Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

бап. Спорт федерацияларын аккредиттеу

Тарау. Жалпы ережелер

1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) арнайы олимпиада - мүгедектер мен ақыл-есiнiң мүмкiндiгi шектеулi адамдар қатарындағы спортшылар арасында өткiзiлетiн халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;

2) әуесқойлық спорт - азаматтардың дене тәрбиесiнiң жалпы жүйесiндегi өзiнiң спорт шеберлiгiн жетiлдiруге және спорттың әр түрiнде жоғары нәтижелерге жетуге мүмкiндiк беретiн сан қырлы бұқаралық спорт қозғалысы;
3) бас жаттықтырушы - Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасына басшылық жасауға, спорт түрiнен әлем чемпионаттарында, Азия және Олимпиада ойындарында және басқа да халықаралық жарыстарда оның даярлығына, қалыптасуы мен сайысқа түсуiне жауап беретiн жаттықтырушы;
4) бұқаралық спорт - дене жаттығуларымен айналысуға тарту және спорттың әр түрiндегi талантты спортшыларды анықтау мақсатында халық арасында дене шынықтыруды дамытуға ықпал ететiн бұқаралық спорт қозғалысын бiлдiретiн дене шынықтырудың бiр бөлiгi;

5) бұқаралық спорттық iс-шаралардың күнтiзбесi - дене шынықтыру-спорт ұйымдарының оқу-жаттығу жұмысын күнтiзбелiк жылға жоспарлауы мен өткiзуiн регламенттейтiн ресми құжат;

6) дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерi - дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарды медициналық қамтамасыз етуге, дәрiгерлiк бақылауға, емдiк дене шынықтыруға және оңалтуға арналған медициналық ұйым;

7) дене тәрбиесi - денi сау, дене бiтiмi және рухани жағынан жетiлген, моральдық жағынан табанды жеткiншек ұрпақты қалыптастыруға, адамның денсаулығын нығайтуға, жұмыс қабiлетiн арттыруға, шығармашылық ғұмыры мен өмiрiн ұзартуға бағытталған педагогикалық үдеріс;
8) дене тәрбиесiнiң құралдары - дене шынықтыру жаттығулары, табиғаттың сауықтыру күштерi және гигиеналық факторлар;
9) дене шынықтыру - мәдениеттiң ажырамас бөлiгi, адамның дене бiтiмiн дамыту, оның денсаулығын нығайту мақсатында қоғам жасайтын және пайдаланатын, адамның үйлесiмдi дамуына ықпал ететiн рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы болып табылатын әлеуметтiк қызмет саласы;

10) әскери қызметшілердің дене тәрбиесі даярлығы–қоршаған ортаның физикалық факторларындағы өзгерістерді ескере отырып, әскери қызметтің ерекшеліктерімен және жауынгерлік міндеттерді орындаумен байланысты әскери қызметшілердің ағзасының әр түрлі жағдайларға тұрақтылығын арттыру мақсатында өткізілетін әскери дайындықтың негізгі пәні;

11) дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорт) қозғалысы- тұрғындардың дене шынықтыру деңгейiн арттыруға, жеке және заңды тұлғалардың дене шынықтыру мен спортты дамыту жөнiндегi нысаналы қызметiне жәрдемдесетiн әлеуметтiк қозғалыс нысаны;
12) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi әдiскер (бұдан әрi – әдiскер) - спорт ұйымдарында дене шынықтыру-сауықтыру мен спорттық іс-шараларды өткізуді және дене шынықтыру мен спорттық қызметті жүзеге асыратын ұйымдарда оқу-жаттығу үдерісiн әдiстемелiк қамтамасыз етудi және оған басшылықты жүзеге асыратын жеке тұлға;
13) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi орган - дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

14) дене шынықтыру және спорт жүйесi - халықтың дене тәрбиесi мен спортты дамыту мақсатындағы қызметтi жүзеге асыратын мемлекеттiк мекемелердiң және өзге де заңды тұлғалардың жиынтығы;

15) дене шынықтыру және спорт саласындағы аккредиттеу - дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органның республикалық спорттық федерациялардың Қазақстан Республикасындағы спорт түрiн (түрлерін) дамыту және тиiстi халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасын бiлдiру жөніндегі өкiлеттіктерін ресми тануы;

16) өңірілік спорттық федерацияларды акредиттеу - дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органның Қазақстан Республикасындағы спорт түрiн (түрлерін) дамыту және тиiстi халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасын бiлдiру жөніндегі өкiлеттіктерін тану рәсімі;

17) дене шынықтыру-сауықтыру ғимараттары - азаматтардың дене шынықтыру және спорт құралдарымен сауығуы мақсатына арналған объектiлер;
18) спорттық ғимараттар - спорттық іс-шараларды, оқу-жаттығу сабақтарын өткізуге арналған арнайы (соның ішінде спорттық мүкәмалмен) жабдықталған объектілер (алаңдар, ғимараттар, құрылыстар).

19) дене шынықтыру-спорт ұйымы – өзінің ұйымдық-құқықтық нысанына қарамастан, негізгі қызмет түрі ретінде дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметтi жүзеге асыратын заңды тұлға;

20) жаттықтырушы - кәсiптік бiлiмi бар және оқу-жаттығу процесі барысында спортшының даярлығын және спорттық нәтижелерге қол жеткiзу үшiн оның жарыстағы іс-әрекетiне басшылықты жүзеге асыратын жеке тұлға;

21) жаттықтырушы, жаттықтырушы-оқытушы- кәсіптік білімі бар және спорт түрі бойынша аттестаттаудан өткен, спортшыны даярлаудың оқу-жаттығу процесін және және оның спорттық нәтижелерге қол жеткізуі үшін жарысушылық қызметіне басшылықты жүзеге асыратын жеке тұлға;
22) спортшы – спорттық федерацияда тіркелген, спорт түрімен (түрлерімен) жүйелі түрде айналысатын және спорттық жарыстарда өнер көрсететін жеке тұлға;

23) жоғары дәрежедегі спортшы - Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасының мүшесi болып табылатын, спорттық атағы бар және жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткiзу мақсатында спорт жарыстарында өнер көрсететiн спортшы;

24) жоғары жетiстiктер спорты - жоғары спорттық нәтижелерге қол жеткiзудi, рекордтар жасауды қамтамасыз ететiн спорт саласы;

25) кәсiпқойлық спорт - спорттық ойын-сауық iс-шараларының экономикалық тиiмдiлiгiн және жоғары ақпараттық-көңiл көтеру құндылығын көздейтiн спорттық-кәсiпкерлiк қызмет;

26) кәсiпқойлық спорт -спорттық ойын-сауық іс-шараларды (жарыстарды) ұйымдастыру мен өткізуге бағытталған спорттың құрамдас бөлігі, онда спортты кәсіби (еңбек) қызмет ретінде таңдаған спортшылар дайындалғаны және қатысқаны үшін еңбек заңнамасына сәйкес еңбекақы (сыйақы) алады;

27) кешендi ғылыми топ - ғылыми-әдiстемелiк және медициналық-биологиялық зерттеулер жүргiзу, спортшының функционалдық жай-күйiн және даярлығының техникалық деңгейiн айқындау үшiн құрылатын бiлiктi мамандар тобы;

28) мемлекеттiк жаттықтырушы - Қазақстан Республикасында спорт түрiне жалпы басшылық жасау және оның дамуы үшін жауап беретiн жаттықтырушы;
29) оқу-жаттығу базасы - құрама командалардың оқу-жаттығу процесін тамақтану және сонда тұруымен қоса қамтамасыз етуге арналған спорт ғимараты;

30) олимпиадалық даярлау орталығы - республикалық деңгейде құрылып, Қазақстан Республикасының жастар, юниорлар мен жасөспiрiмдер құрама командаларының спортшыларын халықаралық жарыстарға даярлау бойынша оқу-жаттығу, спорттық-әдiстемелiк қызметтi жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымы;

31) олимпиадалық резерв даярлау орталығы - жергiлiктi деңгейде құрылып, өңiрдiң жастар мен жасөспiрiмдер құрама командаларының спортшыларын республикалық және халықаралық жарыстарға даярлау бойынша оқу-жаттығу, спорттық-әдiстемелiк қызметтi жүзеге асыратын дене шынықтыру-спорт ұйымы;

32) Паралимпиадалық ойындар - тiрек-қозғалу аппараты және көру органдары зақымданған мүгедек-спортшылар арасында өткiзiлетiн халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;

33) президенттiк тестілер - бақылау нормативтерi арқылы халықтың дене шынықтыру дайындығының жалпы деңгейiн айқындайтын жаттығулардың (сынақтардың) жиынтығы;

34) салалық көтермелеу жүйесi - дене шынықтыру және спорт қызметкерлерiн саланы дамытуға қосқан үлесi үшiн ынталандыру нысаны;
35) спорт – жарыс әрекетінің, спортшыларды жарыстарға қатысуға даярлаудың (зияткерлік қабілеттерінің) ерекше нысаны болып табылатын дене шынықтырудың бiр бөлiгі;

36)спорт- дене шынықтырудың органикалық бөлігі, спорттық нәтижелерге қол жеткізу мақсатында жарыстарға және жарыс қызметіне дайындығының арнайы практикасы нысанында қалыптасқан адамдардың спорт түрлерінен жетістіктерін көрсету мен сәйкестендіре салыстырудың ерекше саласы. Осы қызмет оқу-жаттығу және тәрбие процесімен, сондай-ақ экономикалық, әлеуметтік, ақпараттық-білім, ғылыми-әдістемелік, медициналық, материалдық-техникалық және басқа жағдайлармен қамтамасыз етіледі;

37) спорт төрешiсi - арнайы даярлықтан өткен және тиiстi бiлiктiлiк санатын алған, спорт түрiнiң және спорттық iс-шараның ережелерiн
(регламентін) сақтауды қамтамасыз етуге спорттық iс-шараларды ұйымдастырушы уәкiлеттiк берген жеке тұлға;

38) спорт түрi - жаттығу ортасы, жарыс қызметіндегі дене жаттығулары мен зияткерлік қабілеттердің жиынтығы және жарыс ережелері айрықша белгiлерi болып табылатын спорттың құрамдас бөлiгi;

39) спорттық федерация – бір немесе бірнеше спорт түрлерін дамыту мақсатында қоғамдық бірлестік нысанында құрылған коммерциялық емес ұйым немесе одақ (қауымдастық) нысанында құрылған заңды тұлғалар бірлестігі;

40) спорттық индустрия – спорттық-ойын-сауық іс-шараларын өткізу, дене шынықтыру-спорттық мақсаттағы өнiмді өндiру қызметтерін жүзеге асыратн шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң жиынтығы;

41)спорт қызметi туралы келiсiмшарт - кәсіпқой спортшымен немесе кәсіпқой жаттықтырушымен немесе өзге спорттық қызметкермен заңды тұлға арасында жасалатын азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт;
42) спорт қызметі туралы шарт – кәсіпқой спортшымен, кәсіпқой жаттықтырушымен немесе өзге де спорттық қызметкермен дене шынықтыру-спорттық ұйым арасында жасалатын еңбек шарты немесе азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт;

43) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері – дене шынықтырумен және спортпен шұғылданатын адамдарды медициналық қамтамасыз ету, дәрігерлік бақылау, емдік дене шынықтыру мен оңалтуға арналған медициналық ұйым;

44) спорт медицинасы және оңалту орталығы – спортшыларға медициналық қызмет көрсетуді, дәрігерлік бақылауды, спортшыны қалпына келтiру, алдын алу және оңалту iс-шараларын, медициналық-биологиялық препараттарды қолдану қауiпсiздiгiн және олардың тиiмдiлiгiн қамтамасыз ететiн медициналық ұйым;

45) спорттық сыныптама – спорт түрлерiнде шеберлiк деңгейiн, сондай-ақ жаттықтырушылардың, спортшылардың, нұсқаушылардың, әдiскерлердiң және төрешiлердiң бiлiктiлiк деңгейiн айқындайтын спорттық атақтар, разрядтар және санаттар жүйесi;

46) техникалық және қолданбалы спорт түрлерi - спортшының техникалық құралдарды қолдана отырып, жарыстарға арнайы даярлығын талап ететiн спорттың бiр бөлiгi;

47) әскери-қолданбалы және қызметтік-қолданбалы спорт түрлері – атқарушы биліктің кейбір ведомстволық органдарының әскери қызметшілері мен қызметкерлерінің (бұдан әрі – арнайы қызметтен өтетін тұлғалар) өздерінің қызметтік міндеттерін орындауға байланысты арнайы іс-қимылдар (соның ішінде тәсілдер) негізі болып табылатын және атқарушы биліктің бір немесе бірнеше ведомстволық органдары қызметінің шеңберінде дамытылатын спорт түрлері;

48) Сурдолимпиялық ойындар - есту органдарына зақым келген мүгедек-спортшылар арасында өткiзiлетiн халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;

49) Универсиада – спорттың әр түрi бойынша өткiзiлетiн дүниежүзiлiк студенттiк қысқы және жазғы спорт жарыстары;

50) ұлттық спорт түрлерi - жарыс әрекетi нысанында тарихи қалыптасқан және өзiне тән дене шынықтыру жаттығуларын және дене шынықтыру белсендiлiгiн ұйымдастырудың өзiндiк ережелерi мен тәсiлдерi бар халық ойындарын білдіретін спорт түрлері;

51) халықаралық спорт жарыстары – шетелдік спортшылар (командалар) қатысатын спортшылар (командалар) арасында спорт түрiнен өтетiн сайыстар;

52)олимпиадалық қозғалыс – адамның дене бітімі және рухани жағынан жетілу құралдарының бірі ретінде спортты дамытуға, халықаралық спорттық ынтымақтастықты нығайтуға бағытталған халықаралық қоғамдық қозғалыс;

53) паралимпиялық қозғалыс – әлеуметтік бейімделу, дене және рухани күштерді дамыту және дене шынықтыру мен спорт құралдары арқылы халықаралық қатынастарды нығайту мақсатында өзінің қатарына ұйымдар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарды біріктіретін халықаралық қоғамдық қозғалыстың бөлігі;

54) спорттық пән – айрықша белгілері бар және өзінде бір немесе бірнеше жарыс (бағдарлама) түрлерін қамтыған спорт түрінің бөлігі;

55) спортшыны жарыстан шеттету – республикалық қоғамдық бірлестік (спорттық федерация) өткізетін спорт жарыстарынан спорт түрі қағидаларын, спорт жарысының ережелерін (регламенттерін) бұзғаны үшін, спортта тыйым салынған құралдарды (допингті) және (немесе) әдістерді (бұдан әрі – допингтік құралдар және (немесе) әдістерді) пайдаланғаны үшін, халықаралық спорт ұйымдары бекіткен нормаларды және республикалық спорт федерацияларының бекіткен нормаларын бұзғаны үшін спорт жарыстарына қатысудан спортшыны шеттету;

56) жаттықтырушыны, спорт дәрігерін шеттету – жаттықтырушыны, спорт дәрігерін спортта тыйым салынған құралдарды (допингті) және (немесе) әдістерді (бұдан әрі – допингтік құралдар және (немесе) әдістерді пайдаланғаны үшін, халықаралық спорт ұйымдары бекіткен нормаларды және республикалық қоғамдық бірлестіктердің, спорт федерацияларының бекіткен нормаларын бұзғаны үшін өздерінің еңбек (кәсіби) қызметінен шеттету;

жеке бапқа

57) спорт жарысы – ұйымдастырушы бекіткен ереже (регламент) бойынша өтетін жарыстың үздік қатысушысын анықтау мақсатында спорт түрлерінен спортшылар немесе командалар арасындағы жарыс;

58) оқу-жаттығу жиыны – спортшылардың оқу-жаттығу үдерісінің сапасын арттыру мақсатында ұйымдастырылған орталықтандырылған іс-шара;

59) мамандандырылған мектеп-интернат – олимпиада резервінің колледжі – меншік нысанына қарамастан, спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы құрама командалары үшін спорт резервін даярлау, сондай-ақ орта буынның білікті дене шынықтыру және спорт мамандарын даярлау кезеңдерінде оқушылардың спорт негіздерін терең меңгеруге бағытталған элитарлық білім беруді қамтамасыз ететін арнайы жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыруды жүзеге асыратын мамандандырылған білім беру ұйымы.

60) спорттық ақпараттық жүйе – аппараттық-бағдарламалық кешенді пайдалану арқылы спорт саласында ақпаратты сақтау, іздеу, тарату, табыстау және ұсынуға арналған жүйе;

61) спортшыны тіркеу – спортшыны тіркеу туралы куәлікті бере отырып, спортшыға спорт түрінен спорт федерациясы өткізетін немесе оның қатысуымен өтетін спорт жарыстарына және өзге де спорттық іс-шараларға қатысу құқығын беру мақсатында осындай федерациялардың спортшының аталған спорт түріне лайық екенін тану процедурасы;

62) спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының құрама командалары – Қазақстан Республикасының атынан халықаралық жарыстарға дайындықты жүзеге асыратын және қатысатын спортшылардың, жаттықтырушылардың, отандық және шетелдік мамандардың ұжымы;

63) Қазақстан Республикасы штаттық құрама командалары – Қазақстан Республикасының бюджеттік заңнамасында көзделген қаржылық шарттарда спорттық қызметті жүзеге асыратын және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының астында халықаралық жарыстарға қатысатын спортшылардың, жаттықтырушылардың, отандық және шетелдік мамандардың ұжымдары;

64) ынтымақтас армиялардың спартакиадасы – әртүрлі мемлекеттердің әскери қызметшілерінің арасындағы спорт түрлерінен спорт жарыстары;

65) Полицейлер мен өрт сөндірушілердің дүниежүзілік ойындары – құқық қорғау органдарының қызметкерлері арасындағы спорт түрлерінен халықаралық спорттық жарыстар;

66) жүйелі айналысатын адам – спортпен аптасында кемінде үш рет айналысатын жеке тұлға.

 


2-бап. Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк саясат қағидаттары

 

Дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттiк саясат келесі қағидаттардың негізінде жүргiзiледi:

1) барлық азаматтар үшiн дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану теңдiгi мен жалпыға қолжетімділігі;

2) халықтың әртүрлi жас топтарының дене тәрбиесiнiң үздіксіздігі мен сабақтастығы;

3) дене шынықтырумен және спортпен шұғылданудың ерiктiлiгi;

4) дене шынықтыру және спорт саласындағы кемсітушілік пен зорлыққа тыйым салу;

5) дене шынықтырумен және спортпен шұғылданушылардың, сондай-ақ дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шаралардың қатысушылары мен көрермендерінің өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

6) дене шынықтыру және спорт ұйымдарының мемлекеттiк, қоғамдық және жеке меншік нысандарын тану;

7) бұқаралық дене шынықтырумен, әуесқой және кәсiби спортпен шұғылдануға тең құрметпен қарау;

8) халықаралық жарыстарда Қазақстан Республикасының намысын қорғайтын жоғары жетiстiктер спортының басымдығы;

9) ұлттық, техникалық және қолданбалы спорт түрлерін дамыту;

10) дене шынықтыру мен спортты мемлекеттiк қолдау және ынталандыру, демеушiлiк, қайырымдылық қызмет пен меценаттықты көтермелеу;

11) дене шынықтыру-спорт қозғалысы, жоғары жетiстiктер спорты және спортшыларға медициналық қызмет көрсету проблемаларын зерттеу үшiн ғылыми базаны дамыту;

12) спорттың бірегейлігін, оның әлеуметтік және білім беру функцияларын, сондай-ақ оның субъектілерінің еркін қызметіне негізделген құрылымдарының ерекшелігін ескере отырып, спорттың барлық түрлерін дамытуға көмектесу.

13) спорттық-бұқаралық іс-шараларды өткізу орындарында қоғамдық тәртіпті сақтау.

 

 

3-бап. Қазақстан Республикасының дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнамасы

Дене шынықтыру және спорт саласындағы заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан, Қазақстан Республикасының басқа да нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.

Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзге қағидалар белгiленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.

 

 

4-бап. Дене шынықтыру және спорт саласын мемлекеттiк қолдау

1. Мемлекет дене шынықтыру және спорт саласындағы қатынастарды оның жүйесін дамыту, мемлекеттiк саясатты қалыптастыру, дене шынықтыру мен спортты дамытуды қаржылық, материалдық-техникалық, кадрлық, ғылыми-әдiстемелiк, медициналық, ақпараттық, нормативтiк-құқықтық жағынан тиісінше қамтамасыз ету жолымен реттейдi.

2. Мемлекет барлық үлгiдегi және тұрпаттағы балалар мен жасөспiрiмдердiң спорт мектептерiнiң, азаматтардың тұрғылықты жерi бойынша спорт және балалар клубтарының, балалар мен жастарға арналған сауықтыру лагерьлерiнiң, мамандандырылған топтардың және мүгедектерге арналған мектептердiң, дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерлерiнiң санын көбейту, олардың материалдық-техникалық базасын нығайту үшiн жағдайлар жасайды.

3. Мемлекет дене шынықтыру-спорт ұйымдарының сыртқы байланыстарын дамытуға, Қазақстан Республикасында дене шынықтыру-спорттық қозғалыстың өсуіне ықпал ететін халықаралық спорт ұйымдары мен мекемелерге қосылуына қолдау көрсетедi.

4. Мемлекет халықаралық стандарттарға жауап беретін спорт ғимараттарын, спорттық мақсаттағы тауарлар мен жабдықтарды, спортшыларға арналған жоғары сапалы өнiмдерді шығаратын кәсiпорындарды жобалау мен салуға өз қаражатын салатын отандық және шетелдiк инвесторларға қолайлы инвестициялық ахуал жасайды.

 

 

5-бап. Азаматтардың дене шынықтыру және спорт саласындағы құқықтары

Қазақстан Республикасының азаматтары:

дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық бағыттағы қоғамдық бiрлестiктерге кiруге;

дене шынықтырумен және спортпен, соның iшiнде кәсiби қызмет ретiнде шұғылдануға;

дене шынықтыру мен спортты басқаруға қатысуға;

мемлекеттiк, коммуналдық және жеке меншіктегі спорттық ғимараттарды және қызметтердi, оның ішінде мемлекеттік қызметтерді тегiн және ақылы негiзде пайдалануға құқылы.

6-бап. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң дене шынықтыру және спорт саласындағы құзыретi

Қазақстан Республикасының Үкiметi:

1) спорт түрлерiнен республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеу қағидаларын бекiтедi;

2) спорттық iс-шараларды материалдық қамтамасыз етудің тізбесі мен нормативтерiн бекiтедi;

3) халықаралық жарыстардың, соның ішінде универсиадалардың чемпиондары мен жүлдегерлерiн, Қазақстан Республикасы құрама командаларының жаттықтырушылары мен мүшелерiн халықаралық аренадағы жоғары нәтижелерi үшiн көтермелеудің мөлшерiн бекiтедi;

4) Ақшалай көтермелеуді төлеу ережелерін бекітеді;

5) еңбек сiңiрген спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайынғы материалдық қамсыздандыру түрiнде өмiр бойы төлемақы төлеу қағидасын бекiтедi;

6) Президенттiк тестiлердi өткiзу қағидасын бекiтедi;

7) Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне баспана сатып әперу және беру тәртібін бекітеді;

8) Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiлерiмен өзiне жүктелген өзге де функцияларды орындайды.

7-бап. Дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органның құзыретi

Уәкiлеттi орган:

1) дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттiк басқаруды, үйлестiруді және мемлекеттiк бақылауды жүзеге асырады;

2) дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттiк саясатты іске асырады;

3) өз құзыреті шегінде стратегиялық және бағдарламалық құжаттар әзірлейді;

4) дене шынықтыру және спорт, ойын бизнесі мәселелерi бойынша өз құзыретi шегiнде Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актiлерiн әзiрлейдi және бекiтедi;

5) ведомстволық статистикалық қадағалау жүргiзедi;

6) салалық көтермелеу жүйесiн (СДШІА құрмет грамоталары мен алғыс хаттары) әзiрлейдi және бекiтедi;

7) дене шынықтыру және спорт саласындағы кадрларды даярлауды, қайта даярлауды және олардың бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады;

8) спорт түрлерiнен, соның iшiнде ұлттық, техникалық және қолданбалы түрлері мен бұқаралық спорт бойынша республикалық және халықаралық жарыстар өткiзедi;

9) Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларының мүшелерiн халықаралық спорт жарыстарына дайындауды және олардың қатысуын ұйымдастырады және жүзеге асырады;

10) дене шынықтыру және спорт саласындағы ғылыми зерттеулердi, олардың нәтижелерiн дене шынықтыру мен спорт практикасына енгiзудi ұйымдастырады және үйлестiредi;

11) спортта допингке қарсы іс-шаралардың жүргiзiлуiне бақылауды жүзеге асырады;

12) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi бағдарламаларды әзiрлеуге және оларды iске асыруға қатысады;

13) өз құзыретi шегiнде дене шынықтыру және спорт саласындағы халықаралық шарттарды әзiрлейдi, жасайды және орындайды, халықаралық спорт ұйымдарында және халықаралық спорттық іс-шараларда Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк етедi;

14) мынадай спорттық атақтар мен санаттарды бередi:

Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген жаттықтырушысы» құрметтi атағы, «Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген спорт шеберi» құрметтi атағы, Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегi спорт шеберi, Қазақстан Республикасының спорт шеберi, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi жоғары санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi жоғары санатты әдiскер, жоғары санатты ұлттық спорт төрешiсi, ұлттық спорт төрешiсi;

15) республикалық спорт федерацияларын аккредиттеудi жүзеге асырады;

16) Президенттік сынамалар (халықтың дене тәрбиесі даярлығының нормативтері) өткізудің қағидаларын әзірлейді;

17) спорттық iс-шараларды материалдық қамтамасыз етудiң нормативтерін әзірлейді және олардың тізбесін анықтайды;

18) халықаралық аренадағы жоғары көрсеткiштерi үшiн халықаралық жарыстардың, соның ішінде универсиадалардың чемпиондары мен жүлдегерлерін, Қазақстан Республикасы құрама командаларының жаттықтырушылары мен мүшелерiн ақшалай көтермелеу мөлшерлерін әзiрлейдi;

19) Ақшалай көтермелеу төлеудің қағидаларын әзірлейді;

20) дене шынықтырумен және спортпен шұғылдану кезіндегі қауіпсіздік нормалары мен қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

21) жаттықтырушылардың, нұсқаушы-спортшылардың, әдіскерлердің, спорттық төрешілердің санаттарына қойылатын біліктілік талаптарының тәртібін әзірлейді және бекітеді;

22) Қазақстан Республикасы құрама командаларының спортшыларын даярлау бойынша спорт түрлерінен бағдарламаларды әзірлейді және бекітеді;

23) Республикалық спорт федерацияларының келісімі бойынша спорт резервін даярлау үшін спорт түрлерінен бағдарламаларды әзірлейді және бекітеді;

24) Қазақстан Республикасының аумағында спорттық iс-шаралар және шет мемлекеттерде халықаралық спорттық iс-шаралар өткiзу кезiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерiн жасауды және пайдалануды реттейтiн Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтауды қамтамасыз етедi;

25) спорттық атақтарды, разрядтар мен санаттарды беру тәртiбiн әзірлейді және бекітеді;

26) дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн ұйымдастыру қағидасын бекiтедi;

27) денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органмен келiсе отырып, дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерлерiнiң және спорт медицинасы мен оңалту орталықтарының қызметiн ұйымдастыру қағидасын бекiтедi;

28) спорттық іс-шаралардың өткізу қағидасын бекiтедi;

29) спортшының бiр дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқа дене шынықтыру-спорт ұйымына ауысуы туралы қағиданы бекiтедi;

30) дене шынықтыру-спорт және балалар мен жасөспiрiмдер спорт ұйымдарындағы оқу-жаттығу бағдарламалары мен оқу-жаттығу үдерісінiң кезеңдерiн бекiтедi;

31) республикалық спорт федерацияларының ұсынысы бойынша жыл сайын Қазақстан Республикасы құрама командаларының құрамын бекітеді;

32) Қазақстан Республикасы штаттық құрама командаларының құрамын қалыптастырады және бекітеді;

33) республикалық спорт федерацияларының ұсынысы бойынша спорт түрлерiнен бас және мемлекеттiк жаттықтырушыларды қызметке тағайындайды және босатады;

34) еңбек сіңірген спортшылар мен жаттықтырушыларға ай сайын өмір бойғы төлемақы төлеуді қамтамасыз етеді;

35) спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы құрама командаларының мүшелеріне олар республикалық жарыстарда жарақат алғанда және мертіккенде бюджет қаражаты есебінен өтемақы төлемдерін жүзеге асырады;

36) спорт түрлерінен Қазақстан Республикасы құрама командаларының мүшелеріне ресми халықаралық жарыстарға дайындалу және қатысу кезінде бюджет қаражаты есебінен сақтандыруды жүзеге асырады;

37) спорт түрлерін тану және спорт түрлерінің тізілімін қалыптастыру қағидаларын әзірлейді және бекітеді;

38) халықаралық және республикалық спорттық-бұқаралық іс-шаралардың күнтізбелік жоспарын әзірлейді, бекітеді және жүзеге асырады;

39) мемлекеттік дене шынықтыру-спорт ұйымдары үшін тұрпатты штат кестесін әзірлейді және бекітеді;

40) меншік нысанына қарамастан спорт ғимараттарын пайдалануды үйлестіреді;

41) Олимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегерлеріне баспана сатып әперу және беру тәртібін әзірлейді;

42) осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;

43) дене шынықтыру және спорт саласы бойынша жергілікті атқарушы органдардың бірінші басшыларын тағайындауды келіседі;

44) «Мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі» мәртебесін береді.

 

8-бап. Жергiлiктi атқарушы органдардың дене шынықтыру және спорт мәселелерi жөнiндегi құзыретi

1. Облыстың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органы:

1) дене шынықтыру мен спортты дамытудың өңiрлiк бағдарламаларын әзiрлейдi және iске асырады;

2) спорт түрлерi бойынша, соның ішінде ұлттық, техникалық және қолданбалы т.рлері, бұқаралық спорт бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) жарыстар өткiзедi;

3) спорт түрлерi бойынша облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) құрама командаларды дайындау мен олардың республикалық және халықаралық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;

4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қолдайды;

5) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;

6) облыс (республикалық маңызы бар қала, астана) аумағында спорт ғимараттарын салу мәселелерiн үйлестiредi;

7) мынадай спорттық разрядтар мен санаттарды бередi: спорт шеберлiгiне кандидат, бiрiншi спорттық разряд, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi бiрiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi бiрiншi санатты әдiскер, бiрiншi санатты спорт төрешiсi;

8) облыстық спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады;

9) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорт шараларын ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;

10) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәлiметтердi талдап, дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органға табыс етедi;

11) емдiк дене шынықтыру және дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарды оңалту бойынша тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында дәрiгерлiк-дене шынықтыру диспансерлерiнiң қызметiн қамтамасыз етедi;

12) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

2. Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергiлiктi атқарушы органы:

1) дене шынықтыру мен спортты дамытудың аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) бағдарламаларын әзiрлейдi және iске асырады;

2) спорт түрлерi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) жарыстар өткiзедi;

3) спорт түрлерi бойынша аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) құрама командаларды дайындауды және олардың облыстық спорт жарыстарында өнер көрсетуiн қамтамасыз етедi;

4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында бұқаралық спортты және ұлттық спорт түрлерiн дамытуды қамтамасыз етеді;

5) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында аудандық (облыстық маңызы бар қалалық) дене шынықтыру-спорт ұйымдарының қызметiн үйлестiредi;

6) мынадай спорттық разрядтар мен санаттарды бередi: жасөспiрiмдер арасындағы екiншi және үшiншi, бiрiншi, екiншi және үшiншi разрядтар, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты жаттықтырушы, бiлiктiлiгi жоғары деңгейдегi екiншi санатты нұсқаушы-спортшы, бiлiктiлiгi жоғары және орта деңгейдегi екiншi санатты әдiскер, спорт төрешiсi;

7) аудандық спорттық-бұқаралық iс-шаралардың күнтiзбелiк жоспарын әзiрлейдi, бекiтедi және iске асырады;

8) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiктiң аумағында спорттық iс-шараларды ұйымдастыруды және өткiзудi үйлестiредi;

9) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк бойынша дене шынықтыру мен спортты дамыту туралы мәлiметтердi талдап, облыстық (республикалық маңызы бар қалалық, астаналық) атқарушы органға табыс етедi;

10) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкiлеттiктердi жүзеге асырады.

3. Қаладағы аудан, республикалық маңызы бар қала және астана, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл (село), ауылдық (селолық) округ әкiмi:

1) спорт мекемелерiнiң материалдық-техникалық қамтамасыз етiлуiн қолдайды және оған жәрдем көрсетедi;

2) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк аумағында азаматтардың тұрғылықты жерiнде және жаппай демалатын орындарында дене шынықтыруды және спортты дамыту үшiн жағдайлар жасайды;

3) спорттық разрядтар мен санаттар береді: екінші, үшінші, бірінші, екінші және үшінші жасөспірімдік, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты жаттықтырушы, біліктілігі жоғары деңгейдегі екінші санатты нұсқаушы-спортшы, біліктілігі жоғары және орта деңгейдегі екінші санатты әдіскер, спорттан төреші.

 

 

2-тарау. Дене шынықтыру мен спорт жүйесі

9-бап. Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру және спорт субъектiлерi

Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру және спорт субъектiлерiне:
1) дене шынықтыру-спорт ұйымдары, соның ішінде дене шынықтыру-спорт қоғамдары, спорт клубтары, олимпиадалық даярлау орталықтары, олимпиада резервінің даярлау орталықтары, спорт федерациялары, спорт мектептері, спорт клубтары, сондай-ақ әскери-қолданбалы және қызметтік-қолданбалы спорт түрлері бойынша жарыстарды ұйымдастыратын мемлекеттік ұйымдар;

2) дене шынықтыру және спорт саласындағы қызметті жүзеге асыратын білім беру мекемелері;

3) дене шынықтыру және спорт саласындағы зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми ұйымдар;

4) Ұлттық Олимпиадалық комитеті;

5) Қазақстан Республикасының Параолимпиадалық комитеті;

6) Қазақстан Республикасының Сурдолимпиадалық комитеті;

7) Қазақстан Республикасының Арнайы олимпиадасы;

8) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган, дене шынықтыру және спорт саласындағы жергілікті атқарушы органдар;

9) әскери-қолданбалы және қызметтік-қолданбалы спорт түрлерін дамытуға басшылық етуді жүзеге асыратын орталық және жергілікті атқарушы органдар;

10) дене шынықтырумен айналысатын азаматтар, спортшылар және олардың ұжымдары (спорт командалары), спорт төрешілері, жаттықтырушылар және дене шынықтыру және спорт саласындағы атқарушы биліктің федералды органы бекіткен осындай мамандықтардың тізбесіне сәйкес дене шынықтыру және спорт саласындағы өзге де мамандар жатады.

 

10-бап. Дене шынықтыру-спорт ұйымдары

1. Дене шынықтыру-спорт ұйымдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзінің қызметін әртүрлі ұйымдық-құқықтық нысанда құрады және жүзеге асырады.

2. Дене шынықтыру-спорт ұйымдары халықтың әртүрлі топтары арасында дене шынықтыру мен спортты дамыту жұмысын ұйымдастыруға қатысады, спорт жарыстары мен оқу-жаттығу іс-шараларына қатысушы спортшылар мен басқа тұлғалардың денсаулығын сақтау мен нығайтуға жағдайлар жасайды, спортшыларды, мамандар мен жаттықтырушыларды жаттығу үшін қажетті жағдайлармен қамтамасыз етеді, сондай-ақ сол тұлғалардың жоғары спорттық жетістіктерге жетуіне басқаша жәрдем көрсетеді.

3. Дене шынықтыру-спорт ұйымдарын қаржыландыру Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Дене шынықтыру-спорт ұйымдары халықаралық спорттық ұйымдардың мүшесі болуы, егер осындай құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, халықаралық спорт ұйымдарының мүшелері мәртебесіне сәйкес құқықтарды иеленуі және міндеттерді алып жүруі мүмкін.

 

 

бап. Спорт федерацияларын аккредиттеу

1. Аккредиттеуге республикалық спорт федерациялары жатады.

2. Дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган спорттың әрбiр түрi (түрлері) бойынша тек спорт федерациясын аккредиттейді, ол Қазақстан Республикасының атынан халықаралық спорт ұйымдарының мүшесі болуы және оны Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитеті мойындауы тиіс.

3. Спорт федерацияларын аккредиттеу тәртібін дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті орган белгілейді.

4.Спорт түрі бойынша халықаралық спорт ұйымы болмаған жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитеті тануы тиіс тек бір спорт федерациясы аккредиттеледі.

 

 

12-бап. Аккредиттелген спорт федерацияларының құқықтары мен міндеттері

1. Спорт федерациялары осы Заңда белгіленген тәртіппен:

1) тиісті спорт түрі (түрлері) бойынша спорттық іс-шараларды ұйымдастыруға және өткізуге;

2) спорт түрі (түрлері) бойынша спортшыларды даярлау жүйесін жетілдіруге;

3) өз құзыреті шегінде дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге қатысуға;

4) өз құзыреті шегінде спортшылардың бір дене шынықтыру-спорт ұйымынан басқасына өтуін ұйымдастыруға қатысуға;

5) тиісті халықаралық жарыстарды өткізетін халықаралық спорт ұйымдарының нормаларына сәйкес Қазақстан Республикасының құрама командары үшін қатысуға құқығы жоқ спортшыларды тиісті спорт түрлері бойынша халықаралық жарыстарға қатысуға шектеулерді белгілеуге;

6) халықаралық спорт ұйымдарына кіруге, егер мұндай құқықтар мен міндеттер Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмесе, халықаралық спорт ұйымдарының мүшелері мәртебесіне сәйкес келетін құқықтар мен міндеттерді иеленуге;

7) Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қоспағанда, тиісті спорт түрлері бойынша құрама спорт командарының рәміздерін пайдалануға барлық құқықтарды иеленуге;

8) спорттық-бұқаралық іс-шаралардың бірыңғай күнтізбесін қалыптастыруға және оны дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органға бекітуге ұсынуға;

9) спорт пәндерін спорт түрлерінің тізіліміне қосу туралы ұсыныс енгізуге;

10) Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған түрлі көздерден тиісті спорт түрлерін дамыту үшін ұсынылған қаржылық және өзге де қолдауды алуға;

11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы.

2. Спорт федерациялары:

1) спорт түрін дамыту мен танымал етуге;

2) халықаралық спорт ұйымдарының талаптарына сәйкес: дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша Спорт түрлері жөніндегі қағиданы әзірлеуге және бекітуге, сондай-ақ құқықтар мен міндеттерді белгілейтін нормаларды, соның ішінде дене шынықтыру және спорт субъектілерінің осындай нормаларын танитын спорт санкцияларын бекітуге;

3) халықаралық жарыстарға қатысу үшін тиісті спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының құрама командарының дайныдығы мен қатысуын қамтамасыз етуге;

4) дене шынықтыру және спорт саласындағы уәкілетті органға тиісті спорт түрлерін дамыту жөніндегі ақпарат әзірлеуге және ұсынуға;

5) спортта допинг құралдары мен (немесе) тәсілдерді пайдалануға, сондай-ақ спорттағы кемсітушілікпен зорлықтың кез келген түрінің болуымен қарсы күресуге;

6) оларды Бірыңғай жалпыұлттық спорттық сыныптама мен спорттық төрешілердің тиісті санаттарын беруге қойылатын біліктілік талаптарына енгізу мақсатында белгіленген тәртіпте тиісті спорт түрлерінің талаптары мен нормаларын әзірлеуге;

7) спорт түрлері бойынша спорттық төрешілерді даярлауды жүзеге асыруға;

8) жаттықтырушыларды қайта даярлауды, жаттықтырушыларды, спорттық төрешілер мен спорт бойынша мамандарды аттестаттауды жүзеге асыруға және олардың қызметін бақылауды жүзеге асыруға;

9) уәкілетті органға Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жаттықтырушыларға, спортшыларға, спорттық төрешілерге және спорт қызметкерлеріне спорт атақтарын, разрядтар және спорттық төрешілерге біліктілік санаттарын беру туралы құжаттарды ұсынуға;

10) спортшылар тіркеуін өткізуге;

11) спортшылардың, аттестацияланған спорттық төрешілердің, жаттықтырушылардың тізілімін жүргізуге;

12) спорт түрлері бойынша халықаралық жарыстарды өткізу үшін арналған спорт ғимараттарын сертификаттау кезінде келісуді жүзеге асыруға;

13) спортшылардың жаттығу сабақтарына, спорт түрлері бойынша халықаралық, республикалық, жергілікті жарыстарды өткізуге арналған спорт ғимараттарын жобалау, құрылысын салу және пайдалануға қабылдау кезінде спорт ғимараттарының спорт түрлері бойынша спорт федерацияларының талаптарына сәйкес келу мәніне қорытынды беруге, спорт түрі бойынша спорт ғимараттарының тізілімін жүргізуге және спорт ғимараттарының республикалық тізіліміне спорт ғимараттарын қосу үшін мәліметті дене шынықтыру мен спорт жөніндегі уәкілетті органға беруге;

14) әдістемелік жұмыс нәтижелері негізінде уәкілетті органға спорт түрін дамыту жөніндде ұсынымдар беруге;

15) Қазақстан Республикасының заңнамасына және өз жарғыларына сәйкес өзге де міндеттерді орындауға міндетті.

13-бап. Ұлттық олимпиадалық қозғалыс.

Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитетi

1. Ұлттық Олимпиадалық Қозғалыс – халықаралық олимпиадалық қозғалыстың құрамдас бөлігі, оның мақсаты олимпиадалық қозғалыс қағидаттарын насихаттау және енгізу, дене шынықтыру мен спортты дамытуға жәрдем көрсету, халықаралық спорттық ынтымақтастықты нығайту, Олимпиада ойындары мен Халықаралық Олимпиада комитетінің аясында өткізілетін халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу болып табылады.

2. Ұлттық Олимпиадалық Қозғалысты Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитетi - қоғамдық бірлестік басқарады, ол өз қызметін Қазақстан Республикасының қоғамдық бiрлестiктер туралы заңнамасына, Халықаралық Олимпиада комитетінің Олимпиадалық хартиясына сәйкес және Халықаралық Олимпиада комитетінің тануы негізінде, сондай-ақ өзінің жарғысына сәйкес жүзеге асырады.Мемлекет ұлттық олимпиадалық қозғалысты таниды және Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетіне өзінің жарғылық мақсаттарын іске асыру үшін жан-жақты жәрдем көрсете отырып, қолдайды.

3. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитетi:

1) мемлекетте олимпиадалық қозғалыс қағидаттарын насихаттайды, жоғары жетістіктер спорты мен бұқаралық спортты дамытуға ықпал етеді;

2) Халықаралық Олимпиада комитетінің аясында өткізілетін Олимпиада ойындары мен халықаралық спорт жарыстарында Халықаралық Олимпиада комитетінің Олимпиадалық хартиясына сәйкес Қазақстан Республикасының атынан өкiлдiк етедi;

3) Халықаралық Олимпиада Комитетінде Қазақстан Республикасының атынан қатысады;

4) дене шынықтыру және спорт жөнiндегi уәкiлеттi органмен өзара iс-қимыл жасау кезiнде жоғары жетiстiктер спортын дамытудың бiрыңғай саясатын жүргiзедi;

5) Қазақстан Республикасы спортшыларын Олимпиада ойындарына және Халықаралық олимпиадалық комитет аясында өткiзілетiн басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу үшiн спортшыларды қажетті деңгейде даярлауды қамтамасыз етуге бағытталған шараларды әзірлеу мен жүзеге асыруға қатысады;

6) Халықаралық Олимпиада комитетіне Олимпиада ойындарын өткізуге өтінім беруге құқылы Қазақстан Республикасындағы қаланы анықтайды;

4. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиада комитетi Халықаралық Олимпиада комитетінің Олимпиадалық хартиясына сәйкес
Халықаралық олимпиадалық комитетке тиесілі олимпиадалық нышандарды, ұранды, туды, әнұранды, "Олимпиадалық ойындар", "Олимпиада ойындары" деген атауларды Қазақстан Республикасының аумағында пайдалану құқықтарын қорғау жөнiндегi шараларды жүзеге асырады. Қазақстан Республикасының Ұлттық олимпиадалық комитетi Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиадалық комитетiнің олимпиадалық эмблемасын, ұранын, туын және басқа ұлттық олимпиялық нышандарына айрықша құқыққа ие болады.

5. Олимпиада, Азия ойындарында және Халықаралық олимпиадалық комитеттiң қамқорлығы аясында өткiзiлетiн басқа да халықаралық спорттық іс-шараларда Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларының өнер көрсетуi Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк туы астында жүзеге асырылады.
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетiнің жоғары жетістіктер спортын және бұқаралық спортты дамыту, сондай-ақ мемлекет спортшыларының Олимпиада ойындарына және Халықаралық олимпиадалық комитет аясында өткiзілетiн басқа да халықаралық спорттық іс-шараларға қатысу үшін өз өкілеттіктерін іске асыру дене шынықтыру саласындағы уәкілетті органмен және спорт түрлерінен қоғамдық бірлестіктермен бірлесе жүзеге асырылады.

7. Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетi өзінің ал

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.