Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

География», 050116 –«География»



Биология – география факультеті

География кафедрасы

«ГЕОИНФОРМАТИКА»

пәні бойынша

ОҚУ - ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕН

География», 050116 –«География»

мамандықтарына арналған

Қарағанды - 2008

Құрастырушы:Канафин Жандос Әділқасұлы

аға оқытушы

 

 

Ұсынылып отырған оқу-әдістемелік кешен «Геоинформатика» курсы бойынша несиелік технология бойынша, 050609 – «География», 050116 – «География» мамандықтарында оқитын студенттерге арналған. Пән базалық міндетті және таңдауы бойынша компонентке жатады. Бағдарлама негізі ретінде 050609 – «География» мамандығындағы Әль-Фараби атындағы ҚазҰУ типтік бағдарламасы алынған. ОӘК құрамында пән мазмұны, лекция тезистері, зертханалық, СОӨЖ, СӨЖ тапсырмалары, тесттік сұрақтар үлгісі, емтихан сұрақтары, реферат тақырыптары, бағалау критериі берілген.

 

 

050609 –«География», 050116 –«География» мамандықтарына арналған «Геоинформатика» пәні бойынша оқу - әдістемелік кешен, /Құр-н. Ж.А.Канафин. – Қарағанды: КарГУ басылымы, 2008.

© Қарағанды мемлекеттік университеті, 2008

1. ПӘННІҢ ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫ - SILLABUS

1.1. Оқытушы жайлы мәлімет: Канафин Жандос Әділқасұлы,география кафедрасының аға оқытушысы, География кафедрасы, 413 каб., 3 корпус.

1.2 Пән: «Геоинформатика»

Кредит саны: - 4, дәріс өтетін орын - 420, 416 ауд, 3 корпус.

Оқу жоспарынан үзінді

Курс Сем-р Креди- тер Лек- ция Семи- нарлар СРСП СРС Барлығы Бақыл түрі
Емтихан

1.3 Пререквизиттері:Электронды картография, Топография геодезия негіздерімен, Картография, Географиялық зерттеулердің аэроғарыштық әдістері, Проектілеу, Карталарды жасау және безендіру.

1.4 Постреквизиттері:Физикалық география, Экономикалық география.

1.5. Пәннің қысқаша сипаттамасы:Географиялық ақпараттық жүйелер (ГАЖ) географияда онан әрі белсенді таралуда.

Географиялық ақпараттық жүйе – бұл, кеңістіктік – үйлестірілген мәліметтер мен құбылыстарды, олармен байланысты мәліметтер базасы мен ілеспелі ақпараттарды электронды карталар негізінде жинайтын, өңдейтін, бейнелейтін және таратуды қамтамасыз ететін аппаратты – бағдарламалық кешен.

Жалпы жағдайда ГАЖ міндеттердің үш класын шешуге мүмкіндік береді:

1. ақпаратты – анықтамалық;

2. желілік анализ,

3. кеңістіктік анализ және модельдеу.

Географиялық ақпараттық жүйелер (ГАЖ) – бұл бірыңғай ақпараттық ортада интегралданған электронды кеңістіктік – үйлестірілген бейнелер (карталар, сызбалар, пландар және т.б.) мен мәліметтер базасы (МБ).

МБ ретінде кестелер, паспорттар, иллюстрациялар, т.б. қолданыла алады. Мұндай интеграция жүйенің мүмкіндіктерін біршама кеңейтеді және координаталы – байласқан ақпаратпен аналитикалық жұмыстарды жеңілдетуге мүмкіндік береді.

 

1.6. Пән бойынша сабақтарды орындау және тапсыру графиктері

Жұмыс түрлері Сабақтың мақсаты мен мазмұны Ұсыныла тын әдебиеттер тізіміне сілтеме Орындау ұзақтығы Балл (рейтинг-шкалаға сәйкес) Бақы лау форма сы Тас-у мерзімі
Дәрістерге қатысу Дәріс сабақтарына дайындық Силлабус материалдары Семестр бойына Ағымдық бақылау Семестр бойына
Тестілеу Тестілік тапсырмалар ды АЖ кафедрасы мәліметтер банкісінен орындау Бақыланатын тақырыптар б/ша лекция конспектілері, сабақтар материалдары 1 контакт-сағат Аралық бақылау Семестр басынан 6 апта
Жазбаны құрастыру № 1 тапсырма Тапсырмаға әдісетемелік нұсқаларды қар-з 2 апта Жазбаны тексеру 2 апта
Есепті құрастыру № 2 тапсырма Тапсырмаға әдісетемелік нұсқаларды қар. 2 апта Есепті тексеру 4 апта
Есепті құрастыру № 3 тапсырма Тапсырмаға әдісетемелік нұсқаларды қар. 2 апта Есепті тексеру 6 апта
Жазбаны құрастыру № 4 тапсырма Тапсырмаға әдісетемелік нұсқаларды қар. 2 апта Жазбаны тексеру 8 апта
Жазбаны құрастыру № 5 тапсырма Тапсырмаға әдісетемелік нұсқаларды қар. 2 апта Жазбаны тексеру 10 апта
Жазбаны құрастыру № 5 тапсырма Тапсырмаға әдісетемелік нұсқаларды қар. 2 апта Жазбаны тексеру 12 апта
Есепті құрастыру № 2 тапсырма Тапсырмаға әдісетемелік нұсқаларды қар. 2 апта Есепті тексеру апта
Емтихан Пәннің матер-н меңгеруді тексеру Тапсырмаға әдісетемелік нұсқаларды қар. 1 күн Қорытынды бақылау Семестр аяғында
Барлығы          

1.7. Әдебиеттер тізімі

Негізгі және қосымша әдебиеттер:

1. Коновалова Н.В., Капралов Е.Г. Введение в ГИС. Учебное пособие.- М.: 1997 – 160с.

2. Берлянт А.М. Геоинформационное картографирование. М.: 1997 – 64с.

3. Итоги науки и техники. Географические информационные системы, дистанционное зондирование и их практическое использование. М.: ВИНИТИ АН СССР. 1989.

4. Итоги науки. Картография. Т. 14. Геоинформационные системы и картография. М.:ВИНИТИ АН СССР, 1991

5. Кошаев В.В., Каракин В.П. Региональные геоинформационные системы. М.: Наука, 1987.

6. Кошкарев А.В., Тикунов В.С. Геоинформатика. Новосибирск, 1993.

7. Е.Нусипов, А.В.Немченкова, Е.Е.Нусипов. Основы геоинформационных систем. – Алматы, 2004.

8. ДеМерс, Майкл Н. Геоинформационные Системы. Основы.: Пер. с англ. – М.: Дата+, 1999г.

9. Коновалова Н.В., Капралов Е.Г. Введение в ГИС. Учебное пособие. Издание 2-е исправленное и дополненное. – М., 1997.

10. Малышев С. Глобальная система позиционирования. // Компьютер Пресс, 1997, №8.

11. Корнеев Б.Ю. Что такое GPS? – М.: АО «ПРИН», 1993

12. Введение в геоинформационные системы. Толок А.В., ЩепиловВ.Н. – Запорожье: ЗГУ, 2000.

13. Методические указания по проведению лабораторных работ по курсу «Введение в геоинформационные системы» (пакет Arc View GIS). Толок Н.Б., Щепилов В.Н. – Запорожье: ЗГУ, 2001

14. Геоинформатика. А.Д.Иванников, В.П.Кулагин, А.Н.Тихонов, В.Я.Цветков – М.: АКС Пресс, 2001

15. Введение в ГИС. Учебное пособие. Коновалова Н.В., Капралов Е.Г. – М.: 1997

16. Толок А.В., Щепилов В.Н. Введение в геоинформационные системы. Учебное пособие. - Запорожье, ЗГУ. 2000.

17. ArcView CIS. Руководство пользователя. – ЕRSI, 1996.

18. Что такое ArcCiis? ЕSRI, 2001. Перев. Дата+.

19. Де Мерс, Майкл Н. Геоинформационные Системы. Основы.: Пер. с англ. - М.: Дата+, 1999.

20. Изучение ГИС. Институт исследования систем окружающей среды (США). Пер с англ. Изд. – совместное предприятие Дата-, - М. 1995.

21. М. Зейлер. Моделирование нашего мира. Руководство ЕSRI по проектированию базы геоданных.: Пер. с англ. – М.: Дата+, 1999.

22. Э.Митчелл. Руководство ESRI по ГИС анализу. Географические закономерности и взаимодействия. Т.1.: Пер с англ. - M.: Дата+, 1999.

23. Толковый словарь по геоинформатике /под редакцией А.M. Берлянта и Л.В. Кошкарева. 1997.

24. Берлянт A.M. Картография. Учебник для ВУЗов. - М.: Аспект Пpecc, 2002.

25. Южанинов B.C. Картография с основами топографии. Учебное пособие. - М.: Высшая школа, 2001.

26. Документация по ArcGIS компании ESRI Inc.

27. Ананьев Ю.С. Геоинформационные системы: Учеб.пособие. - Томск: Изд-во ТПУ, 2003.

28. Кошкарев А.В., Тикунов В.С., Трофимов А.М. Теоретические и методические аспекты развития географических информационных систем. – География и природные ресурсы, 1991, № 1, с. 11-16.

29. Полищук Ю.М. Информатика и анализ техногенных воздействий на природную среду.

30. ARC/INFO Data Management. Сonsepts. data models. database design. and storage.

31. Колдоба А.В., Повещенко Ю.А., Самарская Е.А., Тишкин В.Ф. Методы математического моделирования окружающей среды.-М.: Наука, 2000.

32. Гарелик И.С. Географические информационные системы и дистанционное зондирование. – Исследование Земли из космоса. Итоги науки и техники. Т.3., ВИНИТИ АН СССР, М., 1989, с. 3-80.

33. Трофимов А.М., Панасюк М.В. Геоинформационные системы и проблемы управления окружающей средой. – казань: Изд-во Казанского ун-та, 1984, 142 с.

34. Лининк В.Г. Построение геоинформационных систем в физической географии. – М.: Изд-во Московского ун-та, 1990, 80 с.

35. Берлянт А.М. Виртуальные геоизображения. – М., 2001

36. Берлянт А.М. Геоиконика. – М. 1996.

37. Мартин Грабер. Понимание SQL.

38. Кузнецов С.Д. Объектно-ориентированные базы данных – основные концепции организации и управления: краткий обзор.

39. Пушников А.Ю. Введение в системы управления базами данных.

40. Салищев К.А. Картоведение. М., 1982 г., с. 406.

41. Кошкарев А.В. Толковый словарь.

42. Чухин Ю.В. Графические информационные системы.

43. Востокова А. В. Оформление карт: Компьютерный дизайн. – М., 2002.

44. Салищев К. А. Картоведение, 3-е изд. – М., 1990 г.

45. Берлянт А.М. Картографический метод исследования. 2-е изд. – М., 1988.

46. Берлянт А.М., Ушакова Л.А. Картографические анимации. – М., 2000.

47. Аляутдинова И.В. и др. ГИС «Черное море». – М.: 1999.

48. Черемиана Е.Н., Прогулова Т.Б. ГИС технологий в образовании научного семинара компьютерных образовании. На ІV съезд российского союза ректоров высших учебных заведений. – М.: МГУ, 1996.

49. Берлянт А.М. Картография для вузов. – М.: Аспект Пресс, 2001, 336 с.

50. Веселовский, Кожаринов «Построение базы запросов пользователя в экологической геоинформационной системе». – 2000, с. 15-27.

1.8. Бағалау туралы ақпарат

Ағымды бақылау бойынша білім тексеру анықталады:

- семинарлық жұмыстардың орындалуы (тапсырмалар арнайы дәптерде нақты жауаптар мен графиктер, сызбалар мен схемалар түрінде);

- СОӨЖ орындалуы;

- экспресс- сұрақ- жауап өткізілуі.

Әр тақырып бойынша жиынтық балл 20: оның ішінде 10 балл семинарлық жұмыс тапсырмасы, 5 баллдан СОӨЖ мен СӨЖ. Семестр соңындаағымды бақылау бойынша барлық баллдар қосылып, орта нәтижесі табылады. Максималды балл 20 болады.

Аралық бақылаудағы білім тексеру семестр ішінде екі тестілеу (10 балл әр қайсысы), бақылау жұмысы және коллоквиум (5 балл әр қайсысы) бойынша анықталады. Жиынтық максималды балл – 30.

Ұй жұмысын тексеру реферат орындалуы бойынша (әр реферат 10 балл) анықталады. Қортынды орта балл қойылады. Рефераттық жұмыс 5 әдебиет көзінсіз жасалмайды, сонымен қоса, интернет-қоры, қазіргі баспалар қолданылады. Жұмыс сұранысқа сай, форматаы А4 парақта, шрифті Times New Roman KZ, көлемі 14 пиксель, бос қалдыратын орын үсті мен асты - 25 мм, сол жақ пен оң жағынан 30 және 20 мм. Реферат көлемі 10 беттен аз емес, 20 беттен көп емес болу керек. Құрамында жоспар, негізгі бөлім, қортынды, әдебиет тізімі болады. Жұмыс график бойынша қорғалады.

Қортынды бақылау - емтиханда 40 баллдық жұйемен бағаланады.

Студенттердің білім тексеру рейтннг шкаласы

Бақылау түрі Балл
Ағымды
Аралық
Ұй тапсырмасы
Қортынды
Барлығы:

1.9. Курстың саясаты мен жүргізілуі

Студенттер міндетіне сабақтарға үнемі қатысу, пән бойынша сабақтарды тасырудың график талаптарын орындау, кітапхана мен интернет – залда әдебиеттермен өздік жұмыс жасау кіреді.

Басқа оқушылардың білім алуына кедергі келтіретін студенттердің сабаққа кешігу, сабақтарды босату, аудиториядағы жүріс – тұрысына жауапкершілік «ҚарМУдің ішкі тәртіп ережелерімен» анықталады.

Жазбаша жұмыстарды көрсетілген мерзімдерден кеш көрсету жағдайында («Пән бойынша сабақтарды орындау және тапсыру графиктерін» қар.) білім бағасының рейтінгі 10%-ға төмендетіледі.

Студенттің жеке қатысуынсыз қорытынды бақылау жүргізілмейді. Емтиханға қатыспаудың барлық жағдайлары «ҚарМУдің оқу процесін ұйымдастыру ережелерімен» басқарылады.

ГЕОИНФОРМАТИКА»

ПӘНІ БОЙЫНША ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК

МАТЕРИАЛДАР

2.1 Курстың тақырыптық жоспары

Барлығы – 4 кредит.

 

Тақырыптың атауы Дәрістер Семинарлар СОӨЖ СӨЖ
Геоақпараттық жүйелерге кіріспе
Кеңістіктік анализ: Казіргі география негіздері
Картография негіздері
ГАЖ бағдарламалық жабдығы
ГАЖ-ға мәліметтерді ұйымдастырудың ерекшеліктері
Мәліметтерді ГАЖ-ға енгізу және ГАЖ техникалық жабдығы
Мәлімкеттерді сақтау мен редакциялау
ГАЖ-ға тақырыптық ақпаратты ұйымдастыру
ГАЖ-дан мәліметтерді шығару және техникалық жабдық
ГАЖ-ды проектілеу
Қорытынды
Барлығы (сағаттар)

 

2.2 Лекциялық дәрістер тезистері

 

Дәріс №1. Геоақпараттық жүйелерге кіріспе

ГАЖ пайда болу тарихы

Геоақпараттық жүйелердің даму тарихында төрт кезеңді ерекшелеуге болады.

І. Пионерлік кезең (кеш 1950-ші – ерте 1970-ші жж.).Принципальді мүмкіндіктерді, білім мен технологиялардың шекаралық облыстарын зерттеу, эмпирикалық тәжірибені істеп тастау, бірінші ірі проектілер мен теориялық жұмыстар. Бірінші период компьютерлік технологиялар жетістіктерінің фонында дамыды: дисплейлерде және плоттерлардың көмегімен кеңістіктік анализдің бағдарламалық формалды әдістері, мәліметтерді басқарудың бағдарламалық жабдықтарының көбінесе бір-біріне тәуелсіз, бір уақытта, 50-ші жылдары электронды есептеуіш машиналардың (ЭЕМ), 60-шы жылдары цифровательдер, плоттерлер, графикалық диплейлер және т.б. перифериялық құрылғылардың пайда болуы. Геоинформатика мен ГАЖ-дың қалыптасуының бірінші сөзсіз ірі жетістігі – бұл Канаданың Географиялық Ақпараттық Жүйесінің жасалуы мен шығуы болып табылады (Canada Geographic Information System, CGIS).

ІІ. Мемлекеттік бастаулар кезеңі (ерте 1970-ші – ерте 1980-ші жж.).

Мемлекет қолдайтын ірі геоақпараттық проекттердің дамуы, ГАЖ облысында мемлекеттік институттардың құрылуы, рөлдің және жеке зерттеушілер мен үлкен емес топтардың әсерлерінің төмендеуі.

ІІІ. Коммерциялық даму кезеңі (ерте 1980-ші – казіргі уақыт).Әр түрлі бағдарламалық жабдықтардың кең таңдалымы, үстелдік ГАЖ - дардың дамуы, кеңістіктік емес мәліметтер базасы интеграциясының арқасында оларды қолдану облысының кеңеюі, желілік қолданбалардың пайда болуы, көп кәсіби емес пайдаланушылардың пайда болуы, жеке компьютерлерде мәліметтердің индивидуалды жинақтарын қолдайтын жүйелер геомәліметтердің корпоративті және таратылған базаларын қолдайтын жүйелерге жол ашады. ХХ ғасырдың 80-ші жылдардың басында әйгілі ARC/INFO негізі қаланды. ARC/INFO ГАЖ Канаданың геометриялық (графикалық) және атрибутты ақпараттың жеке – жеке ішкі көрсетілімі туралы ең табысты идеяларының жүзеге асуы болып қала береді.

ІҮ. Пайдаланушықы кезең (кеш 1980-ші – казіргі уақыт).

Геоақпараттық технологиялар қызметтерін коммерциялық өндірушілердің арасындағы жоғары бәсеке, ГАЖ пайдаланушыларына айрықша мүмкіндіктер береді, бағдарламалық жабдықтарға қол жетерлік пен олардың «ашық болуы» бағдарламаларды қолдануға және тіпті модификациялауға мүмкіндік береді, территориалды бытыраңқы, бірақ бірыңғай тақырыппен байланысты пайдаланушылардың «клубтары», телеконференциялардың пайда болуы, геомәліметтерге қажеттілікті үлкейтеді, әлемдік геоақпараттық инфрақұрылымның құрылуының басы.

 

1.2 ГАЖ ұғымы, олардың құрылымы және классификациясы

Ең жалпы мағынада, географиялық ақпараттық жүйелер –бұлжер бетінің кейбір бөлігіне әдетте анық байланған және оны басқару үшін пайдаланылатын кеңістіктік ақпаратты өңдеуге арналған құралдар.

Егер анықтамаға тоқталмай, тек сипаттамамен ған шектелсек, онда бұл технология карта көрсететін толық құнды визуализация мен географиялық (кеңістіктік) анализдің артықшылықтарымен, сұраныс пен статистикалық анализ сияқты мәліметтер базаларымен жұмыс кезіндегі дәстүрлі амалдарды біріктіреді. Бұл мүмкіндіктер ГАЖ – ды басқа ақпараттық жүйелерден ерекшелейді және анализ бен құбылыстар болжамы және қоршаған әлемнің оқиғаларымен байланысты міндеттердің кең спекторында оны қолдану үшін бірден – бір мүмкіндіктерді, басты факторлар мен себептерге мағына беру және ерекшелеумен, және де стратегиялық шешімдерді және қабылданушы әрекеттердің ағымдық ақырын жоспарлаумен, олардың мүмкін ақырын қамтамасыз етеді.

Территориялық қамтуы бойынша: ғаламдық, немесе планетарлық ГАЖ, субконтинентальді ГАЖ, көбінесе мемлекеттік статусқа ие, ұлттық ГАЖ, аймақтық ГАЖ, субаймақтық ГАЖ және локальді немесе жергілік ГАЖ – дарды ажыратылады. ГАЖ – дар модельдеудің заттық облысымен ажыратылады, мысалы, қалалық ГАЖ немесе муниципалды ГАЖ, МГИС табиғат қорғаушы ГАЖ және т.с.с.; олардың ішінде аса кең таралған ретінде жер ақпаратты жүйелері ЖАЖ ерекше атауға ие болды.

Ақпарат түсінігі ретінде, бұл жағдайда, әріптер, сандар және бейнелер ретінде көрсетілетіннің барлығын атай беруге болады. Сонымен, ақпаратты жинауға, өңдеуге және пайдалануға бағытталған барлық әдістерді, техникаларды, жабдықтарды, жүйелерді, теорияларды, бағыттарды және т.б. және т.с.с. барлығын бірге ақпараттық технологиялар деп атайды.

 

1.3 ГАЖ құрылымдық бөліктері

Жұмыс атқарушы геоақпараттық жүйе өзіне бес кілтті құрауыштарды қосады.

· Аппаратты жабдықтар.Бұл ГАЖ жүргізілген компьютер

· ГАЖ бағдарламалық жабдығыгеографиялық (кеңістіктік) ақпаратты сақтауға, анализдеуге және көрсетуге қажетті функциялар мен құралдардан тұрады.

· Мәліметтер.Кеңістіктік орналасу туралы мәліметтер (географиялық мәліметтер) және олармен байланысты кестелік мәліметтер пайдаланушының өзімен дайындала және жинала алады, немесе жеткізіп берушілерден коммерциялық, болмаса басқа негізде иемделіне алады.

· Атқарушылар. ГАЖ пайдаланушылары ретінде жүйені жасайтын және қолдайтын техникалық мамандар сияқты, ГАЖ ағымдық күнделікті істер мен мәселелерді шешуге көмектесетін қарапайым қызметкерлер (ақырғы пайдаланушы) бола алады.

· Әдістер. ГАЖ – ды қолданудың табыстылығы мен тиімділігі (соның ішінде экономикалық) әрбір мекеме міндеттерінің өзгешеліктеріне және жұмыстарына сәйкес құрастырылатын дұрыс жоспар мен жұмыс ережелеріне байланысты болып келеді. ГАЖ – дың басты артықшылығы карта объекттерінің арасында кеңістіктік байланыстарды анықтау қабілеттілігінде болып табылады. ГАЖ карталарды жалпы қабылданған мағынада сақтамайды, олар сонымен қоса қандай да бір бейнені немесе кңістіктік көрсетілімін сақтамайды. Мұның орнына, ГАЖ олардың көсегімен нақты мақсаттарға аса ыңғайлы, керек көрсетілімді жасауға болатын мәліметтерді сақтайды.

 

ГАЖ шешетін міндеттер

Жалпы мағынадағы ГАЖ, басқалардың ішінде, әдетте мәліметтермен жасалынатын бес процедураларды (міндеттерді) орындайды.

· Енгізу.ГАЖ – ды қолдану үшін мәліметтермен қолайлы цифрлы форматқа түрленуі керек. Қағаз карталардан мәліметтерді коспьютерлік файлдарға түрлендіру процесі цифрлау деп аталады. Казіргі ГАЖ – дарда бұл процесс сканерлік технологияны қолдану арқылы автоматтана алады.

· Манипуляция жасау.Бірігіп өңдеу және көрсету үшін барлық мәліметтерді бірыңғай масштабта және бірдей картографиялық проекцияда көрсеткен ыңғайлы. ГАЖ – технология нақты міндетке қажет кеңістіктік ақпараттарды манипуляциялау мен мәліметтерді ерекшелеудің түрлі тәсілдерін ұсынады.

· Басқару.Үлкен емес проекттерде географиялық ақпарат қарапайым файл түрінде сақтала алады.. Бірақ ақпараттың көлемін үлкейткен және пайдаланушы санының өсуі кезінде мәліметтерді сақтау, құрастыру және басқару үшін мәліметтерді басқару жүйесін (МББЖ), интегралданған мәліметтер жинағымен (мәліметтер базасымен) жұмыс жасауға арналған арнайы компьютерлік жабдықтарды пайдаланған тиімді.

· Сұраныс пен анализ. ГАЖ бен географиялық ақпарат бер кезде қарапайм сұрақтарға сияқты, қосымша анализ, сұранысты талап ететін сас күрделі сұрақтарға да жауап алуға болады. Сұраныстарды белгілі бір объектіге тышқанды жай ғана шерту сияқты, дамыған аналитикалық тәсілдер арқылы беруге болады. Казіргі ГАЖ – дар анализ жасау үшін көптеген қуатты жабдықтарға ие.

· Көрсету. Кеңістіктік амалдардың көптеген типтері үшін мәліметтерді карта немесе график түрінде көрсету соңғы нәтиже болып табылады.

1.5 ГАЖ – ды қолдану және оның мүмкіндіктері

ГАЖ қолданбалары кезіндегі негізгі облыстар:

· Экология мен табиғатты пайдалану

· Жер кадастры мен қоныстану

· Қала шаруашылығын басқару

· Аймақтық жоспарлау

· Демография және еңбек ресурстарын зерттеу

· Жол қозғалысын басқару

· Қолма қол басқару мен төтенше жағдайларда жоспарлау

· Әлеуметтану мен саясаттану

ГАЖ - дың функционалдық мүмкіндіктері –географиялық ақпараттық жүйелердің функцияларының және оларға сәйкес ГАЖ бағдарламалық жабдықтарының жиыны.

ГАЖ - дың функционалдық мүмкіндіктері геоақпараттық технологиялардың амалдарын және амалдар топтарын, жеке функциялар мен функционалдық топтарды: соның ішінде: мәліметтерді машиналық ортаға енгізу; түрлендіру, немесе мәліметтерді трансформациялау; сақтау ішкі және сыртқы базаларда мәліметтерді басқару; геодезиялық өлшемдер мәліметтерін өңдеу амалдары; кеңістіктік модельдеуді қосады. Сонымен қоса, ГАЖ функциялары санына (дәлірек, ГАЖ бағдарламалық жабдықтануына) бейнелерді цифрлы өңдеу (ара қашықтықтан зондтау мәліметтерін), экспертті жүйелердің жабдықтары, пайдаланушы талаптарына қажет баптау жабдықтары, ГАЖ функционалдық мүмкіндіктерін кеңейту жабдықтары.

Дәріс №2. Кеңістіктік анализ: казіргі географияның негізі

Кеңістіктік анализ мағынасында кеңістіктік объектілердің орналасу анализін, байланысын және басқа кеңістіктік қатынастарын қамтамасыз ететін функциялар тобын, сонымен бірге көріну / көрінбеу зоналарының анализін, көршілік анализін, желілер анализін, рельефтің цифрлы модельдерін өңдеуді, буферлік зоналар шегінде объектілердің кеңістіктік анализін түсінеді.

2.1 Кеңістіктік объектілер

Кеңістіктік объект – ақиқат объектінің цифрлы көрінісі, басқаша айтқанда оның орналасу орнынан және қасиеттер, сипаттамалар, атрибуттар (сәйкесінше позициялық және позициялық емес кеңістіктік мәліметтер) жергілікті жердің цифрлы моделі.

Кеңістіктік объектілердің негізгі төрт типтері ерекшеленеді: нүктелік (нүктелер), сызықтық (сызықтар), аудандық немесе полигоналды, кескіндік (полигондар) және беткейлер (рельефтер), сәйкесінше 0-, 1-, 2- және үш өлшемділер, және де дене.

Ағымды территория шегінде бір класстың бір типтес объектілерінің толық жиыны қабатты (қарапайым кеңістіктік объектілердің саны және/немесе оларды құрайтын элементтерді кейде примитивтер деп атайды, соынң ішінде геометриялық примитивтер және топологиялық примтивтер, компьютерлікте (машиналықта) аналогия бойынша графикалық примитивтермен бірге) құрайды.

Нүктелік объектілер –координаталармен және олармен ассоциацияланған атрибуттармен сипатталатын 0-өлшемді объект; нүктелік объектілердің жиынтығы нүктелік қабатты құрайды. Бұл әр қайсысы кеңістіктің тек бір нүктесінде орналасқан объектілер. Үйлер, ағаштар, жолдардың қиылыстары және т.с.с. объектілерді оңай тануға болады. Мұндай объектілерді, олардың әр біреуі қандай да бір уақытта, кеңістіктің тек белгілі бір нүктесін қамти алуы мағынасында дискретті деп атайды.

Сызықтық объект–белгілі жоспарлық координаталары (сызықтық сегменттері немесе доғалары) бар, 2 нүктеден кем емес тізбектен құралған бір өлшемді объект; сызықтық объектілердің жиынтығы сызықтық қабатты құрайды. Және де олардың мағынасында сызықтық графикалық және кеңістіктік объектілер мен примитивтердің жалпыланған атауы түсіндіріледі: жоғарыда аталған мағынадағы сызықтар, сегменттер мен доғалар, полигонның шекаралары. Сызықтық объектілер координаталық кеңістікте бір өлшемділер ретінде көрсетіледі. Осындай «бір өлшемділер» ретінде жолдар, өзендер, шекаралар, кішкене қоршаулар, мағынасы жағынан ұзын және тар болып келетін қандай да болсын объектілер бола алады.

Полигон– 2-өлшемді (аудандық) объект, векторлы – топологиялық көрсетілімдерде немесе «спагетти» үлгісіндегі сегменттерде доғалардың тұйық тізбегінен құралған және ішкі нүктемен (белгімен) және олармен ассоциацияланған атрибуттардың мәндерімен иденцификацияланған ішкі облыс; ішкі полигондардан тұрмайтын қарапайым полигонды және «аралдар» мен анклавалар деп аталатын ішкі полигондардан тұратын құрылымдық полигонды ерекшелейді.

Облыс (полигон)– бұл, бікелкі облысты қоршайтын, бір немесе одан да көп доғалық объектілермен шектелген жабық объект. Мысал ретінде мемлекеттер, округтар, көлдер, жер пайдалану немесе халықтың санағын жүргізу участоктарын айтуға болады. Облыстарға, немесе «екі өлшемді» объектілерге сонымен қоса ауламен, қаламен немесе толық континентпен орын алынған территорияларды қосады.

2.2 Өлшем шкалалары

Мәліметтердің көптеген түрлерін, соның ішінде географиялық мәліметтерді өлшеу үшін тұрақталған негіз бар. Бұл мәліметтерді өлшеу шкалалары келесі құрамдастардан тұрады:

Бірінші деңгейде номиналды шкала орналасады, атауы айтын тұрғандай объектілер атаулары бойынша ерекшелетіні көрініп тұр. Бұл жүйе объект қалай аталатындығы жөнінде пікірді жасауға мүмкіндік береді, бірақ бір объекті мен басқа объектінің тікелей салыстыруын, ұқсастықтарды анықтауды қоспағанда, жасауға мүмкіндік бермейді.

Келесі реттік шкала жалғасады, берілген нақты сұрақ үшін жақсысынан жаманына.

Келесі өлшенетін шамаларға сандық мағыналар есептелінетін өлшемнің интервалды шкаласы.Реттік шкала жағдайына ұқсас, мұнда да объектілерді салыстыруға болады, бірақ мұнда бұл салыстырулар ерекшеліктердің аса нақты нүктесімен жасалынады.

Өлшемнің ақырғы шкаласы – қарым – қатынастар шкаласы.

2.3. Кеңістіктік координаталар

Координаталар –тегіс бетте, беткейде немесе кеңістікте нүктенің орналасуы анықталатын сандар.

Геоақпараттық жүйелерде мыналарды пайдалану кездеседі:

Тікбұрышты, немесе декартты координаталар

Полярлы координаталар

Сферкалық координаталар

Эллипсоидалды координаталар

2.4. Кеңістіктік таралулар

Қоршаған ортада кездесетін кеңістіктік таралуларды келесілерге бөлуге болады: Үнемі немесе біркелкі; Топталған; Кездейсоқ(сурет 2.1)

 

 

Кеңістікте объектілерді анализдеу – геоинформатиканың басты міндеттерінің бірі. ГАЖ мәліметтер базасына (МБ) көптеген мәліметтердің енгізілуі сондықтан болып келеді.

 

2.5. Географиялық мәліметтерді жинақтау

Казіргі уақытта географиялық мәліметтерді жинақтау бірнеше тәсілдермен жүргізіледі: үлкен емес немесе салыстырмалы кіші объектілер үшін жер бетіндегі бақылаулар; казіргі немесе модернизацияланған құралдарды қолдану арқылы; бағыттау жүйелері тәсілдері бойынша. Сонымен қоса аэрофототүсірілім қолданылады.

Бағыттау– бұл, объектінің орналасу орнының координаталарын үш өлшемді жер кеңістігінде анықтау мақсатында спутниктік бағыттау жүйелерінің көмегімен өлшеу.

 

2.6. Сұрыптау сызбалары

Сұрыптау әдістері төрт жалпы категорияға оңай бөліне алады: кездейсоқ, жүйелі, стратификацияланған және біркелкі сұрыптау (сурет 2.2). әрине, олар егер бұл керек болса, іріктеуді ұйымдастыруың гибридті әдісін жасау үшін қосыла алады.

2.7. Типология және оның маңызы

Қазіргі уақытқа дейін объектілер нүктелермен, сызықтар және полигондармен ерекшеленді. Бірақта, объектілер арасындағы кеңістік байланыстың қосымша ақпараты ойша интерполяцияланды. Мысалы, қала көшелерінің картасында аэропорттан қонақ үйіне дейінгі маршрутты табуға болады. Сонымен қатар, екі көршілес жер учаскелерін және көшелерін табуға болады. Біз бұл байланыстарды интерполяциялаймыз. Байланысқан сызықтық маршруттарды учаскелерді анықтап, бұл сызықтармен шектесетін немесе көршілес учаскелерді анықтай отырып танимыз.

Сандық карталарда бұл сызықтық байланыстар топологияның көмегімен бейнеленеді. Топология – кеңістік қатынастар арасында көршілес және объектілерді қосатын қабаттардан тұрады (имек, полигондар және нүктелер). Картаны қолдану барысында топология объектілер арасындағы байланысты анықтайды, көршілес полигондарды және бір объектіні құрастырады, мысалы аймақ ,басқа объектілер түрінде көрсетіледі (мысалы, сызықтар). Тура сол сияқты топология имегі бастапқы және соңғы тораптарды, сонымен қатар, сол және оң полигондарды қосады. Топологиялық қатынастар қиын элементтен оңай элементке ауысады: нүктелер (қарапайым элементтер), имек (көп нүктелердің қосылуы) және полигондар (имектердің көптеген қосылы).

Топологиялық деректерді пайдалану артықшылығы сақталуы және пайда болып, топологиялық деректерді біршама эффективті сақтайды. Сондықтан да қайта өңдеу деректері тездетіледі және үлкен көлемде деректер жиынтығы мүмкін болады. Топологиялық байланыстарды пайдалана отырып, әр түрлі топологиялық операция анализдерін орындауға болады, соның ішінде полигонды модельдеу және географиялық объектілерді сипаттау.

Әдебиеттер: 2,4,9,12,16,25,29,34,38,45,46,50.

Дәріс №3. Картография неіздері

3.1. Карта модель ретінде:

«Карта» термині орта ғасырларда, яғни Жаңару дәуірінде пайда болған, бұл термин латынның «charta» (қағаз, парақ) және гректің xapŋs(хартес – папирустан жасалған қағаз) сөздеріненшыққан.

Карта –Жердің, басқа аспан денелерінің немесе ғарыштық кеңістіктердің жазықтықтағы математикалық анықталған, кішірейтілген және олардың объектілеріне қатысты шартты белгілер жүйесімен қабылданған бейнелері.

Масштабы бойынша карталар: ірі масштабты (1:100000 және ірілеу), орта масштабты (1:200000 – 1:1000000) және ұсақ масштабты (1:1000000-нан ұсақтау) болып бөлінеді.

Кеңістікті қамтуы бойынша карталардың келесі түрлері бар: Күн жүйесі және аспан жұлдыздарының, планеталардың, соның ішінде Жердің карталары; ірі планетарлық құрылымдардың – дүниежүзілік мұхиттар мен құрлықтардың карталары. Сонымен қатар, карталар: әкімшілік-территориялық бөліну, табиғи аймақтар, экономикалық аудандар, табиғи-тарихи облыстар бойынша классификацияларға тармақталады.

Мазмұны бойынша келесі карталар түрлері ажыратылады: жалпы географиялық, тақырыптық және табиғат карталары, әлеуметтік-экономикалық, табиғат пен қоғамның қарым-қатынасы, сонымен қатар, арнайы карталар бар.

Практикалық мамандануы бойынша: инвентаризациялық; баға берушілік, рекомендациялық, болжамдық карталар болып бөлінеді.

Мұхит карталарын теңіздік, шығанақтық, бұғаздық және гавандық карталарға бөледі.

Карта географияның негізгі тілі болып табылады. Сонымен қатар, ол компьютерлік географияның да негізгі тілі болып есептелінеді. Бұл географиялық форма әр түрлі координата жүйелерінің, проекцияларының, символдарды теру, генерациялық әдістерді оңайлату сияқты кеңістіктік мәліметтерден тұрады.

Карта кеңістіктік құбылыстардың, абстракциялардың моделі болып табылады. Ол зерттеліп отырған облыстың барлық белгілерін көрсететін шындықтың кішірейтілген нұсқауы болып табылмайды.

 

3.2 Картаның элементтері

Картаның элементтері –картографиялық элементтерді, легендаларды және безендіру жұмыстарынан тұратын құрамдас бөліктері.

Негізгі элемент – картографиялық бейнелеу,яғни картаның мазмұны, объектілердің және құбылыстар мәліметтерінің жиынтығы, олардың орналасуы, қасиеттері, бір-бірімен қарым-қатынасы және динамикасы. Жалпы географиялық карталардың мазмұны: елді мекендер, әлеуметтік-экономикалық және мәдени объектілер, жол қатынастары және байланыс желілері, рельеф, гидрография, өсімдік және грунт, саяси-әкімшілік шекаралар сияқты элементтерден тұрады.

Тақырыптық және арнайы карталарда картографиялық бейнелердің келесі екі құрамдас бөліктері ерекшеленеді. Біріншіден, бұл географиялық негіз, яғни жалпы географиялық бөлімнің мазмұны, ол тақырыптық немесе арнайы мазмұндардың элементтерін байланыстыру үшін қызмет атқарады, сонымен қатар, карта бойынша бағдарлану немесе бейімделуі. Екіншіден, тақырыптық немесе арнайы мазмұн (мысалы, территорияның геологиялық құрылымы немесе навигациялық жағдай).

Кез келген негізгі элементі болып – легендаесептеледі, яғни ондағы пайдаланған шартты белгілер мен түсіндірме мәтіндер жүйесі. Топографиялық карталар үшін арнайы шартты белгілер кестелері жасалынған.

Картографиялық бейнелеу математикалық негізге сүйене отырып жасалынады, оның элементтері картада координаттық тор, масштаб және геодезиялық негіз болып табылады. Картаның математикалық негізімен құрастыру картасы тығыз байланысты, яғни бейнеленген территория картасының аты, легендасы, қосымша карталар және басқа да мәліметтері бір-бірімен тығыз байланысты.

Картаның қосымша жабдықталуыоны оқып және онымен оңай жұмыс істеуге көмектеседі. Ол өзіне әр түрлі картометриялық графиктерді (мысалға, топографиялық картада бұрыштардың еңкею беткейін анықтау үшін құлама шкаласы орнатылады), зерттелген картографиялық территорияның және қолданылған материалдар схемасы, әр түрлі анықтама мәліметтерін қамтиды.

Қосымша мәліметтерге карта-бұрандалар, фотосуреттер, диаграммалар, графиктер, профильдер, мәтіндік және сандық мәліметтер жатады. Олар картографиялық бейнелеуге немесе легендаларға тікелей бағынышты емес, бірақ карта мазмұнының тақырыбымен байланысты, оны толықтырады және түсіндіреді.

 

3.3 Картаның масштабы

Масштаб –географиялық бейненіңжеткіліксіз қиылысуы шексіз қатынас ұғымына байланысты ұзындығы эллипсоид және шардың беткі қабатының кіші қиылысуына сәйкес келеді. Картаның масштабы 3 формада көрсетіледі: сандық масштаб, атаулық масштаб (вербальдық), графикалық және сызықтық масштаб (3.2.сурет). сонымен қатар, суретке түсіру масштабы ажыратылады, онда суретке түсіру жүргізіліп, масштаб құрылады, онда картаны құрастыру және масштаб шығару жүргізіледі және картаның масштабы құрылған масштабқа қарағанда ұсақ болады.

 

3.4. Картографияның анықтамасы және картографиялық проекциялар туралы түсінік.

Картография –географиялық карта, оны құрастырудың, басып шығарудың және қолданудың әдістері мен процестері жөніндегі ғылым.

Картографияның ғылым ретінде әр түрлі түсініктемелері бар: табиғат құбылыстарының бейнесі мен зерттеулері жайлы ғылым; картографиялық формада ақпаратты тарату ғылымы (коммуникативті концепция); геожүйелерді тану және ақпараттық-картографиялық модельдер жүйесінің ғылымы (геоақпаратттық концепция) және басқа да концепциялар.

Картографиялық проекциялар –Жер шарының немесе эллипсоидтың (немесе басқа планетаның) математикалық анықталған жазықтықтағы бейнелену тәсілі.

 

3.5 Картография үшін координаталар жүйесі

ГАЖ (ГИС) жүйесіндегі декарттық жүйеден басқа кең тараған универсалды көлденең проекция болып Меркатор (UTM) табылады. Ол көбінесе дистанциондық барлау жұмыстарында кең қолданылады, топографиялық карталарды дайындау, табиғи ресурстардың мәліметтер базасын құрастыру, себебі ол метрлік жүйеде нақты өлшеулерді қамтамасыз етеді, көптеген елдерде метр өлшеу бірлігі болып қабылданған.

 

3.6. Картографиялық процесс және картография-лық символдар

Масштабты, проекцияны және координат жүйелерін анықтаудан басқа, ГАЖ аналитігі картаның жасалу процесінің негізгі этаптарын білуі қажет. Картографиялық процесте 4 негізгі этап көрсетіледі: мәліметтерді жинау, мәліметтердің компиляциясы, картаны жасау және тираждау.

3.7. Картографиядағы парадигманың өзгеруі

Аналитикалық парадигма депқайта классификациялауды қамтамасыз ететін бастапқы мәліметтердің компьютерлерде сақталып, пайдаланушыға қажет болған кезде қолданылатын классификация тәсілі.

Аналитикалық парадигма аудандық объектілердің картасын жасау кезінде пайда болды, онда әрбір облыстың өзіне тән бірегей түсі және штриховкасы жасалынып, оған сәйкес белгілерімен көрсетілген. Бұл қатынастарда олар ғарыштық суреттермен дешифрленбеген. Алайда, компьютерлерді мәліметтерді сақтау және классификациялау мақсатында пайдаланғандықтан, пайдаланушының бірнеше мәліметтер классификациясын алуға мүмкіндігі туды. Олардың әрқайсысын сол уақытта көруге болады.

Бір облыстың әр түрлі зерттелу мысалдары түрлі географиялық парадигмаларды түсіну үшін қажет болуы мүмкін. Бұндай картаны жасаудың басты мақсаты – қызықтыратын феномендердің кеңістік бойынша орналасуын көрсету, осылайша әрқайсысына қалай жету керектігін түсіндіреді. Бұл парадигма хабарламасының орындалуының мысалы болып табылады.

Бірте-бірте ақпарат саны, әсіресе, атрибутивті ақпарат саны көбейген сайын оның көлемі үлкейіп, ол бір картаға сыймайды. Ең алдымен, бұл картографиялық көріністердің мәліметтері анализ болып табылады және де ол кеңістіктікті анықтап көру емес, сондықтан да парадигма хабары бұл жағдайда адекватты емес, ол геоақпараттық парадигмадағы қосымшалармен толықтырылуы қажет.

Әдебиеттер: 3,7,8,11,14,16,18,20,21,22,26,28,39,42,46.

Дәріс № 4. ГАЖ - нің бағдарламалық қамтамасыздандырылуы

4.1 Геоақпараттық жүйенің бағдарламалық қамтамасыздандырылудың көшбасшылары

Қазіргі уақытта геоақпараттың жүйенің бағдарламамен қамтамасыздандырылудың екі қуатты көшбасшылары бар. (4.1 сурет). Бұл

ESRI inc. және ESRI inc. фирмалары. ТМД мемлекеттерінің территорияларында жетекші орында DATA+ фирмасы алады, ол ESRIinc. және ERDASinc. ТМД мемлекеттерінің территорияларында.

4.2 ESRI Ins. компаниясының бағдарламалық қамтамасыздандырылуы.

ESRI компаниясы географиялық ақпараттық жұйенің бағдарламалық қамтамасыздандырылуын тағайындайды. ESRI компаниясының негізгі өнімі ArcGIS бағдарламаларын қамтамасыздандыру болып табылады.

ArcGIS дегеніміз не?

Географиялық ақпараттық жүйенің интегралдау құрамына, яғни ArcGIS уш өзекті бағдарламалық өнімдері кіреді: ArcGIS Desktop; ArcSDE TM ; ArcIMS IM

ArcGIS – бұлбағдарламалық өнімнің масштабтық сызғышы, ГАЖ-ні құрайтын негізгі өндірістік стандартқа сәйкес, жұмысқа дайын функцианалдық және тығыздығымен ерекшелінеді

ArcGIS жүйесі үщ бөлімнен тұрады:

- ГАЖ-дын интегірленген ядросын құрайтын мазмұны, ArcGIS Desktop күнделікті өнім болып табылады.

- ArcSDE TM - географиялық базамен басқарылатын СУБД өндірістік мәліметтері.

- ArcIMS IM сервистік мазмұны – мәліметтерді таратушы және ГАЖ сервисін Интернетте сипаттау.

ArcGIS –тің құрамдық бөлігі компьютердің персоналдық бір бөлігінде орналасқан, жұмыстық станцияда және сервер жүйелерінде болады. Масштаб бойынша және өлшем бо йынша бір қолданбалы топтық жұмыста, ГАЖ-нің күрделі компанияларында, мемлекеттік және қоғамдық ұйымдарда сонымен қатар аймақтық ұлттық ГАЖ-де.

 

4.2.2 ArcGIS бастапқы құрамы

ArcGIS Desktop

ArcGIS Desktop –дегеніміз бұл үш бір – бірімен байланыстыArcMAP, ArcCatalog және Arc Toolbox қосымшалары. Бұларды біріктіріп жұмыс істеу ГАЖ–нің ең қиын деген картографиялық, мәліметтерді басқару, анализ кеңістіктері, мәліметтерді реттеу және өңдеу жұмыстарын оңай шешеді.

ArcMAP –ArcGIS Desktop негізгі қосымшасы. Ол барлық картографиялық есептерде қолданылады, соның ішінде карта жасау, карта анализдерінде және мәліметтерді реттеу барысында қолданылады. Бұл қосымшаларда жұмыс карта жүзінде енгізіледі. Картада географиялық мәліметтерден тұратын кампоновкалар бар – карта мәліметтері, масштабтық сызық, Солтүстікті және басқа да элементтерді көрсететін бағыт.

ArcCatalogқосымшасы ГАЖ-нің барлық мәліметтерін қолдануға және құрастыруға көмектеседі. Ол географиялық мәліметтерді қарауға, мәліметтерді құрауға, қандай да болмасын мәліметтерді құрастыру құралдарымен қамтамасыз етілген.

Arc Toolbox –бұл қарапайым қосымша. Мұнда мәліметтерді қайта деректерді қайта жасауға болады. Arc Toolbox екі түрі бар:

Біріншісі ArcInfo, екіншісі жеңілдік – ArcView және ArcEditor.

 

ArcSDE

ArcSDE –бұл ГАЖ – хабар беру деректер базасы. Ол СУБД ақпараттарымен, оны ArcGIS Desktor программаларында қолдану және басқа да қосымшалармен жұмыс жасай алады. Деректер базасына көп мөлшерле тұтынушылардың сұраныстары туындаған кезде, бұл программа өнімдері көптеген тұтынушыларға бір мезгілде редакциялау және жалпы деректерді қолдануға мүмкіндік береді. ArcSDE СУБД – да сақталып тұрған жалпыға тиімді көп қолданбалы геоақпараттық базалар түрінде деректерді ұсына отырып жүйеге бұл үшін қажетті функцияларды енгізеді. ArcSDE бұл көп тұтынушылардың ArcGIS жүйесіндегі бастапқы компаненті. Ол AreGIS қосымшасының қандай да болмасын базалық деректерде сақталғакн географиялық ақпараттар жұмыс жасауға мүмкіндік береді.

ArcSDE мүмкіндіктері:

- Геодеректер базасын таңдап алынған РСУБД сақтау және оны басқару;

- Көптұтынушылардың редактивтенуін қамтамасыз ету және геодеректер базасын қолдану;

- Жалпы желіге қосылу үшін ArcGIS тұтынушыларын қамтамасыз ету;

- Геодеректер базалық обьектілерін жұмыс жасау үшін қолданылатын қосымша түрі;

ArcIMS

ArcIMS – бұл Интернет- ГАЖ бағдарлау, карталарды таратуға және орталықтандыруды құруға мүмкіндік жасайды. Тұтынушылардың ортасындағы деректер мен қосымшалар ұйымдардың және басқа да жерлерде дүние жүзілік торды құрайды (World Wide Web).

ArcIMS көмегі арқылы:

- ГАЖ кеңейту;

- деректерді интеграциялау;

- сіздің жүйеңізді масштабтау;

- тұрғылықты жерді анықтау және ГАЖ деректермен қамтамасыз ету.

ArcIMS тұрғылықты жерді іздеу қызымет көрсетуімен айналысад, ал қазір көптеген ұйымдарда пайдаланылуда. ArcIMS көп құраушы ортадан тұрады, ол клиенттік және солтүстік бөліктерден тұрады. ArcIMS солтүстік бөлігі Интернет Web – сайттары ГАЖ функциясын кеңейтеді.

ArcIMS архитектурасы оңай масштабталады. Web – сайды бір мезгілде бірнеше сұраныстарды қайта өңдей алады; ArcIMS кіші ұйымдарға жақсы шешім болып табылады, ал ірі ұйымдарда мыңдаған карталарды Интернетте таным етеді.

 

4.2.3 ArcGIS Desktop қосымша модулдері

ArcGIS 8.1 нұсқаның 7 қосымша модулдері (ArcGIS Spatial Analyst, ArcGIS 3D Analyst, ArcGIS Geostatistical Analyst, ArcPress для ArcGIS, ArcGIS StreetMap TM USA, MrSID TM Encoder для ArcGIS, Tiff / LZW Compression). Келесі нұсқауларда модулдер саны өседі.Қосымша модулдер гео қайта жасау және 3D анализ жасау сияқты есептер шығарады. Ол ArcWiew, ArcEditor, ArcInfo программалық өнімдерімен жұмыс істей алады.

ArcGIS Spatial Analystкеңістіктегі моделдену мен анализ функцияларын кең көлемде қамтамасыз етеді, ол расторлық деректерді құрайды. ArcGIS Spatial Analyst қолдана отырып деректер туралы ақпарат алуға болады.

3D Analystбеткі бөлігін эффективті көрсетуге және эффективті анализ жасауға мүмкіндік береді. 3D Analyst қолдана отырып беткі бөлікті әр нүктеден қарауға болады.

Geostatistical Analystүздіксіз беткі негізгі өлшемді құрайды. Ол кеңістіктің әр нүктесінде тексерілген. Geostatistical Analyst статистикалық сандық қателіктерді анықтауға мүмкіндік бар.

4.2.4 ArcWiew, ArcEditor және ArcInfo дегеніміз не?

ArcGIS Desktop үш шағын программалық өнімдерден тұрады, олар әртүрлі функцияналдық мүмкіндіктерді атқарады - ArcWiew, ArcEditor, ArcInfo.

ArcWiewкартографиялық және анализдің толық иниструменттерімен қамтамасыз етілген және сонымен қатар редакциялау және гео қайта жасау инструменттері де бар.Wiew 8.1 – үшін бір шағын өнім ARCGIS. ArcWiew 8.1 құрамына үш қосымша кіреді ArcMAP,ArcCatalog және Arc Toolbox ArcWiew үшін.

ArcEditor– бұл шағын бағдарламалық өнім, оның функцианалдығы ArcWiew көп, бірақ ArcInfo қосымшаларынан аз.

ArcInfo -бұл ArcGIS Desktop біршама күшті клиенттік қосымша. Осымен қатар ArcInfo Arc Toolboxтолық пікір қосымшасымен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар классикалық қосымшалар ArcInfo Workstation және де ARCPLOT және ARCEDIT. ArcInfo бұл жартылай функцианалды ГАЖ – жүйе картогоафиялық есептерді шығарады, карталарда және деректерге анализ жасайды..

 

4.3 ERDAS Inc компаниясын геоақпараттық жүйемен бағдарламалық қамтамасыз ету

ERDAS компаниясы бағдарламалық қамтамасыз ету деректерді қайта жасау өнімдерін яғни космостық және аэросуреттік өнімдерді өндіру.

Негізгі өнім - ERDAS IMAGINEкөрінісінің қайта жасау жүйесі. ДДЗ қайта жасаудың біршама жақсы дамыған коммерциялық өнімі болып табылады.

ERDAS IMAGINE құрылымы уш функционалдық деңгейге бөлінеді: IMAGINE Essentials; IMAGINE Advantage; IMAGINE Professional.

ERDAS IMAGINE модулдік – иерархиялық негізде құрылған, сондықтан да, тұтынушылардың программамен қамтамасыз етілуі модулдік функцияларды пайдалана алады. Ә

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.