Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Бап. Мемлекеттік тіркеу объектілері



1. Жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауы, өзгеруі немесе тоқтатылуы, сондай-ақ заңдық талаптар құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады.
2. Осы Заңның 6-тарауында көзделген жағдайларды қоспағанда, осы Заңда белгіленген тәртіппен осындай құқық тіркелмейінше, жылжымайтын мүлікке құқықты беру де, оның ауыртпалығы да, өзгеруі немесе тоқтатылуы да құқықтық кадастрда тіркелмейді.

4-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу

Жылжымайтын мүлікке мынадай құқықтар құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады:
1) меншік құқығы;
2) шаруашылық жүргізу құқығы;
3) оралымды басқару құқығы;
4) кемінде бір жыл мерзімге жер пайдалану құқығы;
5) үстемдікке ие жер учаскесінің немесе өзге де жылжымайтын мүлік объектісінің пайдасына кемінде бір жыл мерзімге сервитуттар.
Өзге құқықтар құқық иеленушілердің қалауы бойынша тіркелуі мүмкін.
Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

5-бап. Жылжымайтын мүлікке құқық ауыртпалықтарын
мемлекеттік тіркеу

Жылжымайтын мүлікке құқықтардың мынадай ауыртпалықтары құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады:
1) кемінде бір жыл мерзімге пайдалану құқығы, соның ішінде жалға беру, өтеусіз пайдалану, сервитуттар, өмір бойы қарауында ұстау құқығы;
2) сенімгерлікпен басқару құқығы, оның ішінде қорғаншылық, қамқоршылық кезінде, мұралық құқық қатынастарында, банкроттықта және басқаларында сенімгерлікпен басқару құқығы;
3) кепіл;
4) тыйым салу;
5) мемлекеттік органдардың өз құзыреті шегінде жылжымайтын мүлікті пайдалануға, оған билік етуге немесе белгілі бір жұмыстарды орындауға шектеу қоюы (тыйым салуы);
6) басым мүдделерді қоспағанда, Қазақстан Республикасының
заңдарында көзделген жылжымайтын мүлікке құқықтардың өзге
ауыртпалықтары.

6-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар
ауыртпалықтарының) өзгерістерін мемлекеттік
тіркеу

1. Құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге:
1) осы баптың 2-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, жылжымайтын мүлік объектісінің құқықтық кадастрды жүргізу үшін қажетті сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруі;
2) құқықтық кадастрдың тіркеу парағында қамтылған құқық иесі туралы мәліметтердің өзгеруі;
3) заңнамалық актінің негізінде құқық түрінің өзгеру жағдайын қоспағанда, құқық түрінің өзгеруі;
4) егер олар тіркеу парағында қамтылған мәліметтерге қатысты болса, жылжымайтын мүлік объектісіне белгіленген құқықтардың көлеміне әсер етсе немесе олар тараптардың келісімі бойынша тіркелуге тиіс болса, шарттар талаптарының өзгеруі жатады;
5) егер, бұл осы Заңда, өзге де заңнамалық актілерде немесе тараптардың келісімінде көзделсе, өзге өзгерістер құқықтық кадастрда мемлекеттік тіркеуге жатады.
2. Жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамаларының өзгеруі мемлекеттік органдардың шешімі бойынша болған жағдайда, оның ішінде елді мекендердің атауы, көшелердің аты, сондай-ақ үйлер мен өзге де құрылыстардың реттік нөмірлері (мекенжайы) өзгерген кезде немесе Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысын реформалауға байланысты кадастрлық нөмірлер өзгерген кезде мұндай өзгерістерді тіркеу құқық иеленушіге жүктеле алмайды және өтеусіз жүзеге асырылады.
Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2008.12.10 № 101-IV (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

7-бап. Мемлекеттік тіркеудің құқықтық маңызы

1. Осы Заңның 4, 5 және 6-баптарына сәйкес құқықтық кадастрда міндетті мемлекеттік тіркеуге жататын жылжымайтын мүлікке құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары), егер осы Заңда және өзге де заңнамалық актілерде өзгеше көзделмесе, олар мемлекеттік тіркелген сәттен бастап туындайды.
Егер тіркеуден бас тартылмаса, мемлекеттік тіркеу сәті болып өтініш берген сәт танылады.
Егер құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесі келіп түссе, онда жылжымайтын мүлікке құқықты мемлекеттік тіркеу кезі тіркеуші органның жүргізілген тіркеу туралы хабарлама жіберуі арқылы оның туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын растау кезі болып табылады.
2. Құқықтық кадастрда міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымайтын мүлікке құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары), егер тараптардың келісімінде өзгеше белгіленбесе, Қазақстан Республикасының тиісті қатынастарды реттейтін заңнамалық актілеріне сәйкес туындайды.
3. Алып тасталды - ҚР 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
4. Бұрын туындаған құқықтар осы Заңның 6-тарауында көзделген тәртіппен құқықтық кадастрда есептік тіркеуге жатады.
5. Жеке тіркелетін немесе жер учаскелеріне құқықтарды мемлекеттік тіркеумен бірге тіркелетін бастапқы және кейінгі объектілерге құқықтарды қоспағанда, жер учаскесіне құқықтарды мемлекеттік тіркеу кезінде бір мезгілде жер учаскесімен тығыз байланысты жылжымайтын мүлікке құқықтар тіркелген болып есептеледі.
6. Жылжымайтын мүліктің бір ғана сол объектісіне бірнеше құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) арасындағы басымдықтарды белгілеу кезінде мына ережелерді негізге алу қажет:
1) осы Заңның 4 және 5-баптарына сәйкес мемлекеттік тіркеуге жататын, құқықтық кадастрда жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) тіркелмегендердің алдында басымдыққа ие болады;
2) жылжымайтын мүлікке бұрын пайда болған құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) басымдығы құқықтары туындаған күн бойынша азаматтық заңнамаға сәйкес белгіленеді.
7. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді енгізген сәттен бастап құқықтық кадастр және құқық белгілейтін құжат жылжымайтын мүлікке тіркелген құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) растайтын бірден-бір ақпарат көзі болып табылады.
Құқықтық кадастрда және құқық белгілейтін құжатта қамтылатын мәліметтерде алшақтықтар болған жағдайда, басымдық алшақтықтың мәні ескеріле отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес айқындалады.
Ескерту. 7-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 № 15-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

8-бап. Басым мүдделер

Құқықтық кадастрда міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын басым мүдделер:
1) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген жалпы ережелер мен тыйым салулар ретіндегі ауыртпалықтар;
2) нормативтік құқықтық актілердің негізінде туындайтын құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары), оның ішінде жалпыға қолжетімді жабық емес жер учаскелерінде болу және олардан жаяу өту құқығы, жария сервитуттар;
3) кемінде бір жыл мерзімге жер пайдалану құқығы;
4) бөтен жылжымайтын мүлікті бір жылдан аз мерзімге пайдалану құқығы, соның ішінде бір жылдан аз мерзімге жалдау, өтеусіз пайдалану құқығы, сервитуттар;
5) электр желілеріне, телефон және телеграф желілеріне және бағандарға, құбырларға, геодезиялық нүктелерге және қоғамдық қажеттіктермен шарттастырылған басқа да коммуникациялық желілерге адамдардың қол жеткізу және көлік өту құқығы;
6) иелену мерзімінің ескіруіне орай іс жүзіндегі иесінің жылжымайтын мүлікке меншік құқығын белгіленген тәртіппен танығанға дейін құқық иесі болып табылмайтын адамдардың жылжымайтын мүлікті іс жүзінде иеленуі;
7) мемлекеттік тұрғын үй қорындағы тұрғын үй-жайларын пайдалану құқығы немесе жергілікті атқарушы органдардың жеке меншік тұрғын үй қорынан жалға алған тұрғын үй-жайларын пайдалану құқығы болып табылады.

9-бап. Мемлекеттік тіркеуге құжаттарды беру мерзімі

1. Осы баптың 4 және 5-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тұлға құқық (құқық ауыртпалығы) туындауы үшін негіз болып табылатын заңдық факт басталған, оның ішінде шартты нотариат куәландырған, сот шешімі күшіне енген, өзге де құқық белгілейтін құжаттар берілген кезден бастап алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті.
2. Жеке және (немесе) заңды тұлғалардың осы баптың 1-тармағында белгіленген мерзімді бұзуы Қазақстан Республикасының заңында көзделген жауаптылыққа әкеп соғады.
3. Алынып тасталды - ҚР 2009.04.22 № 151-IV Заңымен.
4. Мемлекеттік органдар мен уәкілетті адамдар салатын құқықтар ауыртпалықтарын және осындай құқықтар ауыртпалықтары құқық иесінің өзінің ерік білдіруінсіз белгіленетін басқа да жағдайларда мемлекеттік тіркеу туралы өтініштер, сондай-ақ заңдық талаптарды тіркеу туралы өтініштер мемлекеттік тіркеуге дереу берілуге тиіс.
5. Құқықты (құқық ауыртпалығын) мемлекеттік тіркеуді болғызбайтын ауыртпалықтар болған кезде тұлға ауыртпалықты тоқтату үшін негіз болып табылатын заңдық факт басталған кезден бастап алты айдан кешіктірмей мемлекеттік тіркеу туралы өтінішпен жүгінуге міндетті.
Ескерту. 9-баптың 3-тармағына түсініктеме берілді - ҚР Конституциялық Кеңесінің 2008.04.23 № 4 Нормативтік қаулысымен.
Ескерту. 9-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2009.04.22 № 151-IV, 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

10-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу
үшін алым алу

Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен алым алынады.

2-тарау. ҚҰҚЫҚТЫҚ КАДАСТР

11-бап. Құқықтық кадастрды жүргізу

1. Құқықтық кадастрды тіркеуші органдар жүргізеді және онда жылжымайтын мүлікке қолданылатын және тоқтатылған құқықтар және тіркеудің өзге де объектілері туралы ақпарат, жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамалары, құқық иелері туралы мәліметтер, құқықтық кадастрдың мәліметтеріне бар сұрау салулар туралы ақпарат қамтылады.
Құқықтық кадастр тіркеуші органға оларды тіркеуге уәкілетті органдар берген азаматтық әуе кемелеріне, теңіз кемелеріне, ішкі суда жүзу кемелеріне, "өзен-теңіз" жүзу кемелеріне тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтерді де қамтиды.
2. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуді тіркеуші органдар жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру және құқықтық кадастрды жүргізуге қажетті басқа да сипаттамаларын ескере отырып жүзеге асырады.
3. Құқықтық кадастрдағы барлық жазбалар жылжымайтын мүліктің әрбір объектісіне және оларға теңестірілген объектілерге жүргізіледі. Жылжымайтын мүлік объектілері кадастрлық нөмірмен сәйкестендіріледі.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын), жылжымайтын мүлікке теңестірілген объектілерге құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы барлық жазбаларды тіркеуші орган құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне енгізеді.
Құқықтық кадастрдың бірыңғай ақпараттық жүйесін уәкілетті орган қалыптастырады.
Құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесін жүргізудің және пайдаланудың тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
4. Құқықтық және өзге де кадастрларды жүргізу мақсатында ақпарат алмасу бойынша мемлекеттік органдардың өзара іс-қимыл жасау тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Ескерту. 11-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 29.09.2014 N 239-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi).

12-бап. Құқықтық кадастрдың құрамы

Құқықтық кадастр:
1) тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабынан;
2) тіркеу кітабынан;
3) құқықтық кадастрдан мәліметтер беруге сұрау салуларды есепке алу кітабынан;
4) тіркеу істерінен;
5) азаматтық әуе кемелеріне, теңіз кемелеріне, ішкі суда жүзу кемелеріне, "өзен-теңіз" жүзу кемелеріне тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы мәліметтерді есепке алу кітабынан;
6) ақпараттық жүйеден тұрады.

13-бап. Мемлекеттік тіркеуге келіп түсетін құжаттарды
есепке алу кітабы

1. Мемлекеттік тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабын тіркеуші органдар жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын және өзге де тіркеу объектілерін мемлекеттік тіркеуге берілген өтініштердің арасындағы басымдықты есепке алу және белгілеу мақсатында жүргізеді.
2. Мемлекеттік тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабына енгізілген өтініштердің арасындағы басымдық мемлекеттік тіркеуге өтініш берілген күні, сағаты және минуты бойынша белгіленеді.
3. Мемлекеттік тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабының нысанын, мазмұнын және жүргізілу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

Бап. Тіркеу кітабы

1. Тіркеу кітабы жылжымайтын мүлік объектілеріне толтырылатын тіркеу парақтарынан тұрады.
Жекелеген тіркеу парақтары жылжымайтын мүліктің мынадай объектілеріне:
1) жер учаскесіне;
2) жылжымайтын мүліктің кейінгі объектісіне;
3) онда орналасқан бастапқы жылжымайтын мүлік объектілерімен бірге жер учаскесіне толтырылуы мүмкін.
2. Тіркеу парағы мынадай төрт бөлімнен тұрады:
1) осы баптың 1-тармағында көрсетілген жылжымайтын мүліктің сәйкестендіру сипаттамалары;
2) үстемдікке ие жер учаскесінің немесе жылжымайтын мүліктің басқа объектісінің пайдасына белгіленетін сервитуттар бөлініп көрсетілген жылжымайтын мүлікке құқықтардың тізілімі;
3) кепіл бөлініп көрсетілген жылжымайтын мүлікке құқықтар ауыртпалықтарының, сондай-ақ жылжымайтын мүліктен туындайтын міндеттемелердің тізілімі;
4) заңдық талаптардың және жылжымайтын мүлікке құқықтардың немесе құқықтар ауыртпалықтарының туындауына әкеп соқпайтын мәмілелердің тізілімі.
3. Тіркеу парағына жазбаларды енгізудің нысаны мен тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

Бап. Тіркеу ісі

1. Осы баптың 3-тармағында көзделген жағдайды қоспағанда, тіркеу ісі әрбір жер учаскесіне жүргізіледі және онда құқық белгілейтін әрі тіркеуге берілген өтінішке қоса тіркелген басқа да құжаттардың көшірмелері, оның ішінде жер учаскесіне сәйкестендіру құжатының көшірмелері, сондай-ақ жылжымайтын мүліктің осы объектісіне немесе оның құқық иелеріне қатысты тіркеуші органның құжаттары және электрондық құжаттардың қағаздағы көшірмелері қамтылады.
2. Кондоминиум объектісінің құрамына кіретін жылжымайтын мүлік объектісінің әрбір кейінгі объектісіне жеке тіркеу ісі жүргізіледі.
3. Қажет кезде, жылжымайтын мүліктің бірнеше бастапқы объектісі орналасқан жер учаскесіне тіркеу ісі бірнеше том болып жүргізіледі.
Ескерту. 15-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.04.27 № 15-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

16-бап. Құқықтық кадастрдан ақпарат беруге сұрау
салуларды есепке алу кітабы

1. Құқықтық кадастрдан ақпарат беруге сұрау салуларды есепке алу кітабын тіркеуші органдар келіп түсетін сұрау салуларды және құқықтық кадастрдан берілген ақпаратты есепке алу мақсатында жүргізеді.
2. Құқықтық кадастрдан ақпарат беруге сұрау салуларды есепке алу кітабының нысанын, мазмұнын және жүргізілу тәртібін уәкілетті орган айқындайды.

17-бап. Құқықтық кадастрдан мәліметтер беру

1. Құқық иесінің сәйкестендіру деректерін (жеке тұлғаның тегін, атын, әкесінің аты мен туған күнін, заңды тұлғаның атауы мен тіркеу нөмірін) қоспағанда, азаматтар және басқа да құқық иелері туралы ақпаратты ашатын мәліметтер (дербес деректер) берілмейді.
2. Құқықтық кадастрдың тіркеу ісінде жатқан құжаттардың көшірмелері сот, құқық қорғау органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттеріне сәйкес, оңалту және банкроттық рәсімдерін жүргізу шеңберінде уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың, мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясының (таратушының) уәжді сауалдары бойынша ұсынылады. Өзге тұлғаларға көрсетілген ақпарат құқық иесінің жазбаша келісімімен беріледі.
3. Жылжымайтын мүліктің нақты объектісі бойынша ақпарат және жеке немесе заңды тұлғаның тіркеуші орган куәландырған, өзіндегі жылжымайтын мүлік объектілеріне құқықтары туралы жинақталған деректер құқық иесінің (уәкілетті өкілдің) сауалдары бойынша және:
1) адвокаттардың;
2) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттеріне сәйкес жүргізуінде жатқан қылмыстық, азаматтық, әкімшілік істер бойынша құқық қорғау, сот органдарының;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттеріне сәйкес жүргізуінде жатқан атқарушылық құжаттар бойынша сот орындаушыларының;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген құзыреттеріне сәйкес мемлекеттік кіріс органдарының және басқа да мемлекеттік органдардың;
5) нотариустардың, мұрагерлердің;
6) оңалту және банкроттық рәсімдері шеңберінде уақытша, банкроттықты және оңалтуды басқарушылардың, мәжбүрлеп таратылатын заңды тұлғаның тарату комиссиясының (таратушының);
7) қорғаншылық және қамқоршылық органдарының;
8) құқық иесінің жазбаша келісімімен өзге де тұлғалардың уәжді сауалдары бойынша беріледі.
4. Құқықтық кадастрдан ақпаратты, сондай-ақ құқықтық кадастрдың тіркеу ісіндегі құжаттардың көшірмелерін тіркеуші орган ақпарат алуға сұрау салу берілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей беруге тиіс.
5. Құқықтық кадастрдан ақпарат беру тәртібін уәкілетті орган айқындайды.
Ескерту. 17-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.03.2014 N 177-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 07.11.2014 № 248-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

3-тарау. ҒИМАРАТТАРДЫ, ҚҰРЫЛЫСТАРДЫ ЖӘНЕ (НЕМЕСЕ) ОЛАРДЫҢ
ҚҰРАМДАСТАРЫН МЕМЛЕКЕТТІК ТЕХНИКАЛЫҚ ТЕКСЕРУ

18-бап. Ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың
құрамдастарын мемлекеттік техникалық тексеру
саласындағы мемлекеттік монополия

Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - ҚР 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеудің қажетті шарты ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық тексеру болып табылады.
2. Ғимараттарды, құрылыстарды және (немесе) олардың құрамдастарын мемлекеттік техникалық зерттеп-қарау жөніндегі қызмет мемлекеттік монополияға жатады және оны Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылған республикалық мемлекеттік кәсіпорын және оның филиалдары жылжымайтын мүлік объектісінің орналасқан жері бойынша жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік техникалық тексеру бастапқы және кейінгі зерттеуді, сондай-ақ ғимараттарға, құрылыстарға немесе олардың құрамдастарына кадастрлық нөмір беруді қамтиды.
Бастапқы тексеру жаңадан құрылған жылжымайтын мүлікке жүргізіледі. Жылжымайтын мүлік объектісін бастапқы тексеру нәтижелері бойынша техникалық паспорт жасалады.
Кейінгі тексеру ғимараттарды, құрылыстарды немесе оның құрамдастарын реконструкциялау, қайта жоспарлау, қайта жабдықтау нәтижесінде олардың техникалық және (немесе) сәйкестендіру сипаттамалары өзгерген кезде, осындай сипаттамалардың өзгеруі техникалық паспортта кейінгі тексеру жүргізбестен көрсетілуі мүмкін болатын жағдайларды қоспағанда, оның ішінде кадастрлық нөмірі, мекенжайы, мекенжайдың тіркеу коды (ол бар болған кезде) өзгерген кезде жүргізіледі.
Кейінгі тексерудің нәтижелері бойынша анықталған өзгерістер көрсетілетін техникалық паспорт ресімделеді.
4. Мемлекеттік техникалық тексеруді жүргізудің тәртібі мен мерзімін, бастапқы және кейінгі жылжымайтын мүлік объектілеріне кадастрлық нөмір беру тәртібін, сондай-ақ техникалық паспорттың нысанын уәкілетті орган айқындайды.
5. Мемлекеттік монополия субъектісі өндіретін және (немесе) өткізетін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) бағаларын монополияға қарсы органмен келісу бойынша уәкілетті орган белгілейді.
Ескерту. 18-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2011.07.21 № 468-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі); 29.09.2014 N 239-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Заңдарымен.

19-бап. Мемлекеттік техникалық тексеру үшін ақы

Ескерту. 19-бап алып тасталды - ҚР 2012.07.10 № 34-V (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

4-тарау. ЖЫЛЖЫМАЙТЫН МҮЛІККЕ ҚҰҚЫҚТАРДЫ МЕМЛЕКЕТТІК ТІРКЕУ ТӘРТІБІ

20-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу
жүргізу тәртібі

1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу мынадай тәртіппен жүргізіледі:
1) мемлекеттік тіркеу үшін осы Заңның 21-бабында көзделген құжаттарды қабылдау;
2) жасалатын мәміленің және (немесе) жылжымайтын мүлікке құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтары) туындауына, өзгеруіне, тоқтатылуына негіз болып табылатын өзге де заңдық фактілердің (заңдық құрамдардың) заңдылығын немесе мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілерін тексеруді қоса алғанда, мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігін тексеру;
Тіркеуші орган жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті жылжымайтын мүлік объектісінің техникалық және сәйкестендіру сипаттамалары туралы мәліметтерді тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйеден алады;
3) тіркеу парағына жүргізілген тіркеу не осы Заңда көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы жазба енгізу;
4) құқық белгілейтін құжатта жүргізілген мемлекеттік тіркеу туралы жазба жасау;
5) жүргізілген тіркеу туралы белгісі бар құқық белгілейтін құжатты, не осы Заңда көзделген негіздер бойынша мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы құжатты беру, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларда мемлекеттік тіркеу туралы куәлік беру.
1-1. Құқықтар (құқықтар ауыртпалығы) нотариат тәртібімен куәландырылған мәміле негізінде туындаған, өзгертілген немесе тоқтатылған жағдайларда, электрондық тіркеу жүзеге асырылады.
2. Электрондық тiркеу мынадай тәртiппен жүргiзiледi:
1) нотариус мәмілені куәландырғаннан кейін:
оның электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған құқық белгiлейтiн құжаттың электрондық көшiрмесiн бiрыңғай нотариаттық ақпараттық жүйе арқылы құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесiне жiбередi;
жылжымайтын мүлікті сатып алушыны:
құқық белгілейтін құжатқа бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеде берілген бірегей нөмір туралы;
жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес төленуге тиіс алым сомасы туралы немесе алымды төлеуден босату туралы хабардар етеді;
жылжымайтын мүлікті сатып алушы жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төлеуден босатылған жағдайда, жеңілдік құқығын растайтын құжатты сканерлейді;
құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне:
бар болған жағдайда мәмілеге қатысушылардың Интернет желісіндегі электрондық мекенжайларын;
тұлғаның жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төлеуден босатылғанын растайтын құжаттың электрондық көшірмесін жібереді;
2) құқық иеленуші немесе оның уәкілетті өкілі жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төлеушінің деректерін және құқық белгілейтін құжаттың бірегей нөмірін міндетті түрде көрсете отырып, ақпараттандыру саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган көздеген кез келген тәсілмен «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы мемлекеттік тіркеуге алым төлейді.
Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгеннен кейін чектің деректемелері (төлеудің бірегей коды, төлемді алушының атауы, бюджеттік сыныптаманың коды, екінші деңгейдегі банктің немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы, төлем төлеушінің деректері, оның ішінде оның сәйкестендіру нөмірі, алым сомасы, ақының күні мен уақыты, құқық белгілейтін құжаттың бірегей нөмірі) электрондық чек түрінде ЭҮТШ-те сақталады және құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесіне жіберіледі;
3) тіркеуші орган:
құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесінде, ал қажет болған жағдайда ЭҮТШ-те жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын электрондық чектің болуын, төленген алымның толықтығын және электрондық чек пен құқық белгілейтін құжаттың электрондық көшірмесінде көрсетілген құқық белгілейтін құжаттың бірегей нөмірінің сәйкестігін тексереді;
құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгені немесе алым төлеуден босатылғаны расталған жағдайда, осы баптың 1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-әрекеттерді жүзеге асырады;
осы Заңда көзделген негіздер бойынша тіркеу жүргізілгені туралы не мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе оны тоқтата тұру туралы хабарламаны бірыңғай нотариаттық ақпараттық жүйеге, сондай-ақ бар болған жағдайда мәмілеге қатысушылардың электрондық мекенжайларына жібереді;
тіркеу ісінде сақтау үшін құқық белгілейтін құжатты, тіркеу жүргізілгені туралы не мемлекеттік тіркеуден бас тарту немесе тоқтата тұру туралы хабарламаны және жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркегені үшін алым төленгенін растайтын электрондық чекті қағаз жеткізгіште басып шығарады.
Ескерту. 20-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2012.04.27 № 15-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 15.04.2013№ 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

21-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік
тіркеуге құжаттар қабылдау

1. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу құқық иесінің, мәміле тараптарының (қатысушыларының), мемлекеттік органның (оның уәкілетті өкілінің) немесе өзге де уәкілетті адамдардың тіркеуші органға берген өтінішінің негізінде жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік тіркеу үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) оның жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуі және мынадай құжаттарды:
1) белгіленген үлгідегі мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті;
2) тіркеу объектісін растайтын құқық белгілейтін құжатты ұсынуға тиіс. Жер учаскесіне құқық (ауыртпалық) тіркелген жағдайда, жер учаскесіне сәйкестендіру құжаты ұсынылады;
3) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен;
4) жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге алым төлегенін растайтын құжатты ұсынуға тиіс.
5) алып тасталды - ҚР 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
2-1. Мемлекеттік ақпараттық ресурстар болып табылатын, жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу үшін қажетті мәліметтерді тіркеуші орган электрондық цифрлық қолтаңбалармен куәландырылған электрондық құжаттар нысанында тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алады.
3. Заңды тұлғалар осы баптың 2-тармағында көрсетілген құжаттардан басқа құрылтай құжаттарын ұсынады. Өтініш беруші Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде не құрылтай құжаттарында көзделген жағдайларда жылжымайтын мүлік объектілерін сатып алуға немесе иеліктен айыруға құрылтайшылар (қатысушылардың, директорлар кеңесінің, акционерлер кеңесінің) жиналыстарының хаттамаларын (олардан үзінділер) ұсынады.
Шетелдік заңды тұлғалар сауда тізілімінен заңдастырылған үзінді немесе шетелдік заңды тұлға шет мемлекеттің заңнамасы бойынша заңды тұлға болып табылатындығын куәландыратын басқа да заңдастырылған құжатты мемлекеттік тілдегі және орыс тіліндегі нотариат куәландырған аудармасымен ұсынады.
3-1. Егер тіркелуге берілген өтініште сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық баланстық құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген мөлшерден асып кеткендігі туралы мәліметтер бар болса, онда өтініш беруші осы баптың 2 және 3-тармақтарында көрсетілген құжаттармен қатар монополияға қарсы органның алдын ала жазбаша келісімін табыс етеді.
3-2. Жер учаскесін мемлекет мұқтажы үшін алып қоюға байланысты жер учаскесін немесе өзге де жылжымайтын мүлікті мәжбүрлеп иеліктен шығарған жағдайда, алып қойылатын мүліктің меншік иесінің құқықтарын тоқтатуды және мемлекет құқықтарының туындауын тіркеу өтініш беруші тіркеуші органға өтемнің төлегенін растайтын құжатты ұсынған жағдайда жүзеге асырылады.
4. Егер мәмілені нотариат куәландырмаса, онда тіркеуші орган мәмілені жасаған адамдардың (олардың уәкілетті өкілдерінің) қойылған қолдарының растығын, олардың іс-әрекетке қабілеттілігін (құқықтық қабілеттілігін), сондай-ақ олардың ерікті түрде жасалғандығын тексеруге міндетті.
Бұл талап банктік қарыз шартын және микрокредит беру туралы шартты қамтамасыз ету үшін жасалған кепіл шарттарына қолданылмайды.
5. Бір ғана сол жылжымайтын мүлік объектісіне қатысты бір ғана сол құқықты (құқық ауыртпалығын) мемлекеттік тіркеуге бірнеше өтініш болған кезде өтініштің басымдығы осы Заңға және Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес айқындалады.
6. Осы баптың ережелерi электрондық тiркеу кезiнде қолданылмайды.
Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.12.25 № 113-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.02.10 № 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.03.01 № 414-IV(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 № 15-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.11.26 № 57-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2013.01.08 № 64-V (2013.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

22-бап. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу
туралы өтініш беру

1. Құқықтар (құқықтар ауыртпалықтары) нотариат тәртібімен куәландырылған мәміле негізінде туындаған жағдайда, тіркеу мәміленің кез келген тарапының (қатысушысының) өтініші бойынша жүзеге асырылады.
Электрондық тiркеу мәмiлеге қатысушылардың өтiнiшiнсiз жүзеге асырылады.
2. Құқықтар (құқық ауыртпалықтары) шарттың немесе өзге де мәмiленiң негiзiнде туындаған жағдайларда, оларды нотариат куәландырмаған кезде мәмiленiң барлық қатысушылары белгiленген тәртiппен өтiнiш беруге тиiс.
Банктік қарыз шартын қамтамасыз етуге берілген, кепілдің басталуын және өзгеруін тіркеуге өтінішті кепіл беруші және (немесе) кепіл ұстаушы береді.
Өтінішті кепіл ұстаушы берген жағдайда, осындай тіркеуге кепіл берушінің нотариатта куәландырылған келісімі талап етіледі.
3. Тіркеу туралы өтініш тіркеуші органға почта байланысы бойынша мынадай:
1) тіркеуші органның орналасқан жерінен тыс, оның ішінде басқа мемлекеттерде орналасқан мемлекеттік уәкілетті органдарға берілетін өтініштер (өтініш жасау, қолдаухаттар, талап-арыздар) негізінде туындайтын заңдық талаптарды тіркеген;
2) тіркеуші органның орналасқан жерінен тыс, оның ішінде басқа мемлекеттерде орналасқан мемлекеттік органдардың актілері негізінде туындайтын ауыртпалықтарды немесе заңдық талаптарды тіркеген жағдайларда жіберілуі мүмкін.
4. Ортақ бірлескен меншік құқығының туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын мемлекеттік тіркеген кезде тіркеу туралы өтінішті барлық қатысушылар не олардың біреуі қалған қатысушылардың нотариат тәртібімен куәландырған келісімін ұсына отырып беруі мүмкін.
Мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті құқық иелерінің біреуі қалғандарының келісімінсіз осы баптың 5-тармағы екінші бөлігінде көзделген жағдайда да беруі мүмкін.
5. Ортақ үлестік меншік құқығының (өзге ортақ құқықтың) туындауын, өзгеруін, тоқтатылуын мемлекеттік тіркеу кезінде мемлекеттік тіркеу туралы өтінішті барлық қатысушылар (уәкілетті өкілдер) беруі тиіс.
Жеке тұлғаның тегі, аты, әкесінің аты, туған күні немесе заңды тұлғаның атауы, тіркеу нөмірі өзгерген кезде өзгерістерді тіркеу туралы өтінішті осындай өзгерістердің оған қатысы бар құқық иесі беруі мүмкін.
Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінен өзгеше туындамаса, ортақ үлестік меншіктегі үлеске қатысты мәмілелер жасалған кезде өтініш қалған құқық иелерінің басым сатып алу құқығы сақтала отырып, белгіленген тәртіппен беріледі.
6. Деректері құқық белгілейтін құжатта көрсетілмеген жұбайының біреуінің құқығын тіркеу үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес неке жасына жеткен өтініш беруші тіркеуге берілген өтініште неке қатынастарында тұрғаны туралы фактінің жоқ екендігі туралы мәліметтерді не неке қатынастарының бар екенін растайтын құжаттың көшірмесін қоса бере отырып, өзінің жұбайы туралы мәліметтерді көрсетуге тиіс.
Егер неке шартында жұбайлардың жылжымайтын мүлікке үлестік немесе бөлек меншік режимі белгіленсе, онда тіркеуші органға неке шарты ұсынылады.
6-1. Егер сатып алынатын немесе сатылатын активтердің жиынтық баланстық құны Қазақстан Республикасының монополияға қарсы заңнамасында белгіленген мөлшерден асып кетсе, онда өтініш беруші мұндай мәліметтерді тіркелуге берілген өтініште көрсетеді.
7. Бір құқық белгілейтін құжат екі немесе одан да көп мемлекеттік тіркеу объектілерін қамтыған жағдайда өтініш берушіге өтініште тіркеудің барлық объектілерін көрсетуі қажет немесе мүдделі адамдар мемлекеттік тіркеудің әрбір объектісін тіркеуге жеке өтініш беруге тиіс.
Құқық белгілейтін құжатта мемлекеттік тіркеудің бірнеше объектілері болған кезде, өтініште біреуі ғана көрсетілетін жағдайларда тіркеуші орган өтініш берушіге тіркеудің басқа объектілерін мемлекеттік тіркеу және бұл үшін тиісті алым енгізу қажеттігін көрсетуге құқылы.
8. Егер Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінен өзгеше туындамаса, мемлекеттік органдар және өзге де уәкілетті адамдар салған ауыртпалықтарды мемлекеттік тіркеу көрсетілген адамдардың өтініші бойынша жүзеге асырылады. Үшінші тұлғалардың мүдделері үшін құқық қорғау, сот және өзге де мемлекеттік органдардың актілеріне сәйкес салынған ауыртпалық үшінші тұлғаның өтініші негізінде тіркелуі мүмкін.
Мұндай жағдайларда ауыртпалықтарды мемлекеттік тіркеу үшін құжаттар тіркеуші органға беріледі.
9. Алынып тасталды - ҚР 2009.04.22 № 151-IV Заңымен.
10. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды және тіркеудің өзге де объектілерін тіркеу туралы өтініштің нысаны мен мазмұнын уәкілетті орган айқындайды.
Ескерту. 22-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.12.25 № 113-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.04.22 № 151-IV, 2011.02.10 № 406-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 № 15-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

23-бап. Мемлекеттік тіркеу жүргізу мерзімдері

1. Осы баптың 1-1, 2 және 3-тармақтарында көзделген жағдайларды қоспағанда, жылжымайтын мүлікке құқықтарды (осындай құқықтар ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеу тіркеуші органға өтініш келіп түскен кезден бастап бес жұмыс күні ішінде жүргізілуге тиіс.
1-1. Электрондық тiркеу құқықтық кадастрдың ақпараттық жүйесiне жылжымайтын мүлiкке құқықтарды мемлекеттiк тiркегенi үшiн алым төленгенi немесе алым төлеуден босатылғаны туралы растау келiп түскен күннен кейiнгi күннен кешiктiрiлмей жүргiзiлуге тиiс.
2. Мемлекеттік органдар және өзге де уәкілетті адамдар салатын ауыртпалықтарды, сондай-ақ заңдық талаптарды тіркеу тіркеуші органға өтініш түскен сәттен бастап дереу жүргізілуге тиіс.
3. Жылжымайтын мүлікке құқықтарды (осындай құқықтардың ауыртпалықтарын) және онымен мәмілелерді жеделдетілген тәртіппен мемлекеттік тіркеу Қазақстан Республикасының салық заңнамасында көзделген алым сомасының бюджетке төленуі шартымен тіркеуші органға өтініш келіп түскен күннен кейінгі күннен кешіктірмей жүргізіледі.
Ескерту. 23-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.12.10 № 101-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 № 15-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

24-бап. Мемлекеттік тіркеуге ұсынылатын құжаттарға
қойылатын талаптар

1. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын жылжымайтын мүлікке құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын), сондай-ақ бұрын туындаған құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) қоспағанда, жылжымайтын мүлікке және мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілеріне құқықтарды (құқықтар ауыртпалықтарын) растайтын құқық белгілейтін және басқа да құжаттар тіркеу сәтінде оларға қойылатын Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес келуге тиіс.
2. Жылжымайтын мүлікке және мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілеріне құқықтардың (құқықтар ауыртпалықтарының) туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын растайтын құжаттар Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда тиісті ресімделуге, мөрмен (ол болған кезде) бекемделуге, арнайы бланкілерде орындалуға, тараптардың немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған лауазымды адамдардың тиісті қолтаңбалары болуға тиіс. Соттардан, құқық қорғау органдарынан және өзге де мемлекеттік органдардан шығатын құжаттар тиісті құжаттарға қойылатын нысанда орындалуға тиіс.
Заңнамалық актілерде белгіленген жағдайларда құқық белгілейтін және өзге де құжаттар нотариат тәртібімен куәландырылуға тиіс.
Құқық белгілейтін құжаттардың электрондық көшірмелерінде тараптардың қолтаңбалары болмауы мүмкін және олар нотариустың электрондық цифрлық қолтаңбасымен міндетті куәландыруға жатады.
3. Тазарту не қосып жазу, сызылған сөздер немесе өзге де келісілмеген түзетулер бар құжаттар, сондай-ақ қарындашпен орындалған құжаттар қабылданбайды.
4. Құқық белгілейтін құжаттар тіркеу парағына енгізілетін құқық иелері туралы, тіркелетін құқық (құқық ауыртпалығының) түрі туралы мәліметтерді, мекенжайды, мекенжайдың тіркеу кодын (ол бар болған кезде), сондай-ақ құқықтық кадастрды жүргізу мақсаты үшін қажетті жылжымайтын мүлік объектісі туралы деректерді қамтуға тиіс.
5. Тиісті жазбаларды тіркеу құжаттарына енгізу үшін хабарлама нысаны (міндеттеменің орындалмауы туралы, жүргізілетін тіркеуді немесе тіркелген құқықты даулау ниеті туралы және т.б.) уәкілетті орган белгілеген талаптарға сәйкес болуға тиіс.
6. Жылжымайтын мүлікке және мемлекеттік тіркеудің өзге де объектілеріне құқықтардың туындауын, өзгеруін немесе тоқтатылуын растайтын құжаттар тіркеуші органға екі данада ұсынылады, олардың біреуі түпнұсқа немесе нотариат куәландырған көшірме болып табылады.
Құқық белгілейтін құжат сот актісі болған жағдайларда және құқық иесіне құжаттың түпнұсқасы берілмейтін өзге де жағдайларда, тіркеу үшін осындай құжаттың куәландырылған екі көшірмесі беріледі.
Неке шарты екі данада беріледі, олардың біреуі түпнұсқа немесе нотариат куәландырған көшірме болып табылады.
7. Құжаттың түпнұсқасы не куәландырылған көшірме осы баптың 6-тармағында көзделген жағдайларда, тіркеуден соң өтініш берушіге (уәкілетті өкілге) қайтарылады.
8. Тіркеу сенімхат негізінде жүзеге асырылатын жағдайларда, тіркеуші органға сенімхаттың екі данасы табыс етіледі, оның біреуі түпнұсқа немесе нотариат куәландырған көшірме болып табылады. Тіркеуден кейін сенімхаттың түпнұсқасы өтініш берушіге (уәкілетті өкілге) қайтарылады.
Электрондық тіркеу кезінде тіркеуші органға сенімхат ұсынылмайды.
9. Жылжымайтын мүліктің бір бөлігіне белгіленетін құқықтарды (құқықтар ауыртпалығын) тіркеу кезінде құқық белгілейтін құжат (жалға беру, сервитуттар, мүлікті өтеусіз пайдалану туралы және басқалары) құқықтың (құқық ауыртпалығы) қолданылу аясы болып табылатын мүліктің бір бөлігінің егжей-тегжейлі сипаттамасын қамтуға тиіс.
Жылжымайтын мүліктің бір бөлігі кепілге қойылған кезде міндеттемені орындамауға байланысты кепіл затын иеліктен айыру жағдайларында объектіні бөлу жоспарын осы жылжымайтын мүлік объектісін бөлуді немесе қосуды жүзеге асыратын орган мақұлдауға тиіс.
Ескерту. 24-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.03.25 № 421-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 № 468-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 № 15-V (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-б. қараңыз); 29.12.2014 № 269-V (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

25-бап. Мемлекеттік тіркеуге келіп түсетін құжаттарды
қабылдаудан бас тарту

1. Мемлекеттік тіркеуге келіп түсетін құжаттарды қабылдаудан бас тартуға мынадай негіздер бойынша:
1) тиісті емес адам өтініш жасағанда не өтініш берушінің немесе оның уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжаттардың болмауына байланысты;
2) құжаттарда тазарту не қосып жазу, сызылған сөздер немесе өзге де келісілмеген түзетулер болғанда;
3) тіркеуге берілетін өтініштердің нысандары дұрыс толтырылмағанда;
4) өтініш беруші осы Заңның 21-бабының 2, 3 және 3-1-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес мемлекеттік тіркеу үшін қажетті құжаттардың толық пакетін ұсынбағанда;
5) нысаны мен мазмұны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келмейтін құжаттарды ұсынғанда;
6) алынып тасталды - ҚР 2009.04.22 № 151-IV Заңымен.
7) құқықты (құқықтар ауыртпалықтарын) мемлекеттік тіркеуді болғызбайтын ауыртпалықтар болған кезде жол беріледі.
2. Құжаттарды қабылдаудан бас тартылған жағдайда, тіркеуге келіп түсетін құжаттарды есепке алу кітабында құжаттарды қабылдау туралы жазба жүргізілмейді. Өтініш берушінің талабы бойынша тіркеуге құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын орган бас тарту себептерін көрсете отырып, хабарлама береді. Мұндай хабарламаның, тіркеу туралы өтініштің және оған қоса берілетін құжаттардың көшірмелері уәкілетті орган белгілеген тәртіппен сақталуға жатады.
Тіркеуге құжаттарды қабылдаудан бас тартуға жоғарғы тұрған мемлекеттік органға немесе сотқа шағымдануға болады.
Құжаттарды қабылдаудан бас тартудың негіздері жойылған кезде құжаттар тіркеуге жалпы тәртіппен беріледі.
Ескерту. 25-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2008.12.25 № 113-IV (2009.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.04.22 № 151-IV, 2012.04.27 № 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

26-бап. Құжаттарды берудің нақты уақытын көрсету

1. Тіркеуге құжаттарды қабылдау кезінде тірке

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.