Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

ЕСЕБІ

Жетекшісі:_________________________________________________________

Есеп беруі тексеруге түсті____________________________________________

Қорғауға рұқсат етілді_______________________________________________

Бағасы_________________________________________________________

 

 

Астана 2015

МІНЕЗДЕМЕ

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің Ветеринария және мал шаруашылығы факультетінің 5В070100 – Биотехнология мамандығының 4 курс студенті Аяпова Арайлым Мықтыбайқызы, Астана қаласы Қазақ агротехникалық университетінің Ауылшаруашылық биотехнология ҒЗИ-да кәсіптік тәжірибеден өту барысында өзін жақсы жақтарынан көрсете білді. Берілген тапсырманы уақытылы орындап, тәжірибе өту барысында алған теориялық білімді практикада қолдана білді. Алғашқы күннен бастап өз ісіне тиянақтылығымен, жауапкершілігімен көзге түсті. Арайлым практика барысында жұмысқа үнемі мол дайындықпен, көп ізденіспен келеді. Қиын жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай біледі. Мінезі ашық, өз жұмысына ынталы, мекеменің қызметкерлерімен тез тіл табыса алады. Сынды дұрыс түсінеді, кемшіліктерін түсіне біледі.

Тәжірибе өту барысында техника қауіпсіздігімен, ыдысты және лаборатория бөлімдерін стерильдеуді, лабораторияда орналасқан электр құралдарымен, бокста жұмыс жасауды, жұмысқа арналған ерітінді дайындауды ( физиологиялық ерітінді, 0,001М ацетатты буфер, 1%-ды бактериологиялық агар), макрофаг бөліп алу, нүктелік ИФА, электрофорез, иммуноблотинг, ақуызды Бредфорд әдісімен анықтау, преципитация секілді реакциялармен және МС САбура, 2,4-Д қоректік орталарын жасау алгоритімімен танысты. Өндірістік тәжірибені өту барысындағы жетістіктерін бақылай отырып, болашақта өз маманының шебері болатынына толық сенемін.

2015 жылдың 24 тамызынан 2015 жылдың 16 қазана айлары аралығында аиалмыш сдунет кәсіптік тәжірибеден өтті.

 

 

МО

 

 

Кәсіпорын басшысының қолы:......................................................Боровиков С.Н.

 

Кәсіпорын атынан жетекшісінің қолы:....................................Сыздыкова А.С.

С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті

Факультет____________________________________Кафедра________________________________________________________________________________

Мамандық_________________________________________________________

 

БЕКІТЕМІН

Кафедра меңгерушісі:

_________________________

(аты-жөні)

«___»_______________20__ж.

 

ТАПСЫРМА

Студенттің кәсіптік тәжірибесінің орындалуы ________________________

_______________________________________________________________

 

Жұмыс тақырыбы______________________________________________

 

Студенттің аяқталған жұмысын тапсыру мезгілі______________________

Қаралатын мәліметтер_______________________________________

________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Есеп-түсіндіргіш хаттың мазмұны (жататын сұрақтардың тізімі)

______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

Ұсынылған негізгі әдебиеттер_________________________________________

_________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

 

Жоба (жұмыс) кеңесшілері, оларға қатысты жоба (жұмыс) бөлімдерінің нұсқасымен

Бөлім Кеңес беруші Бақылау
Мерзімі Қолы
       
       
       
       
       
       
       
       
       
       

 

Тапсырманы өткізу мерзімі__________________________________________

 

Кәсіптік тәжірибенің жетекшісі_____________________________

 

Студент тапсырманы атқаруға қабылдап алды_______________________

 

 

КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАР

 

Ғылыми-зерттеу жұмысының орындау сатылары Сатылардың орындалу мерзімі Ескертулер
Тәжірибе өту орнымен жалпы танысу: - мекеме орнымен танысу; - жалпы техникалық қауіпсіздік ережерімен танысу 24.08
Техника қауіпсіздігімен танысу 25.08
Лаборатория ыдыстарын стерильдеу техникасымен танысу 26.08
  Лабораторияда орналасқан электр құрылғыларымен танысу 27.08
Лаборатория бөлмелерінің стерильдігін сақтау шарттары, тазалық жұмыстарымен танысу 28.08
Ламинарлы бокста жұмыс жасау принципімен танысу 31.08  
Өлшеу таразылар түрлерімен, жұмыс істеу ережесімен танысу 01.09
Жұмысқа арналған ерітінділерді дайындау. Физиологиялық ерітінді дайындау 02.09
Жұмысқа арналған ерітінділерді дайындау. 0,001 М ацетатты буфер дайындау 03.09
Жұмысқа арналған ерітінділерді дайындау. Цитратты-фосфатты ерітінді дайындау 04.09
Жұмысқа арналған ерітінділерді дайындау. 1 пайызды BSA дайындау 07.09
Жұмысқа арналған ерітінділерді дайындау. 1 пайызды бактериологиялық агар дайындау 08.09
Микроаглютинация реакциясы 09.09
Преципитация реакциясы 10.09
Вивари бөлмесін залалсыздандыру 11.09
ИФА 14.09
Тікелей емес ИФА әдісінің 1 сатысын жасау 15.09
Тікелей емес ИФА әдісінің 3,4 сатысын жасау 16.09
Ақуызды Бредфорд әдісі бойынша анықтау 17.09
Электрофарез 18.09
Иммуноблотинг 21.09
ИФА-ның нүктелік әдісі (ДОТ) 22.09
Ақуызды Бредфорд әдісі бойынша анықтау 23.09
Балық тазалап, эписторхоз сатысын анықтау 24.09
Макрофаг бөліп алу 25.09
In vitro жағдайында өсіп жатқан өсімдіктермен таныс болу 28.09
MS. Қоректік ортаны дайындау, автоклавтау және стерильдеу 29.09
MS. Қоректік ортаны құю 30.09
Микроклональды көбейту әдісі. Жоңышқа дақылынан эксплант алу 01.10
Микроклональды көбейту әдісі. Жоңышқа дақылынан каллус ұлпасын алу 02.10
Макротұз жасау 05.10
2,4-D қоректік ортасын дайындау 06.10
2,4-D қоректік ортасын стерильдеу 07.10
2,4-D қоректік ортасын құю 08.10
Микротұз жасау 09.10
Макротұз жасау 12.10
Н6 қоректік ортасын жасау 13.10
Н6 қоректік ортасын стерильдеу 14.10
Н6 қоректік ортасын құю 15.10
Ақуызды Бредфорд әдісі бойынша анықтау 16.10

 

Студент‑ практикант

________________________________________________________________

 

Іс‑ тәжірибе жетекшісі

________________________________________________________________

 

 

МАЗМҰНЫ

 

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
АНЫҚТАМАЛАР
ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР
КІРІСПЕ
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
ӨНЕРКӘСІПТІҢ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ
  1.1 С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Ауылшаруашылық биотехнология ғылыми-зерттеу институтының» қысқаша даму тарихы
  1.2 Ауылшаруашылық биотехнология ҒЗИ мақсаты мен міндеттері
ӨНЕРКӘСІП ПЕН ОНЫҢ БӨЛІМШЕЛЕРІНІҢ НЕГІЗГІ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ СИПТТАМАСЫ
  2.1 Ауылшаруашылық биотехнология ҒЗИ бөлімшелері және олардың сипаттамалары
ӨНЕРКӘСІПТЕГІ БИОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӨНДІРІС АППАРАТТАРЫ МЕН ПРОЦЕСТЕРІ
  3.1 Ауылшаруашылық биотехнология ҒЗИ қондырғыларымен зертхана жабдықтары
БИОӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІ
  4.1 Ауылшаруашылық биотехнология ҒЗИ бағыттары мен жобалары
  4.2 Ауылшаруашылық биотехнология ҒЗИ патенттері
ЖЕКЕ ТАПСЫРМА
  5.1 Жоңышқа дақылымен танысу
  5.2 Жоңышқа дақылының стерильдік кезеңдерімен таныс болу
  5.3 Жоңышқа дақылын in vitro жағдайында зерттеу
  5.3.1 Зерттеу материалдары мен әдістері
  5.3.1 Жоңышқа дақылынан эксплант алу
  5.3.2 In vitro жағдайында микроклональды көбейту
  ҚОРЫТЫНДЫ ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ҚОСЫМШАЛАР  

 

 

НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР

 

Осы өндірістік есеп беру жұмысында келесі нормативтік құжаттардың сілтемелері қолданылады:

МЕМСТ 4.492-89 – Өнім сапасы көрсеткіштерінің жүйесі.Ветеринариялық биотехнологиялық препараттар.Номеглатура көрсеткіштері.

ТШ38-006-108-90 – Резиналы тығындар.

МЕМСТ 4233 -55 – Тұздар.

МЕМСТ 92-84-55 – Зат шынылары.

МЕМСТ 1625-55 – Формалин.

МЕМСТ 1550-54 – Зертханалық өлшемдік шыны ыдыстар. Цилиндрлер,мензуркалар,колбалар, пробиркалар.Жалпы техникалық шарттар.

МЕМСТ 5962-65 – Ректификатты этил спирті.Техникалық шарттары.

МЕМСТ 6038- 59 – Қанттар.

МЕМСТ 6259-55 – Глецерин. Техникалық шарттар.

МЕМСТ 6652 55 – 18 х 18 көлемді жапқыш шынылар.

МЕМСТ 6509-52 – Дистилденген су. Техникалық шарттары.

МЕМСТ 11058-58 – Натрий сілтісі.

МЕМСТ 14261-55 – Тұз қышқылы.

МЕМСТ 20225-91 – Шыны зертханалық ыдыстар. Градуирленген пипеткалар.

МЕМСТ 20292-54 – Сыйымдылығы 100, 200 ,500, 1000 мл болатын өлшемді колбалар.

МЕМСТ 20530-55 – Қоректік орталар.

МЕМСТ 22965 – Сыйймдылығы 2, 5, 10 см³ болатын инекциялық шприцтер.

МЕМСТ 25336-82- Е – Биологиялық пробиркалар,Петри табақшасы.

МЕМСТ 28085-89 – Биологиялық препараттар Сьерильді бақылаулардың бактериологиялық әдісі.

 

 

АНЫҚТАМАЛАР

 

Осы өндірістік есеп беру жұмысында келесі анықтымылар, белгілеулер мен қысқартулар қолданылады:

Электрофорез – полиакриламидті гелде тоқ күшінің әсерінен жүретін антигеннің немесе тағы басқа ақуызды заттардың малекулалық массаларын анықтау.

Антигендер – иммундық жауапты тудыра алатын генетикалық болмысы жағынан организмдегі бөгде заттар мен құрылысы.

Антиденелер – организмнің жұқпалыаурулар қоздырғыштарына және генетикалық болмысы бөлек бөгде заттарға – антигендерге қарсы бағытталған манызды қорғаныс факторлары.

Антигенділік- антиденелер мен сенсибилизденген лимфациттердің пайда болуына себебін тигізу.

Иммунды ферменттік талдау (ИФТ) – антиденелер мен антигендерді ферментпен таңбаланған антиденелердің (конъюгат) көмегімен анықтауға аарналған, сезімталдығы мен телімділігі жоғары, қойылым жолдары қарапайым реакция.

Қан сарысу титрі – антиденелер өзіне сәйкес антигендерге әлі анықталатын қан сарысу сұйылтымы.

Эксплант(лат. explanto -бірнәрсені кесіп алу, өсіп тұрған бөлігін кесіп алу) – каллус ұлпасын алу үшін қоректік ортаға отырғызылатын өсімдіктің алғашқы бір бөлшегі.

Микроклоналды көбейту – in vitro технологиясын пайдалана отырып, тез уақытта жыныссыз жолмен генетикалық тегінен ауытқымаған өсімдіктерді алу.

In vitro – жасанды жағдайда өсімдіктерді өсіру.

 

ҚЫСҚАРТУЛАР МЕН БЕЛГІЛЕУЛЕР

 

Осы өндірістік есеп беру жұмысында келесі қысқартулар мен белгілеулер қолданылды:

ДМСО - Диметилсульфоксид
ДНК - Дезоксирибонуклеин қышқылы
ИФТ - Иммунды ферменттік талдау
ПТР - Полимеразалы тізбекті реакциясы
МКА - Моноклоналды антидене
ИДР - Иммунды диффуздық реакция
кДа - Килодальтон
ПААГ - Полиакриламидті гель
Пристан - 2,4,6,10 – тетраметилпентадекан
ТЕМЕД - Тетраметилэтилендиамин
ФТЕ - Фосфатты тұз ерітіндісі
ФТЕ-ТВ-20 Твин қосылған фосфатты тұз ерітіндісі
ОФД - Ортофенилендиамин
СКЗ - Өсінді сұйықтығының компоненті
ҒЗИ – мкг – Ғылыми- Зерттеу Институты Микрограмм
нг – пг - мл – Нанограмм пикограмм миллилитр
ДСН - кД - додецилсульфат натрия килодальтон
рН- сутек иондардың концентрациясы
ФТЕА- Фрейндтың толық емес адъюванты
ФТА- см- мкл- Фрейндтың толық адъюванты Сантиметр Микролитр

МС- Мурасиге Скуг

 


КІРІСПЕ

 

Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына қойылатын талаптар бойынша сәйкес 4 курс студенттеріне жетекшілік ету үшін кафедра оқытушылары бекітіледі, олар жетекшілерімен бірлесе отыра таңдап алынған ғылыми-зерттеу тақырыптарына сәйкес әдебиет көздерімен танысады, қажетті экспериментальдық жұмыстарды жүргізуге қажетті әдістерді таңдайды және бекітілген кәсіпорындарда өздерінің зерттеу жұмыстарын кәсіптік тәжірибеден өту бағдарламасына сәйкес жүргізеді. Студент машықтанудан өту барысында жинаған материалдарын қолдана отыра жасаған қорытындысын университеттің ғылыми уйірмелер мен конференцияларда баяндайды.

Әрбір студенттерді өндірістік оқыту,оқу үрдісінің міндетті бөлігі болып табылады және оның мақсаты студенттерді дербес жұмыс істеуге үйрету.Кәсіптік (өндірістік) іс – тәжірибенің басты міндеті ол студенттің университетте алған теориялық білімдерімді өндіріс жүзінде қолдану және оны жетілдіру болып табылады.

Менің университетте алған теориялық білімдерімді өндіріс жүзінде қолдана білу, оны тәжірибе жүзінде істеп көру және жетілдіру үшін мен өзім оқып жүрген астана қаласының, С.Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Ауылшаруашылық биотехнология ғылыми – зерттеу институтында» келісім шарт негізінде 2015 жылдың 24 тамызынан 16 қыркүйекке дейін өндірістік іс-тәжірибеден өттім.

Өндірістік іс-тәжірибеден өту кезінде қойылған мақсаттар:

1. Мамандығым бойынша алған теориялық білімдерімді жетілдіру және өнеркәсіптік үрдістерді іс-тәжірибелік түрде менгеру;

2. Биотехнологиялық синтез жолымен өнімдерді және өнімдердің сапасын бағалауды, селекциялық жұмыстың әдістерімен технологиясын меңгеру;

3. Өзіндік зерртеулер жасауды меңгеру және оның нәтижелерін қорытындылып талқылауды үйрену;

4. биотехнологиялық лабораторияда аппараттармен жұмыс жасауды меңгеру;

5. Зерттеу жұмыстарында қолданылатын әр түрлі лабараториялық жануарлармен, объектілермен дұрыс жұмыс жасауды меңгеру.

Міндеті:Халықаралық стандарттар негізінде сапалы білім беру қызметін көрсету арқылы ауылшаруашылығы және техникалық саланың интеллектуалды дамыған мамандарын даярлау.


НЕГІЗГІ БӨЛІМ

1 ӨНЕРКӘСІПТІҢ ДАМУ ТАРИХЫ ЖӘНЕ ҚҰРЫЛЫМЫ

1.1 С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Ауылшаруашылық биотехнология ғылыми-зерттеу институтының» қысқаша даму тарихы

Заманауи биотехнология ғылыми-инновациялық орталығы «С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» АҚ президентінің 2004 жылғы желтоқсан айының 25-і күнгі № 148 бұйрығы негізінде ұйымдастырылған болатын. Ал 2008 жылы ҒЗИ қаржыландыру көлемінің ұлғаюына, ғылыми потенциалы мен материалды-техникалық базасының нығаюына байланысты, Биотехнология ғылыми-зерттеу институты болып қайта құрылды (№ 94 бұйрық, 06.03.2008 ж).

2012 жылдан бастап «Ғылыми-инновациялық заманауи биотехнология орталығы» С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университетінің «Ауылшаруашылық биотехнология ғылыми-зерттеу институты» деп өзгертілді.

2001-2005 жылдарға арналған «Агроөнеркәсіп кешенін ғылыми тұрғыдан қамтамасыз ету» және «Қазақстан Республикасында биотехнологиялық өнімдерді өндіруді ұйымдастыру мен ғылыми-техникалық тұрғыда қамтамасыз ету» атты Салалық ғылыми-зерттеу бағдарламалары шеңберінде жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарына университетіміздің жас ғалымдарының тікелей қатысуымен ауыл шаруашылық малдарының жұқпалы ауруларын балауда қолданылып жүрген классикалық әдістермен салыстырғанда белсенділігі мен сезімталдығы жоғары жаңа диагностикалық препараттар әзірленді. Олар:

1) «Моноклоналды антиденелер негізінде ИФТ әдісімен ірі қара мал туберкулезін балауға арналған жиынтық»- ТУ 5100 РК 39655396-ЗАО-001-2002;

2) «Иммунды ферменттік талдау тәсілімен ірі қара мал бруцеллезін балауға арналған БРУ-СЕРОТЕСТ реагенттер жиынтығы»- ТУ 5100 РК 40345154- РГП-002-2004, ҚР АШМ Департаментімен бекітілген 2 қазан 2004 жылдан ;

3) Қойлардың қан сарысуындағы бруцеллезге қарсы антиденелерді иммунды ферменттік талдау тәсілімен анықтауға арналған реагенттер жиынтығы;

4) «Қоршаған орта нысандарынан сібір жарасы антигендерін иммунды ферменттік талдау тәсілімен анықтауға арналған жиынтық»- ТУ 5100 РК-40345155- РГКП-004-2005;

5) «Малдардың қан сарысуындағы лептоспирозға қарсы антиденелерді иммунды ферменттік талдау тәсілімен анықтауға арналған реагенттер жиынтығы» - ТУ 5100 РК 38902662-РГКП-003-2005.

Бұл аталған диагностикумдардың барлығы Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринария департаментімен келісіліп, Индустрия және сауда министрілігінің техникалық стандарттау және метрология комитетінде сараптамадан өткеннен кейін өндірісте пайдалануда қолданыс тауып отыр.

Сонымен қатар өсімдік шаруашылығы бағытында ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізіп жатқан жас ғалымдар да біраз жетістіктерге ие болды деп айтуға болады. Бұл салада жүргізілген зерттеулердің нәтижесінде вируссіз картоптың элиталық сорттарын алу технологиясы және жаздық жұмсақ бидай сорттарын селекциялау әдістерін әзірлеп өндіріске енгізді. Осы жүргізілген ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижесі бойынша соңғы бес жыл аралығында ғылыми-зерттеу институтының жас ғалымдары 10-нан астам алдын ала патенттерге иеленіп, еліміздің және ТМД елдерінің ғылыми журналдарында 100-ге жуық мақалалар жариялады және олардың жүргізген ғылыми зерттеу жұмыстарынан алынған жетістіктері республикалық және университет деңгейіндегі сайыстарға қатысып жүлделі орындарды иеленгендігі жөнінде де айта кетуіміз керек.

Қазіргі уақытта университет ғылыми-зерттеу институтының жетекші ғалымдары 2012-2014 жылдарға арналған Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Ғылым және білім министрлігі жариялаған ашық сайыстарға қатысып, қолданбалы және іргелі ғылымдардың бюджеттік бағдарламалары бойынша төмендегідей гранттар ұтып алынды. Олар:

ü «Мал шаруашылығы азықтарында ангельминтті анықтауға арналған иммунды хроматографиялық тест жүйесін шығару», 2012 - 2014 жж.

ü «M.bovis микобактерияларын немесе олардың антигендерін патологиялық және де басқа биологиялық объектілерден анықтауға арналған иммунохроматографиялық тест жүйесі», 2020 ж.

ü «Жануарлардың паратуберкулезін балауға арналған ПТР тест жүйесі»

ü «Құстар мен жануарлардың бактериальдық инфекциялық қоздырғышын идентификациялауға арналған тест жүйесі» 2012 - 2014 жж.

Осы аталған тақырыптардағы ғылыми-зерттеу жұмыстарына 30-дан астам жас ғалымдар, ізденушілер, аспиранттар мен магистранттар және мектеп оқушылары жұмылдырылып отыр.

Алдымыздағы 5-5 жыл аралығында С.Сейфуллин атындағы Биотехнология ғылыми-зерттеу институты өсімдік, жануар және ветеринария медицинасында жаңа биотехнологияларды игеру мен құрылымдарға көп көңіл бөлінуде.

Ветеринария медицинасында негізгі жұмыстар ауылшаруашылық жануарларының жұқпалы ауруларын балаудың молекулярлық әдістері мен бруцеллез, лейкоз және басқа да қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы вакциналар құрастыруына негізделген болады.

Қоршаған ортаның экологиялық қауіпсіздігі үшін азотфиксирлеуші микроағзалардың ген-инженерлі штаммдарын құрастыру мүмкіндігі іске асырылады.

Бұл мәселелердің генді-инженерлі әдістерімен шешілуі мемлекетіміздегі агроөнеркәсіп өндірісінде экономикалық және экологиялық жағдайды айтарлықтай жақсартуы мүмкін.

 

1.2 Ауылшарушылық биотехнология ҒЗИ мақсаттары мен міндеттері

«Ауылшаруашылық биотехнология ғылыми-зерттеу институтының» мақсаттары мен міндеттері.

«Ауылшаруашылық биотехнология ғылыми-зерттеу институты» негізгі мақсаты - ауылшаруашылық өсінділердің тұрақты сорттары мен гибридтерін, жануарлар линияларын, жануарларды емдеуде, алдын-алуында және балауында қолданылатын жаңа биологиялық препараттарын дайындауда жүргізілетін ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу мен ұйымдастыру, сондай- ақ:

-ауыл шаруашылық өндірісінің маңызды міндеттерін шешу үшін университеттің ғылым саласы мен ғылыми-зерттеу жұмыстарының деңгейін жоғарлату;

- ғылыми-зерттеу жұмыстарынан алынған нәтижелерді практика мен оқу үрдісіне енгізуді жеделдету. Сонымен қатар, ғылыми-зерттеу жұмыстарына студенттер мен мектеп оқушыларын тарта отырып, олардың ғылымға деген көзқарастарын арттыру;

-ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге студенттерді белсенді қатыстыру.

Қойылған мақсаттарға сүйеніп, Биотехнология ғылыми-зерттеу институты келесі міндеттерді алдына қояды:

1. Ауыл шаруашылығы өсімдіктері дақылдарының жаңа сорттарын алудың жаңа биотехнологиялық тәсілдерін әзірлеу және оларды өндіріске енгізу.

2. Ауыл шаруашылық малдарының жұқпалы аурулары таралуының алдын алуға бағытталған жаңа буынның диагностикалық және профилактикалық биопрепараттарын әзірлеу және оларды өндіріске енгізу.

3. Ауыл шаруашылығы мен өндірістік биотехнология ғылымы салаларына қажетті жоғары білімді мамандарды дайындау болып табылады.

2 ӨНЕРКӘСІП ПЕН ОНЫҢ БӨЛІМШЕЛЕРІНІҢ НЕГІЗГІ АТҚАРАТЫН ЖҰМЫСТАРЫНЫҢ СИПАТТАМАСЫ

 

2.1 Ауылшаруашылық биотехнология ҒЗИ бөлімшелері және олардың сипаттамалары

Ауылшаруашылық биотехнология ғылыми зерттеу-институтының мекемелік құрылымы.

«Ауылшаруашылық биотехнология ғылыми-зерттеу институты» университеттің ғылыми бөлімі болып табылады және заңды тұлғасы жоқ.

Ауылшаруашылық биотехнология ғылыми-зерттеу институты қазіргі заман талаптарына сай зертханалық және технологиялық құралдармен жабдықталып, екі бөлімнен тұрады: өсімдіктер биотехнологиясы бөлімі және жануарлар биотехнологиясы бөлімі.

Өсімдіктер биотехнологиясы бөлімі төрт зертханадан тұрады:

1) ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің селекциясы зертханасы;

2) ауыл шаруашылық өсімдік дақылдарының ауруларын балау зертханасы;

3) өсімдіктерді микроклоналды жолмен көбейту зертханасы;

4) фактеростат бөлімі.

Жануарлар биотехнологиясы бөлімі төрт зертханадан тұрады:

1) жасуша инженерия зертханасы;

2) иммунды химия зертханасы;

3) молекулярлы – генетикалық әдістерді зерттеу зертханасы;

4) электрофорез бөлімі.

Бұл институт 5 зертхана бөлмесінен құралған. Олар:

-Иммунды-химия зертханасы;

-Жасушалық инженерия зертханасы;

-Молекулярлық биология зертханасы;

-Фактерастаттық зертханасы;

-Ақпараттық-диагностикалық бөлме;

-Электрофорез зертханасы;

-Жуу бөлмесі

Ауылшаруашылық өсімдіктер биотехнология зертханасының сипаттамасы. Ол бірнеше бөлмеден тұрады:

1) зерттеулер нәтижесінде алынған барлық ақпарат өңделетін бөлме, аналитикалық бөлме.

2) қоректік орталарды, құрал-жабдықтар мен материалдарды залалсыздандыруға арналған бөлме, ол автоклавпен, құрғақ, ыстық ауамен залалсыздандыруға арналған кептіргіш шкафпен, раковина және өсімдік материалдарын залалсыздандыруға арналған заттармен, дистильденген суды алуға арналған аппаратпен (дистиллятор), кептіргіш сөремен жабдықталған.

3) залалсыздандырылған бөлме, онда ұлпаларды көшіруге және басқа да стерильді жұмыстарды орындауға арналған ламинарлы бокс орналасқан. Бұл бөлме микроорганизмдер мен саңырауқұлақ спораларын жою үшін ультракүлгін шамымен жабдықталған. Сондай-ақ, сорғыш шкаф пен термостат орналасқан.

4) фотопериод кезінде ылғалдылығы 16-18 сағат және ауаның оңтайлы температурасы 220-250С мен 5000 люкс болатын күндізгі жарық шамдары бар стеллаждар орналасқан факторостатты бөлме.

 

 

3 ӨНЕРКӘСІПТЕГІ БИОТЕХНОЛОГИЯЛЫҚ ӨНДІРІС АППАРАТТАРЫ МЕН ПРОЦЕСТЕРІ

3.1 Ауылшаруашылық биотехнология ҒЗИ қондырғыларымен зертхана жабдықтары

Ауылшаруашылық биотехнология ғылыми-зерттеу институты қазіргі заман талаптарына сай зертханалық және технологиялық қондырғылары:

Қондырғылармен қамтамасыздандырылуы

-2-класты қорғанышты TelStar ламинарлық боксы (Испания) 2005 ж.

- Eppendorf ПТР-зертханасы (Германия), 2006 ж.

- Beckman Coulter, CEQ 8000 8-каппилярлы генетикалық анализатор (АҚШ), 2005 ж.

- BINDER, СВ 150 СО2 –инкубаторы (Германия), 2005 ж.

- Shel Lab 3515-2, CI СО2 –инкубаторы (США), 2005 ж

- ЛОМО инвертирленген микроскопы (Ресей) 2005 ж.

- PLATINUM төменгі температуралы тоңазытқыш (Италия), 2005 ж.

- EXPERT -96 ИФТ арналған фотометр (Австрия), 2004 ж.

- Вошер-автомат Atlantis (Австрия), 2005 ж

- PST-60 HL, 2 планшетке арналған термошейкер (Латвия), 2005 ж.

- Heidolf ротационды буландырғышы (Голландия), 2006 ж.

- Сryodos TelStar лиофильді кептіргіші (Испания) 2006 ж.

- MILLI-Q ACADEMIC ультра тазартылған су алуға арналған қондырғы (АҚШ), 2005 ж.

- Мicros MC -20 бинокулярлы микроскопы, Австрия, 2005 ж.

- Сompact dual mini code электрофорез жүргізуге арналған қондырғы комплекті (Англия), 2006 ж.

- Semi blot иммуноблотинг жүргізуге арналған қондырғы (Англия), 2006 ж.

- Eppendorf центрифугасы (Германия), 2005 ж.

- GFL 2102 бидистилляторы, (Германия), 2005 ж.

Зертхана жабдықтарын сипаттау:

Ламинарлы бокс - (Assab-1,2, Швеция) - тігінен және кѳлденең стерильді ауа жібергіші бар. 03 мкм-ден аспайтын бѳлшектерді ұстап қалатын фильтр стерильділікті қамтамасыз етеді.

С02 инкубатор - (Binder, Германия)- гибридомаларды культивирлеу үшін автоматгы түрде жоғары ылғалдылық (98%), керекті температура (35 °С) және берілген СО2 концентрациясы- 5% белгіленетін жабдық. Қоректік ортадағы pH мѳлшерін тұрақтандырып, жасуша инкубациясы периоды кезінде оның минималды булануын қамтамасыз етеді.

Төмен жылдамдықты центрифуга (Labimeks, Польша )- жасушаларды тұндыруға арналған.

Инвертирирленген микроскоп (Opton, ФРГ) - осінді сұйықтығындағы жасушаларды бақылауға арналған, яғни in vitro жағдайында олардыц осуін бақылау (арнайы ыдыстарда).

Поляризационно-интерфереционный микроскоп (Opton, ФРГ)- фазалы және амплитудалы бақылау, сондай- ақ оптикалық жолдардың ѳзгерғіштіғін, бұрыш үйкелісін, микробеткейлік түрін, заттар концентрациясын, жасушадағы құрғақ заттардың құрамын, жарық откізгіштіғін олшеу үшін қолданылады.

Төмен температуралы тоңазытқыш (Sanio, Жапония)- екі камералы. -50° С температурада реактивтерді және қоректік орталарды сақтау және жасушаларды криоконсервілеу үшін арналған.

Дьюар ыдыстары (СК-25л, Украина) - жасушаларды криоконсервілеуғе арналған сұйық азотты сақтау үшін қолданылатын ыдыстар.

Электронды акводистиллятор (АЭ-10, Ресей)- бастапқы судан қайнату арқылы буды алып, әрі қарай бу конденсацияланып 50° С температурасы аралығындағы тазартылған су ѳндіру үшін қолданылады.

ИФТ арналган спектрофотометр (Expert-95, Австрия)- ИФТ нәтижесін оқуға арналған компьютерғе жалғанған жабдық.

Термошейкер PST-60HL моделі - бұл термошейкер стандартты 96 шұңқыршықты планшетті араластырып және термостат сияқты 35°С температураны ұстап тұрады.

Планшетті шаюға арналған аппарат «ASYS» (вошер) - ИФТ -да қолданылатын микропланшетті шаюға арналған жартылай автоматтандырылған (вошер) Asys қондырғысы. Вошер Asys бұл ѳте қолайлы кішкентай қондырғы. Бұл 96 шұңқыршықты теғіс түбі планшеттермен жұмыс жасайды. Бұл аппаратта арнайы үш ыдысы болады, біреуінде шаюға арналған дистильденғен суы болады, екіншісінде планшетті шаюға арналған ФТЕ+Твин-20 қосылған болады, ал үшіншісінде шаю барысындағы шайылған ерітнділер жиналады.

рН-метр (Orion, АҚШ)- сандық рН-метр сутекті иондардың концентрациясын ѳлшеуге арналған. Сонымен қатар, pH жэне сулы ерітінділердің тотықтырып- қалыптастыратын кѳрсеткіштерін ѳлшеуге болады.

Автоклав (ВК-55-01, Ресей) - ыдыстарды жэне қоректік орталарды қысым астындағы бу арқылы стерильдеу үшін қолданылады. Споралар мен микробтардың барлық вегетативті формаларын олтіреді.

Зертханалық ыдыстар - гибридомаларды культивирлеу үшін ѳндеуді қажет етпейтін бір реттік келесі типті пластикті ыдыстар «Nunc» (Дания):

-96-шұңқыршықты планшет

-24-шұңқыршықты планшет

-ѳсінді жасушаларына арналған флакондар (осу кѳлемі 24, 55, 150см )

-Петри табақшалары (5-тен 200 мл кѳлемді)

-центрифуга пробиркалары (10-нан 100 мл кѳлемді)

-жасушаларды қатыруға арналған пробиркалар (колемі 2 мл)

-дозаторлар- автоматты (Plastomed, Польша) ұштары бар, вариационды кѳлемімен 0,001-ден 0,5 мл дейін.

-пипеткалар - шыны градуирленген (колемі 1-ден 10 мл дейін), пинцеттер, қайшылар, скальпельдер.


4 БИОӨНДІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ НЕГІЗІ

4.1 Ауылшаруашылық биотехнология ҒЗИ бағыттары мен жобалары

ҒЗИ негізгі бағыттары

- ауыл шаруашылық малдарының инфекциялық және инвазиялық ауруларын (бруцеллез, туберкулез, лейкоз, описторхоз, эхинококкоз және т.б.) моноклоналды антиденелердің негізінде балауға арналған, халықаралық стандартқа сәйкес келетін тест-жүйелерін әзірлеу және оларды зертханалық практикаға енгізу;

- мал шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық-санитариялық бағалауға (антибиотиктердің қалдықтық мөлшерлерін анықтауға) арналған экспресс-тесттерді әзірлеу;

- биотехнология әдістерінің негізінде маңызды өндірістік дақылдардың жаңа формаларын, линиялары мен сорттарын алу;

- вируссыз картоп тұқымдарын алу технологияларын әзірлеу және оларды ауыл шаруашылығы практикасына енгізу;

- жапырақты және қылқан жапырақты өсімдік тұқымдары мен жеміс-жидек дақылдарының теңдесі жоқ көшеттерін алу және оларды көбейтудің биотехнологиялық әдістерін ауыл шаруашылығы практикасына енгізу.

Жобалар
Ғылыми-техникалық бағдарлама бойынша: «2009-2011 жылдарға арналған медицинада, ауыл шаруашылығында, қоршаған ортаны қорғауда, тамақ және қайта өңдеу өнеркәсібінде гендік инженерлік және жасушалық технологияны әзірлеу және қолдану»:

- Описторхозды иммунды ферменттік талдаумен анықтау тәсілдерін әзірлеу;

- Ауыл шаруашылық малдары эхинококкозының серологиялық балауына арналған иммунды ферменттік тест-жүйесін әзірлеу.

«Агроөнеркәсіптік кешен саласындағы қолданбалы зерттеулер» атты 042-ші бюджеттік бағдарлама бойынша:

- Ірі қара мал лейкозының экспресс-диагностикасына арналған, тиімділігі жоғары импортты алмастырушы тест-жүйесін әзірлеу;

- Жануардан алынатын тағам өнімдерінің сапасын арттыру мақсатында, олардың құрамынан антибиотиктерді анықтауға арналған әдістерді жетілдіру;

- Физиологиялық-биохимиялық, биотехнологиялық және гендің инженериялық тесттерді қолдана отыра классикалық селекция әдістерімен күздік, жаздық бидай және тритикале формаларын, линиялары мен сорттарын алу;

- Физиологиялық-биохимиялық, биотехнологиялық және гендің инженериялық тесттерді қолдана отыра классикалық селекция әдістерімен жаздық арпа және сұлының формаларын, линиялары мен сорттарын алу;

- In vitro және егістік жағдайларында картоптың сауықтырылған сорттарының банкін құрау;

- Биотехнологиялық әдістерді қолдана отыра Солтүстік Қазақстанның құрғақ-дала аймағына арналған салат типті картоптың бір сортын алу және отандық диагностикумдарды шығаруды ғылыми жағынан қамтамасыз ету жұмыстарын ұйымдастыру.

«Ауыл шаруашылығы өнімдерінің бәсекелестік қабілеттілігін арттыру» бағдарламасы бойынша:

- Онкорнавирустың С типіне телімді моноклоналды антиденелердің негізінде ірі қара мал лейкозың жедел түрде балауға арналған жаңа буынның тест-жүйесін әзірлеу;

- Биологиялық материалдардан және қоршаған орта объектілерінен туберкулез қоздырғышын анықтауға арналған ИФТ экспресс-тәсілін әзірлеу;

- Қысқа мерзім аралығында өнімді мол беретін, сапалы, арзан болатын вируссыз тұқымдық картопты алу технологиясын әзірлеу және оны ауыл шаруашылығы практикасына енгізу;

- Бақша өсіруді қайта жандандыру үшін жеміс-жидек дақылдарының көшеттік материалдарын жедел көбейтудің биотехнологиялық әдістерін әзірлеу және оларды Солтүстік Қазақстан өңірінің ауыл шаруашылығы практикасына енгізу.

 

4.2 Ауылшаруашылық биотехнология ҒЗИ патенттері

- «Бруцеллез қоздырғышына қарсы антидене анықтау әдістері». Патент ҚР №14230 жаңа өнім. 15.04.2008, бюллетень №4.
- «Ірі қара мал туберкулезіне серологиялық диагностика әдістері». Патент жаңа өнім № 14231,15.04.2008 бастап, бюллетень №4.
- «Жанурлардың лептоспирозына серологиялық диагностика». Бастапқы патент жаңа өнім № 19535, 22.05.2008ж. бастап
- «Ірі қара малдың трихофитиясына серологиялық диагностика әдістері». Инновационды патент №20506, 2009ж.
- «Серологиялық диагностика үшін дерматомицеттерден антиген алу әдістері». Инновационды» патент №20491, 2009ж.
- «in vitro жағдайында картоптың апикальды меристемасын культивирлеу әдістері». Бастапқы патент, 16.05.2005бастап, бюллетень №5.
- «Картоп өсімдіктерін көбейту әдістері». Бастапқы патент, 15.08. 2008ж., бюллетень №8.
- «Вируссыз негізде элиталық картопты өндіру әдістері». Патент ҚР 2010ж.
- «Күзгі қара бидайды жазғы егіске трансформациялау әдістері». Патент ҚР 2010ж.

 

ЖЕКЕ ТАПСЫРМА

5.1 Жоңышқа дақылымен танысу

Жоңышқа (Medіcaqo) – бұршақ тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдік. Еуропа, Азия және Африкада өсетін 100-ге жуық түрі бар. Кәдімгі Жоңышқа (M. satіva), сарбас жоңышқа (M. falcata), көк жоңышқа (M. caerulea), т.б. кең таралған. Қазақстанда 18 түрі өседі. Сабағы тарамданған, бұтақты түп құрады, биіктігі 40 – 80 см. Жапырағы үш құлақты, ұзынша келген. Гүлшоғыры – көп гүлді шашақ. Жемісі – көп тұқымды бұршақ. Жоңышқа – республикамызда көп өсірілетінмал азықтық дақыл. Малға пішен, балғын көк майса, кептіріліп ұнтақталған, сүрлем күйінде беріледі.

Жоңышқада (құрғақ затқа шаққанда) 15,5% ақуыз, 43,9% азотсыз заттар, 3,1% май болады. Кәдімгі жоңышқаның 100 кг жасыл массасында 21,7 азық өлшемі, 4,1 кг қорытылатын ақуыз, ал 100 кг пішенінде 50,2 азық өлшемі және 13,7 кг қорытылатын ақуыз бар. Қазақстанда аудандастырылған жоңышқа сорттары: Ертіс жоңышқасы, Қарабалық жоңышқасы, “Дархан 90”,Райхан сорты, Орай сорты т.б. Жоңышқа – ылғал және жылу сүйгіш дақыл. Егіндік және мал азықтық ауыспалы егістікте егеді. Жоңышқаны гүлдей бастағанда орады. Шөбі орылғаннан кейін егістік үстеп тыңайтылса, Жоңышқаны екінші орған кезде мол өнім алуға болады.

Дүние жүзінің көптеген елдерінде жоңышқа дақылы өнімділігімен 1 га жиналатын ақуыз мөлшері жөнінен жетекші орындағы мал азықтық дақыл ретінде саналады. Осыған сая отырып жоңышқа дақыл көлемін ұлғайту қажет, ол үшін ең бастысы тұқым шаруашылығын мықтап дамыту шараларын қолға алуымыз қажет. Тұқымдық жоңышқа егістігі мен мал азықтық бағытындағы егілген егістіктердегі, агротехникалық шаралардың көптеген ұқсастықтығына сүйене отырып, өндірісте сиреген жоңышқалықтарды қалдырып, одан тұқымдық материалдар алынады. Бұндай процестердің қате екендігі өндірісте бірнеше жылдар бойы сыналып, өміршең еместігі айқындалды.

Жоңышқа арқылы танаптардың құнарлылығы көтеріледі,арам шөптер азаяды. Келесі егілетін дақылдардың аурулары мен зиянкестерден қорғау жеңілдейді. Жоңышқа 2-3 жыл бойы өте сіңімді, протеин мол, барлық мал сүйсіне жейтін пішен береді.

Жоңышқа дақылы жоғарғы сапалы мал азығы болумен қатар оның егін шаруашылығында алатын агротехникалық орны ерекше. Әсіресе Қызылорда облысы жағдайында жоңышқасыз ауыспалы егістің тиімділігін арттыру мүмкін емес.

Жоңышқа егісінен кейін топырақ құнарлығы артады және физикалық қасиеттері жоғарылайды. Ол топыраққа судың сіңуін жақсартып, сортаңдану, процесін бәсеңдетеді. Жоңышқа тамырлары шіріген кезде топыраққа тік дрендер пайда болады, өсімдікке зиянды тұздардың, жоғарғы қабаттағы мөлшерін 30-36 процентке кемітеді. Сол сияқты ол жер асты суларын пайдалана отырып, оның деңгейін 1,5-2 м дейін төмендетеді. Бітік өскен жоңышқа арам шөптерді мейлінше тұншықтырып, егіс танаптарын таза ұстауға әсерін молынан тигізеді.

Жоңышқаның осындай көп қаситтері егіншілік мәдениетін арттырып, басқа дақылдардан, әсіресе күріштен тұрақты мол өнім алуға нақтылы жол ашады. Қазіргі экономикалық және экологиялық қиыншылықтар кезеңінде, тыңайтқыштың, гербицидтердің тапшылығына байланысты жоңышқа егісінің көлемін және оның өнімділігін көбейту негізгі шаралардың бірі болып табылады.

 

5.2 Жоңышқа дақылының стерильдік кезеңдерімен таныс болу

 

Қазіргі таңда ҒЗИ қабырғасында in vitro жағдайында жоңышқа дақылын өсіру бастау алды. Іn vitro жағдайын тудыру үшін жоңышқа даылын толықтай анаэробты жағдайда шыны ішінде өсіру болып саналады. Анаэробты жағдайда жоңышқа дақылы инфекцияға ұшырамас үшін жоңышқа толықтай залалсыздандыру кезеңдерінен өткізуді талап етеді. Залалсыздандырудың арнайы екі ұстанымдары бар:

Бірінші ұстаным. Жасушаны өсіргенде жұмыстың бүкіл кезеңдерінде тазалықты, қатаң залалсыздықты сақтау керек. Ол үшін залалсыздандырудың бірнеше тәсілін қолданады: ыстық ауамен залалсыздандыру, автоклавты қолдану, арнайы сүзгішті қолдану, ультракүлгін сәулелерімен өңдеу.

1) Ыстық ауамен залалсыздандырған кезде шыны ыдыстарды /Петри тостағанын, пипеткаларды, колбаны, цилиндрді/ қорғасын қағазға орап немесе арнайы дайындалған контейнерге салып, 160°С 90-120 минут қыздырады.

2) Ыстыққа төзімді ерітіндіні 120°С ыстық бумен автоклавта 0,7-0,8 атм қысымда 20 минут бойы ұстайды. Бұл әдіспен қолдан жасалған қоректік ортаны да залалсыздандырады.

3) Сүзгіш арқылы залалсыздандырғанда нитроцеллюлозаны, асбесті сүзгіштерді қолданады. Тесіктерінің өлшемі 0,75 мкм болғандықтан, олар микроағзаларды өткізбейді.

4) Сәулелендіру тәсілімен залалсыздандыру үшін толқын ұзындығы 254 нм жарық шығаратын төменгі қысымды сынап шамын қолданады.

Сонымен қатар жұмыс орнын залалсыздандыру үшін кальций содасы (2-3%), фенол (3-5% карбол қышқылы ерітіндісін) немесе лизол ерітінділерін (фенол+жасыл сабын), 0,5-3% хлораминнің ерітіндісін, 70% изопропил немесе этил спиртінің ерітіндісін қолданады.

Екінші ұстаным. Жасушаны өсіру технологиясында әр түрлі қоректік ортаны пайдаланады. Жасушаларды өсіру үшін пайдаланатын қоректік ортаның құрамына кіретін қосылыстарды 6 топқа бөлуге болады:

1) негізгі бейорганикалық қоректік заттар /макроэлементтер/; 2) микроэлементтер; 3) темір көзі; 4) дәрумендер; 5) көміртек көзі /глюкоза, фруктоза, сахароза/; 6) өсуді реттейтін фитогормондар: ауксиндер – β-индолилсірке қышқылы /ИС)/; α-нафтилсірке қышқылы /НС)/; 2,4-дихлорфеноксисірке су қышқылы (2,4-D) a-индолилмай қышқылы /ИМ)/; цитокининдер – 6-фурфуриламинопурин (кинетин), 6-бензиламинопурин /БАП/, зеатин.

Көптеген біржылдық өсімдіктер үшін ең қолайлы әрі әмбебап қоректік ортасы Мурасиге-Скуга (МS) болып есептелінеді. МS қоректік ортасының құрамы 1-кестеде көрсетілген. Төменде қою ерітінділерден 1 литр қоректік ортаны дайындау үшін қажетті мөлшерлер берілген.

1. Макротұздар - 50 мл/л 6. 2,4-D - 2 мг/л

2. Микротұздар - 1 мл/л 7. Сахароза - 30 г/л

3. Fe-хелат - 5 мл/л 8. CaCl2·H2O -1,46 мл/л.

4.Тиамин HCl- 1мл/л 9.Агар - агар – 7г\л

5. Мезоинозит – 80 мг/л

1-кесте. Макро және микротұздардың құрамы

 

Макротұздар, мг/ л Микротұздар, мг/ л
KNO3 H3ВO3 6,2
KH2PO4 MnSO4 · 4H2O 22,3
NH4NO3 Fe2(SO4)3 · 7H2O 27,8
MgSO4 . H2O Na2MoO4· 2H2O 37,3
CaC2 · 2H2O CuSO4 · 5H2O 0,025
    ZnSO4 · 7H2O 8,6
    Na2MoO4 · 2H2O 0,25
    KJ 0,83

 

Жасушалар өсетін кейбір қоректік орталарға органикалық заттарды: казеин гидролизатын, ашытқы экстрактын немесе кокос сүтін қосса, олардың өсуі жақсара түседі.

Тығыз агарлы қоректік орта дайындау үшін қоректік ортаның құрамына теңіз балдырларынан өндірілетін 7 г полисахарид агарды қосады. Залалсыздандыруға дейін ортаның рН деңгейін 5,5-6 жеткізеді, дегенмен, бұл көрсеткіш залалсыздандыру кезінде қанттардың тотығуына байланысты азаяды. Әрбір жаңа өсімдікке қоректік ортаны арнайы дайындайды. Сонымен бірге орта құрамын әрқашан өзгертіп отыру қажеттілігі алға қойған мақсатқа байланысты. Жасушаны өсіру үшін ауаның салыстырмалы ылғалдылығы 65-70 %, жарық – 1-3 мың люкс, температура 25-36°С болу керек.

Қазіргі таңда ҒЗИ қабырғасында in vitro жағдайында жоңышқа дақылын өсіру бастау алды. Іn vitro жағдайын тудыру үшін жоңышқа даұылын толықтай анаэробты жағдайда шыны ішінде өсіру болып саналады. Анаэробты жағдайда жоңышқа дақылы инфекцияға ұшырамас үшін жоңышқа толықтай залалсыздандыру кезеңдерінен өткізуді талап етеді.

Фактеростат бөлімінде қолданылып жүрген жоңышқа дақылының екі сорты бар: Райхан сорты мен Орай сорты. Белгілі бір сорты таңдап аламыз. Содан кейін залалсыздандыру кезеңдері басталады:

1. Жоңышқа дақылын сабынды сумен жуамыз. 3 рет қайтара жуамыз.

2. Сабынды сумен жуылған соң құбыр суымен үш рет шаямыз.

3. Одан кейін жоңышқа дақылдарын 70% спиртте 1 минут көлемінде ұстаймыз. Одан кейін спиртті төгіп тастаймыз.

4. Спирттен кейін жоңышқа дақылын 10% белизнада 30 минут бойы ұстаймыз. 30 минут өткен соң белизнаны төгіп тастаймыз.

5. Белизнадан шыққан жоңышқа дақылдарын залалсызданған дистилденген сумен 3 рет шаямыз.

5 кезеңнен өткеннен кейін ғана жоңышқа дақылдарын in vitro жағдайына енгізуге болады.

 

5.3 Жоңышқа дақылын in vitro жағдайында зерттеу

 

5.3.1 Зерттеу материалдары мен әдістері

Зерттеу материалдары

Зерттеу жұмыстары С. Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті «Ауылшаруашылық биотехнология ғ




©2015 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.