Evaluate (Вычислить, есептеу) - Ішкі менюден түрлендіру түрін таңдау арқылы айтылымды түрлендіру.
Simplify (Упростить, жеңілдету) – Ерекше-ленген айтылымды қосылғыштарды қысқырту, жалпы бөлгішке келтіру, негізгі тригонометриялық тепе теңдіктерді қолдану және т.б. операцияларын орындау арқылы жеңілдетеді.
Expand (Разложить по степеням, дәрежесі бойынша ажырату) - Айтылымдарды ашу [мысалы, (Х+ Y) • (Х- Y) үшін X2-У2 -ті аламыз]
Factor (Разложить на множители, көбейткіштерге ажырату) - Санды немесе айтылымды көбейткіштерге ажыратады [мысалы, Х2- У2 –тан (Х+ Y) • (Х- Y) аламыз] Collect (Разложить по подвыражению, ішкі айтылымдар бойынша ажырату) - Белгіленген айтылымға ұқсас, өзінің аргументімен жеке айнымалы немесе функция бола алатын қосылғыштарды жинау.
Polynomial Coefficients (Полиномиальные коэффициенты, полиномды коэффициенттер) - Берілген айнымалы бойынша полином коэффициенттерін осы айнымалы қолданылған айтылымға жақындатып табу.
Келесі символдық операциялар тобы осы операция орындалатын айнымалыларды көрсетуді талап ететін айтылымдармен орындалады. Ондай операцияларға мыналар жатады:
Solve (айнымалыға тиісті шешу, Решить относительно переменной) - Ерекшеленген айнымалы мәнін табу (ерекшеленген айнымалыға қатысты теңдеу немесе теңсіздікті шешу).
Түрлендіру операциялары
MathCAD 2000 PRO жүйесіндегі Symbol позициясында келесі мүмкіндіктерден ішкі меню құруға болатын түрлендіру операцияларының бөлімі бар:
Fourier Transform (Преобразование Фурье)— ерекшеленген айнымалыға тиісті тікелей Фурье түрлендіруін орындайды;
Inverse Fourier Transform (Обратное преобразование Фурье) — ерекшеленген айнымалыға тиісті кері Фурье түрлендіруін орындайды;
Laplace Transform (Преобразование Лапласа)— ерекшеленген айнымалыға тиісті тікелей Лаплас түрлендіруін орындайды; (нәтиже—s айнымалы-сымен функция);
Inverse Laplace Transform (Обратное преобразование Лапласа) — ерекшеленген айнымалыға тиісті кері Лаплас түрлендіруін орындайды (нәтиже — t айнымалысынан функция);
Мақсаты: Mathcad жүйесіндегі символдық түрлендіру палитрасымен танысу.
Кілттік сөздер: палитра, операция, директива.
Дәрістің қысқаша мазмұны:
SmartMath жүйесінің жұмысы
MathCAD жүйесінің 4.0 нұсқасынан бастап есептеуді жеңілдететін жаңа құрал — SmartMath пайда болды. Бұл мүмкіндігінше есептеуді жеделдететін физикалық эксперттік жүйе. SmartMath жүйесін іске қосқанда сандық операциялар процессоры формулалық блокта есептеуге кіріспес бұрын символдық процессор бастапқы формулаларды жеңілдетіп немесе басқа түрлендіру жасай алама деп сұрайды. Егер ол мүмкін болса, онда есептеу жеңілдетілген формула бойынша жүргізіледі.
SmartMath жүйесінің есептеуді жеңілдетуден басқа екінші маңызды жұмысы символдық есептеулерді визуализациялау және түрлендіру болып табылады.
SmartMath жүйесі символдық операциялар ядросын негізгі менюдегі Symbolics позициясында орналасқан ішкі менюдегі символдық есептеуге қарағанда барынша толықтай қолданады және олардың орындалуына қойылатын кейбір шектеулерді алып тастайды. Мысалы: түрлендіруші айтылымдарда пайдаланушы функциясын қолдану мүмкін.
Тағы маңыздысы SmartMath жүйесімен орындалатын символдық түрлендірулер нәтижесі бастапқы символдық деректерді өзгерту барысында автоматты түрде өзгереді.
SmartMath жүйесі негізінен символдық есептеулерде сызықтық бағдарламаларды жүзеге асыратын MathCAD бағдарламалық құралдарының бөлігі болып табылады.
Символдық шығарудың операторлары
Алғашқыда символдық түрлендіру нәтижелерін визуалдау үшін арнайы символ – ұзартылған горизонталь стрелка ® енгізілген болатын. Оны Ctrl+. (нүкте) пернелерін басу арқылы немесе математикалық символдар палитрасынан (қатынастар және символдық операцияларды енгізу үшін) шақыруға болады. Бұл белгінің шаблоны мынадай: , мұндағы қара тікбұрыштың орнына символдық түрлендіру жасалатын бастапқы айтылым енгізіледі.
Көрсетілген символды символдық енгізудің қарапайым операторы деп қарастыруға болады. Егер бастапқы айтылымды беріп және онымен бірге курсорды формула блогынан шығарсақ, онда жүйе оның символдық түрлендіру нәтижесін стрелкадан кейін орнатып береді. Бұл SmartMath жүйесімен жұмыс жасаудың бірінші этапы болып табылады.
MathCAD 7.0 PRO жүйесінен бастап тағы да бір – символдық енгізудің кеңейтілген операторы енгізілген. Ол Ctrl+Shift+. (нүкте) пернелерін басу немесе символдық операциялар палитрасынан таңдау арқылы беріледі. Бұл оператор түріне ие. Шаблонның бірінші тікбұрышына бастапқы айтылымы, ал екіншісіне символдық түрлендіру директивалары енгізіледі. Ал директивалар сәйкесінше кілтік сөздерді енгізу немесе символдық операциялар палитрасынан таңдау арқылы беріледі.
SmartMath жүйесі директиваларының (бұйрықтарының) құрамы және оларды қолдану.
® стрелкасын енгізу барысында айтылымнан кейін Simplify (Упростить) операциясы орындалады.
Орындалып отырған операцияны қажет болғанда Math құрал-саймандар панеліндегі батырмасымен шақырылатын Symbolic панелінде орналасқан кілттік сөздер көмегімен өзгертуге болады.
Кілттік сөздерді тек кіші әріптермен жазу керек (Modifier — бірінші әріпі бас әріптен басталуы керек). SmartMath жүйесінің блоктары келесі айрықша қасиеттерге ие:
n Операциялардың жақсы визуалды көрінісін береді;
n Опция және параметрлерін беру үшін шаблондарға ие;
n Пайдаланушы функциясымен жұмысты қамтамасыз етеді;
n Формуладан формулаға деректерді жіберуді қамтамасыз етеді;
n Бірден бірнеше директиваларды қолдануға мүмкіндік беретін кеңейтпені береді;
n Бағдарламалық блоктар құрастырушысымен ұқсас құрастырушыға ие.