Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Остеохондроз деген не?

Кіріспе

Еліміз егемендікке ие болғалы заман ағымына лайықты қазіргі кезде алдымызда тұрған міндет- халқымыздың ұлттық дербестігін сақтай отырып, елімізді өркениетті елдер қатарына қосу. Сол өркениетті елдер қатарына қосылуына ықпал жасайтын еліміздің ертеңі- болашақ жастарға білім мен тәрбие беруде медицина саласының іргетасын мықты және биік етіп қалыптастыру. Біріккен Ұлттар ұйымының шешімімен «ХХІ ғасыр – ақпараттандыру ғасыры» деп аталады. Адамзаттың қолы жеткен ең үлкен табыстардың бірі – осы ақпарат. Жастардың бойында ақпараттық мәдениетті қалыптастыру- қоғамның алдында тұрған ең басты міндет.

Біздің мақсатымыз білім алушылар арасында компьютерді дұрыс қолдану ережелерін сақтау және оның денсаулық үшін зиянын аша білу, одан туындаған ауруларды сипаттау және алдын алу болды.

Қазіргі таңда компьютерлік технологияны кеңінен қолдану тиімділігі білім алушылар мен халық арасында кез-келген материалды қызықты, әрі ғылыми тұрғыдан мазмұнды етуге игі әсерін тигізеді. Компьютерлік технологияны дұрыс, мәдениетті түрде пайдалана білсе, оның мүмкіншілігі көп. Компьютер – ақпаратты өңдеу құралы. Компьютер шын мәнінде қазіргі уақытта пайдалы ма, әлде зиян ба және одан пайда болатын аурулардың алдын алуын білім алушыларға көз жеткізу.Осы мақсатта мен олардың қаншалықты дәрежеде қалыптасқанын зерттеуді көздедім.

 

Компьютердің әсеріне байланысты ғалымдардың тұжырымдамалары

Компьютер (ағылш. computer — «есептегіш»), ЭЕМ (электрондық есептеуіш машина) — есептеулерді жүргізуге, және ақпаратты алдын ала белгіленген алгоритм бойынша қабылдау, қайта өңдеу, сақтау және нәтиже шығару үшін арналған машина. Компьютер дәуірінің бастапқы кезеңдерінде компьютердің негізгі қызметі — есептеу деп саналатын. Қазіргі кезде олардың негізгі қызметі — басқару болып табылады.

Негізгі принциптері: Өзінің алдына қойылған тапсырманы орындау үшін компьютер механикалық бөліктердің орын ауыстырылуын, электрондардың, фотондардың, кванттық бөлшектердің ағынын немесе басқа да жақсы зерттелген физикалық құбылыс әсерлерін қолданады. Көбімізге компьютерлердің ең көп таралған түрі — дербес компьютер жақсы таныс. Компьютер шеше алмайтын есептерді ағылшын математигі Алан Тьюринг сипаттаған болатын.Орындалған есеп нәтижесі пайдаланушыға әр түрлі енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен көрсетіледі, мысалы, лампалық индикаторлар, мониторлар, принтерлер және т.б. Компьютер — жай ғана машина, ол өзі көрсетіп тұрған сөздерді «түсінбейді» және өз бетінше «ойламайды». Компьютер тек қана бағдарламада көрсетілген сызықтар мен түстерді енгізу-шығару құрылғыларының көмегімен механикалық түрде көрсетеді. Адам миы экрандағы көріністі қабылдап, оған белгілі бір мән береді.

Компьютер – ақпараттық процестерді жүзеге асыратын негізгі ақпараттық құрылғы, ал ақпараттық процестер дегеніміз ақпаратты алу, есту, көру, өңдеу, тарту болып табылады. Осы компьютердің пайдасы өте көп.

Ақпарат ғасыры аталып жүрген ХХІ ғасырда бар шаруаны мойнына алған бесаспап бұл құралдың жақсы жақтарымен бірге қазірдің өзінде тигізіп отырған залалдары да аз емес. Таяқтың екі ұшы болатыны сияқты, компьютердің зиянды жақтары қазірдің өзінде бой көрсетіп, оның салдарының адамзат үшін оңай болмайтындығын анық аңғартқан сыңайы бар. Бірақ, таяқ басымызға қашан тигенше мән бермейтін бейқамдығымызбен бесаспап құралдың залалдарына бүгінде назар аударып жатқан ешкім жоқ.

Бірінші жақ Нью-Йорктік ғалым Иван Голдбергтің теориясы бойынша 1995 жылғы енгізген Интернетке тәуелділік терминін (internet addiction disorder, қысқаша IAD) жақтаушылар. Иван Голдбергтің теориясы бойынша мұндай тәуелділік психикалық проблема ретінде сипатталған.

Интернетті шамадан тыс көп пайдаланудың нәтижесі Интернетке тәуелділікті тудыратындығы тілге тиек етілген.

Ал екінші жақтың өкілдері Интернетке тәуелділікті ауру ретінде санауға нақты дәлелдер жоқ екендігін алға тартады, яғни, алдыңығылардың тұжырымдамаларына қанағаттанбайды. Себебі,ауруға тән ешқандай да синдром көрсетілмеген және Интернетке тәуелділік кезінде нендей жағдайлардың орын алатындығы да анық айтылмаған екен.

Бернад Батник, (ғалым, Гисен университеті (Алмания), Психология факултеті) өз ойын былайша жеткізді: ”Интернетке тәуелділік проблемасы бар. Өздерін интернет пайдаланудан алшақ ұстай алмайтын немесе интернет пайдалануды доғара алмайтын адамдар бар. Бірақ қалыпты адамдар мен тәуелділікке бой алдырғандардың арасындағы айырмашылықтарды нақтылау да қиын болып отыр”. Турасында, ол кісі Интернетке тәуелділіктің арту кезеңінде ешқандай да автоматты түрде жүретін құбылыстың болмайтындығына сенімді: ”Интернетке тәуелді болу үшін алдын ала қандай да болмасын психикалық кемістіктер болуы шарт. Мысалы, алкагольді ішімдік ішетіндердің барлығы бірден алқаш бола қоймайтыны секілді.” — деп, өз ойын нақтылады.

Қазіргі таңда Еуропа аумағында 100 000 астам адам осы тектес проблемаларға тап болып отырғанға ұқсайды. Көбі интернет атаулыға түгелдей тәуелді, не болмаса интернетте шамадан тыс уақыт жоғалтып қоятындары да болады.

Осынау аурудың себептерінің қатарына интернет пен онымен тығыз байланыстағы виртуалды ортаны жатқызуға болады. Орта болғанда да адам айналысуға тиімді әрекеттер: қарым-қатынас құруға арналған сайттар, форумдар, чаттар. Көбінесе адамдар өздерінің қызығушылықтарының арқасында, жаңа нәрселерді сынап көру мақсатында интернетке жіпсіз байланып жатады.

Өмірдің шынайылығынан алшақтау адамның жеке басының мәселелерінің туындауына және әлеуметтік ортадағы қиындықтардың тууына алып келіп соғады. Мысалы, жеке тұлға ретінде қалыптаса алмауы, өмірдегі өзгерістер, айналасындағы адамдармен қарым-қатынасы және жалғыздық. Кейде ойға алған істері орындалмай, тауы шағылған жандар интернет арқылы жандарына пана іздейді, яғни, өзіндегі депрессия мен қорқынышты елемеу үшін не болмаса қым-қуыт тіршіліктің реніштерін ұмыту үшін осындай амалдарға барып жатады. Мұхтар Шаханов ағамыз осыдан біраз бұрын компьютер басты жарты кеш адамдар туралы жазып, жұртшылықтың назарын аудармақ болған еді. Бірақ, оған ден қойып, адамзат, оның болашағы үшін үлкен мәні бар бұл мәселеге көңіл аударған пенде болмады.1990-шы жылдардың соңында табалдырығымыздан имене аттап, өмірімізге енген бүгінде төрімізді түгел жайлап алған компьютердің залалды жақтары қазірдің өзінде әр жерден атойлап анық байқалып отыр. Ол «хакер» деп ат қойып, айдар тағылған компьютердің бес-аспап шеберлерінің түрлі мекемелердің бағдарламаларына еніп, ірі көлемде ақша немесе аса құпия ақпараттар ұрлап, кәделеріне жаратуы сияқты сыртқы залалдары мен басталып, онан қалды, адамдардың ақыл-саналарына тигізетін кесапатты әсерлерімен өмірімізге тереңдеп еніп барады. Компьютер тек арнайы бағдарламалар бойынша белгілі бір саланың мамандарының жұмыс істеуіне жағдай жасайтын қарапайым құрал емес, оның ішінде түрлі қызықты ойындар, анықтамалар, интернет желісіне ену арқылы қалаған тақырыпта ақпарат алуға мүмкіндіктер бар. Бір сөзбен айтқанда, оның мүмкіндігі шексіз. Іздеген тақырыбың бойынша қалаған ақпаратыңды әп-сәтте ала аласың. Қалаған адамыңмен байланысып, көзбе-көз көріп отырғандай сөйлесуіңе немесе хат алмасуыңа әбден болады. Тірі пендемен араласпай, күндіз-түні компьютерге телміріп, бар қызығын содан табатын пенделер қатары жыл өткен сайын көбейіп барады. Шет елдерде компьютерге жабысып, өмірін өткізгендердің арасында аштан өлген оқиғалар да кездесіпті.

Күндіз-түні мониторға қадалып отыру көзді құртатыны, одан шыққан сәулелердің түрлі дерттерге ұрындыратыны бұл жәй сыртқы залалдары ғана. Ал, компьютердің адамға келтіретін ең сұмдық зияны, оған еліккен жан өзгелерді ұмытып, ешкіммен араласпай, томаға тұйық күн кешетін болады. Оған ата-ана, туған-туыс, бірге жұмыс істейтін әріптестер, бала-шаға дегеннің бірі де қажет емес. Оның монитордың ішіндегі өз әлемі бар, онда өзі би, өзі қожа, қалағанын жасап, емін-еркін өмір кешеді. Компьютер әлеміне терең еніп, фәни жалғаннан қол үзіп бара жатқан пенделер қазір Батыс елдерінде көп кездеседі. Компьютерге кештеу көшкен ТМД елдерінде бұндай жағдайлардың шет-жағасы енді ғана байқалып жүр. Ол, әсіресе, жастардың арасында жиі көрініс беріп жатады.

Техникалық дәуір адамзаттың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігі болып қалды. Әсіресе, күнделікті өмірі мен жұмысы төртбұрышты мониторға телмірумен өтетіндер үшін компьютердің маңызы да зор, одан тиер зиян да зор. Бірақ кез-келген мәселенің шешімі бар екенін ұмытпаған жөн.

Компьютердің мониторындағы кескіндер адамның көзінің көру өткірлігін нашарлатады. Мұны барлығы біледі десек, артық айтқандық болмас.

Компьютердің алдында телміріп көп уақыт тапжылмай отырып, денеміздегі бұлшықеттерді қажытамыз, мойынымыз бен иығымыз талып кетеді және ең қауіптісі, омыртқамызға зиян болады.

Монитор қосулы тұрған кезде оның айналасында электростатикалық өріс пайда болады. Ол айналадағы шаң-тозаңдарды адамның қолдары мен бетіне қондырады. Ал ол денсаулық үшін пайдалы болмайды.

Ежелгі үнді елінде үстемдік құрған ведалық өркениетте дхарма деген түсінік бар. Ол адамның туа бітті табиғи міндеті деген мағынаны білдіреді екен. Әр пенденің табиғи міндеті өзі сияқты ет пен сүйектен жаратылған адамдармен, айналасындағы табиғатпен қарым-қатынаста болу. Егер біз айналамыздағылармен жақсы қарым-қатынаста болсақ, бұл дүниенің қызық-қуанышына кенеліп, тәнімізді тастаған соң жұмаққа енеді екенбіз. Веда ілімі осылай дейді. Яғни, екі дүниенің бақытына кенелудің жалғыз жолы айналамыздағы жандармен түсіністік, сүйіспеншілік, қайырымдылық қарым-қатынаста болу көрінеді.

Ал, жұмысымызды жеңілдетіп, басқа да фәни игіліктермен қамтамасыз еткен компьютер бізді ең басты байлығымыз, айналамыздағы жандармен қарым-қатынасымыздан қол үздіруде. Күн ұзақ балабақшада болып, анасын сағынған бүлдіршін оған еркелеп ойнағысы келсе, сүйікті сериалын көруге ынтыққан әйелге сәбиіне көңіл бөліп, бір сәт онымен жылы қарым-қатынаста болу мүлдем қызықсыз көрінеді. Осылайша, ана мен баланың, ерлі-зайыптылардың, көршілердің, әріптестердің ара-қатынасы алшақтап, әр пенде теледидар мен компьютерден, ұялы телефоннан өз қызығын тауып, оқшау тірлік кешуге көшкен түрі бар.Ислам дінінің ежелгі ғалымдарының жазбаларында болашақта әрбір үйді өзінің еркіне бағындыратын жалғыз көзді құбыжықтың пайда болатындығы туралы мәтін бар. Ол жалғыз көзді құбыжықтың теледидар немесе компьютер екендігін қазір бәріміз көріп, біліп отырмыз. Адамның бойындағы адами ізгі қасиеттерінен айырып, бір-бірінен алшақтатып бара жатқан жалғыз көзді құбыжықтың залалы қазір көріп, естіп жүргендерімізбен бітпесе керек. Яғни, ол біз ойлағаннан әлдеқайда ауыр зардаптарға ұшырататын сияқты.

Компьютермен жұмыс істеп жатқандағы негізгі зиянды факторлар

Осы тақырып бойынша әдебиетті талқылай отырып бірнеше зиянды факторларды ерекшелеу мүмкін:

ü көзге жүктеме,

ü монитордың электромагнитті сәулеленуінің әсері

ü қолдардың буындарының аурулары

ü киындаған тыныс,

ü остеохондроздың дамытуы,

ü монитордан шығаруды бар болу,

ü мәлiметтiң жоғалтуының жанында психикалық жүктеме және стресс

ü компьютер тәуелдiлiгi.

Көзге жүктеме. Білім алушылардың арасындағы негізгі себептерге ұзақ уақыт бас ауыруы және бас айналу пайда бола алады. Компьютер алдында жұмыс істеу ұзаққа созылса, көздің көру қабілетін төмендетеді. Компьютерден көзге түсетін жүктеменi сауаттылық түрде қойылуы зиянды факторлардың әсер етуін төмендетеді:

o компьютердің мониторы мен көздің ара қашықтығы 50-70 см болуы керек;

o қараңғы бөлмеде жұмыс істеуге болмайды;

o компьютермен жұмыс істеу барысында үзіліс жасап отыру керек (ересек адамдар үшін әрбір екі сағат сайын 15 минут, ал балалар үшін әрбір жарты сағат сайын 15 минут үзіліс жасау керек) немесе арнайы қорғаныш көзілдірігін киіп жұмыс істеу қажет. Үзіліс кезінде көздің гимнастикалық жаттығуларын жасау.

Монитордың электромагнитті сәулеленуінің әсері.Жұмыс iстеуге отырғанда, сағат сайын демалыс ұйымдастырып, жаттығулар жасап отыру керек. Ноутбукты тiзе үстiне алып отыруға болмайды. Күштi радиация таралатындықтан, бедеу болып қалу қаупi бар. Компьютерде, ноутбукта отырғанда, көзге қорғаныс көзiлдiрiгiн кию керек. Душтан, бассейннен кейiн, яғни, суға түсiп келгеннен кейiн компьютердiң алдында отыру радиацияны қабылдау мөлшерiн азайтады. Компьютер, ноутбук сатып аларда «S» белгiсi бар-жоғына қарау керек. Бұл белгi – компьютерде, ноутбукта радиацияға қарсы қорғаныстың бар екенiнiң дәлелi. Сосын компьютердiң жанына немесе артына отыруға болмайды, оның радиацияны ең көп тарататын бөлiгi – сол тұстары. Компьютердi орналастырғанда, артқы жағын терезеге немесе қабырға жаққа қаратқан жөн, одан таралған радиация сыртқа кетедi. Компьютерден, ноутбуктан жылы бу шығады, оның әсерiнен адам ағзасындағы кальций мөлшерi азаяды. Салдарынан тырнақ – сынғыш, шаш түскiш келедi. Компьютер, ноутбук, теледидар және басқа да тұрмыстық заттар орналасқан бөлмелерде мүмкiндiгiнше пластик терезелерге қарағанда ағаш терезелер болғанын ескерген жақсы. Себебi, бөлмедегi радиацияны пластик терезе сыртқа шығармай, тосқауыл болады.

 

Қолдардың буындарының аурулары. Адам компьютерде жұмыс iстегенде қол қыбыр-жыбырлар көп жасатады, сондықтан созылмалы аурудың даму ұзақ жұмыс iстегенде. «Тунельный синдром» ауруы пайда болады.

Қиындаған тыныс. Кеуде қуысы қозғалғанда диафрагма дұрыс жылжымайды.

Остеохондроздың дамытуы. Сүйек-бұлшықеті жүйесімен отырғанда қисық отыру барысында және омыртқа бағанының қисаюынан дамиды.

Мәлiметтiң жоғалтуының салдарынан психикалық жүктеме және стресс. Компьютер қадалушылық талап етедi. Психикалық жүктеменi дегенмен (жұмыста компьютерге жұмыстың маңызды тарабына қадағалау керек және жұмыс істеу кезеңінде үзiлiстер iстеу керек ) кiшiрейтуге болады.

Компьютермен жұмыс істегенде

адам ағзасына келтіретін аурулардың сипаттамасы

Біріншілік бас ауруы.

Ол төмендегі түрлерге бөлінеді:

  1. мигрень ;
  2. хортондық бас ауруы;
  3. психогендік бас ауруы;
  4. невралгиялық бас ауруы;
  5. атипиялық-беттік ауру;
  6. басқа да бас ауруы.

Бас сақинасы, мигрень (фр. mіgraіne, гр. hemіkranіa — бас сүйегінің жартысы) — бастың ұстамалы ауруы, әдетте бір жартысы ауырады. Ауру кезінде вегетативті жүйке жүйесінің қызметі бұзылып, ми табанындағы қан тамырлары кеңейіп кетеді. Бас сақинасы тұқым қуалайды, сондай-ақ, жасөспірімдердің жыныстық жағынан жетілу кезінде байқалады. Аурудың жиі қайталануы — адамның жас ерекшелігіне, тіршілік ету ортасына, жұмысына, демалысына, тамақтануына байланысты. Бас сақинасымен ауырар алдында науқастың ыстығы көтеріліп, тамаққа тәбеті болмай, көңіл-күйі өзгеріп, ұйқысы келе береді. Ауру қозған кезде қол-аяғы мұздап, ішкен тамағын құсады. Аурудың ұзақтығы 2—3 сағаттан бірнеше күнге созылуы мүмкін. Бас сақинасының негізгі белгілерін және емдеу шараларын бас ауруымен байланыстыра қарау қажет.

Мигрень (бас сақинасы)-бұл бастың бір жартысын қамтитын пульсті ауру сезімі.Ауру сезімі бәсен немесе өте күшті шыдатпайтын болып 4 сағаттан 3күнге дейін созыла алады. Ауру сезімі физикалық күш түскенде, еңкейген кезде, қатты жарық әсерінен, қатты иістерден және дауыстардан күшейіп құсумен жүрек айнумен қатар жүреді. Мигреннің себептері мен даму механизмі толық зерттелмеген. Көбінесе оның шақырушы факторы болып эмоционалдық және физикалық күштің, ретсіз тамақтану, алькоголь мен темекі шегу, ұйқының бұзылуы, жағымсыз метафакторлар, күннің астында қызу және көбінесе әйелдерде гормоналдық өзгерістер кезінде пайда болады.

Мигренді басу үшін көбіне стероидты емес қабынуға қарсы дәрілер (парацетомол, ибупрофен, солпадеин), кейде әсері жоғары препараттар қолдану керек, дәрігердің тағайындауымен. Сонымен қатар ауру сезімін тудырған факторларды жойып, басқа жеңіл массаж, нүктелік массаж, иглотерапия жасау керек.

Хортондық бас ауруы. Бұл бас ауру сезімі қысқа мерзімді 15минуттан 2сағатқа дейін қатты ұстама түрінде, біржақты көздің локализациясымен өтеді. Ұстамалар күнделікті болып, 3аптадан 3айға дейін созылып, түнде немесе таң ертең ерте болады. Ауру сезімі – күйдіргіш, сырқыраған болады, бірақ жүрек айну мен құсу болмайды.

Психогенді бас ауруы. Психогенді бас ауруға ауыр жағдайлардан немесе депрессиядан пайда болған бас ауруын жатқызамыз. Бұл мигреньмен қатар кең тараған бас ауру түрі. Ауру сезімі психогенді түрде эпизодты пайда болады, өкпе сирек жағдайда ғана ауру сезімі бірнеше күнге, айға және жылдарға созылуы мүмкін.

Ауру сезімі қақсаған, тоздыратындай өтіп, маңдай мен самай, шүйде немесе екі жақты таралуы мүмкін. Бас ауруындағы қысымға наркотикалық емес анельгетиктер әсері жоғары, ал медикаметозды ем-шаралардың әсері төмен, егер оған негізгі ем қосылмаса. Сонымен қатар психогенді бас ауруын басу үшін медитацияның, аутотренингтік, гипноза, әр түрлі стресті түсіретін жаттығулардың әсері жақсы.

Үштік нервтің невралгиясы.Бұл дерт кезінде ауру сезімі үштік нерв айналасындағы (жақ, маңдай, бет, көз) пайда болады. Ауру сезімі қысқа, бірнеше секундтан бірнеше минутқа дейін,тез, атқылағандай біржақта өтеді. Көбіне шайнау және жұтынумен, тіс шайнаумен шақырылады, бірақ күтпеген жағдайда болуы мүмкін. Негізгі себебі- үштік нервтің қозуы мен басылуы, қан тамыр орналасуына байланысты, қасында жатқан нервтің аневризмі ісіктер, ісінулер, инфекциядан, т.б. нервтердің зақымдануынан пайда болады. Емдеу үшін эпилепсиялық қарсы дәрілер, атнидепрессанттар қолданылады. Кейде хирургиялық шаралар қолданылады.

Атипиялық бет ауруы. Себебі: әлі белгісіз, мигрень мен үштік нервалгиясына ұқсас. Ауру сезімі қақсаған түрде беттік кез келген аймағында болады. Әсерлі емі әлі табылмаған.

Екіншілік бас ауруы.

Екіншілік бас ауру әр түрлі себептерден пайда болуы мүмкін. Өмірге қауіпті дерттен. Мысалы: ми ісігі және инсульт, одан жеңіл кең тараған дерттен әр түрлі себептерден дамуы. Антоксикация, метаболизм бұзылуы, тамыр аурулуары т.с.с.

Көбіне адамдар бірден дәрігерге қаралмайды, ауру сезімінің басылған кезін күтеді оны өздері емдейді. Оны тек қатты ауру басталған кезде жасауға болады. Бірақ емханаға барып тексерілу жөн. Егер ауру сезімі қатты болса, міндетті түрде дәрігерге қаралу керек. Сол сияқты, ауру сезімі жиі болса және емделгеннен кейін жақсармаса.

Алғашқы медициналық көмек, егер:

· Бас ауруы құсумен болса, егер құсудан кейін жақсармаса;

· Ауру сезімін басатын дәрілердің көмегі болмаса;

· Ауру сезімінен басты көтере алмау;

· Есінен айырылу,т.б. ес ақаулары (ступор, естімей қалу)

· Гипертрофиялық бөртпе болса.

· Ауру сезімін емдеу оның шақырған себебіне байланысты емдеу керек. Бірге ем қабылдау: аспирин ішу, цитрамон немесе нитрофуран, немесе жатып дем алу.

Компьютер алдында жұмыс істегенде остеохондроздан қауіптеніңіз.

Остехондроз адамда ғана кездеседі.

Остеохондроздың таралуы глобальды -90%.

Адам екі қолын – жұмыс істеуге, жүк көтеруге үйретті де омыртқа бағанына қосымша күш түсіреді. Тік жүру өзінен өзі қауіпті емес. Адам эволюциясында көптеген бейімдеушілікке, өзгереді: физикалық шайысу, фронтальды жазықтық бойынша, күшейген бұлшық етке және байланыс аппараты.

Остеохондроз деген не?

Остеохондроз деп – дистрофиялық буын сіңірлерінің бұзылысы. Бұл бұзылыстар кез келген буында байқалуы мүмкін, көбінесе омыртқалық дисктер зақымдалады. Сондықтан омыртқа остеохондрозы пайда болуы компьютермен жұмыс жасауда дамиды. Компьютерде жұмыс істегенде, сіз көп уақыт отырасыз, бірақта бұл жағдай оптимальды емес. Бір жағдайда отыра беру бір топтың беттеріне салмақтың түсуіне әкеледі. Бір топтық беттерге күнделікті салмақ түсуі, ауырсынуларға алып келеді, салмақты түспеуі сіздің ағзаңызға әсер етеді және беттердің деградациясына алып келеді, сонымен қатар омыртқа аралық дисктердің бұзылысына – остеохондрозға алып келеді. Отырған кезде омыртқааралық дискке салмақтың түсуі көбірек тұрып, жақын жағдайларға қарағанда осы факторлар омыртқа аралық ісіктерге алып келеді, бас ауырсынады.

Остеохондроз бен сколиоздың симптомдары мен диагностикасы.

Остеохондроздың бірнеше түрі бар, ол омыртқаның жарақаттануына байланысты: мойын, кеуде, бел, сегізкөз маңы омыртқа остеохондроздары. Көбінесе бірден бірнеше омыртқаның бөлімдері зақымдалады. Аурулардың әр біреуі өзіне тән белгілері, диагностикалық ерекшеліктері мен емі бар.

Сізде остеохондроз немесе сколиоз бар екенін қалай анықтауға болады? Сколиоздың белгілерін дәрігер адам емес те біле алады, визуалдық бақылау кезінде дене бітімінің симетриясыздығы. Остеохондроздың негізгі белгілері – ол омыртқа маңының ауырсынуы, кейде ол басқа дене аймақтарына да беріледі, омыртқа қозғалысының шектелуі, мойын остеохондрозы кезінде мойын аймағында сықыр есітілуі.

Остеохондрозбен омыртқаның қисаюының профилактикасы мен емдеуі.

Бұл аурулардың профилактикасы қиын емес, тек қана ол үшін өзін қадағалап отыру керек.Остеохондроз бен омыртқаның қисаюының профилактикасы үшін қозғалыста жүруі керек, дұрыс тамақтану мен омыртқаның түзулігін қадағалау, жұмыс орнына үлкен мән беру, өзіне ыңғайлы жағдай жасау, көп уақыт ыңғайсыз түрде отырмау. Ең бастысы жиірек орнынан тұрып, жаттағулар жасау.

Ал остеохондрозбен сколиозды емдеу қиындықтары медициналық практикада әр түрлі іс-шаралар қолданылады. Остеохондроз бен сколиозды емдегенде қанағаттанарлық нәтиже алу қиын. Негізгі әдісі ол емдік гимнастика.

Оны емдеуде арнайы жаттығулар жасалынған, сколиоз бен остеохондроздың омыртқаның әр бөлігіне арналған- мойын, кеуде, бел. Сонымен қатар емдеуде дене шынықтырумен қатар, остеохондроз бен сколиозды емдеуде массаж жасау кең тараған. Ол көрсеткіштер кең, амалсыз жағдайда терапия жасалынады. Егер сколиоздың себебі аяқтардың ұзындығы әр түрлі болып, ол үшін арнайы жаттығулар қолданылады. Жақсы нәтиже алу үшін олар нақты таңдамалы болуы керек.

 

 

Сколиоз дегеніміз – омыртқаның өз осінің айналасынан иіле қисаюымен сипатталатын, кеуде қуысы функциясының бұзылуына, сондай-ақ, косметикалық кемшілікке алып келетін қауіпті ауру. Сондықтан, мамандар бұл сырқатпен бала кезден бастап күресу керек дейді.

Емдеу әдістері

Сколиозды емдеудің екі әдісі бар: консервативті және хирургиялық. Көптеген дәрігерлердің пікірі бойынша, консервативті емдеу тек бастапқы кезеңде тиімді болып келеді, ал сколиоздың ауыр асқынған түрлерінде хирургиялық әдіс негізгі болып табылады. Асқынған сколиоздан болатын аурулар өте қауіпті. Бұл кеуде қуысының деформациялануына және өкпе қызметінің шектелуіне әкеліп соғады. Соның салдарынан полицетемия және өкпе гипертензиясы болуы ықтимал.

1. Консервативті емдеу:

Емдеудің бұл әдісі хирургтің қатысуын қажет етпейді. Мұнда емдеу жауапкершілігі толықтай науқасқа жүктеледі, ал оның сауығуының құралы - емдеу гимнастикасы. Айта кетерлігі, Цельс Авл Корнелий ұсынған арнайы гимнастика омыртқа деформациясын емдеу әдісі ретінде біздің дәуірімізге дейінгі І ғ. пайда болған екен.

Арқа бұлшық еттеріне арналған жаттығулар

Арқамен жатқан күй

Сколиозбен ауыратын адам алдын ала тізесі мен басын қосып, әткеншек сияқты қозғалады. Түзу ұсталған әр аяққа алма-кезек қол жеткізеді. Түзу ұсталған аяқтарымен адымдап, шалқасынан жатып «педаль айналдырады».

Етпетінен жатқан күй

Сколиозбен ауыратын адам қолымен сандарын қысып, алма-кезек түзу ұсталған аяқтарын көтереді. Етпетінен жатқан күйінде аяқ-қолдарын көтеруге тырысады, қолдарын бірнеше рет айқастырады. Толарсағынан ұстап, аяқ-қолдарын жоғары көтеруге ұмтылады.

Тұрған күй

Сколиозбен ауыратын адам қолын көтеріп, еңкейеді. Ол үшін жүріс дәстүрлі жаттығулармен бірге жүреді: тізесін жоғары көтере жүру, шынтақтарын арқасына қоса отырып жүру. Сондай-ақ, мұндай ауруға тап болған адам төрт тағандап тұрып, әр аяқ-қолын кезектеп көтереді. Мысықша созылып, омыртқаға түсетін жүкті оңтайландырады.

Омыртқаның мойын бөлігін күту

Омыртқаның мойын бөлігі өте осал. Тіпті, аяқ пен қолдар да ол үшін ауыр. Қолды көтеретін бұлшық еттер бас сүйегіне және омыртқаның мойын бөлігіне бекігендіктен, қолды немесе иықты жай көтерген кезде мойын омыртқасын жаншиды. Сонымен қатар, сколиоз кезінде төбені ақтау, заттарды жинау немесе тақтада тұрып ұзақ жазу - омыртқаның мойын бөлігі үшін нағыз сынақ болады. Басты кеудеге салбыратып отыру да омыртқаның осы бөлігі үшін өте қауіпті. Сол үшін басты көтеріп отыру қажет. Бірақ, сколиозды консервативті емдеу аурудың бастапқы кезеңінде ғана тиімді. Ал ауыр немесе тез асқынған түрлерінде хируриялық әдіс пайдалы болып табылады.

2. Хирургиялық әдіс:

Қазіргі уақытта операция сколиотикалық деформация бұрышы 40 градустан асқан кезде жасалады. Егер науқасты төмендегідей жайлар мазаласа ғана операция жасалу керек:

ауру синдромының байқалуы, омыртқа деформациясының қарқын алуы (егер омыртқа деформациясы40-45 градустан асса) және косметикалық кемшілік.

Хирургиялық емдеу әдісін қажет ететін адамды тек дәрігер ғана анықтап, көмек көрсете алады. Сондықтан, бұл - жеке адамдардың қолынан келе бермейтін іс.

Кеуде омыртқасының Бел омыртқасының

қисаюы қисаюы

Атеросклероз(гр.: athere-қойыртпақ; sclerosis- қатаю, шорлану)- майлар мен белоктар дұрыс алмаспағандықтан, эластикалы және бұлшықетті-эластикалы тамырлардың ішкі қабатына майлар мен белоктар шөгіп, сол жерлерде талшықты дәнекер қабық көбейіп, склероз дамитын ауру. Атеросклерозды дамытатын негізгі себептер:

· Зат алмасуына байланысты факторлар (ең негізгісі май мен белок, холестерин мен липопротеидтер алмасуының бұзылуынан болады);

· Гормондық факторлар;

· Артериялық гипертония;

· Психоэмоциялық күйзеліске ұшырататын стресс пен конфилитті жағдайлар;

· Қан тамырлардағы өзгерістер;

· Тұқым қуалайтын және этникалық факторлар.

 

Гипертония ауруы – басты клиникалық белгісі артериялық қысымның ұзақ мерзімді, әрі тұрақты түрде жоғарлауымен бейнеленетін созылмалы ағымды сырқат. Бұл ауруды «жауапсыз эмоциялардан өрістейтін кесел», яғни неврогендік негізде дамитын дербес сырқат ретінде сипаттаған. Гипертония ауруы шектен тыс психика-эмоциялық әсерден жүйке жүйесі зорығып, невроз тектес сырқат өрістеп, тамырлардың тонусы дұрыс реттелмегендіктен дамиды. Бұл аурудың даму механизмдері: невртік; рефлекторлық; гормондық; бүйректік және тұқымқуалайтын.

 

Тәжірибелік жұмыс

¨ Білім алушылар арасында сауалнама жүргізілді:

1. Сіз компьютердің қандай жұмыстарға қолданасыз?

2. Компьютердің күнделікті қолданасызба?

3. Компьютермен жұмысты қанша уақыт жасайсыз?

4. Компьютермен жұмыс жасағанда үзіліс жасайсыз ба? Қанша уақыт?

5. Компьютермен жұмыс жасап жатқанда немесе жасап болған соң қандай сезімде боласыз?

6. Көзіңізге қандай жаттығу жасайсыз? Одан басқа кандай жаттығу жасайсыз?

7. Компьютермен жұмыс жасау барысында барлығын бір реттілікпен жасайсыз ба?

8. Сіз компьютерге тәуелдісіз бе?

9.

10. Сізде компьютермен жұмыс жасағанда кері әсер бар ма?

11. Компьютермен ұзақ жұмыс жасағанда, қандай аурулар туындайды?

12. Сіз компьютермен жұмыс істеу қауіпсіздік ережелерін білесіз бе?

13. Қанша уақыт компьютермен жұмыс істегенде қауіпті болатынын білесіз бе?

Сауалнамаға 135 білім алушы қатысты және келесідей нәтиже алынды:

 

Сіздердің ойыңызша, компьютермен жұмыс істегенде қандай аурулар пайда болады?


Білім алушыларға берілген кеңестер

Компьютерде жұмыс істеу ережесі

1. Өзiңізге қолайлы жұмыс орнын жасаңыз.

2. Егер сiз компьютерде 2 сағаттан артық отыратын болсаңыз, ноутбукке арналған арнайы тығыршықты қолданыңыз.

3. Монитор мен сiздiң көздерiңiздiң арасындағы қашықтық 50 см-ден кем болмауы керек.

4. Жоғарғы бөлiгi сiздiң көзiңiздің деңгейінде орналасатындай биiктiк бойынша монитор күйiн келтiрiңiз.

5. Сiзге терезе немесе жарық сәулелері кедергі жасамайтындай етiп монитор күйiн келтiрiңiз.

6. Егер бұл жарықтың дұрыс түсуіне мүмкiндiк бермесе, мониторды 10-20 градусқа артқа қисайтыңыз.

7. Биiктiгі бойынша пернетақта сiздiң шынтақтарыңыздың деңгейінде болуы керек.

8. 10 градусқа пернетақтаны артқа қисайтыңыз. Сонда сiздiң қолдарыңыз жинақы болады.

9. Реттелетiн кресло немесе орындықты қолданыңыз.

10. Өз көздерiңе демалыс беру үшін,түкпiрдегі объектілерге көзқарасты мезгіл-мезгіл шоғырландыра берiңiз.

11. Әлсiн-әлсiн креслодан тұрыңыз және арқаның бұлшық етiн асықпай тартыңыз.

12. Монитор тiкелей сiздің алдыңызда болуы керек. Бұл бастың тұрақты бұрылыстарына мүмкiндiк бередi.

13. Сіздің жұмыс орныңыз көңілді, жақсы болса, деңеңіз бір қалыпты болып, шаршамайсыз. Сондықтан мониторды , пернетақтаны, креслоны мерзімінде түзетіңіз.

14. Сiз компьютерде өткiзетiн уақытты азайтуға тырысыңыз.

15. Компьютер тұрған бөлменің ауасы жиі тазартылуы керек. Оған қоса күн сайын бөлмеде ылғалды тазалық жұмыстарын (влажная уборка) жүргізгеніңіз тіптен жақсы болады.

16. Компьютермен жұмыс істеп болғаннан кейін қолыңызды салқын сумен жуыңыз.

17. Міндетті түрде үзілік қажет. ересек адамдар үшін әрбір екі сағат сайын 15 минут, ал балалар үшін әрбір жарты сағат сайын 15 минут үзіліс жасау керек.

18. Оқуға тиісті құжаттарды принтерден басып шығарып алып оқыңыз. Көзіңіздің саулығына үлкен пайдасы тиеді.

 

 

Дене шынықтыру минутының жаттығулар комплексі.

 

(Сан ПИН 2.4.2.576-96 Санитарлық ережелер мен нормаларға қосымша «білім алушыларға арналған қазіргі заманғы түрі»)

ДМ ми қан айналымын жақсарту үшін.

1. Бастапқы тұру –орындықта отырып. 1-2 санағанда басты артқа, ал 3-4 деп санағанда алдыға еңкейтеміз, иықтарымызды көтермейміз. Ақырын жасау. 4-6рет қайталау.

2. Бастапқы тұру – отырып қол белде. 1 –басты оңға бұру , 2 –бастапқы қалып, 3 –басты солға бұру, 4 –бастапқы қалып. 6-8рет қайталау.ақырын жасау.

3. Б.т. – тұру немесе отыру қажет, қол белде. 1 –сол қолды оң иыққа сілтеп қою, басты солға бұру. 2 - б.т, 3-4 – дәл сол қалыпты оң қолмен. 4-6рет қайталау. Ақырын жасау.

ДМ қол мен иық белдеуінің шаршағандығын басу.

1. Б.т. – тұру немесе отыру, қол белде. 1 –оң қолды алға, сол қолды жоғары. 2 –қолдардың орнын ауытыру. 3-4 рет қайталау, кейін қолды бос ұстап, қол білезіктерін сілкіп, басты алға еңкейту. Орташа темппен.

2. Б.т. – тұру немесе отыру, алақандар артқы жағымен белде. 1-2 –иықтарды алға қосу, басты алдыға еңкейту, 3-4 – иықтарды артқа ығыстыру, алға еңкейту. 6-8рет қайталау, қолды төмен түсіріп, сілку. Ақырын темппен.

3. Б.т. – отыру, қол жоғары. 1 – алақанды жұдырыққа қысамыз.2 жұдырықты босату. 6-8 рет қайталап, қолды төмен түсіріп, сілку. Орташа темппен.

ДМ дененің шаршауын басу.

1. Б.т. – аяқты бөлек ұстап, қолды бастың артына қою. 1 –жамбасты тез оңға бұру.2 –тез солға бұру. Жаттығу жасаған кезде иық белдеуі қозғалмауы керек. 6-8 рет қайталау. Орташа темппен.

2.Б.т. – аяқты бөлек ұстап, қол бастың артында. 1-3 – жамбасты бір жаққа айналдырамыз. 4-6 – дәл осылай екінші жаққа қайталаймыз. 7-8 – қолды төменге түсіріп сілку. 4-6 рет қайталауү орташа темппен.

3. Б.т. – аяқты бөлек ұстау. 1-2 – алға еңкейіп, оң аяқ бойымен төмен түседі, сол қол майысып дене бойымен жоғары, 3-4 –б.т., 5-8 дәл солай екінші жаққа. 6-8 рет қайталау. Орташа темппен.

Компьютер алдындағы гимнастика

1. Орындыққа отырып, арқаны түзеу, қолды қою. Оң қолды шетке қарай көтеру, денені бұру, алақанды көзбен қарап ұрып – дем алу, қолды қайта тізеге қойып – дем швғару. Кейін жаттығуды сол қолмен қайталау. Бұл жаттығу тыныс алуды күшейтіп, мойын, кеуде бұлшық етіне қысымды түсіреді.

2. Бұлшық етті дәл осылай қолды шынтақ аймағында бүгіп, жұдырықты түйіп, аяқ ұшын еденнен көтеріп, өзіне қарай тарту. Қолды бастапқы тұруға қойған кезде, башпайларды көтеріңкіреп, аяқты өкшеден табан ұшына қоямыз. Жаттығу периферикалық қанайналымды жақсартады.

3. Қолды жұмып, алақандар білек аймағында. Алдыңызда оңға және солға қарай айцналдыру. Бұл кезде талып қалған иық, жауырын, кеуде бұлшық еттерін жаттықтырып, буындар жұмысы жақсарады.

4. Бұлшық ет І және ІІ жаттығудағыдай. Тізе аймағында бүгілген аяқты шетке жылжыту, қадам жасағандай болып аяқтың бұлшық етіне қою.

5. Бір аяқты түзетіп, табан өкшеде, екіншісі бүгіліп, табан ұшымен стол астында. Жүрген сияқты болып, аяқтарды ауыстырамыз. Жаттығу буын мен іштің бұлшық еттерінің жұмысын жақсартады.

 

Кешенді көзге жаттығу жасау.

1. 1.Көзіңізді жиі –жиі жыпылықтатыңыз

1.2.15 минуттан соң 2-3 минуттай алысқа қараңыз

1.3.20 минуттан соң екі шынтағыңызды үстелге тіреп, алақаныңызбен екі көзіңізді 1-2 минутқа жабыңыз.

2.1.Бастарыңызды бұрмай, оңға қарап, көз тіккен нүктені белгілеңіз.

2. 2.Алысқа қадалып қараңдар. (ұзақтығы 20-30 секунд)

3.1.Бастарыңызды бұрмай, оңға қарап, көз тіккен нүктені белгілеңіз.

3. 2.Алысқа қадалып қараңдар. (ұзақтығы 20-30 секунд)

 

Алғашқы медициналық көмек көрсету әдістері.

Электр тогымен зақымданғанда көмек көрсету:

1.Токты ажыраты (тарату тақтасындағы тумблерді өшіру)

2.Зақымданған адамды электр тогының әсерінен электр тогын өткізбейтін қол астындағы материалдарды пайдаланып босату

3. Зақымданға адамды қарап шығып, оған зардабының ауырлығына байланысты көмек көрсету

4. Дәрігерді шақыру (білім беру мекемесінің медпунктіне, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) керек

Күйген кезде көмек көрсету

Адам күйікке шалынған жағдайда:

1.Ауырғанды басатын, тыныштандыратын (анальгин, валерьянка) беру керек.

2.Күйген жерге дәрі (винилин) жағу керек

3. Күйген жараның бетіне микроб түспейтіндей етіп, алдымен целлофанмен орып алып, суық суда ұстау керек.

4. Дәрігерді шақыру (білім беру мекемесінің медпунктіне, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) керек

Талып қалғандағы көмек көрсету

Адам талып қалған жағдайда:

1. Талып қалған адамды тегіс жерге шалқасынан, басын солға бұрып жатқызу керек.

2. Дәрігерді шақыру (білім беру мекемесінің медпунктіне, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) керек

Тынысы тоқтап қалғандағы көмек көрсету

1. Аузын ашып тілін көру керек, егер тілі көмекейіне қарай түсіп кетсе- қолмен тартып шығарып қалыпты орнына келтіру керек,

2. Дәрігерді шақыру (білім беру мекемесінің медпунктіне, 03 жедел жәрдем телефоны бойынша немесе жақын жердегі емдеу мекемесінен) керек

3. Тыныс алуы қалпына келгенше немесе дәрігер келгенге дейін жасанды түрде тыныс алдырту (ауызды ауызға тақап) жасау керек.

Қорытынды

Осы ғылыми жобамды жазу барысында компьютерлік техникалардың тарихымен, адам ағзасына әсері туралы ақпараттардың қыр- сырымен таныстым.

Менің негізгі мақсатым компьютермен жұмыс істегенде пайда болатын зиянды әсерлеріне білім алушыларға көз жеткізу және алдын алу болды. Жұмыс барысында жүргізілген сауалнама мен диагностика білім алушылар арасында өткізілді. Бұл тұрғыда зерттеген еңбегімді пәнге деген қызығылушылығым артып, оқулықтарды және интернет веб-беттерін пайдалана отырып, ізденуімнің арқасында өзімнің білімімді толықтырдым.

Қорыта келгенде, менің жүргізілген зерттеулерім информатика ғылымының түпсіз терең, құпиясы мол әлем екенің дәлелдей түседі. Яғни, осы информатика ғылымының негізгі бір көзі компьютерлердің адам ағзасын әсері туралы көптеген ақпараттар дәлелденді. Қазіргі заман компьютердің қолданыстағы өте кең, жан- жақты тараған кезеңі. Қазіргі таңдағы қоғамның дамуының негізгі факторы- білім, ғылым және демографиялық, саяси тұрақтылық. Олай болса, дәуір қанша құбылғанымен, біздің жас болашағымыздың жақсы болуы білім- ілімсіз жүзеге асуы мүмкін емес.

 

Пайдаланылған әдебиеттер

1. «Денсаулық» журналы 2010 ж, №3, №6

2. ҚР ақпарттық теңсіздікті төмендету бағдарламасы бойынша халықты компьютерлік сауаттылыққа оқыту жөніндегі оқу-әдістемелік құрал. Алматы. 2007ж.

3. Нұрмұхамбетұлы Н.А. «Патологиялық физиология» оқулық,

4. Ахметов А.А. «Патологиялық анатомия» оқулық

 

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.