Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Осы рукундерді рет– ретімен орындау

Шейх Абдульазиз ибн Баз

(Аллаh оны рақым етсін)

Аударған:

Абу Абдирахим

Мазмұны

«ЛӘ ИЛӘҺӘ ИЛЛӘ АЛЛАҺ» куәлігінің шарттары.

«Мухаммад-Аллаһтың елшісі»куәлігінің шарттары.

Намаздың шарттары.

Намаздың рукундері (яғни тіректері)

Намаздың уәжіптері

Намазды бұзатын нәрселер

Сәһу (жаңылысу) сәждесі

Дәреттің шарттары

Дәреттің парыздары.

Дәретті бұзатын нәрселер.

  1. العلم Білім, оның терісі надандық.

Әрбір адам Аллаһтың құлшылыққа лайықты екендігін және Аллаһтан басқа пұттардың жалған екендігін біліп, оған амал қылса, сол адам

«ЛӘ ИЛӘҺӘ ИЛЛӘ АЛЛАҺ» мағынасын түсінген болады.

Дәлел: Аллаһ тағала айтты:

فَاعْلَمْ أَنَّهُ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَاسْتَغْفِرْ لِذَنبِكَ

وَلِلْمُؤْمِنِينَ وَالْمُؤْمِنَاتِ وَاللَّهُ يَعْلَمُ مُتَقَلَّبَكُمْ وَمَثْوَاكُمْ

«Білгін! Расында Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты тәңір жоқ және өзіңнің әрі мүмін ер, әйелдердің күнәларының жарылқануын тіле»

(Мухаммад-19)

Усманнан (Оған Аллаһ разы болсын) келген хадисте Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты:

«Кімде – кім Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты тәңір жоқ екендігін

біліп өлсе, жәннәтқа кіреді» (Муслим).

  1. اليقينАйқын сенім, оның терісі күмән.

Кімде – кім «ЛӘ ИЛӘҺӘ ИЛЛӘ АЛЛАҺ» сөзін айтса, ол адамға уәжіп болады, сол сөзге және одан басқа пұттардың жалған екендігіне айқын сенуі.

Дәлел: Аллаһ тағала:

إِنَّمَا الْمُؤْمِنُونَ الَّذِينَ آمَنُوا بِاللَّهِ وَرَسُولِهِ ثُمَّ لَمْ يَرْتَابُوا وَجَاهَدُوا بِأَمْوَالِهِمْ وَأَنفُسِهِمْ

«Негізінде нағыз иман келтіргендер Аллаһқа және оның Елшісіне иман келтіріп, кейін күмандәнбағандар», -деген.

(Хужурат-15)

Әбу Һурайрадан (Оған Аллаһ разы болсын) келген хадисте Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)айтты:

«Мына дуалдың артында «ЛӘ ИЛӘҺӘ ИЛЛӘ АЛЛАҺ» кәлимасын айқын сеніммен айтатын кімді кездестірсең, оны жәннатпен сүйіншіле» (Муслим).

  1. الاخالصЫқылас, оның терісі ширк.

Осы «ЛӘ ИЛӘҺӘ ИЛЛӘ АЛЛАҺ» кәлимасын айтумен Аллаһтың жүзін қалау.

Дәлел:Аллаһ тағала айтты:

وَمَا أُمِرُوا إِلَّا لِيَعْبُدُوا اللَّهَ مُخْلِصِينَ لَهُ الدِّينَ حُنَفَاء

وَيُقِيمُوا الصَّلَاةَ وَيُؤْتُوا الزَّكَاةَ وَذَلِكَ دِينُ الْقَيِّمَةِ

«Олар ғибадатты нағыз Аллаһқа шынайы ынтамен бір беткей түрде орындаулары, намаз оқулары, зекет берулері үшін әмір етілген. Міне осы

туп- тура дін» (Бәийна-5)

Әбу Һурайрадан (Оған Аллаһ разы болсын) келген хадисте Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты:

«Кім шын жүректен «Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты тәңір жоқ» десе, менің шапағатыммен ең бақытты адам болады» (Бұхари).

  1. الصدقШыншылдық, оның терісі өтірік.

Өзінің сөзінде, амалында және сенімінде шыншыл болу.

Дәлел: Аллаһ тағала айтты:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ اتَّقُواْ اللّهَ وَكُونُواْ مَعَ الصَّادِقِينَ

«Ей,иман келтіргендер! Аллаһтан қорқыңдар және шыншылдармен

бірге болыңдар»(Тәубе-119)

Муғаз ибн Жәбәл (Оған Аллаһ разы болсын) жеткізген хадисте Аллаһтың елшісі (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):

«Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты тәңір жоқ екендігіне және Мухаммад оның елшісі екеніне шын жүрегінен куәлік берген әрбір адамды Аллаһ тозаққа харам етеді»,-деп айтқан (Бұхари, Муслим).

  1. المحبةМахаббат, оның терісі жек көру.

Әрбір адам осы кәлиманы айтумен бірге оны жақсы көру керек.

Дәлел: Аллаһ тағала айтты:

وَمِنَ النَّاسِ مَن يَتَّخِذُ مِن دُونِ اللّهِ أَندَاداً يُحِبُّونَهُمْ كَحُبِّ اللّهِ وَالَّذِينَ آمَنُواْ أَشَدُّ حُبًّا لِّلّهِ وَلَوْ يَرَى الَّذِينَ ظَلَمُواْ إِذْ يَرَوْنَ الْعَذَابَ أَنَّ الْقُوَّةَ لِلّهِ جَمِيعاً وَأَنَّ اللّهَ شَدِيدُ الْعَذَابِ

«Адамдардың кейбіреулері Аллаһқа өзгені теңдес етеді де, оларды Аллаһты сүйгендей сүйеді, ал мүміндер Аллаһты тағы артық сүйеді»

(Бақара-165)

Әнастан (Оған Аллаһ разы болсын) келген хадисте Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)айтты: «Кім де кімнің бойынан мына үш сипат табылса, ол олардыңарқасында иманның тәттілігін татады. Олардың біріншісі, Аллаһ пен оның елшісін бәрінен артық жақсы көрсе, екіншісі, біреуді тек Аллаһ үшін ғана жақсы көрсе, үшіншісі, Аллаһ (оны) кәпірліктен құтқарып алғаннан кейін, тозақ отына тасталуды қалай жек көретін болса, солайша кәпірлікке қайтып оралуды жек көрсе» (Бұхари, Муслим).

6. الانقياد Бойсұну, оның терісі бағынбау.

Куәлік қамтыған мағыналарға сырттай және іштей бойсұну. Мысалы: бұйырылған жане қайтарылған нәрселер.

Дәлел: Аллаһ тағала айтты:

وَمَن يُسْلِمْ وَجْهَهُ إِلَى اللَّهِ وَهُوَ مُحْسِنٌ فَقَدِ اسْتَمْسَكَ

بِالْعُرْوَةِ الْوُثْقَى وَإِلَى اللَّهِ عَاقِبَةُ الْأُمُورِ

«Кім өзін Аллаһқа тапсырып (бойсұнып) игілік істесе, сонда ол расында

берік тұтқаны ұстаған болады» (Лұқман-22)

Амр ибн Әл-Астан (Оған Аллаһ разы болсын) келген хадисте Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты:

«Сендердің ешқайсыларыңның әуесі (нәпсісі) менің әкелгеніме сәйкес болмайынша иманды болмайсыңдар» (Ат- Табарани дұрыс хадис).

7. القبول Қабылдау, оның терісі қайтару.

Аллаһтың құлшылығы мен одан басқаға құлшылық жасаудан бас тарту секілді мәселелерді қамтыған осы сөзді толық қабылдау.

Дәлел:Аллаһ тағала айтты:

إِنَّهُمْ كَانُوا إِذَا قِيلَ لَهُمْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ يَسْتَكْبِرُونَ

وَيَقُولُونَ أَئِنَّا لَتَارِكُوا آلِهَتِنَا لِشَاعِرٍ مَّجْنُونٍ

«Расында олар өздеріне «Лә иләһә иллә Аллаһ» (сөзі)айтылғанда тәкаппарлық қылып, «есінен адасқан ақынға бола өз тәңірлерімізді

тастаймыз ба?» -десті»(Саффат-35-36)

8. Аллаһтан басқа пұттарға кәпір(яғни қарсы)болу.

Дәлел:Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты:

«Кімде –кім, Аллаһтан басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ десе және Аллаһтан өзге пұттарға қарсы болса, онда оның мал – мүлкі мен қаны қастерлі (қадірлі) болады. Және оның есебін Аллаһ өзі береді» (Муслим).

«Мухаммад-Аллаһ елшісі»

куәлігінің шарттары.

1. Бұйырған істеріне бойұсыну.

Дәлел: Аллаһ тағала айтты:

قُلْ أَطِيعُواْ اللّهَ وَالرَّسُولَ فإِن تَوَلَّوْاْ فَإِنَّ اللّهَ لاَ يُحِبُّ الْكَافِرِينَ

«Аллаһқа және елшіге бойсұныңдар! Егер бұрылып кетсеңдер(яғни, бас

тартсаңдар), Аллаһ кәпірлерді жақсы көрмейді»(Әл Имран, 32).

2. Мухаммад(Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хабарлаған

нәрселерді рас деп білу.

Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бізге Аллаһтың сөзі Құран Кәрімнен басқа көптеген нәрселердің хабарын жеткізіп кеткен. Оған өткен қауымдардың хабары, келешекте болатын бүліктер мен ақырзаман белгілері және ғибадаттарға, адамдар арасындағы қарым-қатынастар мен әдеп-ахлақтарға қатысты мәліметтер жатады.

Дәлел:Аллаһ тағала айтты:

إِنْ هُوَ إِلَّا وَحْيٌ يُوحَى عَلَّمَهُ شَدِيدُ الْقُوَى

«Ол өз ойынан сөйлемейді. Сөйлегені тек уахи ғана»(Нәжім- 3- 4 )

3. Оның(Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тыйым салған

нәрселерінен аулақ жүру.

Дәлел:Аллаһ тағала айтты:

وَمَا آتَاكُمُ الرَّسُولُ فَخُذُوهُ وَمَا نَهَاكُمْ عَنْهُ فَانتَهُوا وَاتَّقُوا اللَّهَ إِنَّ اللَّهَ شَدِيدُ الْعِقَابِ

«Сендерге Пайғамбар не берсе алыңдар да, неден тыйса, одан

тыйылыңдар! Әрі Аллаһтан қорқыңдар»(Хашыр- 7)

4. Аллаһқа жасалатын құлшылықты оның(Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) шариғаты бойынша орындау.

Бұл барлық істерде оның(Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сүннетін ұстанып, оның (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) тура жолымен жүру, шариғатта негізі жоқ, дінге кіріп кеткен бидғаттарды тастап, одан безу және еліктеуге келетін нәрселерде Пайғамбарымызға (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) еліктеп, оны (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) көркем үлгі тұту арқылы жүзеге асады.

Дәлел:Аллаһ тағала айтты:

لَقَدْ كَانَ لَكُمْ فِي رَسُولِ اللَّهِ أُسْوَةٌ حَسَنَةٌ

«Расында, сендер үшін Аллаһ елшісінде көркем өнегелер бар»(Ахзаб-21).

Айша (Аллаһ оған разы болсын) анамыздан жеткен хадисте Пайғамбар (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты:

«Кімде-кім біздің ісімізге оған жатпайтын нәрселерді енгізсе, ол қайтарылады (яғни, қабыл етілмейді)» (Бұхари, Муслим).

«Аһли сунна» ақидасы бойынша

төрт нәрсе дәлел бола алады:

  1. Құран.
  2. Сүннет.

Бұл екі негіздің дәлел болатындығы туралы Аллаһ тағала айтты:

«Егер бір нәрсеге талассаңдар, оны Аллаға және оның елшісіне

қайтарыңдар»(Ниса, 59);

«Аллаға және оның елшісіне бой ұсынып сақтаныңдар»(Мәидә, 92);

«Сендерге Пайғамбар не берсе алыңдар да неден тыйса одан

тыйылыңдар»(Хашыр, 7);

«Кім Пайғамбарға бағынса, расында Аллаға бағынған болады»

(Ниса, 80).

3. Ижмағ.

Ижмағ дегеніміз- Пайғамбарымыздан (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) кейін, қандай да бір шарғи үкімге, бұл үмбеттің үлкен ғалымдарының бірауыздан келісуі.

Ижмағтың дәлел бола алатындығы туралы Аллаһ тағала айтты: «Ал біреу, өзіне тура жол айқындалғаннан кейін, Пайғамбарға қарсы шықса, сондай-ақ мүміндердің жолынан басқа жол іздесе, оны бұрылған жағына бұрамыз да тозаққа саламыз. Ол нендей жаман орын!»

Ал, Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Менің үмбетім адасуға жиналмайды»,-деген (Хадистің тізбегін шейх Албани жақсы деген).

4. Қияс.Қияс (яғни салыстыру) үкімі жоқ нәрсені үкімі бар нәрсеге екеуіне ортақ себепке байланысты салыстырып, үкімі жоқ нәрсеге үкім шығару.

Дәлел:Бір әйел кісі Пайғамбарымыздан (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) хаж істеуге серт беріп, кейін сертін өтей алмай дүниеден өткен анасы жайлы сұрады: « Оның атынан хаж істеймін ба?» - деп. Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Иә» - деп жауап қатты. Пайғамбрымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер сен анаңның (адамдарға) қарызы бар екенін көрсең, оны өтер ма едің?» - деп сұрады. Ол: «Иә» - деп жауап берді. Сонда Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Олай болса Аллаһтың қарызын өтеп қой» -деді (Бұхари).

Намаздың шарттары – 9

Намаздың шарттары дегеніміз -намаз алдында орындалатын міндетті амалдар. Егер шарт бұзылса, шарт қылынған намаз да бұзылады. Бұл мәселеде ешқандай үзір (кешірім) қабылданбайды. Мысалы: ұмыту, білмеу, әдейі істеу т.с.с. Егер кімде - кім шартты орындамаса міндетті түрде намазын қайталауы керек.

1. Исламда болу – оның терісі кәфір болу. Кәфірдің амалы қабыл болмайды, себебі оның амалы жойылған.

Дәлел:

Аллаһ тағала айтты:

مَا كَانَ لِلْمُشْرِكِينَ أَن يَعْمُرُواْ مَسَاجِدَ الله شَاهِدِينَ عَلَى أَنفُسِهِمْ بِالْكُفْرِ أُوْلَئِكَ حَبِطَتْ أَعْمَالُهُمْ وَفِي النَّارِ هُمْ خَالِدُونَ

إِنَّمَا يَعْمُرُ مَسَاجِدَ اللّهِ مَنْ آمَنَ بِاللّهِ وَالْيَوْمِ الآخِرِ وَأَقَامَ الصَّلاَةَ وَآتَى الزَّكَاةَ وَلَمْ يَخْشَ إِلاَّ اللّهَ فَعَسَى أُوْلَـئِكَ أَن يَكُونُواْ مِنَ الْمُهْتَدِينَ

« Мүшріктердің, өздерінің қарсылықтарына куә бола тұра Аллаһтың мешіттерін жасауларына(ғибадатқылуларына)болмайды. Олардың амалдары жойылған. Олар тозақта мүлде қалады. Аллаһтың мешіттерін шынайы түрде Аллаһқа, ахирет күніне сенген, намазды толық орындаған, зекет берген және Аллаһтан ғана қорыққан кісі жасайды.(яғни ғибадат қылады)»

(Тәубе, 17-18).

2. Ақыл-есі дұрыс болу - бұның терісі жынды болу. Расында жындыға амал жүктелмеген.

Дәлел:Айшадан (Аллаһ оған разы болсын) келген хадисте Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Қалам үш адамнан көтерілген (яғни күнә жазылмайды) :

1. Ұйықтап жатқан адамнан, қашан ұйқыдан тұрғанша.

2. Жындыдан, қашан есін жиғанша.

3. Кішкентай баладан, қашан балиғатқа жеткенше»

(Әбу Дауд, хадисті Албани сахих деген).

3. Ажырату –бұның терісі кішкентай бала. Оның шегі 7 жас, сосын намазға бұйырылады.

Дәлел: Абдуллах Ибн Амрден (Аллаһ оған разы болсын) келген хадисте Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты:

«Балаларыңды жеті жастан бастап намазға бұйырыңдар, он жаста намазға тұрмаса ұрыңдар және орталарын төсекте бөліңдер»

(Имам Ахмад, тізбегі сахих).

4. Шамасы келген адам дәрет немесе ғұсыл алу керек.Кішкентай дәрет зәр мен жел шыққан кезде, үлкен дәрет хайз, нифас, жүніп болған кезде.

Дәлел:Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Қайсы біреулеріңде кіші хәдәс орын алған жағдайда, ол қайта дәрет алмайынша Аллаһ оның намазын қабыл етпейді» (Бұхари, Муслим).

Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты:

«Намаз дәретсіз қабыл болмайды» (Муслим).

5. Уақыттың кіруі.

Дәлел: Аллаһ тағала айтты:

إِنَّ الصَّلاَةَ كَانَتْ عَلَى الْمُؤْمِنِينَ كِتَابًا مَّوْقُوتًا

«Расында намаз мүміндерге белгілі уақытта парыз қылынды»

(Ниса, 103)

أَقِمِ الصَّلاَةَ لِدُلُوكِ الشَّمْسِ إِلَى غَسَقِ اللَّيْل

«Түс қиғаннан түннің қараңғылығына дейін намаз оқы» (Исра, 78).

Омар (Аллаһ оған разы болсын) айтты: « Аллаһ тағала әрбір намазға уақытты шарт қылды. Ол намаз уақытсыз дұрыс болмайды».

6. Шамасы келген адам әуретін жабу.

Дәлел: Аллаһ тағала айтты:

يَا بَنِي آدَمَ خُذُواْ زِينَتَكُمْ عِندَ كُلِّ مَسْجِدٍ

«Ей, адам баласы! Әрбір намазда әуреттеріңді жабыңдар»

(Ағраф, 31)

Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты:

«Аллаһ балиғатқа жеткен әйелдің жаулықсыз оқыған намазын қабыл етпейді» (Тирмизи, шеих Албани тізбегін жақсы деген).

Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты:

«Саныңды жап. Расында ол әуреттен» (Тирмизи, тізбегі жақсы).

Абдулбар деген кісі айтты: «Барлық ғалымдар келісті, кімде–кім шамасы келе тұра әуретін жаппай намаз оқыса, намазы бұзылатындығына».

Әурет үш түрлі болады:

1. Ауыр әурет - әйелдердің әуреті (барлық жері әурет, тек қолы мен бетінен басқа).

2. Орташа әурет – ерлердің әуреті (тізе мен кіндік арасы).

3. Жеңіл әурет – кішкентай балалардың әуреті (алды мен арты).

7. Нәжістен тазару – ол үш түрлі болады:

1. Денесін тазарту.

2. Киімін тазарту.

3. Намаз оқитын орнын тазарту.

Дәлел: Аллаһ тағала айтты:

وَثِيَابَكَ فَطَهِّرْ

«Киіміңді нәжістен тазала» (Муддасир-4)

8. Қыблаға жүзді бұру(барлық намаздарда).

Дәлел: Аллаһ тағала айтты:

فَوَلِّ وَجْهَكَ شَطْرَ الْمَسْجِدِ الْحَرَامِ

«Жүздеріңді мешіт Харамға бұрыңдар» (Бақара, 144).

9. Ниет.

Дәлел: Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты:

«Амалдар ниетке байланысты» (Бұхари, Муслим).

Ниеттің орны жүрек, оны тілмен айту бидғат.

Намаздың рукундері (яғни тіректері)

Намаздың үстіндері дегеніміз -намаз дұрыс болуы үшін намаздың ішінде орындалуы тиіс болған белгілі сөздер мен істер. Намаз оқыған адам осы үстіндердің бірін қалдырып кетсе, намазы дұрыс саналмайды және қабыл болмайды. Бұл мәселеде ешқандай үзір (кешірім) қылынбайды. Оған міндетті түрде намазын қайталауы уәжіп болады.

1. Шамасы келген адам намазды тұрып оқу.

Дәлел:Аллаһ тағала айтты:

حَافِظُواْ عَلَى الصَّلَوَاتِ والصَّلاَةِ الْوُسْطَى وَقُومُواْ لِلّهِ قَانِتِينَ

«Бес уақыт намазды сақтаңдар, соның ішінде Аср намазына берік болыңдар және бойұсынған түрде намазға тұрыңдар» (Бақара-238)

Имран ибн Хусейннен (Оған Аллаһ разы болсын) келген хадисте Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Тұрып намаз оқы. Егер шамаң келмесе отырып оқы. Егер оған да шамаң келмесе бір жандап оқы» (Бұхари).

Және ғалымдардың барлығы келісті, кімде-кім шамасы келіп тұрып намазды отырып оқыса, оның намазы бұзылатындығына.

2. Харам такбирі (яғни бірінші такбир).

Бірінші такбирдің «Харам такбир» деп аталу себебі: барлық халал болған нәрселер осы такбирден кейін харам болады. Мысалы: сөйлеу, күлу, қимылдау т.б.

Дәлел:Әлиден (Аллаһ оған разы болсын) келген хадисте Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):

«Намаздың кілті –дәрет, оны харам қылатын- такбир, оны халал қылатын - сәлем», - деді» (Әбу Дауд, Албани сахих деген).

Әбу һурайрадан (Оған Аллаһ разы болсын) келген хадисте Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер намазға тұрсаң такбир қыл»,-деді(Бұхари, Муслим).

3. Фатиха сүресін оқу.

Дәлел: Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Кімде - кім фатиха сүресін оқымаса, оның намазы жоқ» (Бұхари, Муслим).

Әби Қотада (Оған Аллаһ разы болсын) айтты: «Бұрын Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әрбір рәкәғатта фатиха сүресін оқитын» (Бұхари).

4. Рукуғ қылу(яғни еңкею).

Дәлел: Аллаһ тағала айтты:

«Ей, Аллаһқа иман келтіргендер! Рукуғ қылыңдар және сәжде қылыңдар» (Хадж, 77).

Әбу Һурайрадан (Оған Аллаһ разы болсын) келген хадисте Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Рукуғ қалпына түскеніңше рукуғ жаса» (Бұхари, Муслим).

5. Рукуғтан кейін көтерілу.

Дәлел: Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Көтеріл, қашан тіке тұрғаныңша» (Бұхари, Муслим).

6. Жеті мүшеге сәжде қылу.

Дәлел: Аллаһ тағала айтты:

«Ей, Аллаһқа иман келтіргендер! Рукуғ қылыңдар және сәжде қылыңдар» (Хадж, 77).

Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) айтты: «Жеті мүшеге сәжде қылуғабұйырылдым:

1) Маңдай мен мұрынға; 2) Екі қолға; 3) Екі тізеге; 4) Екі аяқтың башпай ұштарына» (Бұхари, Муслим).

7. Сәждеден көтерілу.

Дәлел:Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Cәждеден көтеріл, тікеотырғаныңша» (Бұхари, Муслим).

8. Екі сәжденің ортасында отыру.

Дәлел:Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Cәждеден көтеріл, тікеотырғаныңша» (Бұхари, Муслим).

Айшадан (Аллаһ оған разы болсын) келген хадисте айтты: «Бұрын Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сәждеден басын көтерсе, тіке отырмайынша қайтып сәжде қылмайтын»(Муслим).

9. Барлық істерді асықпай орындау.

Дәлел: Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Намаздарыңды менің намаз оқығанымды көргендерің бойынша оқыңдар!» (Бұхари). Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бұрын намаздарын асықпай орындайтын.

Осы рукундерді рет– ретімен орындау.

Дәлел: Пайғамбарымыздың (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазын сипаттағандар, осылай рет-ретімен жеткізген.

11. Соңғы Тәшәһһудты оқу.

Дәлел: Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Егер біреулерің намаздаотырсаңдар айтыңдар: «Әттәхийәту лилләһи ...»деп» (Бұхари, Муслим).

12. Соңғы Тәшәһһудта отыру.

Дәлел: Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Егер біреулерің намаздаотырсаңдар айтыңдар: «Әттәхийәту лилләһи ...» деп» (Бұхари, Муслим).

13. Пайғамбарымызға(Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)салауат айту.

Дәлел: Кағб ибн Ажрадан (Оған Аллаһ разы болсын) келген хадисте: «Адамдар Пайғамбарымыздан (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сұрады: «Саған қалай салауат айтамыз?» - деп. Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын): «Былай айтыңдар: «Аллаһумма солли ъалә Мұхаммадин...» деп үйретті» (Бұхари, Муслим).

Бұл кейбір ғалымдардың пікірі бойынша рукун. Негізі жумхур (көпшілік) ғалымдардың пікірі бойынша бұны айту сүннет.

14. Екі жаққа сәлем беру.

Дәлел: Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Намаздың кілті – дәрет. Оны харам қылатын – такбир, халал қылатын - сәлем» (Әбу Дауд, Албани сахих деген).

Айшадан (Оған Аллаһ разы болсын) келген хадисте айтты: «Бұрын Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)намазын сәлеммен аяқтайтын» (Муслим).

Намаздың уәжіптері – 8

Намаздың уәжіптері дегеніміз: намазда істеуі міндетті болған сөздер мен істер. Егер кімде кім намазда бір уәжіпті білмеу немесе ұмытумен қалдырып кетсе сәһу (жаңылысу) сәждемен орнын толтырып қояды. Ал егер әдейі тастаса намазы бұзылады оған намазын қайталуы тиіс.

1. Барлық такбирлер (харам такбирінен басқасы).

Дәлел: Ибн Масъуд (Оған Аллаһ разы болсын) айтты: «Пайғамбарымызды (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) әрбір көтерілгенде және түскенде, әрбір тұрғанда және отырғанда такбир айтатынын көрдім» (Хадисті Тирмизи сахих деген).

  1. «Самиъаллаһу лимән хамидәһ» деп айту.

Әрбір адам жеке оқыса да айту керек. Егер имамның артына ұйып оқыса айтылмайды.

Дәлел:Әбу Һурайра (Оған Аллаһ разы болсын) айтты: «Бұрын Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазға тұрғанда, рукуғқа барғанда такбир қылатын еді. Рукуғтан көтерілгенде «Самиъаллаһу лимән хамидәһ», ал, рукуғтан тіке тұрғанда «Роббәнә уә ләкәл хамд» деп айтатын» (Бұхари, Муслим)

  1. «Роббәнә уә ләкәл хамд» деп айту.

Бұл сөз имам болып оқыса да, жеке оқыса да, имамға ұйып оқыса да айтылады.

Дәлел: Әбу Һурайра (Оған Аллаһ разы болсын) айтты: «Бұрын Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) намазға тұрғанда, рукуғқа барғанда такбир қылатын. Рукуғтан көтерілгенде «Самиъаллаһу лимән хамидәһ», ал, рукуғтан тіке тұрғанда «Роббәна уә ләкәл хамд»деп айтатын»

(Бұхари, Муслим).

  1. «Субханә роббиәл ъазыйм» деп айту.

1 рет айту уәжіп, қалғаны сүннет.

Дәлел: Хузайфа ибн Яман (Оған Аллаһ разы болсын) айтты:

«Бұрын Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Субханә роббиәл ъазыйм» деп рукуғта, ал «Субханә роббиәл аълә»деп сәждеде айтатын»

(Хадисті Тирмизи сахих деген).

  1. «Субханә роббиал аълә» деп айту.

1 рет айту уәжіп, қалғаны сүннет.

Дәлел: Хузайфа ибн Яман (Оған Аллаһ разы болсын) айтты:

«Бұрын Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Субханә роббиәл ъазыйм» деп рукуғта, ал «Субханә роббиәл аълә»деп сәждеде айтатын»

(Хадисті Тирмизи сахих деген).

  1. «Роббиғфирли» деп екі сәжденің ортасында айту.

Дәлел: Хузайфа ибн Яман (Оған Аллаһ разы болсын): «Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) екі сәжденің ортасында «Роббиғфирли»деп айтатын», - деген. (Ибн Мәджәһ). 1 рет айту уәжіп.

8. Бірінші тәшәһһудты айту.

Дәлел:Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Егер намаздың ортасында отырсаң, асықпай отыр және сол аяғыңның үстіне отыр да, тәшәһһудты айт». (Әбу Дауд, тізбегі жақсы).

9. Бірінші тәшәһһудта отыру.

Дәлел: Пайбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Әр екі рәкәғатта отырсаңдар айтыңдар «Әттәхийәту лиллаһи ...» деп» (Ахмад)

Намазды бұзатын нәрселер – 8

1. Сөйлеу – біліп және есінде тұрып сөйлеу. Ал, ұмытумен немесе надандықпен білмей сөйлесе, оның намазы бұзылмайды.

Дәлел: Зәйд ибн Әл - Әрқамнан (Оған Аллаһ разы болсын):

«Намаздарға әсіресе орта(аср)намазына берік болыңдар да, Аллаһқа мойынұсынған күйде (намазға)тұрыңдар» (Бақара, 238)

аяты түскенше Пайғамбардың (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) заманында намаз оқыған кезде сөйлей беретін едік. Біреуіміз серігіне қажетіне қатысты тіл қататын. Содан (аят түскеннен кейін) тыныш тұруға бұйырылдық және сөйлеуден қайтарылдық» - деген (Бұхари, Муслим).

2. Дауыс шығарып күлу.

3. Біліп тұрып жеу.

4. Біліп тұрып ішу.

Үшеуіне дәлел: Ижмағ (яғни ғалымдар келіскен). Ибн Мунзир деген кісі айтты: «Барлық ғалымдар келісті, расында намазда күлу, ішу, жеу намазды бұзатындығына».

5. Әуреттің ашылуы.

Дәлел: Расында әуретті жабу намаздың шарттарынан. Егер шарт бұзылса, шарт қылынған нәрсе де бұзылады. Ол-намаз.

6. Қыбладан жүзді басқа жаққа қатты бұру.

Дәлел:Расында қыблаға қарау намаздың шарттарынан. Егер шарт бұзылса, шарт қылынған нәрсе де бұзылады. Ол - намаз.

7. Намазда қажетсіз және тоқтаусыз көп қимылдау.

Дәлел: Ижмағ (яғни ғалымдар келіскен).

8. Дәреттің бұзылуы.

Дәлел: Расында дәрет намаздың шарттарынан. Егер шарт бұзылса, шарт қылынған нәрсе де бұзылады. Ол - намаз.

Сәһу (жаңылысу) сәждесі

 

Пайғамбарымыздың (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) да намаз оқығанда кей кездерде жаңылысып, қателіктер жібергені Ислам тарихынан белгілі. Бірде ол өз сахабаларына өсиет айтып: «Мен кәдімгі адаммын. Кей кезде сендер сияқты мен де ұмытамын.Егер мен ұмытсам маған ескертіңдер»- деген(Бұхари, Муслим).

Намазда кеткен қателіктерді түзету мақсатында орындалатын сәһу сәждесідегеніміз – намаз оқыған кісінің сәлем беруден бұрын немесе одан кейін орындайтын екі сәждесі. Ол үш түрлі жағдайда болады:

1. Намазда қандай да бір нәрсені артық орындау.Бұл жағдайда сәһу

сәждесі сәлемнен кейін жасалады.

Дәлел:Абдуллаһ ибн Масғұд (Оған Аллаһ разы болсын) айтты: «Аллаһтың елшісі (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)(бір күні) бесін намазын бес (ракағат) етіп оқыды. (Намаз аяғында) адамдар: «Намаздың(ракағаты) көбейді ме?» - деді. Пайғамбар (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) :«Ол не?» - деп сұрады. Сонда олар: «Сен (намазды) бес (ракағат) етіп оқыдың»,- деді. Аллаһтың елшісі (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) аяғын бүгіп, екі (сәһу) сәждесін жасады» (Бұхари, Муслим).

2. Намазда қандай да бір нәрсені кем орындау.Бұл жағдайда сәһу

сәждесі сәлемнен бұрын жасалады.

Дәлел:Пайғамбарымыздың (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сахабаларының бірі – Абдуллаһ ибн Бухайна(Оған Аллаһ разы болсын):«(Бір күні) Пайғамбар (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бесін намазын олармен бірге оқығанда (сол намаздың) екінші ракағатынан кейінгі алғашқы отырыста (жаңылысып) оған отырмастан (үшінші ракағатқа) тұрып кеткенде, артындағы оған ұюшы адамдар да онымен бірге ілесе тұрған еді. Намаздың соңғы отырысына жеткен кезде, адамдар оның сәлем беруін күтіп отырды. Пайғамбар (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) сәлемнен бұрын сол отырған күйі (яғни, тұрмастан немесе басқа қимыл жасамастан)тәкбір айтып, екі (сәһу) сәжде жасады да, кейіннен барып сәлем берді»,-деп айтқан(Бұхари).

3. Күмән болғанда.Қанша ракағат оқығанына күмәнданып, кейін басым ойға тоқталса, бұл жағдайда да сәһу сәждесі сәлемнен бұрын орындалады.

Дәлел: Пайғамбарымыз(Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)«Сендерден біреулерің намазда қанша, үш не төрт, ракағат оқығанына күмәнданса, онда күмандануын тастасын да, анығына тоқталсын, сонан соң сәлем беруден бұрын екі рет(сәһу) сәжде жасасын. Егер ол бес ракағат оқыса, қатесін түзейді, ал намазын дұрыс оқыған болса, бұл екі сәжде шайтан үшін жаза болады»,-деген(Муслим).

Ал, егер басым ойға келе алмаса, көңіліндегі аз санға тоқталады.

Дәлел:Аллаһ елшісі (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) «Сендерден біреу бір ракағат оқыдым ба әлде екі ракағат оқыдым ба(деп) күмәнданса, бір ракағат оқыдым деп есептесін. Егер екі не үш ракағат оқыдым ба(деп) күмәнданса, екі ракағат оқыдым деп есептесін. Ал егер үш не төрт ракағат оқыдым ба(деп) күмәнданса, көптеген қателік артық ракағат пайдасына шешілуі үшін үш ракағат оқыдым деп есептесін. Сонан соң намазды аяқтап, сәлем беруден бұрын отырған қалпы екі рет сәжде жасауы керек», -деп айтқан (Ахмад; сахих хадис).

Дәреттің шарттары (10).

1. Исламда болу – оның терісі кәфір болу. Кәфірдің амалы қабыл болмайды, себебі оның амалы жойылған.

Дәлел: Аллаһ тағала айтты: « Мүшіріктердің, өздерінің қарсылықтарына куә бола тұра Аллаһтың мешіттерін жасауларына(ғибадатқылуларына)болмайды. Олардың амалдары жойылған. Олар тозақта мүлде қалады. Аллаһтың мешіттерін шынайы түрде Аллаһқа, ахирет күніне сенген, намазды толық орындаған, зекет берген және Аллаһтан ғана қорыққан кісі жасайды(яғни ғибадат қылады)» (Тәубе, 17-18).

2. Ақыл-есі дұрыс болу - бұның терісі жынды болу. Расында жындыға амал жүктелмеген.

Дәлел:Айшадан (Аллаһ оған разы болсын) келген хадисте Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Қалам үш адамнан көтерілген:

1.Ұйықтап жатқан адамнан, қашан ұйқыдан тұрғанша.

2.Жындыдан, қашан есін жиғанша.

3.Кішкентай баладан, қашан балиғатқа жеткенше»

(Әбу Дауд. Шейх Албани тізбегін сахих деген).

3. Ажырату –бұның терісі кішкентай бала. Оның шегі 7 жас, сосын намазға бұйырылады.

Дәлел: Абдуллах Ибн Амрден (Аллаһ оған разы болсын) келген хадисте Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Балаларыңды жеті жастан бастап намазға бұйырыңдар, он жаста намазға тұрмаса ұрыңдар және орталарын төсекте бөліңдер» (Имам Ахмад, тізбегі сахих).

4. Ниет.

Дәлел: Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты:

«Амалдар ниетке байланысты» (Бұхари, Муслим).

Ниеттің орны жүрек, оны тілмен айту бидғат.

5. Дәретті толық алып болғанша ниетті бөлмеу.

Егер, кімде-кім дәреттің ортасында ниетін бөлсе, кейін оны толықтыруды қаласа, оның дәреті дұрыс болмайды. Міндетті түрде басынан алуы тиіс болады.

Дәлел: Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Амалдар ниетке байланысты» (Бұхари, Муслим).

6. Дәрет алуда тоқтату уәжіп болған нәрсені тоқтату.Мысалы: Дәрет алар алдында әжетханада үлкен немесе кіші дәретті тоқтату.

7. Сумен жуу немесе кесекпен сүрту.Нәжіс шығатын екі несеп жолын тас, кесек, су және соған ұқсас қатты әрі таза заттармен тазалау.

8. Су таза және мубах болу.Су таза болу дегеніміз-нәжіс болмау, ал, мубах болу дегеніміз-су ұрланған немесе тартып алынған болмау.

9. Денеге су тиюден қайтаратын нәрсені тазалап алып тастау.Мысалы: лак, қамыр, краска, балшық, клей. Ал бояудың ешқандай әсері жоқ. Мысалы: шаш бояуы.

10. Дәреті ұстамайтын адам намаздың уақыты кірген кезде дәрет алуы керек.

Дәлел:Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) патологиялық ауру себептен қан кететін әйелге: «Әр намазға дәрет ал»,- деген. (Бұхари).

Дәреттің парыздары. (6)

Бетті жуу.

Бет ұзындығынан: маңдайдың шаш шыққан жерінен бастап иектің астына дейін, көлденеңінен: құлақтан құлаққа дейін және оған ауыз бен мұрын кіреді.

Дәлел:Аллаһ тағала:

«Әй мүміндер! Қашан намазға тұрсаңдар беттеріңді жуыңдар»

(Мәида, 6).

Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) бір кісіге:

«Егер дәрет алсаң аузыңды шай» - деді (Әбу Дауд сахих).

Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын) келген хадисте Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты:«Егер сендердің біреулерің дәрет алсаңдар мұрындарыңа су алып, оны шығарып тастаңдар». (Бұхари Муслим).

2. Екі қолды шынтақпен қоса жуу.

Дәлел:Аллаһ тағала:

«Қолдарыңды шынтақтармен қоса жуыңдар»(Мәида, 6).

3.Бастың барлық жеріне мәсіх тарту.

Бұл мәсіх 1 рет болады. Маңдайдан желкеге, желкеден маңдайға дейін. Ал, әйел кісілерге тек маңдайдан желкеге дейін ғана тарту жеткілікті. Және екі құлақ басқа кіреді.

Дәлел:Аллаһ тағала:

«Бастарыңа мәсіх тартыңдар»(Мәида, 6).

Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) айтты: «Екі құлақ бастан».

«Расында Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) басына және екі құлағына бір рет (бір су алумен) мәсіх тартты» (Әбу Дауд сахих).

Ескерту:Желкеге мәсіх тартылмайды, себебі оған дәлел жоқ.

4. Екі аяқты тобықпен бірге жуу.

Дәлел:Аллаһ тағала :

«Тобықтармен қоса аяқтарыңды жуыңдар»(Мәида, 6).

5. Дәретті тәртіппен алу.

Дәлел:Аллаһ тағала осы парыздарды Құранда рет-ретімен айтқан және хадисте келгендей, Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дәретін рет-ретімен алған. Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын):

«Аллаһ Тағала бастаған нәрсемен бастаңдар» - деген (Муслим).

Жиырма сахаба Пайғамбарымыздың (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) дәретін осылай сипаттаған.

6. Дәреттің арасы үзіліп қалмау.

Дәлел:Омар ибн Хаттабтан (Аллаһ оған разы болсын) келген хадисте ол былай деді: «Расында бір кісінің дәрет алып аяғының азғантай жеріне су тимей қалғанын Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын)көрді де, оған:

«Қайт артқа! Дәретіңді дұрыстап ал!» - деді.Ол қайтты да, дәретін басынан алды. Сосын намаз оқыды ». (Муслим).

Тағы бір хадисте: «Пайғамбарымыз (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын) аяғында тиындай жерге су тимей қалған, намаз оқып тұрған адамды көріп, оған дәреті мен намазын қайталауға бұйырды».

(Әбу Дауд, шейх Албани сахих деген).

Дәретті бұзатын нәрселер. (5)

1. Екі несеп жолының бірінен дәретті бұзатын бір нәрсе шығуы.Мысалы: зәр, жел, мәзи және уәди.

Дәлел: Әбу Һурайрадан (Аллаһ оған разы болсын)келген хадисте Аллаһелшісі(Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ) айтты:

«Қайсы біреулеріңде кіші хәдәс орын алған жағдайда, ол(қайта) дәрет алмайынша Аллаһ оның намазын қабыл етпейді».(Бұхари, Муслим).

Және мәзи бөлінген кісі туралы: «Ол жыныс мүшесін жуып, дәрет алуы керек»,-деп айтқан (Бұхари, Муслим).

2. Денеден көп мөлшерде қанның шығуы.

Дәлел: Ибн Аббас (Аллаһ оған разы болсын) айтады:

« Егер (қан) көп мөлшерде болса, оған дәретін қайталауы тиіс ».

3. Ақылдың кетуі.

Мысалы: терең ұйқы, талып қалу, ақыл- естен тану, қатты мас болу т.б.

Дәлел: Аллаһ елшісі (Оған Аллаһтың игілігі мен сәлемі болсын ):

« Кім ұйықтаса, ол дәрет алсын» - деп айтқан.(Хадистің тізбегін шейх Албани жақсы деген).

Ал, егер ұйқы тек қалғу ғана болатын болса, ол дәретті бұзбайды.

Анас ибн Маликтен (Аллаһ оған разы болсын)келген хадисте : Бұрын Пайғамбарымыздың (Оған Аллаһтың игілігі мен сәл

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.