Бауырда қан ағыны үшін келергі пайда болғанда (цирроз)
қақва венасы жүйесінен айналма жол ретінде қан ағу үшін
маңызы бар портокавалды және кавокавалды анастамоздар
пайда болады. Каво-кавалды анастамоздар бұл жұлын
омырқа каналында орналасқан.Мұндай кезде кіндік айналасындағы веналар кеңейіп өзіне тін түрге ие болады («медузаның басы»).Артқы жағында,бел аймағында,тоқ ішектің мезоперитонеалды бөлімдер веналары ( қақпа венасы жүйесінен ) мен қабырғақасылық-vv.lumbales (v.cava inferior жүйесінен ) түбірлері арасында.
Сонымен қатар артқы құрсақ қабырғасында v.lumbales түбірлері (v. cava inferior жүйесінен) мен v. lumbalis ascendens арасында кавокавалды анастамоз бар.V. lumbalis оң жағында сыңар венаға,сол жағында жартылай сыңар венаға жалғасады,ал олар v.cava superior-ға барып құйылады.Vv. lumbales және мойын аймағында жоғарғы қуыс венаның түбірлері болып табылатын омыртқааралық веналар арасындағыкавокавалды анастамоз.
Кеңірдек: құрылысы, топографиясы, қызметі.
Топографиясы: Кеңірдек топографиялық орналасуна байланысты мойындық және кеуделік бөліктерге бөлінеді. Кеңірдектің мойындық бөлігінің, pars cervicalis, алд беті қалқанша безбен glandulae thyroidea,және тіл асты сүйегінен төмен орналасқан б.е мен шектелген, бүйір беті жалпы ұйқы артериямен, a. carotis communis, ішкі мойындырық венамен, v. jugularis interna, және кезбе нервпен n.vagus, артқы беті өңешпен шектелген. Кеңірдектің кеуделік бөлігінің, pars thoracica, алд беті қолқа доғасымен, arcus aortae, айырша безбен, thymus, артқы беті өңештің кеуделік бөлігімен, бүйір капталы оң және сол жақ көкірек аралық өкпеқаппен шектеледі.
Құрылысы: Кеңірдектің қабырғасы талшықты дәнекер тінді сақиналы байламдар ligg. annularia, арқылы өзара байланысқан 16-20 дай жартылай сақиналы шеміршектерден тұрады. Кеңірдек шеміршектерінің артқы беті жалпақтау келген жарғақтар, pars membranaceus арқылы байланысқан.Кеңірдек жарғағының терең қабаты дәнекер тіннен және бойлық және көлденең орналасқан бірыңғай салалы б.е талшықтарынан тұрады. Кеңірдектің ішкі беті, шырышты қабық, шырышты бездер, gl.tracheales, мен лимфа түйіндеріне өте бай, кірпікшелі эпителиймен қапталған. Сыртқы беті дәнекер тінмен, tunica adventitia көмкерілген
Қызметі:Өңешке кеңірдектің артқы жұмсақ қабырғасы жанасып, астың өңешпен еркін жылжуына мүмкіндік береді.
Кеуде түтігі,ductus thoracicus, ұзындығы 30-41 см оң жақ және бел сабауларының, tractus lumbales dexter et sinister, қосылуынан басталады. Кеуде түтігінің басталу деңгейі 11 кеуде және 2 бел омыртқалар арасында ауытқып отырады. басталатын жерінде буылтығы-цистернасы, cisterna chyli, болады. Іш қуысында пайда болған кеуде түтігіқолқа тесігі арқылы кеуде қуысына өтіп, сол жерде жиырылу арқылы лимфаның түтікпен жылжуына жәрдемдесетін көкеттің оң жақ аяқшасымен бітісіп өседі.
- Артқыкөкірекаралық, medіastіnumposterіus, перикард пен омыртқабағанасыныңортасындаорналасады, ондатөмендеушіқолқаныңкөкірекбөлігі, сыңарсыз вена, өңештіңортаңғыжәнетөменгібөліктері, көкірек лимфа түтігі, кезбежүйкелері мен симпатикалықсабаулар, артқыкөкірекаралықтықжәнеомыртқаалды лимфа түйіндеріорналасады.
Көкірек қуысының қабырғасының құрылысы.
Көкірекаралық, mediastinum, алд –төспен, артынан-омыртқа жотасының кеуде бөлігімен, бүйірінен- оң және сол көкірекаралық өкпеқаппен шектеледі.
Көкірек аралық бөліктер: Жоғарғы көкірек орталығында- кеңірдек, иық-бас вена, тимус, қолқа доғасы,өңеш орн. Ортаңғы көкірек орталығында- жүрек, қолқаның жоғарылаған бөлігі, өкпелік сабау, өкпелік вена, көкеттік нервтер орн. Артқы көкірек орталығында-өңеш пен кезбе нервтер,қолқаның тқмендеген бөлігі, көкірек түтігі орн. Алдыңғы көкірек орталығында- сабау, кіші тамырлар,жас баланың байланыстырушы немесе жасушасы мен айырша без орн.
Көкбауыр.,lien,splen –қанайналым және лимфа жүйесі органы,сол қабырғаның асиында диафрагма мен асқазан аралығында орналасқан, Көкбауырдың ұзындығы 12см,ені 7-8 см,қалыңдығы 3-4 см,салмвғы 150-200 гр,түсі қоңыр қызыл , консистенциясы жұмсәқ Көкбауырдың 2 бетін ажыратады facies diafragmatika facies visceralis Көкбауырдың 2 жиегін margo inferior. margo superior Төменгі және жоғарғы жағы extremitas anterior.extremitas posterior Көкбауыр cол қолтықасты сызықта 9-11 қабырғалар арасында орналасқан Көкбауырдың ішкі бөлігінде оның ұзындығының 2/3 құрайтын Көкбауырдың қақапасы орналасқан,hilus renalis. Көкбауырдыңпаренхимасына қан тамыр және жүйкелердің кіріпшығуорныКөкбауырдың құрылысыКөкбауыр серозды қабық және дәнекер тінді талшықты қбықпен қапталған—tunica serosa tunica fibrosa
Куперов безі қызметі топографиясы
Буылтық несеп шығаратын өзек безі glandula bulbourethralis қос муше еркек несеп шығаратын өзек қабырғасын несептік тітіркінуден қорғайды сұйық бөледі. Несеп шығаратын өзектің жарғақты бөлігінің артында орналасқан.Дөңгелек сарғыш түсті бір бірінің ара қашықтығы 0.6см.Ұзын жіңішке түтіктері бар олар буылтықты тесип отип несеп шығаратын өзекке ашылады
Несепағар құрылысы.Несепағар қабырғасы түбек пен тостағанша сияқты үш қабықтан тұрады;сыртқы-дәнекер тіннен,tunica adventitia, ішкі-шырыш бездері бар ауыспалы эпителимен жабылған tunica mucosa : tunica adventitia мен tunica mucosa арасында tunica muscularis орналасады.Соңғы қабық 2қабаттан(ішкі бйлық ж/е сыртқы көлденең )тұрады, олар несеп қуық бұлшықетімен байланыспаған ж/е несептің қуықтан несепағара керіағуына кедергі жасайды. Несепағардың несепқуыққа құяр жерінде 3ші сыртқы бойлық бұлшыкеттер кабаты бар,ол несепқуық бұлшықетімен тығыз байланыскан ж/е несептің қуыққа ағып келуіне қатысады. Несенағар рентгенограммада бүйректен несепқуыққа келетін ұзын ж/е жіғішке көлеңке тәрізді.Оның контуралары айқын әрі тегіс.Несепағар 2 сагитальді ж/е фронтальді жазықтықтарда иілім түзеді.фронтальді жазықтықтың иілімдерінің практикалық маңызы бар . Кейде несепағар бел бөлігіне түзу келеді.Жамбас астау бөлігіндегі иілім тұрақты болады.Жоғарыда сипатталған анатомиялық тарылған жерлерден баска несепағар бойында перистальтика кезінде пайда болып,жоғалып кететін біркатар физиологиялық тарылатын жерлер байқалады
Несепағар,топографиясы,қызметі
Несепағар. ureter – ұзындығы 30см ге жуық түтік .Диаметрі 4-7 мм.несепағар түбектен тікелей ішастардың артқы жағымен төмен және медиалды жүріп,кіші жамбас астауға,сол жерден несеп қуық түбіне келіп, оны қиғаш бағытта тесіп өтеді.Несепағарда pars abdominalis-linea terminalis арқылы,оның кіші жамбас астау қуысына иілетін жеріне дейін және pars pelvina-осы соңғыдағыны ажыратады.Несепағардың қуысы барлық жерде бірдей емес,мынадай тарылатын жерлері бар:1)түбектің несепағарға ауысатын жерінде;2)partes abdominalis және pelvina аралық шекарасында;3)pars pelvina бойында және 4)несеп қуық қабырғасы қасында.Әйелдер несепағар еркектердің несепағарына караганда 2-3см қысқа ж/е оның төменгі бөлігінің ағзаларға қатынасы басқаша.Әйел жамбас астауы қуысында несепағар анабездің бос жиегі бойымен жүріп ,содан соң жатырдың жалпақ байламының негізінде жатыр мойынынан латералды жайғасып,кынап пен несепқуық аралығына өтіп,оның қабырғасын еркектердегі сияқты киғаш бағытта тесіп өтеді.
Несепқуықтың құрылысы.
Vesica urinaria seu cystis.Дара қуыс мүше,несептің жиналатын орны.Ересек адамдарда несепқуықтың сыйымдылығы 500-700 мл.Н.Қ пішіні мен көлемі несептің жиналуына байланысты өзгермелі келеді. Н.Қ ұшы алдыңғы жоғарғы бөлігі, алдыңғы іш қабырғасынабағытталған.Н.Қ ұшынан кіндікке фиброзды жіп орталық кіндік байламы –lig, umbilicale medianum , тартылған.Қуық ушы кеңейіп қуық денесіне corpus vesicae деп аталады. Қуық денесі арта төмен бағытталып, қуық түбіне fundus vesicae жалғасады. Н.Қ төменгі бөлігі құйғыш тәрізді тарылып, несеп шығаратын өзекке жалғасады.Осы бөлік қуық мойны cervix vesicae деп аталады. Н.Қ мойнының төменгі бөлігінде несеп шығаратын өзек тесігі ostium urethrae internum орналасқан.Н.қуық қабырғасының құрылысы: 1) Шырышты қабығының ішкі беті қызыл сұрғылт түсті, шырышасты негізінің жақсы дамуына байланысты бос кезінде қатпарлар түзеді, толған кезде қатпарлар жазылады. Несепқуық түбінің алдыңғы бқлігінің шырышты қабығында несеп шығаратын өзектің ішкі тесігі, н.қ үшбұрышының артқа шекарасының жиегінде 2 несепағар тесіктері ostium uretrus орналасқан.Н.Қ үшбұрышының негізінде шырышты қабықтың несепағарлық қатпары, plica өтеді.2)Шырышасты негізі,tela submucosa, несепқуық қабырғасында жақсы дамыған.Соның нәтижесінде шырышты қабық қатпарларға жинала алады.Н.Қ үшбұрышында шырышасты негізі жоқ. 3)Бұлшықеттік қабығы tunica muscularis, біріңғай салалы 3 қабаттан тұрады.Сыртқы –ішкі қабаты бойлық, ортаңғысы-дөңгелек(циркулярлы)қабат. Қуықтың мойны аймағында және несеп шығарғыш өзектің ішкі тесігі тұсында ортаңғы қабат жақсы дамып, қуық қысқыш бұлшықетін m.sphincter vesicae, құрайды.. 4)Қуықтың сыртқы бетінде сірлі бетінде сірлі қабық жоқ жерде,оның сыртқы қабығы адвентиция
Несепқуық топографиясы мен қызметі: Топографиясы:vesica urinariaдара қуыс мүше, несептің жиналатын орны.Кіші жамбас қуысында, симфиздің артында орналасқан. Н.Қ алдыңғы беті қасаға симфизіне қараған, одан қасаға артқы кеңістігінде орналасқан майлы қатпармен шектелген..Ерлерде н.қ артқы беті тік ішекпен, шәует қуықшаларымен ж/е шәует шығаратын түтік ампуласымен, ал түбі қуық асты безбен шектеседі. Әйелдерде н.қ артқы беті жатыр мойнының алдыңғы қабырғасымен және қынаппен, ал түбі несеп жыныс диафрагмасымен шектеседі. Әйелдер мен ерлерде несепқуықтың бүйір беттері артқы өтісті көтеретін бұлшықетпен шектеледі. Ерлерде н.қ жоғарғы бетінде жіңішке ішек ілмектері , ал әйелдерде жатыр орналасқан. Н:Қ несепке толған кезде ішастармен үш жағынан, мезоперитонеалды, ал босаған кезде ретроперитонеалды жабылады.Ішастар несепқуықты жоғарыдан, бүйірінен, артынан жауып, ерлерде тік ішекке, әйелдерде жатырға өтеді.
Несеп шығаратын өзектің топографиясы мен қызметі: Еркек несеп шығаратын өзегі: uretra masculine-түтік пішінді тақ мүше.Диаметрі 0,5-0,7 см, ұз/ғы 16-22см.Ол қуық асты безінен, несеп жыныс көкетіне және еркек жыныс мүшесінің кеуекті денесінен өтеді.Еркек несеп шығаратын өзегін топографиялық орналасуына байланысты 3бөлікке:қуықасты,жарғақты және кеуекті, қозғалмалы болуына байланысты-қозғалмайтын және қозғалмалы (фиксацияланған) бөліктерге бөледі.Қуықасты бөлігі: pars prostatica ұз/ғы 3 см бһвертикальды бағытта қуықасты безден өтеді. Еркек несеп шығаратын өзектің қуысы қуықасты бөлігінің орбаңғы бөлімінде кеңейген.Несеп шығаратын өзектің қуықасты бөлігінің артқы қабырғасында –несеп шығаратын өзек қыры- crista urethralis орналасқан.Бұл қырдың ең шығыңқы бөлігі-шәует төбешігі colliculus seminalis, оның ұшында ұңғыл қуықасты жатыршасы utriculus prostaticus орналасқан. Қуық асты жатыршасының жан-жағында шәует жіберетін түтіктің тесігі ашылады. Шәует төбешігінің айналасында қуық астыбездің шығару түтіктерінің тесіктері орналасқан.Жарғақты бөлігі pars membranaceaқуықасты без ұшынан жыныс мүшесінің буылтығына дейінгі аралықта орналасқан. Бұл бөлігі қысқа және өте тар.Несеп шығаратын өзектің жарғақты бөлігі несеп-жыныс көкетінен өткен жерінде несеп шығаратын өзектің қысқыш бұлшықетін m.sphincter urethrae құрайтын қөлденең жолақты бұлшықет талшықтарымен қоршалған.Кеуекті бөлігі pars sponginosaнесеп шығаратын өзектің ең ұзын бөлігі, жыныс мүшесінің кеуекті бөлігінің қалыңдығында орналасқан.Еркек несеп шығаратын өзектің соңғы бөлімі жыныс мүшесінің соңында орналасы, несеп шығаратын несеп шығаратын қзектің қайық тәрізді шұңқырын fossa navicularis urethrae түзіа қайтадан кеңейеді. Еркек несеп шығаратын өзегі жыныс мүшесінің басында өзінің сыртқы тесігімен аяқталады. Ол аз созылады, себебі өзек қабырғасыснда фиброзды-эластикалық сақина бар. Қызметі: Несеп шығаратын өзек несепті шығару және шәуетті лақтыру қызметін атқарады. Әйел несеп шығаратын өзегі:urethra feminine,-тақ мүше, қуықтан әйел несеп шығаратын сыртқы тесігімен ostium urethrae internum басталады да, қынап тесігімен жоғары және алға қарай ашылатын сыртқы тесікпен ostium urethrae externum аяқталады. Несеп шығ.н өзек ұз/ғы 2,5-3,5 см, диаметрі 8-12см, қысқа сәл иілген және төмпешігімен сыртқа қараған түтік.Өз жолында әйел несеп шығаратын өзегі қынаптың алдыңғы қабырғасымен бітісе өскен.Төмен бағыттала отырып, несеп шығаратын өзек қасаға симфизінің төменгі шетін астына айналып, несеп жыныс көкетін тесіп өтеді.
Несеп шығаратын өзек құрылысы
Еркек несеп шығ. өзек қабырғаларының құрылысы:
-ішкі шырышты қабығында өзек қуысына ашылатын көптеген мөлшерде бездер,gll. urethralis, орналасқан.Несеп шығ. өзектің кеуекті бөлігінінде ұсақ,тұйық аяқталатын ұңғылдар-шұңқыршақтар,lacuna urethrales,орналасқан.
-Шырышасты негізі мен бұлшықеттік қабығы,бойлық және дөңгелек қабатты бірыңғай салалы бұлшықетті жасушалардан құралған.
Еркек нес.шығ. өзек өз жолында S тәрізді иіліп,тарылу кездеседі:
-еркек нес.шығ. өзектің ішкі тесігі аймағында
-несеп жыныс көкетінен өткен жерінде
-еркек нес.шығ. өзектің сыртқы тесігі аймағында
Еркек нес.шығ. өзектің кеңею жерлері:-қуысасты без бөлігінде;
Әйел нес.шығ.өзегінде бұлшықеттік және шырышты қабықтарды ажыратады.Шырышты қабық,tunica mucosa,беткейінде бойлық қатпарлар мен ұңғылдар,әйел нес.шығ.өзегінің бездері,gl.urethrales, орналасқан.Несеп шығ.өзектің артқы қабырғасындағы шырышты қабық жақсы дамыған,ол әйел нес.шығ.өзегінің қырына crista urethrales ұқсаған.Шырышты қабық сыртына қарай ішкі бойлық және сыртқы дөңгелек қабаттардан құралған бұлшықеттік қабық tunica muscularis орналасқан.Дөңгелек қабат қуықтың бұлшықеттік қабығы мен бітесіп,ішкі тесігіне еріксіз қысқыш құрайды.Төменгі бөлікте,несеп-жыныс көкеті арқылы өтетін жерде әйел нес.шығ.өзегі ерікті қысқыш m.sphincter құрайтын бұлшықет талшықтарының шоғырларымен қапталған.
Оң жақ лимфа түтігінің, ductus lymphaticus dexter ұзындығы 10-12 мм-ден артпайды және ол 3 бағанның:бас пен мойынның оң жақ аймағынан лимфа алатын, truncus jugulares dexter, оң қолдан лимфа әкелетін, truncus subclavius, кеуде торының оң жақ жартысының қабырғалары мен ағзаларынан және сол жақ өкпенің төменгі бөлігінен лимфа жинайтын truncus bronchomediastinales dexter-дің қосылуынан түзіледі. ОЛ оң жақ бұғанаасты венасына құяды.
Өкпе: құрылысы, топографиясы, қызметі.
Топографиясы: Өкпенің ұшы, apex pulmones, алд қарағанда бұғана сүйегінен 2см, бірінші қабырғадан 2-3см жоғары орналасса, артқы жағы VII мойын омыртқаның көлденең өсіндісіне тұспалас орналасқан.
Қызметі: Өкпенің негізгі қызметі – газ алмасу, (қанды оттегімен байытып, одан көмірқышқыл газын бөліп әкету)
Құрылысы:Өкпе- кеуде қуысында орналасқан шымыр, кеуекті жұп мүшелер. Оң жақ өкпе бөлікаралық жүлгелермен бөлінген үш бөліктен, ал сол жақ өкпе екі бөліктен тұрады. Өкпенің сыртқы дөңес бетін қабырғалар қоршайды, ал ішкі, ойыс, жүрек жақ бетінде өкпе қақпасы орналасқан. Өкпе қаңқасы арқылы негізгі бронхылар, өкпе артериялары, жүйкелер кіріп, веналар мен лимфа тамырлары шығады.Өкпенің сыртқы жұқа қабықшамен-екі жапырақшадан тұратын өкпеқаппен (плерва) жабылған. Өкпеқаптың сыртқы жапырақшасы кеуде қуысының ішін астарлайды, ал ішкі жапырақшасы бүкіл өкпені қаптайды. Жапырақшалар арасында аз мөлшерде өкпеқап қуысы бар. Сүйықтық өкпенің тыныс қозғалысы кезінде жапырақшалардың үйкелісін азайтады. Өкпеге кіретін бронхылар тармақталып, бронх ағашын түзеді, бронх бұтақшаларының ұшында альвеолалар-өкпе көпіршіктері болады.
Өкпе қапшығы.(pleura)өкпенің бетін жауып орналасқан тұйық сірлі қабық.Топограф-қ орналасуына байланысты париетальды өкпеқап(ө/қ) (pleura parietalis) және висцеральды ө/қ (pleura visceralis)ө/қ-тың париетальды және висцеральды бөліктерінің аралығындағы саңылау өкпеқап қуысы деп аталады.Өкпеқап күмбезі (cupula pleurae) алдыныа қарағанда 1 қабырғадан 3-4 см жоғ, арқа жағынан VII-мойын омырт қылқанды өсіндісіне сәйкес. Париетальді бөлігі топогр-қ орналасуына байланысты қабырғалық ө/қ (pleura costalis)көкеттік ө/қ -қа (p.diaphragmatica) көкірекаралық ө/қ -қа (p. mediastinalis).Екі ө/қ -тың жиегі ө/қ-тың күмбезі мен XII-қабырға басының аралығында орн.Ө-ң алд жиегі оң және сол жағында бірдей ,өкпенің ұшынан apex pulmonis,төмен медиальды бағытта өтіптөс-бұғана буынының артқы бетіне өтеді.Төменгі жиегі қабырғалық ө/қ-тың көкеттік ө/қ-қа жалғасқан н/е қыры болып саналады. Қызмет: Қорғаныштық,Лимфа тамырларына қарағанда қан тамырлары тым басым болатын висцералды жапырақша негізінен шығару қызметін атқарады.Ал париеталды жапырақша резорбция қызметін атқарады.
Өкпеқаптың қойнаулары
- m.vastusmedialisRecessus pleuralis париетальды және висцеральды өкпеқаптың аралығындағы қуыс.Екі өкпеқаптың төменгі бөлігінде ,қабырғалық өкпеқап пен көкеттік өкпеқаптың түйіскен жерінде орналасқан кең қабырға көкет қойнауы recessus costodiaphragmaticus.Қабырға-көкірекаралық қойнау recessus costomediastinalis,ол сол өкпенің алдыңғы жиегінің жүректік тілігінің бойында орналасқан.
Өңештің құрылысы топаграфиясы қызметі
Өңеш,esophagus, жұтқыншақ пен асқазанның аралығында алдынан артына қарай жабысып орналасқан, ұз. 25-30см түтіктәрізді мүше.Өңеш 6-мойын омыртқасынан басталып11-кеуде омыртқасынан бітеді.
Топографиясы: Мойындық бөлігі, pars cervicalis, ол VI-мойын омыртқа мен ІІ-кеуде омыртқасының арасында орналасқан.
Кеуделік бөлігінің жоғарғы 1/3кеңірдектің артында және солға таман жатады, оның алдында сол қайырылма нерв пен a.carotis communis, арт жағында омыртқа бағанасы, оң жағында-медиастиналды өкпеқап жанасып тұрады.
Құрсақтық бөлігінің, pars abdominalis, алдыңғы және бүйір беттері ішастармен жабылып орналасқан. Құрылысы: -шырышты қабығы,tunica mucosa,.шырышты қабық пен шырышасты негізінде өңеш бездері,glandulae esophageae,мен лимфа түйіндері болады.
-шырышасты негізі,tela submucosa,жақсы дамыған. -бұлшықеттік қабығы,tunica muscularis, сыртқы бойлық,stratum longitudinale,және дөңгелек,stratum circulare, қабаттан тұрады.
-сыртқы дәнекер тінді қабығы,tunica adventitia,өңешті сыртынан қоршайды
Қызметі:асқорыту жуйесіне қатысады.
26. өңештің қанмен қамтамасыз етілуі,жүйкеленуі.
Өңештің қанмен қамтамасыз етіліуі
Өңештің мойындық бөлігі төменгі қалқанша артериясының тармағы,a.thyroidea inferior, өңештік тармақтармен,кеуделік бөлігін кеуде қолқасының тармағы, өңештік тармақтармен,rr.esophagei, құрсақтық бөлігін сол асқазан артериясының тармағы өңештік тармақтармен қандандырылады.
Өңеш оң және сол кезбе нерв тармақтары және кеуде қолқа өрімімен нервтенеді.
Өт қапшығының құрлысы,топографиясы,қызметі. Өт қуық vesica fella – пішіні алмұрт тәрізді ,бауырдың өт қапшығы шұңқырында орн.өттің қоймасы болып саналады. 1-түбі fundus 2-денесі corpus 3-мойыны collum – 3,5см 4-түтігіductus cysticus , Өт қапшығының түтігі шұғыл иіліп бауыр түтігімен (ductus hepatic) бірігіп ductus choledochus – ты құрайды. ,Жалпы өт түтігі (ductus choledochus)-төм.бағытталып lig.hepatoduadenale-ң құрамына кіреді.Одан әрі 12 елі ішектің жоғ. бөлігінің атрқы бетін жанай өтіп ұйқы без басының тұсында ұйқы без түтігімен қосылады. Одан 12 елі ішек бүртігіне ашылады.(papilla duadeni maior) Көлемі 40-60см, ұз.-8-12см. Ені-30-50 мм. Қабырғаларының құрлысы. 1-Шырышты.2- Шырышасты. 3- БЕ. 4- Сыртқы дәнекер тінді. Сырты ішастармен 3 жағынан жабылған .Шырышты қабық беті-түтікшелермен қапталған, Шырышасты негіз- жаксы дамыған,өтқуық мойнында спираль қатпарларды құрайды.(plicae spirali) Өттің өту жолдары. Өт бауыр жасушаларының түзілуі--- ductuli biliferi---- ductuli interlobularis----сегменттік----зоналық----бөліктік түтікше----бауырдан шығады. Бауырдан шыққан соң бауырдың меншікті оң және сол өт түтікшелері қосылып ductus hepatis communis+ductus cysticus = ductus choledochus түзіп одан әрі 12 елі ішекке бағытталады. ҚАНМЕН ҚАМТАМАССЫЗ ЕТІЛУІ. A.cystika-a. Propria hepatic-тарм. ВЕНА лық қан аттас веналар арқылы қақпа венасына ағады. НЕРВ- Парасимпатикалық кезбе. Симпатикалық бауыр өрімі.
Сегізкөз өрімі,plexus sacralis,өрімдердің ішіндегі ең маңыздысы,4 және5 бел нерві алдыңғы тармақтарынан және сегізкөз алдыңғы тесіктерінен шыығатын төрт сегізкөз нервтерінің дәл осындай тармақтарынан құралады.Өрім нервтері бір-бірімен қосылып, foramen infrapiriforme арқылы жамбас астау қуысынан шығатын шонданай нервінің жуан сабауын түзеді.Сегізкөз өрімінен шығатын тармақтар қысқа және ұзын болып бөлінеді.Қысқа тармақтар аяқ-бел аймағын,ал ұзын тармақтар оның бел өрімі тармақтарымен жабдықталған бөлігін қоспағанда бүкіл аяқты нервтендіреді. Қысқа тармақтар:1.Rami musculares;2.N.gluteus superior;3. N.gluteus inferior;4. N.pudendus;Ұзын тармақтар:1.N.cutaneus femoris posterior;2.ischiadicus;3.N.peroneus communis.
Сегізкөз өрімі: ұзын тармақтары, нервтендіретін аймақтары.
Ұзын тармақтар: 1.N. cutaneousfemoris posterior жамбас астауынан шонданай нервімен бірге, төмен қарай m. gluteus maximus астымен санның артқы бетіне келеді. бөксенің төменгі бөлігі nn. clunium inferiors-тер мен бұтаралық терілеріне баратын rami perineales тармақшаларын береді. Санда артқы б.е бетінде орн, төмен қарай тақым шұнқырына жетіп, сан мен сирақтың артқы жағы терісінде таралатын көптеген тармақ береді.2. N.ischiadicus, шонданай нерві сегізкөз өрімінің тікелей жалғасы,m.piriformis төмен жамбас астауынан шығып, санның артқы бетінде,сирақ бүккіштерінің астымен түсед. тақым шұнкырында n.tibialis , n.peroneus communis тармақтарын береді,
Шонданай нерв тармақтары: 1Rami musculares- санның артқы б.е m.semitendinosus, m.semimembranosus, m.biceps femoris-тің ұзын басына, m.adductor magnus артына барады. 2 N. tibialis-тақым шұңқырында асықты жілік нерві ұзын тері тармағын n.cutaneus surae medialis береді. Ол сирақтың медиалды бетінің терісін және медиалды топ б.е, бақайдың лат. жағынан бастап, саусақтардың бір-біріне қараған жақтарының терісін және m.quadratus plantae-ні нервтендіреді. 3.N.peroneus communis- n.cutaneus dorsalis lateralis деген атпен аяқ ұшы үстінің лат. жиегімен жүріп,терісі мен бақайдың бүйір жағын және қысқа бақай жазғыштарын, I,II бақайлардың бір-біріне қараған бетінің терісін нерв-і.
1)Rami musculares m.piriformis(S1-S2),m.obturatorius internus, mm.gemelli және quadrtus femoris пен mm.levator ani et coccygeus бұлшықеттерін нервтендіреді.2)N.giuteus superior(L4,L5,S1),foramen suprapiriforme арқылы аттас артериямен бірге жамбас астауынан шығып,m.gluteus medius, m.gluteus minimus және m.tensor fascie latae-де таралады.3)N.giuteus inferior(L5,S1,S2),foramen infrapiriforme арқылы шығып,өзінің тармақтарымен m.gluteus maximus пен жамбас-сан буын қабын нервтендіреді.4)N.pudendus,жыныс нерві,(S1S4),foramen infrapiriforme арқылы шығып,foramen ischiadicus minus арқылы кері қарай жамбас астауына барады.Одан әрі n.pudendus аттас артериямен бірге fossa ischiorectalis-тің бүйір қабырғасымен өтеді.Соңғы тармақтар еннің артқы жағын nn.scrotales posteriorеs немесе үлкен жыныс ернінің nn.labiales posteriors терісін нервтендіреді. Қысқа тармақтар аяқ-бел аймағын нервтендіреді
Симпатикалық сабаудың кеуделік бөлімі қабырғалардың мойындарының алдында орналасып, алдыңғы жағынан өкпеқаппен бүркелген. ГОнық құрамына үшбұрыш пішінділеу келетін 10-12 түйін енеді. кеуде бөлімінің тармақтары: 1.nn.cardiaci thoracici. 2.rami communicantes grisei. 3.rami pulmonales. 4.rami aortici. 5. nn splanchnici major et minor.
Симпат-қ сабау: топ-сы, қыз-і. Қыз-і.Симп.сабау өзінің нег. қызм. жағынан трофикалық бол. таб. Ол тотығу үрдісін, қоректік зат-ң жұмсалуын, тыныс алуы, жүрек қызметін, бұлш.еттерге оттегінің келуін күшейтеді.Топографиясы.Екі симпат. саб-ң әрқайсысы мойын, кеуде, бел және сегізкөз деп а. 4бөл.б. 1.Мойын бөлімі бас сүйек негізінен І- қаб-ң басына дейін созылып, ұйқы арт-ң артқы жағында мойынның терең орн. 2.Кеуд.к бөлімі қабырғ.ң мойындарының алдында орн.п, алдыңғы жағ.н өкпеқаппен бүркелген. О-ң құрамына үшбұрыш пішінділеу келетін 10-12 түйін енеді. 3.Бел н-е іштік бөлімі.4 кейде 3 түйіннен тұрады. Симп. саб.р бел бөлімінде кеуде қуысындағыға қарағанда бір-біріне жақындау орн.дықтан, түйін-р бел омыртқ-ң алд. бүйір бетінде m. psoas major-дың медиалды болигин бойлай жатады 4 сегізкөз н-е жамбас астау бөлімінде әдетте 4түйін болады; сегізк-ң алд. бетінде сегізкөз тесік-ң медиалды жиегі бойында орн-н екі саб. Төмен түскен сайын біртіндеп бір-бірімен жақындасып, құйымшақ-ң алд. бет-де жататын бір ортақ сыңар түйінде, ganglion impar-да аяқт.
Сол жақ жалпы ұйқы арт, топог-тармақтары, қанмен жабдықталуы.
Art subclavia аорта доғасынан тікелей шығ тармақ, apertura superior арқ ылы кеуде куысынан шығып бұғана астсынан журіп 1 қаб аттас саласында жатады, 1 қаб сыртқы жиегінен бастап art axillaris ке айналады, тармақ* a.vertebralis, truncus tyrocervicalis, a.thoracica interna, truncus costacervicalis, a.transversa colli. 1 a.vertebralis-foramen magnum арқылы бас сүйекке енеді,өз жолындағы бұл еттерді,жұлынды,миды ұамтам етеді,2 truncus tyrocervicalis-қалқанша безге,кеңірдекке,өңешті қамт етеді,3 a.thoracica interna-3-12 қабырғааралықта sulcs costae-да жатып a.intercostalis anterior деген ат алып қабырғааралық бұл ет, өкпенің париеталды қабығын қамт етеді, 4 truncus costacervicalis-1-2 қабырғааралықты,мойынның арт бұл етн ж/ежұлынға тарм береді
Сыңар вена;топографиясы,салалары .V.azygos-сыңар вена мен v.hemiazygos-жартылай сыңар вена іш қуысында бел веналарын бойлық бағытта байланыстыратын белдің өрлеме веналарынан-vv.lumbales ascendens түзіледі.Олар m.psoas major артында жоғары жүріп ,көкет аяқшаларының б.ет шоғырлары арасында кеуде қуысына V.azygos –оң жақтағы n.splanchnicus-пен бірге,. v.hemiazygos сол жақтағы n.splanchnicus н.е симпатикалық сабаумен бірге өтеді. V.azygos кеуде қуысында өңештің артқы қабырғасына тығыз жанасып,омыртқа бағанасы оң бүйірін бойлай жоғары көтеріледі. IV-V кеуде омыртқа деңгейінде ажырап,жоғары қуыс венаға құйылады.Салалары:көкірекаралық ағзалардан қанды әкететін тармақтар,тоғыз оң жак төменгі қабырғааралық вена ж.е омыртқалық өрім веналары құяды.
Сыртқы жыныс мүшелері: құрылысы.топоггафиясы.қызметі. Әйелдің сыртқы жыныс мүшелеріне: үлкен және кіші жыныс ернеулері,қынап кіреберісі,деліткі жатады.Үлкен жыныс еріндері(labium pudendis majoris ) , ұзындығы 7-8 см,қалыңдығы 2-3мм, жұп болады:оң жақ сол жақ. Бездерден, түктерден тұрады. Кiшіжыныс ернеулері(Labium pudendis minoris) – алдыңғы жақта қосылып – деліткі(clitor) құрайды. Артқы жақта қосылып,жыныс ернеулерінің жүгеншігін(frenulum) түзеді. Бұлар жыныс саңылауын түзеді.Жыныс саңылауында 2 өзек бар: 1) несеп шығарушы өзектің сыртқы тесігі. 2) қынап кіреберісі( vestibulum vaginalis)-қыздық перде орналасқан.Жыныс саңылауы кіреберіс бездерден тұрады: 1) Үлкен кіреберіс бездер(glandula vestibularis major)-Бартолинов бездері-өзінен жабысқақ ,сұйық секрет бөледі.Ол жыныс аймақтарын ылғалдап,майлап тұрады. Қызметі: қабынудан қорғайды. 2) Кіші кіреберіс бездер(glandula vestibularis minor). Деліткі-жыныс саңылауының алдыңғы жағында орналасқан. Құрылысы: аталық жыныс мүшесі penisтің кеуекті денесіне ұқсас,басы,денесі,түбірінен тұрады. Penisтің дамымай қалған рудименті. Дамып кетсе,Қос жынысты болады.
Сырт.Мыкын Арт.
A.iliaca externa-8көз-мыкын буыны денгейнде баст-п, m.psoas-тын медиальды жиегімен шап байламына децн томен жане алга карай созылады да,санга шыкканда сан арт. д.а. A.iliaca externa, m.psoas-қа шығатн тармактардан баскп дәл шап байламы жагынан шыгатн 2ірі тармақ беред:
2.A.circumflexia ilium profunda-мыкын сүйегін орап жататн терең арт., m.transverses abdominis пен мыкын б.етін коректендіред.
Сүт безінің анатомиясы және топографиясы.
Анатомиясы: 1.Кеуде қабырғасы, 2-көкірек б,е. 3-сүтті бөліктері, 4-емшек ұшы, 5-ареола, 6-сүт өзегі, 7-майлы тін, 8-тері.Безді дененің өзі 15-20 конус тәрізді оқшауланған бөліктерден-Lobuli glandulae mammaria- тұрады
Топографиясы:Сүтбезі (лат. glandula mammaria немесе mamma) — жұп ағза, апокринді тері бездерінің түріне жатады. Жынысы жетілген әйелдердің сүт бездері алдыңғы көкірек аймағының үшінші және алтыншы немесе жетінші қабырға аралығында орналасады. Әрбір без өзінің үлкен бөлігімен үлкен көкірек бұлшық еттіне барып жалғасады (m. pectoralis major) және жиі алдыңғы тісшелі бұлшық етте (m. serratus anterior). Сыртқы жағынан сүт бездерінің арасында иілу бар, бұл қойнауды (sinus mammarum) деп атайды.
Сүт безінің қанмен жабдықталуы және жүйкеленуі.
Сүт безінің қанмен қамтамасыз етілуі негізінен ішкі кеуде (a. Thoracica interna) және кеуде қырындағы (a. Thoracica lateralis) артериялармен қамтамасыз етіледі.
Тоқ ішектің топографиясы,құрылысы,қызметі.
Тоқ ішек(intestinum crassum) ас қорыту жүйесінің соңғы бөлігі.Қызметі ас қорыту процесін аяқтап,нәжіске айналдырады. Тоқ ішек іш қуысы мен жамбас астау қуысының аралығында орналасқан. Ұзындығы 1 м-ден 1,65 м-дей.Тоқ ішектің өту жолының көлденең ені 5-8 см,тік ішекте 4см. Тоқ ішектің сыртқы бетінде үш таспасы бар: 1)шажырқайлық таспа. 2)шарбылық таспа. 3)бос таспа.Тоқ ішектің қабырғаларының құрылысы: 1) Сырқы сірлі қабық . 2) Шырышты қабық –бұл қабық тоқ ішектің қампаймаларының аралығында орналасқан Жарты ай тәрізді қатпарларды (plica semilunares coli) түзеді. Топографиялық орналасуына және атқаратын қызметіне қарай тоқ ішек: соқыр ішекке(caecum) және оның құрт тәрізді өсіндісіне(appendix vermiformis),жоғарылаған (colon ascendens), көлденең(colon transversum),төмендеген (colon descendens) , сигматәрізді жиек ішектерге және тік ішекке(rectum) бөлінеді.
Тоқ ішек қанмен жабдықталуы және жүйкеленуі .Тоқ ішекке A.Mesenterica superior,соқыр ішек пен құрттәрізді өсіндіні-мықын жиек артериясы және тармақтары: A.iliocolica,A.colica dextra, A.colica media; A.Mesenterica inferior тармақтары:A.colica sinistra және a.sіgmoіdia қанмен жабдықтайды.Жиек ішек кезбе нервтің тармақтары (сигматәрізді жиек ішек –ішкі мүшелік бел нервтері)мен жоғарғы және төменгі шажырқайлық өрімнің симпатикалық нервтерімен нервтенеді
Төменгі қуыс вена жүйесінің түзілу көздері.кардиналды анастомоз дарының пайда болшуымен байланысты.Мықындық бөлікте орналасқан анастомоз қанды сол төменгі бөліктен оң кардиналды венаға алып кетеді.Соның нәтижесінде анастомоздан жоғары орналасқан кардиналды венаның сол артқы үзіндісі қайталанады, ал анастомоздың өзі сол жалпы мықын артериясына айналады.Ал сол кардиналды вена оң жалпы мықын артериясына айналады .Осылыйша төменгі қуыс венаның 2 бөліктің оң артқы кардиналды венаның және біріншілік төменгі қуыс венаның бірігуінен түзіледі.
Төменгі қуыс венаның топографиясы мен салалары.Төменгі қуыс вена,vena cava inferior, денедегі ең ірі вена сабауы,іш қуысында қолқамен қатар ,оның оң жагында жатады. Ол IV бел омыртқа деңгейінде қолқаның бөлінетін жерінен сәл төмендеу және одан оңға қарай екі ортақ мықын веналарының косылуынан тузіледі.Төменгі қуыс вена қолқаның оң жагында орналасып,жоғары көтерілген сайын алшақтай береді. Оның төменгі бөлімі оң жактагы m.psoas-тың медиальды жиегіне жанасып жатады,содан кейін оның алдынгы бетіне өтіп,жогаргы жагында көкеттің бел бөлігі арқылы жане бауырдың артқы бетіндегі sulcus venae cavae-де жайгасып ,көкеттің foramen venae cavae арқылы кеуде қуысына өтіп,бірден оң жақ жүрекшеге құяды.Тікелей төменгі қуыс венаға құятын салалар қолқаның жұп тармақтарына сәйкес келеді.Олар қабырғақасылық және ішкі ағзалар веналарына бөлінеді.Қабырғақасылық веналар-1.vv.lumbales dextrae et sinistrae,,2.vv.phrenica inferioris..Ішкі ағзалар веналары-1-vv.testiculares,2-vv.renales,3-vv.suprarenales,4-vv.hepatica.
Тік ішек қабырғаларының құрылысы. Тік ішек қабырғалары:шырышты,шырышасты,бұлшықеттік және сірлі қабықтардан тұрады. -Тік ішектің шырышты қабығы,tunica mucosa,жылтыр,бүрлері жоқ,шырышты бездер мен дараланған лимфа түйіндерінен тұрады. -Шырышасты негіздің tela submucosa құрамы аралығында қан тамырлар мен лимфа тамырлары,нервтер орналаскан іркілденген дәнекер тіндерінен тұрады.Бойлық және көлденең қатпарлары болады. A)тік ішектің бойлық қатпарлары,plicae longitudinalis,шырышасты негізінің қалыңдығына,созылмалық қасиетіне байланысты,тұрақты және тұрақсыз қатпарлардан тұрады.Тік ішектің артқы өтіс өзегі тұрақты 8-10қатпарлардан немесе артқы өтіс бағаналарынан тұрады.Бойлық қатпарлар нәжістің еркін өтуін қамтамасыз етеді. ә)тік ішектің көлденең қатпарлары plicae transversals recti ол тік ішектің өту жолы шеңберінің 1/3 бөлігін құрайды. Көлденең қатпарлар тік ішектің артқы өтіс өзегінің жоғарғы бөлігінде спираль бағытта орналасып,нәжістің өтуін жеңілдету қызметін атқарады. Артқы өтіс қойнауларының sinus anales төменгі бөлігінде шырышты қабыығы мен шырышасты негізі дөңгелек артқы өтіс жапқыштарын valvula anales құрайды.Артқы өтіс жапқыштарының терең қабаты тік ішектің гемморойдалық веналық өрімдерден тұрады. -Тік ішектің бұлшықеттік қабығы tunica muskularis бірыңғай салалы ішкі көлденең,сыртқы бойлық еттен тұрады. а)сыртқы бойлық қабаты,біркелкі орналасып,төменде артқы өтісті көтеруші бұлшықетке жалғасады. ә)ішкі көлденең қабаты тік ішектің артқы өтіс тесігің еріксіз ішкі қысқыш бұлшықетін құрайды.Атрқы өтіс тесігінің сыртқы қысқыш бұлш,артқы өтіс тесігінің ішкі қысқыш бұлш мен терінің аралығында орналасқан.Топографиялық орналасуына қарай бұл бұлш. Шат аралық бұлш-ге жатады.Қызметі:нәжістің сыртқа шығуын реттеу. -Тік ішектің сыртқы беті сірлі қабықпен біркелкі жауып орналаспаған.Тік ішектің проксималды бөлігі интраперитонеалды,ортаңғы бөлігі мезоперитонеалды жағдайда жауып орналасқан.
Тік ішектің топограсиясы қызметі:Тік ішек артында сегізкөз бен құйымшақ жатады, ал алдында еркектерде ол ішастары жоқ бөлімімен шәуетқуықшалары мен шәует шығаратын түтікке, сондай-ақ олардың арасындағы несепқуықтың бөлігіне , ал одан төменде қуықасты безіне жанасып жатады. Әйелдерде тік ішек алдынан жатырмен және қынаптың артқы қабырғасымен шектеседі. Тік ішек қынаптан дәнекер тін қабатымен, тік ішек –жатыр қалқасымен septum rectovaginale, бөлінеді. Тік ішектің меншікті шандыры мен сегізкөздің алдыңғы беті және құйымшақ арасында қандай да болмасын берік шандырлы қосылыстар жоқ, бұл операция кезінде ішектік қан тамырлар мен лимфа тамырларын қамтитын шандырымен қоса алып тастауды жеңілдетеді.Тік ішек rectum , нәжіс массасының жиналуы үшін қажет.
Шәует қуықшалары Топографиясы: Шәует қуықшалары,Vesiculae seminales шәует шығаратын түтіктерден латералды,несепқуық түбі мен ішек арасында жатады. Құрылысы: Әрбір шәует қуықшасы өте иілген,жазылған кездегі ұзындығы 12см,жазылмаған кездегі ұзындығы 5см.Шәует қуықшасының төменгі үшкір шеті тар шығарушы түтікке,ductus excretorius, ауысады,ол сүйір бұрыш жасай өзінің жағындағы ductus deferens пен қосылып,онымен бірге шәует жіберетін түтік,ductus ejaculatorius,түзеді. Қызметі:ductus ejaculatorius жіңішке түтікше б.т. ол ductus deferens пен ductus excretorius қосылған жерден басталып, қуықасты без қабаты арқылы өтіп,несеп шығаратын өзектің қуықтық бөлігіндегі шәует төмпешігі негізі қасында тар тесік арқылы ашылады.Шәует жіберетін түтіктің ұз 2см.Шәует қуықшалары шәуеттің сұйық бөлігін өндіретін секреттік ағзалар б.т.
Шәует шығаратын түтік(Ductus deferens)
Жұп мүше,аталық без қосалқысы түтігінің тікелей жалғасы және шәует қуықшасының шығарушы түтігімен қосылатын жерде аяқталады.Ұзындығы 50см,көлденеңі 3мм,диаметрі 0,5 мм ден аспайды.Түтік қабырғасының елеулі қалыңдығы бар.Шәует шығаратын түтікті топографиялық орн байл. 4бөлікке бөледі.Ең қысқа бастапқы бөлігі,аталық бездің артында,оның қосалқысынан медиальді орналасып,аталық бөлігі атауын алады.Келесі бөлігі шәует шылбырының құрамында жоғары вертикальді көтеріліп,оның қан тамырларынан медиальді орналасып,беткей шап сақинасына жетеді.Бұл бөлік өзекшелік д.а.Кейін шәует шығаратын түтік шап өзегіне кіреді,онда шап бөлігі орналасады.Шап өзегінің терең сақинасы арқылы өтіп,кіші жамбас астауының бүйір қабырғасымен шәует қуықшасының шығарушы түтігімен қосылғанға дейін төмен және артқа бағытталады.Бұл бөлік-жамбас астау бөлігі.Кіші жамбас астау қуысында түтік ішастардың астында орн.Өз жолында төменгі құрсақүсті артериясын латеральді жағынан бүгіп,сыртқы мықын артерия мен венамен қиылысып,несепқуық пен тік ішектің аралығына өтеді.Кейін несепағарды кесіп,несепқуық түбіне жетіп,қарамаөқарсы түтікпен бірге простатаның үстында орн.Түтіктің ең соңғы бөлігі кеңейіп ,ұршық пішінді шәует шығаратын түтіктің ампуласын ,ampulla ductus deferentis түзеді.Ұзындығы 3-4 см,көлденеңінен 1см ге жетеді
Шәует шылбырының құрылысы.:қабырғасы үш қабықтан ,сыртқы tunica adventitia,ортаңғы –tunica musculares ішкі - tunica mucosaқызметі:еркектің жыныс жасушаларын атабезден шәует қуықшаларына жеткізеді топографиясы:атабездің артқы жиегінен шап өзегінің терең сақинасына дейін созылады.
Іш астары туралы. түсінік. Іш астар,peritoneum,іш құысындағы мүшелерді тұйық жауып орналасқан сірлі қабық.Тек қана әйел адамдарда бұл сірлі қуыс,жатыр түтігінің тесігі арқылы сыртқы ортамен байланысқан.Ішастар топографиялық орналасуына қарай:париеталды бөлікке, peritoneum parietalis, және мүшелердің бетін тікелей жауып орналасқан, мүшелік немесе висцералді бөліккеperitoneum viscerale,бөлінеді. Ішастардың париеталді және висцералді бөліктері бір бірімен өзара беттесіп, саңылау түрінде орналасқан қуыс,ішастарлық қуысты, cаvitas peritonei,түзеді. Аралығында қозғалыс кезінде ішкі мүшелердің беттерінің үйкелістерін жеңілдету үшін ылғалдауға сірлі сұйықтық орналасқан.
Ішастардың париеталді табағы,іш қуысының алдынғы,артқы және бүйір қабырғаларын,көкеттің ішкі бетін жауып,шұғыл бұрылып,ішастардың висцералді бөлігіне жалғасады.Іш қуысындағы мүшелердің ішастармен жабылуына байланысты келесі түсініктер бар:
Интраперитонеалді-мүшенің барлық жағынан жабылуы;Мезоперитонеалді-мүшенің үш жағынан жабылуы;Экстраперитонеалді-мүшенің бір жағынан жауып орналасуы
Ішастардың туындылары Іш қуысы ішастарының туындыларына жекелеп талдау жасап , олардың топографиялық орналасу орнына және практикалық мәніне тоқталу үшін іш қуысын 3 қабатқа : А.Жоғарғы қабат-көкеттен тоқ ішектің көлденен жиек ішегіне дейін; Ә.Ортаңғы қабат-тоқ ішектің көлденен жиек ішегінен кіші жамбас қуысына дейін; Б.Кіші жамбас қуысына бөледі. -Іш қуысының жоғарғы қабаты көкет пен тоқ ішектің көлденен жиек ішегінің аралығында орналасқан. Ішастардың іш қуысының жоғарғы қабаттағы туындыларына: қатпар, жалғамалар, шарбылар жатады.Топографиялық орналасуына қарай өзара бір-бірінен шектеліп орналасқан: бауыр, шарбы және асқазаналды қапқа бөлінеді. а . Бауыр қабы, bursa hepatica-жоғарғы қабырғасы – көкетпен; медиалды қабырғасы-ішастардың орақтәрізді байламымен,lig. Falciforme hepatis ; артқы қабырғасы-тәждік байламмен,lig.coronarium шектеледі. Құрамында бауырдың оң үлесі. ә. Асқазаналды қабы, bursa pregastrica,ол бауырдың орақтәрізді байламының сол жағында орналасқан. Құрамында : бауырдың сол үлесі , асқазан, көкбауыр және ұйқыбез. б. Шарбы қабы,bursa omentalis, ол жалпы құрсақ қуысының бір бөлігі болып саналады. Алдыңғы қабырғасы :кіші шарбы мен асқазанның артқы беті ; жоғарғы қабырғасы : бауырдың құйрықты үлесі; төменгі қабырғасы:үлкен шарбының артқы бетімен тоқ ішектің көлденен жиек ішектің шажырқайы; артқы қабырғасы: іш қуысының артқы қабырғасын , сол бүйрек үсті безін , ұйқыбезді жауып орналасқан париеталды ішастар табағы құрайды. Құрамында: бауырдың екі қабатты ішастарынан құралған оң үшбұрышты байламы, орақтәрізді байламы және бір қабатты ішастардан құралған тәждік байламы орналасқан. - Іш қуысының ортаңғы қабаты , тоқ ішектің көлденен жиек ішегінен кіші жамбас қуысының аралығында , үлкен шарбыны көтерген кезде айқын байқалады. Ортаңғы қабатта жіңішке ішектің аш және мықын бөліктері , тоқ ішектің соқыр ішек және құрттәрізді өсіндісі , жоғарылаған, көлденен , төмендеген және сигматәрізді жиек ішектері және іш құысының артқы қабырғасының маңында орналасқан ірі қантамырлар мен несеп жүйесі мүшелері орналасқан. Туындыларына: 1.Қалталар 2.Қойнаулар 3.Өзектер 4.Шажырқайлар жатады. -Іш қуысының төменгі қабаты. Ішастар жамбас қуысына қарай өтіп, жамбас қуысының қабырғаларын және сол жерде орналасқан мүшелерді,әсіресе несеп жыныс мүшелердің түр ерекшеліктеріне байланысты әр түрлі жағдайда жауып орналасқан. Тік ішектің жоғарғы бөлігі сигматәрізді ішектің тікелей жалғасы болғандықтан, интраперитонеалді орналасса,ортанғы бөлігі мезоперитонеалді,төменгі бөлігі экстраперитонеалді орналасқан.
Ішастардың париеталді же висцералді Іш топографиялық орн қарай париетальді perıtoneum parıetale және висцеральді perıton