Помощничек
Главная | Обратная связь


Археология
Архитектура
Астрономия
Аудит
Биология
Ботаника
Бухгалтерский учёт
Войное дело
Генетика
География
Геология
Дизайн
Искусство
История
Кино
Кулинария
Культура
Литература
Математика
Медицина
Металлургия
Мифология
Музыка
Психология
Религия
Спорт
Строительство
Техника
Транспорт
Туризм
Усадьба
Физика
Фотография
Химия
Экология
Электричество
Электроника
Энергетика

Веденин, филлипович 1975

Табиғи кешендердің жұбы Баға \балл\
Орман суап
Орман \өріс\- суат
Орман- жайылық \өріс\
Қалың бұталар-жайылым
Орман – қалың бұталар
Өріс - жайылым

Аумақтың фокустық пункттерімен қанықтығы көбінесе жер бедеріне байланысты. Ландшафттын осы қасиетін бағалау үшін, мысалы, орташа максималды салыстырмалы биіктіктердің аумақ бірліген деген қатынасын қолданады.

Көптеген зерттеушілердің айтуынша, эстетикалық құндылық ландшафтың морфологиялық құрылымына, табиғи пейзаждың әртүрлілігіне тәуелді. Осыдан \табиғи пейзаждың іртүрлілігі\ деген түсінік енгізілді. Бұл түсінік 1) табиғи кешеннің ішкі құрылымынан; 2) басқа табиғи кешендермен сыртқы байланыстан тұрады.

Табиғи пейзаждың ішкі әртүрлілігі ландшафтың ішкі морфологиялық құрылымы арқылы анықталады. Табиғи пейзаждың ішкі әртүрлілігінің мынадай көрсеткіштері болады: ландшафттың сорфологиялық бөліктерінің контурларының ландшафтық аудан көлеміне деген қатынасы; морфологиялық бөліктері түрлерінің ландшафт ауданына қатынасы; фондық доминанталар мен құрылымдық доминанттардың маршруттағы жиілігі.

Табиғи кешендердің эстетикалық ішкі қасиеттері мынадй көрсеткіштермен де сипатталады: орманның тығыздық дәрежесі, ағаштардың толықтығы, орманның жік қабаты, балауса орман ағаштарының молдығы және т.б. Тегістіктегі орманды аудандар ішкі басым белгі – кеңістіктің орман тығызыдығының дәрежесі. Орман тығыздығының пайызына байланысты кеңістік ашық, жартылай ашық және жабық болып бөлінеді.

Жер бедері мен өсімдіктің үйлесуі де маңызды болады. Төбелі жер бедерінің биік жерлерінде орналасқан орташа биік орманмен үйлесуі ландшафттың тілімделуін күшейтіп көрсетеді, ал ойпаттарда орман орналасса ландшафт жазық болып көрінеді.

Сыртқы пейзаж әртүрлілігі көршілес табиғи кешндердің көрініп тұратын пейзаждың әралуандығымен сипатталады. Жазық жерлерде таулы аудандарға қарағанда табиғи кешеннің сыртқы айналасының эстетикалық орман аумақтары маңызды орын алады.

Сыртқы пейзаж әртүрлілігінің көрсеткіштері мынадй: бірден көрінетін көрші табиғи кешендердің саны, сыртқы табиғи пейзаждарды қабылдау бұрышының тікелей және көлденең мөлшері, көкжиек сызықтарын кесілуі, сонымен қатар сыртқы пейзаждарды жақсы көру үшін көп орындардан пайда болуы. Мысалы, таулы аудандарда ең жоғары бағаны тау шыңдары алуы керек, себебі солар арқылы барлық табиғи кешендер жақсы қабылданады, ең төменгі бағаны – тау шатқалы алып ұрады. Сыртқы пейзаждарды көрі бұрышы үлкен болса, көршілес кешендердің көрінісі кең болады, пейзаждардың әртүрлілігі жоғары.

Психологиялық эстетикалық бағлаудан жаңа түрлері табиғи кешеннің экзотикалық және қайталанбау сипаттары. Эзотикалық сипаты дегеніміз демалы орынынң турист тұратын жеріне ұқсамау мөлшері. Қайталанбау сипаты – нысандар мен құбылыстардың кездесу немесе кездеспеу жиілігі.

Технологиялық баға беру:адам мен табиғи ортаның өзара байланысы рекреациялық іс әрекеттің \технологиялық\ мен техникасы арқылы ерекшеленеді. Бағаның бұл түрі екі аспектіні қамтиды. Бір жағынан, технологиялық баға беру бүкіл рекреациялық жүйедегі жұмыстарының мүмкіндіктерін бағаласа, екінші жағынан аумақты игеру үшін инеженерлік құрылыс мүмкіндкітерін бағалайды. Мұнда рекреант көзқарасынан бағалау субъекті рекреациялық сала болады. Рекреациялық салада пайдалануы үшін табиғи кешен біршама халықтың демалысы мен санаторлық емдеуін ұйымдастыруға жарайтын қасиеттеріне, қоры мен көлеміне ұзақ уақыт пайдалану мүмкіншілігне ие болуы қажет.

Туристік рекреациялық ресурстарды бағалау үшін ең қолайлы тәсіл – ланшдафтық картаны пайдалану, себебі мұндай жағдайда бағалау объекті ретінде синтертикалық бірліктер – табиғи аумақтыө кешендер болады. Бірлік дәрежесі зерттек және оған сәйкес карталардың масштабымен анықталады: орта масштабта – аудандар, ландшафтар немесе олардың ірі бөліктері, ірі масштабта – урочище мен фациялар.

Ең алдымен рекреацияның шектеулер сұлбасы құрастыралады, ол үшін табиғи және шаруашылық шектеуші факторлар ескеріледі. Тек осыдан кейін баға беру жұмысына кіріскге боалды. Шектеуші факторлар мынадай болуы мүмкін: климатты қолайсыздығы, жыртқыш жануарлардан кездесіп қалу мүмкіндігі, санаторлық – курорттық емдеу үшін қолайсыз микроклиматтық жағдай; жағажай, су, құрылыс жерінің жетіспеуі және т.б. алдын ала табиғи аумақтық кешендердің қазіргі пайдалану сұлбасы құрастырылады және халық шаруашылық жоспарлары ескеріледі. Қалалар мен өнеркәсіп нысандарының әсер ету зоналары, пайдалы қазбаларды өндіру орындары, ауыл шаруашлылқ жерлері және т.с.с бағаланатын аумақтарға кірмейді.

Технологиялық баға беру критерийлерін талдау – кәдімгі үлкен зертету жұмысы, ол әлі де толығымен аяқталған жоқ. Критерийдер біздің субъект объект қатынастары жөніндегі білімімзді көрсетеді. Ал біздің қарастырып отырғанымыз жеке тұлғалар мен әлеуметтік топтардың талаптары емес, бүкіл сала болғандықтан, баға беру субъектісі жалпылану керек, тіпті кейбір субъективтік талаптар қарастырлмау керек. Сала бға беру субъектісі ретінде рекреациялық шаралар түрі, олардың кешені, демалыс пен туризм формалары мен түрлері және т.б. қарастырылуы мүмкін.

Баға беру жұмысыынң соңғы кезеңі – бағаның түрін анықтау. Қазіргі шақта бағаның екі түрі бар: сапалық және баллдық. Сапалық баға аумақтардың морфоологиялық құрылымын анализі бойынша бағалық белгілерді логикалық түрде дәлелдеуге мүмкіндік береді. Соның негізінде қысқаша, математикалық әдістерді қолданған кезде сапалық тетік факторлардың салмақтарын дәлелдеуге мүмкіндік береді.

Рекреация үшін табиғи жағдайларға баға берудің критерийлерін анықтау жұмыстармен көптеген елдердің ғалымдары айналысады. Осындай зерттеулердің арасында 1973 жылы шыққан Мухинаның \методы и принципы технологической оценки природных комплексов\ атты жұмысы маңызды болып табылады. Бұл еңбекте рекреациялық бағалау үшін әдістемелік ұсыныстар келтірілген. КСРО ның табиғи аумақтарына рекреациялық баға беру әдістемелері туралы 1969 жылы шыққан Веденин мен мироненконың жұмысы бар.

Бұл тақырыптағы жұмыстар әсіресе 60шы жылдардың соңынан бестап белсене жүргізілуде. Жалпы туристңк қасиеттер жүйеленетін, терминология анықталатын теориялық жұмыстармен бірге туристік қасиеттердің аттрактивтілігін анықтауға арналған жұмыстар жүргізіліп жатыр. Мұнда қолданатын ең сүйікті әдіс – бонигировка әдісі. Бұл әдіс кең қолданылады және мұнда субъективтік элементтерден құтылу әрекеттері жүргізіледі,себебі субъективті фактор баға бергенде дұрыс қорытынды жасауға кедергі болады. Кейінгі кезде \тартымдық коеффициенті\ деген синтетикалық көрсеткіш қолданылады. Ол 0 ден 1 ге дейін өзгереді және 1 дегеніміз тартымдылықтың максималды деңгейі болып табылады.

Демалушылар мен туристердің табиғи рекреациялық айналасына деген таңдау сипаты бәріне мәлім. Рекреациялық зонасының табиғатты әртүрлі болған сайын, оның табиғи элементтерінің саны да көп болды, және рекреациялық іс әрекеттің көптеген түрлеріне қолайлы болады. Рекреациялық жергілікті жержі функциялары бойынша бағалау көптеген элементтерге тәуелді. Мұнда рекреациялық жергілікті жер деп рекреациялық мақсатта қолдану алышарттарына ие болатын табиғи кешенді айтамыз. Жергілікті жер функциялары дегеніміз табиғи кешеннің рекреациялық іс әрекет түрлеі үшін пайдалаун мүмкіншілігі. Рекреациялық іс әрекет түрлері, яғни функциялар саны сандық көрсеткіш арқылы сипатталады, әрбір функция түріне теңдес.

Рекреациялық жергілікті жердің қабілеті жететін функциялар сумасын білсек, оның тартымдылық коэффициентін табуға болады. Ал осы коэффициент арқылы қандай да болсын аймақтын рекреациялық жергілікті жерлердің бағалануы өткізіледі.

Тартымдылық коэффициенті бойынша рекреациялық жергілкті жергілікті жерлердің бағалану бағдарламасы мынадай кезеңдерден тұрады:

i) Аталған аймақта мүмкін болатын рекреациялық іс әрекет түрлерін болжап, зертеу және олардың санын анықтау

j) Рекреациялық жергілікті жер мен айналасын сипататйтын материалдарды таладу, мұнда табиғи компаненттер бөлек түрде және бірітіріліп зерттеледі;

k) Әртүрлі рекерациялық әс әрекет жүргізу мүмкіншілктерін анықтау;

l) Рекреациялық жергілікті жер функцияларының суммасын есептеу

Сонымен қатар туристік рекреациялық ресурстарды дифференциалдық рентаның қалыптасуын ескерумен, бір тектес ресурстарды игеру құндарын салыстыру арқылы, рекреациялық ресурстарды пайдаланудан түсетін табысты анықтау арқылы бағалау әдістері жасақтауда.

Табиғи ресурстарды демалыс пен туризм мақсатында антропогендік жүктеме нормаларына сәйкес пайдалану қажет. Осындай нормаларды анықтау үшін биологиялық және психологиялық әдістер қолданылады. Биологиялық әдіс бойынша туристік ауыртпалық табиғи кешен өз биологиялық қасиеттерінен айырылмай шыдай алатындай « гектарға келетін адамдар санымен анықталады. Бұл көрсеткіштер әртүрлі табиғи кешендер үшін бірдей емес және олрадың антропогендік әсеріне деген шыдамдылығына, мысалы, тапталуға, топырақтың нығыздалуына, тамырлардың бұзылуына тәуелді. Орман мен жайылым биоценоздарына түсетін рекреациялық ауыртпалықтардың рұқсатты нормалары үші кестеде көрсетілген.

Рұқсат берілген рекреациялық жүктеме нормалары

Табиғи кешен Норма, адамға\га
Өте құрғақ топырақтағы қарағай орман 0,5-1
Құрғақ топырақтағы қылқанды орман 1-2
Аралас және жапырақты құрғақ орман 2-3
Құнарлы топырақтағы жалпақ жапырақты орман 3-5
Құрғақ аңғардағы, жайылымдағы, ойпаттағы және басқа да орташа ылғалды жерлердегі жайылымдар 5-10 10-20
     

 

Туризм мен демалыс ресурстарына табиғи ресурстармен бәрге антропогендік ландшафтар ресурстары да жатады. Мәдени тарихи әлеует дегеніміз бұл тарихи ескерткіштер, естелік орындары, қолөнер, мұражайлар мен материалдық және рухани мәдениеттің басқа да нысандары. Мәдени тарихи реурстар туристік қызметте қолданылады. Олардың ішінде ең көп тараған түрлері – мұражайлар мен экскурсиялық туристік қызмет көрсеті.

Мәдени тарихи ресурстарға баға беру әдістері мынадай:

9. Экскурсиялық нысандардың аудан бірліігіне келетін тығыздығын, олардың санын және аумақ бірліктері мен туристік орталықтары бойынша құрылымын анықтау.

10. Экскурсиялық нысандарының демалыс пен туризм ұйымдастырушылар көзқарасы жағынан негізгі көрсеткіштер бойынша баллдық баға беру

11. Нысанның экскурсиялық әлеуетін оны қарап шығу үшін қажетті және жеткілікті уақытын анықтау арқылы есептеу. Нысандардың белгілі түрлерін қарап шығу үшін орташа уақыты көрсетілген типологиялық кестені құрастыру.

12. Экскурсиялық трассалар мен маршруттардың аттрактивтілігін трасса да, маңындағы зоналарда да орналасқан мәдени тарихи нысандарды ескеріп бағалау.

Әлеуметтік экономикалық рекреациялық ресурстарды құрастыратын неше түрлі объектілерді талдауға оларды санақтау, сипаттау және топтастыру кіреді. Мәдени тарихи нысандарын тіркегенде және оларғасипаттама бергенде оның атауын, орналасуын, маркировкасын, иесін, нысан бойынша әдеби және басқа көзнамаларды, орналасу сұлбасын атап көрсетіп, оның қысқаша суреттемесін жасау керек.

Мәдени тарихи нысандарға баға берудің келесі, бұдан маңызды кезеңі – олардың рекреациялық маңызы бойынша типологиясы. Типологияның негізінде мәдени тарихи нысандардың ақпараттық мәні жатыр: қайталанбауы, аталған түрге жататын нысандар арасында үлгілі болуы, танымдық және тәрбиелік маңызы, көркемділігі.

Әлеуметтік экономикалық нысандардың рекреациялық мақсаттағы ақпараттылығы оларды тамашалау үшін қажетті және жеткілікті уақыт мөлшерімен өлшеуге болады. Осындай уақыт мөлшерін анықтау үшін нысандардың мынадай көрсеткіштер бойынша жітелуін жасау керек:

5) Нысанның көрсетуге арналған ұйымдастырлу деңгейі

6) Экскурсанттардың нысанды қарап тұратын кездегі орналасуы

Ұйымдастырылу деңгейі бойнша нысандар аранайы ұйымдастырылған, мысалы, мұражайлар, монументтер т.б. және көрсетуге ұйымдастырылмаған нысандар, мысалы, қаланың көріністері, көшенің перспективасы және т.с.с болады. Қарап көру мақсаты мен экскурсияның негізі болғандықтан, ұйымдастырылмаған нысандарға қарағанда ұзақ уақыт керек.к ұйымластырылмаған нысандар экскурсия бағдарламасындағы ұсақ түйектерге үңіліп қарайтындай емес жалпы уөрініс болып табылады.

Экскурсанттардың нысанды қарап тұратын кездегі орналасуы бойынша нысандар интерьерлік және экстерьерлік нысандарға бөлінеді. Экстерьерлік нысандарды көріп шығудың жалпы уақыты интерьерлік объектілеріне қарағанда ұзақ болады.

Экскурсия тақырыбына орай онда мақсаттық, қосымша және қосалқы нысандар болады. Мақсаттық нысандарды көріп шығу үшін экскурсия уақытының 50%, қосымшаларына 30%, шамалы, қосалқы нысандарға 20% шамасында жұмсауға келісіп алуға болады.

Мәдени тарихи нысандарына экономикалық баға берген кезде осы ескерткіштер орналасқан аумақтарға дифференциалдық репта қолданылмайдыыы, есептерге кіргізілмейді. Экономикалық баға көрсеткіші ретінде ескерткіштерді пайдаланудың тікелей эффекті және танымдық тәрбиелік ақпаратынан болатын жасырын экономикалық эффекті қабылданады.

Қазіргі ғылыми әдебиетте туризм мәселелерін кешенді түрде зертеу қажеттілігі талқылануда. Сондықтан туристік ресурстар ұғымына тұрмыс жағдайы мен қызмет көрсету жүйесін, яғни инфрақұрылымды кіргізу керек. Кейбір авторлар мұнда сонымен қатар нақты туристік аудандардың салт дәстүрлері мен көпшілік үшін сүйікті болуын қосады.

Географиялық жағынан туризмнің даму жолдарын анықтаған кезде табиғи, мәдени тарихи және әлеуметтік экономикалық жағдайына баға беру; туристік мекемелер мен маршруттардың қалыптасқан торып талдау; рекреациялық аумақтардың сыйымдылығын анықтау қажет. Осының нәтижесінде рекреацияның аудандастыруды өткізуге болады.

Ефременконың айтуынаш, кешенді бағаның құрамына

15) Табиғаттың мүмкіншіліктері

16) Аумақты мәдени жағынан игеру дәрежесі

17) Экзотикалығы

18) Бос уақытта өткізілетін шаралардың әртүрлілік дәрежесі бойынша туристік мүмкіншілктер;

19) Тарихи мәдени объектілер

20) Тұрмыстық қызметтер

21) Әйгілілік дәрежесі мен салт дәстүрлер бағалары кіреді.

Сөйтіп, туристік мүмкіншілітерді кешенді түрде анықтау үшін әрбіреуі бәрнеше басқа көрсеткіштерден тұратын 6-7 көрсеткішті есептеу керек. Факторлардың біреуінің басым болуына негізделіп, рекреациялық іс әрекеттің функционалды типтерін анықтауға боалды.

Бонитировка арқылы ең үлкен туристк ағымдарды анықтаға, туристер құрамы жөнінде жарнама мәліметтерді табуға болады. Әдетте табиғи әулеті жоғары маршруттарға жастар аттанады, ал белгілі мәдени тарихи ескетркіштері орналасқан жерлерге жасы келіп қалған адамадр басрады.

Бонитировка жүйесі туристік аудандарды топтастырудың объективі , шынайы критерийлерін береді.

 

21. Туризмнің халық шаруашылығының саласы ретіндегі тиімді дамуы және территориялық ұйымдастырылуының туристік территориялардың ғылыми-дәлелденген аудандастырылуына тәуелділігі.

Халық шаруашылық саласын бөліп көрсету үшін ең алдымен еңбектің бөлісіндегі ондағы тек өзіне тән еңбек түрін анықтап бөлу қажет.

Рекреациялық іс-әрекетті территориялық ұйымдастыру термині қоғамдық географиядағы қоғамның территориялық ұйымдастырылуы түсінігімен іс жүзінде экономикалық заңдардың негізінде мақсаттарға назар аудара отырып қоғамдық өмірді жаңарту мақсатымен басқару құрылымдары арқылы бірігетін іс жүзіндегі территориялық құрылымдардың үлесімі ретінде сәйкес келеді.

Жалпы айтқанда қоғамды территориялық ұйымдастырылу түсінігі территорияға байланысты мәселелердің барлығын қамтиды, ол территориялық еңбек интеграциясы мен бөлінуі, өндіріс күштерінің орналасуы, өндірістік қатынастардағы аймақтық айырмашылықтары, адамдарды орналастыру, қоғам мен табиғаттытың өзара қатынасы, аймақтық әлеуметтік экономикалық саясаттың мәселелері және т.б.

Рекреациялық аудандарындағы функциялардың аса шоғырлануы адам денсаулығы мен демалысы үшін зиянды екені түсінікті. Табиғаттың өзгермеген күйі рекреациялық ауданға туристерді тартатын ең маңызды қасиеті болып табылады.

 

22. Бұрыңғы КСРО мен Ресейде туристік аудандастыру саласындағы зерттеулердің даму тарихы (Н.С. Мироненко, И.Т. Твердохлебов, Б.Н. Лиханов, В.С. Преображенский, Е.А. Котляров еңбектері). Демалыс пен туризм мақсатында Қазақстан территориясын аудандастырудың мүмкіншіліктері.

 

Ауданға тікелей байланысты халық шаруашылық салаларын территориялық ұйымдастыру мен жоспарлы ретттеудің жетістіктері ғылыми дәлелденген КСРОда ең алғаш рекреациялық аудандастыру жөнінде ұсыныс жасағандар Б. Лиханов пен В. Преображенский болды. Аудандастыру шешуші шарты бұл рекреациялық кәсіпорындардың орналасу тығыздығы мен олардың елдің негізігі қажеттіліктерін қамтамасыз етудегі рөлі болып табылады. «туристік аудан» туризмнің дамуына арналған бірнеше табиғи, тарихи мәдени және әлеуметтік экономикалық салалы аудан.

1. Тур аудан сипаты бойынша әлеуметттік экономикалық сала болса, соңғы шектеулі өнімі оқу ағарту.

2. Тур аудандардың басқа салалық аудандардан айырмашылығы : онда төрт түрлі қоғамдық өндіріс қайта жүреді, яғни өндіріс, айырбас, тарату, тұтыну.

3. Тау кен, балық, орман өндірістік салаларымен және ауыл шаруашылық аудандарымен ұқсастығы демалыс функциясын атқарарлықтай туристік ресусртармен қамтамасыздануы.

4. Көптеген тур аудандарға тән қасиет: табиғи ырғақтраға сәйкес мезгілдік жұмыс істеу.

 

23. Рекреациялық аудан мен туристік аудан ұғымдарының ара-қатынасы. Туристік аудандардың ерекшеліктері, олардың қалыптасуының

Механизмі.

24. Туристік аудан әлеуметтік экономикалық аудан ретінде.

Туристік аудан туризм дамуына арналған бірнеше табиғи, тарихи мәдени және әлеуметтік экономикалық жағдайлары бар салалы аудан. Осыларға байланысты ауданда туристік іс әрекеттер басым болып келеді. Сонымен, бұл әлеумттік экономикалық сала:

1. Тур аудан сипаты бойынша әлеуметттік экономикалық сала болса, соңғы шектеулі өнімі оқу ағарту.

2. Тур аудандардың басқа салалық аудандардан айырмашылығы : онда төрт түрлі қоғамдық өндіріс қайта жүреді, яғни өндіріс, айырбас, тарату, тұтыну.

3. Тау кен, балық, орман өндірістік салаларымен және ауыл шаруашылық аудандарымен ұқсастығы демалыс функциясын атқарарлықтай туристік ресусртармен қамтамасыздануы.

4. Көптеген тур аудандарға тән қасиет: табиғи ырғақтраға сәйкес мезгілдік жұмыс істеу.

Тураудандар құрылу механизмін былайша түсіндіруге болады: жұмысшылардың жылдам қызмет көрсетуі қажет етуінің арқасында демалыс пен туризм сферасында территориялық еңбектің бөлінуі өзіне өте қажетті жерді табады, ол жер табиғи және экономикалық жинағыжағынан белгілі бір әрекетпен айналысудың талабына және мұндай шаруашылық саласын ұйымдастырудың территориялық ерекшеліктеріне сәйкес келуі керек.

Демалыс пен туризм сферасының дамуының белгілі бір сатысында туристік іс әрекет белгілі бір сатысында туристік іс әрекет белгілі бір территоряға нақты орналасады, ішкі және сыртқы байланыстары сәйкестенеді, реттеуші орталықтардың иерархиясы жасалынады, территориялық жоспарлы ұйымдастыру басқармасы құрылады.

Рекреациалық мақсатпен территорияны аудандастыру және оған баға беру үшін көптеген факторлар есепке алынады: экономикалық, табиғи, әлеуметтік, физиологиялық, экологиялық, сәулетті көркемдік және т.б. ритмі бойынша мезгілдік және жылдық болып бөлінеді. Туристік саяхатқа қатысудың жасына қарай: балалар мен жасөспірімдер туризмі, ерсектер мен жастар туризмі. Тур саяхаттың көрсететінсаяхатына қарай: рекреациялық, экскурсиялық, арнайы. Сапар желесінде орналасуы бойынша: қонақ үй типті және қонақ үй типті емес.

Бұрыңғы КСРО мен Ресейде туристік аудандастыру саласындағы зерттеулердің даму тарихы (Н.С. Мироненко, И.Т. Твердохлебов, Б.Н. Лиханов, В.С. Преображенский, Е.А. Котляров еңбектері). Демалыс пен туризм мақсатында Қазақстан территориясын аудандастырудың мүмкіншіліктері.

25.Территорияның туристік-рекреациялық сыйымдылығының мәселелері. Туризмнің дамуы және табиғатты қорғау.

Территорияның рекреациялық сыйымдылығын зерттеу мәселелері

Соңғы кезде территорияның рекреациялық сыйымды-лығы өзекті мәселеге айналып барады. Бұл халықтың толық демалуын қамтамасыз етумен және рекреация зоналарында табиғатты қорғаумен байланысты. Территорияның рекреациялық сыйымдылығы дегеніміз – бұл осы территорияда бір уақытта бола алатын, табиғаттың тұрақты бірқалыптылығын бұзбайтын және демалу жағдайын нашарлатпайтын, максималді рекреанттар саны. Кейбір зерттеушілердің айтуынша, территорияның рекреациялық сыйымдылығын анықтағанда туристік-рекреациялық іс-әрекеттің объектісінен, яғни рекреациялық потенциалдан бастау керек. Рекреациялық потенциал – демалыс пен туризмді ұйымдастыру үшін табиғаттың, мәдени-тарихи және әлеуметтік-экономикалық құндылықтардың жиынтығы.

Экономикалық аудан және ел деңгейінде рекреациялық сыйымдылық деген түсінік оптималді рекреациялық ағымның экономикалық даму деңгейіне, халықтың өмір деңгейіне, еңбек ресурстарын демалыс пен туризм сферасына тарту мүмкіндіктеріне тәуелділігін көрсетеді. Рекреанттар ағымының мөлшері елдің (ауданның) көлеміне, туристік-рекреациялық ресурстардың қорына, инфрақұрылымның даму сатысына тікелей тәуелді.

Рекреациялық сыйымдылық инвестиция салу мүмкіндігіне де тәуелді. Дамуы төмен елдер, туристік-рекреациялық ресурстары көп болса да, туризм мен оның инфрақұрылымына инвестиция жасай алмайды. Керісінше олар өзінің туристік-рекреациялық ресурстарын аямай қолданып, жалпы рекреациялық потенциялдың азаюына әкеледі. Мысалға, Африка елдерінде аңшылық туризмнің қарқынды дамуы жабайы аңдардың азаюына әкеліп соқты.

Территорияның рекреациялық сыйымдылығын зерттегенде туристік-рекреациялық пайдаланудың экологиялық аспектісіне назар аударған жөн. Жылан жылға туризммен айналысатын адамдардың саны көбейіп келе жатыр. Сондықтан олардың табиғатқа тигізетін жағымсыз әсері байқалуда. Бұл жағдайда табиғатқа әсер ететін рекреациялық салмақтың мәселесі де көтеріліп жатыр. Табиғатты деградациядан сақтау үшін және рекреациялық әрекетті жүргізуге комфортты жағдай жасау үшін рекреациялық салмақты оңтайлау проблемасын тез арада шешу қажет. Бұл проблеманың мәні – нормативтер жасау арқылы табиғатқа әсер ететің экологиялық салмақты ғылыми түрде дәлелдеу.

Табиғатқа әсер ететін рекреациялық салмақтың нормативтері туралы мәлімет әлі де аз.

Дүниежүзілік тәжірибеде туристік-рекреациялық табиғи кешендерді пайдаланудағы нормативтерде біраз алшақтық білінеді. Мысалы, 1 рекреантқа бөлінетін жағажай нормасы әр елде әр түрлі: 5 шаршы м.-ден – 15 шаршы м.-ға дейін.

Курорттағы құрылыс жүргізу нормаларында да үйлеспеулері көп. Бұрынғы КСРО-да мұндай норма бір төсек орнына 300-350м² болған, белгілі «Золотые пески» болгар курортында 150м², румын «Мамайя» курортында 85м², ағылшын «Брон-и-мор» курортында – 53м². Югославияда Адриатика теңізі жағалауындағы жағайлар нормативі: 1 рекреантқа жағаның 1метрі ж/е ені 10м (10м²), серуендеу жері- 1туристке 0,5га, аң аулау жері-1аңшыға 2га.

Польшада рекреациялық жерлердегітуристердің шынайы шоғырлануы 1 гектарға 75-115адам болған.

АҚШ-та мынадай шартты стандарттар қолданылады (6-кесте)

6-кесте

 

Территорияны рекреациялық пайдаланудың түрлері Бір туристке бөлінетін жердің көлемі, м2
Қала маңындағы демалыс зонасы, ойын алаңдары Жағажайлар Көңіл-көтеру алаңы Жаяу туризм үшін соқпақ жол Атпен жүретін соқпақ жол   18,5

Табиғи аумақтық кешен тұрақтылығы бойынша анықталатын рұқсатты сыйымдылықпен бірге, аумақтың психо-физиологиялық сыйымдылығы болады. Психо-физиологиялық сыйымдылығы деген белгілі бір аудан бірлігінде әрбір адамның психо-физиологиялық ж/е гигиеналық жағдайы бұзылмау шарты орындалып бір уақытта рекреациялық шараларды жүргізу мүмкіндігі болып табылады.

Табиғи кешендер және оны құрайтын элементтерінің рекреациялық салмаққа тұрақтылығы жағынан айырма-шылықтары болады. Поляк географы А. Костровицкий (1970) эксперимент арқылы бір апта бойы 1 га жерінің шөбін таптап 400 өсімдіктің шыдамдылығын анықтады: құрғақ қарағайлы орман 46 адамды қабылдай алды, жас қарағайлы орман – 50-90, жас шабындық – 126-196, жайылым – 300 адамды. Жіберілетін салмақты А. Костровицкий максималді адам саны арқылы анықтап, 8 сағат бойы тынымсыз қозғалып, 1 га жердің шөбін деградацияға дейін жеткізді. Поляк А.Марш бұл анықтамаға былай ескерту қосады: деградацияның рұқсатты түрі 3м² тапталған жерде ең болмағанда 1дм² жері толығымен бұзылса, бұл деградацияның рұқсатты деградациясы болады.

Табиғи кешеннің тұрақтылығы фитоценологиялық қасиетімен бірге топырақ сипатына ,жер үсті көлбеуіне және табиғи компаненттерінің сипаттамаларына байланысты. А.Марш мәліметтері бойынша көлбеу 2-ден 6º дейін болса, беткей көлбеуі тапталу жылдамдығына шамалы ғана әсер етеді, мұндай әсер көлбеуі 6-12 º болса, күшейеді. Көлбеуі 12 º асып кетсе, шөп тез тапталып кетеді, сондықтан, көлбеуі осындай көрсеткіштен асқан аумақтаррекреациялық пайдалануға жарамайды. Топырақтың механикалық қасиеттері де рұқсат берілген жүктеме көлеміне әсер етеді. Мысалға, рекреанттарға құмды жерлерге деген жүктемесі саздаққа қарағанда үлкен болады.

КЕңес географтары В.П.Чижова мен Е.Д.Смирнова (1976) Ксро Екропалық бөлігінің орталық аудандарындағы табиғи кешендеріндегі ең көп рұқсат берілген демалушылар санының нормативтерін келтіреді.

  Орман түрлерінің топтары
Шырша орманы, адам/га Ылғалды шырша ормандары, адам/га Қарағай, адам/га Ылғалды қарағай ормандары, адам/га Қайың мен көктерек орманы, адам/га Ылғалды қайың мен көктерек орманы, адам/га
Жайпақ бұйратты саздақ жазықтары: -қысқа мерзімді демалыс -ұзақ мерзімді демалыс                          
Саздақ арасында құм қатпарлары бар жайпақ жазықтар: -қысқа мерзімді демалыс -ұзақ мерзімді демалыс            

Нормалардың біркелкі болмауының себебі – табиғи кешендер мен олардың элементтерінің шыдамдылығын анықтау әдістемелігінің бірқалыпты болмауында. Табиғи кешеннің туристік ауыртпалығына деген шыдамдылығы – оның қалпына келу қабілетінің шектері.

Салмақ бұл белгілі бір мезгіл ішінде территорияда байқалатын рекреанттар саны. Егер табиғи кешенге түсетін салмақ, қалпына келтірілмейтіндей өзгерістер туғызатын болса, оны критикалық салмақ деп атайды; критикалық салмаққа жақын, алайда қалпына келтірілмейтіндей өзгерістер туғызбайтын болса, оны жіберілетін салмақ дейді; егер салмақтың нәтижесінде қалпына келтірілмейтіндей өзгерістер болып қойса, бұл салмақ жіберілмейтін деп аталынады.

Табиғи аумақтың кешеннің рекреациялық сыйымдылығына рұқсат берілген жүктемені табиғи аумақтың кешені ауданына көбейтіп табамыз.

Соңғы зерттеулердің ішінде "рекреациялық дигрессия" туралы 1972 жылы Н.С. Казанская Мәскеу төңірегінің орман зонасында рекреациялық дигрессияның 5 кезеңін зерттеді:

1. Адамның іс-әрекеті орман кешеніне ешқандай өзгерістер енгізбейді.

2. Адамның рекреациялық әсер сирек кездесетін соқпақтардың және жарық сүйгіш өсімдіктердің пайда болуына әкеледі.

3. Соқпақтар мен жарық сүйгіш өсімдіктер жиі кездеседі.

4. Орман өсімдіктері азайып, соқпақ желісі басым болып келеді.

5. Тапталған алаңдарда арам шөптер мен біржылдық шөп түрлері пайда болады, ал шөп төсеніштері мен жас ағаштар толығымен жоқ.

3 және 4 кезең арасында табиғи кешеннің тұрақтылығының шекарасы өтеді. Жіберелетін салмақ дигрессияның 3 кезеңіне сәйкес келеді. Қалпына келтірілмейтін өзгерістер 4 кезеңде пайда болады.

1,2,3 кезеңдерін эстетикалық жағынан тартымды.

Рекреациялық әсерді анықтау жұмыстары рекреациялық салмақты басқару үшін жүргізіледі. Рекреациялық салмақты басқару әдісіне аумақты функционалді зоналарға бөлу қағидасы жатады. Сонымен қатар, туристік-рекреациялық ресурстардың пайдалануын реттеу әдістері жатады. оның ішінде рекреанттардың тәртібін реттеу, яғни зиян келтіретін әрекеттерге тыйым салу; өсімдік жамылғысын қалпына келтіру үшін тыңайтқыштарды пайдалану; жерді қайта өңдеу шараларын жүргізу.

Жасанды соқпақтар жасап, аумақты жақсы жабдықтағанда, оның сыйымдылығы табиғи сыйымдылығымен салыстырғанда 6 есе көтеріледі.

Табиғи кешендеріне түсетін ауыртпалықты оңтайлы қылу, тур-к-рекр-қ ресурстарды қорғау мақсатында демалыс аудандары мен зоналарының аумақтық ұйымдастырылуына іске асыру қажет. Б.Б.Родоман (1976) қала маңы демалысын ұйымдастыру мақсатындағы аумақтың зоналауының сызықтық-торлық принципін ойлап тапты. Өзінің теорилық схемасында жерді рекреация мақсатында пайдаланудың 3 деңгейімен айқындалатын 3 зонаны: І-жоғары, ІІ-орташа, ІІІ-рекреациялық пайдаланудың төмен деңгейі атап шықты.

Рекреация ұшін пайдалану дәрежесі Аумақтың түрі
Қалалық саябақ Қала маңындағы саябақ Орман саябақ ауданы Қала маңы демалыс секторы Рекреация мен ауыл шаруашылық ауданы Ауқымды қала маңы зонасы Ауыл шаруашылық ауданы
І.Жоғары Думанды ойын сауық пен бұқаралық демалы Экскурсиялар ен бұқаралық дем-с Саябақтар Жаппай дачалық құрылыстар Саябақтар Стационарлық дем-с Саябақ, ормандар,бақтар
ІІ.Орташа Бұқаралық демалыс Шоғырланбаған тыныш дем-с Орман-саябақтар Орман-саябақтар арасында орналасқан шоғырланбаған мекемелер Орман-саябақтар Орманда р мен ауыл шаруашылық жер ауммағындағы маршруттық туризм Орман тіліндері,бұталар,жайылымдар, бос жерлер
ІІІ.Төменгі н/е қолданбайды Шоғырланбаған тыныш демалыс ж/е серуендеу Қорық аумақтарының учаскесі Ормандар Ормандар мен ауыл шаруашылық жер аумағындағы туристік маршруттар Ауыл шаруашылық Ауыл шаруашылығы, аңшылық ,қорықтар Өрістер, бақшалар, формалар

 

Рекреациялық аумақты зоналау үшін линиялық бағдарламалау қолданылуы мүмкін. Линиялық бағдарламалау моделі дегеніміз- жобаланатын аумақта «пик» маусымында алдын ала берілген шектеулердің ескерілуімен биоценоздарды қорғау мен рекреациялық шаралар үшін жайлы жағдай жасау – рекреациялық жүктемені максимумға жеткізу моделі. Осындай модель жасау үшін мынадай мәліметтер қажет: 1)жобаланатын аумақ ауданы;2)рекреациялық шаралар түрлерінің үлестерін (%) көрсететін рек-қ іс-әрекет құрылымы; 3) рек-қ әрекеттердің аумаққа түсетін ауыртпалығы (жүктемесі); 4) табиғи кешендердің тұрақтылық коэффициенттері.

Территорияны жақсы жабдықтағанда, сүрлемдер мен жолдар жүргізгенде территориялық сыйымдылығы кешеннің табиғи сыйымдылығымен.

Экологиялық салмақты оңтайлау мен туристік-рекреациялық ресурстарды сақтау мақсатында демалыс орындарды аумақты ұйымдастыру жөнінде айтылған.

 

25 Туризмнің дамуы және табиғатты қорғау

Табиғи ортаны туризм үшін пайдалану географтарды және басқа да ғылым өкілдерін ертеден-ақ қызықтыра бастады.

Туристік базалардың салынуы және туристік ағымның шамадан тыс шоғырлануы табиғи ортаның туристік құндылығын төмендетеді.

Жыл сайын күшейіп отыратын туристік миграция, туристік инфрақұрылымның дамуы табиғи ортаға қауіп тигізеді, оның әсерін өнеркәсіп, көлік пен урбанизацияның дамуымен салыстыруға болады. Сондықтан да, кейде туризмнің табиғатқа, қоршаған ортаға тигізетін әсерін "агрессивті" деп те атайды.

Қоршаған ортаға тигізілетін жағымсыз әсері әр түрлі, олардың кейбіреулері өте қауіпті. Егер де туризм нашар басқарылып, жоспарланатын болса, онда әсерлер күшейіп тереңдей түседі. Ол экологиялық жағдайды нашарлатуы мүмкін, олардың ішіндегі өте қауіптілері келесілер:

– туристік шаруашылықтың дамуы нәтижесінде табиғи ортаның урбандалуы;

– көліктің және туризм жүйесіндегі мекемелердің жұмыс істеу нәтижесінде қоршаған ортаның ауасының ластануы;

– туристік мекемелердің пайдаланған суларынан, туристік су көлігінен, машина жуудан және т.б. сулардың ластануы;

– туристердің көп шоғырлануынан, радионың қатты сөйлеуінен және көлік құралдарының шоғырлануынан да шумен ластануы;

– ландшафт эстетикасының нашарлануы, мүлдем жойылып кетуі бірқатар факторлардың әсерінен болады: туристік құрылыстың шамадан тыс шоғырлануы, олардың жобасыз және тиімсіз орналасуы, көрікті ландшафтарды жауып тұратын жарқыраған жарнама плакаттардың болуы;

– табиғи орындардағы туристерден қалатын қоқыстар мен қалдықтарды тазарту мәселесі;

– табиғи зоналардың экологиясының бұзылуы, әсіресе туристер көп баратын жағажай, таулы және шөл дала экожүйелері;

– археологиялық және тарихи ескерткіштерге туристерден тиетін зиян;

– жерді дұрыс емес жоспарлау мен туристік объектілерді дұрыс орналастырмау нәтижесінде экологиялық қауіптер мен мәселелер.

Соғыстан кейінгі жылдары мұндай процестер өте қауырт жүрді, оны Батыс Еуропаның және Солтүстік Американың географтары табиғи ортаның "туристік урбандалуы" деп атады.

Рекреациялық аумақтардың деградацияға ұшырауының себебіне туристік ұсыныс пен сұраныстың сәйкес еместігі жатады. Яғни, рекреациялық саланың дамымағандығы туристердің "ескі" аудандарда шоғырлануына себеп болып отыр.

Туризмнің бұндай әсерлерін көре отырып, мамандар маңызды рекреациялық ресурстарды "туризмнен және туризм үшін" қорғауды мақсат етеді. Осыған байланысты, зерттеушілердің көбісі туристік құбылыстар мен объектілерді аумақта бірқалыпты орналастыру принципін қолдайды, ол туристер көп баратын аудандарға салмақты азайтады. Көптеген мемлекеттерде туристік қозғалыстың жоспарлы аумақты саясаты жүргізіліп отыр. Бұндай саясаттың ерекшелігі – ол туристік ықпалдың территория бойынша біркелкі таралып, табиғи ландшафтарды сақтап қалуында. Табиғи кешендердің бірқалыптылығын сақтайтын туризм түрін "экологиялық туризм" деп атайды.

Бүгінгі күнде экологиялық туризмнің басты мәселесіне табиғи ресурстарды рекреациялық мақсатта қолданғанда белгілі бір баланстың, яғни тепе-теңдіктің болуын қамтамасыз ету жатады.

Экологиялық туризмнің басқа туризм түрлерінен айырмашылығы:

– экотуризм табиғатқа бағытталып, негізінен табиғи ресурстарды пайдаланады;

– бұл туризм түрі қоршаған ортаға зиян келтірмейтін, яғни экологиялық жағынан тұрақты;

– экотуризм экологиялық білім деңгейін және адам мен табиғат арасындағы үйлесімділікке бағытталған;

– экологиялық туризм жергілікті әлеуметтік-мәдени ортаның сақталуын қамтамасыз етеді;

– туризмнің бұл түрі экономика жағынан әсерлі болып, жүзеге асатын жерлердің, аудандардың тұрақты дамуын қамтамасыз етеді.

Жалпы айтатын болсақ, экологиялық туризм қазіргі таңда әлемде болып жатқан экологиялық мәселелерді шешуге ат салысатын, мемлекеттің тұрақты дамуына жетуінің бір жолы бола алатын туризм саласының бір бағыты болып табылады.

БҰҰ қабылдаған мемлекеттердің тұрақты даму концепциясының басты мәселесінің біріне тұрақты экологияның құрылуын қарастыру жатады. Экотуризм табиғи ресурстарды, табиғи ландшафтар мен кешендерді сақтауға, туристік ағымдардың біркелкі таралуына үлкен үлесін тигізеді. Себебі, экологиялық туризм бұл табиғаты сақталған аудандарға әсем ландшафтарды тамашалау, оларды танып-білу және сақтау үшін жасалатын сапар болып табылады. Яғни, туризмнің бұл түрі табиғатқа ешбір зиян келтірмей, адамдардың эстетикалық талғамдарын қанағаттандырады.

Рекреациялық география мен туризм географиясының қолданбалы міндеті – рекреация мақсатында табиғатты пайдалану негізін құрастыру. Рекреация мақсатында табиғатты пайдаланудың технологиясы – жалпы табиғатты пайдалану жүйесінің бір бөлігі. Жалпы табиғатты пайдалану жүйесі қоршаған ортаны қорғау үш механизмін қамтиды:

1) шектеулерді (норма, ереже, тыйым) қосатын әкімшілік-құқықты тетік;

2) біріншіні толықтыратын, оптимальді нұсқауды таңдап алатын жоспарлы-экономикалық тетік;

3) шаруашылықтық есептік тетік, яғни ақылы табиғатты пайдалану тетік, оның негізі – табиғат пайдалану шығындарын өтеу.

Тиімді рекр-қ табиғат пайдалану мақсаты – табиғи аумақтық кешендерді қорғау. Тиімді рек-қ табиғат пайдалану технологиясын қолдану жағдайда рекреациялық ресурстар ең ұтымды түрде рекреациялық қажеттіліктерге сәйкес болып келеді.

Рекреациялық жүктемені реттеу әдістеріне рекр-қ аудандастыру мен рек-қ зоналау жатады. Олардың мағынасы – рекреациялық игерудің бөлек аудандар мен зоналарының режиміне сәйкес реттелуі. Әрбір аудан мен зона үшін рек-қ пайдаланудың құндылығына, табиғи кешен тұрақтылығына ж/е т.с.с. басқа факторларына байланысты өз деңгейі қабылданады. Соңғы аталған факторларға рекр-қ іс*әрекет түрлері мен формаларының ерекшеліктері, олардың табиғатқа қойылған талаптары, рекреанттардың рекреациялық аудандардағы таралуының кеңістік-уақыт заңдылықтары жатады.

Рек-қ жүктемелерді реттеу әдістері – тур-к-рекр-қ аудандастыру мен зоналау: мұнда рек-қ игеру бөлек аудандар мен зоналарының режиміне сәйкес өткізіледі. Әрбір аудан әлде зона үшін рек-қ пайдаланудың өз деңгейі қабылданады. Ол аудан не зонаның рек-қ құндылығына, табиғи кешен тұрақтылығына және табиғи емес факторларына байланысты болады. Табиғи емес факторлар: тур-к іс-әрекет формалары мен түрлерінің ерекшеліктері және олардың табиғат қасиеттеріне қоятын талаптары, рекреанттардың туристік-рекреациялық аудандарындағы таралуы.

Рек-қ табиғат пайдалану негіздеріне тәрбие шараларының жүйесі де кіреді. Туристердің табиғатқа зиян келтірмеу бойынша тәрбиелік шараларынын Д.Л.Арманд (1969) ұсынған.

1. Рекреация процесіндегі өнегелікті бозбала шағынан тәрбиелей бастау қажет. Мұндай жұмысты табиғатты қорғау орындарының насихаттауымен бірге, барлық заманауи ақпарат құралдары жүогізуі керек. Табиғат қорғау білімдерін балаьақша мен бастауыш мектеп мұғалімдері игеріп алғаны өте маңызды.

2. Мектепте табиғат қорғау элементтері ең алдымен география мен жаратылыстану сабақтарында оқылу керек. Түсіндіру жұмыстары жастар ұйымдары бағдарламаларында болу керек.

3. Туризм нұсқаушылары мен экскурсия жүргізушілердің дайындығы университеттердің арнайы факультеттерінде өткізілуі қажет ж/е оларға табиғат қорғау курсы оқылуы керек.

4. Туристерді саяхат жасап жүрген өлке табиғатын тануға қызықтыру қажет. Табиғат жөніндегі ақпаратты тарихи және көркем ақпараттармен толықтырған жөн.

5. Туристер жиі баратын демалыс зоналары мен ұлттық саябақтарда арнайы қызметкерлер: тәртіп сақтау қызметкерлері өрттен қорғау, медицина медицина қызметкерлері, қоқыс жинаушылар болуы қажет. Демалушыларға тазалық сақтауды жеңілдететін жабдықтар (қоқыс контейнерлері) болған жөн

6. Қорықтарда кіруге рұқсат берілген зоналарында ерекше қатаң режим орындалуы қажет. Әрбір қорықта ол не үшін ұйымдастырылғаны және қандай нысандар қорғалатыны түсіндірілетін мұражайы болған жөн.

7. Табиғатта өзін-өзі ұстау этикасы адамның қанына сіңіп кетуі керек. Табиғат шыдайтын ауыртпалық ең алдымен демалушылар саны емес, олардың мәдени деңгейіне байланысты.

Туризм, рекреация және қоршаған орта бір-бірімен байланыста болады. Географиялық орта туризмді дамытудың негізі болып табылады. Туризмнің дамуы географиялық ортаға жағымды және жағымсыз әсер етеді. Егер туризмнің дамуы жоспарланып, басқарылса, онда ол табиғатқа қатты зиян келтірмейді. Туризмнің ағымды экологиялық әсері келесі:

1) маңызды туристік көз тартарлық табиғи аумақтарды,фаунаны, оның ішінде аквалдық экожүйелерді анықтауға,оларды қорғау шараларын қаржыландыруға сонымен қатар ұлттық парк пен қорықтардың дамуына септігін тигізеді. Мұндай жағдай әсіресе табиғат қорғауға жұмсалатын қаржысы жетіспейтін елдер үшін маңызды;

2) туристік мақсатта қолданылатын тарихи және археологиялық объектілерді туристерді қызықтыратын объектілер ретінде жариялау мен оларды қаржыландыруға көмектеседі. Мұндай болмаса, осылардың көбісі қирап н/е құрып кетуі де мүмкін. Туристік мақсатта бүгін кейбір қалалардың тарихи аудандары сақталады және дамиды;

3) туристер әсем, көз тартарлық, таза және ластанбаған жерге баруды сүйетін болған соң қоршаған орта сапасын жақсартуға септігін тигізеді. Оның үстіне жақсы жоспарланған және орналасқан туристік нысандар қала және ауыл ландшафтарын көркемдейді. Инфрақұрылымның, әсіресе сумен жабдықтаудың, канализацияныңғ қатты қалдықтардың шығарылуының жетілдірілуі де қоршаған орта сапасының көтерілуіне септігін тигізеді. .

4) жергілікті халықтың экологиялық ағартуына көмектеседі. Туристердің табиғатты қорғау ынтасын» көргенде жергілікті жұрт та оны сезіне бастайды.

 

26.Туризм – күрделі қоғамдық-шаруашылық жүйе. ЮНВТО қабылдаған қазіргі туризмнің концептуалдық моделі.

Дүниежүзілік туристік ұйым қабылдаған қазіргі туризмнің концептуальдық моделі. Кеңестік география ғылымында ТРЖ-ң моделі жасалынған.Бұл модельді Преображенский (1975) басқарған ғалымдар тобы қарастырған, кейін,Мироненко,Твердохлебов (1981ж) дамытқан . Батыс елдерінде туризмнің концептуалдық моделін Г.Гумболато(1983)жасаған, 1988ж оны толықтырған Г.Баккерман. Жоғарыда аталған ғалымдар теориясы бойынша туризм жүйесі екі шағын жүйеден тұрады: «туристік іс-әрекет субъектісі» (туристер) және «туристік іс-әрекет объектісі» (туристік ресурстар, туристік мекемелер мен ұйымдар).

Экономикалық орта
Әлеуметтік орта
МАКРООРТАЛАР
Туристік жүйе
«Туристік іс-әрекеттің субъектісі» шағын жүйесі
 
«Туристік іс-әрекеттің объектісі»шағын жүйесі
Туристік ресурстар
Туристік ұйымдар
Туристік мекемелдер
МАКРООРТАЛАР
Технологиялық орта
Саяси орта
Экологиялық орта

Бұл жүйе шеңберінде туристер сұранушы н/е сатып алушы, ал туристік қызмет көрсетушілер – сатушылар болады. Осындай болғанда, туристік іс-әрекет субъектісіне, яғни туристке – жүйеде қарсы тұратын туристік іс-әрекет объектісі, яғни «туристік шаруашылық» болмақ. Туристік шаруашылық туристер тұратын тауар мен қызметтерді өндіреді. Туристік шаруашылық 2 бөлікке бөлінеді: туристік ресурстар мен туристік инфрақұрылым. Туристік инфрақұрылымға туристік мекемелер, ұйымдар және кәсіпорындар кіреді. Туристік ресурстар өндіріс құралдары ж/е еңбек заты, яғни тур-к қызметтерді өндіру негізі болып табылады. Инфрақұрылым болса, ол осы қызметтерді нақты өндірушісі болады.

Туристік шаруашылық туристерге қызмет көрсететін басқа да халық шаруашылық салалармен қосылып «туризм индустриясын» құрайды. Туризм индустриясы дегеніміз – туристік өнімді өндіретін кешенді жүйе. Ал туристік өнім болса, туристік кәсіпорындардың халыққа көрсететін қызметтердің кешені.

Туристік шаруашылық туристерге қызмет көрсететін басқа да халық шаруашылық салаларымен қосылып, "туризм индустриясын" құрайды.

Туризм индустрия жүйесіне арнайы кәсіпорын, ұйым және мекемелер кіреді:

1) түнеуге арналған мекемелер (қонақ үйі, мотель, кемпинг, жеке пәтер, санаторий, пансионат, туристік база, демалыс үйі);

2) тамақтандыру мекемелері (мейрамхана, кафе, бар, асхана және т. б.);

3) көлік қызметтерін ұсынатын мекемелер (автомекеме, темір жол мекемесі, теңіз және өзен кәсіпорныны

 




Поиск по сайту:

©2015-2020 studopedya.ru Все права принадлежат авторам размещенных материалов.