Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

жылы бейбітшілік туралы

Октябрь

 

Аттанып Октябрьде күзгі таңмен,

Айқастық ерегескен ескі жаумен.

Ар, намыс, ыза мен кек оттай лаулап,

Күшіміз тең боп түсті асқар таумен.

Данышпан Лениннің естіп үнін,

Шарпыды бір жылы леп жүрек түбін,

Аспанда қайтқан құс та жырлап өтті,

Хабарлап бүкіл елге бақыт күнің.

Құлдықтың туын жықтық, торын үзіп,

Өмірдің содан бергі бәрі қызық.

Асулар талай қиын артта қалды,

Бар елден күш, өмірмен кеттік озып.

Теңелді қала, дала нұрдай жайнап,

Завод пен малға толды барлық аймақ.

Оранып шөлге дария, құмға орман,

Асау күш – табиғатты алшдық байлап.

Оянған Октябрьмен ұлттың бәрі,

Жарасты достық пейіл, ынтымағы.

Бар елдегі еңбекші езілгеннің,

Біздің жақта көңілі, ынтызары.

Озбырдан, фашистерден көрген зәбір

Бақыттың даңғыл жолын білді қазір.

Қараңғыда жөн сілтер – Темірқазық,

Сөнбес үміт оларға ұлы Октябрь!

Қанқұмар капиталист жендеттері,

Өрт салмақ жер жүзіне ниеттері.

Бейбітшілік сақтаған бізбен бірге,

Мың – миллион адал жаннаң тілектері.

Ынтымақ – бар халықтың асқар белі,

Топтасқан ту астынан бейбіт елі.

Қолдаушы, жетекшіміз – Компартия

Шыңына коммунизм баста ілгері!

 

 

Мақтанам

 

Мақтанам коммунизм таңын көріп,

Көктемнің жайма шуақ шағын көріп Ғылым мен тәжрибе кушін қосып

Орнатқан шөл далаға бағын көріп

 

Мақтанам сулары мол каналыма

Шалқыған көк теніздей алабына

Менің де сол дариядай тасты көнілім

Бақытты,социалистік заманында

 

Каналдың қақпаларын тұрдық ашып

Еділ- Дон құшақтасып қойнын ашып

Тасқын су кең даланы кернеп кетті

Пароход қаздай жүзіп толқын атып

 

Қуанам электрдін нурларына,

Даламның толған ой мен қырларына.

Өсірген бейбіт еңбек жемістерін

Елімнін атақты қыз,ұлдарына.

 

Дұшпанның іші күйсің дос сүйінсін

Керемет қызық дәурен құрғаныма

Партия жеңіс туы біз өрлейміз

Шығамыз коммунизм шыңдарына

 

 

 

ТҰҢҒЫШ ТОЙҒА

(1992 жылы Қарқаралыда Қазақстан

Автономия болуының екі жылдық

тойында айтылған)

Коммунист айналайын ақ жүрегім,

Бұлақтай тастан шыққан мөлдіредің.

Біз үшін білегіңе жалыңды орап,

Халықтың алып бердің бар тілегің.

 

Тең туған біз де совет баласымыз,

Айтпайды ақын жалған расымыз.

Аш тойып, кем жетілген заман болып,

Жайылып төрт тарапқа құлашымыз.

 

Ал қазақ, күнің туды қарманатын,

Қарманбай ел емессің арланатын.

Қорғаушы еңбегіңде советің тұр,

Ол емес жаудан қорқып қорғанатын.

 

Қазақ боп дүниеге жаралғалы,

Осы-ақ қой көрген тендік замандағы,

Кешегі Николайды заманында

Тапталған халық едік табандағы.

 

Мал шашқан топқа, жікке халық едік,

Теңдіккеқашан мұндай жарып едік.

 

Сенаттың Думадағы кеңесінде,

Ретке сан қосылмай қалып едік.

Николай, Керенский, Колчак өтті.

Олардан қашан тілек алып едік.

 

Жеткізді көңілге алған мақсатына,

Советке шын жүрекпен нанып едік.

Жүзіне дүниенің жаңа шықтық

Күн көрмес су түбіндебалық едік.

Николай қараңғыға қамап кеткен,

Халық едік қатарға енбей жатқан жасып.

Мұғалім ауыл басы мектеп беріп,

Халықтың жатыр совет көзін ашып.

 

Жадырап түні кетіп,күн шықандай

Жарыққа бет түзедік қадам басып.

Ұрыдай қолға түскен отырушы ек,

Іс қылдық орыс,қазақ араласып.

 

Советке разы болып жатам- дагы,

Ләззатқа ішпей тоям татам – дағы.

Кешегі Николайдың заманында

Бақташы секілді едік отардағы.

 

Әркімнің әділ жүрек қарауынан

Халықтың жақсы болып атанбаған.

Басшы түзу болған соң халық оза ма

Атандық ірге халық қатардағы.

 

Советке бәрі өзінің баласындай,

Орыс,қазақ,өзбек,татар-дағы.

Советтей шын жүрекпен қарай қоймас,

Тапқан шеше таптырған атаң –дағы.

 

Жүрегін коммуниске шын тазартпай,

Киімшең жүргендер көп тоныменен.

Мал түгіл басымызды құрмандаймыз,

Іс қылса коммунистік жолыменен.

 

Коммунист еш адамды бөлмейді екен,

Бірің озып, біреуің кейін қал деп.

Осындай әділетін көргеннен соң

Отырмыз коммунистің жолын ал деп.

 

Дүние төңкерілген уақытында

Асылдай қап түбінде жата алмадым

Бағына сөзді құдай берген шақта,

Дер ме екен байдан кедей ақы алмадым.

Ел болдық күшті

Құрметіне ұлы күн,

Қалам алдым қолыма.

Ойым өрлеп,қиялым

Шалқып өсті тағы да.

Бақыт,шаттық,жеңістің

Кенелген елім молына.

Ұлы құрылыс кеңейді

Соныда шүйгіп соныға.

Халқым жеңін сыбанып

Бейбітшілік жолына.

Тасқындаған табыстың

Жете бермек зорына.

 

Түні кетіп, күн шығып,

Бақытты заман болғалы.

Октябрьге дәл бүгін

Отыз төрт жыл толғаны.

Достық бірлік нығайған

Ел болдық күшті ордалы.

Ұлы көсем данышпан

Күн нұрындай жарық таң,

Елім бүкіл дүниеде

Бейбітшілік қорғаны.

 

 

 

 

 

Атқан таң октябрьдің жарығында

Октябрь отыз жылдық ұлы тойым,

Коммунизм көздеген мақсат ойым.

Ер жетіп, отыз жылда буын бекіп,

Әлемнен шоқтығы озып, асқан бойым!

 

Атқан таң – Октябрьдің жарығында,

Ашқан сол көзімізді анығында.

Ел болып терезесі басқамен тең,

Өрледік күнен-күнге биік шыңға.

 

Ерікті еркін дәуір кендік бізде,

Кемшілік жоқ- тегістік, теңдік бізде.

Тарихта өлмей, өшпес мәңгі қалған

Женімпаз әлем асқан ерлік бізде.

 

Бірлік қыл, тірлік қылсаң дегендей-ақ

Мызғымас берік достық, елдік бізде.

Дәулеті колхозімнің ұшан-теңіз

Келеді қай жерімнен кемдік бізде!

 

Сыңсыған дәнді егіске жерім де бай,

Ең байтақ етек алған елімде бай.

Мысқалы дүниенің малына тең

Шығатын алтын, асыл кенім де бай.

 

Басқадан сонағұрым бағалымыз,

Ойлаған көптің қамын саналымыз

Халықтаң өз ішінен өсіп шыққан

Санасыз көп білімі зәр маманымыз.

 

Комманистік партия жолындамыз-

Таймайды еш уақытта табынамыз.

Қаһарман қажырлы күш, мол табыспен

Гүлдейді бұдан да артық заманымыз.

 

Келеміз үйей басып

 

Заманым кең сарайдай тыныс берген,

Көркейіп өнімді еңбек, тыңіспенен.

Мал байлық, білім байлық, жер байлығы,

Қай елмен салыстырсам берісаеген.

Ұраным жер жүзіне түгел тарап,

Шарықтап шартарапқа өрістеген.

Елімнің үстем болды әділдігі

Алысып талай тентек – теріспеген.

Күнде той, күнде жарыс, күнде қызық-

Келеміз үдей басып женіспенен!

 

Мызғымас болат қорған елім мықты,

Шоқтығы жер жүзінен озып шықтым.

Кешегі ұлы майдан, зор атысқа,

Талқандап қас дұшпанды жерге тықты.

 

Дәулетім етек алып кеткен мұқым,

Төрт түлік сиыр,түйе, қой мен жылқым

Су тұнық ,қора жылы, шлөп үюлі,

Ккелтірмес қаперіне қыстынжұтын.

Алдағы мол егіннің қамын ойлап,

Тазалап алтын таудай үйген тұқым.

Кәрілі қыс қылыш сүйреп,балта шапса.

Қисаимас, сынбақ түгіл бір тал мұртым.

Тоқыған өнер, ғылым жастарымыз,

Заманнан озып, қадам басқанымыз,

Жол данғыл, алдындағы нысана айқын,

Жарқырар коммунизм асқарымыз.

Күн күліп, жер құлпырап игілікке,

Тамылжып нұрын төккен аспанымыз.

 

 

ЗАМАНЫМ

 

Ой толғап,ми қорытып,жүрек тербеп,

Сен аш деп сөздің кілтін тілге бермек;

Алмас тіл асыл сөзден нақыс салып,

Безеңдер алтын шашақ төгіп өрнек.

 

Жасымда зая болды адал еңбек,

Қапқа сап өлеңімді атқа теңдеп-

Жүрсем де баға беріп ұғар жан жоқ,

Амал не,істеп жүрмін өзіме ермек.

 

Сондықтан сол заманда қара түнек,

Еңбегім зая болды жүрмін жүдеп.

Өкінбен кең заманға кеш келдім деп,

Тотыдай түрленген соң қайта түлеп.

 

Күн сайын түлеп,үдеп төске өрлеймін,

Ойға алып жетпіс бесті ескермеймін.

Ауру менен ажалдың жөні басқа,

Кәрілік тіпті саған дес бермеймін.

 

Мен неге қартаямын көңілім жай,

Туып тұр алдымнан күн,артымнан ай.

Бақытқа бастап тұрған ұлы көсем,

Елім бай,ел қорғаны ерлерім сай.

 

Өмірім күн-күн сайын гүл-гүл жайнап,

Сайрандап сандуғаштай жүрмін сайрап.

Қосылып жастарменен күліп-ойнап

Заманым салтанатым жүрмін тойлап.

 

Қосылып ән шырқасам жастарменен,

Мәңгілік айрылмайтын достарменен.

Әсем ән аққудайын қанат қағып,

Мәскеуге естіледі аспанменен.

Заманым күнде бәйге,күнде жарыс,

Құлашым сермегенде түседі алыс.

Күн сайын,сағат сайын,минут сайын

Дәстүрім болып алды даму,табыс.

 

Бас иіп құзырыма тізе бүккен

Соқтыққан талай тентек шәлкем-шалыс.

Қалмайды бір сіліккен қарпуымнан

Арыстан азу тісі алты қарыс.

 

Аумағым,Алатаудын аумағындай,

Салмағым бүкіл дүние салмағындай.

Шоқтығым бар әлемнен жоғары тұр,

Асқар шың Гималайдың заңғарындай.

 

Менің бұл мықтылығым:елімменен,

Елімнен туған мың-мың ерімменен;

Сыңысқан қалың егін,қаптаған мал,

Тасы алтын,тауы күміс жерімменен.

 

 

 

ОТАНЫМ, АРТСЫН ДАҢҚЫҢ

 

Әлі жас ,қартайсам да ой , ақылым,

Толғаймын халқым үшін сөз асылын.

Басымды есіктегі төрге апарған ,

Партия – өмірдегі ең жақыным .

Құтықтап Ұлы Совет сайлауымды,

Алдыңа келді, халқым, қарт ақының.

 

Жамалқан , Кәми балам екі саңлақ,

Халқын сеніп тапсырды ауыр салмақ.

Ерінбей елің үшін қызмет етсең,

Ел де өспек,ер еңбегі сонда жанбақ.

Сіздерді жұрт сенімін ақтайды деп,

Сайлайды депутатқа халқын таңдап.

 

Тар заман езіп,жаншып тастаған ел,

Көрдей қысып көзіңді ашпаған ел.

Әйелді күң,кедейді құлдыққа ұстап,

Адамдық санатына қоспаған ел.

 

Асқар асып,аспанға қанат жайдық

Табалдырық бойынан аспаған ел.

Шыңнан шыңға шығуы айдан ашық

Коммунистік партия бастаған ел.

 

Алғалы партиямыз аясына,

Еңбекші ел еркін өстік саясында.

Алтын,көмір,мал да бар,өнер білім,

Әділдік еркін теңдік бәрі осында.

 

Жеңімпаз әлемге айқын ардақтымыз,

Жел соқса желп етпейтін салмақтымыз.

Жасасып партиямыз,Ұлы Отаным,

Жасасын сайлаушымыз, бар халқымыз.

 

Даңқты күн

 

Партия асқар белім,жеңіс туым.

Кұлпыртқан кең даламның ойын-қырын.

Көтеріл көк жүзінде ақ кептердей,

Съездің құрметіне айтқан жырым.

 

Қаулатқан фабрик , завот кенімізді ,

Жайнатқан асыл нұрмен жерімізді

Ленинің өсиеттін , салған жолы

Кенелткен мол табысқа елімізді

 

Айғағы: елім өсіп өрлегеннің

Шалқыды дария болып көл дегенің

Бөленді қалын орман ну бақшаға

Бұрынғы елсіз , бетпақ шөл дегенің .

Есейдік партияның саясында ,

Біз көрдік сан ғасырдың көрмегенін.

Біліммен , еңбекпен алдық тартып,

Меңіреу табиғаттың бермегенін

 

Даңқты күн-съездің құрметіне ,

Орындап алған сертті міндетіне –

Халқымыз зор жеңіспен өрге басты

Шыңына коммунизм тез жетуге .

 

 

2-30 33

 

 

Ежелгі достық

Өткен күн қазақ мүлде артта қалған,

Бой жазып босағадан аттамаған.

Түк көрмей көше беріп Сазарада,

Мал баққаннан басқаны мақтамаған.

 

Көпшілігі қараңғы сонда қазақ,

Оқыған көз ашығы мүлде аз – ақ.

Есіл еңбек еш болып теңдік алмай,

Болыс, байдан көргені қорлық, мазақ.

 

Достасып орыс пенен қазақ халқы,

Армандас екі елдің өрлеп даңқы.

Шыншылдықты, әділет, еңбек сүйгіш

Үйретті озат елдің ұлы салты.

 

Орыстың тілектестік әділдігін

Озбыр тап көре алмады, ашпақ жігін.

Абайдай көзі ашығы шамалы еді,

Көре алған сол заманның ауыр жігін.

 

Ақынның сондағы айтқан өсиеті:

“Қайран ел еңбек білсе” – бар ниеті.

Халқы үшін қар жастанып қажу көрмей,

Шындалған ұлы Абайдың қасиеті.

 

Пушкин мен Толстойдың сөзін жаттап,

Адымын басқан сайын алыс аттап.

Орыстың мәдениетін, асыл сөзін

Қазаққа таныстырды әбден мақтап.

 

Нығайды ұлы достық арамызда

Кеңейді ой-өріспен санамыз да,

Пушкин және Лермонтов, Толстойды

Өспірім күнде оқиды баламыз да.

 

Мол табыс, бағалы еңбек біздің қолда

Бүгін шырқап барамыз бақыт жолда.

Халқынды келешекке бастайтұғын

Партия қайда болса, жеңіс сонда. 34

Съезге

Тын жерден желмен тартып су сарқырап,

Электр күн нұрындай тұр жарқырап.

Бітеді айлық жұмыс сағатында

Бір винтін машинаның бассақ бұрып.

 

Өзен боп калхоз,савхоз арығынан,

Нұр құйған электрдін жарғынан.

Жана өнім, жаңа табыс, ұлы құрлыс

Асырды бар шаруаны қалыбынан.

Өлшеусіз Оанымды өркендеткен

Айналаса болды ғой өз халқымнан.

 

Шындықтың, әділдіктің тұтқасымыз

Теңелген еркек .әйел,қарт,жасымыз

Шетінен бәрі маман,бәрі өнерпаз

Бұрынғы ошақ қысы от басымыз

 

Өзгеден үздік биік денеліміз

Күн санап асып тускен өнеріміз

Жансызға жан салуға құдіретім бар,

Жер басқан адамзаттың шеберіміз

 

Жүлде алған социалистік жарыспенен

Жеңімпаз әлем асқан дабыспенен

Нұр құйған нұр асқан ұлы съезд

О,халқым,қарсы алалық табыспенен.

 

 

 

Совет саилаушыларына

Қартаидым, сақал, мұртым ағарды да

Жасымда мұндаи өмір таба алдымба,

Құрмет салтанатты мәжілісті,

Қарсы алып құтықттаимын көп алдым.

 

Әуелы заманда аитамын бұрынғы өткен,

Көрінер аитылғаны не себептен.

Адамның мың санағы алмаиды,

Саилауға үи санымен есепететкен.

 

Онда әділ саилау емес осында кең,

Нашары­-

Бимен облыс баиларға жем.

Шанырақ үй атына болмаған жан

Есепке алынбаиды, өлгенмен тен.

 

 

Аты бар саилауыныңын бүктемелі,

Үиі кем болған жақ бүктеледі,

Үстіне бүктегінін жұдырықтап ,

Оларға алым, шығын бүктеледі.

 

Баилары малын шашып арандалып ,

Қаранғы оқымаған надан халық ,

Бар шенде бүктеген жақ жек алып

Бір жағы орнасымен оиран қалып

 

 

Байларда саилау десе жан қылмаиды,

Әиелді саилау десе жан қалмаиды .

Жазылған үи атына кедеилерде

Жанып брын беріп жылмандайды

 

1946 жылы марттың 30күні Шар ауданындағы клубта Борко мен Базанова жолдастардың сайлаушыылардың кездесуіне арналған жиналымта айтылған.

 

 

Сайланып бүгін өтсе, ертеніңде

Бергенін қайта алады,-арланбайды.

 

Сайлауда кісі өледі арасынан,

Байлардын шенге құмар таласынан

Қым-қуыт, шым-шуыт боп кетті-барды.

Әкесі айырылысып баласынан.

 

Басқа елдін мін таба алмас сынағаны,

Дейтұғын қай жеры бар ұнамады,

Советтін жан иесі, кәрі, жасы

Сайлауға, сайлануға праволы.

 

Саспайты сары алтындай салмақтымыз,

Женімпаз әлемге айқын қайратымыз

Адал ұл, Отан сүйген адал қызын

Сайлаймыз, сайланады ардақтымыз.

 

Ежелден доспыз орыс халқыменен,

Ортақпыз атағына данқыменен.

Орыстың адал ұлы Борков жолдас,

Келген сол ата достық салтыменен.

 

Сатылған қазақ қызы кеше малға,

Қор болып қосақталып кәрі шалға

Тең еткен азамат пен әйелдерді

Көп алғыс социялістік алтын занға.

 

Ұқсаған он төртінен туған айға

Халыққа өнерімен берген пайда,

Қазақтын адал қызы, мақтанышы,

О, халқым, алдында тұр ғалым Нәйла.

 

Асылдар қап түбінде жатпайтұғын

Елінің ар-намысын сақтайтұғын.

Еңбегі қан майданда мәлім болды,

Ойдағы жұрт сенімін ақтайтұғын.

 

Тауындай Қазығұрттық тиянағам,

Қайрандап аққан кеме тоқтайтұғын,

Тасқындап тасып аққан қайнар бұлақ,

Бұрқырап буы шығып қатпайтұғын.

Оқ өтпес,

қылыш кеспес,

отқа жанбас.

Түссе де тұнғиыққа батпайтұғын.

Отанға жағаласқан жау кездессе

Талқандап табанымен таптайтұғын -

Сайлаймыз еліміздің ұл мен қызын

Халықтың мұң-мұқтажын жоқтайтұғын

 

 

 

Сот сайлануы

Салтанатты сайлауым,

Құттықтаймын жырыммен.

Заманым қайта жасартқан

Қарт ақынның тіліммен.

Кер заманның сайлауын

Көріп едім бұрын мен

Параменен сайланған

Би,болыстын түрін мен.

Рұқсатсыз кірдің деп

Жалба­‑ жұлба түріңмен,

Дүре салып кедейге

Арқамыз сан тілінген.

 

Көріп едім көзіммен,

Бұрынғы өткен заманды,

Аш қасқырдай жалаңдап

Араны ашқан адамды

Би,болысқа сайлады

Көбік ауыз наданды.

Айырады ол қайтып

Арам менен адалды.

Жұртшылыққа келетін

Пайда менен залалады.

Нашарға жала жабатын,

Ақшасын ала шабатын,‑

Байлары болды жалақор,

 

Байдың сөзін ұнатқан.

Кедейді зар жылатқан,‑

Ұлығы болды алақол.

Ақшасыз аузын ашпайтың

Әділдікке баспайтын,‑

Билері болды парақор.

 

 

Біз секілді бірлесіп,

Бір тілектес тұрмаған.

Шенгеқұмар бақ-күндес,

Ел санатын құрмаған.

Сайлау болса шабысып

Бірін-бірі ұрлаған.

 

Ауызы қыйсақ болса да

Бай сөйлесе тындаған№

Келемеждеп, кекетіп

Кедейге мойын бұрмаған.

«Мал құлағы саңырау»

«Өзімен кетсін сұм заман».

 

Біз сайлаған сотымыз

Бақытқа біздідастайды.

Нығайтады достықты

Ел бірлігін ашпайды

 

Алдына келген билікті

Қара қылды жарғандай

Қақ айырып тастайды.

Кішіпейлі,кең ойлы

Сот болдым деп аспайды.

Партияның жолынан

Табанан қия бастайды.

Ленин туы – аспандай,

Саясында өскен ел

Аспанға жуық асқардай.

Коммунизм жолына

Екпіндеп елім басқандай.

Бейбітшілік – жеңістің

Қызыл туы қолымды

өнер , білім бақытым,

бар әлемнен асқандай.

 

 

Жетістік пен таьыстың

Бір ширегін жазсам да

Болар еді дастандай.

 

Ел сайлауы жасасын, -

Қуанышты салтанат.

Өрлеп берсін бағымыз

Бір сағаттан бір сағат!

 

 

Әйел күні

 

Әйелдің күні туып,атқан таңы,

Сөнбейді мәңгі жанған бақыт шамы.

Советтік дәуірінде дәурен құрып,

Қапысыз кемеліне келген шағы.

Күнелткен бұрынғы әйел күншілдікпен,

Көрмеген қызық дәурен тіршіліктен.

Тастанды тоқал қатын отын-сушы

«Күң қатынсың» деген де сөзге іліккен.

Немесе онда әйелді малға сатқан,

Болмаса мыңнан бір теңін тапқан.

Көпшілігі қос қатын ап қоршылықта

Адамадай тұтқындалып орда жатқан.

Ғалым боп бүгінгі әйел ғылым тапқан,

Ту алып,тұлпар мініп жауға шапқан.

Қыс кетіп,жазы шығып,көлге жүзіп,

Көлбеңдеп жыл құсындай сылаң қаққан.

Ентелеп еңбек десе шыңға өрлейді,

Түскелі қол-аяқтан бұғау қапқан.

Айды өбіп,күнді құшсаң еріктісің,

Болдым деп бақытты ана енді мақтан.

Бақытты заманда қскен келін,қызым,

Олардан артық сенің басқан ізің.

Еңбегің өскен сайын өрге сілтеп

Басталды ұлы құрылыс коммунизм.

Жетпістің жетеуіне толған жасым,

Ел үшін еңбек етсем ықыласым.

Коммунизм сәулесі көрінген соң

Өнерім бұрынғымнан тіпті басым.

Ерлермен озат шыққан бірлесемін,

Жасарып қайта жасап күнде өсемін.

Мызғымас бейбітшілік туын ұстап

Әлемге нұрын жайып тұр көсемім.

 

Октябрат, Пионер!

 

Октябрат,пионер!

Саған да халқың сүйенер.

Білім кқптік етпейді,

Үсті-үстіне үйе бер.

 

Бақытты заман басында,

Тасқындап толқын жасында,

Таусылмас азық жолдасың

Өмірдің мүлкі осында.

 

Басшылық ьерген партия,

Мұғалімнің қасында.

Сендердей болған ешкім жоқ,

Бұрынғы өткен ғасырда.

 

Жалқауланбай қырыстап,

Оқыңдар сабақ дұрыстап,

Ғылым дария,сары алтын,

Сал қалтаға уыстап.

 

Сендерге арнап атқан таң,

Бақытты жастар дер шағың.

Бабаларың Ильич,

Лениннің жолын ұстағын.

 

 

 

Бұлжытпай Лениннін салған жолын

Бұлжытпай Лениннің салған жолын

Байлықтың колхоздасып таптық молын

Жыл санап табыс артып даулет асып

Күн санап гүлденіп тұр жаңа порым

Қай колхоз қай совхозға қарасам да

Кем дейтің біреуі жоқ сенің соның

Қызыл жетек колхозы шаруадан да

Егістен алып отыр бірінші орын

 

Құттықтап өлең айттым жер басында

Соқашы еркек,әйел,қарт жасына

Пар-Пар ат, пар-пар өгіз соқа айдаған

Жұмыстық қояр емес болмасына

Бір жағынан көрігі гүр-гүр етіп,

Ұстаның шарт-шұрт ұрған балғасы да

Тамашақызық көріп қимылдарын

Бірталай қарап тұрдым мен қасымда

 

 

Бұрқырап ұшқан тозан будақтанып

Өкшелеп бірін-бірі шумақталып

Желбіреп қызыл туы желдей есіп

Алдында бір әйел жүр саңлақтанып

Стахановшы жас әйел Бану аттыы

Ол маған сойлескенде мынаны айтты;

Елім бай,егісім мол,табысым көп

Көсемге орындаймыз жазған хатты

 

Ынтымақ ұйым,бірлік өте күшті

Көлігіміз сай көк соқа болат тісті

Ұстамыз Қожан деген ремонттап

Бір минут тоқтатпайды бар жұмысты

Кеш болса фонарь жағып түнде істеп

Ертеңге қалдырмайды бүгінгі істі

 

Колхоздың жан ұясы жүрегіндей

Ұстамыз әсіресе тым келісті

 

Қысқаша колхозымның айттым жайын

Озамыз бар шаруадан басқан сайын

Қазірде тырмасымен шөп машина

Бітулі сақылдап тұр бәрі дайын

 

Банудың естіген соң айтқан сөзін

Қуанып бір жасадым менің де сөзім.

Барлық колхоз осыдан кем қалмас деп,

Төрт жылда орындауға жетті көзім.

 

 

Жеңіс серті

 

Көкорай шалғын көкмайса,

Саялы самал беліме,

Құмы меруерт,тасы алтын,

Топырағы торқа жеріме,

Қыры киік,мәуелі,

Суы балық көліме,

Өнімінде өлшеу жоқ

Қайнап жатқан кеніме,

Салмақ боп қанды шеңгелін

Ұлан-байтақ еліме,

«Ежелгі жауда елдік жоқ»

Деп жүрген дұшпан «сені ме»,

Европаны жаралап

Қанға қанып семіре,

Екі көзі қанталап,

Құтырған иттей желіге,

Алмақ болып ат қойған-

Жау жерімнің шегіне.

Ерлеріме жолықты

Тас балқыған деміне,

От жайнап,оқ бүріккен

Тау құлатқан лебіне.

Сол ерлерге үн қосып

Жігер қосып кегіне,

Домбыраны ап Жамбыл қарт

«Жауға қарсы!»-деді де,

Әлеуметке жар салып,

Шақырып алды мені де.

Дабыл қақты майданға

Домбыраның шегі де.

Ғарыф болсын фашистер,

Сөздің тасқынды селіне,

Өр тасқынды өлеңім

 

 

 

Өңменінен дарысын,

Өлтіре соқсын көріне!

Қаһарлы халқым, құлақ сал

Мына бір айтақн сөзіме:

Азықты мол алыңдар,

Жеңіс иесі еріне.

Өнімнен оқ алыңдар

Ердің зеңбірегіне.

Арпа,сұлы алыңдар

Арғымақтың жеміне.

Жеңіс сертін беріңдер,

Партия кемеңгеріме!

Осыны айтып қарт ақын

Жар салды тағы еліне

 

 

 

Ұлдарыма

 

Ұлддарым майдандағы,жүрсің бе аман,

Қарсы шап қайраттанып жауға жаман.

Шатырлап нажағайдай шебін бұзып

Дұшпанның туын жығар туды заман.

 

Дүниеге неге келдік жаралғанда,

Асыл жоқ жаралғаннан адамнан да.

Жауынан елін қорғау ер борышы,

Қайтпай шап,Қайын ағыз қадалғанда.

Әлін білмей соқтығып әлек болған

Өзі тиген зұлымға обал бар ма.

 

Балта шап,тамырыма қанын шашып,

Талқанда жау қамалын алға басып.

Қанды көз,болат тұяқ ақиықтай

Жарқылда шам отындай ажарланып.

 

Туын жық,түбірімен шебін бұзып,

Қарусыз қара жерге отырғызып,

Таңба сал таңдайынан қалмайтын ғып,

Біржола бұрылмастай күдер үзіп.

Сендерсің қызыл ерлер болат берік,

Қайратты арыстандай қайтпас жүрек.

Құртыңдар туған елден фашист жауды,

Міне,осы дәл қазыіргі біздің тілек.

 

 

 

 

Төлегенге

 

Арыстандай айбатты,

Қаһармандай қайратты,

Қамқоры болған халықтың-

Тоқтарұлы Төлеген.

 

Жай отындай жарқылдап,

Жауға шаптың алқымдап,

Қазақ атын айқындап

Шыққан ерім келеден.

 

Қанын судай ағызып,

Қос өкпеден дәл үзіп,

Жемтігін итке жегізіп,

Найзасын алған жебеден.

 

Ат туады ер үшін,

Ер туады ел үшін,

Көсегемді көгертіп

Көп үшін туған ардақтым.

 

Жауға намыс бермейтін

Жау десе өрттей өрлейтін,

Тарихта атың өлмейтін,

Орны бөлек қымбаттым.

 

Жігерің қайнап бел шешпей,

Ыза кернеп дәм ішпей,

Жауға қарап түйіліп,

Түсіңді бұзып түн қаттың.

 

Жау анталап келгенде,

Қара торын көлгенде,

Бір кісідей ойламай

Қаһар оғын заулаттың.

Төлеген, саған өлім жоқ

Тарихта атың қалған соң ,

Отан үшін құрбан боп

Топырағың нұрға толған соң.

 

Тұлпар мініп ту ұстар,

Артыңда ерлер болған соң.

Сенің кегің, қаныңды

Мың есе ғып алған соң!

 

 

 

 

Жаудан жерім тазарды

 

Қанды қол,қасиетсіз,қара тажал,

Ұялмай бізді алам деп салдын назар,

Әлінді білмец жүрсін есерлікпен

Өзіндікі боларын алғашқы ажал.

 

 

Басынды әдетіңбар ұрлап енген,

Жарықты жай белгілі қарсы келген.

Арқа тіреп отырған Харьковты алдық,

Бізге қарсы келесің енді неңмен.

 

Августің жиырма үші деген күнде,

Сазаңды тартқызды ғой бір-ақ түнде,

Қонев батыр бастаған қызыл ерлер,

Түбіріңмен талқандап шықты мүлде.

 

 

Компартия бастаған Совет елі,

Қайтпайтын , қажымайтын қайраткері,

Ілезде өз Отанын тазартады,

Басқаның керек емес бізге жері.

Құттықтап қуанышпен жазған сөзім,

Ерлерге алғыс айтар келді кезім.

Жалынды өрттей лаулап осы бетпен

Жау жеріне баруына жетті көзім.

 

 

 

 

Біздің Ел Егескенді Бұрын да алған

 

Біздің Ел Егескенді Бұрын да алған,

Талай жау қанесорпа боп шығындалған.

Артына қарауға да мұрша бермей,

Қызыл ер фашистерге ойран салған.

 

Ес кетіп,ебі қашып,қан жоса боп,

Көз ашпай жау қашуда қырылғанмен,

Қарайсың қара беттер не бетіңмен

Жылтырап екі көзің қызыл қаннан.

 

Қолынан түк келмейтін қанды қол деп,

Олжаң сол,жердің жүзі сырыңды алған.

Тарыдай табаныма тас баткан жоқ

Еңбекші ел үкімет боп құрылғанан

 

Қырандай сорғалап шарықтадық,

Төбеңнен түйіп түсіп қалықтадық ,

Олжаңның құрал-сайман қисабы жоқ,

Атақты ұлы қала Киевты алдық..

 

Қоя ма,өнімді өнер,жігерлі күш,

Ілезде-ақ жер шетіне барып қалдық,

Бұрында атқан таңдай жарық едік,

Жарқырап шыққан күндей анықталдық.

 

Қолқанды үзіп,басыңды кесермін де,

Ендігің жарар дейсің неше күнге .

Сен түгіл,сенен зорлық шақ келмейді,

Біздің күшті қаһарман жауынгерге.

 

 

 

Жана жыл

 

Жана жыл,қош келесің нұрын шашып,

Қырық үштен қырық төртке аяқ басып,

Келген соң құрмет үлкен жеңіс жылын,

Қарсы алдым құлаш жайып,қойнымды ашып.

 

Жеңіс жыл болуына тұрмыз сеніп,

Күлімдеп қуанышпен келдің төніп.

Барлығын жан-жануар шаттандырып,

Жарқырап алтын таудай сәулеттеніп.

 

Қайырлы болып еді өткен жыл да,

Совет халқы белшеден батқан нұрға.

Майданда әскеріп жауды жеңіп,

Мұндағы гүлденіп тұр жатқан тыл да.

 

Сен одан болуың хақ жүз есе артық,

Аламыз жау қолынан жерді тартып,

Құрытып жау тамырын түбірімен

Аспанда шалықтаймыз құстай қалқып.

 

Қалады жер бауырлап арам терлер,

Қоимайды біздің көсем кемеңгер ер,

Жарқылдап төбесінен жайдай түсіп,

Партия бастап тұрған қызыл ерлер.

 

 

 

 

ТОЙ ТОЛҒАУЫ

 

Домбырамды қолға алып,

Жел маядай желейін.

Шарықтайын Толғанып,

Жыр маржанын терейін.

Сыр сандығын ақтарып,

Бүлкідесін көмейім.

Көкке өрлеп қиялым,

Сөз нөсерін төгейін.

 

Кәрі серік домбыра,

Құландайын құлдырап,

Мен де саған ерейін.

Жас жетсе де жаным жас,

Мен қартайдым демеймін.

Көңіл құсы,қанат қақ,,

Желдей жүйткіп жөнейін,

Жауар күндей түнеріп

Жау басына төнейін.

Жай оғындай жырымды

Боратып оқтай себейін,

Жау жағасы жығылып,

Болғанда үстем мерейім.

Қаумалаған халқыма,

Біраз толғап берейін.

Толқып тоқсан толғанып,

Қырандайын қомданып,

 

Екі дүние көлемін

Тегіз көрген көнемін.

Е-е леп қиқу шыққанда,

Ерік бермес тоқтарға

Өршеленіп өр қиял!

Көк дауылдай долданып,

Көрген көлкіп көлқазір,

Ойым-теңіз көл-қайық,

Сезім сула,дауылпаз,

Ой аспанын кел сайып.

Желге қарсы желігіп,

Зырламасың ерігіп,

Көңіл құсы сенде айып.

Айта алмасам ел айып.

 

Ата қоныс мекеннен,

Ел айрылған кезінде,

Бауыр басқан елінен,

Жер айырған кезінде:

Қара нұр калың нұрынын,

Бел айырған кезінде,

Көк ала үйрек көркінен,

Көл айналған кезінде,

Патшаның отар түнінен,

Күдер үзіп түңілген,

Кіреукесі сетіліп,

Сенген семсер кетіліп,

Еніреп босқан елінен,

Ел айырылған кезінде-

Торын бұзып азаптың,

Бұғауын үзіп мазақтың

Ерлікті байтақ ел етіп,

Терезесін тең етіп,

Алып берген азат күн,

Шаңырағын көтеріп,

Ұлы Ленин данышпан,

Отауын тіккен қазақтың.

Тайпалған жорға табаным,

Мен емес шашар шабаның.

 

 

Ұлы думан ерекем,

Күндей куліп келгенде,

Делебем қозып дүбірге

Қосыла мен де шабамын.

Қу медиян, қу дала,

Құлазыган құм ғана,

Таппаган ешкім амалын;

Аты қалган мақалда,

«Жапалақ ұшпас жапанға»

Жан бітірген жайнатып,

Алтайдан сонау Еділге,

Аралдан мынау Ертіске(

Емірене қарады;

Бақытты қазақ жайланган,

Алалы жылқы, ақты қой

Төрт түлігін айдаған,

Келбетін көрдік даланың,

Аспанда аймен тілдескен,

Көкте күнмен тірескен

Сәулетін көрдім қаланың

Жайдары өскен ақжарқын,

Салтанатты ел салтын,

Өзгеше өмір адамын;

Дүниені меңгерген,

Алдына тау өңгерген,

Өнер, ғылым, сананың

Толып жатқан бар жайын,

Қазақстан елінің,

Қарағанды көмірін,

Лениногор, Шымкент пен

Жезқазғанның жезінің,

Қоңырат пен Ащысай,

Эмба нефті кенінің,

Алтай, Орал, Алатау,

Сарыарқаның жерінен,

Колхаз, совхоз қалын ел

Көз жеткісіз егінін,

Төрт түлігі түгел сай

Сан жеткісіз өнімін,

Арттыруға ақтады

Қазақстан тылда да

Отанға берген сенімін.

Залым жылын өрмелер,

Басына биік шынардын,

Заһарін төгіп жемекке

Балапанын қыранның.

Қиядан шалған ер қыран

Қырды бәрін жыланның.

Қажымас батыр халықпыз,

Әлемнің зәулім шынары.

Теңдесі жоқ алыппыз,

Сарқылмас күштің бұлағы.

Айтатын келді кезегім,

Суы шәрбет өзенім,

Ертісті еміп тел өстім,

Талған емес өзегім,

Ет алыбы орнаған

Ертісімнің жағасы,

Мәдениет ордасы

Ежелгі Семей қаласы.

Ардагер Абай туған жер,

Ақандардың ағасы.

Қара Қалба, тау Шыңғыс,

Ақтарсан алтын саласы.

Үстем болсын мерейін,

Дейді қазақ баласы!

Қаумалаған халайық,

Жырыма құлақ салыңыз,

Ата дәстүр салтымен,

Кәдесін айтты кәріңіз.

 

 

 

Тойың тойға ұласып,

Шалқыйтың келді шағымыз.

Толғалы отыр жиырма бес,

Қонғалы басқа бағымыз.

Қуанардай досың сүйініп,

Жылардай дұшпан күйініп,

Таң қаларлық табыспен,

Жер жарған данқы табыспен.

Қарсы алайақ бәріміз!

 

1945ж.

 

 

 

Беибтшілік Сақшысы

 

Елімнің ен дәулеті байтақ жерін

Қорғаған қарулы күш жауынгерім.

Түлеткен тұғырында ақиқатай

Ленин құрған партия кеменгерім.

 

Кешегі қан майданда өмірге өлім-

Төнгенде отамақ боп өмір гүлін.

Ерімнің батырлығы әлем білді,0

Өлімнің ұшырды ол көкке күлін.

 

Бүгінгі бейбіт өмір сақшысы боп

Тұрғанда жауынгерлер, катерім жоқ..

Қорғайтын бақытымды қамалым сол-

Болат төс өткізбейтін Отанға оқ..

 

1951ж

 

 

 

Ту Қолда

 

Бейбітшілік ту қолда,

Октябрьде атқан таң.

Бар әлемге жаққан шам.

 

Атқан сол таң көгінде,

Қала, далам электр

Түнім-күндей,қысы-жаз,

Орман, бақша, шалғын,саз

Жеңіліп дүлей мылқаулық.

Бағынды бізге жер енді,

Еңсесі биік ер халық.

 

Тұрмыс қандай оңдалды,

Таудай тілек,міндет бар.

Жөңкіген соған күш қалың,

Сенімі кәміл орындар.

 

Партия берген нұсқауын,

Қолхозым шалқып тағы өспек.

Толықсын сала,сайымен,

Елімді барлық кенелткен,

Астық,ет,жүн, майымен,

Бейбітшілік ту қолда.

Халқым құлаш сермей бер,

Жарқыраған шыңдарға

Басқан сайын өрлей бер.

 

 

 

 

***

Тайғақ кешу,тар жолдан

Аман алып өткізген

Қайғылы қара бұлтты

Басымыздан кеткізген,

Басқа түгіл, мал түгіл

Жанымыз құрбан жеңіске,

Бұл бақытқа жеткізген.

 

Қайырлы болсын қуаныш,

Келешек өмір артымен.

Білек те бір, тілек бір

Ынтымақты қалпымен.

Партия, Қызыл Армия

Жасасын барлық халқымен

 

***

Айбатым арыстанның білегіндей,

Ерлігім жолбарыстың жүрегіндей.

Ақиық алғыр қыран ерлерім бар

Сұңқардың шыңнан шыққан түлегіндей.

Дұшпанға қараңғылық орнатады,

Сырапыл сұран соққан түнегіндей,

Екі жүз миллион халық оң алты одақ

Ұйымшыл бір кісінің тілегіндей.

Қапым жоқ, қауіпсізбін көсемім бар,

Мызғымас жер мен көктің тірегіндей.

Еңбекші ел ерлігі асқан қалың халық,

Өрге өрлеп өрттей шалқып жалындадық.

Үстінде қара түнек қан майданның

Орнына ортайғанның қалыңдадық.

Тау құлап үстімізге тас жауса да

Шыбынның шаққанындай налынбадық.

 

 

Болған соң тілек бірге,тірек күшті,

Бар істі ойдағыдай орындадық .

 

 

Әлемге айқын болды асқанымыз,

Бір бүктеп екі алыпты басқанымыз.

Болса да жер жүзінде қанша халық

Бір соның ең жоғарғы аспанымыз.

Күн сайын жайнап өсіпт келе жатыр

Жарқылдап жай оғындай жастарымыз.

Тұрады артығымен орындалып

Бесжылдық алға қойған жоспарымыз

 

 

Тұрмыстың толқынына түстін жалдап ,

Өмірдің құбылысы бұл бір толғақ,

Жолына коммунизм бетті бұрып

Тұрғанда социялдық толық орнап.

 

Қол сұқты Отаныма Германия

Өзінің жазған шартын өздері алдап.

Көпшілік ,қайраттанып ұмтылындар,

Тазарсын шегімізден жауыз қармақ.

 

Жүрсе де үйде , түзде тағдыр біреу,

Келмейді ажал оғы ажар талғап.

Өзімнің жүріп-тұрар қуатым жоқ,

Отырмын сөзбен атып,тілмен қарғап.

Көрдіндер ел шетіне жау келгенін

Білгенге Отан деген ауыр салмақ.

Соқтықты өзі келіп жай жатқанда,

Мүмкін бе жағаласпау елді қорғап.

Ақыры біз женеміз партия бар

Болжайтын кемеңгерім кеңнен толғап.

 

 

Бізде көп құрал-сайман,өнер,қайрат,

Айтуға тіл жетпейді бәрін талдап,

Ленин,Карл Маркс, Энгельстің

Дүниеге айтқан сөзі мәңгі қалмақ.

Тарихта бұл соғыстын бізге болмақ.

Біз жеңіп,коммунизм орнауына

Болмайд деп айнымасын жүрек толғап.

 

 

 

 

Тұрғаным түгел,қапым жоқ

Қазынасы қалың жерім бар,

Қайнап жатқан кенім бар.

Жағасы гүлдеп жайнаған,

Ен байтақ елім жайлаған,

Бұлбұл құсы сайраған

Балықты Балқаш көлім бар.

Жыл сайын санын асырып

Жердің жүзін жасырып,

Мыңғырып жатқан төлім бар.

Тұкымды толық мол салған,

Бармағынан бал тамған

Берекелі елім бар.

Жауға шапса екпінді

Жігерлі қайрат текпінді,

Еңбегінде өнім бар.

Алатау, Кавказ қосылса,

Салмағын салып басылса,

Қайыспайтын белім бар

Ұшқан құс асып өтпейтін,

Атқан оқ өрлеп жетпейтін,

Көк тіреген өрім бар.

Қабағынан қар жауған,

Қылышынан қан тамған

Қызыләскер ерім бар.

Салақтап жанға байланған

Аш қасқырда өлім бар.

Жау шыдамай тұруға,

Айқындалды құруға

Жүректе толық сенім бар.

Түтіні түйдек қосылған,

 

 

 

 

От жақпай қазан пісірген,

Шалқыған жалын демім бар.

Осынымның бәрі рас,

Азуым қарыс бір құлаш,

Қай жерімде мінім бар?!

Тұрманым түгел, қапым жоқ,

Арыстан аға алдымда,

Отанды қорғар інім бар.

 

 

 

 

 

жылы бейбітшілік туралы

Қол қойған ұлы мәжілісте

Еңбекші ел еркін өскен бақыты зор

Өнер,білім табысы онан да мол

Бейбітшілік жолына жігер салып,

Нығайып өрлеудегі мақсаты сол

Өмірдің рахаты бейбітшілік

Дүние жүзі әлемге бақытты жол.

Кешегі соғысқұмар сойқандының

Ақыры болған жоқ па өзіне сор

Пәлені кім іздесе оған да сол.

Жігерлі бар ынтамен қоялық қол.

Халқымның қамал бұзған қаһарманы

Оған күш тең келмеген жаһандағы.

Жерімнен жемтік дәме еткен дұшпан

Бассалмақ болып талай бата алмады

Кешегі қан майданда өмірге өлім,

Төнгеде отамақ боп өмір гүлін

Әлемге батыр даңқын мәшһүр етіп

Бүгінгі бейбіт өмір сақшысы боп

Тұрғанда жауынгерім каупім –жоқ,

Өйткені берік құрыш қамалым сол

Өркеуде өткізбейтін Отанға оқ.

Сондықтан жырым бейбіт еңбек жырым,

Еңбекте озып шыққан ерлер жыры.

Шұғылалар коммунизм шыңына өрлеу

Жырдың да,еңбектің де терең сыры.

Шұғылалы коммунизм құрылысынна

Құлшына кіріс,барлық тусқаным!

 

 

 

Көктем

 

Келді көктем,

Нұрын төккен,

Күн шұғыласын төндіріп

Нәсіп еткен,

Жаңбыр көктен,

Құйылып тұр сел қылып.

 

Егін еккен ,

Тұқым сепкен,

Колхозшылар өндіріп.

Бәрі шектен,

Асып кеткен

Ұшан – теңіз мол қылып.

 

Өнім артып ,

Асып шалқып,

Еңбек туы дүрілдеп .

Шарадан асып ,

Екпіндей тасып,

Тоған суы гүрілдеп

 

Алмастың өзі,

Соқаның түзі,

Ұстарадай дірілдеп.

Алып күші,

Болат тісі,

Тас тұрсада тілімдеп.

Трактористі

Бөкен желіс,

Шаттық кернеп күлімдеп.

Бірінші май

Ежелден ұлы мейрам Бірінші Май

Тоғызы жеңіс мейрам осыған сай

Бір айда екі мейрам сауық салып,

Масайрап бақытты елім болады жай.

 

Сауықшыл салтанатты бақытты елім,

Ақын,әнші бұлбұлын сайратып тұр

Көктемге көңілденіп күлеп шығып ,

Қазанын мол өнімнен қайнатып тұр.

 

Егіске шықты колзоз шеру тартып ,

Табысқа көңіл сеніп бойы балқып.

Қаптаған жыл құсындай тракторлар

Қопарып тау,даланы түгел қарпып.

 

Құт құйған ,

Қыдырып қонған колхоз,совхоз

Ізінен алтын ағып,жұпар аңқып,

Үстіне дән себіліп ,нұр төгіліп,

Кең далам, кербез далам жатыр шалқып.

Соғыста қалай істеп,қалай жеңдік

Жоспарды орындаймыз одан да артық.

 

Қан жауған қара түнек күн ашылды,

Қаптаған дүние жүзін өрт басылды ,

Құртылып қаскүнем жау,ордасымен,

Біз тугел талай шетел көзі ашылды .

Осындай ұлы жеңіс естілмейді

Бұрынғы қарастырсақ сан ғасырды ,

Партия көпке ба&

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.