Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Платон философиясы: “идея” теориясы, мемлекет жайлы ілімі

Платон (б.з.д. 428-347 жж). Объективтiк идеализмнiң негiзiн қалаушы, әрi Сократтың шәкiртi. Объективтiк идеализм бойынша болмыстың мазмұнын идеялар, рухани мәндер жасайды. Заттар мәңгi өмiр сүрмейдi, сағым сияқты жоғалып кетедi. Олар тек мәңгi өмiр сүретiн және өзгермейтiн ұғымдардың көлеңкесi ғана. Платон өзiнiң көптеген iзбасарлары секiлдi болмыс пен биболмыс мәселесiн шешуге ұмтылады. Ол бойынша болмыс – бұл идеялар (эйдостар), ал биболмыс – материя. Болмыс – эйдос: идеалдық санадағы объект, таза мән, ол материалдық заттарға қатысты төрт қызмет атқарады: заттарға себеп, үлгi, түсiнiк және мақсат болады. Идея мәңгi, тұрақты, өзгермейтiн бiрлiкте және т.б. Бұл Парменидтiң болмысқа берген сипаттамаларына сәйкес, ол - әлемнiң негiзгi бiр абсолютi.Платон диалектик ретiнде ешқандай абсолют, қарама-қарсылықсыз толық болмайтынын бiледi. Сондықтан болмыс биболмыспен толтырылуы керек, яғни әлемдегi құбылмалық, өлiм, жалғыздық және ерiксiздiкпен толықтырылады. Платонның “Тимей” диалогында ғарыш теориясы дамиды. Ғарышты Демиург жасайды. Физикалық әлем немесе сезiммен қабылданатын ғарыш әлемi мынандай кестеде берiледi: үлгi (идеялар әлем), көшiрме (физикалық әлем) және Жаратушы (Демиург) – үлгiге сәйкес көшiрменiң авторы. Платонның ойынша нағыз шын бiлiм сезiмнен тыс мәңгiлiк идеялар әлемi туралы бiлiм болып табылады. Оны табудың жолы - адамның мәңгiлiк жанының өлетiн денеге кiрмей тұрғандағы идеялар дүниесiндегi «Өмiрiн еске түсiруi».Платон әлеуметтiк философия саласында мiнсiз мемлекет iлiмiмен белгiлi. Бұл мемлекетте азаматтарды үшке бөледi: билеушi философтар, жауынгер әскерлер және қолөнершiлер. Мемлекеттiң негiзiнде - әдiлдiк жатыр. Негiзгi еңбектерi: “Мемлекет”, “Теэтет”, “Федон”, «Протогор», «Пир», «Софист» т.б.

10)Аристотель философиясы: “материя” және “форма” түсінігі, мән жайлы ілімі

Аристотель (б.з.д. 384 –322 жж) Стагирда туған, Платонның шәкiртi, кейiннен оның идея туралы теориясын сыни тұрғыдан қайта пайымдаған. Оның қарсылығы мынада: идеялар ақылдан тыс тәуелсiз өмiр сүре алмайды. Аристотель өткен философия тарихының дамуын жинақтап, философиялық бiлiмдi жүйеледi. Аристотельдiң философияға кiргiзген жаңалықтары: дұрыс ойлаудың заңдары мен түрлерi туралы формалды логиканы жасауы. Аристотель антикалық философ-ойшылдарының iшiнде алғашқы болып философиялық бiлiмдi нақты ғылымнан бөлдi. Болмыс мәселесiн шешуде Аристотель мынадай бастамалық себеп туралы iлiмдi жасады: а) форма - заттың мәнi, оның құрылымы және түсiнiгiмен байланысты; ә) материя-барлық заттарды құрайтын форма (мәндiлiк, бастапқы, белсендi, субстанция) және мәңгi, бiрақ әрекетсiз материя ( тек зат болуға мүмкiндiгi бар субстарт,), бұл материализмге жақындататын дуалистiк оқуға ұқсас; Заттың мәні ол- форма. Формасыз материя жүзеге аспайды. Материя субстрат тек қана мүмкіндік күйінде қалады. Материя белгілі бір формаға ие болады. Бұл процесс мүмкіндіктің жүзеге асуы, оның шындыққа айналуы. Аристотель өз жүйесін қалыптастыру процесінде бір-бірінен алшақ кетіп, өзара жатсынған материя мен форманың бірлігін былайша анықтамақшы болды. Оның ойынша, материя - енжар, ал форма- белсенді болып келеді. Сондықтан материя, субстрат өзінің табиғи енжарлығына байланысты ешбір қимылмен іске қатыспайды. Ал форма болса тым белсенді. Ол материяның түрін, негізін өзгертіп, оның басқа формаға ауысуына мүмкіндік жасайды. Олай болса, егер форма, оның белсенділігі болмаса материяның ешбір маңызы жоқ болып шығады.

11) Антика философиясындағы материализмді негіздеу идеялары идеялары(Фалес,Анаксимандр,Анаксимен,т.б.)

Антик заманының философиясы біздің эрамызға дейінгі VII-VI ғасырлар аралығында Кіші Азияның батыс жағалауындағы гректер салған қалаларда өмірге келді.
Алғашқы материалистік ілімдер Кіші Азиядағы сол кездегі ең ірі қала – Милетте туды. Б.э. дейінгі VII ғасырдың аяғынан VI ғасырдың аяғына дейін мұнда үш ірі ойшыл – Фалес, Анаксимандр, Анаксимен өмір сүрді. Фалес (625-547 жж. шамасы) дүниедегінің бәрі судан пайда болады және суға айналады деген пікірді ұсынды. Су, оның ойынша, барлық заттардың табиғи негізі, барлық өзгерістер мен құбылыстардың иесі болып табылады. Суды дүниедегі барлық нәрселердің «алғашқы мәні», «бастамасы» деп қарастыру, қазіргі біздің түсінігіміз тұрғысынан алғанда, тұрпайы, аса қарапайым болғанымен, бірақ тарихи тұрғыдан алғанда Фалестің бұл ойын революциялық идея деуге болады, өйткені «бәрі пайда болады» деген пікір бұған дейін үстем болып келген «олимпиялық құдайларды жоққа шығару», яғни, сайып келгенде, мифологиялық ойлаудың терістігін көрсету, сүйтіп дүниені табиғи тұрғыдан түсіндіру болып табылады.
Фалестің шәкірті Анаксимандр (б.э. дейінгі 610-547 жж. шамасы) өзінің көп жылдық ізденістерінің нәтижесін «Табиғат туралы» шығармасында баяндап берді. Фалес сияқты, Анаксимандр да философияның негізгі мәселесін материалистік тұрғыдан шешт, дүниенің алғашқы негіз бастамасы «апейрон» деген айқынсыз, бейнесіз бір зат (апейрон – шексіз деген ұғымды білдіреді) деп санады. Бұл пікір материаны қазіргіше түсінуге жақын.
Ертедегі гректің тағы бір материалисі Анаксимен (б.э. д. 585-525 жж. шамасы) дүниеде бар нәрсенің бәрінің бастапқы бір тұтас материалдық негізгі ауа деп санай отырып, өзінен бұрынғылардың материалистік көзқарасын ілгері дамытты. Дүниенің бастапқы негізі ауа болатын себебі, деді Анаксимен, ауа тән қасиет – сұйылу мен қоюланудың арқасында барлық заттар пайда болды. Ауа, Анаксименнің түсінігінше, сондай-ақ тіршілік пен психикалық құбылыстардың да көзі, бастамасы болып табылады.

12.) Ортағасырлық христиан философиясының негізгі кезеңдері: патристика және схоластика.

Схоластика ортағасырлық теологиялық философияның үстем типі,ерекше белгісі шын дүниеден оқшаулық,тұйықтық,консерватизм,шектен тыс догматизм,толықтай және сөзсіз діни идеяларға бағыну,ғибраттылық,ұстаздық ету.Схоластика деген атау латынның Schola мектеп деген сөзінен шыққан.Оның себебі философияның бұл типі бірнеше ғасырлар бойы Европаның мектептері мен университеттерінде жүргізілген.Схоластар білімді екі түрге бөлді.

табиғаттан тыс білім яғни құдайдың өзіндегі білімтабиғи білім адамның ақыл ойымен келетін білім.Екі бағыт: Реализм теологиялық философияның бағыты.Оны жақтаушылар нақты өмір сүретін заттар емес,олардың жалпы ұғымы универсалийлер дейді.Көрнекті өкілдері Ансельм Кентерберийский,Шамподан шыққан Гильом. Номинализм теологиялық философияның бағыты.Оны жақтаушылар нақты өмір сүретін заттар, ал жалпы ұғымдар олардың атауы ғана дейді.Номиналистер бойынша универсалийлер затқа дейін емес,заттардан кейін өмір сүреді, ал заттар сезімдік тәжірибе арқылы танылып білінеді.

13)А. Августин мен Ф. Аквинскийдің діни философиясы.

Рим шiркеуi əулие Августиндi сенiм мен ақылдың үйлесiмдiлiгi тұрғысынан христиандық дiни iлiмдi негiздеудегi орасан зор сiңiрген еңбегi үшiн “əкей” ретiнде мойындаса, көптеген батыстық зерттеушiлер оны “батыстық ортағасырлық мəдениеттiң ұлы құрылысшысы” деп атайды. Аврелий Августин өзiнiң “Құдай қаласы туралы” еңбегiнде атақты формуласын – “credo ut untelliyam, intellido ut credam” (ұғыну үшiн сенемiн, сену үшiн ұғынамын) формуласын негiздейдi. Бұл ақыл мен сенiмнiң өзара бiрiн-бiрi толықтыру принципi V-XV ғасырлар аралығын қамтитын Батыс Европаның бүкiл ортағасырлық философиялық ойының ең негiзгi дүниетанымдық кредосына айналды. Егер Аврелий Августин Рим шiркеуiнiң “əкейi” болса, онда Боэций (480-526) М.Грабманның берген дəл сипаттамасы бойынша “соңғы римдiк жəне бiрiншi схоласт” болып табылады жəне сонымен қатар ортағасырлықтың негiзiн қалаушы ретiнде де

(Э.Рэнд) орынды саналады. Боэций антикалық дəуiрдiң рухани-философиялық мұрасын ортағасырлық мəдениетпен байланыстырушы, антикалық интелектуалдық-философиялық дəстүрдiң ортағасырлық руханиятпен сабақтастығын жүзеге асырушы ұлы транслятор болып табылады. Боэций аристотельдiк iлiмнiң ұғымдық аппаратын рухани трансляция жасап қана қоймай, ортағасырлық философиялық ойлау мəдениетiне теологиялық проблематиканың негiзгi қаңқасын да енгiздi: универсалийлер мəселесi, тринитарни (Құдiреттi Құдай, оның Ұлы жəне Қасиеттi Рух арақатынастары), субстанция мəселесi жəне акциденция. Боэцийдiң айтуынша субстанция – бұл барлық атрибуттар мен акциденцияларды айқындайтын барлық мəндiлiктердiң негiзi. Егер субстанция – бұл заттардың жалпы негiзi болса, универсалийлер – бұл жалпы атаудың мəнi. Олар ақыл-оймен абстракциялаудың нəтижесi болғанымен, əлемде бар жəне нақты өмiр сүретiндердi бейнелейдi.

Ф.Аквинский (1225-1274) өзiне дейiнгi ойшылдардың универсалийлер туралы барлық идеяларын жүйелей отырып ортағасырлық схоластикалық ойлауда өзiнiң радикалды қадамымен ерекшелендi. Бұл қайта пайымдаудың мəнi табиғатты, адамды, оның Құдайға қатынасын зерттеуге негiзделдi. “Тəн туралы ой жан туралы ойға, жан туралы ой жекелеген субстанция жайлы ойға, ал бұл ой құдай туралы ойға жетелейдi” –деген Ф.Аквинскийдiң кредосы аристотелизмдi христиандық тұрғыда қайта пайымдаумен сипатталатын схоластикалық философия дамуындағы жаңа кезеңдi бiлдiредi. Ол сондай-ақ креационизм идеясын да ұсынады. Ф.Аквинскийдiң iлiмi – христиандық дiни iлiм мен перипатетизм философиясының, христиандық теология мен пайда болып келе жатқан жаратылыстанымның арасындағы ымыраға келушiлiк.

14)Ислам мәдениетіндегі ғылым мен өнер, философия. Ислам философиясының ерекшеліктері.

Негiзiнен ислам мәдениетi ортасындағы мұсылман елдерiндегi философтар қалыптастырған, басты туындылары VIII-XIIІ ғасырларда дүниеге келген терең философиялық ойлар жүйесiн «ислам философиясы» деп атаймыз. Ислам философиясы тiркесiндегi «ислам» сөзi дiннен гөрi философтың мәдени ортасын түсiндiру мақсатымен қолданылады. Өйткенi, ислам философиялық жүйенiң емес, дiннiң аты. Мұсылман елдерiнде ХIХ-ғасырға дейiн философияның орнына көбiнесе «хикмет» (даналық) және кейінірек грекшеден енген «фәлсәфә» сөздерi қолданылған. ХIХ-ғасырдан бастап, еуропалық шығыстанушылар «ислам философиясы» терминiн ғылыми айналымға енгiзген. Алайда, кейбiр зерттеушiлер бұдан басқа «араб философиясы», «мұсылман философиясы» және «исламдағы философия» атауларын қолдануда. Ислам философиясы туындыларының басым көпшiлiгi араб тiлiнде жазылғандығына қарап, мұны араб философиясы деп атау дұрыс болмайды. Өйткенi, Мұхаммед Әбу Насыр әл-Фараби (870-950), Әбу Райхан Мұхаммед Ахмедұлы әл-Бирұни (973-1048), Әбу Әли әл-Хұсейн Абдұллаһұлы Синаұлы (Ибн Сина, 980-1037), Жалаладдин әл-Руми (1207-1273) қатарлы көптеген хакiмдер мен ойшылдар араб емес. Сондықтан, ислам дiнiне сенетiн философтардың философиялық ой-сана жүйесiн «мұсылман философиясы» деп атаған дұрысырақ сияқты.Мұсылман философтардың басты бұлақтары Құран Кәрим және Әз Мұхаммедтiң (с.а.у.) хадистерi. Абдұлуәлид Мұхаммед Рұшдұлы (Ибн Рұшд, 1126-1198) «Китабұ Фасл-ил Мақал» атты еңбегiнде Құран аяттарын мысал ете отырып, мұсылмандардың философиямен шұғылдануының аса маңызды фарыз екенiн айтқан. Ал, Әбу Әли Ахмед Мұхаммедұлы Мискауайхұлы (Ибн Мискауайх, уаф. 1030) «Китаб-ұл Фәуз-ұл Асқар» атты еңбегiнде рухтың өлiмнен кейiнгi болмысын Құран Кәримдегi аяттардан илһам алып (инспирация – М.Б.) түсiндiредi. Т. Де Боер (T.J. De Boer, 1859-1927) және Леон Готье (Leon Gauthier, 1862-1949) қатарлы шығыстанушылар мұсылман философтар дiни бұлақтарды пайдаланған жоқ десе, Анри Корбэн (Henry Corbin, 1903-1978) секiлдi көптеген шығыстанушылар мен философтардың пiкiрiнше мұсылман философтар еңбектерiнде аяттар мен хадистердi, діни мәтіндерді басшылыққа алған.Ислам философиясы қалыптасу кезеңiнде мынандай философиялардың әсерiне ұшыраған: 1-Антикалық грек және эллинистiк философия 2-Иран-Сасани философиясы 3-Үндi философиясы. Бұлардан соңғы екеуiнiң ықпалы аздау. Осы тұрғыдан алғанда ислам философиясы көне дәуiр грек философиясы мен бүгiнгi Батыс философиясын дәнекерлеушi көпiр iспеттi.

15Философияның негізгі атқаратын қызметтері мен қазіргі замандағы рөлі.

Философияның атқаратын функциялары: дүниеге көзқарастық ф философия дүниеге көзқарастың теориялық негізі қызметін атқарады,яғни адамға дүниенің тұтас,ауқымды екендігін бейнелеп көрсетеді. Гуманистік дүниені адам және оның мақсаттары арқылы қарастырады,оның құндылығын,бостандығын,құқығын негіздеп береді. Аксеологиялық адам мен дүниеге баға береді,рухани құндылықтың(ақиқат,қайырымдылық,әдемілік) маңыздылығын негіздеп береді. Жалпы мәдени адамдарды әлемдік,интеллектуалдық мәдениеттің жетістіктерімен таныстырады. Адамның мәдениеті мен білімінің көрсеткіші болып табылады. Метедологиялық ф шындықты практикалық және теориялық игерудің жалпы принциптері мен тәсілдерін жасайды. Болжамдық әлеуметтік өзгерістер мен ғылыми білімнің даму тенденцияларын алдын ала болжап береді. Интегралдық бүкіл ғылымдардан алынған мәліметтерді жинақтап,жүйеге келтіреді(ғылымның ғылыми ролін атқарады). Сыни ф ескірген көзқарастарды,нормаларды,ілімдерді сынға алып,еркін,догмалық емес ойлауды қалыптастырады. Негізгілері: дүниеге көзқарас және метедологиялық. Қалғандары жанама және толықтырушы.

16) Ислам философиясы: Әл- Кинди, Әл- Фараби, Ибн Рушд, Ибн Сина және т. б.

Прогрессивті араб философиясының өкілдері : Әл-Кинди (800-879), Ибн-Сина (980-1037), Ибн-Рашид. Әл-Кинди –бастама туралы, таным туралы ілім.Әл-Кинди алғы бастама субстанция мынандай категорияларды жатқызады:материя, форма, кеңістік, бұлақ, қозғалыс. Танымның мынадай түрлерін атап көрсетті: логикалық математика; жарат.ғылымы;метфизикалық-флософилық; Әл-Кинди философиясының маңызы: ол Еж.грек филос-сын араб қауымға жеткізді.Аритотель идея-мен араб фил-на көптеген матер-қ идеялар, категория ұғымдары, логика, таным тур.Ол алғаш субстанциялар туралы өзінің ілімін ұсынды. Әл-Кинди сол кезеңде революциялық идея болып есептелінетін адам.Өзінің ақыл-ой көмегімке дүниені танып біле алады деген ой ұсынды. Әл-Фараби (870-950жж.) Аристотельдің жүйесін араб жағдайына бейімдеді. Оны «екiншi ұстаз» деп Аристотельден кейiнгi ғалым санады, логика ғылымын әсiресе қоғамдық салада, диалектикалық тұрғыдан қолданды. Дүниенi 6 элементке - жәй бөлшек, минералдар, өсiмдiк, жануар, адам, космосқа - бөлiп қарауы, болмысты зерттеуде қазiргi кезде кең қолданылатын жүйелiк-сапалық тәсiлдiң бастамасын жасаумен тең түседi. Оны деистiк көзқарасты қалыптастырушылардың алғашқыларының бiрi деп те санаған жөн - ол бойынша құдай дүниенi жаратқанмен, оның қазiргi дамуына араласпайды. «Бақытқа жол сілтеу» деген еңбегінде өлгеннен кейінгі баянсыз бақыт туралы емес, тірі адамның бақыты туралы айтады. Оған жету үшін адам өзін-өзі жетілдіре отырып, қиын жолдан өтуі керек. Ибн Сина Әбу Әли (лат. Авиценна) (980-1037 жж.) Ортағасырдағы тәжік философы, дәрігер. Ислам дінін жақтай тұра, көне дүние философиясы мен ғылымын арабтарға, ал олар арқылы Еуропа елдеріне таратуға игі ықпал жасады. Ол Аристотельдің материалистік және идеалистік бағытын ұстады, ал кейбір мәселелерде Аристотелизмнен бас тартып, неоплатонизм идеяларын, эменация көзқарасын құптады. Ол материяның мәңгілігін мойындайды. Ибн-Рушд (1126-1198жж).Латынша аты-Аввероэс. Негізгі еңбектері:Терістеуді теріске шығару, Аспандағы денелердің қозғалысы жөнінде, Алғашқы қозғаушы жөнінде , Жан-дүние ғылымы жөнінде.т.с.с Кейін Данте оған Білетіндердің ұстазы деген ат берді.Батыс араб-еуропа фли-ның өкілі.Авэроизм фил-ның бағыты материалистік болып есептелінеді

17) Ислам философиясының даму ерекшеліктері

Негiзiнен ислам мәдениетi ортасындағы мұсылман елдерiндегi философтар қалыптастырған, басты туындылары VIII-XIIІ ғасырларда дүниеге келген терең философиялық ойлар жүйесiн «ислам философиясы» деп атаймыз. Ислам философиясы тiркесiндегi «ислам» сөзi дiннен гөрi философтың мәдени ортасын түсiндiру мақсатымен қолданылады. Өйткенi, ислам философиялық жүйенiң емес, дiннiң аты. Мұсылман елдерiнде ХIХ-ғасырға дейiн философияның орнына көбiнесе «хикмет» (даналық) және кейінірек грекшеден енген «фәлсәфә» сөздерi қолданылған. ХIХ-ғасырдан бастап, еуропалық шығыстанушылар «ислам философиясы» терминiн ғылыми айналымға енгiзген. Алайда, кейбiр зерттеушiлер бұдан басқа «араб философиясы», «мұсылман философиясы» және «исламдағы философия» атауларын қолдануда. Ислам философиясы туындыларының басым көпшiлiгi араб тiлiнде жазылғандығына қарап, мұны араб философиясы деп атау дұрыс болмайды. Өйткенi, Мұхаммед Әбу Насыр әл-Фараби (870-950), Әбу Райхан Мұхаммед Ахмедұлы әл-Бирұни (973-1048), Әбу Әли әл-Хұсейн Абдұллаһұлы Синаұлы (Ибн Сина, 980-1037), Жалаладдин әл-Руми (1207-1273) қатарлы көптеген хакiмдер мен ойшылдар араб емес. Сондықтан, ислам дiнiне сенетiн философтардың философиялық ой-сана жүйесiн «мұсылман философиясы» деп атаған дұрысырақ сияқты.Мұсылман философтардың басты бұлақтары Құран Кәрим және Әз Мұхаммедтiң (с.а.у.) хадистерi. Абдұлуәлид Мұхаммед Рұшдұлы (Ибн Рұшд, 1126-1198) «Китабұ Фасл-ил Мақал» атты еңбегiнде Құран аяттарын мысал ете отырып, мұсылмандардың философиямен шұғылдануының аса маңызды фарыз екенiн айтқан. Ал, Әбу Әли Ахмед Мұхаммедұлы Мискауайхұлы (Ибн Мискауайх, уаф. 1030) «Китаб-ұл Фәуз-ұл Асқар» атты еңбегiнде рухтың өлiмнен кейiнгi болмысын Құран Кәримдегi аяттардан илһам алып (инспирация – М.Б.) түсiндiредi. Т. Де Боер (T.J. De Boer, 1859-1927) және Леон Готье (Leon Gauthier, 1862-1949) қатарлы шығыстанушылар мұсылман философтар дiни бұлақтарды пайдаланған жоқ десе, Анри Корбэн (Henry Corbin, 1903-1978) секiлдi көптеген шығыстанушылар мен философтардың пiкiрiнше мұсылман философтар еңбектерiнде аяттар мен хадистердi, діни мәтіндерді басшылыққа алған.Ислам философиясы қалыптасу кезеңiнде мынандай философиялардың әсерiне ұшыраған: 1-Антикалық грек және эллинистiк философия 2-Иран-Сасани философиясы 3-Үндi философиясы. Бұлардан соңғы екеуiнiң ықпалы аздау. Осы тұрғыдан алғанда ислам философиясы көне дәуiр грек философиясы мен бүгiнгi Батыс философиясын дәнекерлеушi көпiр iспеттi.

 

18) Қайта өрлеу философиясындағы: гуманизм және антропоцентризм.

Гуманизм (лат. humanus - иманды) – адамның қадір қасиеті мен хұқын құрметтеді, оның жеке тұлға ретіндегі бағасын, адамның иелігіне, оның жан-жақты дамуына, адам үшін қолалы қоғамдық өмір жағдайын жасаған қамқорлықты білдіретін көзқарастардың жиынтығы.Антропоцентризм - [грек. anthropos - адам, centrum - орталық] - дүниенің орталығына адамды қоятын италяндық Қайта Өрлеудің тұжырымдамасы. Ол ЕуропалықЖаңа заман мен Ағартушылық идеологиясына әрі өмірлік өлшеміне және гуманизмнің маңызды шартына айналды. Ежелгі дәуірде негізі қаланғанымен табиғат аясынан шыға алмады. Жаңа заманда адам еріктері мен мінез-құлықтары туралы тұжырым қалыптасты, оның қағидалары нарыққа, демократияға, азаттық қоғамға бет бұрған әлеуметтік мәдениетті басшылыққа алды. М.Штирнер өз ілімінде Антропоцентризмнің мейлінше эгоистік, жеке-дара түрін көрсетті. Адамзатты дәріптеп, оған бас июге де болады (П.Боранецкийдің тұжырымдамасы). Антропоцентризм принципі - адам дегеніміз барлық нәрсенің өлшемі (тезисті Софист Протагор тұжырымдаған). Тоталитарлық тәртіптер мен кейбір дамыған елдер жағдайында Антропоцентризм тәжірибелік сипат алады, табиғат талан-таражға түсіп, экологиялық дағдарыс етек алады. Қайта өрлеу дәуірінде Гуманизм тиянақты идеялыққозғалыс ретінде қалыптасты. Бұл кезеңде Гуманизм феодализмге және ортағасырлық теологиялық көзқарастарына қарсы пікірлермен тығыз байланыста болды. Гуманистер адам бостандығын жариялады, діни аскетизмге қарсы, адам ләззаты мен өз мұқтаждарын қанағаттандыру хұқы жолында күресті. Қайта өрлеу дәуірінің аса көрнекті гуманистері – Петрарка, Данте, Боккаччо, Леонардо до Винчи, Эразм Роттердамский, Ф.Рабле, Монтель, Коперник, Шекспир т.б. – зиялы дүниетанымды қалыптастыруда маңызды рөл атқарды.

19) Ф. Бэкон ғылымның мақсаты мен міндеттері және философияның пәні туралы, «идолдар» туралы ілімі, индукция әдісі.

Ф.Бэкон теория мен практиканың танымда сезім мен рационалдықтың бірлігін жақтады. Бірақ жаратылыстанудың дамуында математиканың рөлін кемітті, Коперниктің гелиоцентрлік жүйесін мойындамады. Осыған қарамай ол эксперименттік ғылымның негізін қалады. Бэконның басты шығармасы «Жаңа Органон», ол - ғылыми танымның методологиясы. Бэкон негізгі әдіс ретінде индукцияны ұстанады. Ол тәжірибе мен экспериментке сүйенеді, сонымен бірге сезімдегіні қорытындылау және талдау әдісі арқылы айқындайды. Индукция жеке жағдайлардан жалпы қорытындылар шығаратын ойлау тәсілі.

20) “Неміс классикалық философиясы” дегеніміз не? Философияның статусының өзгеруі: метафизикадан гносеологияға қадам басу. И. Кант философиясы

Неміс фил-ң кезең-і: 1. ХІХғ 1-жартысы неміс классикалық фил-сы; 2. ХІХғ. Ортасы мен 2-жартысы матер-иализм. Маңызы: 1. неміс фил-сы, оның өкілдері адамды ұзақ уақыт бойы мазалап келген ой-рды терең зерттеп, фл-ң бола-шақтағы дамуын анықтайтын көп-теген тұжырымдар жасады. 2. Н.Ф. сол кездегі барлық фил-қ бағыттарды (субъективтік, об-ъективтік идеа-лизм, материализм) жи-нақтады. 3. көптеген атақты философ-тарды өмі-рге әкелді. Олар әлемдік фил-ң «алтын қорына» енді: Кант, Физте, Гегель, Мар-кс, Энгельс, Шопен-гауер, Ницше. Неміс классикалық фил-сы ХҮІІІғ мен ХІХғ жартысында кең қанат жайды. НКФ 2бағыты болды: 1. объективті идеализм 2. субъективті идеа-лизм. Объективті идеа-лизм: Кант(1724-1804); Гегель(1770-1854).Субъективті идеализм:Фихте(1762-1814) Материализм: Фейербах(1804-1872)НКФ: 1. фил-ң дәстүрлі проблема-ынан гөрі адам-ң мәнін зерттеуге көп көңіл бөлді; 2. даму проблема-на ерекше көңіл бөлді; 3. фил-ң логикалық тео-риялық аппа-ратын байытты; 4. тарихты біртұтас процесс ретінде қарастырды.Иммануэль Кант: Кант: адам тумысынан мейірімсіз, бірақ сонымен қоса қайырымдылықта болады. Парасаттылықта тәрбиелеу қажет, оның басты міндеті: адам бойындағы тұла біткен зұлымдықтарды жеңе білу. «Дұрыс адам ешқандай күнәдан тақ болмайды, ол мораль негізі. Әрқашан менікі дұрыс, мені арым таза дегендерде мораль жоқ. Адамның басқа тіршіліктен артықшылығы өзіндік санасы. Эгоизм-адамдарға біткен табиғи қажет екені анықталады»Сана мен санасыздық мәселесін қарастырады. Кант: адамдарда өзін-өзі билей алмай қалатын түсініктер болады, осындай елестер сферасы санан сферасынан көптеу болады.Кант үшін өмірден ләззат алуының бірден бір жолы еңбек. Неғұрлым көп еңбек етсе, соғұрлым көп өмір сүреді, соншалықты өмірден үлкен ләззат алып, өмір көп іс-әрекетке толы болады.1. сынға дейінгі кезең (ХҮІІІғ 50-ж. – ХҮІІІғ 70-ж) – басты проблемалары – жер болмыс табиғат, оның ішінде адам да табиғи идеоло-гиялық даму-ң желісі; 2. сыни кезең(ХҮІІІғ 70-ж – 1804ж) – Кант ақыл-ойдың іс қызметі таным, оның мүм-кіндіктері, шектері, механизмі, логика, этика, әлеум. фил-я мәселелерімен шұ-ғылданды. Еңбек-тері: критика чис-того разума; Кри-тика прак-тического разума; Критика способности суж-дения. Кант-ң таза ақыл-ойды сынау идеясы огностицизм, яғңни дүниені қор-шаған ортаны танып білу мүмкін емес екен деген сөзден туындаған. Кант дү-ниені танудың қиын-дығының себебі қор-шаған орта (объект) емес оны зерттеуші субъект (адам) яғни оның ақыл – ойы. Адам ақыл-ойының мүм-кіндігі шектеу-лі. Егер адам өз ақыл – ой мүмкіндікте-рінен шығып кететін болса, онда ол антиномияларға ду-шар болады. Антиномияның қай-шылықтардың бо-луы адам-ң ақыл-ойы-ң қабілетінің шектеулігі. Кант-тың 4 антино-миясы: 1. кеңіс-тіктің шектеулігі – дүниенің уақытта бастамасы бар, ке-ңістікте шектеулі дүниеде бастама жоқ, кеңістікте шексіз. 2. дүниеде тек қарапайым зат-р ғана өмір сүреді; дүниеде қарапайым нәрсе жоқ, бәрі күрделі. 3. азаптық және себептілік – табиғат заңы б-ша себептілік ғана емес, сонымен бірге азат-тық та өмір сүреді; бүкіл дүние табиғат заңы б-ша белгілі бір себептен туын-дайды. 4. құдай бар, ол бүкіл тірш-ң себебі; Негізгі идеялары: әсемдік дүниедегі, 1.эсте-тикадағы бір мақ-саттылық, Адам-ның қабілеті мол, 2. табиғаттағы бір мақсаттылық – тір-шілік көбею даму-дан тұрады. 3. рух мақсаты Құдайдың барын мойындау.

 

21) Шеллингтің натурфилософиясы

Шеллингтің натурфилософиясы. Фридрих Вильгельм Йозеф Шеллинг(1775-1854) объективті идеализмнің өкілі. Фил-ң кезеңдері: натурфилософия;практикалық ф-я;иррационализм. Басты мақсаты: «абсалюттік»,яғни болмыс пен ойлаудың алғашқылығын түсіну және түсіндіру. Натурфилософиясы:табиғат «абсалютті» қоршаған ортаның басты себебі және алғашқы бастамасы;табиғат субъективтілік пен объективтіліктің бірлігі,мәңгі ақыл ой; материя мен рух бірлікте болады табиғаттың қасиеттері болып табылады; табиғат біртұтас организм.

22) Г.В.Ф. Гегельдің философиясындағы әдіс және жүйе. Гегельдің Абсолют идеясы жайлы ілім. Диалектиканың негізгі ілімдері

Гегельдің абсолют идеясы жайлы ілімі. Диалектиканың негізгі ілімдері. Абсолюттік идеясы: нағыз шындық(ақиқат),бүкіл қоршаған ортаның,ондағы заттар мен құбылыстардың алғы себебі- абсолюттік идея;абсолюттік идея-өзіндік санасы бар бүкіл дүниені жаратуға қабілетті әлемдік рух. Абсалюттік рухтың жатталуының түрлері: қоршаған дүние,табиғат,адам. Жаттанудан кейін ойлану мен адамның іс қызметі арқылы тарихтың заңды даму барысы өзіне қайтып оралады,яғни абсалюттік рухтың схема бойынша айналуы өтеді. әлемдік рух (абсалюттік)-жаттану-қоршаған орта мен адам-ойлау және адамның іс-қызметі-абсалюттік рухтың өзіне қайтып оралуы. Гегельдің дилектикасы. Дилектика ұғымына тұңғыш анықтама берді. Диал әлемдік рух пен оның жаратқан қоршаған ортасының тіршілігі мен дамуы туралы негізгі заң. Мәні: барлық дүние әлемдік рух, «соңғы рух адам,заттар мен қоршаған ортадағы құбылыстар,процесстер қарама қайшылықтардан тұрады. Бастама (болмыс пен әлемдік рух) бір біріне қатысты қарама қайшылықта болады,дегенмен өзінің мәні жағынан бірлікте болады,бір біріне әсер етеді. Қарама қайшылықтардың бірлігі мен күресі дүниедегі барлық тіршіліктің дамуының қайнар көзі (негізі).

23) Л. Фейербахтың антропологиялық философиясы

Антроп-қ материализм теориясы: нағыз,шын өмір сүретін табиғат пен адам ғана;адам табиғаттың бір бөлшегі;адам материалдық пен руханилвқтың бірлігі;адам философиясының басты мәселесі болуы керек; идея дегеніміз өздігінен өмір сүрмейді,ол адам санасының өкілі;құдай өз бетінше,жеке қмір сүрмейді,құдай-адамның елесінің жемісі;табиғат(материяға)мәңгі және шексіз,ешкім жасаған жоқ және жоғалып кетпейді; бізді қоршағанның барлығы (заттар,құбылыстар)-материяның алуан түрлі көрінісі.

Философиялық антропологияның материалистік концепциясын ұсынған Фейербахтың айтуынша, жеке дара жалғыз өзі ғана өмір сүре алатын адамның болуы мүмкін емес. «Менің» болуымның міндетті шарты- «Сенің» болуың, басқалардың болуы. Экзистенциализм «өмір философиясындағыдай» жалпы өмір мәселелсін қарастырмай, бар күштерін адамның жеке өмірін- «экзистенция» «адамның өмір сүруі» сияқты мәселелер тұрғысынан қарастыруға жұмсайды. өмір сүру дегеніміз-адамдардың біріккен болмысы. Шынайы өмір сүру дегеніміз күнделікті өмірмен тығыз байланысты,өз басының сезімі мен тілегінің, қамы мен мұқтаждығының жиынтығы негізінде іс әрекет етуі. Адам тіршілігінің негізгі қағидасы- «дүниенің қасында болу».

24) Дәстүрлі түркі дүниетанымының ерекшеліктері. Тәңіршілдік: метафизикасы мен философиясы.

Исламға дейінгі қазақ халқының рухани мәдениетінде тәңірлік сенім мен шаманизм айрықша орын алады. Тәңірді зерттеушілердің тұжырымында еуроазиялық көшпелі шаруашылық – мәдени типтің қажеттіліктеріне икемді сенім жүйесі ретінде бейнеленеді, яғни ол көшпелілердің шындықтағы болмыс тәсілінен, дүние түйсінуінен туындаған. Академик Ғарифолла Есім “Хакім Абай” кітабында: тәңірге сыйыну – сенім емес, дін емес, ол Адам мен табиғаттың арасындағы үйлесімділікті мойындағандық деп тұжырымдаған. “Тәңірді мойындау адам еркін шектемейді. Тәңірге көзқарас өзіне қарама-қарсы түсінікті қажет етпеген. Себебі, тәңір – деген табиғат, ол өмір сүру үшін қажетті жағдай. Тәңір табиғаттың өзінен туған түсінік. Оны табиғаттың синонимі деп те қарауға болады. Адамның табиғатқа табынуы, бір жағынан, натуралистік түсінік болса, екіншіден, өзінен тыс рухты іздеу, оны субъект ретінде қабылдау, дерексіз ойлаудың жемісі”, –дейді. Яғни, біздің арғы ата-бабаларымызға догматталған діни жүйелерге қарағанда, ашық дүниетаным тұрпатындағы сенім көбірек тән, жан дүниесі мен рухани ізденістеріне әлдеқайда жақын. Барлық діни жүйелердегі тәрізді тәңірлік сенім де табиғат күштерін құдіреттендіруден, құпия тылсым тіршіліктің терең қатпарларынан тамыр алады. Алайда, Тәңірге табыну діни түсінік эволюциясындағы табиғат діндерінен кейінгі жоғары саты болды. Барлық халықтар рухани дамуында діни көзқарастар эволюциясын бастан өткізді. Әрине, оны бірінен соң бірі келетін діни жүйелер хронологиясы деп қарастыруға болмайды, шындық әрқашан теорияға қарағанда әлдеқайда күрделі, көпжақты болып келеді. “Ол (тәңір – авт.) – әр түрлі наным-сенімдердің, көбіне табиғатқа, оның стихиялық күштеріне табынудың және оларды бұрмалап бейнелеудің біртіндеп дамуынан туған құбылыс. Тәңірліктің дүниетанымдық негізі дүниедегі заттар мен құбылыстар жанданған деп қарастыратын натурфилософиялық гилозоизм болып табылады, ол түптеп келгенде табиғатты құдай деп қарастыратын пантеизмнің негізін құрайды”, –деп жазады С.Н. Ақатаев. Қалыптасуының бастапқы сатысында Тәңір прото­қазақтардың құдайлар пантеонындағы жоғарғысы деп танылады. Ежелгі қазақтар тәрізді қазақтардың ілкі тектері де табиғат объектілері мен құбылыстарын құдайландырып, оларға табынған. Тәңірлік діннің өзіне тән ерекшелігі – ол өзіне дейінгі діни наным-сенімдерді теріске шығармайды, қайта оларды бір жүйеге келтіріп синтездеуші рөлатқарады. Плано Карпини түркілердің бір құдайға иланатындығын айта келіп, “... оның үстіне олар күнге, айға және отқа, сонымен бірге таңертеңгілік тамақжеудің немесе суішердің алдында сол ас-дәмдерінен ауыз тидіретін сыбаға арнап, су мен жерге де құдай деп табынады”, – дейді. В.В. Бартольд: “Ежелгі түркілер дінінің негізі Көкке (Тәңір) және Жерге (жер-суға) сыйыну болды”, – деп жазады. Тәңірді түркілер барлықты жаратушы “объективті идея” ретінде қарастырса, жер-су – тіршіліктің тірегі.

25) Түркі ойшылдарының философиясы: Әл- Фараби, М: Қашқари, Ж. Баласағұн, А. Иүгенеки.

Жүсіп Баласағұн (ХІ ғ.) қазіргі Жамбыл облысында өмір сүрген. Араб әріпімен түркі тілінде жазған, ақын әрі философ. Ақынның негізгі дастаны - «Құтадғұ білік» (1069 ж.) деп аталады. Бұл дастанды саясат, мемлекет басқару, әскерлік іс жөніндегі философиялық трактат десе де болады. Негізгі пікірлері әділеттілік, бақыт, ақыл-сана, қанағат туралы диалогтармен беріледі. Одан басқа да көптеген рубаилар жазған. Шығармаларының поэзиялық көркемдік жағы жоғары, философиялық толғаулары терең. Ол адамдарды - адамгершілікке, тазалыққа, адалдыққа шақырған. Жүсіп Баласағұни: «Біліп сөйле, білмегенге үйрет», «Білім - жарығын шашып тұрған нұр», «Кірді сумен жуады, су кірлесе оны немен жуады» дегендей ұлағатты өсиеттер қалдырған

Махмуд Қашқари, Жүсіп Баласағұнидың замандасы, Қашқарияда дүниеге келгенмен, бүкіл саналы өмірін Қазақстан, Орта Азия жерлерінде өткізген. Негізгі еңбегі: “Диуани лұғат ат – түрік” (Түркі тілдерінің жинағы ). Ол кезінде түркі елдерін көп аралаған. Олардың тілін, тарихын, әдет – ғұрпын зерттеп, мақал – мәтелдерін жинастырған. Қазақ халқының сол кездегі адамгершілік, ерлік, тіл байлығы қасиеттеріне жоғары баға берген.

Әл-Фараби (870-950жж.) Аристотельдің жүйесін араб жағдайына бейімдеді. Оны «екiншi ұстаз» деп Аристотельден кейiнгi ғалым санады, логика ғылымын әсiресе қоғамдық салада, диалектикалық тұрғыдан қолданды. Дүниенi 6 элементке - жәй бөлшек, минералдар, өсiмдiк, жануар, адам, космосқа - бөлiп қарауы, болмысты зерттеуде қазiргi кезде кең қолданылатын жүйелiк-сапалық тәсiлдiң бастамасын жасаумен тең түседi. Оны деистiк көзқарасты қалыптастырушылардың алғашқыларының бiрi деп те санаған жөн - ол бойынша құдай дүниенi жаратқанмен, оның қазiргi дамуына араласпайды. «Бақытқа жол сілтеу» деген еңбегінде өлгеннен кейінгі баянсыз бақыт туралы емес, тірі адамның бақыты туралы айтады. Оған жету үшін адам өзін-өзі жетілдіре отырып, қиын жолдан өтуі керек

26) Қорқыт Атаның рухани ілімі.

Одан екі ғасыр бұрын Қорқыт Ата деген данышпан философ болған. Ол бүгінгі Қызылорданың Қармақшы жерінде туып өскен. Қорқыт дарынды ақын, сазгер. Қорқыт Ата айтыпты деген мақал-мәтелдер көп: «Ескі мамық бөз болмас, кәрі дұшпан дос болмас» немесе «Шөлді жердің отын киік білер, сулы жердің қадірін құлан біледі». Қорқыт ата, түйе мініп дүниенің төртбұрышын аралайды. Жолында кездескен бір кездегі көк майса жер «қурап солдым» десе, аспанмен таласқан асқар таулар «бұрын сәулетті едік, енді мыжырайып үгіліп біттік» деп мұңаяды. Аңыз бойынша, Қорқыт қайда барса да, қазылған қабірге тап болады. Кімнің қабірі деген сұраққа Қорқыттың қабірі деген жауап алады. Ол барлық жан-жануарлардың, орман-тоғайдың түбінде қартайып өлетінін аңғарады. Оның өлмейтін еш нәрсе жоқ деп, өлімді музыкамен жеңбекке ұмтылуында үлкен философиялық мән бар. Ол қолына қобыз алып, өлмей, өшпей түрлі халықтың есінде сақталған неше түрлі күйлер шығарды.

27) Сопылықтың түркілік бұтағы: Қ. А. Иасауидің хал ілімі.

Ахмет Қожа Иассауи (1094-1167 жж.) - ақын, ойшыл. Сопылық бағытты ұстанған әулие дәрежесінде құрметтеп, халқымыз оны Әзірет Сұлтан деп атаған. Оның басты еңбегі - «Диуани Хикмет». Бұл кітабында қазақ халқының ежелгі мәдениетіне, әдебиетіне, тарихына этнографиясына қатысы бар көптеген құнды мәліметтер табылды. Бұл еңбек халқымыздың дүниетанымын біршама кеңейтерлік рөл атқарады. Пайғамбар жасына келгенде Яссауи қалған өмірін жер астында өткізді деген аңыз бар. Оның есімі бүкіл араб елдеріне кең тарады, беделі орасан зор болды. Сондықтан Әмір Темір ол кісінің жерленген жеріне арада екі ғасыр өткенде дүниежүзілік маңызы бар Түркістан Кесенесін орнатты. Яссауи еңбегінде Бұқара халыққа үстемдік құрған хандардың, бектердің қазылардың қарамдық істерін әшкерлеп сынайды, фанидің жалғандығын айтады. Діни адамдардың Құдайдың атын жамылып, бас пайдасын ойлап, кемтарларды ұмытып, елді алдап, байлыққа құныққанын көріп, түңіледі, өзін олардан аулақ ұстап, Алла-тағалаға адал берілгенін дәлелдеп, дүние қызығынан безіп, софылыққа (аскетизм) ден қояды

28 Қазақ философиясының қалыптасу ерекшеліктері.

Қазіргі заманғы қазақ ғалымдары М.Орынбеков, Н.Байтенованың зерт-теулеріне сүйене отырып, қазақ халқының философиялық дүниетанымы-ның қалыптасып дамуын шартты түрде мынадай кезеңдерге бөлуге болады: Ежелгі заманнан ІХ-ғасырға дейінгі кезең – қазақтардың ата-тегінің философиясы (предфилософия протоказахов). Бұл кезеңдегі философиялық көзқарастарда діни сипат басым.
Түркі тілді халықтардың философиясы, ІХ-ғасырдан ХV-ғасырға дейінгі кезең. Оның көрнекті өкілдері бүкіл түркі дүниесіне ортақ тұлғалар – Анахарсис, Қорқыт, әл Фараби, Ж.Баласағұн. М.Қашғари, Қ.Иасауи. Бұл кезенді түркі тілді халықтардың философиясының «Алтын гасыры » деуге болады. Аталған ғұламалар тамаша шығармалар мен философиялық еңбектерді дүниеге әкеліп, әлемдік философияның дамуына елеулі үлес қосты.
Қазақ хандығы дәуіріндегі философия, ХV-ХVШ ғасырлар аралығын қамтиды, үш бағытта дамыды: а) жыраулар философиясы; ә) билер философиясы; б) «Зар заман философиясы».
ХІХ-ғасырдағы Ағартушылық философиясы: Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев философиясы – антропоцентристік және экзистенциалистік сипатқа ие.
ХХ-ғасырдың 20-40 жылдарындағы қазақ философиясы. Негізінен саяси философия болды: Ә.Бокейханрв, А.Байтұрсынов, М.Дулатов, М.Жұмабаев, Ж.Аймауытов, ЦД.Құдайбердиев. -
Кенес дәуіріндегі Қазақстандық философия. ХХ-ғасырдың 50-60 жылдарынан бастап, 90-жылға дейінгі аралықты қамтиды. Жалпы кеңестік философия секілді коммунистік партияның идеологияпық қызметшсіне айналып, өзінің ұлттық ерекшеліктерінен айрылды. Бірақ негізінен марк- систік сипатта болғанымен, осы кезенде кәсіби философия қалыптасты. 1958 жылы Қазақ ССР Ғылым Академиясының құрамында Философия және құқық институты, Қазақ мемлекеттік университетінде философиж факультеті ашылды. Кеңестер Одағы кеңістігінде танымал болған Қазанстандық философия негізінен таным теориясы, таным диалектикасы және диалектикалық логика мәселелерін зерттеумен айналысып, биік деңгейге көтерілді.

29) Ақын-жыраулар философиясы: Жырау табиғаты, жыр, толғау; мемлекетшілдік сана, дүние, заман, адам, адамшылық мәселесі.

Қазақ халқының қалыптастырған рухани құндылықтары арасында ақын- жыраулар шығармашылығы маңызды орын алады. Бiз бұл жерде белгiлi философ О.А.Сегiзбаев ұсынған қазақтардың ақындық шығармашылығының дамуы барысындағы үш кезеңге бөлiнген жiктелуiн келтiремiз:

а) шартты түрде жыраулар дəуiрi деп аталатын кезең (XV-XVIII ғасырдың бiрiншi жартысы);ə) ақындық шығармашылық кезең (XVIIIғ екiншi жартысы - XIX ғасырдың бiрiншi жартысы);

б) ақындардың өзiндiк сайысы - айтыстың пайда болуымен байланысты кезең (XIX ғасырдың екiншi жартысы - XX ғасырдың басы) (Казахская философия XV- нач ХХ века.

Асан қайғы (XV ғасыр), Қазтуған жырау (XVғ), Доспанбет жырау (XVI ғ), Шалкиiз (1465-1560), Ақтамбердi (1675-1768), Бұқар жырау (1668-1781), Шал ақын (1748-1819) жəне т.б. - өз дəуiрiнiң, философиялық идеалдарын бiлдiрген ойшылдардың бүтiндей бiр шоғыры. Жыраулар мен ақындар өздерiн толғандырған мəңгi философиялық мəселелердi өз шығармаларында бейнелей отырып, орасан зор рухани күш жiгердi өз бойларында қорытты. Кез-келген дамудың идеалы сабақтастық идеясымен тұтас байланыста екендiгi белгiлi. Осыған байланысты бiз ақын-жыраулардың дүниетанымының қалыптасуына ықпал еткен идеялық бастауларға тоқталғанды жөн көрдiк. Өйткенi, олардың өздерiн де, шығармашылығын да халық даналығының қайнар бұлақтары суарып отырды. Олардың қатарына ерте түркi əдеби ескерткiштерiн, дала тайпаларының əлеуметтiк-саяси, адамгершiлiк, философиялық көзқарастарының белгiлi дəрежеде квинтэссенциясын бiлдiретiн мақал-мəтелдер түрiндегi халық ауыз əдебиетiн жатқызуға болады.

Дүниетанымның қалыптасуына исламға дейiнгi жəне ислам дiндерi де үлкен ықпалын тигiздi. Адам жанын ашылған кiтаптай оқитын, туған даласымен физикалық тұрғыда да, рухани тұрғыда да байланысты болған бiзге белгiлi жəне белгiсiз данышпандардың шығармашылығындағы уақыт жiбiнiң сабақтастығы дəл осындай өлшем арқылы айқындалады. Ақын-жырау көзқарастарының қалыптасуының маңызды қайнар бұлақтарының бiрi ерте түркi жазбасы болып табылады. Бастапқы ескерткiштердiң тас плиталар мен балбал тастарда, жартастар мен тұрмыс жабдықтарында сақталғаны белгiлi. Бiзге дейiн жеткен санаулы ерте түркi жазбасының мəтiндерiнде түркiлердiң ата-бабаларының жоғарғы адамгершiлiк қасиеттер туралы этикалық мəселелер молынан кездеседi. Халықпен,Отанмен, оның абыройын қорғаумен, еркiндiгi мен тəуелсiздiгiн сақтаумен байланыстымəселелер жазба əдебиет ескерткiштерiнiң ең ежелгiлерiнiң бiрiнен саналатын Орхон-Енисей жазбаларында өзiнiң өте өткiр қойылуымен ерекшеленедi

30)Жаңа заман философиясы: Р. Декарттың «күмәндану принципі»

 

Декарт философияны ағаш сияқты жүйе деп есептеді. Бұл ағаштың тамыры философия, діңі – физика, ал сабақтары – басқа ғылымдар: медицина (адамдардың денінің сау болуына жол ашады), механика (тұрмысты оңтайлы ұйымдастыруға бағытталған білімді береді), этика (ізгілікті өмір сүрудің жолдарын анықтайды).

Ағаштың діңі мен сабақтары тамырынсыз өсіп – өне алмайтыны сияқты философиясыз ешбір ғылым дами алмайды.

Ғылымдар жүйесі үшін философия өте маңызды, сондықтан оның алғашқы бастаулары мен түп неігздерін әруақытта біліп отыру қажет.

Осы мақсатты орындау үшін Декарт арнайы тәсіл ойлап тауып, оны картезиандық күмәндану деп атады. «Күмән келтіру» принципін Декарт былай деп суреттеді. «Егер мен күмәнданатын болсам, онда менің ойлағаным. Егер мен ойланатым болсам, онда менің өмір сүргенім». Декарт осы принципі арқылы әлем мен философияның ескі көзқарастарынан арылып, жаңалыққа бой ұруына жол ашты.

Ғасырлар бойы өзгермейді деп келген қисынсыз қағидаларды талқандай отырып, рационалдық методтың тууына себепкер болды. Декарт ақыл – парасатты аса жоғары бағалап, оны білімнің қайнар көзі деп есептеді.

Жалпыдан жекеге өту арқылы логикалық тұжырым жасау керек деп Декарт дедукциялық әдісті дамытты.

Р.Декарт дуалистік ілімнің өкілі болды. Өйткені ол әлемнің, дүниенің түп негізі ретінде екі бастаманы, яғни материалдық және рухани бастамаларды мойындады.

Р.Декарттың іліміндегі материалдық субстанцияның негізгі сипаттары созылмалық және бөлінгіштік. Ал рухани субстанцияларға ойлау қабілеті тән, сондықтан олар бөлінбейді. Декарт туа біткен идеялар туралы ілім ұсынған, көптеген білімдер таным мен дедукция арқылы пайда болады. Бірақ ешқандай дәлелдеуді қажет етпейтін білімдер де бар. Олар бірден тікелей белгілі, ұрпақтан ұрпаққа берліп отырады. Бұл идеялар екі түрде болады: ұғымдар және пікірлер. Туа біткен ұғымның мысалы: Құдай (бар), сан (бар), «ерік», «тән», «жан».

Туа біткен пікірдің мысалы: «Бүтін өзінің бөлшегінен үлкен», «ештеңеден ештеңе туындамайды».

31) ХIХ ғасырдағы қазақ философиясының жаңашылдық сипаты: Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбайұлы.

Қазақ ағартушылығында ,қазақ халқының бүкіл прогрессивті мәдениеті тарихында үлкен орын алған ұлы ақын,ойшыл,демократ,сазгер Абай Құнанбаев

Абай қазақ әдебиетінде сыншыл реализмнің негізін салушы.Ол ақынның азаматтық парызы шындықты бейнелеуде,қоғамдық кесірді әділет пен ақылдың билігінде жүгіндіруде деп білді.Дүниетанымдық мәселеде Абай,Алтынсарин сияқты деизмге жақын,Құдай өз заңдары бойынша дамып жататынын өлшемнің алғашқы себепшісі деп түсінді.Абай дін басылары мен діни надандықты,фатализм мен екіжүзділікті атеизм тұрғысынан емес, Қазақстан ағартушы демократтарының көбісінде кездесетіндей нағыз дін немесе рационалдандырылған дін позициясынан сынады.Дін басыларының насихаттап жүрген соқыр сеніміне Абай ақылмен тануды қарсы қойды.Немесе оның өз сөзімен айтқанда алла табарака уатағаланың шәріксіз,ғайыпсыз,бірлігіне ,барлығына хақтығына бірлән дәлел жүргізерлік болып,ақылы дәлел испат қыларға керек. (Қара сөздер 13 сөз)

Абай шығармаларында адамға мейірбандық көрсету сұлулыққа ұмтылу жоғары имандылық қасиетінің белгісі,көрінісі деп айтудан жалықпайды.Адамдардың әртүрлілігі жайлы айта келіп Абай әр адамның өмірде өз орнын табуының маңыздылығын атап көрсетеді.Адам өз орнын өзін табуына жол сілтеу,бағыт беру ағартушының бұқараны тәрбиелеушінің бірінщі міндеті осы деп біледі.Осыдан келіп «Адам бол» деген Абай этикасыныі негізгі принципінің мағынасы мен мәні ашыла түседі,әр адам өз творчестволық потенциясын іске асырып,өзін жетілдіре алады және жетілдіруі тиіс.Сонда ғана ол жаратылысынан өзіне белгіленген орынға сай келеді

32) Абай философиясындағы Алла мен адам болмысы.

Абай басқа философтар секілді әдейілеп философиялық трактаттар жазбаған. Бірақ, оның өлеңдері мен қара сөздері философиялық салиқалы ойларға, терең мағыналы толғауларға толы. Ол философиялық ойдың заңғар биігіне арнайы оқудан емес, өмір мен болмысты тоқу арқылы жеткен табиғаттың өзі тудырған ғұлама.

Абай өз философиясында, адам болам десең бес нәрседен қашық бол, бес нәрсеге асық бол: өсек, өтірік, мақтаншақ, еріншек, бекер мал шашпақ - бес дұшпаның білсеңіз. Талап, еңбек, терең ой, қанағат, рақым ойлап қой - бес асылың көнсеңіз деп өсиет айтады. Өсиеттерінің бірі - Бірлік: бірлік тірліктің алды, бірлік жоқ болса, оның үстіне күндестік қосылса, адамдардың әлеуметтік күйі құлдырап, төмендей беретінін айта келіп: «Бірлік жоқ, береке жоқ, шын пейіл жоқ. Сапырылды байлығың, баққан жылқың» деп жазды. Қоғамдағы бір жағымсыз, зиянды құбылыс - маскүнемділіктің дерт болып жайылып бара жатқандығын көрегендікпен әшкерелейді. «Арақ ішкен, мас болған жұрттың бәрі, не пайда не залалды біле алмай жүр». Абай білімсіздіктің, надандықтың, әлеуметтік ауыр жағдайға алып келетіндігін көрсетеді.

Ғылымды әлеуметтік жағдайды жаңартудың құралы ғана емес, прогресске жетудің жолы дейді. Өзінің 17-ші сөзінде ғылымның әлеуметтік рөліне кең әрі терең тоқтап, ақыл, қайрат, жүректі айтыстыра келеді де, ғылымға жүгіндіреді. Надан ел қуанбас нәрсеге қуанады және қуанғанда не айтып не қойғанын өзі білмей есі шығады, ұялмас нәседен ұялады, ұяларлық нәрседен ұялмайды. Қазақтың әлеуметтік өмірінің ауырлығын көп зерттеген Абай одан бүкіл адамзат баласына қатысты қорытындылар шығарады. Адам баласын қор қылатын үш нәрсе: 1. Надандық. 2. Еріншектік. 3. Залымдық деп қорытындылайды. Абай жан-жақты, үйлесімді дамыған адамды қалыптастыруды армандайды. Сондай кісілерден тұратын қоғам ғана әділеттік теңдік орнатады деп үміттенді.

33)ХХ ғ. басындағы қазақтың ұлттық сананың ояну философиясы.

   

XX ғ қазақ топырағында бір топ талантты ойшыл ақындар, қоғам қайраткерлерідүниеге келді. Ш.Құдайбердиев, С.Торайғыров, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, Ә.Бөкейханов, М.Шоқаев, М.Дулатов, Н.Төреқұловсияқты озық ойлы қоғам қайраткерлері саяси аренаға шықты. Олар «Зар заман » дәуір өкілдерінің ой-пікірлерін ілгері дамытты. Оларды толғандырған проблема отаршылдық бұғаудан құтылу, қазақтарды өз алдына тәуелсіз ел ету,қолдан кеткен мүмкіндіктер мен айырылған жерлерге өкініш білдіру, халықтың санасын ояту болатын. Сана-сезім

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.