Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Сенім (коммандиттік) серіктестігі



Кіріспе.

Курстың мақсаты мен міндеттері. Оның басқа пәндермен байланысы. Осы заманғы кәсіпкерліктің біздің еліміздегі және шетелдердегі тарихы.

Кәсіпкерліктің маңыздылығы және мағынасы.

Кәсіпкерлік тарихи орта ғасырдан басталады.Сол кезден миссионерлер, саудагерлер, ұсталар өздерін кәсіпкер ретінде көрсетті. Капитализм пайда болғаннан бастап баймыз деп,-талап қойғандар, шектелмеген пайда табамыз деп тырысты. Кей кезде кәсіпкер заводтың, фабриканың меншік иесі болғанмен өзі деп,-сол заводта, фабрикада жұмыс істейді. XVI-ғасырдың ортасында акционерлік капитал, акционерлік қоғам пайда болды.

Ең бірінші акционерлік компаниясы1554ж құрылған, ол Англия сауда компаниясы Ресеймен сауда жасаған. Одан кейін 1602-Голондиялық Ост-Индия сауда компания,т.б. компаниялар пайда болған. XVIIғ аяғында бірінші акционерлік банктар пайда болды. Осы кездерде менеджер деген,-жаңа мамандық пайда болды. Мененджер деген басқарушы-үлкен өндірістің ұйымдастырушысы. Тағыда финансист, экономист, бухгалтер, юрист, технолог, мамандар пайда болды. Осылардың бәрінің үстінен қарайтың мененджер болған, өйткені, ол көптеген функциялардан босап, тек қана өндірісті ұймдастырып басқарумен айналысқан.

1-тақырып. Кәсіпкерлік: ұғымы және оның негізгі турлері (2 /2/2/2 сағат).

Дәрістер жоспары

1. Кәсіперлік түсінігі

2. Кәсіпкерлік қызметтің түрлері

3. Кәсіпкерлік қызметтің түрлері

Кәсіперлік түсінігі. Кәсіпкерлік және бизнес түсініктерінің айырмашылықтары. Кәсіпкерліктің экономикадағы орны. Кәсіпкерліктің мақсаты мен міндеттері. Кәсіпкерлік қызметтің түрлері.

Кәсіпкерліктің себептердің дамуының жүйесі мен түсінігі. Кәсіпкерліктің өмір сүруі нарығы мен ортасы және оны талдау.

Кәсіпкерлік пен меншік формасы. Өз жұмысын құруға арналған құралдар көзі.

Негізгі ұйымдастыру формалары – дербес және серіктес кәсіпкерлік. Дербес кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері.

Серіктес кәсіпкерліктің негізгі формалары. Серіктестіктер жеке меншіктің негізгі формалары ретінде. Акционерлік қоғам. Холдинг. Концорциумдер. Кооперативтер. Жеңілдетілген кәсіпкерлік (франчайзинг).

Бәсекенің мазмұны мен түрлері. Бәсекенің нарықтық экономикада алатын орны. Шыншыл және эффективті бәсеке. Шыншыл емес бәсеке. Бәсекенің артықшылықтары.

Басқару – кәсіпкерлік қызметінің бір кезеңі.

Басқаруды ұйымдастыру және оның функциясы. Басқаруды ұйымдастыру құрылымы, кәсіпорындарды ұйымдастыру функциялары.

Өндірісті басқару. Өндірісті басқаруды ұйымдастырудың типтері. Басқару стратегиясын таңдау. Маркетингпен басқару. Жаңашылдықтармен басқару.

Кәсіпкерлік құпия түсінігі. Кәсіпкерлік құпия түрлері: өндірістік, ғылыми-техникалық, технологиялық, интеллектуалды. Кәсіпкерліктің құпияларын құрайтын мәліметтердің құрамы мен мөлшері. Кәсіпкерлік құпияны құрамайтын ақпараттар жиынтығы. Кәсіпкерлік құпияның шегі.

Кәсіпорынның орналасу жерін таңдау. Оның орналасуын таңдайтын әсер етуші факторлар. Кәсіпорынды орналастыруға қажетті мәліметтердің құрамы.

Кәсіпкерліктің белгілерімен принциптері

Алдымен «кәсіпкерлік» ұғымына қазақстандық заңнамаға сәйкес анықтама береміз,

себебі кәсіпкерлік қызметтің негізгі белгілер содан туындайды.

ҚР Азаматтық кодексінің (бұдан әрі ҚР АК) 10-6. І-т.-на сәйкес «Кәсіпкерлік - меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың, тауарларға (жұмысқа, қызметке) сұранымды қанағаттандыру арқылы таза табыс табуға бағытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шаруашылық басқару қүқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады». Бұл анықтама толық емес шығар, бірақ оны талдауы кәсіпкерліктің төмендегідей белгілерін атауға мүмкіндік береді:

Дербестік.

Кәсіпкердің мүліктік және ұйымдық дербестігін шартты түрде бөліп көрсетуге болады. Қызметтің экономикалық базасы сияқты мүліктік дербестік кәсіпкерде айрықша өзіндік мүліктің бар болуымен анықталады. Мүліктік дербестік көлемі негізінде осы мүліктік субъекті жататын заңдық атагына байланысты болады. Мүліктің меншік иесінің дербестігі анағұрлым басым. Шаруашылық жүргізу құқығында жұмыс істейтін кәсіпорындардың да айтарлықтай мүліктік, бірақ заңмен шектелген дербестігі бар. Ұйымдық дербестік — кәсіпкерлік қызмет барысында дербес шешімдерді қабылдау мүмкіншілігі. Осындай қызметпен шүғылдану туралы шешім қабылдау, қызметтің түрін, ұйымдық - құқықтық нысанын, Құрылтайшылардың шеңберін таңдау - Мұның бәрі - ұйымдық дербестіктің көріңуі.

Тәуекел

Кәсіпкерлік қызмет тәуекелге үшырайды. Осы арқылы ол Шаруашылық жүргізудің нашар нәтижелері кезінде мемлекетке жүгінуге мүмкіндігі болған зиянды кәсіпорындардың біле түра жол берген әкімшілік - жоспарлы экономика кезеңінің шаруашылық қызметінен түпкілікті түрде ерекшеленеді. Кәсіпкерлік тәуекел - табысты жұмысқа Қуатты ынта.

- Кәсіпкерлік кызмет әрқашан табысты жүйелі түрде алуға бағытталған.

- Жоғарыда келтірілген кәсіпкерлік аныктамасына сәйкес субъектілер табысты тауарларды сатудан, жұмыстарды орындаудан немесе қызмет көрсетуден алады. Бірақ бұл тұжырым түзетуді талап етеді. Істің мәні мынада, кәсіпкерлік қызмет көп қырлы және оның бағыттарын көрсетілген тізім аркылы үсынуға болмайды. Осылайша, субъект табысты мүлікті иелену қүкығын іске асыру барысында ала алады (мысалы, оны жалға беру кезінде. Жалдау - иелік ету және пайдалану, бірақ иелену емес). Патент иесі табысты жүйелі түрде алады, басқа адамдарга өзінің зияткерлік қызметі нэтижесін пайдалануына қүқығын беріп, лицензиялық шарттар жасасады.

- Кәсіпкерлік қызметті заңмен анықталған ретте кәсіпкерлер ретінде заңмен белгілеген тәртіппен тіркелген адамдар жүзеге асырады.

Енді кәсіпкерліктің негізгі құқықтық принциптеріне қысқаша тоқталайық. Оларга мыналар жатады:.

Кәсіпкерлік қызметі еркіндігінің принципі.

Бұл негізгі принцип. Ол ҚР Конституциясы 26-6. І-т.-да: "Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға қүқығы бар" деп бекітілген.

Одан әрі бұл принципті ҚР АК-де, заңнамалық актілерде таба аламыз. Ол кәсіпкердің (айналымнан шығарылмаган) мүліктің кез келген түрлерін қолдана отырып және т. 6. кәсіпкерліктің кез келген саласында, заңмен көзделген кез келген нысанда өз ісін бастауына және жүргізуіне күқығын білдіреді.

Бірақ Қазақстан заңнамасымен кәсіпкерлік қызмет еркіндігі қоғам мүддесіне орай конституциялық құрылыс негіздері, басқа адамдардың адамгершілігін, денсаулығын, заңды мүдделерін қорғау, елдің қорғанысы мен мемлекет қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатына қажетті шамада шектеулуі мүмкін.

Сонымен, ол шаруашлық қызмеииің кейбір түрлерін лицензиялаудың кең тәжірибесімен жарым – жартылай шектеледі.

Меншіктің алуан түрлерін танудың, меншік құқықтарына заңдық тендік пен олардың бірдей қорғалуының конституциялық принціпі. Ол Конституцияның 6-б.-да бекітілген: «Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен жеке меншік танылады және бірдей қорғалады».

Оған сәйкес заңнамамен кәсіпкерлік қызметін республикалық, коммуналдық немесе жеке меншіктегі мүлік қолданып, жүргізетін субъектілер үшін меншіктің белгілі бір түрлеріне қандай да болмасын артықшылықтар немесе шектеулерді белгілеуге болмайды.

Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу принципі. Ең бастысы, кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік реттеу барысында - кәсіпкерлердің және мемлекеттін жұрт алдындағы және жалпы қоғамның мүдделерінің сақталуына қол жеткізілуі тиіс.

Заңдылық принципі. Ол өте маңызды және оның іске асырылуы - құқықтық мемлекетті құрудың негізі. Біріншіден, кәсіпкерлік қызмет заңнама талаптары қатал сақталған кезде жүзеге асырылуы тиіс. Екіншіден, маныздырағы, мемлекет құқықтық актілердің заңдылығын мемлекеттік билік және кәсіпкерлікті реттейтін жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қызметін қамтамасыз етуі тиіс.

Кәсіпкерлердің, солар сияқты тұтынушылардың құқықтарын қоргауды кәсіпкерлік принциптерінің қатарына жатқызуга болады. Бұл принцип түпкі мақсатты - тұтынушылардың мүдделерін толық қанағаттандыру жолымен кәсіпкерлікті дамытуды көздейді. Екінші жағынан, кәсіпкерлердің өздері өз қүрылымдарын қүру тәртібін оңайлатуға, дәлелсіз тексерулерге және керексіз мемлекеттік бақылауға жол бермеуге, коммерциялық қүпияны сақтауға, әділ салық салуға мүқтаж болады. Дәп осыған ҚР АК 10-бабының, 1992 ж. 4-шілдесіндегі "Жекеше кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы"; 1997 ж. 19-маусымдагы "Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттің қолдауы туралы"; 1997 ж. 19-маусымдагы "Жеке кәсіпкерлік туралы"; 1998 ж. 31-наурыздағы "Шаруа (фермер) қожалығы" және кәсіпкерлік қызметті реттейтін басқа заңдардың нормалары бағытталған.

Біздің көзқарасымызша мыналар кәсіпкердің үстел үстіне қоятын кітаптары болуы тиіс:

-1995 ж. 30-тамыздағы Қазақстан Республикасының Конституциясы;

- 1994 ж. 27-желтоқсандағы ҚР Азаматтық кодексі (Жалпы бөлім);

- 2001 ж. 12-маусымдағы №209-11 ҚР «Салықтар және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдер туралы» кодексі;

- 2001 ж. 30- қаңтардағы №155-11 ҚР «Әкімшілік құқық бүзушылықтар туралы» кодексі

- 1995 ж. 17- сэуірдегі №2200 ҚР «Лицензиялау туралы» заңы;

- 1999 ж. 10- желтоқсандағы №493-1 ҚР «Қазақстан Республикасындағы еңбек туралы» заңы;

- 2004 ж. 28-ақпандағы №528-11 ҚР «Еңбек қауіпсіздігі және қорғау туралы» заңы.

Бүдан басқа 2003 ж. 18.10. ҚР № 487-П «ҚР кәсіпкерлік мәселелері бойынша кейбір заңнамалық актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңының заңдық күшіне енгенін кәсіпкерлердің есіне салғымыз келеді.

Оған сәйкес 1992 ж. 04.07. ҚР «Жекеше кәсіпкерлікті қорғау мен Қолдау мәселелері туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді. Бұрын Заңда кәсіпкерліктің нысаны – жеке және жекеше нысандары жайлы айтылса, қазір көрсетілген заңның жаңа редакцияда баяндалған бабы жекеше кәсіпкерліқтің барлық субъектілеріне – жеке кәсіпкерліктің субъектілеріне, микробизнес субъектілеріне, шағын, орта кәсіпкерліктің және ірі бизнестің

субъектілеріне, бөлінеді.

Жеке кәсіпкерліктің субъектілеріне заңды тұлға құрылмай кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке тұлғалар жатады. Олар тұрғылықты жеріндегі салық комитеттеріне тіркеледі.

Заңдық тұлғасы құрылмаған жеке тұлғалар, жұмыскерлердің жылдық орташа саны 10 адамға дейінгі кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалар микробизнес субъектілері болып табылады. Микробизнес субъектілері шағын кәсіпкерліктің құрамына кіреді және тиісінше шағын кәсіпкерліктің субъектілері үшін көделген жеңілдіктердіпайдаланады.

Шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне заңды тұлғасы құрылмаған жеке тұлғалар және жұмыскерлердің жылдық орташа саны 50 адамнан аспайтын, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, жыл ішіндегі активтерінің жалпы қүны 60 000 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды түлғалар жатады. Олар түрғылықты жеріндегі салық комитеттерінде тіркеледі.

Орта кәсіпкерліктің субъектілеріне заңды түлғасы қүрылмаған жеке түлгалар және жұмыскерлердін жылдық орташа саны 250 адамга дейінгі, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, жыл ішіндегі активтерінің жалпы қүны 325 000 еселік айлық есептік көрсеткіштен аспайтын заңды түлғалар жатады.

Ірі кәсіпкерліктің субъектілеріне жұмыскерлердің жылдық орташа саны 250 адамнан асатын, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын, жыл ішіндегі активтерінің жалпы қүны 325 000 еселік айлық есептік көрсеткіштен асатын заңды түлғалар жатады.

Бүдан басқа 1997 ж. 19.06. ҚР «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізілді.

 

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары

1. Кәсіпкерлік құпия түсінігі

2. Кәсіпкерлік қызметтің тіркеу және құру

3 Ұйымдық құрылым

Негізгі әдебиеттер: [1,2,4,]

Қосымша әдебиеттер: [1, 3]

 

2-тақырып. Кәсіпкерлікті қызметтегі тәуекелдігі (5/2/2/2 сағ).

Дәрістер жоспары

1. Кәсіпкерлік салалары мен негіздері

2.Тәукелділікті басқару әдістері

 

Кәсіпкерлік салалары мен негіздері. (Шаруашылықтағы тәуекел). Кәсіпкерлік шығындар. Шығындар және тәуекел түрлері: материалдық, қаржылық, уақытша, арнайы. (ерекше).

Тәуекелді минималдау әдістері. Тәуекелді сақтандыру, жобаға қатысушылар арасында бөлу.

Ішкі фирмалық жоспарлау, оның негізгі бөлімдері: болжау, мақсаттарды қою, жоспарға өзгертулер енгізу, бюджетті құру, жоспарды бекіту.

Ұзақ мерзімді, орташа мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлау; бизнесті жоспарлау.

 

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары

1.Тәукелділікті басқару процессі

2. Шығындар және тәуекел түрлері

Негізгі әдебиеттер: [1,2,4,]

Қосымша әдебиеттер: [1, 3]

 

3-тақырып. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау (5/2/2/2 сағ).

Дәрістер жоспары

1. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау процессі

2. Бизнес-жоспарды құру әдістемесі және тәртібі

 

Кәсіпорынның қаржылық ортасы. Қаржы нарығы: түсінігі, оның негізгі қатысушылары. Кәсіпкерлік нарығын құру көздері. Тура қаржыландыру. Кәсіпкерлік қызметті несиелендірі. Кәсіпкердің инвестициялау механизмі. Факторинг – қаржыландырудың бір көзі.

Жұмыскерлер құрамын құру. Жұмыс орындарын бөлу, жұмыскерлерді таңдау және міндеттерді тағайындау. Кәсіпкерлік қызметінің еңбек ресурстарын жоспарлау.

Еңбекақыны тағайындау: еңбекақы принциптері мен түрлері. Еңбекті ынталандыру.

Салықтар - мемлекет біржақты тәртіппен заң жүзінде белгілеген, белгілі бір мөлшерде жүргізетін, қайтарымсыз және өтеусіз сипатта болатын бюджетке төленетін міндетті акшалай төлемдер. Салықтар тікелей және жанама болып бөлінеді. Жанама салықтарға қосылған құн салығы мен акциз жатады. Басқа салықтар тікелей салықтарға жатады. Салық кодексінің 60-бабына сәйкес салықтардың төмендегідей түрлері белгіленген:

1. Корпорациялық табыс салығы.

2. Жеке табыс салығы.

3. Қосылған қүн салығы.

4. Акциздер.

5. Жер қойнауын пайдаланушылардың салықтары мен арнаулы төлемдері.

6. Әлеуметтік салық.

7. Жер салығы.

8. Көлік қүралдары салығы.

9. Мүлік салығы.

Бүдан басқа Салық кодексінің 61-бабына сәйкес алымдардың төмендегідей түрлері белгіленген:

1. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.

2. Жеке кәсіпкерлерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және олармен жасалған мәмілелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

3-1. Жылжымалы мүлік кепілін мемлекеттік тіркегені үшін алым.

4. Радиоэлектрондық құралдарды және жиілігі жоғары құрылғыларды мемлекеттік тіркегені үшін алым.

5. Механикалық көлік құралдары мен тіркемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

6. Теңіз, өзен кемелері мен шағын көлемді кемелерді мемлекеттік тіркегені үшін алым.

7. Азаматтық әуе кемелерін мемлекеттік тіркегені үшін алым.

8. Дәрі-дәрмек құралдарын мемлекеттік тіркегені үшін алым.

9. Автокөлік құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүру алымы.

10. Аукциондардан алынатын алым.

11. Жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым.

12. Телевизия және радио хабарларын тарату ұйымдарына радиожиілік спектрін пайдалануға рұқсат беру үшін алым.

Салық кодексінің 62-бабында мемлекеттік бюджетке төменде келтірілген тізбе бойынша міндетті төлемақылар көрсетілген:

1. Жер учаскелерін пайдаланғаны үшін төлемақы.

2. Жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы.

3. Қоршаған ортаны ластағаны үшін төлемақы.

4. Жануарлар дүниесін пайдаланғаны үшін төлемақы.

5. Орманды пайдаланғаны үшін төлемақы.

6. Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды пайдаланғаны үшін төлемақы.

7. Радиожиілік спектрін пайдаланғаны үшін төлемақы.

7-1. Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын бергені үшін төлемақы.

8. Кеме жүретін су жолдарын пайдаланғаны үшін төлемақы.

9. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастырғаны үшін төлемақы.

Мемлекеттік баж. Кеден төлемдері

1. Кеден бажы.

2. Кеден алымдары.

3. Төлемақы.

4. Алымдар.

ҚР заңнамалық актілер және ҚР Үкіметінің уәкілеттік берген кұзырлы органы жасаған жер қойнауын пайдалануға келісімшарттардың ережелерімен төлеудің заттай нысаны көзделген, сондай-ақ салықтарды төлеу шетел валютасында жүзеге асырылатын жағдайларды қоспағанда Салықтар мен алымдар ҚРзаңнамалық актілерге сәйкес теңгемен есептеледі және төленеді.Қандай да болмасын салықтан босату немесе Салық кодексінде көзделген салық ставкасын азайту оған өзгертулер мен толықтырулар енгізу тәртібімен жүргізіледі. Басқа актілермен салық жеңілдіктерін, оның ішінде жеке сипаттағы жеңілдіктерді беруге тыйым салынады.

Ескерту: бюджетке төлемдердің көптеген түрлері айлық немесе жылдық есептік көрсеткіштің шамасына сәйкес белгіленген. Бүл ресми белгіленген шама, оның негізінде ең төменгі жалақы барлық ықтимал Жәрдемақылар және басқалары есептеледі,.

Арнаулы салық режимдері

Салық кодексіне сәйкес арнаулы салық режимдерін шағын кәсіпкерліктің субъектілері, шаруа (фермер) қожалықтары, заңды тұлғалар - ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер, кәсіпкерлік қызметтің кейбір түрлерімен айналысатын заңды тұлғалар қолдана алады.

 

Шағын кәсіпкерлеге арналған салық режимдері

Шағын кәсіпкерліктің субъектілері арнаулы салық режимін, егер ол белгілі бір талаптарды қанағаттандыратын жағдайда қолдана алады.

(ҚР «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» заңына сэйкес) жалпы тәртіппен жеке адамдар - жеке кәсіпкерлер, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлғалар шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады. Қызметкерлерінің орташа жылдық саны 50 адамнан аспайды жэне активтерінің жалпы құны орта есеппен бір жыл ішінде алпыс мың еселенген (2005 жьшы -58,2 млн. теңге) айлық есептік көрсеткіштен аспайды.

Тек салық мақсаттарында, яғни шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін арнаулы салық режимін қолдану үшін Салық кодексінде «шағын кәсіпкерлік субъектісі» термині қолданылады, оған сәйкес табыс, саны мен қызметтің түрлері бойынша басқа шектеулер белгіленген.

«Шағын кәсіпкерлік субъектісі» ұғымына мыналар түседі:

заңды тұлға құрмайтын, қызметкерлерінің саны жеке кәсіпкердің өзін қосқанда 15 адамнан аспайтын, тоқсандық табысы 4,5 млн. теңгеден аспайтын жеке кәсіпкерлер (кәсіпкерлік қызметпен айналысатын жеке түлғалар);

қызметкерлерінің саны бір тоқсанда 25 адамнан аспайтын, тоқсандық табысы 9 млн. теңгеден аснайтын заңды тұлғалар);

Бұдан басқа қызметтің төмендегідей түрлерін жүзеге асыратын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер арнаулы салық режимін қолдана алмайды.

1) акцизделетін өнімді өндіретін;

2) консультациялық, қаржы, бухгалтерлік қызмет көрсететін;

3) мұнай өнімдерін өткізетін;

4) шыны ыдыстарды жинайтын және қабылдайтын;

5) жер қойнауын пайдаланатын;

6) лицензияланатын қызметтер (Қазақстан Республикасының «Лицензиялау туралы» заңының 9-11-1 бабын қараңыз), оларға мыналар кірмейді:

6.1 медициналық, дэрігерлік қызметті, мал дәрігерлік саласындағы қызметтерді: мал дәрігерлік мақсаттағы препараттарды өндіру және өткізуді; мал дәрігерлік мақсаттарға арналған дәрі-дәрмек құралдарды, биологиялык препараттарды өткізуді; жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттарға мал дәрігерлік-санитарлық сараптама жүргізуді; мал дәрігерлік емдеу-профилактикалық қызметтері;

6.2 тұрғьн уй коммуналдық-тұрмыстық объектілерді газбен жабдыктау жөніндегі өндіру, жөндеу және құрылыс жұмыстары;

6.3 күзет, өрт сигналы мен өрт сөндіру автоматикасы құралдарын жобалауды, монтаждауды, жөнге келтіруді және оларға техникалық қызмет көрсетуді;

6.4 өртке қарсы қолданылатын техниканы, жабдықтарды және өрттен қорғау құралдарын өндіруді;

6.5 жолаушылар лифтілерін монтаждауды, жөндеуді және оларға қызмет көрсетуді;

6.6 автомобиль көлігімен халықаралық жолаушылар және жүк тасымалы

6.7 емдік препараттар дайындау мен сату;

6.8 жобалау-іздестіру, сараптау, кұрылыс-монтаждау жұмыстары, кұрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндіру жөніндегі жұмыстар;

6.9 алкоголь өнімдерін бөлшек саудада сату;

6.10. пошта байланысы және телекоммуникациялар саласындағы қызметті, теледидарлық және дыбыстық (радио-хабарларын тарату) бағдарламаларды тарату жөніндегі қызметті жасау мен көрсетуді, жалпыреспубликалық магистральды, халықаралық байланыс желілерін жобалауды, салуды, іске қосуды және радиожиілік спектрін пайдалануды;

6.11. жолаушылар мен жүкті өзен көлігімен тасымалдауды;

6.12. жерге орналастыру, топографиялық-геодезиялық және картогра-фиялық жұмыстарды жүргізуді;

6.13. өлшеу құралдарын жасауды және жөндеуді;

6.14. тарих және мәдениет ескерткіштерін археологиялық және жаңғырту жұмыстарын;

6.15. жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты қызметтерді: жол жүрісін реттеудің техникалық құралдарын орнатуды, монтаждауды, жөндеуді, пайдалануды;

6.16. іздестіру-құтқару, тау-кен құтқару, газдан құтқару, фонтан атқылауға қарсы жұмыстарды;

6.17. пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі қызметті;

6.18. жалпы бастауыш, негізгі жалпы немесе жалпы орта; бастауыш кэсіптік білім, оның ішінде кәсіптер бойынша; орта кәсіптік, жоғары кәсіптік, жоғары оқу орындарынан кейінгі кэсіптік, оның ішінде мамандықтар бойынша білім беретін заңды тұлғалардың білім беру қызметін, сондай-ақ мектепке дейінгі және мектептен тыс ұйымдардың қызметін;

6.19. жеке және заңды тұлғалардың күзет қызметін жүзеге асыруын;

6.20. электр және жылу энергиясын өндіруді, беруді және таратуды;

6.21. өнеркәсіптік жарылыс-өрт қаупі бар және тау-кен өндірістерін, электр станцияларын, электр желілері мен қосалқы станцияларды, гидротехникалық Құрылыстарды, магистральды газ-мұнай өнімдері құбырларын, көтергіш құралдарды, сондай-ақ қысыммен жұмыс істейтін қазандықтар, ыдыстар мен кұбырларды жобалауды және пайдалануды;

6.22. химиялық, бұрғылау, мұнай-газ кәсіпшілігі, геологиялық барлау, кен

қысыммен жұмыс істейтін қазандықтарды, ыдыстар мен құбырларды бақылау, аварияға қарсы және дабыл беру аппаратуралары мен жүйелерін жобалауды, жасауды, монтаждауды және жөндеуді;

6.23. астық қабылдауды, өлшеуді, кептіруді, тазалауды, сақтауды жэне тиеуді;

6.24. темір жолдың жылжымалы кұрамын жасау мен жөндеуді; қауіпті жүктерді тасымалдау үшін қолданылатын арнаулы контейнерлерді жасау мен жөндеуді;

6.25. шетелдік валютамен қолма-қол бөлшек сауда жасауды және қызмет көрсетуді жүзеге асыруды;

6.26. ақпаратты қорғаудың техникалық құралдарын, ақпаратты өңцеудің қорғалған техникалық құралдарын әзірлеуді, дайындауды, монтаждауды, реттеуді, пайдалануды, сақтауды, жөндеуді және оларға сервистік қызмет көрсетуді қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын техникалық қорғау жөніндегі қызметтің барлық түрін;

6.27. экологиялық сараптама саласындағы табиғат қорғауды жобалауды, нормалауды және табиғат қорғау жұмыстарын қоспағанда, лицензияланатын қызмет түрлеріне қолданылмайды

Басқаша айтқанда қызметтің 6.1-6.27-тармақшаларында аталған лицен-зияланатын түрлерін жүзеге асыратын адамдар шағын кәсіпкерлік субъек-тілеріне арналган арнаулы салық режимін қолдана алады.

МЫСАЛ. Кәсіпкердің кіші дүкені және дәмханасымен бірге май қүю станциясы бар. Бүл жағдайда кәсіпкер осы режим мүнай өнімдерін откеруге колданылмайтындықтан арнаулы салық режимін қолдана алмайды.

Бүдан басқа арнаулы салық режимін төмендегілердің қолдануға қүқы жоқ:

филиалдары, өкілдіктері бар заңды тұлғалар, филиалдардың, өкілдіктердің өздері, заңды тұлғалардың еншілес үйымдары және тэуелді акционерлік қоғамдар, әртүрлі елді мекендерде өзге де оқшауланған құрылымдық бөлімшелері бар салық төлеушілер.

Төлем көзінен салық үсталғанын растайтын құжаттар және (немесе) біржолғы талон болған кезде, бүрын салық салынған табыстарды қоспағанда, Қазақстан Республикасының аумағында және оның шегінен тыс жерлерде алынған (алынуға тиіс) табыстардың барлық түрлерінен тұратын салық кезеңі ішіңдегі табыс салық салу объектісі болып табылады.

Шағын бизнес субъектілері жалпыға бірдей белгіленген тәртіпті жэне арнаулы салық режимін дербес таңдауға құқылы. Шағын бизнес субъектілері біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін, патент негізіндегі арнаулы салық режимін, оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимін шаруашылық қызметін жүзеге асыру тәртібіне қарай қолдануға құқылы. Шағын бизнес субъектілері үшін арнаулы салық режимі төлем көзінен ұсталатын жеке табыс салығын қоспағанда әлеуметтік, корпорациялык салық немесе жеке табыс салығын есептеу мен төлеудің оңайлатылған тәртібін белгілейді. Салықтар мен төлемдердің басқа түрлері бойынша есептеу мен төлеу, есептілікті тапсыру жалпыға бірдей белгіленген тәртіппен жүргізіледі.

Біржолғы талон салық режимі

Салық кодексінің 372-бабына сәйкес біржолғы талон негізіндегі арнаулы салық режимін (бәрін жинақтаганда жылына тоқсан күннен аспайтын кезенде жүзеге асырылатын) қызметі ара-тұра сипатта болатын жеке тұлғалар, сондай-ақ осы Кодекстің 369-6. 2-тармағына сәйкес анықталған адамдар (жылына тоқсан күннен асырылмай жүзегеасырылатын)қолданады.Рыноктарда өткізу бойынша бюджетпен есеп айырысу дәп бір-жолғы талондар негізінде жүзеге асырылады (жалдау шарттары бойынша рыноктардың аумағындағы стационарлық үй-жайларда өткізуді қоспағанда). Жалдамалы еңбекті қолданбай біржолғы талон негізінде ара-тұра сипаттағы қызметті жүзеге асыратын жеке түлғалар әлеуметтік салық төлеушілер болып табылмайды және жеке кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркеуден босатылады

МЫСАЛ.Жеке тұлға біржолғы талон негізінде газет және журнал-дарды сатумен айналысады. Бұл ретте жыл ішінде ол жалпы жиынты-ғында 80 күнге (мамырда 25 күнге, маусымда 30 күнге, шілдеде 15 күнге және тамызда 10 күнге) біржолгы талондарды сатып алды. Осылайша оның біржолғыталон бойынша жыл соңына дейін әлі 10 күн біржолғы талон бойынша жұмыс істеуге мүмкіндігі бар.

Егер жеке тұлға кәсіпкерлік қызметін жалғастырғысы келсе, және біржолғы талон бойынша 90 күн жұмыс істесе, онда ол жеке кәсіпкер ретінде салық органында мемлекеттік тіркеуден өтуі және салық салудың басқа режиміне ауысуы тиіс.

Бюджетпен есеп айырысуды біржолғы талондар негізінде жүзеге асыратын жеке тұлғалар бақылау-кассалық машиналарды қолданудан босатылған және оларға қойылатын жалғыз талап - біржолғы талонның қолда болуы. Біржолғы талон қызметті жүзеге асыру басталғанға дейін сатып алынады.

Біржолғы талондарды сатып алу жолымен бюджетпен есеп айырысуды жүзеге асыруға рұқсат етілетін қызмет түрлерінің тізбесін Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгілейді. Біржолғы талондардың кұнына келсек, біржолғы талондардың қүнына келсек, мұндай құқық белгілі бір жердегі нақты жағдай ескеріліп, талондардың кұны белгіленетін кезде бағдарға алатын жергілікті өкілетті органдарға (мэслихаттарға) берілген,.

Біржолғы талонды 1 күнге, сондай бірнеше күнге сатып алуға болады. Бұл ретте біржолғы талонның кұны қызметті жүзеге асырудың күніне көбейтіледі.

 

Патент салық режимі

Арнаулы салық режимінің басқа бір түрі - патент. Бюджетпен есеп айырысудың патент нысаны кәсіпкерлігі тұрақты сипаттағы жеке кәсіпкерлерге арналған. Патентті қолдану құқьнын алу үшін шағын кәсіпкерлік субъектілері мынадай қажетті өлшемдерге жауап беруі тиіс: жалдамалы қызметкерлердің еңбегі пайдаланылмайды, жеке кәсіпкерлік нысанындағы қызметті жүзеге асырылмайды (заңды түлғалар қолдана алмайды), жыл ішіндегі табысы 2,0 миллион теңгеден аспайды. Есеп айырысудың мұндай нысаны кішігірім айналымы бар бастаушы жеке кәсіпкерлерге ыңгайлы.

МЫСАЛ.Өз кәсібімен дербес айналысатын аяқ киім жөндейтін шеберінің орташа айлық табысы 30 мың теңгені, яғни орташа есеппен жылына 360 мың теңгені (30 мың теңге х 12 ай = 360 мың теңге) қүраса, осы режимді әбден қолдана алады.

Жеке кәсіпкер патент алу үшін кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жері бойынша салық органына болжалданылатын табысын көрсете отырып, өтініш және жеке кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті табыс етеді. Бұл орайда патент лицензияның қолданылу мерзімінен аспайтын мерзімге беріледі (егер қызметтің таңдалған түрі лицензиялауға жатса). Патенттің қүнын есептеуді жеке кәсіпкер мәлімделген кірістің 3 проценті мөлшеріндегі ставканы қолдану жолымен жүзеге асырады. Патенттің қүны бюджетке жеке табыс және әлеуметтік салықтар түрінде бірдейүлестермен төленеді.Патенттің қүнына кірмеген басқа салықтар жэне бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер жалпыға бірдей белгіленген тэртіппен есептеледі және төленеді (оның үстіне, кэсіпкер ҚҚС төлемейтін шығар. Істін мәні мынада, Салық кодексінде салық салынатын айналымы жылына 12 000 АЕК -нен аз немесе оған тең кәсіпкерлер мен кәсіпорындарды ҚҚС босату белгіленген (Толығырақ төменде қараңыз).

МЫСАЛ.Жеке кәсіпкердің болжалданылатын табысы 70,0 мың теңге болса, патент қүны 2 100 теңгені (70,0 мың теңге х 3%) қүрайды. Патент қүны жеке табыс салығына (1050 тенге) және әлеуметтік салыққа бөлінеді (1050 тенге) және бюджетке аударылады.

Сальқ органдары өтініш берілгеннен кейін және бюджетке патенттің күны, жинақтаушы зейнетақы қорларына міндетті зейнетақы жарналары және Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына әлеуметтік і аударымдардың төленгенін растайтын құжаттар көрсетілгеннен кейін бір күн ішінде патент беруді жүзеге асырады.

Салық кодексінде алынған накты табысқа қарай үлғайту, сондай-ақ азайту жағына қарай патент қүнын қайта есептеуге мүмкіндік беретін нормалар көзделген.

Мәлімделген табыстан асып кеткен жағдайда, салық төлеуші 5 жұмыс күні ішінде асып кеткен соманы мэлімдеп, осы сомадан салық төлеуі тиіс.

МЫСАЛ.Патент алған кезде кәсіпкердің табысының мәлімделген сомасы 50,0 мыц теңге болса, ол 80,0 мың теңге алады. Мүндай жағдайда ол 900 теңге (30,0 мың тецге х 3%), жеке табыс салығы - 450 теңге, әлеуметгік салық түрінде - 450 теңге төлеуі керек.

Патент алған кезде нақты табыс мәлімделген табыстан аз болған жағдайда артық төленген сома салық төлеушінің өтінішінің негізінде салық органы жүргізген хронометраждық зерттеуден соң қайтарылады.

Патентті жеке кәсіпкердің қалауымен салық органы бір айга, сондай-ак бірнеше айға, бір жылдан асырмай бере алады.

Сондай-ақ Салық төлеушінің мынаған назарын ерекше аударғымыз келеді, осы режимде норма салынған, оған сәйкес патент негізінде бюджетпен есеп айырысатын кәсіпкер кәсіпкерлік қызметін уақытша токтата тұрған жағдайда қызметін жүзеге асыратын орны бойынша салық органына кәсіпкерлік қызметті уақытша тоқтата тұру туралы өтінішін үсынуьі тиіс (Салық кодексінің 374 б. 5-т.).

Өйтпеген жағдайда мүндай өтініштің жоқ болуы салық органдарына бюджетпен есеп айырысуды жалпыға бірдей белгіленген режимде жүзеге асырылуы керек деп санауына құқық береді.

Оңайлатылған декларация салық режимі

Шағын кәсіпкерлік субъектілері үшін оңайлатылған декларация негізіндегі арнаулы салық режимі бюджетпен есеп айырысудың негізгі нысаны болып табылады. Бүл нысан жалдамалы жұмыскерлердің еңбегін қолданатын кәсіпкерлерге арналған. Салық салудың осындай режиміне тоқсан басталғанға дейін көшу үшін салық төлеуші өз қызметін жүзеге асыратын жері бойынша салық органына белгіленген нысанда өтініш беруі керек. Қызметін түрлі аумақтық-әкімшілік бірліктерде жүзеге асырған кезде оған оңайлатылған декларация негізінде арнаулы салық режимін қолдануға өтініш беру үшін салық органьга дербес анықтау құқығы беріледі.

Осы режим темендегілермен ерекшеленеді:

біріншіден, салық міндеттемелерін есептеу нақты алынған табыс бойынша тоқсан аяқталғанда жүргізіледі;

екіншіден, оңайлатылғандекларация негізіндеесептелетін салықтаршығындар есепке алынбай, бірыңғай ставка бойынша есептеледі.Яғни кезінде корпорациялық немесе жеке табыс және әлеуметтік салықтарды есептеу үшін шығындарды есепке алудың қажеті жоқ. Оңайлатылган декларация негізіндегі арнаулы салық режимін қызметкерлерінің тізімдегі орташа саны 15 адамнан аспайтын, салық кезеңіндегі табысы 4,5 млн. тенгеден аспайтын жеке кәсіпкерлер; қызметкерлерінің саны 25 адамнан аспайтын, табысы 9 млн. теңгеден аспайтын заңды түлғаларжүзегеасырады.Оңайлатылған декларация негізінде салықтарды есептеуді салық төлеуші салық салу объектісіне есепті салық кезеңіне (тоқсан) тиісті салық ставкасын қолдану арқылы дербес жүргізеді.

Жеке кәсіпкердін тоқсандық табысы 2000 мың теңге болса, салықтын 3% ставкасы қолданылады;

Табысы 2000 мыңнан теңгеден 3000 мың теңгеге дейін болса - 60 мыи тецге + 2000 мың теңгеден асатын табыстыц сомасының 5%;

Табысы 3000 мың теңгеден асса - 110 мың теңге + 3000 мың теңгеден асатын табыстың сомасының 7%;

Заңды түлғаның төқсандық табысы 2000 мың теңге болса - табыстын сомасынын 4%;

Табысы 2000 мыңнан теңгеден 4500 мың теңгеге дейін болса - 80 мың теңге + 2000 мың теңгеден асатын табыстың сомасыныц 5%;

Табысы 4500 мыңнан теңгеден 6500 мың теңгеге дейін болса - 205 мың теңге + 4500 мың теңгеден асатын табыстың сомасының 7%;

Табысы 6500 мыңнан теңгеден асатын болса - 345 мың теңге + 6500 мың теңгеден асатын табыстың сомасының 9%;

Оңайлатылған декларация тоқсан сайын, есепті салық кезеңінен кейінгі айдың 10-ынан кешіктірілмей, салық органына табыс етіледі. Оңайлатылған декларация бойынша есептелген салықты бюджетке төлеу жеке (корпора-циялық) табыс салығы және әлеуметтік салық түріңде салық есептілігі кезе-ңінен кейінгі айдың 15-інен кешіктірілмейтін мерзімде жүргізіледі.

МЫСАЛ. Егер жеке кәсіпкердің тоқсандағы табысы 3500,0 мың тенгені құраса, онда салықтардың сомасы алғашқы 2000,0 мың теңгеден -60,0 мың теңге (2000,0 мың теңге х 3% = 60,0 мыц теңге) болады;

екінші 1000,0 мың теңгеден - 50,0 мың теңге (1000,0 мың теңге х 5% = 50,0 мың теңге);

қалған сомадан 500,0 мың теңге - 35,0 мың теңге (500,0 мың теңге х 7%= 35,0 мың теңге);

жиынтығы: 145,0 мың теңге (60,0 мың теңге + 50,0 мың теңге + 35,0 мың теңге).

Жеке кәсіпкердің жалдамалы қызметкерлерінің табыстары мен саны артқан кезде оны заңды тұлға ретінде қайта тіркеуді көтермелеу мақсатында ставкалардың (тоқсандық табысы 3,0 млн. тенгеден 4,5 млн. теңгеге дейін) шкаласының үшінші деңгейінде жеке кэсіпкермен салыстырғанда заңды тұлғаларға салықты азырақ мөлшерде салу көзделеді.

МЫСАЛ.Табысы ставкалардың шкаласы бойынша есептелген салықтардың сомасы 4500,0 мың теңге болатын кезде ол жеке кәсіпкерде -215,0 мың теңгені күрайды;

заңды тұлғада - шағын бизнес субъектісінде - 205,0 мың теңгені қүрайды.

Салықтардың сомалары ставкалардың шкаласы бойынша анықталған соң жұмыспен қамтылған жүмыскерлердің санына қарай салықтардың сомасынын 1,5% мөлшерінде есептелген соманы азайту жағына қарай түзету жүргізіледі. Бұл орайда түзету жалдамалы қызметкерлердің орташа айлық жалақысы есептік тоқсанның қорытындысы бойынша ЖК үшін Қазақстан Республикасы заңнамасымен белгіленген айлық жалақының (ЕТЖ) ең төменгі мөлшерінен (2004 жылы ЕТЖ - 6600 теңге, тиісінше 2,5 еселік ЕТЖ 16500 теңгеге (6600 теңге х 2,5 тең)) кемінде 2 есе, ал заңды түлға үшін кемінде 2,5 есе көп болса ғана жүргізілуі мүмкін.

МЫСАЛ.Бұрын келтірілген, жеке кәсіпкердің тоқсандық табысы ставкалардыц шкаласы бойынша салыктарының сомасы 4500,0 мын тецге болған кезде ол - 215,0 мыц теңгені құраган мысалға ораламыз.

Тоқсанда жалдамалы қызметкерлердің тізімдегі орташа саны 4 адам, орташа айлық жалақысы 19800 теңге болса, онда салықтарды түзету сомасы:

215,0 мыц теңге х 4 адам х 1,5% = 12,9 мың теңгені құрайды.

Осылайша бюджетке:

215,0 мың теңге - 12,9 мың теңге = 202,1 мың теңге төлем төленуі тиіс.

Салықтардың есептелген сомасы екіге теңдей бөлінеді және бюджетке корпорациялық (жеке) табыс және әлеуметтік табыс түрінде төленеді.

Салық кодексінде сондай-ақ салық кезеңінде табыс пен санының шектік мөлшері асып кеткенде салықтарды есептеудің тэртібін реттейтін нормалар салынған. Мәселен, табысы мен саны бойынша өлшемдерге сай келмеген жағдайда кәсіпкер есептік тоқсаннан кейінгі тоқсаннан бастап салық салудың жалпыға бірдей белгіленген тәртібіне көшеді деп белгіленген.

Оңайлатылған декларация бойынша салықтарды есептеу кезінде:

Табыстың шектік мөлшерінен асқан жағдайда түзетуге санына қарай тек табыстың шектік мөлшеріне сай келетін сомасы ғана (жеке кэсіпкерлерде - 4,5 млн. теңге, ал заңды тұлғаларда - шағын кәсіпкерлік субъектілерінде - 9,0 млн. теңге) жатады.

Санының шектік мөлшерінен асқан жағдайда - түзету шағын кәсіпкерлік субъектісінің ұйымдық-құқықтық нысанына қарай санының шектік мөлшері 15 немесе 25 адам болатыны ескеріліп жүргізіледі.

СДЖ арналған бақылау тапсырмалары

1. Жұмыскерлер құрамын құру

2. Тура қаржыландыру.

Негізгі әдебиеттер: [1,2,4,]

Қосымша әдебиеттер: [1, 3]

 

4-тақырып. Кәсіпкерлік қызметті қаржыландыру (5/2/2/2 сағ).

Дәрістер жоспары

1. Кәсіпорынның қаржы отасы

2. Кәсіпкердің қаржы ресурстарын жоспарлау

3. Жарнаманың негізгі түрлері.

 

Коммерциялық келісімдерді ұйымдастыру. Келісімдердің түрлері және оның құрамы. Коммерциялық келісімдерді іске асыру хронологиясы: келісімдерді өткізудің негізгі кезеңдері мен мерзімдері. Контракт (келісім) негізгі түрлері. Сату-сатып алу келісім-шарттарының негізгі бөлімдері және олардың құрамы.

Тауар стратегиясын болжамдандыру. Өнімді жоспарлау үрдісі. Сатушы және сатып алушы. Бағаны бекіту. Бағалық бәсеке. Тауардың жүруі. Жарнаманың негізгі түрлері. Жоспарлау элементтері.

Жоспарлау деп кәсіпорынның нақты перспективаға бағытталған

мақсатын анықтау, оған жету жолдарын талдау және ресурстармен қамтамасыз ету. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлау ұзақ мерзімге және оперативті ағымдағы деп екіге бөлінеді.

Ағымдағы жоспарлау әр түрлі фималардағы басқару қызметінің қажетті элементі. Мұндай жоспарлаудың мәні нақты бағдарлама болуы мүмкін: ғылыми – зерттеу жүргізу және конструкторлық жұмыстар және т.б.

Семинар сабағында фирманың ішкі жспарлау схемасын болашақ мамандықтың профилі бойынша жасау керек.

Фирманың ішкі жоспарлауының негізгі элементтері: болжау жасау.

Негізгі міндеттер: бюджетті жасау, жоспарлауды нақтылау және т.б. Кәсіпкерлік қызметті жоспарлағада сандық және сапалық көрсеткіштерді еске алады. Сондықтан да осы көсеткіштерді сипаттау қажеттілігі туады.

Жоспарлау элементтерін талдағанда стратегиялық жоспарға да мән беру қажет болады. Стратегиялық жоспарлау ішкі ортаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді және шешім қабыдау үшін негіз болады.

Жоспарлау процесінде мына мәселелерді анықтау керек: фирма қандай әрекет жасауға тиіс, ол не үшін қажет, оны жүзеге асыруға кім жауап береді және ол істі қалай анықтауы тиіс. Фирманың стратегиялық жоспарының схемасын басқару орынды болады.

Жоспарлау кезеңдерін талдағанда мына мәселелерге көңіл аудару керек:

1.Кәсіпроын алдында қандай міндеттер бар, неге қол жеткізуге болады?

2.Кәсіпорын стратегиясы қандай, ол мақсатқа жету жолдары қандай?

Алынған ақпаратты терең тадаған соң ғана фирма қызметін жоспарлауға кірісуге болады.

Жосрпарлау процесі үш кезеңді қамтиды:

1. Стратегиялық проблемаларды талдау;

2. Болашақ қызмет жағдайына болжау жасау және міндеттерді анықтау;

3. Дамудың ұтымды түрін таңдау, іріктеу.

Бастапқы позицияны талдау нәтижесі нақты мақсатқа жету үшін дәйекті түрде әрекет ету қажеттілігін көрсетеді. Бұдан мынадай тұжырым шығады: жоспарлау мақсатты әрекеттің оптималды тәсілдері мен жолдарын жаңа мүмкіндіктерді іздейтін үздіксіз процесс. Нақты практикада жоспарлаудың берері көп: нашар жақтарды көруге мүмкіндік береді, кәсіпорын басқарушысын перспективаға ой салуға көмектеседі, кәсіпорынның қабылдайтын жақтарын анық координациялауға мүмкіндік туғызады; келесі тексеруге масатты көрсеткіштер жүйесін дайындауға мүмкіндік береді; кәсіпорынды нарықтың клиенттен болатын өзгерістеріне дайындайды; барлық лауазымды тұлғалардың міндеттерін өзара байланыстыра түседі.

Латынның «Іісепгіа» сөзін аударғанда, «еркіндік, бостандық» деген
мағыналарды білдіреді. Әлемдік тәжірбиеде «лицензия» ұғымының бірнеше
мағынасы бар:

1) бұл күшіндегі зандылыққа сәйкес лицензиялауға жататын қызмет
түрлерін жүзеге асыруға өкілетті мемлекет органдарының беретін рұқсаты;

2) жекелеген тауарларды импортау мен экспорттау үшін жекелеген
ұйымдар мен адамдарға берілетін рұқсат;

3) ойлап табуларды, техникалық білімдерді, сауда белгілерін пайдалануға
берілетін рұқсат;

ҚР қолданыстағы «Лицензиялау туралы заңына (2-бап) сәйкес «лицензия
- дегеніміз, қызметтік белгілі бір түрімен немесе белгілі бір әрекетті жасау
Үшін азаматқа немесе заңды тұлғаға өкліетті органның беретін рұқсаты»

Лицензия мынадай ерекшеліктерімен бөлінеді:

1. Мынадай субъектілер бойынша:

а) Қазақстан Республикасының азаматтары мен заңды тұлғаларына
берілетін лицензия;

б) азаматтығы жоқ шет ел азаматына, шет елдік заңды тұлғаларға және
халықаралық ұйымдарға берілетін лицензия;

2. Қызметінің көлемі бойынша:

а) негізгі лицензиялар - мерзімі шектеусіз қызметтің белгілі бір түрімен
аиналысуға беріледі, егер олар бірыңғай технологиялық жинаққа кіретін болса, бұл лицензиялар қызметтің бірнеше түрлеріне беріледі;

б) бір жолғы лицензиялар - рұқсат етілген көлем, салмақ немесе санның
шеңберінде білгілі бір шаруашылық операцияларын атқаруға беріледі;

в) операциялық лицензиялар - банк қызметтерінде белгілі бір опера-Я
цияларды және валюталық құндылықты пайдалануға қатысты операцияларды атқаруға беріледі.

Әрекеттіц аймақтық саласы бойынша:

а) әрекеттері Қазақстан Республикасының белгілі бір аймағымен шектелетін лицензиялар;

б) әрекеттері Қазақстан Республикасының барлық аймақтарында жүретін
лицензиялар;

в) әрекеттері Қазақстан Республиксынан тыс жерлерде жүретін
лицензиялар.

Алушыға (лицензиат) лицензияларды беруді заң актілерімен және де
Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілеген мемлекеттік органдар (лицензиар) жүргізеді. Лицензияны өзге бір тұлғаға беруге болмайды.

Қызметтің белгілі бір түрімен айналысуға лицензия беруді сондай
қызметтердің жүзеге асыратын субъектілерге ешқандай да байланыссыз бір
ғана орган жүргізеді, яғни банк заңдылықтарымен көзделмеген жағдайларды
қоспағанда. Мемлекеттік органдарға тиісті аймақтық бөлімшелерді лицензиялау жөніндег өкілетті беруге рұқсат етіледі. Мысалыға алар болсақ, Алматы қаласы бойынша, оның мәртебесіне сәйкес Әкім аппаратының Экономика жөніндегі комитеті сондай орган болып табылады. Оған медициналық, мал дәрігерлік тәрізді қызмет түрлерін лицензиялау бойынша, рұқсат берілген. Мемлекеттік қызметтердің мемлекеттік емес үйымдарғал соның ішінде қоғамдық бірлестіктерге бергені үшін мемлекеттік органдардың лауазымдық қызметкерлері белгіленген заңмен жауап береді.

Егер заңмен өзгеше көзделмесе, онда шетелдік мекемелер немесе жеке
түлгалардың, сондай-ақ азаматтығы жоқ тұлғалардың лицензияны тек
Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғаларымен бірдей
жағдайларда алатынын атап кеткіміз келеді.

Лицензия алу.

Лицензия алу кезіндегі құжаттардың бірі лицензиялық алымды төлеу
жөніндегі квитанция болып табылады.

Ставкаларды, бюджеттік төлемдердің тәртібін, жекелеген қызмет
турлерімен айналысуға құқықты және төленген сомаларды қайтару тәртіптерін Қазақстан Республикасының Салық Кодексі айқындайды.

Қызметтің тиісті түрімен айналысудың барлық мерзіміне лицензияны беру лицензиялықалымды бір жолғы төлеммен жүзеге асырылады.

Сома алымды төлеушінің мемлекеттік тіркеудің орны бойынша бюд-
жетке қүйылады, айлық есептік көрсеткіштерімен (2005 жылғы 1-қаң-
тарда 1АЕК=971 теңге) Қазақстан Үкіметі белгілеген ставкалар бойынша шығарылады. Қазіргі кездегі ставкалар ҚР Үкіметінің 2002 жылғы 24-қацтарындагы №100 Қаулысымен бекітілген.

Егер де барлық құжаттар дұрыс болса, онда лицензиар бір айдан кешік-
тірмей лицензияны беруге міндетті, ал шағын кәсіпкерліктің субъектілеріне
өтініш берген күннен бастап он күннен кешіктірмей беріледі.

Лицензияларды қайта ресімдеу, тоқтату және кері алу

Қызметтің лицензиялық түрлерімен айналыса отырып, кәсіпкер жекелеген жағдайларда лицензияның қайта ресімделетінін, оның әрекеті тоқталатындығы жөнінде білуі қажет, жарамсыз лицензия кері алынуы мүмкін.

Сонымен күшіндегі занға сәйкес лицензиясы бар жеке

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.