Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

МУ «Организация методической работы в соответствии с ГОСО 2006 года» от 04.07.2007г

Ф КГМА 1-8-22/02

 

 

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы

Қазақстан тарихы және әлеуметтік – саяси пәндер кафедрасы

дәріс

Тақырыбы:Дін философиясы

 

Мамандығы: «051301 – Жалпы медицина»

Пән:«Философия»

Курс:2

 

Уақыт (ұзақтығы) :50 минут

 

Қарағанды – 2008 ж

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

 

Хаттама №_____ «_____»__________2008 ж.

 

Кафедра меңгерушісі: О.К. Никитина

 

  • Тақырыбы: «Дін философиясы»

 

  • Мақсаты: Студенттерді дін философиясы предметінің шекараларымен діннің пайда болуының мәдени-әлуметтік алғышарттарының және тұғырнамаларымен, діннің адамгершілік мазмұнымен таныстыру. Сондай-ақ киелі нәрселер мен іс-әрекеттер туралы мағлұматтар беру.

 

  • Дәріс жоспары:

1. Дін философиясы предметінің шекаралары. Дін философиясы және дінтану. Дін философиясы және теология.

2. Діннің пайда болуының мәдени-әлеуметтік алғышарттары. Діннің пайда болуының тұғырнамалары.

3. Атеизм мен дінге қарсы болушылық.

4. Діншілдіктің конфессионалдық формасы.

 

  • Дәріс тезистері

 

Діни дәстүрлер ерте заманнан бастап, бүгінгі заманға дейін әрбір халықтардың рухани өміріне үлкен әсерін тигізуде. Сол себептен діннің негізін білу үшін азамат осы кезге дейін іздеуде.

Дінді философиялық анықтау әрбір тұрғыда болды. Оның себебі, біріншіден «анықтыу» методы мен принциптеріне байланысты. Екіншіден идеалистік және материалистік тұрғыдан анықтау.

Антикалық философиядан дінге деген анықтамада дінді бір «абсалюттік» әлемнің рухына немесе бір жоғары идеяға теңеп анықтады. Мұндай «абсолют» немесе «жоғары идеялар» әлемнің негізі ретінде қарастырылады, олар құдіретті күш емес, оларға бас июге, құрбандық шалу керек емес. Мысалы Аристотельдің Құдайлық түсінігі «ең жоғарғы болмыс», денесіз әлемді «қозғаушы күш», мәңгілік себеп және дүниенің даму процесінің мақсаты.

Философтардың идеалистік топтары (олар да әрбір салаларға бөлініп кетеді) дінді адамның сапалық түсінігі ретінде, туа туғаннан берілетін сезім ретінде, оның керектілігін және мәңгілігін дәлелдейді. Осы идеалистік философтардың ең бір атақты философы И.Кант (1724-1804) тоқталып өтейік. Ол Құдайдың барлығын дәлелдейтін теологиялық көзқарастарды санай отырып, Құдайдың болмысын моральдік принциптерімен теңейді.

И.Кант өзіннің «Кіршіксіз таза парасат шеңберіндегі дін» деген еңбегінде танымның трансцендентті нәрсенің (о дүниеліктің) қарама-қайшылығын сезімінен басталуға тиіс екенін көрсете келіп, жалпы алғанда, философияның қарама-қайшылығын ашып берді, ал трансцендентті нәрселерге ол құдайлар және адамның трансцендентальды (осы дүниенің) ерекшелігі туралы түсініктерді жатқызды. Діни догматика, діни ұйымдар Кант бойынша, өздерін тақуалық елеспен жұбатады, демек бұл адасу болып табылады деді. Ал тікелей құдай туралы Кант былай деді:... құдай құбылыс ретінде белгі бермегендіктен, оның бар екенін дәлелдеу де, теріске шығару да мүмкін емес деді. Құдай туралы мәселе – діннің ісі деді. Біз құдайдың барлығын дәлелдей алмаймыз, бірақ моральдік принциптер, өнегелілік сезімдер, құдайдың барлығын дәлелдеуге даяр тұрады.

Келесі атақты неміс философы Г.В.Ф. Гегель (1770-1831): Құдайды абсолюттік идеямен, абсолюттік руханимен теңеп барлық нәрсе солардан шығып, соларға қайта оралады – деді. Діни көзқарас болса оны төменгі сана, ал философия болса биік сана, деп түсіндіреді.

Материалистік философияда дін жеке адамның және қоғам өмірінің күрделі рухани құбылысы есебінде қарастырылады. Оларды топтап көрсетсек, мынадай негізгі аспектілерін көреміз:

 

- Дін дегеніміз жеке адамның, ұжымынң, қоғамның рухани өмірінің айғағы;

- Дін дегеніміз әлемді рухани-практикалық тұрғыда меңгеру;

- Дін – рухани өндіріс аймағы;

- Дін – қоғамдық сананың бір формасы, идеалдылық жемісі мен формасы.

 

Дін қоғамдық сананның әмбебапты (унверсалды формасы десекте болады). Мысалы, құқық, мораль және идеалогия қоғамға рухани-практикалық қызметі мен адамдардың мінез-құлқын реттеу қызметін атқарады. Ал ғылым, философия, өнер болса қоршап тұрған әлемді, қоғамды рухани және рухани-практикалық тұрғыда қабылдап, адамдардың мінез-құлқы мен өмірлік көзқарастарын тікелей реттеп отырады. Дін болса, рухани да, практикалық та реттеушілік қызметін орындайды.

Материалистік философияның өкілінің бірі Л.Фейербах (1804-1871), дінді адам болмысы бейнесі ретінде түсіндірді. «Адамды жаратқан құдай емес, керісінше, адам өзіне сәйкес, өз бейнесі бойынша құдай жасап шығарған» деп түсіндірді. К.Маркс болса, дін туралы былай деді: «Адам дегеніміз – адамның дүниесі, мемлекет осы қоғам дінді, дүниеге бұрыс көзқарас туғызады, өйткені олардың өзі – теріс дүние. Дін дегеніміз осы дүниенің көңіл жұбату мен ақтау үшін жасалған жалпы теориясы көпшілікке түсінікті формадағы логикасы, оның спертуалистік өңі, оның жігері, оның моральдік санкциясы, оның салтанатты толысуы, оның жалпыға ортақ негізі» - деді.

 

Дін танужеке басқа ғылымдардың салаларымен атап айтсақ (философия, психология, социология, феноменология, дін тарихі және т.б.) араласа отырып дамиды. Олардың ішінде ең бір басты орны философиялық мазмұны болып есептеледі.Себебі философия әмбебаптық көзқарас болғандықтан, оның жалпы зандылық көзқарасы мен категориялары барлық ғылым салаларына тікелей қатынасы бар. Дінтануды ғылымның бір саласына жатқызғандықтан философия оның негізгі жүйесі болады. Екінші жағынан дінтанудың негізгі пәні дін болғандықтан, діни көзқарас тікелей философиялық көзқараспен сәйкес келгендіктен, дінді «діни философиялық» пәнге де жатқызуға болады. Сол себептен діни философия мен философиялық дін дінтанудың ең негізгі теориялық тұрғысы болып есептеледі.

 

Дінтанудың дін философиясынан айырмашылығы, маңызы мынада:

- Дін мәдениеттің негізгі жүйесі болғандықтан, діннің негізін білу әр адамға парыз іс.

- Гуманистік көзқарастың қалыптасуы дінге де тікелей байланысты.

- Дінтану пәніне қоғамдағы діни қауымдар мемлекет қатынастардың арасындағы байланыстардың заңдық жолдарын білуге, қайырымдылық, адамгершілікке тәрбиелеу процесінде жәрдем өте зор.

- Дінтану пәні ар-ождан бостандылықтың мәні мен мағынасын білуге жәрдем береді.

 

Теология (грек) – құдай және ілім, яғни құдай туралы дін ілімі – белгілі діннің ілімдрін жүйелеу деген түсінік береді. Қандай бір теологиялық көзқарастың түрлері болмасын олардың бастарын біріктіретін бар амал – иррационалдық көзқарас арқылы көріп жатады. Теологиялық анықтама бойынша – Құдай – реалді күш және адам өзінің өмір сүру процесінде онымен қатынас жасайды. Теология – барлық үлкен діннің догмаларының жүйесі. Бұл жүйелік анықтау болса, барлық анықтаудан ертеде, бірінші болып есепте көзқарас бойынша діннің табиғатын сол діннің «ішінен» түсіндіргіш келуге тырыстырады және сол бір діни тәжірибеге негіздейді. Дін дегеніміз Құдай мен адамның кездесуі деп түсіндіреді. Себебі дін дегеніміз (латын сөзі) «байланыстыру» деген сөз арқылы анықтайды дейді.

Діннің пайда болуының мәдени-әлеуметтік алғышарттары. Діннің пайда болуының тұғырнамалары.

Діннің шығуы туралы көптеген көзқарастар бар. Солардың ішінен ең кең тараған екі көзқарасқа тоқтасақ, бірі «прамоноте­изм» – дейміз. Бұл көзқарас бойынша, көне дәуірде көп діндердің шығуы алдында барлық адамдарда бір ғана дін болған, яғни олар­дың барлығы бір Құдайға – Жаратушы күшке сенген дейді. Кейіннен қоғамның тарихи өзгеруіне байланысты көп құдайға се­ну шығады дейді. Мұндай түсініктің беделі түсуі, ертедегі діндер­ді зерттеуден (анимизм, фетишизм ... ) шығады. «Прамонотезм» – қазіргі кезде теологиялық көзқарастың бір салалық көзқарасы бо­лып қалды. Екінші бір көзқарас «дінсіз дәуір», деп атасақ та бола­ды. Бұл көзқарас бойынша адамзатта өте көп уақыт дінсіз дәуір­лер болды дейді; яғни адамзаттың шамамен жасын 2 млн.жыл деп алсақ, оның 1 млн. 900 мың жылы дінсіз дәуір болды. Мұндай көзқарастың дәлелсіздігін ХІХ - ХХ ғғ. этнографиялық, антропо­логиялық, археологиялық зерттеу ғылымдары көрсете білді. Себебі, қандай да бір төмен сатыда тұрған тайпа, ру болмасын олар­дың дін туралы көзқарастардың барлығы көрсетеді.

Алғашқы діни сенімдер мифтік дүниеге көзқарастық жүйеде өтіп жатты. Мифтік жүйе әр түрлі салаларда жүріп жатты. Оның ішіндегі ең негізгі саласы «әңгіме тұрғыда баяндау» мен «түсінді­ру». Түсіндіргенде әрбір нәрселердің қайдан шыққанын, «қайтып шыққанын» - «не себептен шыққанын», әңгіме ретінде түсіндіреді. Ең бір көрнекті түсіндірудің объектісі; әлемнің шығуы: құдайлар­дың шығуы, күннің, айдың, жұлдыздардың шығуы; адамньщ шы­ғуы; ақырғы заман туралы; топан су туралы; жан туралы; мәдениет батырлары туралы ... т.с.с.Себебі, ол кезде тек мифтік көзқараспен ғана дүниені тануға болатын еді. Алғашқы мифологиялық көзқараста діни сенімдік көзқарас пайда болды және сонымен бірге әр-түрлі салт-жоралары шықты. Қазіргі бірнеше көзқарастар бойынша, діннің алғашқы саналық көзқарасы сенім (құ­дайға) емес, салт-жоралары деп есептейді. Себебі алғашқы дәуір­де салт-дәстүрлер қоғам тәртібін реттеуде рольдері өте зор бол­ған. Өте ертедегі діндердің тарихи мәліметтері, бізге салт-жора­лар арқылы жетті. Салт арқылы адамдар табиғат «хаосына» қарсы тұрып тәртіпке шақырады.

Ең ертедегі діни түсінік – өлген адамдардың аруағына табы­ну. Ол кезде әлі «дербес» құдайлық түсінік болмады. Алғашқы таптық қоғамға дейін құдайлардың мүсіндері тікелей қоршап тұр­ған табиғаттан алынып отырды. Сол кездегі ең бір қарапайым және жабайы діни сенімдер фетишизм, тотемизм, магия және ани­мизм деп аталады.

 

Фетишизм –(португ. сөзінен сиқырлы зат) деп әртүрлі заттарды, кейде өсімдіктерді киелі ету. Әр алуан заттардан бірнеше немесе бір затты бөліп алып, оған киелі, құдіретті мән беріп, сол зат арқылы өзіне қолайлы, керек оқиғаға әсерін тигізеді деп ойлау. Ондай фетиштік заттарды тек табиғи емес, қолдан да жа­сап алуға болады. Фетиштің заттары – табиғи: тас, ағаштың бөлі­гі, аңның тісі, – ... келе келе қолдан жасалған заттар: талисман, крест, икон, жарты ай т.с.с. Осындай заттардың арқасында әр түрлі аурудан сақтану, көз тиюден сақтау, жаулардан сақтау, аң аулауда ол заттар жәрдем беруі және т.с.с.

Тотемизм –өсімдіктер және жануарлардың адамға қанды туыстық қатынасы бар деп түсіну. Ертедегі рулық қоғамда аң аулау мен үй жануарлардың адам өміріне, оның өмірі тікелей сол жануарларға байланысты болғандықтан (жануарлар тамақ болды, киіндірді, көлік болды), малдардың алдында ризашылығын білдіріп, жануарлардың бірнеше түрлерін киелі етіп қарастырды.

 

Келесі діннің жабайы түрін магия деп атайды. Магия – (грек. тіл. сиқыршылық, тәуіпшілік), бір объектіге иррационалды түр­мен әсер ету, немесе әртүрлі сөздермен сол бір кезекті оқиғаны өзінің көзқарасына сәйкес етіп өзгерту.

Магия діннің бір түрі болғанымен, ол құдіретті «жасырын» күшке сенеді. Магия үшін реалды құдай жоқ. Магия сол себепте дінсіз әдет-ғұрыптармен де орындала береді. Ол әр түрлі іс-әрекеттің, сөздің, сөйлемнің жасырын «күшіне» сеніп, сол арқылы объектіге әсерін тигізуге әрекет жасайды.

 

Анимизм (лат. тіл. жан) – деп, жан бар дегенге сену. Ани­мизмнің алғашқы түрі аниматизм деп аталады. Аниматизмдік тү­сінік жан мен тән (дене) бірге өмір сүреді. Тән өлсе немесе қира­са, жан да өледі. Ал, анимизмде «жан» тәннен дербес өмір cүpе алады. Мұндай түсініктің ертедегі адамдардың көптеген құбылыстарды білмеуі, түсінбеуінің нәтижесі. Мысалы, түс көру, ауыру, өлім, тағы сондай әсердің және галлюцинациялық елесте­тудің не екенін білмейді.

Атеизм мен дінге қарсы болушылық.

Атеистік көзқарастың көрнекті өкілдері француз философ-ағартушылары болды. Мысалы айтсақ, Дени Дидро (1713-1784), Клод Гельвеций (1723-1771), Жнальен Ламетри (1709-1750) және Поль Гольбах (1723-1789).

Атеистік көзқарастықтың қайнар көзі Ж. Мелье (1664-1739) деп айтуға болады. Ол өзінің «Завещание» деген бір шығармасында әлемнің мәнгі екенін, оны ешкім жасамағандығын, Құдайдың болмысының барлық теориасын сынға алып, деистік көзқарастарға қарсы щықты. Шығармасының ең негізгі идеясы, толығынан құдіретті күштің жоқтығын дәлелдеуге тырысты. Бұндай көзқарасты француз ағартушылары толығынан қабылдап әрі қарай дамытты. Атеизмнің философиялық негізін, философ Гольбах өзінің материалистік философиясында негіздеді. Ол «система природы» деген еңбегінде: «Әлем деген барлық нәрселердің орасан зор жинағы. Оны біз материя деп атаймыз. Материяның өмір сүруі қозғалыс. Қозғалыс материяның негізі. Материядан тыс ештеңе жоқ» - деп түсіндірді. Ал «Әулиелер галареиясы» деген еңбегінде Гольбах «ізгі жазбалар» деп аталатындарды тиянақты сынайды, діни көзқарастардың тарихи фактілерге мүлде қайшы келетіндігін дәлелдейді. Француз атеистері діни имандылықты сынады. Христиан имандылығын үлгі ретінде көрсетуге болмайды. Хрестостың әкесінен баласын, анасынан қызын айыру әсерлері өнегелілікке жатпайды деді.

XIX ғасырда француз материалистерінің атеизмі, классикалық неміс философы М.Фейербахтың дінге деген атеистік көзқарасты материалистік антропология арқасында дамыды. Ол өзінің «Христиан дінінің мәні», сондай-ақ «діннің мәні туралы лекциялар» және т.б. шығармаларында дінді өткір сынады. Дінмен күресу жөніндегі оның айтқан ұсынысы – санасыздықты саналықпен ауыстыру, яғни классикалық дінді ағартушылыққа негізделген жаңа дінмен ауыстыру болды. Ал, жаңа дін дегеніміз – адамға адамның сүйіспеншілігіне негізделген қатынасты, адамның табиғатынан шығатын бақытқа ұмтылысы. Сонымен Фейербах атеизмінің француз ағартушыларын айырмашылығы, Құдайды жоққа шығарып қана қоймай, ол Құдайдың орынына адамды қойды.

 

К.Маркс пен Ф.Энгельстің атеизмі.

К. Маркс пен Ф. Энгельстің философиялық, атеистік көзқарастары оларға дейінгі философиялық еңбектердің тікелей әсерімен қалыптасты, әсіресе Гегельдің идеалистік диалектикасы мен Фейербахтың антропологиялық философиясы үлкен әсерін тигізді. Осы философтардың творчествосын өңдей отырып, олар диалектикалық материалистік фылософия негізін жасады. Сонымен қатар атеистік көзқарастары да материалистік тұрғыда сипатталды. К.Маркс пен Ф.Энгельс діннің шығуын және сақталуын тікелей қоғамдық қатынастарға байланыстырады. Күнделікті өмірдегі тың адамдардың қатынастары «адамгершілік деңгейге» жеткен сайын дін әлсін-әлсін жойылады деді. Дінді сынау мынандай түсінікпен аяқталуы тиіс – «Адам – адам үшін ең жоғарғы жаратылыс».

 

В.И.Ленин атеистік прициптері:

1. шіркеу мемлекеттен бөлінуі керек;

2. әрбір адамның дінді ұстау ұстамауы, ауыстыруы, оның жеке бас ісі болуы керек;

3. барлық мемлекеттер азаматтары заң алдында тең болуы керек;

4. атеистік тәрбиені, сол социолизм дамуына биім деп жіргізу керек және т.с.с. саяси принциптер қойылды.

XX ғасырдағы еркін ойшылдық

Неопозитивизмнің өкілі Расиль (1872-1970) «Почему я не христианин» деген еңбегінде христиан мораліне қарсы шығып, «еркін ақылдық ғылым» деген моральді көзқарасты құрастыруға тырысты. Христиан діні ілімге сүйеніп емес, адасудан шыққан деп көрсетті. Адасудың басты себебі – қорқыныш және ол өлім алдындағы қорқыныш – деді.

З.Фрейд (1856-1939) болса дін өнегеліліктің негізі бола алмайды деді. Тек ақыл бостандығын алған адам ғана әлемді, ондағы өзінің орнын иллюзияға түспей көрсете алады. Діни тәрбие ақылға кедергі болады деді.

Атеистік экцистенциализмнің өкілі, философ П.Сартр (1905-1980) өзінің «Экзистенциализм – бұл гуманизм», «Бытие и ничто» және т.б. еңбектерінде жеке адамның тарихтағы орны, оның қабілетін

· Иллюстративті құрал: -

· Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:

 

· Әдебиеттер:

 

Негізгі:

    1. Августин Аврелий Исповедь М., 1989.
    2. Бердяев Н.А. Самосознание М., 1997.
    3. Гегель Г.В. Философия религии В 2 – т. М., 1975 – 1977.
    4. Кант И. Сочинения В 6 т. М., 1963 – 1966.
    5. Ницше Ф., Фрейд З., Фромм Э., Комю А., Сарт К. Сумерки богов М., 1989.

Қосымша.

    1. Айтбаев О. Дінтану негіздері. Қарағанды 2005
    2. Бечсок А. Два источника морали и религии М., 1994.
    3. Никонов К.И. Религиозен ли человек по природе М., 1990.
    4. Религия, философия, Культура. М., 1992.
    5. Философия және мәдениеттану. Оқу құралы. Құрастырған Алтаев Ж., Ғабитов Т., Қасабеков А. және т.б. Алматы, 1998.
    6. Философия сөздік «Қазақ энциклопедиясы» Алматы, 1996.
  • Бақылау сұрақтары ( кері байланыс):
    1. Дін философиясы предметінің шекараларын атаңыз?
    2. Дін философиясы мен дінтану пәнінің арақатынасы. Ұқсастық пен өзгешелік?
    3. Теология туралы не білесіз?
    4. Киелі нәрселер, киелі іс - әрекет дегендерге не жатады?
    5. Діншілдік дегенге қалай қарайсыз?
    6. Діннің адамгершілік мазмұны туралы сіз не айтар едіңіз?

 

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.