Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Что такое Доктрина партии?

Бірлік пен келісім

Бірлігі жарасқан, ынтымақшыл ел ғана алдына биік мақсаттар қойып, оларға қол жеткізе алады. Сондықтан, қоғамдық келісімге, азаматтық және ұлттық ортақ құндылықтарға, жаңа қазақстандық патриотизмге негізделген бірлік – еліміздің сәтті әрі тұрақты дамуының берік іргетасы.

Сондай-ақ, біз ХХІ ғасырдағы Қазақстан қоғамын сан-алуан пікірлер мен идеялар кең өріс алған жүйе ретінде танимыз. Мұндай елдегі бірлікті сақтау демократиялық құндылықтарды дамытуды қажет етеді. Осынау құндылықтар – қазіргі әлемдегі келісімді қамтамасыз етудің негізгі тетігі.

Сондықтан, біз демократияны қоғамдағы әртүрлі мүдделерді сәйкестендірудің анағұрлым тиімді жолы және даму мақсаттарына қол жеткізудің құралы ретінде бағалаймыз. Біздің партиямыз қоғамдағы демократиялық дәстүрлер мен мәдениеттің дамуына жан-жақты ықпал ететін болады.

Төл мәдениет және руханият

Руханият пен мәдениет ұлтты біріктіреді және оның мінез-құлқын қалыптастырады. Біз мәдениетті қоғамдық өмірдің аса маңызды салаларының бірі ретінде санаймыз. Оның деңгейі қоғамдық мәні жөнінен саясат пен экономика салаларынан кем түспейді. Мәдениетке сан-алуан өнер атаулының жиынтығы ғана деп қарамау керек. Ол біздің ана тілімізде, ата дәстүрімізде, тарихи мұрамызда, біздің белгі-таңбаларымызда тұнып тұр. Осы орайда, мемлекеттік тіл рухани және ел бірлігінің негізгі факторы болуы тиіс. Сондықтан, біздің партиямыз әрқашан қоғамымыздың бірегейлігін айқындайтын рухани және мәдени құндылықтарды сақтап, оны нығайтуға атсалысатын болады.

Біз мәдениеттердің қарқынды түрде өзара ықпалдасуы заманында, өзгелердің жақсысын ғана сіңіре отырып, өзіміздің төл мәдениетімізді сақтай білуіміз қажет. Біздің мәдениетіміз бен дәстүрлі рухани құндылықтарымыз – ұлтымыздың өміршеңдігі мен сақталуының кепілі. Осы құндылықтардың дамуы елдің жалпы өркендеуін және әр азаматтың әлеуетінің дамуын қамтамасыз етеді.

 

Қуатты экономика

Экономиканың тұрақты әрі серпінді дамуы – қуатты мемлекеттің және азаматтардың әл-ауқатының өсуінің негізі. Сондықтан, экономикалық саясат еліміздің барлық өңіріндегі халықтың тұрмыс жағдайын жақсарту мақсатын басшылыққа алуы тиіс.

Партия жеке меншікке қол сұқпау қағидаттарына сүйене отырып, барлық азаматтар үшін тең жағдай жасау арқылы бәсекелестік ортаны қалыптастыруға, мемлекет, жеке бизнес және қоғам арасындағы тиімді өзара іс-қимылға ұмтылады. Дәл осы жеке кәсіпкерлік экономикалық дамудың қозғаушы күші, инновациялардың негізгі жүргізушісі болып табылады, ол жұмыспен қамту мен халықтың әл-ауқатын жақсартудың маңызды әлеуметтік миссиясын орындайды, орта таптың негізін және азаматтық қоғамның арқауын құрайды. Сондықтан, біз өркениетті әрі әлеуметтік жауакершілігі бар бизнесті құруды жақтаймыз.

Біз тиімділігі жоғары жаңа әрі экологиялық жағынан мінсіз технологияларды, нарықтың жаңа бағыттары мен табиғат ресурстарын тиімді пайдалануды XXI ғасыр экономикасының негіздері ретінде бағалаймыз. Экономикалық қызметке экологиялық пайымдауды енгізу – бұл уақыт талабы, экономиканы табысты әртараптандырудың және ресурстарды кейінгі ұрпаққа жететіндей әділ бөлудің кепілі.

Әділ әлеуметтік саясат

Әрбір қазақстандық өмір сапасының әлемдік стандарттарына сай әлеуметтік қызметтердің толық жиынтығымен қамтамасыз етілуі тиіс. Біздің партиямыз әрқашан мынадай әділ әлеуметтік саясатты ұстанады: барлық қазақстандықтар міндетті сапалы орта білім алуға, сондай-ақ медициналық қызметке толық әрі тең негізде қол жеткізе алады. Әркім қолжетімді де лайықты тұрғын үймен қамтамасыз етіледі. Мұқтаж адамдардың барлығы да зейнетақы мен әлеуметтік жәрдемақы алады. Барша халық экологиялық қолайлы жағдайда өмір сүреді.

Білім беру жүйесі білімнің жоғары деңгейіне қол жеткізуге және оны нарықтық экономика жағдайында қолдануға қабілет беруге тиіс. Мұндай білім азаматтардың мұқтаждықтарына және ұдайы оқуға деген ұмтылыстарына сәйкес келуі тиіс. Жұмыспен қамту саясаты еңбек нарығын жандандыру және еңбек ресурстарының жылжымалы болуын арттыру қағидатына негізделетін болады. Осы орайда, кәсіптілік пен әділ бәсеке негізгі әлеуметтік лифт болуы тиіс.

Әлеуметтік кепілдіктер адамға ертеңгі күнге сенімді болуына, бойындағы мүмкіндіктерін ашуға жағдай туғызады, сонымен қатар белсенді экономикалық қызметке ынталандырады.

Мүмкіндігі шектеулі адамдардың білім алуына және еңбек нарығына қол жеткізуі оларға іс жүзінде қоғамның толық құқықты мүшесі болуына мүмкіндік береді.

Өзара көмек пен қолдаудың моральдық-адамгершілік құндылықтарын нығайта түсу, тұрақты экономикалық өркендеуге негізделген әділ әлеуметтік саясат – бүкіл қазақстандық қоғамның және әрбір азаматтың табысты түрде дамуына ықпал етеді.

Зияткер ұлт

Қазіргі заманғы қоғамдағы бәсекелестіктің басты белгісі – бірегей білім мен технология. Сондықтан, Қазақстанның болашағы – зияткер ұлт және инновациялық экономика. Ол үшін біз басқару, гуманитарлық және білім беру инновацияларын дамытуды қажет деп санаймыз. Бұл білім қоғамын, жаңа экономиканың арқауы болып табылатын зияткер тапты қалыптастыруға ықпал етеді. Біз, сондай-ақ, ғылым мен білімнің дамуына, жас азаматтардың инновациялық және шығармашылық әлеуетін іске асыруына, жаңа мүмкіндіктер жасауға айтарлықтай ықпал ететін боламыз. Мұның бәрі біздің әрқайсымыздың прогреске және жасампаз шығармашылыққа ұмтылумен қатар, қуатты инновациялық серпіліске және экономикалық өркендеуімізге септігін тигізеді.

 

Тиімді мемлекеттік басқару

Біз Қазақстан азаматтарына сапалы мемлекеттік қызметтер беруді және тиімді басқаруды қамтамасыз етуіміз керек. Мемлекеттік органдар әрбір қазақстандықтың мүддесіне қызмет етіп, мемлекеттік аппарат ықшам әрі тиімділігі жоғары болуы тиіс.

Мемлекеттік аппараттың және билік деңгейлерінің бөліктері өлшенетін, ашық және қоғам үшін түсінікті нәтижеге бағытталуы тиіс. Салынған әрбір теңге қазақстандықтардың өмір сапасының жақсаруынан тікелей көрініс табуы тиіс.

Қоғамдық мониторинг және бақылау мүмкіндігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік басқару жүйесі мейлінше ашық болуы тиіс. Азаматтардың өмір сапасын арттыру қабілеті биліктің тиімділігін бағалаудың басты өлшемі болуы тиіс.

Біз мемлекеттік билік институттарының жұмыс істеуінің әділдігіне және оның заңның үстемділігімен жүргізілуіне сенімді болғымыз келеді. Біз сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісімен күресетін боламыз. Өйткені, сыбайлас жемқорлық біздің саяси жүйемізді әлсіретеді және біздің демократиямызға нұқсан келтіреді.

Партия басқарудың қолданылып жүрген сызбаларының әлеуетін кеңейту, сондай-ақ тиімді органдарын қалыптастыру жолымен жергілікті өзін өзі басқарудың одан әрі дамуына ықпал ететін болады.

Әлемге ашық Қазақстан

Ұлттық мүддені қорғау, қорғаныс қабілетін нығайту және қауіпсіздікті қамтамасыз ету – елдің сыртқы саясатының негізгі басымдылықтары. Әлем қоғамдастығының тіршілігіндегі құбылыстарға белсенді түрде қатысуымыз біздің мемлекетіміздің қауіпсіздігі мен өркендеуіне септігін тигізеді. Қазақстан әрдайым өз жобалары мен жоспарларын халықаралық қоғамдастыққа ұсынатын болады.

Қазақстан барлық халықаралық ілгерішіл бастамаларды қолдай отырып, ғаламдық қауіпсіздіктің сақталуына үлес қосатын болады. Бірлескен қауіпсіздік пен жауапкершілік, ынтымақ пен әріптестік орныққан кезде ғана әлем халықтары мен дүниежүзі мемлекеттері тұрақты дамуға қол жеткізе алады.

Біз мемлекетіміздің көп векторлық саясатын одан әрі жалғастыратын боламыз. Қазақстанның ықпалдасу процестері, алдымен, азаматтарымыз бен бизнес үшін жаңа мүмкіндіктер жасауға бағытталған. Осы орайда, біздің егемендігімізге және аумақтық тұтастығымызға қол сұғылмайды.

 

5. ПАРТИЯНЫҢ ТАРИХИ ЖАУАПКЕРШІЛІГІ

Экономикалық, әлеуметтік, саяси, технологиялық жаһандық үдеріс қарқын алды. Бұған уақыттың өзі ілесе алатын емес. Біздің басты міндетіміз – болашақта тарих толқынында лайықты орынды иелену.

Биліктегі партияның абыройы – өкілдіктердің дәрежесімен емес, тарихи жауапкершілікті еселеу қабілетіне қарай өлшенеді. Еліміз жаңа даму кезеңіне аяқ басқан бүгінгі таңда біз ХХІ ғасырдың сын-қатерлеріне жауап беруге дайын екенімізді алға тартамыз.

«Нұр Отан» партиясы елдің саяси өміріндегі өзінің басым рөлін сақтауға ниетті. Осы орайда, біз адамдардың бәріне бірдей игілік пен ортақ шешімге жету үшін белсенді саяси үндесуге дайынбыз. Сындарлы пікір алмасу және ой бөлісу, өзара тиімді ынтымақтастық – қоғамның өркендеуінің кепілі.

Шынайы өмірге лайық осы Доктрина мынадай мәселелерді анық түсінуге негізделеді: елдің дамуына төнетін жүйелі қатерлерді бейтараптандыру және еңсеру өркендеудің жаңа бір артықшылықтарын қолдануға жағдай туғызады.

Біз заманның сын-қатерлері мен даму тәуекелдерін Қазақстанның өркендеуін ынталандырушы факторлар ретінде қарастырамыз.

Біз Елбасы ұстанған бағыт-бағдардың төңірегіне ынтымақтасуға, бірігуге үндейміз. Еліміздің әрбір азаматын өз болашағын қазірден бастап қамдауға шақырамыз. Біз үшін әр азаматтың әлеуеті, қуаты, болашаққа деген сенімі мен білімі Қазақстанды дамытуға бағытталғаны маңызды.

Біз Елбасының саяси бағытының сабақтастығы мен тұрақтылығын қолдаймыз.

Біз өз халқына және өз еліне адал қызмет етуді мақсат етіп отырған Елбасының ұстанған бағытын бәріміз болып кеңінен қолдаған кезде ғана қазақстандықтардың дәулетті де сәулетті тұрмысқа қол жеткізуін қамтамасыз ететін боламыз.

«Нұр Отан» – болашақтың партиясы! «Нұр Отан» – ХХІ ғасырдың партиясы!

 

Что такое Доктрина партии?

Доктрина – это документ, имеющий фундаментальное значение для обозначения стратегии развития партии. В ней закреплена идеология и определены основные ценности партии на долгосрочный период.

 

2. В чем отличие Доктрины от других документов партии?
Существуют три основных партийных документа: платформа, программа и доктрина.

Платформа является кратким изложением основных приоритетов партии на один электоральный период (5 лет).

Программа партии содержит основные приоритеты и направления деятельности партии на два электоральных цикла (10 лет).

Доктрина представляет собой документ, рассчитанный на несколько десятилетий, в котором провозглашены базовые ценности и идеалы партии.


3. Какова основная цель утверждения новой Доктрины?

 

Доктрина будет служить основой для обеспечения стабильности и незыблемости Государственного курса Елбасы, а также успешной реализации Стратегии «Казахстан-2050».

 

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.