Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Правовые формы защиты технологий

Блок II

1. Әлемдік және халықаралық экономиканы зерттеу пәні. Әлемдік экономиканың ерекшеліктері және оның негізгі субъекттері

2. Әлемдік экономиканың дамуының қазіргі бағыттары. Шаруашылық өмірдің жаһандануының мәні мен формасы

3. Әлем елдерінің жіктелуі (типологиясы) және олардың негізгі критерийлері

4. Табыс деңгейіне қарай елдердің классификациясы. Жан басына шаққандағы ЖҰӨ/ЖІӨ-нің көрсеткіші және оны өлшеудің әдістері

5. Ел экономикасының даму деңгейін салалық құрылымы, негізгі өнімдерді өндіру және тұтыну бойынша анықтау

6. Елдерді өнеркәсібі дамыған, дамушы және өтпелі экономикалы елдерге бөлінуі

7. Әлеуметтік-экономикалық деңгейі бойынша елдердің арасындағы алшақтық: түсінігі және көрсеткіштері

8. Адами даму индексінің көрсеткіші (АДИ) және оны есептеу әдісі. АДИ көрсеткіші бойынша әлем елдері мен аймақтарының айырмашылықтары

9. Жеделдетіп (қуып жету) дамудың үлгісі және оның тәжірибеде іске асуы

10. Елдің сыртқы экономикалық байланыстарын мемлекеттік реттеудің қажеттілігі мен негізгі мақсаттары. Мемлекеттің сыртқыэкономикалық саясатының негізгі бағыттары

11. Халықаралық сауданың табысты бөлудегі ықпалы

12. М. Портердің бәсекелестік артықшылықтар теориясы. Елдің бәсекеге қабілеттілігі (ұлттық бәсекеге қабілеттілік): түсінігі және көрсеткіштері

13. Халықаралық сауда: түсінігі, құндық көлемің өлшеу және құрылымы

14. Елдің сыртқы саудасының негізгі көрсеткіштері: сыртқысаудалық айналым, сауда балансы және сауда сальдосы

15. Қазақстанның сыртқы саудасы: негізгі сипаттамасы

16. Сыртқысаудалық саясат және оның құралдары

17. Халықаралық сауданы реттеудің тарифтік әдістері

18. Халықаралық сауданы реттеудің тарифтік емес әдістері: кедендік тарифтен айырмашылығы және негізгі түрлері

19. Халықаралық сауданы реттеудегі ДСҰ рөлі

20. Капиталдың халықаралық қозғалысы түсінігі және негізгі формалары

21. Ссудалық капиталдың халықаралық қозғалысы: мәні, формасы және негізгі құралдары

22. Әлемдік экономикадағы ТҰК-дың негізгі белгілері және рөлі. ТҰК қызметінің негізгі салалары

23. Жұмысшы күшінің халықаралық миграциясының мәні, себептері, формалары және бағыттары

24. Жұмысшы күшінің миграциясын мемлекеттік және халықаралық реттеу: қажеттілігі және мақсаттары

25. Технологиялардың халықаралық қозғалысы: түсінігі және түрлері. Технологияны жеткізудің механизімі

26. Технологияны қорғаудың құқықтық формалары. Лицензия саудасы және лицензиялық төлем түрлері

27. Халықаралық экономикалық интеграция: мәні, алғышарттары және мақсаттары

28. Әлемнің негізгі аймақтық интеграциялық бірлестіктері

29. Төлем балансының түсінігі және экономикалық рөлі. Төлем балансының құрылымы

30. Халықаралық валюта жүйесі: түсінігі және дамуының негізгі кезеңдері

31. Валюта бағамы: түсінігі және түрлері. Валюта бағамына әсер ететін факторлар

32. Әлемдік несиелік нарықтың құрылымы. Халықаралық қарыз мәселесі

33. Халықаралық валюта-қаржылық және несиелік ұйымдар. ХВҚ және Әлемдік банк: мақсаттары және қызметінің принциптері

34. Адамзаттың негізгі ғаламдық экономикалық мәселелері

 

1. Әлемдік және халықаралық экономиканың зерттеу пәні. Әлемдік экономиканың ерекшеліктері мен оның негізгі субъектілері.

1. Халықаралық экономика теориясының зерттеу пәні мен әдістері.Бұл ғылымның обьектісі – дүниежүзілік шаруашылық, ал пәні – мемлекет шекарасынан сырттағы экономикалық қатынастар болып табылады. Өйткені қазіргі тарихи жағдайларда, әлеуметтік өмірдің негізгі ұйымдық түрі-мемлекет болып табылады. Халықаралық экономикалық қатынастар халықаралық еңбек бөлінісіне негізделген, әр түрлі елдердің ұлттық экономикалары арасындағы шаруашылық байланыстарының жүйесі деп жазылған. Ал басқа басылымда Халықаралық экономикалық қатынастар –әлем елдерінің арасындағы шаруашылық қатынастар жүйесі-делінген. Халықаралық экономикалық қатынастар мазмұны ешқандай қиыншылықтар туғызбаса да, осы қатынастар теориясы күрделі мәселе болып табылады. Болып жатқан ағымды жағдайлардың теориялық көрінісін беру оңай емес. Бірақ мұндай әлемдегі экономикалық мектептердің бағыттары тарихи, сонымен қатар лоогикалық жағынан алғанда әр лауан болуына байланысты қосымша қиындықтар туып отыр. ХЭҚ теориясы жалпы саяси экономия теориясы негізінде пайда болып дамыды да, соңғысының шеңберінде арнайы ғылыми іздену саласын құрды. ХЭҚ арнайы теориясының зеттеу пәні жалпы саяси экономия теориясының пәнімен бірдей-деп жазылғын отандық алғашқы оқулықтардың бірінде. Халықаралық экономикалық қатынастар арнайы теориясының зерттеу пәні саяси экономия теориясының пәнімен бірдей: ол адамдар арасында өмірге қажетті заттарды өндіру, бөлу, айырбас пен тұтыну қатынастары. Әлемдік шаруашылықтың, сонымен бірге халықаралық қатынастардың ерекшелігі-таптар арасындағы қарым-қатынас мемлекет шекарасы арқылы іске асырылып, халықаралық экономикалық қатынастар түрінде көрінуі дейді. ХЭҚ теориясы экономикалық теорияның ұлттық экономикалар арасындағы экономикалық қатынастардың ерекшеліктердің зерттейтін арнайы бөлімі болып табылады. Сондықтан ол жалпы саяси экономика шеңберінде дамыды. Бұл жағдай арнайы халықаралық экономика бөлімдері бар батыс оқулықтарымен расталады. Ал ХЭҚ теориясының ерекешеліктеріне келсек, олар өз обьектісінің ерекшеліктерімен немесе П.Х.Линдерт сөзі бойынша, әлемдік өзгешелігімен анықталады.

Халықаралық экономикалық қатынастардың мәні мен түрлері.

Әлемдік экономика дегеніміз – елдердің ұлттық экономикаларының және бөлек аймақтардың, оларды байланыстыратын халықаралық қатынастар жиынтығы, күрделі жүйе. Әлемдік экономика жүйесінде байланыстырушы рөлді атқаратын – халықаралық экономикалық қатынастар. Халықаралық экономикалық қатынастар - әлем елдерінің арасындағы шаруашылық қатынастар жүйесі. Ол үздіксіз қозғалыста және өсу үстінде болады. Әлемдік экономиканың қызметінің басты мақсаты – адамдардың қажеттіліктерін қамтамасыз ету. Зерттеу пәні – адамдар арасындағы өмірге қажетті заттарды өндіру, бөлу, айырбас пен тұтыну қатынастары. Әлемдік шаруашылық және оның бір бөлігі болып саналатын ХЭҚ –тың дамуы 80-жылдармен салыстырғанда , 90-жылдары жаңа жағдайда дами бастады. Біріншіден, әлемнің біртұтастығы айқындала бастады. Қазіргі әлемдік шаруашылық, бір жағынан, әлемнің бір бөлігі болып саналатындықтан, бүкіл әлемнің біртұтас зандылықтары мен қағидаларына бағынады. Сондықтан экономикалық тұрғыдан толық шеттеу мүмкін емес. Екінші жағынан, дүниежүзілік шаруашылықтың негізіне нарық қатынасы жатады.Ал бұл жағдайда экономикасы жоғары деңгейде дамыған елдер ғана алға шыға алады.

Қазргі кездегі халықарарлық экономикалық қатынасқа тән қасиет оның сан және сапа жағынан өсуінің көрінуі. ХЭҚ–тың негізгі түрлеріне жататындар:

Халықаралық сауда, халықаралық валюта-қаржы және несие қатынастары, халықаралық мамандану мен кооперация, халықаралық интеграция, елдер топтары арасындағы және олардың ішкі экономикалық қатынастары, трансұлттық компаниялардың экономикалық қатынастары, ХЭҚ ұйымдық формалары, халықаралық өндіріс факторларының қозғалысы жатады. Бұл түрлері өзара тығыз байланысты және өзара әсер етеді. Негізінен ХҚ сауда ХЭҚң ең алғашқы және басты түрі болып табылады. ХҚ сауда әр түрлі елдердегі тауар өндірушілер арасындағы байланыс формасы,ХҚ еңбек бөлінісі негізінде қалыптасып,елдердің өзара тәуелділігін көрсетеді.Әрбір сауда қатынастары нәтижесінде ақша қатынасы орнайды.сондықтан ХЭҚң тағы бір түрі ХҚ қаржы ақша қатынастары б.т.Дүниежүзілік шаруашылық жүйенің қалыптасуы, экономикалық байланыстардың интернационализациялануы, ұлттық шаруашылықтар қызметінің жедедеуіне әкелген осы ақша, валюта, қаржылық қатынастар.Дүниежүзілік шарушылықтың пайда болуы өндірістің ХҚ мамандануы мен кооперациясы сияқты түрлерін әкелді. Олардың шаруашылық өмірінің интернационализациясына ғана емес белгілі бір даму деңгейінде ұлттық экономикалардың интеграциясын тудырады. Әлемде белсенді жүріп жатқан өндіріс интернационализациясы жұмыс күшінің ХҚ миграциясы.Жұмыс күшінің ХҚ нарығы ұлттық шекараларды кесіп өтетін еңбек ресурстарының әр түрлі бағыттарын қамтиды. Қазіргі таңда трансұлттық компаниялардың маңызы көп.оларр ұлттық шекараларды жойып, ХЭҚға ішкі фирмалық қатынастарды алып келді.ХЭҚ түрлерінің тарихи және логикалық себептерінде емес,бұл түрлердің бір бірімен байланыстылығында.

Алайда бұл ХЭҚ түрлерінің толық тізбесі емес. Себебі ХЭҚ дамыған сайын тауарлар мен қызмет көрсетудің жаңарған топтары халықаралық мәселе объектісі болып, экономикалық қызметтің жаңа түрлері пайда болуда.

«Әлемдік экономика» (әлемдік шаруашылық) ұғымы. Әлемдік экономиканың жүйе ретіндегі ерекшеліктері.Жалпы алғанда, әлемдiк экономика бүкіл әлем масштабындағы шаруашылықтық iс-әрекетi болып табылады. Оның қалыптасуы халықарылық сауданың жедел дамуымен, елдердің арасында капиталдар мен жұмыс күшінің халықарылық қозғалысының пайда болуымен байланысты. Тарихи тұрғыдан әлемдік шаруашылық ХІХ ғ. аяғында-ХХ ғ. басында дүние жүзі халықтарының басым көпшілігінің әлемдік шаруашылық байл/ға тартылуы нәтижесінде қалыптасты. Әлемдiк шаруашылық (экономика) – бұл халықаралық еңбек бөлiнiсiне қатысу нәтижесiнде пайда болған өзара әрекеттескен және өзара тәуелдi әлемнiң барлық елдерiнiң ұлттық экон/рының жыинтығы. Бұл ерекше, ғаламдық экономикалық жұйе, оның құрама бӛлiктерi ретiнде әлемдегi барлық елдердiң (қазiргi кезде дүние жүзінде шамамен 260 астам елдер бар) ұлттық шаруашылықтары кiредi.

Әлемдік экономиканың негізгі субъектілері: ұлттық шаруашылықтар, елдердің интеграциялық топтастықтары, трансұлттық (халықаралық) корпорациялар, халықаралық экономикалық және валюта-қаржы ұйымдары (бүкіләлемдік сауда ұйымы, халықаралық валюта қоры, бүкіләлемдік банк және т.б.). ХЭ-ң экономикалық жүйе ретіндегі ерекшеліктері:

1. барлық əлемді қамтитін ғаламдық экономикалық жүйе;

2. əр түрлі деңгейде дамыған ұлттық экономикаларды қосатын күрделі экономикалық жүйе (əлемде шамамен 270 ел бар);

3.экономикалық байланыстар мемлекеттік шекара арқылы іске асырылады;

4. саяси фактордың ерекше ықпалы;

5. бірыңғай ақшалай жүйенің жоқ болуы;

6. жеке мемлекеттердің, сол сияқты халықаралық заңдар мен ережелердің іске асырылуы;

7. үлкен территориялық алшақтық.

Қазіргі таңдағы экономиканың салалық құрылымы шаруашылық бірліктерінің бірегей топтарының жиынтығы болып табылады. Ол кеңейген өндірісте маңызды орын алады және қоғамдық еңбек бөлінісінде ерекше шарттарға ие өндіріспен сипатталады. Салалық құрылым былайша көрсетіледі:

2. Әлемдік экономиканың дамуының қазіргі бағыттары. Шаруашылық өмірдің жаһандануының мәні мен формасы

 

Қазіргі әлемдік экономика мен онда орын алып жатқан интеграциялық үдерістер екі негізгі бағытын айқындауға мүмкіндік береді. Біріншісі – әр түрлі халықаралық жкономикалық одақтар мен басқа халықаралық экономикалық альянстарға бірігіп, күннен күнге өсіп келе жатқан елдер саны, бұл өз кезегінде экономиканың жаһандануын дәлелдейді. Екінші бағыт әлемдік экономикалық интергацияның түрі мен әдісінің үздіксіз іске асуы, бұл үдерістегі терең сапалы өзгерістердің кепілі.

Қазіргі әлемдік экономика айтарлықтай сапалы қайта құрулармен сипатталады, оған б\ты әлемдік шаруашылық аңа сипатқа ие болды. Оның мыналардағы қатысы біліне бастады:

- әлемдік шаруашылықты мақсатты түрде басқаруда;

- әлемдік экономикалық инфрақұрылымды құруда;

- халықаралық тауар мен қызмет алмасуды реттеуде;

- мемлекеттерді экономикалық ресурстармен, соның ішінде, капитал мен ақпараттық технологиямен қамтамасыз ететінұлт үсті халықаралық органдарды құруда;

- экономикалық, валюталық, саяси халықаралық одақтарды құру мен кеңейту үдерісін жылдамдатуда;

- әлемдік шаруашылықта халықаралық корпорациялардың рөлін дамыту мен күшейтуде;

- әлем елдері экономкасын жаппай статистикалық әне бухгалтерлік есепте бүкіләлемдік жүйеге көшуде;

Халықаралық экономикалық интеграция бөлек елдердің экономикасы мен олардың ішкі экономикалық құрылымдары өзара әрекеттесуімен түсіндіріледі. Ол әр түрлі форма мен әр түрлі дәрежеде іске асады. Халықаралық экономикалық интеграцияның құрылуы мен дамуы бөлек елдердің арасында сауда қатынастарының орнауымен басталып, ұлттық экономиканың толық интернационализациялануына дейін жалғасатын кешенді экономикалық ынтымақтастық.

Қазіргі таңда халықаралық экономикалық интеграция жаһандық маштабөа жетті. Экономиканың жаһандануы халықаралық экономикалық интеграцияның ең жоғарғы сатысы болып табылады. Ол мемлекетаралық және халықаралық экономикалық бірлестіктерді ұйымдастыру мен қызметінде, сондай ақ, заманауи қауымдастықта халықаралық экономиалық институттар мен трансұлттық компаниялардың пайда болуы мен дамуында көрініс табады. Егер халықаралық экономикалық интеграцияның алғашқы кезеңі тек халықаралық сауда болса, жаһандану кезеңіне жұмыс күшінің, капиталдың, ғылыми техникалық білім мен ақпараттың ауысуы тән. Осылайша, жаһандану кезеңінде халықаралық экономикалық интеграция маңызды көлемдік сипатқа ие болып қана қоймай, жаңа дамыған формаларға ие болып отыр. Жалпы алғанда, жаһандану (ағылш. Global — әлемдік, дүниежүзілік, жалпы) — жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. Терминді ғылыми айналымға алғаш рет енгізген (1983 жылы) америкалық экономист Т.Левита. Жаһанданудың жаңа сатысының түрлі аспектілерін 20 ғасырдың ортасынан бастап Уолт Ростоу, Дэниел Белл, Алвин Тофлер, Питер Дракер, Джон Нейсбитт, Лестер Туроу зерделеді. Олар ғылымға “интеллектуалдық индустриялар экономикасы”, “ақпараттық қоғам”, “техникалық революция”, “ақпараттық жарылыс”, “ғаламдық ауыл” деген ұғымдарды енгізді. 2-дүниежүзілік соғыстан кейінгі әлемдік тәртіп үшін жаҺандық инфрақұрылым құру идеясы алғаш рет 20 ғасырдың 40 — 50-жылдары АҚШ-тың зерттеу орталықтары: Халықаралық қатынастар жөніндегі кеңесте (ХҚК), “Рэнд” корпорациясында, Стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығында (СХЗО), Психологиялық стратегиялар басқармасында (ПСБ) тұжырымдалды. Жаһандану ұғымы, жалпы алғанда, әлемдік өркениеттің аса маңызды өлшемдерінің жалпыадамзаттық өлшемге ие болуы деп түсіндіріледі. Зерттеушілер Жаһандануды әр текті, бірақ әлемнің біртұтастыққа айналу логикасымен біріктірілетін өзгерістердің жиынтығы деп түсіндіреді. Жаһанданудың төмендегідей негізгі құрамдас бөліктері бар:

1) “менталдық” немесе мәдени Жаһандану — дәстүрлердің, діндердің, мәдениеттер мен идеологиялардың “ұқсастануының” кешендік үрдісі. Қазіргі таңда бүкіл әлем, негізінен, 6 жаҺандық діни жүйеге (христиандық, ислам, иудаизм, индуизм, буддизм, конфуцийшілдік) бөлінеді.

2) экономикалық жаһандану екі үрдістің жиынтығын — рыноктардың жаһандануын (капиталдық, еңбек ресурстарының, тауарлардың және қызмет көрсетулердің) және экономикалық нысандардың жаһандануын білдіреді және экономиканың ұйымдық құрылымдарының — компаниялардың, фирмалардың, корпорациялардың іріленуімен түсіндіріледі. Қазіргі уақытта экономикалық Жаһанданудың нақты сипаттары бар:

а) үлкен компаниялардың жетекші рөлі;

ә) жаhандық қаржы, валюта және қоррыноктарының қызмет етуі;

б) жаhандық ақпараттық желілердің қызмет етуінің нәтижесінде көлік ағындары құрылымының өзгеруі;

в) жаhандық сауда-экономикалық бірлестіктер мен одақтардың құрылуы мен қызмет етуі;

г) барлық ұлттық және халықар. қаржылық, валюталық трансакциялардың жаhандық желіге аударылуы;

ғ) бөлшек саудалық, банктік, сақтандыру және сауда операцияларын жаhандық желіге аударылуы;

3) аумақтық Жаһандану — мемлекетаралық құрылымдардың күшею үрдісі. Мемлекетаралық экономикалық және әскери-саяси одақтар Жаһанданудың барынша жоғары деңгейдегі мәнін көрсетеді.

4) ақпараттық-коммуникациялық Жаһандану — қазіргі заманғы интеграциялық үрдістердің ішінде аса ықпалдысы. Оған: коммуникациялық мүмкіндіктерді дамыту және ғарыштық кеңістікті ақпарат беру үшін пайдалану; жаhандық ақпарат желілерінің пайда болуы және тез дамуы; адамзат тұрмысындағы көптеген үрдістердің компьютрлендірілуі жатады.

Жаһанданудың жағымды нәтижелеріне мыналар жатады: неғұрлым жылдамырақ экономикалық даму, өмір деңгейінің жоғарылауы, техникалық жаңалықтар мен басқару дағдыларын жеделдетіп енгізу және тарату, жеке тұлғалар үшін де, ел үшін де жаңа экономикалық мүмкіндіктер туғызу.

3. Әлем елдерінің жіктелуі (типологиясы) және олардың негізгі критерийлері

Әлем елдерін көптеген экономикалық көрсеткіштер бойынша саралауға болады. Р.Бар ұлттық экономика құрылымдарын ХЭҚға әсер ететін торт критерий ін ұсынады: даму деңгейі, халық шаруашылығы құрылымы, оның ұйымдасуы, экономикалық қуаттылығы.Экономиканы сипаттайтын көрсеткіштер өте көп.Алайда бірқатар критерийлерді қолдану арқылы топтастыруға болады:

ЖІӨ не ЖҰӨ мөлшері

Жан басына шаққандағы кңрңс мөлшері

Ұлттық экономиканың құрылымы бойынша

Елдің импорт пен экспорт мөлшері

Халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейі және т.б.

Жалпы экономикалық дамуы ол тарихи ұғым. Нарықтық экономикалы өндірістік дамыған елдер1,2млрд адам ( әлем халқының 23%) халқымен. Оларда әлемнің ЖІӨ 70% ,әлемдік өнеркісіп өндірісінің 70-75% шоғырланған. Осы елдердің ерекшеліктері кірісті дұрыс ұйымдастыру, территорияларын меңгеру, экономикаға әлеуметтік бағытталу, ғылымға көп капитал салу,т.б.Әлемдік саясат пен экономикадағы орны бойынша елдер үшке бөлінеді: А) «үлкен жетілік» : АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания, Италия, Канада. В) әлеуметтік экономикалық дамуы жоғары елдер: Австрия, Бельгия, Дания, Нидерланды, Швеция. С) «қоныс аударушы капитализм» елдері: Австралия, ОАР, Израиль. Дамушы елдер Азия, Африка, Латын Америкасы елдері жатады.Экономикасы аграрлы минералды шикізат тай дамыған, ішкі нарығының шектеулілігімен ерекшеленеді.Дамушы елдерді бес топқа бөлуге болады: А) Экономикасы біршама жоғарырақ елдер Латын Америкасында (Аргентина, Бразилия, Венесуэла, Мексика, Уругвай) және Азияда ( Сингапур, Оңтүстік Корея).В) көп мөлшерде ресурс бар мұнай экспорттаушы елдер:Катар, Кувейт, Бахрейн,Сауд Арабиясы, Ливия, БАЭ, Ирак). С) Экономикалық орта дамушы және ЖІӨ орта мөлшерде ( бір мың долл.) елдер: Колумбия, Гватемала, Парагвай, Тунис,т.б. Д) Үлкен территориялы және халқы көп, шетел капитал салымы жоғары, ЖІӨ төмен (300 долл.) елдер: Индия, Пакистан, Индонезия.Е) Даму деңгейі төмен, теңізбен шектеспейтін, экономикада ауыл шаруашылығының орны басым елдер: Ауғанстан, Бангладеш,Бенин, Сомали, Чад,т.б.) Экономикалық дамуы жағынан және ЖІӨ көлемі жағынан елдерді бөлсек, Барлық елдердің жан басына шаққандағы ЖІӨ 7500; дамыған елдер 27400; өтпелі экономикалы елдер 8600; дамушы елдер 3500; Солт Африка, Таяу және Орта Шығыс елдері 4800; Сахараның оңт елдер 1300 ( 2004ж көрсеткіш б ша). Қазіргі кеде әлем елдерінің тағы бір жіктелу түрі: А) І әлем елдері−дамыған капиталистік елдер− құрамында 30-дан аса ел бар, әлеуметтік экономикалық дамуы жоғары,әлемдік экономика мен саясатта жетекші орындағы елдер; В) ІІ әлем елдері−коммунистік идеологияға сүйенген елдер –орталықтанған экономикаға негізделген, әлемде социалистік жүйені құрайды; С) ІІІ әлем елдері−ұлт азаттық соғыс, отарлық жүйенің ыдырауы негізінде өз тәуелсіздіктерін алған, әлем халқының 52%, аумақтың 50% тиесілі 160 жуық ел.

4.Табыс деңгейіне қарай елдердің классификациясы. Жан басына шаққандағы ЖҰӨ/ЖІӨ-нің көрсеткіші және оны өлшеудің әдістері

 

Халықаралық шаруашылық бір қарағаннан 230 мемлекет пен территориялардан тұратын конгломерат сияқты. Олар іс жүзінде терр. көлемі, халқы, экономикалық қуаты, өмір сүру деңгейі мен технологиялық дамуы бойынша ерекшеленеді. Егер бір полюсінде жоғары дамыған АҚШ, Жапония,Германия болса; екінші жағында нашар дамыған Ауғанстан, Чад, Сомали, Бангладеш сияқты кедей мемл.

БҰҰ әдістемесі бойынша елдің экономикалық –әлеуметтік даму деңгейінің ең маңызды көрсеткіші ЖІӨ болып табылады. ЖІӨ көлемі бойынша елдер:

· Нашар дамыған (жан басына шаққанда ЖІӨ - меньше 400 долл. в год);

· дамушы;

· дамыған мемл;

БҰҰ экономикалық сараптама мақсатынада елдерді:

· дамыған индустриальды елдер (нарықтық экономикалы);

· өтпелі экономикалы елдер (бұрыңғы соц.елдер немесе орталықтанған жоспарлы экономикалы елдер);

· дамушы елдер.

Әдетте әлемдік экономикадағы мемл.бір тобына экономикалық дамудың жалпы немесе жақын сипаттары, шар.басқарудың ұқсас институциональды құрылымы, өндірісті ұйымдастырудың жақын принциптері, туындаған мәселелердің жалпы ұқсастығы бойынша жатқызады. ДЖ ЖІӨ елдер топтары бойынша бөліндісі және жан басына шаққандағы ЖІӨ орташа мөлшері САҚП бағамымен (млрд. АҚШ $; мың АҚШ $): ДЖ- 51314; 8,2

· дамыған елдер -28603; 29,4

· өтпелі экономикалы елдер-19132; 8,5

· дамушы елдер-3579; 3,9

Индустриальды елдер(industrial countries), немесе Батыстың дамыған мемлекеттері, – жоғары табысты Солт. Америка, Еуропа мен Тынық мұхиты бассейінің 24 өндірісті дамыған елдері. Индустриальды елдер тобындағы жетекші ролі «үлкен жетелік» елдерінде (немесе G-7 тобы) - АҚШ, Канада, Жапония, ФГР, Франция, Италия, Ұлыкобритания. Көрсетілген мемлекеттердің бесеуі НАТО ядросы, төртеуі ЕО негізгісі. Осылардың негізінде әлемдік шаруашылықтың үш бәсекелесуші күштер орталығы қалыптасты: - солтүстікамерикалық, жапондық және батысеуропалық.
Индустриалды мемлекеттер, әлем халқының 16% өмір сүретін, әлемдік ЖІӨ 53,8% (соның ішінде АҚШ 20,6; Жапония 7,2;Германия 4,5 ) және әлемдік өндірістік өнімнің 47% өндіреді. (2005 ж.). Әлемдік экспорттың 70% қамтамасыз етеді. Олардың үлесінде тікелей шетел инвестицияларының жинақталған төлемінің 90% тиесілі, мұнда әлемнің ірі трансұлттық компаниялардың штаб пәтерлері орналасқан.дамыған капиталистік мемлекеттердегі өмір сүру деңгейі әлемдік көрсеткіштен анағұрлым жоғары, ал дамушы мемл. (нарықтық ақша айырбастау курсы бойынша 60 есе, ППС бойынша 15 есе).

Батыстың индустриальды мемлекеттерін, басқа әлем мемл. қарағанда олардың жаңа технико-экономикалық дамудың жаңа кезеңі –постиндустриальдық (ақпаратық) аяқ басқаны ерекшелейді.
Өтпелі экономикалы елдер (economies/countries in transition) – Орт. және Шығ. Еуропа (ОШЕ) және бұрығ,ы КСРО елдері. Сонымен қатар Моңғолия (28)орталықтанған жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуде. Реформаларының негізгі бағыты:

1. баға жүйесі және қаражат-қаржы саласындағы сауықтырудағы арнай шаралар;

2. жекешелендіру мен мемлекет иелігінен алу;

3. демонополизация;

4. аграрлы реформа;

5. сыртқы сауда либерализациясы мен шетел капиталын тарту.

Қазіргі әлемдік экономикада өтпелі экономикалы елдер аралық жағдайда. Бір жағынан, көптеген экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштері бойынша(жан басына шақанда ЖІӨ, өмір сүрудің орташа ұзақтығы, бала өлімі, тұрғындардың сатып алу қабілеті...) олар дамушы мемлекеттер қатарынан орын алса; шартты дамыған индустриальды (постиндустриальды элементті) экономикалы елдер, зор ғылыми-техникалық және адами потенциалға ие.

Дамушы елдер (developing countries) – орташа және төмен табыс деңгейімен сипаталатын Азия, Африка және Латын Америкасының 130дан аса мемлекеттері. Алайда бұл топ біркелкі емес. Экономиканың абс.масштабы бойынша олардың арасында Оңт. Үлкен жетілігі(ҚХР, Үндістан, Бразилия, Индонезия, Мексика, Корея Республикасы, Таиланд), жан басына шақандаға табыс деңгейі бойынша – шартты мұнай экспортаушы мемлекеттер тобы және ЖИМ ерекше орында. Соңғысына Корея Республикасы, Тайвань, Гонконг, Сингапур – “азиялық жолбарыстар төрттігі” немесе “айдаһарлары”; сондай-ақ Малайзия, Таиланд, Мексика, Бразилия және Аргентина жатады.
Азиялық ЖИМ индустриализацияның экспортты бағытын ұстанып, таң қаларлық экономикалық секіріс жасады. Олардың жетістіктерінің басты факторлары – білімге бірінші деңгейлі көңіл, экономикалық өсімге мемл.саясаттың көмегі, ұлттық жинақтың жоғары деңгейі, халықаралық өндірістік мамандану мен кооперацияларға ставка. Азиатық ЖИЕ жапон шаруашылық моделін қайталады.
Латиноамерикалық ЖИМ, азиатықтарға қарағанда, индустриализацияны импортты ішкі өніммен алмастыру арқылы жүзеге асырды. Мұнда да басты рольді мемлекет ойнады. осуществляли индустриализацию через замещение импорта внутренним производством. Ол индустрализацияның негізгі параметрлері мен мақсаттарын анықтады, әлеуметік және экономикалық инфрақұрылымды дамытты, масштабты мемлекетік секторлардағы өндірістерде тауарлар өндірді, сауда барьерлерін енгізу арқылы өнеркәсіптің жаңа салаларын шетелдік бәсекелестерден қорғады.

Дамушы мемлекетердің келесі тобы ең нашар дамыған артта қалған мемлекеттер немесе төртінші әлем елдері.
БҰҰ қазіргі классификация бойынша оларға Африка, Оңт. және Шығыс Азияның, Кариб бассейінің, Таяу Шығыс пен Мұхиттың 48 мемлекеті жатады. (такие, как Бангладеш, Мьянма, Танзания, Судан, Эфиопия). Артта қалған мемлекетердің халқының жалпы саны 555 млн. адам. Жан басына шақандағы ЖІӨ жылына 950 АҚШ дол. аспайды. ЖІӨ өнекәсіптегі үлесі орташа 19%, ауыл шар. (негізінде табиғи және жартылай табиғи) – 37%.

Өзінің қозғалысында ұлттық табыс төрт сатыдан өтеді: өндіріс, бөлу, айырбас және қолдану (тұтыну мен қорлану). Өндіріс сатысында ұлттық табыс барлық салада құрылатын таза өнім түрінде болады; бөлу сатысында
(және қайта бөлу немесе үлестіру) - әртүрлі бірінші және екінші табыс түрінде болады; айырбас сатысында – тауардың өндіріс құрал - жабдығы мен тұтыныс заттары түрінің жиынтығын құрайды; қолдану сатысында – қорлану мен резерв түрінде болып келеді.
Қолданудың түпкілікті фазасында ұлттық табыс екі қордан тұрады: а) тұтыну қоры; ә) қорлану қоры.Ұлттық табыс мөлшері тұрғындардың тұтыну деңгейі мен өсуі, сондай - ақ өндіріс аумағы мен оның өсу қарқынына байланысты. Ұлттық табыс жиынтық қоғамдық өнімнің шамамен 50%-ын құрайды. Ұлттық табыс қоғамның түпкілікті өнімінен амортизация сомасына кем, шамамен 8-10% болады.
Егер ұлттық табыс көлемін елдегі тұрғындар санына бөлсек, онда өте маңызды экономикалық көрсеткішті табамыз: тұрғындар өмір деңгейінің айнасы – жан басына шаққандағы ұлттық табыс.

Ұлттық өндіріс көлемін өлшеу үшін жалпы ішкі өнім көрсеткіші қолданылады. Ол барлық жылдық өнім құнының сомасын құрайды, сондай - ақ Қазақстандағы шет ел және өзінің өндіріс факторларын қолдану арқылы құралады. Оны жалпы ұлттық өнімнен (ЖҰӨ) ажырата білген жөн. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) жалпы ішкі өнімнен (ЖІӨ) осы елдегі қолданылған ресурстар табысы сомасының шет елдегіден (пайыз, дивиденд, жалақы және т.б.) артық болады.

ЖІӨ=ЖҰӨ- сыртқы экономика операция бойынша сальдо.

ЖІӨ өзіне тікелей сол елде өндірген өнім мен қызмет көрсетуді және бұл елдегі өндіріс факторын қолданғанда ғана енгізеді. Егер жапондықтарға жататын өндіріс факторын АҚШ-та қолданса, онда олардың құны ЖІӨ - ге енгізілмейді.
Бұл жағдай мұндай кезде де ескеріледі: американдық өндіріс факторы басқа елде қолданылса, олардың құны да ЖІӨ- ге енбейді (енгізілмейді). Елдегі барлық фирмалардың қосарланған құн сомасы ЖІӨ-ді құрайды. Жалпы ішкі өнім мемлекеттің барлық аумағында өндірілетін болғандықтан, сондай - ақ ол өзіне тұтыну мен инвестицияны енгізеді.
Қазақстан Республикасында ЖІӨ-нің ағымдағы бағасы 1995 жылы 992,5 млрд. теңге мөлшерінде бағаланды немесе бір тұрғынға 60,2 мың теңгеден тиді. Өзінің экономикасының ауқымы бойынша Қазақстанның ЖІӨ 1990-шы жылы 53-ші орынды алды және ол Греция, Норвегия, Венгрия, Сирия, Марокконың ЖІӨ-мен пара- пар келді. ЖІӨ-ді өндіруде Қазақстан жан басына шаққанда 1990-шы жылы Польша, Аргентина, Колумбия, Тайланд деңгейінде болды, ал АҚШ деңгейімен салыстырғанда -18,7%, бұрынғы Одақпен салыстырғанда-69,3% деңгейіді құрады.

Ұлттық есеп - шот жүргізу жүйесінің келесі ең маңызды көрсеткіші жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) болып табылады. Ол экономикадағы бір жылғы тауар мен қызмет көрсетудің түпкі өндіріс көлемінің жиынтық нарықтық құнынан тұрады. ЖҰӨ-ге тек қана сондай өнім енеді, кейде өндіріс процесін мәңгі тастап кетіп, жеке және қоғамдық тұтынысқа түседі (енеді) немесе өндіріс саласына инвестициялық тауарлар (машина, ірі жабдықтар және т.б.) ретінде қайтады.

Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) есеп-шотын есептеудің мақсаты мынада:
а) қоғам экономикасының жай-күйін бақылау;
ә) экономикалық циклдың ағымдық фазасын анықтау;
б) мемлекеттік саясатты қалыптастыру. Жалпы ұлттық өнім (ЖҰӨ) БҰҰ-ның методологиясы бойынша статистикалық органдар есептейді және халықаралық салыстырулар үшін қолданылады. ЖҰӨ өзіне мыналарды: негізгі өндірістік және өндірістік емес қорлардың(с1) амортизациясын (тозуын), материалдық өндіріс саласының таза өнімін (v+m)және сыртқы экономикалық қызмет бойынша табысты (m)- енгізеді:

ЖҰӨ= c1+ (v+ m)+ m
ЖҰӨ- нің көмегімен еліміздің экономикалық даму деңгейі мен пропорциясын шет елдермен тікелей салыстыруға мүмкіндік туды. ТМД елдері мен Қазақстанда ЖҰӨ-ні экономикалық есептеу тәжірибесі 1988-ші жылы енгізбейді., сөйтіп ол қосымша жинақталған көрсеткіштерге (жиынтық қоғамдық өнім, ұлттық табыс және т.б.) қосылды.
Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) жиынтық қоғамдық өнімнен (ЖҚӨ) айырмашылығы сол, ол еңбек заты мен жартылай фабрикаттар құнының қайталанған есеп-шотын ендірмейді. Қайталанған есеп-шоттың енбеуін қосарланған құн көрсеткіші қамтамасыз етеді. Ол дегеніміз кәсіпорынның жалпы табысы және оның шикізат пен материалға кеткен шығындары арасындағы айырмасын көрсетеді.

Халықаралық статистикада ЖҰӨ - ді өлшеудің негізінен екі тәсілі қолданылады:

1. Шығын немесе өндіріс бойынша;
2. Табыс немесе түсім бойынша.

Екі тәсілден бірдей болып бағаланады. Есеп - шоттың дәлдігіне қарай соңғысын ерекшелеуге болады.
ЖҰӨ шығындар бойынша осы жылғы тауар мен қызмет көрсетуді сатып алу шығындары көлемі ретінде анықтайды.
ЖҰӨ шығындар бойынша мынаған тең:

GNP= C+ I+ Y+ X

Мұндағы: GNP- жалпы ұлттық табыс,
С- тұтыну шығындары,
G- тауар мен қызмет көрсетуді мемлекеттік сатып алу,
I- жалпы инвестициялар,
X- тауар мен қызмет көрсетуді таза экспорттау.

ЖҰӨ табыстар бойынша осы жылғы өндірілген тауардың ақшалай табысы және қызмет көрсетуді ұсыну ретінде анықталады.
ЖҰӨ табыстар бойынша мынаған тең:

Y= W+ R + i+ P

Мұндағы Y- жалпы ұлттық өнім,
W-жалдамалы жұмысшының жалақасы,
P –фирма мен корпорацияның пайдасы,
R-ренталық төлемдер,
i-қарыз капиталына пайыз (%)

ЖҰӨ- ді номиналды және нақты деп айырады. Номиналды ЖҰӨ фактілік немесе ағымдағы бағамен өлшенеді, ал нақты ЖҰӨ көрсеткіші инфляция немесе дефляцияны (номиналды ЖҰӨ инфляция әсерінен тазарады,яғни баға индексін қолдану қажет) есептеумен анықталады.
Номиналды ЖҰӨН ақты ЖҰӨ = Баға индексі
Номиналды ЖҰӨ = нақты ЖҰӨ х ЖҰӨ дефляторы.
ЖҰӨ 90-шы жылдардың басында АҚШ-та ағымдағы бағада 5570 млрд. долл.құрады, ал тұрақты бағада (1982ж.) – 4154 млрд.долл. болды Баршаға белгілі жай, егер ЖҰӨ-нің жыл сайынғы нақты өсімі 4%-дан аса, онда экономиканың жағдайын дұрыс деп санауға болады, ал ЖҰӨ- нің нақты өсімі4%-дан аз болса, онда дабыл қағуға болады: бұл кезде өндіріс құлдырап,жұмыссыздық өсіп, экономика тұрақсыздыққа ұшырайды. Ж Ұ Ө дефляторы = номиналды ЖҰӨ
ЖҰӨ дефляторының көмегімен өндірістің нақты көлемі баға динамикасында инфляциялық немесе дефляторлық іс-әрекет үрдісі элиминацияланады.
Тауар мен қызмет көрсету орташа баға пайызының өзгеруін - баға индексі дейміз. Индексті белгілеуді бастаған жылды базистік жыл дейміз. Базистік жылда әрбір баға индекс белгіленеді. Әр түрлі тауардың баға индекстері жинақталып тауар санына бөлінеді. Базистік жылдың баға индексі ылғи да 100-ге тең болады

 

 

5.Ел экономикасының даму деңгейін салалық құрылымы, негізгі өнімдерді өндіру және тұтыну бойынша анықтау

 

Әлемдік экономикада экономиканың құрылымдық элементтерін құруда ұлттық есеп жүйесінің (ҰЕЖ) құрамдық бөлшегі болып табылатын экономикалық қызметтің барлық түрлері мен халықаралық стандартты жұмыс классификациясы негіз болып табылады. ҰЕЖ\да классификацияның екі түрі сала және сектор б\ша қолданылады. Сала бойынша топтастыру экономиканың салалық құрылымын сипаттауды, әр саланың ЖІӨ\ді құрауда өз үлесін қосуға, салааралық байланыстар мен пропорцияларды анықтауды қамьамасыз етеді. Экономика секторы б\ша топтастыру табыстарды бөлу мен қайта бөлу, инвестицияларды қаржыландыру саласындағы үдерістерді саралауға мүмкіндік береді.

Салааралық баланстарды құруда өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс, сауда, транспорт пен байланыс, қызмет көрсету салалары негізгі салалар болып табылады. Экономиканың әрбір саласы іріленген өнеркәсіп салаларына жіктеледі. Әр іріленген салаға біркелкі бірақ белгілі бір өнімге маманданған сала жатады.

Өнеркәсіп – жалпы ішкі өнім мен ұлттық табыстың жартысы өндірілетін материалды өндірістің басты саласы. Мысалы, заманауи жағдайда, дамыған елдерде өнеркәсіптің үлесі ЖІӨ\нің 40% құрайды. Өнеркәсіптің баст рөлі оның жетістіктерінен қоғамның жоғары сапалы өніммен қанағаттандырылуы, өндірістің техникалық жабдықталуы мен үздіксіздігімен түсіндіріледі.

Дамыған елдер экономикасында постиндустриялды даму кезеңінде қызмет көрсету саласы айтарлықтай өсіп, материалды өндіріс үлесі азайды. Бұл елдердің ЖІӨ құрылымында 60–90жж. ауыл шаруш.үлесі төмендеді ( 6,5% дан 1960 ж. 4,2% ға дейін 1980 ж., 3% 1995 ж.). аталған ұзақмерзіміді бағытпен бірге ауыл шаруаш.қызметтері көптеген өнеркәсіп пен қызмет көресту саласына ауысты. Сонымен бірге ауыл.шаруш., өнеркәсіп пен сауданың жаңа өнеркәсіптік байланыс болып табылатын агроөнеркәсіптік кешенге интеграциялануы жүріп жатыр.

Өнеркәсібі дамыған бірқатар елдер ЖІӨ құрылымы, %.

елдер жж Ауыл.шаруаш өнеркәсіп Қызмет көрсету
АҚШ
Япония
Германия
Франция

Әлемдік экспорттық дақыл ресурсы жыл сайын шамамен 200 млн.т (10–11% жалпы жиыннан), соның ішінде бидай 90–100 млн. т, жүгері60–70 млн. т, күріш 15–20 млн. бидайдың басты экспортерлері АҚШ, Канада, Франция, Австралия мен Аргентина; жүгері АҚШ. Бидайдың ірі импортерлері Китай, Япония, Бразилия, Египет. Күрішті экспорттау б\ша Таиланд, АҚШ, Вьетнам, Мьянма, Пакистан; импортерлері Индонезия, Бангладеш, Иран, КНДР, Саудовская Аравия, Бразилия.

Сиыр етінің экспортерлері Австралия, Бразилия, Нидерланды, Канада, АҚШ. Қой еті Австралия мен Жаңа Зеландия; құс еті АҚШ, Франция, Бразилия. Ірі импортерлер АҚШ, Канада мен ЕО елдері. Сүт өнімдерінің әлемдік саудасы жыл сайын 11 млн. ірімшік экспортерлері Нидерланды, Ирландия, Дания и Фран­ция, май экспортерлері Новая Зеландия, Нидерланды, Ирландия. Ең ірі импортер Ресей.

Отын-энергетикалық кешен б\ша ЕО мүше-мемлекеттерінің басым көпшілігі қажеттіліктерінің 50% шетелдік энергия көздері есебінен қамтамасыз етеді. Кипр, Мальта сияқты елдер 100%, Люксембург, Ирландия, Италия, Португалия 90% ендірілетін мұнай мен газ көлемінен тәуелді. ЕО энергетикалық тәуелділігінің орта көрсеткіші 54% құрайды. Бұл көрсеткіш өсу тенденциясына ие. 20 жылдан кейін ЕО-да энерготасымалдаушыларға деген сұраныс тағы 35-40% өсуі мүмкін [259]. Бүгінгі таңда ЕО нарықтық конъюнктурадан, геосаяси факторлардан, транзитті және өндіруші елдердегі саяси тұрақтылықтан тәуелділігі айғақ. Шикі мұнай мен табиғи газдың ең маңызды жабдықтаушысы Ресей (33 % мұнай импорты, 40% газ импорты) және Норвегия (16% және 23% сәйкесінше) болып табылады. ХЭА, Еуробарометр, Еуростат пен ғылыми әдебиеттердің статистикалық мәліметтерінің сараптамалары бойынша елдер келесідей топтастырылады: 1) дамыған энергетикалық инфрақұрылымы бар, мұнай-газ импортының басты тұтынушылары саналатын ЕО мүше-мемлекеттері; 2) энергетикалық тұрғыда өзін-өзі қамтамасыз етуге, экспорттауға және өзіндік ішкі қамтамасыз етуші энергетикалық көздерді жетілдіруге қабілетті елдер; 3) таяуда ЕО-ға мүше болған елдер. Бірақ бұл елдер энерготасымалдаушыларды елге енгізу мүмкіндіктері мен жеткілікті ресурстарға ие емес. Бірінші топқа Германия, Франция, Италия, Португалия, Испания, Греция және т.б. елдер кіреді. Екінші топқа Ұлыбритания, Дания, Нидерланды, ЕО мүшесі болып табылмайтын, бірақ ЕО ортақ экономикалық кеңістік мүшесі болатын Норвегия жатады. Үшінші топ елдері қызығушылық танытады, себебі олар энергетикалық саясаттың қазіргі жағдайына едәуір ықпал етеді. Оған бұрын Мәскеудің басқармасында әрекет еткен ЭӨК (Экономикалық Өзара көмек Кеңесі) құрамында социалистік елдер болған Польша, Чехия, Словения, Венгрия, Румыния, Болгария елдері.

Қызмет көрсету саласының дамуы б\ша елдерді үш топқа жіктеуге болады. Бірінші топқа қызмет көрсету саласы дамыған постиндустриалды типті экономикас бар елдержатады. Орта дамыған елдерге Оңтүстік шығыс Азия мен Латын Америкасының жаңа индустриалды елдері кіреді. Дамушы елдердің басым бөлігі қызмет көрсету саласы нашар дамыған елдерге жатады.

Әлемдік нарқта дамыған елдер басымдылыққа ие. Оларға бүкіл әлемдік экспорттың 70% ж\е соншама импорттың үлесі тиесілі. АҚШ\қа бүкіл әлемдік қызмет көрсету экспортының 18% келеді. Дамп келе жатқан елдердің үлесі де артып келеді: Оңтүстік Корея инженерлік кеңес берушілік ж\е құрылыс, Мексика туристік. Өтпелі экономикасы бар елдер үлесі 4%, соның ішінде Ресей 1%.

 

 

6. Елдерді өнеркәсібі дамыған, дамушы және өтпелі экономикалы елдерге бөлінуі

 

Әлем елдерін көптеген экономикалық көрсеткіштер бойынша саралауға болады. Р.Бар ұлттық экономика құрылымдарын ХЭҚға әсер ететін торт критерий ін ұсынады: даму деңгейі, халық шаруашылығы құрылымы, оның ұйымдасуы, экономикалық қуаттылығы.Экономиканы сипаттайтын көрсеткіштер өте көп.Алайда бірқатар критерийлерді қолдану арқылы топтастыруға болады:

ЖІӨ не ЖҰӨ мөлшері

Жан басына шаққандағы кңрңс мөлшері

Ұлттық экономиканың құрылымы бойынша

Елдің импорт пен экспорт мөлшері

Халықтың өмір сүру сапасы мен деңгейі және т.б.

Жалпы экономикалық дамуы ол тарихи ұғым. Нарықтық экономикалы өндірістік дамыған елдер 1,2млрд адам ( әлем халқының 23%) халқымен. Оларда әлемнің ЖІӨ 70% ,әлемдік өнеркісіп өндірісінің 70-75% шоғырланған. Осы елдердің ерекшеліктері кірісті дұрыс ұйымдастыру, территорияларын меңгеру, экономикаға әлеуметтік бағытталу, ғылымға көп капитал салу,т.б.Әлемдік саясат пен экономикадағы орны бойынша елдер үшке бөлінеді: А) «үлкен жетілік» : АҚШ, Германия, Франция, Ұлыбритания, Италия, Канада. В) әлеуметтік экономикалық дамуы жоғары елдер: Австрия, Бельгия, Дания, Нидерланды, Швеция. С) «қоныс аударушы капитализм» елдері: Австралия, ОАР, Израиль. Дамушы елдер Азия, Африка, Латын Америкасы елдері жатады.Экономикасы аграрлы минералды шикізат тай дамыған, ішкі нарығының шектеулілігімен ерекшеленеді.Дамушы елдерді бес топқа бөлуге болады: А) Экономикасы біршама жоғарырақ елдер Латын Америкасында (Аргентина, Бразилия, Венесуэла, Мексика, Уругвай) және Азияда ( Сингапур, Оңтүстік Корея).В) көп мөлшерде ресурс бар мұнай экспорттаушы елдер:Катар, Кувейт, Бахрейн,Сауд Арабиясы, Ливия, БАЭ, Ирак). С) Экономикалық орта дамушы және ЖІӨ орта мөлшерде ( бір мың долл.) елдер: Колумбия, Гватемала, Парагвай, Тунис,т.б. Д) Үлкен территориялы және халқы көп, шетел капитал салымы жоғары, ЖІӨ төмен (300 долл.) елдер: Индия, Пакистан, Индонезия.Е) Даму деңгейі төмен, теңізбен шектеспейтін, экономикада ауыл шаруашылығының орны басым елдер: Ауғанстан, Бангладеш,Бенин, Сомали, Чад,т.б.) Экономикалық дамуы жағынан және ЖІӨ көлемі жағынан елдерді бөлсек, Барлық елдердің жан басына шаққандағы ЖІӨ 7500; дамыған елдер 27400; өтпелі экономикалы елдер 8600; дамушы елдер 3500; Солт Африка, Таяу және Орта Шығыс елдері 4800; Сахараның оңт елдер 1300 ( 2004ж көрсеткіш б ша). Қазіргі кеде әлем елдерінің тағы бір жіктелу түрі: А) І әлем елдері−дамыған капиталистік елдер− құрамында 30-дан аса ел бар, әлеуметтік экономикалық дамуы жоғары,әлемдік экономика мен саясатта жетекші орындағы елдер; В) ІІ әлем елдері−коммунистік идеологияға сүйенген елдер –орталықтанған экономикаға негізделген, әлемде социалистік жүйені құрайды; С) ІІІ әлем елдері−ұлт азаттық соғыс, отарлық жүйенің ыдырауы негізінде өз тәуелсіздіктерін алған, әлем халқының 52%, аумақтың 50% тиесілі 160 жуық ел

 

7. Әлеуметтік-экономикалық деңгейі бойынша елдердің арасындағы алшақтық: түсінігі және көрсеткіштері

 

Әлеуметтік-экономикалық деңгейі бойынша елдердің арасындағы алшақтық бүкіл адамзат тарихиның барыы б\ша байқалып келеді. Бес мың жыл бұрын қазіргі Қазақстан территориясын мекендеушілер негізінен аңшылықпен айналыса, ол кезде Шумер мен Египет мекендеушілері жер жыртып, дамыған мал шаруашлығымен айналысты, еңбек ету құралдарының түр түрі болып, жазу пайда болды. Осы өркениетті мұра ткен Грекия мен Рим, ежелгі Вавилон, Иран, Қытай, Үндістанда басқа аймақтарға қарағанда жоғары Әлеуметтік-экономикалық даму байқалды. Орта ғасырларда Қытайдың даму деңгейі Еуропа мен Ресейдің деңгейінен асып түсті. Қазіргі кезде шамамен отыз дамыған ел әлеуметтік-экономикалық даму деңгейі б\аш қалған жұз елуден аса мемлекеттерді артта қалдырды. Осылайша, Әлеуметтік-экономикалық деңгейі б\ша алшақтық дамыған ж\е қалған елдер арасындағы айырмашылық (дегенмен, дамыған елдер арасында да мұндай айырмашылық байқалады АҚШ пен Грекия ЖІӨ б\ша айырм.екі есе). Елдер арасындағы Әлеуметтік экономикалық дамудағы алшақтық болашақта да көрініс табуы мүмкін. Егер де әлі күнге дейін орта ж\е ірі елдердің өзінде облыстар, штаттар, жерлер арасындағы орын алып келсе, онда мемлекеттер арасындағы мұндай алшақтық сөзсіз жалғасады.

Елдер арасындағы даму деңгейіндегі алшақтықтың көрсеткіштері ППС б\ша ЖІӨ\ЖҰӨ көлемі адам басына шаққандағы айырмашылықпен есептелінеді.
2004 ж. орта әлемдік ЖҰӨ адам басына шаққанда – $6 280. 55 елдегі көшбасшыларда – $32 040, ал басқа елдер үшін орта есеппен – $1 460.

Көшбасшы елдер қалған әлемді 22 есеге асып түсті. ППС б\ша сайтын болсақ, орта көрсеткіш $8 760, көшбасшы елдерде - $30 970, қалған елдерде - $4630, онда айырмашылық 7 есеге дейін азаяды. АДИ б\ша Норвегия мен Малави айырмашылығы – 3,5есе. ППс б\ша ЖҰӨ адам басына шаққанда Люксембург (62 тыс.долл) пен Малави (620 долл.) – 10 есе. Бір жағынан, ежелгіде ж\е орта ғасырда дамыған елдің бірі Үндістан қазіргі кезде нашар дамыған елдер қатарына кіреді. Екінші жағынан, Солт. Америка, Австралия, Жаңа Зеландия бірнеше жүзжылдықтар бұрын әлемнің ең артта қалған аймақтар болып, қазір алдыңғы қатарлы елдер саналады. Артта қалғаннан алдыңғы қатарлы елге айналу қазір қарқынды темппен жүріп жатыр. Артта қалушылықты жеңуде әр елдің жетістігі әр түрлі:
Жапония (70-100 жыл 60-шы жж. XIX ғ. 30-шы ж\е 60-шы жж. XX ғ), Оңтүстік Корея ХХғ 50-90жж. 40-50 ж. Қытай мен Үндістан, Жаңа индустриялды азиялық экономикалар жетістікке жетті. Онша дамымаған елдер (көбіне Африка елдері), Аргентина (сәтсіз социалисттік экономика мен соғыстан кеййінгі ж. елдегі тұрақсыздық) сәтсіздікке ұшырады.

Осылайша, осыдан екі жүз жыл бұрынғы әлсіз әлеум

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.