтініш – іс-әрекет.

Назар аудару: Қадірлі ------------------------------------

Біз сізге бір өте маңызды нәрсе жайлы хабарлағымыз келеді

 

Қызығушылық: Біз Сізге өміріңізді түпкілікті өзгертетін нәрсені

ұсынамыз.

Өтініш: Бізге осы игілікті, патриоттық іске өз үлесін қосуға даяр

адамдардың көмегі қажет.

 

Іс-әрекет: Біз сіздерді мыңдаған мейірімді адамдар қатарына

қосылуға шақырамыз

Мақсатына қарай хаттың бірнеше түрі бар:

- баяндау мазмұнындағы хат (хабарламахат, өмір, қызмет, оқу туралы хат);

- әсер ету мазмұнындағы хат (шақырухат, өтінішхат, талапхат, сауалхат, кеңесхат, ескертухат);

- эмоционалды-бағалау мазмұнындағы хат (арызхат, көңіл айту хаты, мақұлдаухат);

- этикет мазмұнындағы хат (құттықтаухат, алғысхат, кешірімхат, байланыс орнату хаты)

Іск

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.